Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер



Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалықтәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ауызша аударма және жазбаша аударманың түсінігі мен түрлері ... ... ... 5
1.2. Грамматикалық материалды түсіндіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ІІ. Ауызша және жазбаша аудармада лексикалықтәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1. Ауызша және жазбаша аудармада лексикалық материалмен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2.Лексикалық аударулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе

Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәжірибе халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі
1. Артықбаева А. Қ. «Методика обучения монологической устной речи в языковом вузе» . Канд. Дисс. – М: 1982, -240.
2. Артемова А.Ф., Леонович О.А. «Английские имена собственные и поплнение словарного состава»ИЯШ, 2005, №1, 101-102 стр.
3. Andrian Wallwork “Business options” Oxford, 2000
4. Алдашева А., Әнесов Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» Алматы, «Санат»1990, 136-бет.
5. Әбдіғалиев С.А. «Неміс тілін аударудың негіздері». Алматы, «Қазақ университеті».1992, 58-59 беттер
6. Байынқол Қ. «Сөздіктер». ҚХҚ және ӘТУ, Хабаршысы, №2, (6), 2003, 39-40 беттер.
7. Бухбиндер В.А., Штраус В.Н. «Основы методики преподавания иностранных языков». Киев, «Высшая школа»1986.
8. Бенюх О.П., Чернов Г.В. «Русско - английский словарь». Москва, 1964.
9. Белбаева М. «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы». Алматы, «Білім»1976, 10-11 беттер.
10. Гез Н.И. «Теория обучения иностранным языкам». Лингводидактика и методика. М., «Высшая школа»; 1982, 42-46 стр.
11. Гальскова Н.Д. «Проблема целей и содержания обучения иностранным языкам». ИЯШ, 2004, №1 стр 3-4
12. Гальскова Н.Д. «Современная методика обучения иностранным. языкам». Москва, «Академия» 2000, стр. 79-85
13. Григорев В.Б. Христорожденственный // ВШ, 1986, №5, с 86.
14. Дуанина Б.И. «Аударма мәселесінің қазіргі технологиялық жақтары». Москва, «Высшая школа»1979, 34-36 стр
15. Джин Л.К. «Характеристика словаря-миниммума банковской терминологии». Вестник, 2001, №3, стр. 124-129

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалықтәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Ауызша аударма және жазбаша аударманың түсінігі мен түрлері ... ... ... 5
1.2. Грамматикалық материалды түсіндіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ІІ. Ауызша және жазбаша аудармада лексикалықтәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Ауызша және жазбаша аудармада лексикалық материалмен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2.Лексикалық аударулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. Лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын "қос тілді" адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәжірибе халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді "аударма ғасыры" деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі - білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі - қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.

1. Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық тәсілдерді қолданудың маңызы
1.1. Ауызша аударма және жазбаша аударманың түсінігі мен түрлері

Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма дегеніміз - аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.
Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл - күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.
Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз - ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.
Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.
Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу.
Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша тоқсаныншы деп аударуына болады.
Ауызша аударманың басты бөлігі - аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4) оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер.
Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады.
Ілеспеаударма - халықаралық конференцияда аудиториядан оқшаулаған кабинада отырып, сөз сөйленетін тілде бір рет қана айтылатын ауызша хабарламаны сөз сөйлеушімен бір мезгілде екінші тілге аударуды жүзеге асыратын ауызша аударманың түрі. Синхрон сөзі гректің syn (бірге) + chronos (уақыт) деген сөздерінің біріктірілуінен алынған, екі немесе бірнеше процесті олар өтіп жатқан кезде бір-біріне дәл сәйкестікте орындау дегенді білдіреді. Зерттеушілердің ілеспе аударма процесінің ең мәнді бөлігі аудармашының миында жүзеге асырылатындықтан оны тікелей байқау мүмкін емес деп атап көрсетуі бұл саланы зерттеудің күрделілігін білдіреді. Ілеспе аударманы коммуникативтік-қоғамдық саладағы сөйлеу қызметінің дербес бір түрі ретінде қарауға болады.
Ілеспе аударма - бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды. Мысалы, сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда Советтік Союзбен достығымызды біз мақтан тұтамыз Аудармашы аударуды бастау үшін оратордан бастауыш пен баяндауышты күтеді.
Ілеспе аударма ауызша аударманың ішіндегі ең жауаптысы және оның бағыты қарапайым емес. Аударманың бұл түрі аудармашының арнайы және сирек кездесетін дағдылары мен білімін, сонымен қатар үлкен тәжірибесін талап етеді. Зерттеушілер (Л.Виссон, А.Ф.Ширяев, А.Д.Швейцер) ілеспе аударманы сипаттағанда оның басты ерекшелігі ретінде сөз сөйлеу мен аударма тілінде сөз тудырудың параллельді түрде жүзеге асырылуын атап көрсетеді. Бұл - дұрыс пікір. Бірақ, біздің ойымызша ілеспе аударма бұдан әлдеқайда күрделірек процесс. Ол аудармашының сөз сөйленетін тіл мен аударма жасалатын тілдегі жеткілікті тілдік құзыретіне сүйенетін аудармасын ғана емес, аударма жасау барысында қолданылатын амал-тәсілдерді, аудармашының жиын барысында туындауы мүмкін экстремалдық жағдайларға психологиялық тұрғыдан әзірлігін, ілеспе аудармашының бойында болуы керек қабілеттер мен қасиеттер жиынтығын қамтиды.
Жазбаша аудармадеп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).
Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:
1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына
2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға
3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны
ең алдымен толық оқып шығу керек.
4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны
бүкіл контекстпен салыстыру.
5. Сөздің бір-бірімен байланысуына
Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді.
Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат).
Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.
Бір тілден екінші тілге аударылатын жазбаша мәтіндер алуан түрлі болса да, оларды аудару бір жүйені, яғни мынадай бірізділікті сақтауды талап етеді: - алдыменаудармашы түпнұсқа мәтінмен танысады; - одан соң мәтіннің типін, жанрлық және стилистикалық сипатын, тақырыбы мен білім саласын анықтап алғаннан кейін ғана аудармаға кіріседі. Қажетінше аудармашы фондық білім беретін қосымша ақпараттарды - сөздіктерді, анықтамалықтарды қолданады, мамандармен кеңеседі. Аударманы аяқтағаннан кейін аудармашы өз мәтінін тексеріп, түзетіп, ресімдеп, тапсырушыға береді. Егер мәтінді жариялау керек болса, аудармашыдан кейін мәтінді редактор мен корректор тексереді.
Жазбаша аударманың ауызша аудармадан айырмашылығы сол - мұнда уақыт жеткілікті болады, сондықтан түпнұсқа мен аударманың баламалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Алайда бұл әрдайым уақыт жеткілікті бола береді деген сөз емес. Қазіргі уақытта аудармалардың көбі жедел түрде орындалады. Жазбаша аудармашылар кейде белгілі бір типтегі мәтіндерге мамандандырылады. Алдымен бұл құқықтық мәртебесі бар мәтіндерге қатысты. Сондықтан нотариалдық және сот аудармашыларының өздерінің өкілеттілігін растайтын ерекше сертификаттары мен мөрі болады. Фирмалар мен кәсіпорындардағы штаттық аудармашылар сол фирманың айналысатын техника және өндіріс салаларында мамандандырылады.
Жазбаша аударманың реттік құрылымы күрделі, әр сөздің қолданылуы қатаң тіл заңдылығына сай жазба, әдеби тіл нормасының негіздеріне сүйенеді. Жазбаша аударма тілдің баюына, өсуіне, қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем әдебиет аудармасы - шығармашылық жұмыс. Бұл әдеби тілдің өсуіне көмектеседі. Оның үстіне аударма барысында аудармашы көп нәрсе үйренеді.
Жазбаша аударманың кезеңдері. Бір тілден екінші тілге аударылатын жазбаша мәтіндер алуан түрлі болса да, оларды аудару бір жүйені, яғни мынадай бірізділікті сақтауды талап етеді: - алдымен аудармашы түпнұсқа мәтінмен танысады; - одан соң мәтіннің типін, жанрлық және стилистикалық сипатын, тақырыбы мен білім саласын анықтап алғаннан кейін ғана аудармаға кіріседі. Қажетінше аудармашы фондық білім беретін қосымша ақпараттарды - сөздіктерді, анықтамалықтарды қолданады, мамандармен кеңеседі. Аударманы аяқтағаннан кейін аудармашы өз мәтінін тексеріп, түзетіп, ресімдеп, тапсырушыға береді. Егер мәтінді жариялау керек болса, аудармашыдан кейін мәтінді редактор мен корректор тексереді.
Жазбаша аударманың реттік құрылымы күрделі, әр сөздің қолданылуы қатаң тіл заңдылығына сай жазба, әдеби тіл нормасының негіздеріне сүйенеді. Жазбаша аударма тілдің баюына, өсуіне, қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем әдебиет аудармасы - шығармашылық жұмыс. Бұл әдеби тілдің өсуіне көмектеседі.
Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі, лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.
Ауызша аударманың арнайы теориясының шегінде аудармашы сөзінің басқа да ерекшеліктері атап өтіледі. Мұнда аудармашының жалтақтауы себепті жіберілетін үзілістерімен байланысты ақырын артикуляциясы, қате варианттарды таңдауы себепті туындайтын артта қалушылық интервалының еселеп өсуіне әкелетін тұрақсыздығы, сонымен қатар, дыбыстың таза шығуына қатысты жіберілетін үзілістің жалпы ұзақтығы жатады.
Аудармашының мәтіні ырғақсыздау, синхронды аудармашы түсінікті мәтінді тезірек айтуға тырысып, көбіне жоғары екпінмен сөйлейді, ал кезекті аудармада сөйлеу екпіні едәуір төмендейді, себебі аудармашы түпнұсқа мәтіннің мазмұнын есіне түсіре отырып, өзінің жазбасын тексереді. Ауызша аударманың теориясында ілеспе және кезекті аударманың қысаң шарттарын орындау кезінде ерекше жігерді талап ететін аудармашы сөзінің нормативтік талаптарына ерекше назар аударылады: анық артикуляцияның қамтамасыз етілуі, ырғақтың бірқалыптылығы, екпіннің дұрыс қойылуы, тыңдаушыларға оның толықтай қабылдауын қамтамасыз ететін сөйлемнің және аударманың басқа да бөліктерінің міндетті мағыналық және құрылымдық аяқталуы.
Ауызша аударма теориясының маңызды бөлімдері аударманың әр түрлі үлгілеріне жетімді болатын баламалық сипатының зерттеулері болып табылады. Көрсетілгендей, жазбаша аудармада орнатылған баламалық деңгейімен салыстырғанда, ауызша аудармада кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін. Бұл ауытқулар алып тастауларға, қосылуларға немесе қате ақпараттың орын ауыстыруларына әкеліп түйістіреді. Ауытқулардың әрбір түрі жеткізілмеген немесе қосылған ақпараттардың маңыздылық дәрежесіне қарай бөлінетін ұсақ категорияларды қамтиды.
Жазбаша аударуға жұмыстану аудармашыға ойлана отырып жұмыс жасауға жағдай туғызады. Жазбаша аудару едәуір көп алмайды және сонымен бірге, есте сақтау процесі жүктемесі аз болады. Жазбаша аударуда сөздік қолдануға және де жұмысты жеңілдететін кез - келген тәсілдерді қолдануға мүмкіндігі бар. Аудармашы аудару процесінде бірнеше рет сөзінің айтылуын жөндеуі мүмкін.
Осындай факторлар жазбаша аудару ғана ең оңай және тиімді деген пікірге алып келеді. Бірақта, бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Сапалы жазбаша аударманы орындауда қиындататын аз емес кедергілерде бар.
Біріншіден, жазбаша аудару жазбаша түрде даярлануы керек. Осы процесте аудармашының аударма мағынасы, стилистикалық және грамматикалық қателері көрініп түрады.
Екіншіден, тәжірибесіз аудармашыларға аудару тапсырмаларының лексикалық - семантикалық компоненттері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде аудармашы аударманы дәлме - дәл аударуға тырысады, бірақ, сөзбе-сөз аударылған аударма сапалы бола бермейді. Жазбаша аударуды орындауда
аудармашының тілдік нормасымен стилистикалық көзқарасы арқылы дұрыс сөйлеу пайда болуға жағдай жасалуы керек.
Сол үшінде, жазбаша аударманың түрімен жұмыстанатын аудармашылар, мәліметті қабылдаумен аударманы даярлау аралығындағы сәтте белгілі бір уақыт үзіліс аудару тілінен аударылуға тиісті тілге сәтті аударуға мүмкіндік береді. Р.К. Миньяр-Белоручев көрсеткендей осындай тапсырманы сәтті орындауға мәтінде құрақтану (сегментация) болуы керек.
Берілген әдіс төмендегідей іс - әрекет сызбасындағы нұсқадай болуы мүмкін:
1. Жазбаша аудару негізінде аударып жұмыс жасау үшін алдымен мәтіннен үзінді оқу керек. Әрбір уақытта мәтіннің толық көлеміне назар аудару мүмкін емес. Мәтіннен аудармашыға аудару тілінде мәлімет қандай мағынада тұрғанына өзінің бар зейінін аудара алатын үзінді алу керек (бұл аудару кезінде сөзбе - сөз аударудан бас тарту керек). Бірақ мәтіннің үзіндісі мәтіндегі жатталмаған мәліметтерді естен шығармау үшін үлкен көлемде болмау керек. Зерттеушілер дәлелденгендей тұрақталмаған мәлімет алғашқы бес сөйлемді қабылдағаннан кейін орнығады. Орыс тілінде сөйлемнің орташа ұзындығы 150-180 жазба белгілерінен тұрады. Яғни, жазбаша аударумен жұмыс жасау үшін оптимальды түрде мәтіннен үзындығы 700-900 жазба белгілерінен түратын үзінді бөлу керек. Мәтіннің қажетті жерін бөліп алғаннан кейін, құрмаласуын табу қажет етеді. Құрмалас не үшін қажет? Ең алдымен, мәтінде мазмұндалған мәліметтердің топтастықтарын анықтайды. Р.К.Миньяр-Белоручев көрсетуі бойынша құрықтанушы келешектегі аударманы орындау барысындағы басты ұстанатын негізді, бөлімді әрбір мәтіннен бөліп көрсетеді. Мәтіннен үйлесімділікті бөліп алу аудару мәліметінің ішіндегі бірізділікке негізделіп, басқарылушы сөздің басқарушы сөзінің ізінен жүретін қағиданы сақтайды. Мәтіндегі құрақтанудың үлгісі: Осы күні қыдыруды ойлаудың қажеті жоқ еді.
2. Мәтіннен үйлесімділігін тауып алғаннан кейін әрбір сөйлемнің үйлесімділігінен басты мәліметті бөліп қарастыру. Сөйлемнің үйлесімділігі бір мағыналы емес екенін назардан тыс калдырмау керек. Кейбір құрақтану бір ғана мәліметтен тұруы мүмкін. Мысалы, құрақтану осы күні, шындық. Басқа құрақтанудан екі түрлі мәлімет бөлуге болады. Мысалы: әсіресе кеш болғанда (кешке деп айырбастап айтуға болады); маған солай көрінді (солай көрінген болар деп айырбастап айтуға болады). Мәтіннің құрақталуымен жұмыс жасаған кезде, бір құрақтану бірнеше мәлімет берседе мәтіннің мағынасына жақын басты ойды бөліп ала білу керек. Қажетті мәліметті бөліп алу үшін, алдымен, әрбір сөйлемнің мазмұны ашылып түсінікті болғаннан кейін анықтау. Екіншіден, ең қажетті мәліметті бөліп алу үшін нақты құрақтануда әрбір сөздің мағынасын білу қажет. Сөзді мәнді мағынасы арқылы, және де белгілі құрмалас сөйлем басқа сөздің мағынасын бір сөзбен жеткізу арқылы бағалауға болады.
Алып тастаулар:
1) кішігірім жеке сөздердің, көбіне теңеулердің алып тастаулары;
2) аудармашы мәтіннің кейбір бөліктерін түсінбеуіне байланысты маңызды және көлемді бірліктерінің алып тастаулары;
3) аударма процесінде мәтіннің құрылымының өзгеруіне байланысты мәтіннің бір бөлігін алып тастау;
4) аударманың оратор сөзінен артта қалушылығына байланысты мәтіннің мағыналы бір бөлігінің алып тастаулары болып бөлінеді.
Қосылулар қосылған мол элементтердің сипаты бойынша топтастырылады: жеке анықтауыштар, қосымша түсініктемелер, айтқан сөздердің арасындағы байланыс, және т.б. Ал, жіберілетін қателіктер маңыздылық дәрежесіне қарай топтастырылады: жеке сөз аудармасының кішігірім қателігі, жеке сөз аудармасының мағыналық қате аудармасы, сөз құрылымының өзгеруімен байланысты кішігірім қателігі, сөз құрылымының айтарлықтай өзгеруімен байланысты мағыналық қате аудармасы.
Ауызша аударманың сапасын бағалау кезінде өзара байланыстың ауызша формасы есепке алынады: байланысушылардың тікелей қатынасында баламалықты төмен деңгейде анықтау олардың өзара түсінісушілігіне кедергі келтірмейді, керісінше ауызша аударма процесіндегі жоғалған ақпаратты белгілі бір дәрежеде толықтырып отырады, ауызша аударманың ерекшелігі-фунционалды-жанрлық мінездемесімен байланыстыаударылатын мәтін көлемі мен күрделілік дәрежесіне белгілі бір шектеулік қояды.

1.2. Грамматикалық материалмен жұмыс

Грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап қорытатын грамматикалық ережелерді іріктеп алу керек. Бұдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, мәтіндер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.
Лингвистика мен әдістеме ғылымдарында әдетте продуктивті сөзде қолданылатын тілдік материал - активтік материал, ал рецептивтік сөздегі тілдік материал - пассивтік материал деп аталады. Бұлардың айырмашылығын лексиканы меңгерудегі ерекшелік арқылы көрсетуге болады. Белгілі бір сөзді қолдвну үшін (активтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атамекен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Аударма – аударматанудың өзегі
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Аударманың конвенциалды нормалары
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Аудармашы - тіларалық делдал
Аударма жасаудың техникасы
Пәндер