Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы



КІРІСПЕ 3
1. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
2 ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 8
3 ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ 10
4 ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 17
5 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
КІРІСПЕ

Адам баласы жерде өмір сүргелі бері қоршаған ортаға өзара үзіліссіз әсер ету үстінде Адамның табиғи қоршаған ортаға тікелей өзара әсер етуінің негізгі барлық организмдер үшін тамақтану, демалудың биологиялық зат алмасу процесін құрайды.
Жердегі өмірдің даму логикасы адам қызметі негізгі фактор болады, ал неге биосфера адамсыз пайда бола алады, бірақ адам биосферасыз пайда бола алмайды. Сондықтан да бүкіл әлемдегі адам баласы болашақ ұрпақтың толымды болып туылуына байланысты табиғатты қорғау мен табиғат гармониясын сақтауы қажет және келешек ұрпақтың алдындағы негізгі міндеті болып табылады. Әр адамның экологиялық танымы дамуы тиіс. Қазіргі білім алудың негізгі міндеті – экологиялық ойлау қабілетінің дамуы мен қалыптасуы. Мынадай: «Табиғаттан барлығын алуға болады, табиғат – біздің үйіміз» деген сөздер бар. Табиғат пен адам бір-біріне өте тығыз байланысты тылсым дүниелер. Табиғат адамға берілген құдайдың сыйы. Осы кереметтей құдайдың сыйын әрбір азамат аялай және қорғай білуі тиіс. Өйткені адамның өзі табиғатты қорғай білсе, онда өзінің өмірінің қауіптілігі аз деген сөз.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында биологиялық әр алуандылықты міндетті түрде сақтау шартымен адамның өмір сүруі үшін қолайлы ортаны ұтымды деңгейде қамтамасыз ету мен ұстаудың принциптерін, стратегиялық мақсатын, міндеттері мен тетіктерін айқындайды. Оның іргесіне өндірістің ұтымды дамуы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау негізінде адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар туғызу стратегиясы қаланған.
Сондықтан да адамзат өзінің игілігі үшін қоршаған табиғи ортаны қорғауды ұтымды түрде қамтамасыз етуі өте қажет.
Халықаралық тәжірибеде, соңғы жылдары Қазақстанда да «қоғамның экологиялық құқықтары» деген термин кеңінен таралуда. Ол көптеген маңызды халықаралық құжаттарда қолданылады. Атап айтқанда, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 1998 жылғы «О доступе к информации, участии общественности в процессе принятия решений и и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды» атты Конвенциясы (Орхус конвенциясы) арнайы қоғамның экологиялық құқықтарына арналған.
Көптеген еуропалық экологиялық конвенцияларда қоғам «бір немесе бірнеше жеке немесе заңды тұлға» деп анықталады. Қазақстандық заңнамада қоғамның экологиялық құқықтары бұған қарағанда тар мағынада қоршаған ортаны қорғау аясындағы азаматтардың құқықтары мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары ретінде танылады. Олар дәл осылай «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңда анықталады және мұндай көзқарастың бірқатар мәнді кемшіліктері бар.
Біріншіден, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке қоғамдық бірлестіктермен қатар, басқада ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктер де, мысалы, экологиялық мамандандырылған қызмет атқаратын қоғамдық қорлар мен мекемелер, пәтер меншік иелерінің кооперативтері мен кейбір басқада бірлестіктер қатысуы мүмкін. Әрине, бұл бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау аясындағы құқықтарының танылмауы олардың табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыруына тиым салуды білдірмейді.
Екіншіден, көптеген елдерде «қоғамдылық» ұғымына заңды тұлға ретінде тіркеусіз әрекет ете алатын азаматтар мен бірлестіктердің формальды емес ұйымдары кіреді. Орхус конвенциясына сәйкес, олар ұлттық заңнама мен тәжірибеге байланысты қоғамдылық ұғымына енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар қазақстандық заңнамада тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тыйым салынады.
Бұл экологиялық құқықтарды қорғау қызметін жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Көптеген шет елдерде осы мақсатты іс жүзіне асыру үшін мүдделі тұлғалар бірлестіктер құра алады. Қазақстандық заңнамада уақыт пен құралдарды көл талап ететін қоғамдық бірлестіктерді құрудың күрделі процедурасы әрекет етеді, сондықтан экологиялық құқықтарды ұжымдық пайдалану механизмін пайдалану қиын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

І. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы (07.10.1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).
2. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы. 06.08.1997.
3. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). 27.12.1994.
4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы. 31.05.1996.
5. 27.11.1996 жылы Әділет Министрі бекіткен, заңды тұлғаларды ҚР Әділет Министрлігі органдарының мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы Ереже.
6. ҚР Президентінің 17.04.1995 жылғы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығы.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:
1. Некоммерческие организации в Центральной Азии: организационно-правовые аспекты деятельности: Практическое пособие.– Алматы: «Интерлигал», 1997.
2. Экологические права общественности в Казахстане.– Алматы, 2000.
3. Сборник «Экотерра». Участие общественности в принятии экологически значимых решений. Выпуск № 1.– Москва, 1996.
4. БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 1998 жылғы «О доступе к информации, участие общественности в процессе принятия решений и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды» атты Конвенциясы (Орхус конвенциясы).
5. Взаимоотношения между экологическими неправительствен-ными организациями и правительством // Материал Российско-Голландской Конференции. Москва, 23-26 ноября 1992.
6. ҚР Президентінің 1996 ж. 30 сәуірдегі 2967 Өкімінің (ҚР экологиялық қауіпсіздік ту жырымдамасы) Ноосфера, 1996, № 1.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы 6
2 ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 8
3 ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ 10
4 ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 17
5 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

КІРІСПЕ

Адам баласы жерде өмір сүргелі бері қоршаған ортаға өзара үзіліссіз әсер ету үстінде Адамның табиғи қоршаған ортаға тікелей өзара әсер етуінің негізгі барлық организмдер үшін тамақтану, демалудың биологиялық зат алмасу процесін құрайды.
Жердегі өмірдің даму логикасы адам қызметі негізгі фактор болады, ал неге биосфера адамсыз пайда бола алады, бірақ адам биосферасыз пайда бола алмайды. Сондықтан да бүкіл әлемдегі адам баласы болашақ ұрпақтың толымды болып туылуына байланысты табиғатты қорғау мен табиғат гармониясын сақтауы қажет және келешек ұрпақтың алдындағы негізгі міндеті болып табылады. Әр адамның экологиялық танымы дамуы тиіс. Қазіргі білім алудың негізгі міндеті - экологиялық ойлау қабілетінің дамуы мен қалыптасуы. Мынадай: Табиғаттан барлығын алуға болады, табиғат - біздің үйіміз деген сөздер бар. Табиғат пен адам бір-біріне өте тығыз байланысты тылсым дүниелер. Табиғат адамға берілген құдайдың сыйы. Осы кереметтей құдайдың сыйын әрбір азамат аялай және қорғай білуі тиіс. Өйткені адамның өзі табиғатты қорғай білсе, онда өзінің өмірінің қауіптілігі аз деген сөз.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында биологиялық әр алуандылықты міндетті түрде сақтау шартымен адамның өмір сүруі үшін қолайлы ортаны ұтымды деңгейде қамтамасыз ету мен ұстаудың принциптерін, стратегиялық мақсатын, міндеттері мен тетіктерін айқындайды. Оның іргесіне өндірістің ұтымды дамуы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау негізінде адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар туғызу стратегиясы қаланған.
Сондықтан да адамзат өзінің игілігі үшін қоршаған табиғи ортаны қорғауды ұтымды түрде қамтамасыз етуі өте қажет.
Халықаралық тәжірибеде, соңғы жылдары Қазақстанда да қоғамның экологиялық құқықтары деген термин кеңінен таралуда. Ол көптеген маңызды халықаралық құжаттарда қолданылады. Атап айтқанда, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 1998 жылғы О доступе к информации, участии общественности в процессе принятия решений и и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды атты Конвенциясы (Орхус конвенциясы) арнайы қоғамның экологиялық құқықтарына арналған.
Көптеген еуропалық экологиялық конвенцияларда қоғам бір немесе бірнеше жеке немесе заңды тұлға деп анықталады. Қазақстандық заңнамада қоғамның экологиялық құқықтары бұған қарағанда тар мағынада қоршаған ортаны қорғау аясындағы азаматтардың құқықтары мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары ретінде танылады. Олар дәл осылай Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда анықталады және мұндай көзқарастың бірқатар мәнді кемшіліктері бар.
Біріншіден, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке қоғамдық бірлестіктермен қатар, басқада ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктер де, мысалы, экологиялық мамандандырылған қызмет атқаратын қоғамдық қорлар мен мекемелер, пәтер меншік иелерінің кооперативтері мен кейбір басқада бірлестіктер қатысуы мүмкін. Әрине, бұл бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау аясындағы құқықтарының танылмауы олардың табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыруына тиым салуды білдірмейді.
Екіншіден, көптеген елдерде қоғамдылық ұғымына заңды тұлға ретінде тіркеусіз әрекет ете алатын азаматтар мен бірлестіктердің формальды емес ұйымдары кіреді. Орхус конвенциясына сәйкес, олар ұлттық заңнама мен тәжірибеге байланысты қоғамдылық ұғымына енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар қазақстандық заңнамада тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тыйым салынады.
Бұл экологиялық құқықтарды қорғау қызметін жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Көптеген шет елдерде осы мақсатты іс жүзіне асыру үшін мүдделі тұлғалар бірлестіктер құра алады. Қазақстандық заңнамада уақыт пен құралдарды көл талап ететін қоғамдық бірлестіктерді құрудың күрделі процедурасы әрекет етеді, сондықтан экологиялық құқықтарды ұжымдық пайдалану механизмін пайдалану қиын.

1. Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 106-бабына сәйкес, заңдарға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарына жету мақсатымен азаматтардың ерікті түрде бірігуі нәтижесінде пайда болған ұйым қоғамдық бірлестік болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында көзделген реттерде оның құрамына ұжымдық мүшелер кіруі мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер жарғының негізінде жұмыс істейді.
Қоғамдық бірлестіктер ерікті түрде қоғамдық бірлестіктер одағына біріге алады және олардан шыға алады.
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында көзделген, оның қызметін материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер, сондай-ақ өзінің қаражаты есебінен салынған кәсіпорындар оның меншігі болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктің ақша қаражаты, егер төленуі жарғыда көзделген болса, бірлестікке кіру жарналарынан жәке мүшелік жарналардан; ерікті жарналар мен жиналған жылулардан; жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге шаралар, лотереия өткізуден түскен түсілдерден; өндірістік және өзге де шаруашылық қызмет кірістерінен; заң құжаттарында тыйым салынбаған басқа да түсілуерден қалыптасады.
Саяси мақсаттар көздейтін саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді және кәсіподақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Съездің (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Сот шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі Азаматтық Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
Қоғамдық бірлестіктің құқықтық ережесі Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар және тағы басқа жатады.
Қоғамдық бірлестік жетуге ұмтылған мақсаттар оның мүшелерінің пайда табуымен байланысты емес, азаматтар өздерінің рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірігеді.

2. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында бекітілген.
Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар нысанының бір түрі болып табылады және Қазақстанның 10-нан кем емес азаматтық бастамасымен құрылады. Олар әділет органдарында заңды тұлға ретінде міндетті тіркелуге жатады.
Территориялық қызмет аясы бойынша қоғамдық бірлестіктер 3 түрге бөлінеді:
1) республикалық;
2) аумақтық;
3) жергілікті.
Республикалық қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында әрекет ете алады.
Аумақтық қоғамдық бірлестіктер екі немесе одан да көп облыстар аумағында әрекет ете алады.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктер бір облыстың немесе республикалық маңызды бар қаланың территориясында жұмыс жасай алады. Әрине, қызметтің территориялық шектелуі нақты қоғамдық бірлестіктің құқықтарының көлеміне мәнді ықпал етеді. Мысалы, осы шектеуге байланысты Алматы облысындағы жергілікті қоғамдық бірлестік Атырау облысындағы өндірістік кәсіпорындарға, оның қызметі тек бір облыс аумағына ғана таралатын болғандықтан, қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алмайды.
Әрбір жеке қоғамдық бірлестік өз жарғысында өз қызметінің мақсаттары мен пәнін анықтайды. Олардың кейбіреулері өзінің негізгі жарғылық мақсаты ретінде табиғатты қорғау қызметін және адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болу үшін қоршаған ортаны қорғау қызметін алуына болады. Бұл бірлестіктер көбінесе ортақ атаумен экологиялық қоғамдық бірлестіктер деп аталады. Сонымен қатар, Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын олардың қандай нысанға жататындығына немесе олардың атауында экологиялық деген сөздің болу-болмауына тәуелді етпейді. Басқаша айтқанда, жоғарыда аталған Заңның 6-бабында көзделген құқықтар тек мамандандырылған қоғамдық бірлестіктерде ғана пайда болып қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде басқа қоғамдық бірлестіктермен мойындалуы тиіс. Мысалы, бұл өз мүшелері үшін экологиялық қауіпсіз еңбек мән-жайларын қамтамасыз етуге ұмтылған кәсіподақтар немесе бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін экологиялық проблемаларға арнаған саяси партиялар болуы мүмкін. Әрине, егер бұл ұйымның жарғылық мақсаттарына қарама-қайшы келетін болса, қоғамдық бірлестік қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі бір құқықтарды иелене алмайды.

3. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 6-бабы қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ие болатын негізгі құқықтарының тізімін бекіткен. Құқықтардың келтірілген тізімі толық және жабық деп қарастырылмайды. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа құқықтары заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен көзделеді.
Берілген жұмыстың шегінде біз Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 6-бабымен бекітілген экологиялық құқықтарды қарастырамыз.
1. Өздерінің экологиялық бағдарламаларын жасау, бекіту және насихаттау, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды ерікті бастамалар негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке тарту.
Қоғамдық бірлестіктердің экологиялық бағдарламаларды жасау, бекіту мәселелері заңнамамен реттелмейді. Олар қоғамдық бірлектіктің өз бастамасы бойынша немесе белгілі бір тұлғаның тапсырысы бойынша жасалуы мүмкін. Экологиялық бағдарламаларды бекітудің белгілі тәртібі жарғымен немесе қоғамдық бірлестіктің басқа ішкі құжатымен бекітілуі мүмкін. Мысалы, экологиялық бағдарламаларды бекіту қоғамдық бірлестіктің белгілі бір органының өкілеттігіне бекітілуі мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер ең алдымен өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алады. Алайда, заңда көзделген белгілі бір жағдайларда, олар басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, азаматтардың өтініші бойынша және олардың жарғылық мақсаттарына сәйкес қоғамдық бірлестіктер сотқа қоршаған ортаны қорғау туралы заңның бұзылуы нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талаппен жүгіне алады. Бұл жағдайда осы бірлестіктердің уәкілетті тұлғалары соттағы өкілдер ретінде қатыса алады.
Азаматтарды қоғамдық бірлестіктердің табиғатты қорғау қызметіне қатысуға ерікті бастамалар негізінде тарту оларды бірлестік мүшелерінің қатарына тарту жолымен және онсыз жүзеге асырылы мүмкін.
2. Қоршаған ортаны қорғау және оны жақсарту, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру және қызметіне қатысу.
Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру жөніндегі және табиғи ресурстарды пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі ерікті қызметі заңнамамен аз ғана мөлшерді регламенттелуі мүмкін. Негізінен, бұл қызмет бірлестіктердің өздерінің жарғыларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Әрине, егер қоғамдық бірлестіктер өз міндеттерін табиғатты пайдаланушылар ретінде орындауы шегінде табиғатты қорғау шаралары орындалса, іс мүлдем басқаша болар еді. Бұл жағдайда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша орындалуы тиіс белгілі бір шаралар бекітіледі, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің табиғатты қорғау қызметінің басқа да аспектілері регламенттелуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға келетін болсақ, оларды қорғауды ең бірінші кезекте әкімшіліктер және тұрақты және уақытша жұмысшылардан тұратын арнайы күзет қызметтерінің күштері жүзеге асырады. Сонымен бір мезгілде бұл қызметті жүзеге асыруға қоғамдық бірлестіктер тартылуы мүмкін. Олар бұл қызметке белгілі бір жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қатарына қосу туралы негіздемелер мен ұсыныстар жасау арқылы, сондай-ақ қорғалатын аймақтарда нақты табиғатты қорғау шараларын өткізуге қатысу жолымен қатыса алады. Әдетте, қоғамдық бірлестіктердің мұндай қызметі сәйкесінше ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың әкімшіліктерінің келісімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Бекітілген тәртіппен экологиялық тәрбие және білім беру жөніндегі жұмыстарды орындау, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет мемлекеттік сияқты, мемлекеттік емес ұйымдармен, оның ішінде қоғамдық бірлестіктермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Экологиялық білім беру саласындағы қызмет 2 түрге бөлінеді:
1) лицензияланатын;
2) лицензияланбайтын.
Мысалы, Қазақстанда бірлестіктердің мектеп жасына дейінгі, бастауыш, орта және орта кәсіби, жоғарғы және жоғарғы кәсіби білім беру қызметі лицензияланады.
Экологиялық тәрбие және білім беру, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер өткізу лицензияланбайтын қызмет түріне жатады. Сондықтан аталған құқықтарды қоғамдық бірлестіктер өздерінің басқару органдарының жарғылық ережелеріне және шешімдеріне сәйкес іс жүзіне асырады.
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап ету және қоғамдық экологиялық сараптама өткізу.
Қазақстанда экологиялық сараптама 2 түрге бөлінеді:
1) мемлекеттік;
2) қоғамдық.
Біріншісі арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдармен, екіншісі қоғамдық бірлестіктермен, ғылыми ұйымдармен және азаматтар тобымен өткізіледі. Осыған сәйкес екі жағдайда қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен қатысу сипаты ерекшеленеді. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға қатысты қоғамдық бірлестіктер уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыру бастамашысына оларды өткізу туралы талаппен жүгіне алады. Қоғамдық экологиялық сараптамаға қатысты қоғамдық бірлестіктер оны өткізудің тікелей субъектісі ретінде қатыса алады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жағдайында қоғамдық бірлестіктердің құқықтары оны өткізуді талап ету мүмкіндігімен ғана шектелмейді. Олар мемлекеттік экологиялық сараптама өткізудің әртүрлі сатыларына және ең алдымен қоршаған ортаға әсерді бағалау сатысына қатыса алады. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сараптама кеңестерінің, яғни мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының жанындағы кеңесу органдарының мүшелері ретінде қатыса алады.
18.03.1997 жылғы Экологиялық сараптама туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қоғамдық экологиялық сараптама өткізу тәртібін қарастырайық. Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу үшін жергілікті атқарушы билік органдарында мемлекеттік тіркелу талап етіледі және оның басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Қоғамдық экологиялық сараптама өткізіледі және оның нәтижелері бойынша қорытындыны осы үшін арнайы құрылған сараптау комиссиялары береді. Қоғамдық сараптама өткізудің нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының мемлекеттік экологиялық сараптамадан айырмашылығы, ол информациялық және ұсыныстық сипатта болады.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылау қоршаған ортаның жағдайы мен ондағы өзгерістерді қадағалау, табиғатты пайдаланушылардың табиғатты қорғау шараларын орындауын тексеру, экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін табу, жүзеге асырылып отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаның сапасы нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 79-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бақылауды өз бастамасы бойынша, табиғатты пайдаланушылар және қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдармен жасасқан келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестіктер өз бастамасы бойынша немесе өкілетті мемлекеттік органдармен жасасқан келісім-шарттарға сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде кедергілерге кездесуі мүмкін екендігін айта кету қажет. Бірінші жағдайда қоғамдық бірлестіктің бақылаушы қызметі үлкен дәренеде меншік иесінің объектіге жіберуге тілегіне, тексеру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды беруіне байланысты болады. Екінші жағдайда мына конституциялық норманы естен шығармау қажет: Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін нүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландылуға жол берілмейді.
Сондықтан егер бұрынғы уақыттарда қоғам өмірінің жекелеген салаларындағы мемлекеттік органдардың бақылау функциясы қоғамдық бірлестіктерге берілген болса, қазір бұған Конституциямен тыйым салынған. Сондықтан қоғамдық бақылу үшін толық мүмкіндіктер табиғатты пайдаланушы (объектінің иесі) оның өткізілуіне қарсы болмаса немесе тіпті бұған мүдделі болса, туындайды.
6. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жағдайы және оны қалпына келтіру жөнінде уақтылы және толық информациялар алу.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен олармен келісімге келе отырып, әріптестік жасау және өзара әрекет ету, олар үшін келісім-шарттар бойынша заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындау.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамдық бірлестіктер халықаралық ұйымдармен өзара әрекет ете отырып, олармен қоғам өмірінің әртүрлі салаларында келісім жасасуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуына тыйым салынған.
8. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысу.
Қазақстанда заң шығарушылық бастамашы болу құқығы Парламент депутаттарына, Үкіметке, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда Президентке берілген. Қоғамдық бірлестіктердің мұндай құқықтары жоқ. Сондықтан, әдетте, олардың заң шығару процессіне қатысуы Үкіметпен немесе депутаттармен жасалған заң жобаларына ұсыныстар енгізумен және талқылау сатысымен шектеледі. Бұл қызмет заңжобаларына жазбаша түсініктемелер беру және ұсыныстар жасау, ашық парламенттік тыңдауларға, жекелеген комитеттер мен жұмысшы топтарының мәжілістеріне қатысу жолымен жүзеге осырылады. Заң жобаларын ресми талқылауға қатысу мүмкіндіктеріне оларды Парламент Мәжілісіне ұсынғаннан кейін жол ашылады.
Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң жобасын талқылау сатысына Парламенттің Жұмысшы топтарының шегінде қатысу тәжірибесі бар.
9. Әкімшілік немесе Сот тәртібімен кәсіп-орындарды орналастыру, салу, жаңалау және эксплуатациялау туралы шешімдердің күшін жоюды талап ету.
10. Кінәлі ұйымдарды, лауазымды тұлғаларды және азаматтарды жауаптылыққа тарту туралы мәселелер қою, қоршаған ортаны қорғау туралы заңның бұзылуы нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың орнын толтыру туралы сотқа талап - арызбен жолдану.

4. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Экологиялық мүдделер бойынша азаматтардың бірлестігіне өзара және мемлекеттік органдармен құқықтармен міндеттерді туындататын құқық нормасының негізінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынасқа түсетін қозғалыстар, ұйымдар, одақтар, қорлар, ассоциациялар кіреді. Мұнда аталғандардың көпшілігінің құқықтық аспектілері бар, олар заңдармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Өкінішке орай, олардың көпшілігін экологиялық қоғамдық бірлестіктер мемлекетпен өзара қатынастарын ұйымдастыру кезінде, өздерінің экологиялық талаптарын қою, өздерінің экологиялық қызметке қатысуы кезінде жеткілікті түрде пайдаланбайды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы азаматтарға және олардың бірлестіктеріне экология және табиғатты пайдалану аясында кең өкілеттіктер береді. Алайда, негізгі мәселе тараптардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық шектеулер
Еңбек құқығының субъектілері туралы мәліметтер
Пәндер