Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жетілдіру



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Шағын және орта бизнес ұғымы және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Шағын және орта бизнесті дамытудағы шет елдердің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. «ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДАҒЫ АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Ауданның кәсіпкерлік саласы бойынша 2010.2012 жылдардағы атқарылған жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Аудан көлеміндегі кәсіпорындармен шағын бизнес орталықтарының мониторингтік көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Аудандағы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырудағы жұмыстарының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. ҚР ШАҒЫН БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Бизнес тірегі» кәсіпкерлік тексеруді тіркеу жобасына анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 «БЖК 2020» бағдарламасының тиімділігін әкімшілік қызмет тарапынан бағалау ...
3.3 Шағын бизнесті іске асырудпғы «Даму» қорының бaғдарламаларын жүзеге асыру барысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан – 2050 стратегиясы және сонымен байланысты экономикалық реформалар Республикадағы шағын бизнестің құрылуы мен оның сапасының прогрессивті өсу сипатына қарқынды әсер етіп отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын бизнес – дамыған нарық шаруашылығының ажыратылмайтын элементі болып табылады. Оның арқасында экономика монополияға қарсы күшті потенциалдың көмегімен қажетті икемділікке ие болады. Шағын бизнес көбінесе экономикалық өсудің қарқынын, ұлттық кірістің деңгейін анықтайды және ішкі кірістің жалпы көлемінің 50% құрайды. Бұрындары ірі кәсіпорындар мен ұжымдырдың дамуына көп көңіл аударылса, қазіргі кезде көріп отырғандай тек, егерде нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулер монополиялық құрылымды бәсекеге қабілетті механизммен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының қажетті санымен теңдестірілсе ғана аудандардағы тиімді нарықтық шаруашылықтың болуына көз жеткізіліп отыр. Сондықтан, нарықты сақтау қажет.
Шағын бизнестің ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы көптеген жетіспеушіліктерді қамтамасыз етуде ролі өте зор. Ірі ұйымдар мен ұжымдар – нарықтың осындай ауыспалы жағдайында жаңа технологияларды және оның өндірістегі адекватты құралдарын тез қабылдауына қолайлы емес форма.
Сонымен қатар, шағын бизнестің ең қажетті мынандай қызметтері бар: қосымша жаңа жұмыс орындарын құру, ірі көлемдегі жұмыс күшін жұмысқа тарту қабілеті соның ішінде ұзақ мерзімдік жұмыссыздықтың нәтижесінде пайда болған әлеуметтік күшті төмендету және өндірістің құлдырауын болдырмау.
Осының барлығы соңғы уақытта Республикадағы кәсіпкерлік белсенділігінің кейбір құлдырауларының көтерілуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Қазақстандағы жалпы экономикалық дағдарыстың салдары шағын кәсіпкерлік қызметіне әсер етпей қоймады. Шағын бизнестің субьектілері өздерінің имманенттік жетіспеушіліктерінің басым бөлігіне өндірісті кеңейту мен үздіксіз қолдап отыру үшін үлкен көлемдегі қаражат бөлмейді. Көбінесе, құлдыраған шаруашылық жүйелер, дамымаған құрылым, кәсіпкерлерді сауда ортасына қарай тартып, өндірістік шағын кәсіпкерліктің даму құрылымын тежейді. Өздерінің заңды құқықтарын білмегендіктен ұсақ бизнесмендер: заңға қайшы келеді, мемлекеттік құрылымды ойрандатады, басқаруға теріс мінездегі қатынаста болады, осының барлығы мемелекеттің өндірістік индустриясының әзірге белсенді емес сау класының қалыптасуына кедергі келтіреді.
Қазақстанның экономикасының потенциалды өсуі отандық өндірістің дамуына байланысты. Бірақта ірі бизнес қазіргі бәсекеге қабілетті өндіріс үшін қажетті жағдайға қарсы келе алмайды және өте терең дағдарыста болады. Бұл жаңа технологияның, капиталдың, мамандандырылған жұмыс күшінің жетіспеушілігінен.
Отандық өндірісті дағдарыстан шығуға негізделген дамытудың ең тиімді бірден бір жолы, экономиканы перспективалы динамикада қолдауға қабілетті шағын кәсіпкерлік болып табылады, сонымен қатар біздің ұғымымыздан қалып кеткен «техникалық прогресс» түсінігін қолдану, өнімнің бұрынғы керек емес наменклатурасыннан құтылу және экономиканың барлық саласында мамандандырылған бәсекеге қабілетті өндіріс құру қажет.
Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым - ол нарықтық экономикаға тән елдің болашағы үшін, шағын және орта бизнестің маңызын ашып оны мемлекет тарапынан дамыту жолдары жайлы жазу.
Дипломдық жумыстың мақсаты мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық турақтылық жағдайында
кәсіпкерлік қызметті жургізуде усыныстар жасау:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмунын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті бақылау және қадағалау органдардың жұмыстарын талдау;
- Атқарушы органдар мысалында шағын бизнесті басқаруды жетілдіру негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жургізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті басқарудағы негізгі бағдарламалардың проблемаларын ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жумыстың зерттеу объекгісі - елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
- мемлекеттік органдардың шағын бизнесті қадағалаудағы шеңберін қысқарта отыра шағын бизнестің оңтайлануына әсер ету ;
- шағын бизнестің дамуына мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жүзеге асырылуына атқарушы органдар тарапынан ықпал ету;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының «Конституциясы»
2 «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы
3 «Қазақстан Республикасы Президентінің «2050 стратегиясы».
4 "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы
5 Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства» от 13.03.2003// Бюллетень Финансы и Право, 2003, №21.
6 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылғы 6 наурыз №3398// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №12.
7 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 26 сәуір, №665// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №17.
8 Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие банктер. Оқулық, Алматы 2005 ж.
9 Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004 ж.
10 Искакова З.Д. Банк ісі. Қарағанды, 2003 ж.
11 Лаврушина О.И. Банковское дело. Москва, 2000 г.
12 www.dkb2020.kz Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасының сайты
13 Бажиева М., Манабаева И. «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы», ҚазҰУ хабаршысы. №4 (56) 2006
14 www.damu.kz
15 www.damu-komek.kz
16 www.tarbagatay.vko.gov.kz Тарбағатай ауданы әкімінің сайты
17 Мейірбеков Б. «Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер» // Хабаршы. 2004. №1.
18 Мейірбеков Б. «Елдегі кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары» // Хабаршы. 2004. №1.
19 www.servis.pravstat.kz Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
20 Мырзабеков С. «Шағын және орта кәсіпкерлік өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру» // Жаршы. 1999. №2.
21 Шымғанов Ә. «Кәсіпкерлік іс-әрекетті салықтық реттеу» //Ізденіс. 2001.№2.
22. www.shygys.stat.kz ШҚО статистика басқармасы
23 www.stat.kz ҚР статистика агенттігі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Шағын және орта бизнестің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.2 Шағын және орта бизнес ұғымы және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ..
0.4 Шағын және орта бизнесті дамытудағы шет елдердің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... .

1. ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДАҒЫ АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ ҚЫЗМЕТІ
0.5 Ауданның кәсіпкерлік саласы бойынша 2010-2012 жылдардағы атқарылған жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.6 Аудан көлеміндегі кәсіпорындармен шағын бизнес орталықтарының мониторингтік көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.7 Аудандағы Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасының іске асырудағы жұмыстарының көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. ҚР ШАҒЫН БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
0.8 Бизнес тірегі кәсіпкерлік тексеруді тіркеу жобасына анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.9 БЖК 2020 бағдарламасының тиімділігін әкімшілік қызмет тарапынан бағалау ...
0.10 Шағын бизнесті іске асырудпғы Даму қорының бaғдарламаларын жүзеге асыру барысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан - 2050 стратегиясы және сонымен байланысты экономикалық реформалар Республикадағы шағын бизнестің құрылуы мен оның сапасының прогрессивті өсу сипатына қарқынды әсер етіп отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын бизнес - дамыған нарық шаруашылығының ажыратылмайтын элементі болып табылады. Оның арқасында экономика монополияға қарсы күшті потенциалдың көмегімен қажетті икемділікке ие болады. Шағын бизнес көбінесе экономикалық өсудің қарқынын, ұлттық кірістің деңгейін анықтайды және ішкі кірістің жалпы көлемінің 50% құрайды. Бұрындары ірі кәсіпорындар мен ұжымдырдың дамуына көп көңіл аударылса, қазіргі кезде көріп отырғандай тек, егерде нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулер монополиялық құрылымды бәсекеге қабілетті механизммен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының қажетті санымен теңдестірілсе ғана аудандардағы тиімді нарықтық шаруашылықтың болуына көз жеткізіліп отыр. Сондықтан, нарықты сақтау қажет.
Шағын бизнестің ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы көптеген жетіспеушіліктерді қамтамасыз етуде ролі өте зор. Ірі ұйымдар мен ұжымдар - нарықтың осындай ауыспалы жағдайында жаңа технологияларды және оның өндірістегі адекватты құралдарын тез қабылдауына қолайлы емес форма.
Сонымен қатар, шағын бизнестің ең қажетті мынандай қызметтері бар: қосымша жаңа жұмыс орындарын құру, ірі көлемдегі жұмыс күшін жұмысқа тарту қабілеті соның ішінде ұзақ мерзімдік жұмыссыздықтың нәтижесінде пайда болған әлеуметтік күшті төмендету және өндірістің құлдырауын болдырмау.
Осының барлығы соңғы уақытта Республикадағы кәсіпкерлік белсенділігінің кейбір құлдырауларының көтерілуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Қазақстандағы жалпы экономикалық дағдарыстың салдары шағын кәсіпкерлік қызметіне әсер етпей қоймады. Шағын бизнестің субьектілері өздерінің имманенттік жетіспеушіліктерінің басым бөлігіне өндірісті кеңейту мен үздіксіз қолдап отыру үшін үлкен көлемдегі қаражат бөлмейді. Көбінесе, құлдыраған шаруашылық жүйелер, дамымаған құрылым, кәсіпкерлерді сауда ортасына қарай тартып, өндірістік шағын кәсіпкерліктің даму құрылымын тежейді. Өздерінің заңды құқықтарын білмегендіктен ұсақ бизнесмендер: заңға қайшы келеді, мемлекеттік құрылымды ойрандатады, басқаруға теріс мінездегі қатынаста болады, осының барлығы мемелекеттің өндірістік индустриясының әзірге белсенді емес сау класының қалыптасуына кедергі келтіреді.
Қазақстанның экономикасының потенциалды өсуі отандық өндірістің дамуына байланысты. Бірақта ірі бизнес қазіргі бәсекеге қабілетті өндіріс үшін қажетті жағдайға қарсы келе алмайды және өте терең дағдарыста болады. Бұл жаңа технологияның, капиталдың, мамандандырылған жұмыс күшінің жетіспеушілігінен.
Отандық өндірісті дағдарыстан шығуға негізделген дамытудың ең тиімді бірден бір жолы, экономиканы перспективалы динамикада қолдауға қабілетті шағын кәсіпкерлік болып табылады, сонымен қатар біздің ұғымымыздан қалып кеткен техникалық прогресс түсінігін қолдану, өнімнің бұрынғы керек емес наменклатурасыннан құтылу және экономиканың барлық саласында мамандандырылған бәсекеге қабілетті өндіріс құру қажет.
Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым - ол нарықтық экономикаға тән елдің болашағы үшін, шағын және орта бизнестің маңызын ашып оны мемлекет тарапынан дамыту жолдары жайлы жазу.
Дипломдық жумыстың мақсаты мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық турақтылық жағдайында
кәсіпкерлік қызметті жургізуде усыныстар жасау:
шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмунын ашу;
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті бақылау және қадағалау органдардың жұмыстарын талдау;
Атқарушы органдар мысалында шағын бизнесті басқаруды жетілдіру негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жургізу;
қазіргі кездегі шағын бизнесті басқарудағы негізгі бағдарламалардың проблемаларын ашып көрсету;
шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жумыстың зерттеу объекгісі - елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
- мемлекеттік органдардың шағын бизнесті қадағалаудағы шеңберін қысқарта отыра шағын бизнестің оңтайлануына әсер ету ;
- шағын бизнестің дамуына мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жүзеге асырылуына атқарушы органдар тарапынан ықпал ету;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

Шағын бизнестің ролін түсіну, оның қазіргі экономикадағы маңызын анықтау және оның дамуының беталысын анықтауды тек шағын бизнестің шығу тарихын анықтау арқылы ған біле аламыз.
Кәсіпорындар нарықта бір - бірімен бәсекелік күресте де бәсекелеседі, мұнда тек кімнің кірісі көп болса сол жеңеді. Егерде кәсіпорынның шығыны орташа шығыннан жоғары болса, онда банкроттық жағдайға келіп тіреледі. Сол үшін, бір кәсіпкер өзінің кірістерін өндірісті кеңейтуге бағыттау арқылы ірі кәсіпкерге айналады, ал басқалары құлдырап жатады. Өндірісті шоғырландыру және тауар өндірушілерді дифференциациялау осылай болады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында дүние жүзінде кішігірім кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы өндірістегі дағдарысқа алып келді.
Әсіресе 1873 жылғы дағдарыс айрықша болып табылады, өйткені сол кездегі ірі кәсіпорындар бағаны бақылау және нарықтық өтімдерді бөлу үшін картельдерге біріккен болатын.
Ірі кәсіпорындарды біріктірудің екінші түрі синдикаттар болды, мұнда өнімнің реализациясы жалпы өтімдік кеңсе арқылы қарастырылды, яғни синдикатқа кірген кәсіпорындар. Синдикаттар патшалық Ресейде кең таралымға ие болды.
Жаңа ғасырдың басында ірі кәсіпорындарды біріктірудің бірден - бір дамыған түрі - тресттар болды, осы кезде қатысушылар өздерінің өндірістік және коммерциялық еріктерін жоғалтты. Ең алғашқы трест 1870 жылы АҚШ-та пайда болды.
Жоғарыда аталғандардың барлығы ұсақ кәсіпорындардың өздерінің маңызын жоғалтуға алып келді. Сайып келгенде артықшылықтар ірі фирмалар жағынан көрінді. Ең алдымен бұл артықшылықтар ірі кәсіпорындардың техникалық артықшылықтарымен көзге түсті:
* сол кездегі техниканың көптігі ірі көлемдегі өндірісті талап етті, ал оған деген жоғарғы бағалар ұсақ фирмалар салаларына деген кіріс көздеріп жауып тастады;
* қымбат техника тек массалық өндіріс кезінде өтімді болды, ал өндіріс көлемін үнемдеу кез - келген өнімге деген бағаның түсуіне мүмкіндік берді, осының өзі де кішігірім кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсіз жағдайға ұрындырды;
* тек алдыңғы қатарлы техника мен технология емес, сонымен қатар ең жақсы мамандандырылған жұмысшылар мен инженерлерді жинаған мықты еңбек ұйымдарыда ірі кәсіпорындардың жағында болды;
* ғасырдың басында ірі кәсіпорындар барлық жаңа және алдыңғы қатарлыларды таратушы болды, ал бұл үлкен көлемдегі қаржылық шығынды талап етті, бірақ сонымен бірге көптеген кірістер де алып келді;
Нәтижесінде шағын бизнес соңғы орынға қойылды және ірі кәсіпорындарға жем болды, дегенмен толықтай жойылап кеткен жоқ (мысалы, ғасырдың басында АҚШ-та 500мыңға жуық шағын кәсіпорындар болды).
1973-1975ж.ж соғыстан кейінгі кезеңде бүкіләлемдік дағдарыс болды, бұл энергетикалық, шикізаттық және тағыда басқа дағдарыстармен қабаттаса келді. Және де бұл дағдарысты нарықтағы және өндірістегі жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделіп кеткен шағын және орта фирмалар аз ғана шығынмен өткізді.
Шағын бизнес экономикадағы позицияларды жаулап алуы және дамуымен ғана емес, сонымен қатар ірі бизнес пен оның одақтастарының бәсекелесіне айналады, және ірі кәсіпкерлік пен барлық экономиканың дамуының ең керекті элементтерінің бірі болып табылады.
Бұл жағдайдың себеп - салдары қалай болады?
Ең алдымен экономиканы дамытудың парадигмасы өзгерді. Кәсіпорынның едәуір көлемін анықтайтын сандық көрсетілімдерінің приоритеті өнім, қызмет көрсетуді сипаттайтын сапалық көрсеткіштерге айналады. Мұндай жағдайда индустриалдық алыптардың мықты құрылымдары конъюктураның, тұтынушылық сұранымның аз ғана өзгеруін тез арада қабылдап алауға икемді, қайта пайда болған қажеттілікті қанағаттандыруға және осы жолмен нарықтың белгілі сегменттері мен клиенттердің белгілі ортасын бекітетуге икемді кішігірім фирмалармен салыстырғанда ұтылыста болады. Осының барлығы ірі бизнестің қайта құрудың қажеттігін сезінгеніен гөрі тезірек болады. Сол үшін, ірі бизнестің алыптылығы шаруашылықтың артықшылықты түрі ретінде өзінің тиімділігін жоғалтып алды.
Екіншіден, приоритеттерді ауыстырудағы шешуші ролді 70 жылдардың орта шенінде жаңа кезеңге айналған ИТР атқарады. Ол тек өндірісті мамандандыруды күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген салалардағы кәсіпорындардың қолайлы көлемін төмендетті, бұл сұранымның жекешеленуіне әкелді, өнімдер мен қызмет көрсетулердің өте үлкен наменклатурасын ұсынды, бірақ ең бастысы - шағын бизнеске оның көлеміне парапар техника берді. Бұлар микропроцессорлар, шағын құрал-жабдықтар, шағын ЭЕМ (ЭВМ) және тағы тағылар, енді қазір тіпті ірі өнеркәсіптердің салалары болып есептелінген металлургия, сонымен бірге ірі алыптармен бәсекеде теңдей түсе алатын, өзіне алдын ала тапсырылған металл тапсырыстарын орындай алатын және соған қарай ірі бизнестен оның нарығының жартысын тартып ала алатын шағын заводтар пайда болды.
Ақырында, тұтынушылардың да психологиясы өзгерді. Олар үйреншікті қалыптан алыстады, яғни, біркелкі киімдерді кигілері, бірдей машинамен жүргілері, бір реттік жихаздарды ұстағысы келмейді т.б. тұтынушылықтың жекешеленуі және сұранымның дифференциациясы пайда болды.
Өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы жағдайдың өзгеруіндегі алғы шарттары шағын бизнестің сәтті дамуына деген негіздері осылар. Бірақта шағын бизнестің өзінің секторы бірқалыпты емес, сондықтанда оның тыныс тіршілік жағдайы, дамуы және гүлденуі кәсіпорындардың әртүрлі топтары үшін, әртүрлі елдер және экономиканың әртүрлі сфералары үшін бірдей емес.
Шағын және орта кәсіпорындарды жағдайына байланысты екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топты ірі бизнеспен тура және жанама байланыстағы кәсіпорындар құрайды, яғни заңды түрде жеке бола тұрса да, олар ірі кәсіпорындармен келісім бойынша жұмыс істейді. Батыс әдебиеттерінде мұндай кәсіпорындарды орнын басушы немесе субтізбекті деп жиі атайды.
Қарастырылған кезеңде аталған кәсіпорын тобын дамыту үшін осы типтегі кәсіпорынға деген қатынасты дамыту жолында ірі бизнеске қызғушылық жағдайын тудыратын келесідей себептер белгіленген:
* шектеулі ортадағы деталдар мен түйіндер өндірісінің шағын және орта кәсіпорындарын мамандандыру ірі кәсіпорындардың оларды өздерінің цехтарында дайындауынан құтқарады;
* шағын фирмалардың икемділігі өндірісті қайта жаңартуға және үлгілерді ауыстыруына мүмкіндік береді, сондықтан қандайда болмасын жағдайда техникалық консерватизм мен ірі бизнестің қатты құрылымына қарсы тұра алады;
* шағын фирмалардың өнімдерінің өзіндік құнының төмендігі, арзан қол жұмыс күшінің жоғарылығы және төмен мамандандырудың арқасында, ірі бизнеске өз қорларын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, осы кәсіпорында құралған кірістің жартысын өз падасына шешіп, қайта бөлуге мүмкіндік береді;
* ҒТП-нің жаңа кезеңі жаңа салалар мен жаңа тауар түрлерінің тұрақты пайда болуымен сипатталады, бұл жерде шағын кәсіпорындар бір жағынан - ірі фирмалардың тәжірибешісі ретінде, екінші жағынан - ірі бизнестен құрылған жаңа тауарларға қызмет көрсетуші фирмалар ретінде қатысады. Мысалы, ірі фирмалар видеотехника өндірісін жүсеге асырса, шағын фирмалар техникалық қиын тауарлар мен жөндеулерді қоспағанда видеожазулар, видеосалондар және т.б. жүзеге асырады.
Тауарлардың екінші тобын нарықта бір - бірімен және ірі бизнеспен тікелей бәсекеге түсетін заңды және экономикалық жеке кәсіпорындар құрайды. Мұндай кәсіпорындар тобының қарқынды дамуына әсер ететіндер:
* Тұтыну мен қызмет көрсетулерге деген сұранымға тез бейімделу және қанағаттандыруға қабілетті болу;
* Тұтынуға жақындық, ірі фирмаларға сол және басқа да себептермен тиімсіз сегменттердің орнын толтыру;
* т.б
Шағын бизнестің дамуы мен гулденуінде мемелекет саясатының маңызы зор. Соңғы кезде экономиканың алдында тұрған міндеттері ірі және шағын бизнеске қолдау көрсету. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шеккен европалық елдер соғыстан кейінгі кезеңде мемелекетте ірі бизнесті қолдау жағына шықты, өндірісті шоғырландыру процесінің жеделдетілген түрін қолдады, ірі ұлттық корпорациялар мен трансұлттыққа айналуға жәрдем көрсетті, ұлттық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеруге қол жеткізді. Қазір барлығына дерлік әлемнің мемелекеттері шағын бизнесті қолдайды, әсіресе өздерінің тауарларының бәсекеге қабілеттілігімен байланысты инновациялық мақсаттарды көздейді.
Шағын кәсіпорындармен бірінші рет ұшырасқандар кейде аздаған қателер жіберуі мүмкін: олар шағын кәсіпорындарды мемелекеттік, жалға алынатын, бірлестік, отбасылық және тағы басқадай кәсіпорындардың бір түрі деп санайды. Бұл дұрыс емес, шағын кәсіпорындардың тізіміне олар кірмейді. Шағын - бұл түр немесе құқықтық - ұйымдық форма емес. Ол кәсіпорындардың көлемі. Шағын кәсіпорын - заң жүзінде белгіленіп қолданылатын кәсіпорын түрі. Іс жүзінде барлық кәсіпорын түрі: мемлекеттік, ұйымдық, бірлестік, кооперативті және т.б. оның өзі жұмысшылар санының алғы шарттарының бөлінуіне байланысты анықталады. Сондықтан, кәсіпорындардың шағын мемелекеттік, жеке шағын, шағын бірлестік және тағы сол сияқты түрлері болады.
Бұл жағдайда шағын кәсіпорындар үшін белгілі бір әмбебап, баға белгілеу жүйесінің жалпы түрі, материалдық - техникалық жетістіктер, еңбек ақысы, басқару және т.б. болмайтыны белгілі бола бастайды. Кәсіпорынның қызмет көрсетуінің осы жүйелерінің барлығы оның түріне байланысты анықталады.
Кейде шағын кәсіпорынның түрі қай ұжым оның құрылтайшысы болып қайта қарастырылады деген кеңге жайылған адасушылықтары болып жатады. Сөзсіз жағдайлар бұл жерде жоқ. Шағын кәсіпорын азаматтар, отбасы мүшелері мен басқа да бірлескен адамдар, мемлекет, жалға алу, бірлескен кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар арқылы құрыла алады. Бұдан басқа, шағын кәсіпорын бірлестік ретіндегі органдар, кәсіпорындар, ұйымдар мен азаматтар арқылы да құрылады.
Егерде шағын кәсіпорындың құрылтайшысы мемелекеттік ұйым болғанымен, жаңа білім атап айтқанда шағын мемлекеттік кәсіпорын болады деген сөз емес. Артықшылығы, мемлекеттік кәсіпорыннан бөлінген құрам кооперативтермен жалға берілуі мүмкін. Құрылған кәсіпорын түрі - бұл кооператив.Бұдан басқа да нұсқалары болуы мүмкін.
Осы кезде құрылтайшылардың қатысушысы болған жеке және отбасылық жеке кәсіпорындар басқа түрде болуы мүмкін емес. Яғни шағын кәсіпорындардың осындай түрлеріде құрылтайшылар мен шағын кәсіпорындардың түрі сәйекес келеді.
Шағын кәсіпорын көлеміндегі кәсіпкерлік сапалық артықшылықтармен де ерекшеленеді.
Бірінші кезекте кәсіпорынды тікелей басқару және бірлестіктің құқықтық бірлігін айту керек.
Екінші сипаттама - кәсіпорынға келесідей шолу жүргізуге болады: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмысшының арасында тұлғаның жұмысының мотивациясының шындығына және оның еңбегін қанағаттандыруды жоғарғы дәрежеде кол жеткізуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден - фирмадағы бағаға және тауарды реализациялаудағы жалпы салалық көлемге қандайда болмасын жағдайда әсер етуге рұқсат бермейтін кішігірім нарықтық қорлар мен өтімдер.
Төртіншіден - кәсіпкер мен клиент арасындағы тұлғаланған сипаттамадағы қатынас бұрындары айтылып кеткендей шағын кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсетудің тығыз ортасымен салыстырып есептелінген.
Бесіншіден - кәсіпорын өміріндегі жетекшінің басты ролі: ол тек мүліктік нарықтағы шаруашылықтың нәтижесіне ғына толықтай жауапкер емес, сонымен бірге өзінің өндірістік процестегі және оның ұйымдарымен қатынастарды тікелей қарауға міндетті.
Алтыншы ерекше сипаты - отбасылық іс: ол кәсіпорынның барлық қызметіне соңғыларын тура кірістіргеннен гөрі, қожайынның туған - туыстарына мұраға қалып отырады.
Соңғы жетінші ерекшелігі қаржылық сипатымен байланысты. Егер алыптар биржаның қоры арқылы ерекше түрде керекті қорларды жинаса, онда шағын кәсіпорындар банктердегі салыстырмалы кішігірім несиелерге, өз қаражаттарына және қалыпты емес нарық капиталына (достарының, туған-туыстарының т.б. ақшалары) сүйенеді.
Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі ретінде негізгі қормен салыстырғанда айналым капиталының жоғарғы бөлігін ерекше айтуға болады. Егер ірі кәсіпорындардың бұл ара қатынасы 80:20 болса онда шағын кәсіпорындарда 20:80 құрайды.
Шағын кәсіпорынның қызметінің қатарынан ең алдымен экономикалық қызметін атап өту керек, оның ролі біріншіден - жұмыс беруші, екіншіден - өнім мен қызмет көрсетуді өндіруші, үшіншіден - ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы, төртіншіден - салық төлеуші, бесіншіден - нарық қатынасының агенті ретінде көрінеді.
Әлеуметтік қызметінің де көптеген маңызы бар. Бірінші, кәсіпкерлік қызметтің шағын түрі арқылы көптеген адамдар өздерінің шығармашылық потенциалын ашады. Екінші, бұл жерде көбінесе ірі кәсіпорындардан қолдау таппаған халықтың әлеуметтік сезімтал тобы еңбекке тартылады (әйелдер, оқушылар, мүгедектер, зейнеткерлер, оралмандар және т.б.). Үшінші, шағын кәсіпорындар жас кадрлардың білімін ірі өндірістік орындар үшін көтеретін негізгі орындардың бірі болып табылады. Төртінші, кішігірім кәсіпорындар ең алдымен қызмет көрсету саласында қатынастағы адамдардың қажеттілігін қанағаттандырады (бірақ кейбір жерлерде ондай мүкіндіктен айырылған, мысалы, супермаркеттерде).
Енді бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдерде орын алған экологиялық қызметі - өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың алғы шарттарымен байланысты мәселелеріне шет елдік және отандық әдебиеттерде көп мән беріліп отыр, бірақ та әзірге ғалымдар біржақты пікірге келе қойған жоқ.
Ағылшын тілді әдебиеттерде small bisnes термині қолданылады (шағын + орта), ал кей кездері жай ғана шағын бизнес.
Европалық елдерде Жапонияда шағын және орта кәсіпорын термині қолданылады.
Отандық әдебиеттерге келетін болсақ, мұнда ұзақ уақыт бойы монополистік емес сектор термині қолданылып келді.
Орта кәсіпкерліктің алғы шарттарын екіге бөлуге болады - сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге - кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, айналым, активтер, капиталдар, кірістер және т.б. статистикалық көрсеткіштер жатады. Бірақ арнайы шетелдік статистика тұрақты түрде шағын және орта кәсіпорындардағы бір ғана көрсеткіш - жұмысшылар санын қолданады. Нақ осы көрсеткіш балық елдер үшін салыстырмалы болып табылады.
Ең қиын іс сапалық көрсеткіште жатыр. Ғалымдар арасында бұл мәселе үшін біржақты пікір жоқ, бірақ шағын және орта кәсіпорындарды белгілеудің арнайы мәртебесі де бар. Мысалға, Ескі және Жаңа әлемнің әдеттегі өкілдері ретінде екі елді - АҚШ және Францияны қарастырайық.
АҚШ-та шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік бизнесті егер, ол бөлімшелерімен қоса 500-ден төмен адам жалдаса, қызметін тек өз аймағында ғана жүргізсе онда оны шағын деп есептейді. Бірақ шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік компания шағын бизнеске қатысы бар ма соны анықтау үшін салаларды көлемі бойынша толықтай сұрыптауды қолданады. Мысалы, қайта өндіретін өнеркәсіптерде жұмысшылар саны 250 адамнан төмен болса - шағын фирмаға, ал 1000 адамнан жоғары болса - ірі фирмаға жатады. Машина құрастыруда шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік кестесі бойынша 41 кіші сала, оның ішінде он сегізі 250 жұмысшы адам санымен есептелінетін, он екісі шағын жоғарысы 500 жұмысшы және он бірі шағын ең жоғарғысы 1000 адам жалдайтын шағын кәсіпорын болып есетелінеді.
Кейде шағын бизнес жөніндегі Әкімшілік жұмысшылардың немесе өнімнен түскен кірістің санынан осы кәсіпорындарға мемелекеттік тапсырыстарды сатуға қатысу мүмкіндігін алу үшін жоғарғы талаптар қойылуынан қашады.
Францияда шағын және орта кәсіпкерлердің Жалпылама конфедерациясы келесідей анықтамаларды береді: шағын және орта кәсіпорындарға жататындар: қожайын өзінің жеке капиталының үлкен бөлігін иеленсе, өз тұлғаларына жеке жетекшілікті қамтамасыз етсе және олармен тұрақты да тікелей қатынасты жүзеге асырса. Франциядағы сандық алғы шарттар келесідей: 10 нан 50 дейінгі жалданған жұмысшылар - шағын, 50 ден 500 ге дейінгі - орта, 500 ден жоғары - ірі кәсіпорын болып есептелінеді.
Францияда Европаның басқа да елдері сияқты кәсіпкерлердің дәрежесі бар, сондықтан да саны жағынан 10 адамдай жұмысшылары бар кәсіпорындар әдетте кәсіпкерлік секторына жатады. Ал АҚШ-та ондай түсінік жоқ, онда мұндай кәсіпорындар өте ұсақ деп аталынады.
Француздық кәсіпкер - бұл ұйымды өз есебінен ұйымдастыратын, кәсіпқой маман иесі, өз кәсіпорнын тікелей өзі басқаруды қамтамасыз ететін және оның жұмысына тікелей өзі араласатын адам. Кәсіпкер жұмысшы жалдауы мүмкін, бірақ оның саны 10 адамға дейін шектелген. Кәсіпкердің қызметінің негізгі міндеті - өзінің жетіспеушіліктерін қамтамасыз етеді, ешкімге тәуелді болмайды, өзіне - өзі қожа.
Енді шағын капиталистік кәсіпорындар туралы. Оның иесі де өндірісте өзінің жеке қаражатын иеленеді, бірақ оның мақсаты - табыс алу. Оның кәсіпкерден айырмашылығы - еңбек процесіне өзі тікелей араласпайды. Оның капиталы едәуір маңызды, ал өзі қиналмау үшін алынған кіріс көзі жетерлік. Әрине шағын фирманың иесіне тән нәрселер: кәсіпорынмен жеке жетекшілік, жұмысшылармен, жеткізушілермен және клиенттермен тікелей байланыс. Орташа кәсіпорын үшін жалдаған тұлғалары бар, ақылмен істелінетін еңбек тән. Кәсіпорынның иесі - ол осы категориядағы кәсіпорынға өте сирек келетін немесе акционерлік қоғам бола қалған жағдайда салатын акциялық бақылау пакетке ие, бухгалтер, басқарушы, жабдықтаушы, маркетолог, және басқа да мамандар жалдайтын, ал өзі фирманың жалпы басшылығы қызметін, оның даму стратегиясын атқаратын, әртүрлі қызметтердің жұмысын бақылап отыратын және жеткізушілермен байланысты жүргізетін жеке меншік адам. Ірі бизнесменге қарағанда ол өндірістің қаражатынан әліде толықтай бөлінбеген, яғни оны басқару қызметін атқарады.
Ірі корпорацияларды басқарумен тек қана жалдаған кәсіпқой менеджерлер айналысады, ал жеке меншіктер өндірістің тікелей процесіндегі акцияның бақылау пакетінен толықтай аластатылған.
Сонымен, кәсіпорындардың әр түрлі көлемін анықтау үшін негізгі сапалық алғышарттар кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқару қатынасы, оның тұлғалармен қатынасының дәрежесі болып табылады. Шағын кәсіпкер өз фирмасын өзі басқарады және өз жұмысшыларымен ара қатынаста болады. Орташа кәсіпкерде саналы еңбектің жалдамалы жұмыскерлері болады және негізінен фирманы жалпы басқаруды солармен араласа отырып жүзеге асырады. Ірі кәсіпкер фирманы басқаруға тікелей араласпайды және өзінің тұлғаларымен тікелей байланыста болмайды.
Батыс мамандары сонымен бірге өздерінің сапалық алғы шарттарын шағын бизнесті сипаттау үшін ұсынады. Американдық профессор Стейли Шағын өнеркәсіпті дамыту деген кітабында шағын кәсіпорындарға төменде көрсетілген сипаттамалардың ең болмағанда екеуіне ие фирмаларға көмек көрсетуді ұсынады:
* кәсіпорынды жеке басқаруына қатысты аз мамандандырылған;
* жетекшіліктің жоғарғы органдарымен, өндірістік жұмысшылармен, жеткізушілермен, клиенттермен ара қатынастың тікелей жеке байланысы;
* нарыққа капитал салудажәне қысқамерзімді несие алумен қатысты жеке қиындықтарға мүмкіндігі жоқ;
* Сату, сатып алуға араласудың мықты ұстанымдарының жоқтығы;
* Жетекшілер мен жеке меншіктерге жататын жергілікті ұйымның барынша тар бірігулері және кейбіреулері жақын нарыққа және жабдықтаудың көздеріне байланысты болады.
Жұмысының басым бөлігін шағын бизнеске арнаған ағылшындық экономист Ф.Кларк: Шағын кәсіпкерліктің маңызын оның материалдық емес факторлардан адамдар арқылы алынған, максималды кірісті қанша тартсада соншалықты қанағаттандыруын мойындау керек, жұмыстың шығармашылық сипаты және әсіресе кірістер мен шығындардың санымен есептеуге ешқашан болмайтын өмір сүру бейнесі тәуелсіз ретінде көрінеді.
Әрине бұл материалдық емес факторлар адам өзінің ісін ашқан кезде болады, бірақ максималды мүмкін болатын кіріс алғысы келмейтін кәсіпкер болмайды.
Экономист Ю.Кочеврин; Шағын және орта өндірісті анықтайтын негізгі ерекшелік белгісі оның тұрақсыздығы болып табылады. Бұл тұрақсыздық әсіресе капитализмнің монополиялық кезеңі кезінде көтеріледі. Оның пікірі боынша осы турақсыздық шағын бизнестің негізгі алғы шарты болып табылады. Бұл өз кезегінде үлкен мән-мағына береді, және келесідей мәліметтермен бекітіледі: АҚШ-та әр жылы шамамен 350мыңдай кәсіпорындар жоғалып кетеді, яғни бұл барлық Американдық компаниялардың 8-9пайызы деген сөз. Тұрақсыздық өлердей құлдырауға ғана емес сонымен қатар, өмірінің ұзақтылығымен де сипатталады. Ю.Кочеврин мынандай мәліметтерді ұсынады: 1947-1950 жылдары 5,5жылдық өсуде компаниялардың жалпы санының 26 пайызы ғана қалды, ал қалғандары жоғалып кетті.
Әрине, жоғарғы өлермендікті әсіресе шағын кәсіпорындарда болатынын ешкім жоққа шығара алмайды, бірақ жоғалып кету жағдайлары және банкроттық ірі корпорациялармен өндірісті және капиталды орталықтандыру қатынастарында орын алады. Енді сандық алғы шарттарға қайта оралайық Жапонияда шағын және орта кәсіпорындардың ең жоғарғысы- 300 адам, Ұлыбританияда 200 адам. Мұнда салалар бойынша айырмашылық бар. Мысалы: саудада, қызмет көрсету ортасында және тұрмыстық қызмет көрсету, қаржылықжәне сақтандыруда ірі бизнес жұмыс істеушілердің 50, 100-200 адам санымен есептелінеді.
Бүкіл әлемдік банктің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты кәсіпорынның жалпы санының көрсеткіші 50-ге дейін көтеріледі. 1995 жылдың 1 қаңтарынан ЕС-та шағын кәсіпорындарға келесідей көрсеткіштер деңгейін көтермейтін кәсіпорындар кіреді:
Жұмыс істейтін жұмысшыларының саны 50 адамға дейінгі; жылдық айналым 4 млн теңгеден кем емес; Баланстық суммасы 2 млн теңгеден кем емес. ЕС-та орташа кәсіпорындарға өз қызметінің нәтижесінде келесідей көрсеткіштер деңгейін көтермейтін кәсіпорындар жатады: жұмысшыларының саны 50-ден 250-ге дейінгі адам, жылдық айналым 16 млн теңгеден кем емес, баланстық суммасы 8 млн теңгеден кем емес. ЕС деңгейіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын белгілеу кезінде шағын кәсіпорындарға қатысты басқа да көрсеткіштер қолданылады. ЕС-қа ұсынылған комиссияның шағын фирмаларға қатысты алғы шарттарына келесілер жатады: жұмысшыларының саны 100 адамнан жоғары болмау керек; меншіктік негізігі капиталдың көлемі 75 теңгеден төмен болмауы керек, бұл жағдайда ірі компанияның үлесі фирманың жарғылық капиталының 13 бөлігін құраса.
Дамыған мемлекеттердің экономикасына кіретін, экономикалық қызметті дамытудың халықаралық ұйымы кәсіпорындағы адам саны 19-ға дейін болса - өте шағын, 99 адамға дейін болса - шағын, 100-ден 499 адамға дейін болса - орташа 500 адамнан жоғары - ірі деп санайды.

1.2 Шағын және орта бизнес ұғымы және оның экономикалық маңызы
Шағын бизнес - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген.
Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: "Кәсіпкер - адамдарды өндірісгік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бул уғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, кәсіпкерлік түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттікгер, иудилер, грекгер, финикшілер және риидіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерлікгің кезекгілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуды қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сурақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дурыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада "кәсіпкерлік" түсінігі ХVШ ғасырда пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттайды. Ол өндірісгі өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезеһнде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХVШ ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сурген әйгілі француз экономисі Ж.Б. Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді.
К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.
Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікгі дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды.
Біріншіден, кәсіпкерлікгің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек.
Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікгі қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жай тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұнын өзі экономиканың қажетті нарықтың құрылымын орнатумен байланысты.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік - экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз нарық пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші - құн заңынсыз, қозғаушы күші-бәсекесіз, олар дами алмайды. Төртінші шарты, жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрін қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардыңда, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): Кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін - бірі алмастырады. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және шағын бизнес бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады. Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды?
Келесідей себептерді бөліп көрсетеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері:
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады.
Біріншіден, шағын кәсіпорындар үшін 0,5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5- 6 жыл қажет.
Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистикаға жүгінсек Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды. Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі. Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі -ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі - ұжымның еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысуы және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін бағалауға келмейтіндей жоғары екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Кәсіпкерлік қызметінің классификациясы
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Шағын және орта бизнес
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Пәндер