Публицистикалық қағаздарды аудару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУ ... ... ... ... ...4
1.1 ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТІЛ КӨРІНІСІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ... ... ... ... .4
1.2. ГАЗЕТ. ЖУРНАЛ СТИЛІНІҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМДЫҚ СИПАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ БӨЛІМ. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ...15
2.1. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН БАҒА БЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. АҒЫЛШЫН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ МӘНЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. АҒЫЛШЫН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДА "СИНКРЕТИЗМ" ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі публицистикалық қағаздарды аудару. Зерттеу жұмысы публицистикалық стиль болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – публицистикалық қағаздарды аудару.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) газет-журнал стилін талдау;
3) публицистикалық тіл ерекшеліктерін қарастыру;
4) ағылшын публицистикасының мәнеріне талдау жасау;
5) таңдалған мысалдардың мағыналарының айырмашылықтарын талдау.
Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
«Публицистикалық қағаздарды аудару» атты бірінші бөлімде, «Публицистикалық тіл ерекшеліктері» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әлісжанов С. Қ. Ағылшын терминологиясы: теория және тәжірибе. Астана, 2005.
2. Қайдар Ә.Терминнің үш тұғыры//Ағылшын терминографиясының өзекті мәселелері (республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары). Астана, 2004.
3. Құрманбайұлы Ш. Терминологияны стандарттау мен реттеу туралы // Терминологиялық хабаршы №4(14), 2005.
4. Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. –204с.
5. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие.–Минск.: Тетра Системе, 2004. –225 с.
6. Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002
7. Попович А. Проблемы художественного перевода. – БГК им. И.А.Бодуэна де Куртенэ, 2000. – 280 с.
8. Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма психологиясы және мәдениеті. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2005 ж.
9. Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма әлемі Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2007 ж.
10. Ілеспе аударма [Мәтін]. Алматы: «Ғылым» баспасы, 2007 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУ ... ... ... ... ...4
1.1 ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТІЛ КӨРІНІСІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ... ... ... ... .4
1.2. ГАЗЕТ- ЖУРНАЛ СТИЛІНІҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМДЫҚ
СИПАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .7
1.3. ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
ІІ БӨЛІМ. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ..15
2.1. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН БАҒА
БЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. АҒЫЛШЫН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ МӘНЕРІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .21
2.3. АҒЫЛШЫН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДА "СИНКРЕТИЗМ" ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін,
немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі публицистикалық қағаздарды
аудару. Зерттеу жұмысы публицистикалық стиль болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – публицистикалық қағаздарды аудару.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі
нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) газет-журнал стилін талдау;
3) публицистикалық тіл ерекшеліктерін қарастыру;
4) ағылшын публицистикасының мәнеріне талдау жасау;
5) таңдалған мысалдардың мағыналарының айырмашылықтарын талдау.
Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты
зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу
жұмыстарының нәтижесі табылады.
Публицистикалық қағаздарды аудару атты бірінші бөлімде,
Публицистикалық тіл ерекшеліктері атты екінші бөлімде, қорытындыда
зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.

I БӨЛІМ. ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУ
1.1 ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ТІЛ КӨРІНІСІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ

Шетел тілін меңгеру қиын және ұзақ уақыт пен шыдамдылықты талап ететін
үрдіс. Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процессі және оның мақсаттары мен
міндеттері қоғамның әлеуметтiк сұранысына сай өзгердi. Оқытудың практикалық
мақсаты төмендегідей өзгерді: шетел тiлiн оқыту – шетел тілі қатысымын
оқыту – шетел тілдік әрекетін оқыту - шетел тiлдегi қарым-қатынасқа оқыту.
Алайда, қазіргі таңдағы негізгі қарама-қайшылық  - шетел тілін қатынас
құралы ретінде меңгеруді айқындайтын практикалық  (қатысымдық) оқыту
мақсаттары практикада іске аспайды. Өйткені жұмыста қолданатын формальды-
тілдік тәсіл оқытудың катысымға дейінгі нәтижеге қол жеткізуге бағытталған
(оқушыларға тілдік компетенцияны оқыту, үлгілерді түсіну және аналогия
бойынша сөйлем құрастыру іскерлігі). Бірақ оқушылар шетел тілі арқылы
шынайы міндеттерді орындай алмайды.
Қазіргі кезде ағылшын тілін білу норма (компьютерлік, экономикалық
және саяси терминология ағылшын тілі негізінде) және ағылшын тілі туралы
халықаралық қатынас тілі деп айтуға болады. Мемлекеттік білім беру
стандартының (1) авторлары Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында шетел тілін
оқытудың мақсатын кеңейтіп, қатысымдық құзырлықты (компетенция) құру деп
қарастырады. Құнанбаева С.С. еңбегінде (2) қатысымдық құзырлық өз бойына
мына компоненттерді қосады деп баяндайды:
o Сөйлеудегі, тыңдаудағы, оқудағы және жазудағы қатысымдық іскерліктер,
o Тілдік білімдер және дағдылар,
o Әлеуметтену мен мәдени-әлеуметтенуді қамтамасыз ететін лингвоелтану және
елтану білім, біліктері.
Тілдік қатысымның диалогтық формасы на оқыту әдістемедегі ең қиын,
әрі шыдамдылықты талап етеді деп ба яндайды Е.Н. Соловова өз еңбегінде.
Себебі диалогтың негізгі сипаттамаларына реактивтілік және
жағдаяттылық кіреді. Демек, тілдік қатысымның диалогтық формасын
құрастыратын оқушылар бір-бірінің келесі мезетте не айтатынын білмейді және
кейбір кездерде сасқалақтап, шатасып, кейде тіпті не айтқанын ұмытып
қалады. Сондықтан, бұл жерде оқушыларға бағыт көрсету керек, яғни аутенттік
публицистикалық мәтіндерді қолдана отырып, білім игерушілерді алға қарай
итермелеп, реакциясының дұрыс болуын қадағалауға болады. Б.Г. Бобылевтің
айтуы бойынша диалогтық бірлік әр түрлі репликалардың байланысы арқылы
қамтамасыз етіледі. Яғни, түрлі тілдік этикет формалары арқылы, сұрақ-
жауап, толықтыру, баяндау, келісу-келіспеу және т.б. тәсілдерді қолдану.
Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға
ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Сөздің айтылуын, жазылуын,
жұмсалуын, тілдің грамматикалық құрылысын мүмкін болғанша бір қалыпқа
түсірудің, тұрақты етудің мәні зор. Сонда тілде дәлділік, айқындылық күшті
болады, тілдің икемділік қасиеті артады.
Ағылшын тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік
белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл
ғылымы мен ағылшын тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің
нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес,
тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты
себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары,
түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы,
ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты, т.б.
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі
кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен
компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің
әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Ағылшын тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1)
ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық
стиль; 5) көркем әдебиет стилі.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық
мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі,
сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу
талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай
түйіндейді:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті
сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль - тарихи категория;
3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты
тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық,
грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген
анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі
қасиетін танудан туған деп айтуға болады.
Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи
категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп
отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды
стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан
кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді.
Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, ағылшын әдеби тілінің
даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі
нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі
ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік
белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден,
стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы
қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми
стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз
мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға
да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза
стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті
екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық
қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Екіншіден, ол
қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының
түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген
көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып
халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары
арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай
тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір
тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік
нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль
шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір
функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-
тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми
стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны
белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән
лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану
мүмкіндігін көрсетеді.

1.2. ГАЗЕТ ЖУРНАЛ СТИЛЬІНІҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ
ҚАТЫСЫМДЫҚ СИПАТТАРЫ

Газет және журнал стилі жайында  айтып кететін болсақ, олар ақпарат 
беру және ықпал ету құралы.И.В. Арн ольдтың ойынша олар өзін оқытатын
және ұстап қалатын көпшілік және бі ртекті емес аудиторияға арналған.
Газетті адамдар  әдетте зейін салуға қиын шарттарда оқиды, мәселен,
метрода, поезда, жұмыстан кейінгі демалыс уақытында, көлікте газет немесе
журнал оқып отырған көпшіліктерді байқауға болады. Осыдан газеттік
ақпаратты тез, қысқаша түрде беру және ең маңыздысын айтып кету, оқырманға
белгілі бір эмоционалдық ықпал ету туындайды. Жазылған ақпарат оқырманнан
дайындықты (пролог) талап етпей, газеттегі мақалалар тақырыбы әр түрлі,
бірақ өзекті болып табылады.
Қазіргі күнгі газет және журнал мақалаларының ішінде тек саяси және
экономикалық жаңалықтар мен комментарийлерді ғана емес, сонымен қатар
жарнамалар мен аннонстарды, хикаялар және өлең шумақтарын кездестіруге
болады (5). Осы атап кеткендердің барлығы өзекті және заманауи, яғни
оқушыларға танымал  ақпаратты қамтиды. Мәселен, нашақорлық немесе
алкоголизм мәселесі, мемлекеттік қызметкерлердің  жемқорлығы, глобальды
жылу проблемасы, келе жатқан 7-ші Азияда ойындары, Мемелекетіміздің түрлі
жаңаша заңдары, т.с.с. жаңалықтар ЖОО-ның студенттері үшін өте маңызды да
көкейкесті мәселелер болып табылады және олардың негізінде оқушылар диалог
құруға жағдаят таңдап алуға зор мүмкіндіктер бар. Журналдар жайында айтып
кететін болсақ, олардың ішінде сән, мода, косметика, Қазақстандық және
шетел әртістер, киім-кешек ортасындағы мақалаларымен қатар түрлі хикаялар,
психологиялық және тұлғалық тестілер, викториналар мен жарыстар мақалалары
кең орын алған. Олар тек қыз балаларды ғана еліктірмей, сонымен қатар  ер
балаларды да қызықтырады. Осы атап кеткендердің ішінен студенттер құшырлана
жағдаяттарды тауып, диалог құра алады.
Газет және журналдардың тілі өте қарапайым болғанымен, олардың ішінде
көптеген саясаттық және экономикалық арнайы терминдер, клишелер,
неологизмдер, аббревиатуралар кездеседі (5). Оқушылар осындай сөздерді
сабақ барысында диалогта қолданып, кейін сабақтан тыс қатысымдарда да
қолданады, демек, газет мақалаларының жаңа ақпараттық және мәдениаралық
қатысымдық сипаттары бар. Мәселен, ағылшын тіліндегі газет-журналдарды
оқитын студент сол елдің мәдени-әлеуметтік және қоғамдық ерекшеліктерімен
танысады, жаңаша материал меңгеріп, диалог құру барысында білім, білік,
дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады.
Мәселен, New York Times газетінің соңғы нөміріндегі мақалада Нью-
Йорк қаласындағы өмірде болмаған ауа райы туралы жазылған: ызғарлы қыс, аяз
және тоқтамай жауған қар көлемі нормадан артық болды (7). Осы мәтін
негізінде екі студент арасында диалог құрылса, онда көптеген мәселелерге
тоқталып кетуге болады. Мысалы, әдетте бұл уақытта ауа райы қандай болады
және ол неліктен өзгерді, оған не себеп болды, Қазақстандағы қалалардың ауа
райымен салыстырғанда өзгешелігі қандай, қалың қар кезінде далада қалса
адам не істеу керек, т.с.с. сұрақтар қойып, жағдаятты іске асыруға болады.
Сонымен қатар, АҚШ-тың әйгілі журналы Forbes қарашаның соңғы нөмірінде
дүниежүзі бойынша атақты миллиардер кәсіпкерлерді (бизнесмендерді) атап
кетті. Мақалада әр миллиардердің қаржылық жағдайы қандай екенін, оның
қандай кәсіпорындарды ашқандығын және оның дүниежүзі бойынша қандай орнын
алатыны айтылды (8). Қазіргі жас өспірімдер үшін бұл өте қызықты да өзекті
ақпарат. Осы орайда келесі сұрақтар тууы мүмкін: неліктен кәсіптің бұл түрі
қазіргі кезде кең орын алады? Бұл миллиардерлер осындай дәрежеге қалай
көтерілді? Егер менің қаражатым осыншалықты едәуір болса, мен не істер едім
және т.б. Демек осы және басқа да туындайтын сұрақтарға жауап беру үшін
студенттер жағдаятты диалог құрып, пікір алмасады. Осылайша, олар тек АҚШ-
тың қоғамдық-саяси өмірімен танысып қана қоймай, өз еліндегі қоғамдық-саяси
жағдайымен салыстырады. Осы атап кеткен газет-журнал мақалалары аутенттік
материал болып табылады, ал олардың шетел тілін оқыту барысындағы
маңыздылығы бәрімізге мәлім.
Мақаланы жазу барысында келесі 2 қорытындыға келдік:
1. Газет-журнал  мақалаларының мәтіндері негізіндегі диалогтқ
жағдаяттар жасөспірімдердің қызығушылығын тудырып, қосымша мотивация
тудырады. Яғни, бұл мәтіндерді шетел тілін оқытуда нәтижелі болып табылады.
2. Аутенттік  материалдар мәдениаралық және  әлеуметтік-
мәдени қатысымдық құзіреттіліктерді дамытып, мәдениаралық қатысымдық
субъектісін қалыптастырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шетел тілін оқытуды дамыту
тұжырымдамасымен қорытқым келеді: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және
тұлғалық қызығушылықтарына жауап беретін аутенттік материалдарды оқу
процессіне қосу - олардың оқып отырған тіл елінде кәсіби-бағдарлық және
қайта даярлық элементтерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктерімен
және келешек мамандықты игерудегі шетел тілі рөлімен танысу, ғылыми-
техникалық және мәдени прогресске қатынасу, таңдаған кәсіби бағдар
ортасындағы жалпы білімді кеңейту болып табылады
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де ағылшын
әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Қазіргі кезеңде
публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Ағылшын тіл
ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі
түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп
отырады.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы
тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес
тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның
жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, ағылшын әдеби тілін дамытудағы
рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.
Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік
себептері жоқ емес: біріншіден, ағылшын тілінде орфоэпиялық нормаларды
сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, екіншіден, ұлттың ойлау
желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, үшіншіден, сөздерді бір-
бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан
кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде
адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-
құрылымдық ағылшын тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын
баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де
тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі
үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық
стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады.
Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы
қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты
публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер
публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет,
журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік
сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.
The Times газетінен алынған төмендегі үзіндіні алайық:
М. P. RENOUNCES WHIP
Colonel Cyril Banks, Conservative member for Pudsey, Yorkshire,
informed his constituents of his decision to renounce the Government Whip
and to become an Independent. It was known that Colonel Banks had been very
critical of the Government's policy regarding Egypt from the beginning of
the Suez Canal crisis. He has made several visits to Egypt in the past two
years and last December made an unofficial attempt to start talks between
Egypt and Israel. Colonel Banks has taken a special interest in the problem
of the Arab refugees.
The Middle East situation was further reviewed by the Cabinet at a
meeting yesterday morning. This meeting lasted an hour and a half. The
Prime Minister spent much of the day in consultation with Mr. Selwin Lloyd,
the Foreign Secretary.
The Foreign Secretary was present at a crowded meeting of the
Conservative 1922 Committee at the House of Commons last night.
Conservative back benchers stood to cheer him when he arrived. He spoke to
the meeting on the situation in the Middle East for about 15 minutes, and
afterwards answered a number of questions. He was again loudly cheered when
he left.
(The Times, November 9, 1956, p. 10.)
Осы мәтіннің тілдік формасының талдауы тілдік құралдарды пайдаланудың
жеке манерасын анықтайтын қандай да бір сипат аңғарылмайды. Мұндай
заметканы кез келген корреспондент жаза алады. Сонымен бірге, кей кездері
осындай заметкалардың соңында жазылатын автордың фамилиясы да тек қана осы
мәліметтерді беретін адамның жаупкершілігін ғана көрсетеді. Осындай
мәтіндердегі жеке сипаттама секілді айрықша белгілер коммунистік прессада
да кездеспейді, бірақ олар буржуаздық прессадан сөздіктің
қарапайымдылығымен және синтаксистік құрылымымен ерекшеленеді. Daily Worker
газетінен мәтінді қарастырайық.
12 NEW CASES OF POLIO REPORTED
Twelve new cases of polio were reported here yesterday, bringing to
336 the number of cases in July.
The Department of Health said that there probably had been other new
cases in the past 24 hours that had not been reported. One more death was
reported to-day, bringing the total number to 22 for the year. The Health
Department said 353 cases of infantile paralysis have been recorded during
the first seven months of 1949 in contrast to 70 cases during the same
period last year.
Health commissioner Dr. Harry S. Mustard warned that the polio
outbreak would reach epidemic proportions in August and September and said
the present outbreak was the worst here since the epidemic of August, 1944.
{Daily Worker, N-Y, August 1, 1949.)
Мұнда газеттік статья публицистикалық стилімен жағдай басқаша.
Қоғамдық көзқарасқа әсер ететін мәтінді мазмұндаудағы фактілерді жариялауы
тілдің экспрессивті элементтерін пайдаланусыз мүмкін емес. Мұның бәрі
тілдік құралдарды өзіндік жеке пайдаланумен анықталады.

1.3. ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте,
бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің
бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең
таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз
мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты
публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси
терминдер мен сөздердің (demonstration - митинг, strike - ереуіл, democracy
- демократия, parliament - парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің
(leader - көшбасшы, workaholic - еңбеккер, mastermind - дем беруші),
экспрессивтік бояуы бар сөздердің (hand in hand - қоян-қолтық, firm steps -
нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың; морфологияда қос сөздердің
(publiс-social - қоғамдық-әлеуметтік, political mass - бұқаралық-саяси,
campaigning - үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (let's do -
орындайық, will achieve success - табысқа жетеміз), синтаксисте –
сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің,
риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан
қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа
стильдерден өзгешеліктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Құжат шаруашалық операцияларын жүзеге асыруға арналған қаржылық есеп беру туралы заңның уақытылы жасау
Стилистика ғылымы
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Актер шеберлігі мен мақсаты
Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
Инвестицияның ұғымы және жіктелуі
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Пәндер