Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I . тарау. ҚОҒАМДЫ ИНФОРМАТИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ.
1.1. Теориялық информатиканың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу ретіндегі жағдайы ... ... ... ... ... ... 8

ІІ . тарау. ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.
2.1. Оқу процесінде информатиканы тиімді пайдалану әдістерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Бастауыш мектепте информатиканы қолданудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Информатика - ЭEМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өвдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып санадады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Бұл күнде ЭЕМ информация өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін — жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазірде мектептерде, институттарда баспаханаларда т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орыңдалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістегі автоматтандырылған технология жасау мүмкіндіктерін ашатынын айту қажет. Оның үстіне, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жұмыс атқара алатын технологиялық өндіріс жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдардың мәліметтерді жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және олардан басқа да пәңдерді оқып үйрену ісіне үлкен көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысыңца пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып компьютерлік сауаттың негізін қалайды.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Макарова Н.В. и др. Информатика: Учебник. М., 2001.
2.Каймин В.А. Информатика: Учебник. М., 2001.
3. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №3 2005ж. 11-12бет.
4. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №4 2005. 30-33бет
5. «Информатика оқыту әдістемесі» К. З. Халықова. 2000ж. 38-43бет.
6. «Информатика оқыту әдістемесі» К. З. Халықова. 2000ж. 67-68бет.
7. Жаңа ақпараттық технология- информатика негіздері , 2005, N1.
8. . «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. №3 2005ж. 33-35бет
9. «Информатика» А. Шәріпбаева. 76-78бет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I – тарау. ҚОҒАМДЫ ИНФОРМАТИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ.

1.1. Теориялық информатиканың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу ретіндегі
жағдайы ... ... ... ... ... ... 8
ІІ - тарау. ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.
2.1. Оқу процесінде информатиканы тиімді пайдалану әдістерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Бастауыш мектепте информатиканы қолданудың қазіргі
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Информатика - ЭEМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа
ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен
қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өвдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып санадады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі
информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-
де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Бұл күнде ЭЕМ информация өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-
жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін — жеке пайдаланылатын
дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазірде мектептерде,
институттарда баспаханаларда т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады.
Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген
мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау
ісінде, ғылыми зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған
адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орыңдалуын түбегейлі түрде өзгертті
деуге болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістегі автоматтандырылған технология жасау
мүмкіндіктерін ашатынын айту қажет. Оның үстіне, сол технология көмегімен
ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар
жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары
"адамсыз" жұмыс атқара алатын технологиялық өндіріс жасау мүмкіндіктерін
беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін
жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті
жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау
істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану
адамдардың мәліметтерді жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып,
жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.
ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен
биология сияқты және олардан басқа да пәңдерді оқып үйрену ісіне үлкен
көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысыңца пайдалана білу бұдан
бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда
біздер үшін ең керекті зат болып компьютерлік сауаттың негізін қалайды.

І – тарау. ҚОҒАМДЫ ИНФОРМАТИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ.

1.1. Информатиканың қазіргі
жагдайы.

Қазіргі уақытта "қоғамды информатикаландыру", "білім беруді
информатикаландыру" деген' сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландару дегеніміз не? Қоғамды
информатикалаңдыру дегеніміз-ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа аухдынды енуідің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер ету мен ролінің
жоғарынауына байланысты обьективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.
Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту
болып табылады ал ны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік
мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - окушының қоршаған әлем жайында табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. "Иңформатиканы оқыту әдістемесі" деп
аталатын курс мектептегі информатңка курсының жалпы гылыми оку-әдістемслік,
дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін
жан-жақгы қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің
енгізілгендігіне 40 жылданн астам уақыт болды. Информатиканың, программалау
элементтерінің орта мектепке енгізілудін өзіндік тарихы бар, яғни оны
бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақгағы 50-жылдардың бас кезіңдегі алғашқы ЭЕМ-
дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа
саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар
мен әдістер жеткіліксіз болды, Соған қарамастан Оқушылардың программалауды
түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЭЕМ-лар пайда болғаннан кейін кеп кешікпей ғылыми-зерттеу
мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-де
жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады 50-жылдардың аяғына
қарай, А.П.Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде
тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми
қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа
университеттер мен ғылыми-зерттеу . институттарының көптеген ғалымдары
қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін
орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде
программалауға мамандандыруға байланысты информатиканы мектепте оқытуды
1959 жылдан басталды деуге болады, ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған
эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім
негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес,
С.И.Шварцбурдтьщ жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы
бір маңызды ролъ атқарды. Окушыларды программалауға үйретуге арналған
мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу
құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі
негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша
факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына
байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты
мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін терендетуге (шындалған
жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. "Жалпы білім
беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында
көрсетілді. Математика және оның қолданылулары бойынша
жүргізілғен факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның
қолданынуын қажет етті. "Программалау", "Есептеу
математикасы", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық
программалау". Осы факультативтік курстардың енгізілуіне
байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Компьютер алғаш оқу процесіне енгізілгенде мыннадай екі үлкен-мәселе
көзделген: 1) компьютер оқу объектісі, яғни пән ретіңде оқытылуы болса.2)
компьютердің жалпы оқу процесіндегі қолданылнуы. Міне, протраммалау
элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.

1.2 Информатика ғылым және орта мектептегі оқу ретіндегі жағдайы.

Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі
с ип аттамасы қоғамдағы және таби ғаттағы имформациялық
процестср мсн факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып
табылады.
Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі нетізгі ұғым
төңірегінде құрылғаны белгілі; зат және энергия. Сөйтіті, ғылыми көзқарасты
қалыптастыруда негізгі ролді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады:
физика, химия, математика. Мысалы, заттар мен энергияның сақталу заңы тек
физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды:
"жоқтан ешнәсе пайда болмайды".
Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын
идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы иегізгі мәселе
ұйсымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргеніндей информациялық
факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе
құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі
қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.
Сонымен, информатика - ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу,сақтау,
жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен зандылықтарын
қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі ииформация ағымын адамзат тек ЭЕМ-
нін, көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде
өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау кнформатиканың
негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалдр - оның
материналдық базасы.
"Информатика" термині біздің еліміздегі әдебиеттерде пайдаланылғанына аз
ғана уақыт болды. Оның шығу тирихына көз жүгіртсек, ол ЭЕМ-ның пайда
болуымен басталады. Екінші дуниежүзлік соғыстан кейін киберистика қарқынды
даму жолына түсті. Ол жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т.б. әртурлі
жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде
дамыды. Кибернетиканың дамуын 1948 жылы амеркан математигі Норберт Винердің
"Киберкетака: жануарлар әлемінде және машинадағы басқару мен байланыс"
деген атақты кітабының шығуымен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың
жалпы теориясының жасалу жолдары мен әртүрлі жүйелергс арналған басқару
және байланыс проблемаларын зерттейтін әдістердің негізі колаңды.
Кибернетика ЭЕМ-мен қатар дами отырьгп, уақыт өте жаңа ғылымға —
информацияны өңдеу туралы ғылымға айнала бастады. Кибернетикада
информацияның төмендетідей анықтамасы қабылданған: -информация дегеніміз
қайсыбір жүйенің қоршаған ортадан қабылдайтын (енгізілетін информация)
керішінше коршаған ортаға беретін және өзінде сақтайтын
сигналдардын,әсерлердің немесе мәліметтің кез келген жиынтығы.
Кибернетика өзінің дамуында бірталай тартысты кезендерді басынан
өтісізді. Академик А.И. Берг жазғанындай, "1955-57 жыддары, кейін де біздің
әдебиеттерде кибернетиканың маңызы мен мүмкішілдіктерін бағалауда өрескен
қателер жіберілген. Бұл біздің елімізде ғылыының дамуына үлкен зияның
тигізді, көптеген теориялық жағдайларды жете зерттеудің және электрондық
машинаның өзін жасауның тоқтап қалуына әкелді",- дейді өзінің "Возможнос и
невозможное в кибернетикс" атты еңбегінде.
Сондай-ақ, философиялық сөдіктің 1959 жылғы" басылымында кибернетиканы
"буржуазиялық жалған ғылым" деп көрсетті. Мұның басты себебі, біріншіден,
карқынмен дамып келе жатқан ғылымды "классикалық бағыттағы"кейбір ғалымдар
жете бағаламаудың салдарынан, "екіншіден, кейбіреулер іс жүзінде
қолданылатыи әртүрлі облыстарда кибернетиканың нақты проблемаларын жете
зерттеудің орнына шамадан тыс бос сөздер айтылды, кибернетиканың шексіз
мүмкіңдіктері жайлы жартылай фантастикалық болжау жасалды, осылайша
ғылымның беделі түсті.
Кибернетиканы қолданудың қызықты перспективалары халық шаруашылығында
математикалық әдістер мен ЭЕМ-дерді жоспарлау мен басқару мақсатында
кеңінен қолданудың ұсыеысын тудырды.
Сонымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік ғылымда
ағылшын сөзі қолданыла бастады, ал одан кейінірек 70-жылдар денгейінде
француздар терминін енгізді Орыс тілінде ннформатпка термініңең алғашқы
қолданылуы ғылыми техникалық информация мен документалистиканың пайдаланыну
саласына байланысты болды. Сондай-ақ, 1976 жылы Л.П. Ержовтың басқаруымен
неміс тілнем аударылған жоғарғы оқу орыңдарына арналғаи информнтика
курсының оқулғы мен есептер жинағының шығуымен бастап "информатика" термині
басқа мағынада пайдаланыла бастады.
үшінші рет бұл термин орыс тіліне кең мағынада -информатиканың өнделуін
және берілу процестерін зерттейтін іргелі ғылымның атауы түрінде кірді.
Мұндай анықтаманың арқасында информатика филососфиялық және жалпы - ғылыми
категориялармен тікелей байланысып, оның "дәстүрлі" академиялық ғылыми
пәндер арасындағы орны анықталды.
Информатиканың __маңызды ерекшелігі - оның қоғамдық қызметтің барлық
-негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте басқаруда, ғылымда, білім, беруде,
жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда,
криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы. Ииформатика
көнтеген нақты информадиялық процестердің, технологиялардің барлынша ортақ
мәселелерді зерттейді.Осы технологиялар , информатиканың объектісі
болып табылады.
"Ғылымның объектісі" және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары
туралы "дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте маңызды.
Объект дегеніміз зерттеушінің іс әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір
облыс, ал тақырып оны зерттеу субъектісімен байланыстыратын буын.Сондықтан
"ғылымның тақырыбы" ұғымы "ғылымның объектісі ұғымымен - бірдей
емес, ол танымның объективті және субъективті , жақтарының диалектикалық
бірлігін көрсетеді' Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан
көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де,
дидакттың да, психолог және кибернетиктің де зерттеу объектісі бола алады.
Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады,
зерттеудің әртүрлі мақсаттарын қойып, зерттеу. "нәтижелерін
өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз
тақырыбы бойынша жұмыс істейді Бұл мамандардың бәрі бір сабакқа келіп, әр
қайсысы өз ғылымының. тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы
дидактикалық әдісті қолданғанын, қандай жалпы принциптерді жүзеге
асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы
пәнді мектепте оқытудан міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады.
Психологты,- ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың
жалқы заңдылықтарың көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы
бар баскару жүйесі болып көрінеді.
Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен
анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылатын әртүрлі
информациялық технологиялардың жалпы сипаттамаларымен қатар әрқайсысының-
өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен
процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикалық жабдықтардың әртүріне
және әртүрлі информациялық тасымалдаушыдарға негізделген "пәндік
информатикалар" пайда болды.
Информатиканың дамуына байланысты оның кибернетикамен- байланысы мен
айырмашылықтары туралы сұрақ туады. Осыған орай кибернетиканың тақырыбын
дәлірек анықтап, оның мазмұның айқындау қажет.
Қазіргі кезде информатиканың ықпалы көп сүйенетін саланың бірі халық
ағарту жүйесі.
Ал, мектептегі. информатиканың проблемаларын қарастыратын сала мектеп
информатикасы-деп аталады.
Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде,
мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық,
оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді
зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің
информациялық, басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы
жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасың техникалық қамтамасыз студің міндеттері:
мектептегі оқу-тәрбие процесін сүйемелдеуге арналған техникалық құралдарды
таңдауды экономикалық жағынан негіздеу; мектептегі есептегіш техника
кабинетің жабдықтаудың параметрлерін анықтау;
орта мектепке арналған сериялық құралдар мен өзгеше жасалған құралдарды
тиімді дайдаланудың әдістерін табу.
Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшш ол курс
бойынша оқу программалары,әдістемелік құралдар,оқулықтар жалуы қажет.
Ұйымдастырушылық - жағынан қамтамасыз етудің проблемалары: мектеп
информатикасының негізін қалау және оны тұрақты сүйемелдеп отыруға
байланысты ұйымдастырушылық-техникалық шаралар; педагогикалық программалық
құралдарды жасауды және оларды көбейтуді, мектепке жеткізуді. ұйымдастыру;
оқу - ағарту жүйесінің барлық сатылары үшін кадрлар дайындау, кадрлар
информатиканы мектепке жаңа ғылыми пән ретінде, -басқа пәндерді окытуды
жетілдіру мақсатыңда құрал ретінде пайдалану.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы -оны психологиялық-
педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзнің маңыздылығына байланысты алғашқы
болып карастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу-тәрбис
процесіне енгізілуі компьютерлендірудың барлық проблемаларын шеше
алмайтыны анық. ЖИТ-ны пайдалану жағдайында оку процесін тиімді және өз
мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педагогихалық,
психолоиялық проблемаларды шешу кажет. Осыған байланысты педагогиканың,
психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап
стеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар
екенін ескеру қажет, олар компьютср оку объектісі және компъютер оқу құралы
ретінде.
Компьютерді зерттеу обьектісі ретінде алатын болсақ. жалпы білім беретін
орта - мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері деп аталатын
жаңа пән енгізілді. Мектепке енгізілген бүл пән жаңадан дамып келе жатқан
информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол окушыларды
мектептегі басқа пәндерді оқуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен
қаруландыруы тиіс.
Информатиканы орта мсктепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі
көзқарастар бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен
әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталайық.
„ Мектептегі "ИТН курсының мазмұны"информатика-алгоритм-ЭЕМ" деген үш
іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәнің информатика ғылымымен
байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық
деңгейін меңгеруі үшіи беріледі.
ИТН курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байлаңысы.
Мектептегі информатика курсының орнын жалпы ғымымдар жүйесіндегі философия
ғылымының орнымен салыстыруға болады. Информатнканы оку барысында алған
білім мен іскерліктерін басқа пәндерді оқу барысыңда кеңінен қолдана алады.
Мектептегі білім қорына информатика курсы арқылы енгізілген жана
маңызды білім - шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық
мәңдерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істеді. Алэ информатика
курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс істеуге келеді: саңдық,
литерлік, графикалық шамалар. Сонымен бірге, оқушылар массив түрінде
ұйымдастырылған мәліметтермен танысады.
Мектепте информатика негіздерінің енгізілуіне байланысты мектеп
тарихында алғаш рет оқушыларға есептің қойылмсынан бастап, алынған нөтижені
таддауға дейін үйрететін практикалық есепті шығарудың барлық кезеңдері
туралы мағлұмат беріледі.Оқушыны кез келген
есептің математикалық моделін құра білуге үйретеді. Бұл
информатиканы басқа пәндермен тығыз байланыстыратын буын.
Сонымен мектепке енгізілген информатика пені дәстүрлі әдістегі іскерлік
пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға өзінің ерекше
үлесін тигізеді.

ІI–тарау. ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.
2.1 Оқу процесінде информатиканы тиімді пайдалану әдістерінің
дамуы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми
интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Бідім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-
жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде
компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің
барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ
мамандарының ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың
компьютерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Оқытудың интерактивті технологиялары
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Информатиканы оқыту әдістері
Жаңа ақпараттық-білім беру технологиясы және оқыту жүйесі
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Пәндер