Бұралу



МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Бұралу моменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қимасы дөңгелек тік білеудің бұралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ. ЕСЕПТІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Бұралған біліктегі деформациямен орын ауыстыру ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Бұралудағы потенциалдық энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Бұралудағы статикалық анықталмаған жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Біліктің көлденең қимасында бұралу моменті пайда болатын деформацияның түрін бұралу деп атаймыз.
Біліктің бұралуы әсер ету жазықтығына немесе бойлық оське перпендикуляр сыртқы бұрайтын бұрау моментінің әсерінен болады. Біліктің көлденең қималарында пайда болатын бұрау моменттері қима әдісімен анықталады.
Біліктің барлық ұзындығы бойынша бұралу моментінің өзгеру графигібұралу моментінің эпюрасыдеп аталады.
Осы жағдайда бұралу моментінің эпюрасы ешқандай мәнді білдірмейді, бірақ анықтық үшін оның таңбасын келесі келісілген ережеге байланысты анықтаймыз:
Егер бөлінген бөлікке қима жақтан қарағанда сыртқы момент бөлінген бөлікті сағат тіліне қарсы айналдырса, онда бұралу моментінің мәні оң шама болып саналады және керісінше, егер сыртқы момент бөлінген бөлікті сағат тілімен бағыттас айналдырса (қима жақтан қарағанда), онда бұралу моменті теріс болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Н.Қожаспаев, С.Кешуов, И.Мухитов Электротехника /оқу құралы/ - Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1996 ж., 300 бет
2. Электротехника /Под ред- проф. В. Г. Герасимова.— М.: Высшая школа. 1935.
3. Волынский Б. А., Зейн Е. Н.. Шатерников В. Е. Электротехника.— Москва.: Эпергоатомиздат, 1987.
4. Борисов Ю.М., Липатов Д.Н., Зорин Ю.Н., Электротехника — Москва.: Эпергоатомиздат, 1985.
5. Касаткин А. С., Немцов М. В.. Электротехника.— М.: Энерогоатомиздат. 1983.
6. Иванов И. И., Равдоник С. С. Электротехника.— М.: Высшее школа, 1984.
7. Электротехника. Программированное учебное пособие /Под ред. проф. В. Г. Герасимова.— М.: Высшая школа, 1983.
8. Основы промышленной электроники. /Под ред. проф. А Г. Герасимова.— М.: Высшая школа, 1986.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандық қазіргі заман Болашақ академиясының колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Техникалық механика негіздері
Тақырыбы: Бұралу

Орындаған: Әмірхан А.
Тобы: ЭРМТ-12
Тексерген: Бектілеуова С.К.

Ақтау - 2014 ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Бұралу моменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қимасы дөңгелек тік білеудің бұралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ. ЕСЕПТІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Бұралған біліктегі деформациямен орын ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Бұралудағы потенциалдық энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Бұралудағы статикалық анықталмаған жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .24

КІРІСПЕ
Біліктің көлденең қимасында бұралу моменті пайда болатын деформацияның түрін бұралу деп атаймыз.
Біліктің бұралуы әсер ету жазықтығына немесе бойлық оське перпендикуляр сыртқы бұрайтын бұрау моментінің әсерінен болады. Біліктің көлденең қималарында пайда болатын бұрау моменттері қима әдісімен анықталады.
Біліктің барлық ұзындығы бойынша бұралу моментінің өзгеру графигібұралу моментінің эпюрасыдеп аталады.
Осы жағдайда бұралу моментінің эпюрасы ешқандай мәнді білдірмейді, бірақ анықтық үшін оның таңбасын келесі келісілген ережеге байланысты анықтаймыз:
Егер бөлінген бөлікке қима жақтан қарағанда сыртқы момент бөлінген бөлікті сағат тіліне қарсы айналдырса, онда бұралу моментінің мәні оң шама болып саналады және керісінше, егер сыртқы момент бөлінген бөлікті сағат тілімен бағыттас айналдырса (қима жақтан қарағанда), онда бұралу моменті теріс болып табылады.

І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Бұралу моменті
Сыртқы күштердің әсерінен, білеудің көлденең қималарында тек бұралу моменті Мб пайда болатын деформацияның түрі - бұралу деп аталады. бұралу деформациясы біліктерде, орамалы сертпелерде т.с.с. құрылымдардың элементтерінде кездеседі. Түзу білеулерді, оның өсіне перпендикуляр жазықтағы бұраушы моменттермен (қос күштер) жүктегенде, бұралу деформациясына ұшырайды. Ол моменттерді М арқылы белгілейді.
Тік білеу тыныштық күйде немесе бірқалыпты айналғанда, оған әсер ететін бұраушы моменттердің қосындысы нөлге тең.
Білеулерге әсер етуші бұраушы моменттер пайдаланылатын қуатпен айналу жылдамдығы арқылы аныталады. Білеу минутына п айналым жасаса, онда оның бір секундтағы радианмен өлшенетін бұрылу бұрышы (п60)∙2PI немесе PIп30. Сонымен білеудің беретін N қуаты, бұраушы моментпен білеудің бұрылу бұрышының көбейтіндісіне тең.

Мұндағы қуат N кгмсек пен өлшенеді.
Егер қуат ат күші арқылы берілсе

ал киловатпен берілсе 1 ат.к=0,736 кВт екенін ескеріп

Білеудің көлденең қимасында пайда болатын бұралу моменттері сыртқы бұраушы моменттерге байланыс қию әдісімен анықталады.
Білеу екі бұраушы моментпен жүктелсе (1.1.а,б-сурет), кез келген көлденең қимадағы бұралу моменті,сыртқы моментке тең (екі сыртқы момент аралығында).
Білеуге бірнеше сыртқы бұраушы моменттер әсер етсе, әрбір аралықтағы бұралу моменттерінің мәні әртүрлі.
Қию әдісінің негізінде, кез келген көлденең қимадағы бұралу моменті, қиманыңи бір жағында жатқан барлық бұраушы моменттердің алгебралық қосындысына тең. Білеулерді беріктікке, қатаңдыққа есептегенде, бұралу моменті таңбасының ешқандай мәні жоқ, бірақ олардың эпюраларын тұрғызу ыңғайлы болу үшін, келесі таңба ережелерін енгізеді. Білеудің қиылған ұшынан, оның өсі бойымен қарғанда бұралу моментінің бағыты сағат тілімен сәйкес келсе, ол оң таңбалы болып есептеледі (1.2-сурет).
1.2.а-суреттегі білеудің көлденең қимасындағы бұралу моменті оң таңбалы, 1.2.б-суреттегі төрте. 1.3-суреттегі білеуге сырттан төрт бұраушы моменттер әсер етеді. 1-1 қимадағы бұралу моменттері М1 М2 моменттерінің айырмасына тең. Оның таңбасы сыртқы моменттердің мәндеріне байланысты анықталады. 3-3 қимадағы бұралу моментін қиманың оң жақ бөлігінен анықтаған жөн, себебі тек М4 әсер етеді.

1.1-сурет

1.2-сурет

Егер білеудің бір ұшы қатаң бекітілсе, тіректегі реактивті моментті анықтамай-ақ, бос ұшынан бастап, қию әдісін пайдаланып, бұралу моменттерін анықтауға болады.

1.3-сурет
Білеудің ұзына бойындағы бұралу моменттерінің өзгеруін, оның эпюрасы түрінде көрсеткен ыңғайлы. Айтылған эпюраны тұрғызу үшін 1.3.а-суретте көрсетілген білеуді қарастырамыз. Қию әдісін пайдалансақ

Бұралу моменттерінің табылған мәндері бойынша тұрғызылған эпюра 1.3.б-суретте көрсетілген.

1.2. Қимасы дөңгелек тік білеудің бұралуы
Жоғарыда айтылған бұралу моменттері ішкі күштердің тең әсерін білдіреді.
Бұралған сырықтың көлденең қимасында үздіксіз жанама кернеулер әсер етеді.
Осы кернеулерді анықтау үшін, бір ұшы қатаң бекітілген білеудің бетіне тік бұрышты тор салынады (1.4.а-сурет).
Сырық деформацяланған соң (1.4.б-сурет):

1.4-сурет

1. Тік төртбұрышты торлар параллелограмдарға айналады, яғни білеудің көлденең қималарында жанама кернеулердің әсерін көрсетеді. Жанама кернеулердің жұптылық заңынан, бойлық қималарда да жанама кернеулер пайда болады.
2. Шеңберлер арақашықтықтары (І,ІІ шеңберлер), сырықтың ұзындығы мен диаметрі өзгермейді. Сондықтан, әрбір көлденең қима өз жазықтығында белгілі бір бұрышқа бұрылады (жазық қималар туралы гипотеза). Барлық көлденең қималардың радиустары түзу күйін сақтайды.
Осы гипотезаның негізінде, бұрылған сырықтың көлденең қималарында тек жанама кернеулер пайда болады. Дененің кернеулі күйі таза ығысу.
Жанама кернеулердің таралу заңдылығын білу үшін І,ІІ қималардың арасындағы KLMN элементтерінің ығысу бұрышы NN кесіндісінің элементтің dx ұзындығына бөлгенге тең (1.4-сурет).
(1.1)
(1.2)
Білеудің қарастырылып отырған бөлігінен радиусы ρ цилиндрді ойша бөліп алсақ, сырық өсінен ρ қашықтықта жатқан элементтің ығысу бұрышы
Ығысу деформациясындағы Гук заңы
(1.3)
(1.3), (1.4) өрнектерінен ығысу деформацясы мен жанама кернеу ауырлық орталықтан қашықтыққа тура пропорционал. Жанама кернеудің эпюрасы 1.5-суретте көрсетілген.

1.5-сурет

1.6-сурет

1.7-сурет

Дөңгелек қиманың ауырлық орталығында жанама кернеу нөлге тең, ал білеудің бетіндегі нүктелерден ең үлкен мәнге ие болады.
Білеудің көлденең қимасында бір диаметрдің бойында орталықан бірдей қашықтықта орналасқан екі қарапайым ауданшаларды қарастырайық (1.6-сурет).
Әрбір ауданшаға әсер ететін күш τdA, көлденең қима жазықтығында орналасып, диаметрге перпендикуляр бағытталады. Мұндай күштер қос күштерді құрайды, олардың саны шексіз көп, ал бұралу моменті олардың қорытқы күші болып саналады.
Қарапайым τdA күшінің орталыққа қатысты моменті, осы күш пен ауданшадан орталыққа дейінгі арақашықтықтың көбейтіндісіне тең dMб= τdA∙ρ.

Қимадағы толыө момент келесі интерграл арқылы анықталады.
(1.4)

Кернеудің орнына (1.4) өрнегін қойып

(1.5)

(1.6)
(1.5) формуладағы dφdx ескерсек

Кернеудің ең үлкен мәні ρ=r тең болғанда

(1.7)
Мұндағы полярлық қарсыласу моменті немесе бұралудағы қарсыласу моменті деп аталады
Дөңгелек қима үшін
(1.8)
Сақиналы қиманың полярлық қарсыласу моменті

(1.9)

Бұралған біліктің беріктік шарты келесі түрде жазылады.
(1.10)

Беріктікке тексерумен қатар, бұл формула арқылы біліктің диаметрін және мүмкіндік бұралу моментін анықтауға болады.

(1.12)Қя()
(1.11)

Жанама кернеу бойлық қимада да әсер ететіні белігілі, сондықтан білеудің көлбеу қималарында тік және жанама кернеулер пайда болады.
Бізге қажеттісі (1.11) формуласынан анықталатын басты кернеулер, σх=σу=0 деп қабылдасақ σ1=σmax=τ, σ3=σmin=-τ, ал (1.12) басты ауданшалардың көлбеу бұрышы α′=45°, α′′=135°.

1.8-сурет
Тәжірибелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұраушы моментті машина қуаты бойынша анықтау
Біліктерді есептеу
Сырықтардың деформациясын математикалық тұрғыда ұтымды басқару моделі
«Химиялық талшықтардың технологиясы» пәнінен студенттердің практикалық сабақтары
Айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар: ауа және сегнеторэлектрикті керамикадан жасалған конденсаторлар
Машина механизмінің жетегіндегі біліктердің айналу қатаңдығын анықтау
Бұрғылау қондырғысының жабдығы
Автомобиль және экология
Президенттің айтуынша, демократияның басты жауы - надандық пен популизм
Инженерлік механика пәні бойынша Құрылыс мамандығының білім алушыларына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ
Пәндер