Тауар және тауар өткізу



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау
2.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Рынок сыйымдылығы және тауар өткізу көлемін жоспарлау ... ... ... ...18
2.4 Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.5 Тауар өткізудің ақырғы жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.6 Тауардың өткізілу қабілеттілігінің шекарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ІІІ. Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тұтыну биржасы – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері: 1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады. 2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес. 3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса құрал-жабдықтар өндірістік талғанды қанағаттандырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау.
Кустық жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты – тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму беталысын қарастыра отырып зерттеу болып табылады. Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 6 наурыз 2009 жылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауы
2. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
3. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.
«Экономикалық саясат»,
4. Ахметов Менеджмент негіздері, 2005
5. Экономика // Әлемдік классика – Алматы – 2005
6. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері// Алматы 2007
7. Шеденов В.Қ. Жалпы экономикалық теория// Алматы – 2006
8. Ахметов К.Г. Основы менеджмента – Уральск, 2003
9. Абдрешев А.А. Производственный менеджмент, Астана - 2004
10. Макконел К.Р. , Брю С.Л. «Экономикс», М., 2002
11. Әубәкіров «Экономикалық теория», Алматы – 2002
12. Веснин В.Р. Маркетинг, М., 2004
13. Маркетинг негіздері//Алматы-2007

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау
2.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9
2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... .13
2.3 Рынок сыйымдылығы және тауар өткізу көлемін жоспарлау ... ... ... ...18
2.4 Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...20
2.5 Тауар өткізудің ақырғы жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.6 Тауардың өткізілу қабілеттілігінің шекарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ІІІ. Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тұтыну биржасы - тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері: 1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады. 2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес. 3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса құрал-жабдықтар өндірістік талғанды қанағаттандырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек - физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау.
Кустық жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты - тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму беталысын қарастыра отырып зерттеу болып табылады. Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:
- қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Тауар өткізудің мәнін, түрлерін зерттеу;
Тауар өткізу саясатын;
тауардың мәніне, атқаратын қызметтерін қарастыру;
тауар - ақша мәселелерін зерттеу;
Курстық жұмысының құрылымын негіздеу. Зерттеу курстық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері

Тауар - экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардын бәсекелес тауар-дан нақты қоғамдьщ тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кететін шығыңдар бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсеке қабі-леттілігіне ие болу керек.
Тауар:
1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі;
2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық кдтынастар нысаны. Әрбір тауардың түұынушылық кұны, яғни адамның қандай да болсын кажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол тауарды жасау-шының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас бары-сындағы сыртқы көрінісі бо-лыптабылады. Барлық тауардың құны сапалық жағынан бір-текті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шыгынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның қүнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мұмкін. Тауар атқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тар-тымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Тауарлардың мынадай түрлері бар:
- Аукциондық тауар,
- биржалық тауар,
- ақшалай тауар,
- тұтынушьшық тауар,
- қолда бар тауар,
- көпшілік колды тауар,
- арзанқол тауар,
- төменқол тауар,
- өтімді тауар,
- еркін айналыстағы тауар,
- стандарт - талған тауар,
- импорттық тауар,
- экспорттық тауар
- стратегиялық тауар,
отандық тауар,
шетелдік тауар, т.б. түрлерге бөлінеді.
Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;
3) кеден құқығында -- мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықараралық жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткі-зілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерцерциялық, контрабан-далық тауар болып бөлінеді.

1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны

Тауар айналымы белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың) жиынтық қүнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш.
Айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден түтынушыға ауысу үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен жөне өндірістен тұтынуға етуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және белшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін. Тауар айналымы транзиттік және қоймалық түрлеріне ажыратылады. Транзиттік тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды жеткізушіден (өндірушден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей жөнелтіп, сатады. Қоймалық тауар айналымы нда кетерме сауда фирмасы тауарды өз қоймасына қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді, кажет болған жағдайда тауарларды жиынтықгайды, со-нан соң белшек саудаға жөнелтеді немесе өңдірістік үдерістің кезекті сатысына жібереді.
Тауар-ақша қатынастары -- маркстік саяси эко - номияның нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады. Нарықтық қатынастардың тауар белгісі - бір заңды немесе жеке түлғаның тауар-ларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не-месе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, келем және басқа таңбалар немесе олар-дың күрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қыскэртылған немесе толық атауларын; ресми бақьшау таңбаларын, кепілдікті жөне сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да. айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен корғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір белігіне қа-тысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі (ли-цензиар) Тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бо-йынша басқа тұлғаға (лицен-зиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын онімге смсс, шыгаруіпы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған ла-тынша К. әрпімен -- (R) таңбаланады. Тауар таңбасың иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады. Тауар белгісі (сауда таң-балары) фирмалық тауарларға, орамаларға (тоғанақтарға), сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат-белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жагдайда айналым-нан тыс активтердің күрамында есептеледі.
Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арна-луы), ал статистика мақсаты үшін -- есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болі.ш табылады, тауар - нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылыгы) бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады.
Тұтыну құны - тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері: 1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады. 2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес. 3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек - физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап өткенедей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.

ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау

3.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау

Тауардың өткізілу қабілеттілігі төрт бағытта шектелген.
Біріншіден, тауарларды сатып аяушыларга қатысы бойынша. Тауардың иесі көрінген кісіге оларды өткізе алмайды; тауарды алатын шаруашылық жүргізушілерінің белгілі бір тобы бар.
Ол өз тауарын барлық тұлғаларға өткіземін деп есептемеуі керек:
а) ол тауарға қажеттіліктер жоқ;
ә) олар құқықтық немесе физикалық себептермен сатып алудан шеттетілген;
б) пайда болған айырбас мүмкіндігі туралы білмейді.
Екіншіден, тауардың өткізілу қабілетгілігі өткізілетін салалар бойынша шектелген.
Кейбір жерлерде тауар өткізілуі үшін мыналар қажет:
а) берілген тауарда осы елді мекенге жеткізуге және сол жерде сатуға табиғи немесе құқықтық кедергінің болмауы;
ә) тасымалдауға кеткен шығын айырбастан түсетін пайдадан асып кетпеуі.
Бұл саланың кеңістігін алатын болсақ, жекелеген тауар үшін бұл жерде әр түрлілік өте үлкен. Бір тауар бір елді мекеннің көлемінде сатылады, себебі оған деген қажеттілік шағын шекарамен шектелген, енді біреулері -- жекелеген аймақтың көлемінде, үшіншісі -- бір елдің ауқымында, төртіншісі -- барлық мәдениетті елдерде және ақырғы біреулері -- жер шарының барлық аумақтарында сатыла алады.
Тауардың сол жердегі жөне рыноктағы бағасының айырымы тасымалдауға кеткен және басқа шығындарды жабуы керек. Құны үлкен емес тауарлар үшін, бұл айырым өзінен өзі үлкен болмайды. Керісінше, құны жоғары тауарлар үшін, мысалы, қалта сағатын алайық,оны шығаратын жердегі баға мен алыстан рыноктағы бағасының айырымы, бірінші рыноктағы оның бағасының қымбаттығына қарамастан, аз болмайды сондықтан алыс рынокка жеткізу шығынын жабу да оңай емес.
Үшіншіден, тауарлардың өткізілу қабілеттігінің көлемдік тұрғыдан шектелуі. Тауарлардың өткізілу қабілеттілігі көлемдік тұрғыдан әлі жабылмаған қажеттіліктердің мөлшерімен және экономикалық айырбас операциялары үшін негізі бар көлеммен шектеулі. Бір тұлғаның тауарға деген қажетгілігі соншалықты үлкен болғанмен, оның шекарасы болады, оның сыртында белгілі бір уақыт аралығыңда тұлға тағы да тауар алады деп санауға болмайды, тіпті осы шекараның ішінде тұлға айырбасқа экономикалық негізі бар тауарлардың көлемін айырбас жолымен алуға дайындығын білдіреді. Жекелеген тұлғалардың сұранысынан белгілі тауарға сұраныс құралады, оның көлемі анықталады, барлығы толық анықталғанда барып тауарларды өткізуге болады, бұл шекарадан асатын мөлшердегі тауарды сату мүмкін емес.9, 56 б.
Бұл мөлшерді алатын болсақ, онда бүл жерде де жекелеген тауарларға қатысы бойынша әр түрлілік жеткілікті. Бір тауарлар кез келген жағдайда нақты шектелген, оған қажеттілікке байланысты, белгілі бір өткізілім болады; басқа мөлшерлер үшін қажеттіліктер көп, яғни тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің көлемдік шекарасы кең екендігін білдіреді;
- тәжірибелік мәні бар кейбір көлемдер өздеріне әдеттегідей өткізілім табады.
Төртіншіден, тауарлардың өткізілу қабілеттілігі өткізілімі мүмкін болатын уақыт аралығына тәуелді.
Кейбір игіліктерге қажеттіліктер қыс кезінде болады, ал қайсыбіріне -- тек жазда, кейбір игіліктерге сұраныс көп немесе аз қысқа өткінші уақыт аралығында болады. Алдағы мейрамның бағдарламасы, суреттер көрмесінің санаттары, жорналы және сән-салтанат заттары -- осының бәрі игіліктердің осы тегіне жатады. Содан соң қысқа мерзімге сақталатын барлық игіліктер де солардың қатарына жатады.
"Қоймада ұстау" әдетте тауардың меншік иесі үшін едәуір экономикалық шығынмен байланысты.
Тауарлардың өткізілу қабілеттілігі адамдардың аз немесе көп, уакыттық және көлемдік шекарасымен шектелетінін біз жоғарыда оқып білдік.
Тауар дегеніміз айырбасқа арналған экономикалық игілік, бірақ қалай болғанда да айырбас үшін жасалмаған. Тауардың иесі оны айырбастағысы келеді, бірақ кез келген бағаға емес. Сағат дүкенінің иесі барлық тауарының бір данасын бір талерден, ал тері сатушының барлық терісін өте арзанға сатып жіберуге мүмкіндігі бар. Бұған қарамастан, бұл екі көпес тауарлардың өткізілімі жоқтығына шағым айта алады: олардың тауарлары, жоғарыда айтылғандай, сатылу үшін өндірілген, бірақ кез келген бағамен емес, тек экономикалық ережеге сай бағамен сатылуы керек.
Баға осы бәсекелестік қатынастың нөтижесін көрсетеді. Егер осы тауарға қажеттілігі бар адамдардың бөлігі бәсекелестіктен шеттетілетін болса, онда баға жалпы шаруашылық жағдайға сәйкес деңгейінен төмендейді; егер осы жағдай ұсыным жасаушы бәсекелестер жағынан болса, онда тауардың бағасы көрсетілген деңгейден жоғарылайды.
Егер қайсыбір тауарға бәсекелестік бір себептен реттелмеген болса, онда меншік иелері оны экономикаға сай емес бағамен сатып жіберуі мүмкін деген қауіп бар, ал басқа тауардың иелері үшін ешқандай мұндай қауіп жоқ, болса да шамалы болады, мұндай жағдай, әрине, біздің тауарлардың өткізілуге деген қабілеттілігінің айырмашылығын шарттастырады: біріншілері еш қиындықсыз өз міндеттерін атқарады, ал басқалары -- көбінесе экономикалық құрбандыққа бару шартымен ғана атқарады, ал кейде, тіпті оны да істемейді.11, 123 б.
Үлкен қалалардан базарлар, жәрмеңкелер, мерзімдік көпшілік аукциондары және сол тәрізді қоғамдық орындар тұрақты немесе мезгіл-мезгіл белгілі бір жерде барлық, мүдделілерді жөне бағаның құрылуына әсер ете алатын тұлғаларды тұрақты түрде жинап отыратын өз мақсаттары болады және сөйтіп бұл бағаларды экономикалық етеді.
Сондықтан реттелген рыногы бар тауарлардың тиісті жалпы экономикалық жағдайға сай келетін баға мен тез сатылып кету мүмкіндігі бар; керісінше, өткізілімі реттелмеген тауарлар кейде өз сатып алушыларын таппауы мүмкін. Рыноктың орнығуы кейбір заттар үшін өндірушілер мен тауарларды сатушыларға тауарларын осы кезеңге сәйкес келетін экономикалық бағамен сатып жіберуіне мүмкіндік туғызады.
Әр тұтынушы белгілі тауарларды қайдан табатынын білетін жағдай -- көтерме сауда да тауардың иелерінің бір-біріне жақын орналасуын және сатып алушылардың бір жерге жиналуын қамтамасыз етеді -- бұл едөуір дәрежеде тиісті тауарлардың тез арада экономикалық баға бойынша сатылып кету ықтималдығын арттырады, бөлшектеп сатуда мұндай жинақтылықтың жоқтығынан бағаның экономикалық тұрғыда нашар құрылуына басым негіздеме болады.
Сонымен тауардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлі болуының себептері мыналар:
Біріншіден, тауардың өткізілу қабілеттілігінің мөлшерін анықтайтын адамдардың саны біресе көп, біресе аз болады және мүдделі жинақталу пункттері бағаның құрылуы кезінде бірде жақсы, бірде нашар ұйымдастырылады.
Екіншіден, кейбір тауарлар өздерінің өту қабілетіне сай рынокты барлық жерден табады. Мысалы, пайдалы үй жануарлары, астықтар, темірлер және т.б. үшін, жалпы тұтыну игіліктері үшін барлық жерде рыноктар бар және ең шағын қалалар мен мекен жайлар белгілі мезгілде осы сияқты тауарлардың рыногына айналады; керісінше, басқа игіліктер үшін (шикізат, шай) бір-бірінен алыстау орналасқан рыноктар болады. Соңғылары бір-біріне тәуелді болады. Бір рынокгағы жағдайлар туралы деректер, егер ол өте маңызды болса, басқа бас рыноктарға беріледі, содан соң шаруашылық жүргізуші тұлғалардың арнайы сыныбы -- төрешілер жекелеген алыстағы рыноктағы тауарлардың бағасындағы айырма тасымалдау шығынынан артып кетпеуін қадағалайды.
Тауарлардың өткізу қабілеттілігі үлкен немесе шағын кеңістік қатынасының ауқымымен шектелген, бір тауарлар экономикалық баға бойынша осы ауқымның көлеміндегі көптеген рыноктарда сатылады, ал басқалары -- тек бірнеше орталық сауда нүктелерінде ғана, біріншінің иегері экономикалық бағамен, өз қалауымен ауқымның көптеген сауда нүктелерінде өткізе алады, ал екіншінің иегері -- шектелген ауқымның тек бірнеше жерінде ғана -- бұл жағдай тауардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлілігінің екінші себебін құрайды.11, 123 б.
Үшіншіден, кейбір тауарлар бойынша белсенді өрі дұрыс қойылған алыпсатарлық бар; ол рынокта пайда болған тауарлардың көлемін, осы сәтге ол сұраныстың нақты көлемінен артып тұрса да жұтып қояды; ал өзге шаруалардың сауда айналымында алыпсатарлық болмайды немесе сонша-лықты дәрежеде емес, және рынок солармен толып кеткенде не баға өте тез төмендейді, не жеткізілген тауарлар өткізілмей қалады. Бірінші реттегі игіліктерді кез келген көлемде, өр уақытта бағасындағы шағын айырмамен сатып жіберуге болады, ол кезде тауарларына ешқандай алыпсатарлық жоқ иеленушілер осы сәттегі қажеттіліктен артатын көлемнен артық сата алмайды, ал егер сататындай болса, тек үлкен шығынмен ғана өткізеді. Тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің көлемдік шекарасы кең немесе тар болады, соңғысының ішінде келіп түскен тауарлардың бірін экономикалық бағамен тез-ақ өткізіп жіберуге болады, ол кезде баскасыньщ сондай көлемін сату өте қиын болады, кей жағдайларда тіпті сатылмайды -- бұл жағдай тауарлардың өткізілу қабілеттілігінің әр түрлілігінін үшінші себебін құрайды.
Төртіншіден, ақыры, қажетті тауарлардың рыногы үздіксіз жұмыс істейді. Тауарлық биржа бар жердегі бағалы қағаздарды сол сияқты белгілі шикізаттарды күн сайын сатуға болады, басқа тауарлармен сауда аптасына екі немесе үш рет жүргізіледі, нан және басқа да дәнді дақылдар үшін күнделікті тауарлар үшін -- жылына бірнеше жәрмеңкелер, ал жылқылар және басқа ірі қара мал үшін -- екі немесе үш және т. с. с.
Игіліктердің өткізілу қабілеттілігінің шекарасы уақыт бойынша кең немесе тар болатыны, олардың ішінде бір тауарларды кез келген сөтте экономикалық бағамен сатып жіберуге болады, ал басқаларын -- тек белгілі бір мезгілдерде, үлкенді-кішілі ұзақтығы бар уақыт аралығында сатуға болады, бұл тауарлардың өткізуге қабілеттілігінің төртінші себептерін құрайды.
Егер шаруашылық өмірдің құбылысына көз тастап, біз жекелеген тауарлардың өтуіне деген әр түрлі қабілетін көрсек, онда бізге осы әр түрлілікті бір немесе бірнеше айтылған себептерге өкелуге болар еді.
Астықтың белгілі көлеміне кім ие, соның қолында экономикалық жағдайға сай бағамен сатуға болатын тауар болады, егер сол жерде астық өнімдерінің биржасы болса, әр минут сайын немесе әр апта сайын сатып жіберуге болар еді, ондай тауарларды саудагерлер "қолма қол ақша" деп атаған. Бұның себебі -- осы игілікті қажет ететін адамдардың молдығы, тауардың өту қабілепілігінің жоғарылығы, рыноктағы ұйымдастыру қызметінің жоғарылығы жөне белсенді алыпсатарлық.
Егер шаруашылық өмірдің құбылысына көз тастап, біз жекелеген тауарлардың өтуге деген әр түрлі қабілетін көрсек, онда бізге осы әр түрлілікті бір немесе бірнеше айтылған себептерге әкелуге болар еді.
Астықтың белгілі көлеміне кім ие болса, соның қолында экономикалық жағдайға сай бағамен сатуға болатын тауар болады, егер сол жерде астық өнімдерінің баршасы болса әр минут сайын немесе апта сайын сатып жіберуге болар еді, ондай шаруаларды саудагерлер "қолма-қол ақша" деп атаған. Мұның себебі -- осы игілікті қажет ететін адамдардың көптігі, тауардың өту қабілетінің жоғарылығы, рыноктағы ұйымдастыру қызметінің жоғарылығы және белсенді алыпсатарлық.
Қоймадағы шикізаттың көп жағдайда өтімі төмендеу болады. Бұл тауардың өту қабілеттілігінің шекарасы тар, рыноктардың ұйымдастырылуы нашар болады жөне кеңістіктік және уақыт жағынан олар көбіне бір-бірінен алшақ болады, астыққа қарағанда алыпсатарлық әлсіздеу болады. Астық иесінің рыноктың бағасынан бағаны сәл төмендетіп, бәрін сатып жіберуіне мүмкіндігі бар, ал шикізатпен олай істеу мүмкіндігі төмен; бұл жерде шикізаттың иесі бәрін сатып жіберуіне болады, бірақ бағадан көп жоғалтады, ол бір кезде тауарын мүлдем сата алмай қалуы мүмкін, біраз уақыт бойы күтуіне тура келеді.7, 12 б.

2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында баға-ланады.
Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталогтарын пайдаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердің тұтыну шығындары деңгейін обьективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы мүмкін болғанша азайтылуы тиіс.
Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден-бір құралы, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, пайданы барынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өріс-теген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді багалау аса маңызды мәнге ие болады.
Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатқызылады:
- экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны;
- ғылымның, техниканың даму деңгейі;
- халықаралық енбек бөлінісіне қатысу;
- ішкі нарықтың серпінділігі мен сыйымдылығы;- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдай;
- қаржы жүйесінің икемділігі;
- экойомиканы мемлекеттік реттеу;
- еңбек және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және ре-сурстарды жіктеу деңгейі.
Бәсекеге қабілетті тауарлар шығара отырып, өндіруші нарықта өзіне бекем орын алады. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте баға белгілеу әдістерімен қатар бағадан тыс әдістері де пайдаланыл ад ы.
Талданатын тауарлар коньюнктурасының нарықтық өзгерістерін ай-қындау негізінде тұтынушьшардың сұранымына неғұрлым сай келетін тауарлар тобы іріктеп алынады.
Одан әрі жаңа бәсекелес тауарлардың пайда болу болжамдары зертте-леді. Бұл ретте сатылу мүмкіңдігі айқын және бәсекелестер арасында күшті тайталас туғызатын жаңа тауарлар бөліп көрсетіледі. Одан соң тауарлардың параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар қалып-тастырылады. Қорытындысында бірнеше қызығушылық туғызатын жаңа тауар шығару мүмкін болмайтын технологиялардың параметрле-рінің сәйкестігін бағалау кестесі жасалады.
Ақырғы нәтижесінде нұсқаны таңдау аталған өнеркәсіптік фирмасы үшін технология, материалдық қамтамасыз ету саласында бар шектеу-лерді анықтайды. Тауардың бәсекелестік қабілетін арттырудың дұрыс таңдап алынған нұсқасы мәнсіз шығындардан барынша аулақ болуға және тауарлардың алуан түрін талдау бойынша қорытындьглар алуға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік фирманың нарықтағы бәсекелестік күрестегі позицияларын бәсеңдету үшін оның өндірістік қаржы-экономикалық және өткізу жұмысындағы мақсатты өзгерістер бағдарламасын қалыптастыруға жағдай туғызады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің және ғылыми - техникалық прогрестің ықпалымен бәсекелестіктің кеңінен өрістеуі өндірушілерді бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар шығарудың жолдарын және жаңадан өткізу нарықтарын белсенді іздестіруге итермелейді.
Параметрлік қатарлары мен ассортименті жиынтығы неғұрлым кеңірек болса, тұтынушының өзіне оңтайлы сатып алу нұсқасын табу мүмкіндігі солғұрлым жоғары болады. Мысалы, бірдей тұрпаттағы автотиегіштер шығарылады, бірақ олардың бір-бірінен жүк көтеруі, жылдамдығы, бұрылу радиусы жағынан және басқадай айырмашылықтары бар. Әрбір тұтынушыға оның жұмысының нақты жағдайын ескергенде сатып алынатын автотиегіштердің белгілі бір пайдалану параметрлері қажет. Егер сатушы оларды қамтамасыз ете алса - сауда оңғарылады, ал егер қамтамасыз ете алмаса сатып алушы басқа сатушыны іздейтін болады.
Көптеген бәсекелестерге қатысты алғанда нарықтағы позицияларды жеңіп алудағы маңызды сәт шығарылатын тауарларды дер кезінде жаң-арту, жаңа өнім түрлерін шығаруды әзірлеу мен ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде жаңа тауарлар жасап шығару мен өндірудің кәсіпорынның өркендеуі үшін шешуші маңызы бар. Статистикалық деректерге қарағанда өңдірістің негізін кұрайтын жаңа өнім шығаруды игергеннен кейін оны өткізудің өсу қарқыны бәсекелестермен салыстыр-ғанда шамамен екі есе артық болады. Жаңа өнім шығарып және ұсыны-латын тауарлардың түрін кенейте отырып, фирмалар нарықтағы болжап білуге болмайтын өзгерістерді ескергенде кез-келген уакытта банкротқа әкеп соғуы мүмкін бір ғана тауарға тәуелділікті азайтуға ұмтылады. Бүгінде біздің еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен фирмалар өндірісті айтарлықтай қайта құрылымдауға кірісіп отыр және бейіндік өнімдерді жаңалаумен бірге халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолга қоюда.
Алайда, жаңа тауар жасап шығару - аса күрделі процесс, өйткені конструкторлық-технологиялық шешімдермен және ендірістік базаны жаңартумен қоса, бұл арада түптеп келгенде соңында нарықтың талапта-рына толық жауап беретін тауар массасын жасау турасында болып отыр. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың едәуір бөлігі коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: мысалы, шамамен оннан сегізі дайын-даушылардың оларға деген үмітін ақтамайды. Мұның негізгі себептері: нақ осы тауарға сұраныстың қандай екендігін жеткілікті білмеу, тауар-дың техникалық және пайдаланудағы ақаулары, тиімділігі шамалы жар-нама, көтеріңкі баға, бәсекелестердін күтпеген қарсы әрекеттері, нарық-ка шығатын уақытты дұрыс тандамау, күтпеген өндірістік проблемалар, жалпы алғанда бәсекелестік саясаты дұрыс болжанбауы болып табы-лады. Тауардың бәсекеге кабілеттілігін арттыру жолдарын тандауда жа-ңа тауар шығару жөнінде емес, тауарды түрлендіру жөнінде өте дер кезін-де шешім қабылданатын сәттер жиі болады. Тауарды түрлендіру туралы шешім көбірек пайда алу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру мақсаттарында қабылданады.
Кәсіпорынның бәсекелестік күрестегі позицияларын және оның жеке-леген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргі-зудегі мақсаты - бәсекелестік стратегиясын тандау үшін қажетті ақпарат-тар жинау мен талдау болып табылады. Соңғыларды таңдау проблема-лардың мынадай екі тобын зерттеу нәтижесінде анықталады. Біріншіден, осы саланың ұзақ мерзімді болашақтағы тартымдылығын орнықтыру қажет. Екіншіден, кәсіпорынның және оның өнімдерінің осы саладагы басқа кәсіпорындармен салыстырғандағы бәсекелестік позицияларын анықтау қажет.
1-суретте саланың және нақты фирманың осы саладағы бәсекелестік күрестегі тартымдылыгын айқындайтын бес бәсекелестік күш бейнеленген, атап айтқанда:
1. Жана бәсекелестердің пайда болуы.
2. Осы өнімді жаңаөнімдермен ауыстыру қаупі.
3. Жеткізушілер позициясының күші.
4. Сатып алушылар позициясының күші.
5. Саланың өзіндегі өндірушілер арасындағы бәсеке.
Осы бәсекелестік күштерді қысқаша карастырып көрейік.
Жаңа бәсекелестер пайда болу қаупін бағалаған кезде "салаға кіру кедергісі" ұғымын басшылыққа алу қажет, оның биіктігін саланың ішін-дегі ұйымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым биік болса соғұрлым жақсы), сондай-ақ жаңа салаға шығуды жүзеге асыруды көздеп отырған ұй-ымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы) ескеруі қажет. Кедергінің биіктігі мынадай факторлармен анықталады:
1. Экономикалық ауқымы. Әдетте нарыққа алғаш шыққан ұйымдар жаңа өнімді сату жөніндегі қызметін ондай өнімді дәстүрлі өндірушілерге қараганда айтарлықтай аз ауқымда сатудан бастайды. Сондықтан олар-дың өндірістік-өткізу шығындары артығырақ болады, бұл нарықтық ба-ғаның шамамен тең болуы жағдайында азырақ пайда алуға, тіпті шы-ғынға әкеліп соқтыруы да мүмкін. Үйым жаңа бизнесті игеру жолында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу
Тауар арналары және тауар қозғалысы
Тауар және оның жіктелуі
Маркетинг саласындағы тауарлар және оның жіктелуі
Тауар қозғалысы
Қазақстан Республикасындағы маркетингтік жүйенің даму бағыттары
Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі
Қазақстан Республикасының маркетингті жетілдіру жолдары
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
БК Беккер және К ЖШС компаниясының тауар саясатын талдау
Пәндер