Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары



Мазмұны

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1 СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша аймақтық қауіпсіздік жүйесін құрудағы құқықтық шарттар мен негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымын құру туралы шарт және оның құрамы БҰҰ.ның Жарғысының ережелеріне сәйкестіктің құқықтық анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Варшава Шартының Ұйымы және КСРО.ң тіршіліктен қалғаннан кейінгі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының Жаңа Стратегиялық тұжырымдамасының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2 ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЕУРОПАДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының «Бейбітшілік жолындағы «Әріптестік» бағдарламасы және «Жерорта теңізі диалогы» бойынша Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының бітімгершілік әрекеттерін тәжірибеде қолдану: операциялары мен миссиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.3 Ұйымның болашағы және оны кеңейтудің салдары... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

3 СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ . ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ӘРІПТЕСТІК
3.1 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының аймаққа қатысты геосаяси стратегиялық мүдделері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.2 Шығысқа қарай кеңею: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттерімен қарым.қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
3.3 Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті бекіту мәселелері бойынша Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы және Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты қатынастардың шарттық құқықтық формалары ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. 1997ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атындағы ел халқына жолдауында бекітілген негізгі артықшылықтардың бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылады [1, 25 б.]. Қазақстанның әлемдік интеграция нәтижесінде осы ұлттық қауіп-сіздікті қамтамасыз ету, республиканың аймақтық халықаралық қауіпсіз-дік ұйымдары мен жүйелеріне қатысуымен тікелей байланысты [2]. Осындай халықаралық мекемелер арасында маңызды орынды Солтүстік Атлант Шарт Ұйымы (НАТО) (ағылш. North Atlantic Treaty Organisation) алады.
НАТО өзінің өмір сүруінің 60 жылдық мерзімі бойы еуропалық қау-іпсіздігінде маңызды роль атқаруды жалғастыруда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін антикоммунистік блок болып құрылған НАТО және Вар-шава Шарт ұйымы тіршіліктен қалғаннан кейін өзінің мақсатын және міндетін түбегейлі қарастырып, өзгертті. Осылайша, ол тегінде таза әс-кери блоктан тиімді әскери — саяси аймақтық қауіпсіздік ұйымына қай-та құрылды.
НАТО — жиырма сегіз мемлекеттің жалпы құндылықтар мен демо-кратиялық институттарының әскери-саяси нәтижелі одағы болып табы-лады. Ол 1949 ж. 4-сәуірде Солтүстік Атлант Шартына қол қою негізінде құрылған.
Тым болмағанда, 1991ж. Жаңа Стратегиялық Тұжырымдаманы ма-құлдау Солтүстік Атлант Альянсін терендетіп реформалау процесінде шын мәнінде негіз болды және XX ғасырдың 90 ж. басында басталған «НАТО -ң Шығысқа кеңеюіне» ірге тасын салды.
Тең құқықтылық диалог негізінде арнайы және кең өрістегі ынты-мақтастықты жөнге салу контекстінде ҚР-сы үшін міндетті сыртқы саяси артықшылықтың біріне арналды.
ҚР-сы және бұрынғы КСРО республикалары үшін НАТО-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті орнату іс- шараларын жүргізу, мүше-мемлекеттердің тиімді әскери күштерді жасауда және қаражатты қалыптастыруда жинақталған тәжірибесі ерекше қызығушылықты корсетуде.
Одан бөлек, НАТО-мен теңқұқықтылық қатынастардың одан ары тереңдетілуі ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігінің қосымша кепілді иемденуге әкеліп соғады.
Ғылыми проблемалардың шешілуінің қазіргі жағдайын бағалау. Қазақстанның заң әдебиеттерінде НАТО-ң құрылымы және қызметінің халықаралық құқықтық мәселелері туралы мүлдем аз зерттелген. Ең алдымен, бұл тақырыптың жанама кескіні әмбебап және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы халықаралық құқықтық мәселелерге арналған жұмыстарда көрініс табады [3, 86 б.]. Олар НАТО-ң құрылу және қызмет етуінің халықаралық - құқықтық табиғатына
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары [Мәтін] : ҚР Президентінің "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" хақындағы ел халқына Жолдауына арналған конференцияның материалдары. - Алматы: Қазақстан, 1998. - 136 б.
2 «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР-дың 1998 ж. 26 маусымдағы №233 Заңы // Интернет ресурс: www.egov.kz
3 Аманжолов Ж.М. Международно-правовая природа Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии // Евразийское сообщество. - 2000. - №3 (31). - С.86-91
4 Аманжолов Ж.М. Международно-правовое обеспечение национальной безопасности Республики Казахстан // Автореф. дисс. канд.юрид.наук. - М.:МГИМО(у) МИД России, 2001. – 36 с. Устав ООН от 26 июня 1945 года // Интернет ресурс: http://www.pavlodar.com
5 Справочник НАТО: юбилейное издание к пятидесятой годовщине НАТО. - Брюссель: Отдел информации и прессы, 1999. - 408 c.
6 Международные отношения и внешние сношения СССР (1917-1960). Сб. док. / Сост. Ю.Ф.Кузнецов. - M.: "Международные отношения", 1961. – 254 с.
7 Собакин В.К. Равная безопасность. - М.: "Международные отношения", 1984. - 240 с.
8 Иноземцев Н.Н. Международные отношения после Второй мировой войны: в 3-х т. - М., 1962. - Т1. - 759 с.
9 Игнатенко Г.В. Международное право: Учебник для вузов. - М.: "Высшая школа", 1995. - 398 с.
10 Сборник документов по международному праву. В 2-х томах. Том 1 / Под общ. Ред. К.К.Токаева. Сост. Атанов М.М., Ибрашев Ж.О, Ауталинова А.С. и др. - Алматы: "САК", 1998. – 576 с.
11 Колосов Ю.М., Кузнецов В.И. Международное право: Учебник. - М.: Международные отношения", 1996. - 608 с.
12 Бирюков П.Н. Международное право: учебное пособие, - М.: Юристь, 1998. - 416 с.
13 Лукащук И.И.Международное право. Особенная часть. Учебник. - М.: Изд. Бек, 1997. - 410 с.
14 Зинн Говард. США в военные и послевоенные годы. - М.: «Наука», 1994. - 280 с.
15 Уткин А.И. Доктрины атлантизма и европейская интеграция. - М.: «Наука», 1979. - 221 с.
16 Заявление МИД СССР о Северо-Атлантическом пакте от 29 января 1949 года // Документы по внешней политике СССР за 1949 год. - M.,1953. - С.37-39
17 Семенов В.А. Политика мира и курс на конфронтацию. - M.: "Международные отношения", 1986. - 148 с.
18 Устав ООН от 26 июня 1945 г.// Интернет ресурс: www.pavlodar.com
19 Североатлантический договор от 4 апреля 1949 года // http:// Интернет ресурс: www.nato.int
20 Черниченко C.B. Теория международного права. В 2-х томах. 2-том.: Старые и новые теоретические проблемы. - М.:НИМП, 1999. - 528 с.
21 Романов В.А. Парижско-Дейтонские соглашения: новеллы и традиционализм в международной договорной практике. //Московский журнал международного права. - 1997. - №2. - С.28-60
22 Действующее международное право. В 3-х томах. Т2 / Сост. Ю.М.Колосов и Э.С.Кривчикова. - М.: Изд.Московского независимого института международного права, 1997. - 832 с.
23 Берг Д.С., Кирьянов В.И. Союз ради мира: к тридцатилетию Варшавского Договора. - JL: Лениниздат, 1985. - 64 с.
24 Международное право. Словарь-справочник / Под общ. ред. академика МАИ, д.ю.н. В.Н.Трофимова. - М.: ИНФРА-М, 1997. - 368 с.
25 Пядышев Б. Военные аспекты международной безопасности //Международная жизнь. - 1996. - № 7. - С. 88-97
26 Пушков A.K. Расширение НАТО: Российская перспектива // Научно- исследовательский институт национальной безопасности.- 1997. - №3. -С.38-40
27 Казанцев Б.Б. Очевидный силовой крен НАТО // "Международная жизнь", 1999. - №6. - С.54-56
28 Солана Х. Решающий момент для НАТО: решение вашингтонского саммита и кризис в Косово. // Вестник НАТО. - 1999. - С.4-6.
29 Партнерства ради мира: Рамочный документ НАТО., Брюссель, 10 января 1994 года // Интернет ресурс: http://nato.w-europe.org
30 NATO: Partnership for Peace/ Generic Crisis Management Handbook. NATO: Council Operations and Exercise Committee. - 1997. - 18-19р. // Интернет ресурс: http://www.nato.int
31 NATO Partnership for Peace. - Brussels: NATO Office of information and Press, 10th January 1994. - 1-5 р. // Интернет ресурс: http://www.nato.int
32 Бакланов А. Средиземноморские диалоги НАТО // Международная жизнь. - 2000. - №2. - С.59-61
33 Михайлов В. Постоянное соединение ОВМС НАТО на Средиземном море // Зарубежное военное обозрение. - 2001. - №9. - С.45-46
34 Лукин В. Чечня, коррупция, Косово, НАТО и другие проблемы на предвыборном фоне // Международная жизнь. - 1999. - №11. - С.12-18
35 Lambeth B.S. NATO’s Air War for Kosovo: A Strategic and Operational Assessment. - 2001. - 276 p.
36 Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том II: Внешняя политика и стратегия США на современном этапе и Центральная Азия. - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006. - 348 с.
37 Катранис А. Роль НАТО в Центральной Азии // Центральня Азия и Кавказ. - 2005. - №5. - С.42-52
38 Арзамакова Т. Будущее НАТО: глобальный альянс? // Европейская безопасность: события, оценки, прогнозы. - 2005. - №15. - С.5-9
39 Кокеев М. НАТО между прошлым и будущим // Россия в глобальной политике. - 2007. - Т5. - №1. - С.228-230 // Интернет ресурс: http://www.globalaffairs.ru
40 Алексеев А.П. НАТО на путях трансформации // Европейская безопасность: события, оценки, прогнозы: - 2003. - №9. - С.1-4
41 Арбатов А.Г. Расширение НАТО и национальные интересы России //Полития.Анализ.Хроника.Прогноз. - 2006. - №2. - Т41. - С.94-103
42 Бжезинский З. Великая шахматная доска. - М.: "Международные отношения", 1999. - 256 с.
43 Хамзаева А. Новая стратегия НАТО. Последствия для Центральной Азии // Казахстан и современный мир. - 2002. - №1. - С.85
44 Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Астана, 2001. -552 б.
45 Пузин И.Н. Межгосударственные связи стран НАТО : военно- экон.аспект. - М.: Международные отношения, 1979. - 255 с.
46 Алексеева А.В. Расширение НАТО на Восток: региональные и глобальные аспекты: Автореф. канд.дис.полит.наук. - СПб: СПГУ 2005. - 17 с.
47 Amanzholov Zh.V. The Republic of Kazakhstan and NATO: International legal aspects of Cooperation// Bulletin KSNU. Humanitarian series the third issue. - Almaty-Brussels, 2000. - 29 р.
48 Алдамжарова С. "НАТО-ның әріптестері неғұрлым көп болса, терроризмге қарсы күрес жүргізу соғұрлым оңай болмақ" // Заң газеті. - 2004. - №83(603), 20 қазан. - Б.5-6
49 Сембинов Б. Халықаралық әскери ынтымақтастық: басым бағьптар// Егемен Қазақстан. - 2004. - №297-298, 10 желтоқсан. - Б.2-3
50 Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. - Атамұра, 2003. - 240 б.
51 Абдулпаттаев С. Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынасы // Ақиқат. - 2004. - №10. - Б.25-28

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Басымбеков Ақжол Қайратұлы

СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5B030200 –Халықаралық құқық мамандығы бойынша

Алматы, 2014
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушіс
з.ғ.д.,профессор С. Ж. Айдарбаев
_____________________

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ

5В030200 –Халықаралық құқық мамандығы бойынша

Орындаған
4 курс студенті
Басымбеков А.Қ.

Ғылыми жетекші
аға оқытушы
Жүнісов Ж.С.

Норма бақылаушы
аға оқытушы
Жүнісов Ж.С.

Алматы, 2014
РЕФЕРАТ
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз бөлімшеден,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер саны - 51
Түйін сөздер: Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, Қазақстан Республикасы,
ынтымақтастық, операциялар мен миссиялар, стратегия.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты тиісті халықаралық
шарттарды, доктриналарды зерттеп НАТО-ның құрылымы және қызметінің
халықаралық құқықтық жағдайын талдау. Бұл мақсатқа жетуге қойылатын
міндеттер:
- НАТО-ның халықаралық аймақтық саяси-әскери ұйым ретінде БҰҰ Жарғысына
сәйкестендіріп құрудың құқықтық шартын қарастыру арқылы занды табиғатын
анықтау;
- НАТО-ның саяси және әскери құрылым жүйесіне мінездеме жасау және
құқықтық механизмін көрсету;
- НАТО-ның қызметінің негізгі бағыты ретінде Еуропадағы қауіпсіздік
және тұрақтылықты халықаралық құқықтық қамтамасыз ету шеңберін анықтау;
- Бейбітшілік жолындағы әріптестік Бағдарламасы НАТО-ға мүше емес
мемлекеттермен ынтымастықтықтың халықаралық құқықтық нысандарын анықтау;
- НАТО және Қазақстан Республикасы арасындагы екі жақты қатынастардың
шарттық-құқықтық нысандарын талдау, ынтымақтастық бойынша кемшіліктерді
айқындау.
Қолданылған әдістер. Дипломдық жұмысты жазуда формальды-құқықтық,
салыстырмалы-құқықтық, құрылымдық, логикалық, талдау, синтез секілді ғылыми
әдістер қолданды.
Алынған нәтижелер және оларды тәжірибелік қолданылу. Бұл жұмыста НАТО
қызметі көпқырлылық тұрғысынан талданған. Зерттеу жұмысының нәтижелері
әдістемелік және оқу құралдарын дайындауға мүмкіндік береді және
халықаралық құқық мамандығы бойынша арнайы пәндерден дәріс беру барысында
пайдалы болады.

РЕФЕРАТ
Обьем (структура) работы. Работа состоит из введение, трех разделов,
девяти подразделов, заключения и списка использованных литератур.
Количество использованных источников - 51
Ключевые слова: Организация Объеденненных Наций, НАТО, Республика
Казахстан, сотрудничество, операции и миссии, стратегия.
Цели и задачи исследования. Целю работы является международно-правовой
анализ структуры и деятельности НАТО путем исследования международных
договоров и доктрин. Для достижения поставленной цели ставятся следующие
задачи:
- определение правовой природы НАТО– как международную региональную
военно-политическую организацию, путем рассмотрения правовых условии
создания в соответствии Уставу ООН;
- дать характеристику военной и политической структурной системе НАТО
и определит ее правовой механизм;
- определит рамки международно-правового обеспечения безопасности и
стабильности в Европе - как основное направление деятельности НАТО;
- дать анализ договорно-правовым формам двухстореннного сотрудничества
между НАТО және Ремпублики Казахстан и определит недостатки по
сотрудничеству.
Использованные методы. При написании дипломной работы использовалис
формально-правовые, сравнительно-правовые, структурные, логические методы и
метод синтеза.
Полученные результаты и их практическое использование. В данной работе
деятельность НАТО анализирован с разных стороон. Результатов исследования
можно применит при подготовке методических и учебных пособий, при изучения
спецкурсов по специальности международное право болады.

ABSTRACT
Volume ( structure) work. The work consists of an introduction, three
chapters, nine subsections , conclusion and bibliography.
Number of sources used – 51.
Keywords: Organization Obedennennyh Nations, NATO, Kazakhstan,
cooperation, operations and mission strategy.
Goals and objectives of the study. Purpose of the work is an
international legal analysis of the structure and activities of NATO by
studying international treaties and doctrines. To achieve this goal the
following objectives:
- Determination of the legal nature of NATO as an international
regional - military-political organization, by examining the legal
condition of the establishment in accordance with the UN Charter;
- To characterize the political and military structure of NATO and the
system will detect the legal framework;
- Provide a framework of international law to ensure security and
stability in Europe - as the main activity of NATO;
- To analyze the contractual-legal forms of cooperation between NATO
dvuhstorennnogo zhane Rempubliki Kazakhstan and identify shortcomings in
cooperation.
The methods used. When writing a thesis ispolzovalis formal and legal,
comparative legal, structural, logical methods and the method of synthesis.
The results obtained and their practical use. In this paper we analyzed the
activities of NATO storoon different. Research results can be applied in
the preparation of textbooks and manuals, studying at special courses in
International Law Bolado.
Мазмұны

БЕЛГІЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1 СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша аймақтық қауіпсіздік жүйесін
құрудағы құқықтық шарттар мен
негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымын құру туралы шарт және оның құрамы
БҰҰ-ның Жарғысының ережелеріне сәйкестіктің құқықтық
анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Варшава Шартының Ұйымы және КСРО-ң тіршіліктен қалғаннан кейінгі
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының Жаңа Стратегиялық тұжырымдамасының
мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2 ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЕУРОПАДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ
2.1 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының Бейбітшілік жолындағы
Әріптестік бағдарламасы және Жерорта теңізі диалогы бойынша Еуропа
мемлекеттерімен
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23
2.2 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының бітімгершілік әрекеттерін
тәжірибеде қолдану: операциялары мен
миссиялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .31
3. Ұйымның болашағы және оны кеңейтудің салдары...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6

3 СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ӘРІПТЕСТІК
1. Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының аймаққа қатысты геосаяси
стратегиялық
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...41
2. Шығысқа қарай кеңею: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан
мемлекеттерімен қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..46
3. Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті бекіту мәселелері бойынша
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы және Қазақстан Республикасы арасындағы
екі жақты қатынастардың шарттық құқықтық формалары ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚШ – Америка Құрама Штаттары
БЖӘ – Бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасы
Бенилюкс елдері – Бельгия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттері
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
Варшава шарты – Социалистік мемлекеттердің 1955 жылы НАТО ұйымына қарсы
құрған әскери ұйымы
ЕАӘК (СЕАП) – Еуро Атлантикалық әріптестік кеңесі
ЕҚЫК (СБСЕ) – Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Кеңесі
САЫК (ССАС) – Солтүстік Атлантикалық Ынтымақтастық Кеңесі
ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның
НАТО – Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (North Atlantic Treaty
Organisation)
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Орталықазбат – Орталық Азия бітімгершілік батальоны
ІІМ – Ішкі Істер Министрлігі
ӘКТ – Әріптестіктің координациялау тобы
СДК – Косово үшін күштер
ИСАФ – Қауіпсіздікке жәрдемдесудің халықаралық күштері
СНР – Тез арада ықпал ету күштері
ӘЖБ – Әріптестіктің жұмыс бағдарламасы

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. 1997ж. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы атындағы ел халқына жолдауында бекітілген негізгі
артықшылықтардың бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылады [1, 25 б.].
Қазақстанның әлемдік интеграция нәтижесінде осы ұлттық қауіп-сіздікті
қамтамасыз ету, республиканың аймақтық халықаралық қауіпсіз-дік ұйымдары
мен жүйелеріне қатысуымен тікелей байланысты [2]. Осындай халықаралық
мекемелер арасында маңызды орынды Солтүстік Атлант Шарт Ұйымы (НАТО)
(ағылш. North Atlantic Treaty Organisation) алады.
НАТО өзінің өмір сүруінің 60 жылдық мерзімі бойы еуропалық қау-
іпсіздігінде маңызды роль атқаруды жалғастыруда. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін антикоммунистік блок болып құрылған НАТО және Вар-шава Шарт
ұйымы тіршіліктен қалғаннан кейін өзінің мақсатын және міндетін түбегейлі
қарастырып, өзгертті. Осылайша, ол тегінде таза әс-кери блоктан тиімді
әскери — саяси аймақтық қауіпсіздік ұйымына қай-та құрылды.
НАТО — жиырма сегіз мемлекеттің жалпы құндылықтар мен демо-кратиялық
институттарының әскери-саяси нәтижелі одағы болып табы-лады. Ол 1949 ж. 4-
сәуірде Солтүстік Атлант Шартына қол қою негізінде құрылған.
Тым болмағанда, 1991ж. Жаңа Стратегиялық Тұжырымдаманы ма-құлдау
Солтүстік Атлант Альянсін терендетіп реформалау процесінде шын мәнінде
негіз болды және XX ғасырдың 90 ж. басында басталған НАТО -ң Шығысқа
кеңеюіне ірге тасын салды.
Тең құқықтылық диалог негізінде арнайы және кең өрістегі ынты-
мақтастықты жөнге салу контекстінде ҚР-сы үшін міндетті сыртқы саяси
артықшылықтың біріне арналды.
ҚР-сы және бұрынғы КСРО республикалары үшін НАТО-ның аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті орнату іс- шараларын жүргізу,
мүше-мемлекеттердің тиімді әскери күштерді жасауда және қаражатты
қалыптастыруда жинақталған тәжірибесі ерекше қызығушылықты корсетуде.
Одан бөлек, НАТО-мен теңқұқықтылық қатынастардың одан ары тереңдетілуі
ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігінің қосымша кепілді иемденуге әкеліп соғады.
Ғылыми проблемалардың шешілуінің қазіргі жағдайын бағалау. Қазақстанның
заң әдебиеттерінде НАТО-ң құрылымы және қызметінің халықаралық құқықтық
мәселелері туралы мүлдем аз зерттелген. Ең алдымен, бұл тақырыптың жанама
кескіні әмбебап және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы
халықаралық құқықтық мәселелерге арналған жұмыстарда көрініс табады [3, 86
б.]. Олар НАТО-ң құрылу және қызмет етуінің халықаралық - құқықтық
табиғатына қысқаша анализ жасалған. НАТО қызметінің талдап қорытындыланған
анализін ҚР-сы мен осы ұйыммен ынтымақтастық шеңберінде қарастырылған
жұмыстарда кездестіруге болады [4, 22 б.].
Егер, НАТО-ның құрылуынан бастап Альянстың құрылым және қызметіне заңды
және саяси баға беретін Кеңестік халықаралық - құқықтық ғылымға көз
аударсақ, жалпы және аймақтық қауіпсіздік жүйесінде альянстың маңыздылығы
мәселелері және ұйым қызметінің жеке халықаралық - құқықтық мәселелері
зерттелген. Зерттеу барысында И.И. Лукащук, В.П. Атаренков, Ю.Ф.Кузнецов,
О.Н.Быков, Д.С.Берг, В.И.Кирьянов, В.К.Собакин, А.И.Уткин, В.А.Семенов
секілді халықаралық құқық заңгерлерінің жұмыстары қолданылды. Осы жерде
меңгеретін жай, НАТО-ның құрылымы және қызметінің жеткілікті анализі
берілсе де, бұл тақырыпты қарастыруда субъективті ыңғай бұл авторлардың
кемшіліктері болып саналады.
НАТО-ң Шығысқа кеңею саясатымен айналысатын Ресей халықаралық құқық
заңгерлері: Б.Б.Казанцев, ІО.Б. Захаров, В.А. Плотников, Г.В.Морозов,
В.И.Азбукиннің жұмыстары қолданылды.
Дипломдық зерттеу кезінде Тредденик Джек, Айра Штраус секілді батыс
халықаралық қатынастар мамандарының және сарапшыларының объективті және
мақсатты көзқарастары қолданылды.
Ірі еуропалық және американдық университеттерінің халықаралық құқық
заңгерлерінің көзқарастарын, оған коса НАТО мамандарының жұмыстарын қолдану
ерекше қызығушылық тудыруда. Оларға Зинн Говард, Рональд Каглер, Риччард
Ларраби, Фрэнк Стивенс, Алисон Бэйлис, Сильвио Баланзино секілді
халықаралық құқық заңгерлерінің жұмыстары қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысы
отандық заң ғылымындағы ғылыми жаңалық критерийіне толық жауап береді деп
ойлаймыз. Жұмыстың ғылыми жаңалығы, бірінші кезекте, тақырыптың өзіне
байланысты. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы барысында жасалған түйіндер мен
қорытынды ойлар, ғылыми-тәжірибелік нәтижелер, құқыққолдану тәжірибесі
бойынша жасалған ұсыныстар да жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайды деп
ойлаймыз.
Диплом жұмысы барысында жасалған ғылыми қорытындылар мен түйінді ойлар,
авторлық идеялар мен ұсыныстар халықаралық құқықтың өзекті мәселелерінің
бірі НАТО-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге байланысты
туындаған мәселелерді шешу кезінде көмекші құрал ретінде мамандар тарапынан
сұранысқа ие болады деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты тиісті халықаралық
шарттар мен құжаттаманы, заң актілерін, оған қоса доктриналарды зерттеп
және жалпылап, НАТО-ң құрылымы және қызметінің халықаралық құқықтық
жағдайына анализ беру. Бұл мақсат мына тапсырмаларды нақтылаумен және
орындаумен қол жеткізілді.
1.НАТО-ның халықаралық аймақтық қауіпсіздік ұйымы ретінде БҰҰ Жарғысына
сәйкестендіріп құрудың құқықтық шартымен негіздеуді қарастыру шеңберінде
занды табиғатын анықтау.
2.НАТО шартының құрамын БҰҰ Жарғысының ережелеріне сәйкестікке
жинақталған теориялық анализді жүзеге асыру және БҰҰ Жарғысы бойынша
халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау үстінде НАТО-ға мүше-
мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерінің арақатынасын зерттеп табу.
3.НАТО-ның саяси және әскери құрылым жүйесіне мінездеме жасау және
құқықтық механизмін көрсету.
4.НАТО-ның қазіргі таңдағы қызметінің негізгі бағыттарын Еуропадағы
қауіпсіздік және тұрақтылықты халықаралық құқықтық қамтамасыз ету
шеңберінде анықтау.
5.НАТО-ның Жаңа Стратегиялық Қауіпсіздік Тұжырымдамасының мазмұнын ашу
және оған анализ жасау.
6. Бейбітшілік жолындағы әріптестік" Бағдарламасы НАТО-ға мүше емес
мемлекеттермен ынтымастықтық халықаралық құқықтық формаларын бақылау және
анықтау.
7.НАТО және Қазақстан Республикасы арасындагы екі жақты қатынастардың
шарттық - құқықтық формаларын анализге салу және ынтымақтастықты тереңдету
мәселері бойынша жетіспеушіліктерді айқындау және ұсыныстарды негіздеу.
Зерттеудің объектісі және пәні. Жұмыстың объектісі заң категориясы
ретінде НАТО-ң құрылымы және қызметінің халықаралық құқықтық мәселелері
болып табылады.
Еңбектің нақты пәні НАТО-ң құрылымы және қызметінің дербес халықаралық
аспектісі, оған қоса Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы тікелей
ынтымақтастық болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Диплом жұмысының зерттеу
методологиясының негізін кеңестік, ресейлік, қазақ және батыс халықаралық
құқық заңгерлерінің жұмыстарында қисындап тұжырымдалған теориялық және
тәжірибелік барлық ережелер және қорытындылардың анализ және синтезінен
тұрады. Жұмыста НАТО-ң құрылым және қызметінің мазмұны мен заңды
табиғатының анализінде заң актілер, халықаралық шарттар, мемлекеттік
органдар және халықаралық ұйымдардың қазіргі мұрағаттарынан алынған
құжаттар қолданылды. Бұл материалдар, оқулықтар, монографиялар, сондай-ақ,
НАТО-ң ішкі құжаттамасы маған мәселені тереңінен зерттеуге және бітіру
жұмысының мәселелері бойынша өзімнің ой желісі пайда болуына көмек
көрсетті.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз
бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысын көлемі 66 беттен тұрады.

1. СОЛТҮСТІК АТЛАНТИКАЛЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 БҰҰ Жарғысы бойынша аймақтық қауіпсіздік ұйымын құруда құқықтық
шарттар мен негіздер
1949 ж. он екі мемлекет өкілдерімен: АҚІІІ, Бельгия, Канада, Дания,
Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия және
Ұлыбритания - құрылған Солтүстік Атлант Шарт Ұйымы КСРО-ның өсіп келе
жатқан ықпалына қарсы салмақ ретінде әскери-саяси блокты ұйымдастыруда
негіз болды. 1949 ж. 4 сәуірде Вашингтонда қол қойылған НАТО ІІІарты Кеңес
Одағы тарапынан басшылық қаупіне қарсы өзара қорғаныс және бірлескен
қауіпсіздік ескерілген. Суық соғыс басталған кезде АҚШ пен Ұлыбритания осы
ұйымның ұйымдастырушылары болған. Ол кезде мемлекеттердің көпшілігі Кеңес
Одағы алдындағы әлсіздіктерін мойындайтын.
1941ж. тамызда ұйымның құрылуынан бірнеше жыл бұрын АҚІІІ Президенті
Теодор Рузвельт және ағылшын премьер-министрі Уинстон Черчилль соғыстан
кейінгі әлемге бағытталған екі мемлекетті біріктіретін қағидалар
Декларациясын жариялаған. Бұл Декларация Атлантикалық хартия деген атаумен
танымал. Онда олардың халықаралық ынтымақтастыққа үміт көзделіп,
мемлекеттердің егеменді тәуелсіздігін құрметтеу және олардың өздерін
анықтауға құқықтарына сүйенетін. Сонымен бірге жүріс-тұрыс кодексі
анықталған. Бір жыл өткеннен кейін олар Атлантикалық хартияның бір жылдығын
тойлап бостандық және тәуелсіздікті корғауға біріккен кор және жігерге
сүйенетін Біріккен Ұлттар Одағының тұжырымдамасын ұсынды. 1945ж қазанда
БҰҰ Жарғысына қол қоюмен біріккен ұлттар ойы нақты формасын және мағынасына
ие болды.
Батыс Еуропалық және Солтүстік Америкалық мемлекеттердің әскери — саяси
бірігуі нәтижесінде НАТО-ның құрылуына Батыс әдебиеттерінде 1947-1948 жж.
аралығындағы ерекше саяси оқиғалар өзгешеленген. Ең алдымен мұндай
оқиғаларға Шығыс Пруссияда Кеңес Әскери күштерінің Солтүстік топтың күшеюі,
оған қоса Германияның Шығыс бөлігінде қосымша күштердің қайта топтастырылуы
және жандандырылуы себеп болды. Олардыц көзқарасы бойынша, Норвегия,
Греция, Түркия және басқа Батыс Еуропалық мемлекеттердің тәуелсіз
егемендігіне тікелей қауіп төндіреді.
1948 ж. Чехословакиядағы төңкеріліс және сол жылы сәуірде басталған
Берлиннің заңсыз қоршалу оқиғасы қосылды. 1948 ж. наурызда бес батыс
еуропалық мемлекет — Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Нидерланд және
Франция — Брюссель шартына қол қоюмен жалпы қорғаныс жүйесін құруға
ниеттерін білдірді және осылайша өздерінің идеологиялық, саяси және әскери
қауіпсіздігіне тойтарыс беруге байланыстарын нығайтты [5, 12 б.].
Дүниежүзіндегі бөлек аймақтарының бәріне ортақ бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара қарым-қатынас мәселесі, соғыстан
кейінгі кезеңде халықаралық қатынастарды анықтаудың негізінде, көрініс
тапқан. Тарихи тәжірибесі көрсеткендей, осындай қиын мәселе дерексіз
жүйелерде емес, нақты шарттар негізінде шешіледі. Басшылықты қақпайлау үшін
жеткілікті құқықтар мен тәсілдері болмаған Ұлттар Лигасы кезінде
бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесі аймақтық негізде бірлескен
қауіпсіздікті ұйымдастыру жолымен шешімін табатын (Шығыс Пактісі, КСРО,
Ұлыбритания және Франция арасында өзара көмек туралы келісімдер және т.б.)
аймақтық қауіпсіздік пактілерінің желісін құру тек Ұлттар Лигасы статуты
шеңберінде ғана қосымша кепіл бола қоймай, бәріне ортақ қауіпсіздікті
қамтамасыз ету құралы бола алатын. Бірақта, мәселе Ұлттар Лигасы шеңберінде
емес, бәріне ортақ және еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа
дүниежүзілік ұйымды құруда формалар мен тәсілдерді үйлестірумен байланысты
болатын. Бұл мәселеге жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
және де жаңа басқыншылықты қақпайлау үшін билігінде жеткілікті билікке ие
болу кіреді. Халықаралық бейбітшілікті қолдау кезінде осы шараларды
орындауда басты міндет әлемдік ұйымға жүктелуі тиіс.
Бейбітшілікті қорғау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
жаңа ұйымды құру туралы Гитлерге қарсы коалицияға қатысушылар арасында
жүргізілген келісімдер кезінде еуропалық және қауіпсіздік арасындағы өзара
қарым - қатынас мәселесі басты орынды алды. Бұл шешімнің қажеттілігі
Еуропада мемлекеттер арасында өзара көмек көрсету туралы шарт түріндегі
аймақтық қауіпсіздік жүйелері бір болғандығында көрініс тапқан.
Гитлерге қарсы коалицияға қатысушы мемлекеттер еуропалық және
халықаралық қауіпсіздік жөніндегі өзара қарым - қатынас мәселелеріне
кірісетін алғашқы ұстанған ойлары түйіспеді. Жекелеп айтқанда, КСРО-ның БҰҰ
құру оның мүшелері бейбітшілікті қолдауда міндеттемелер тіркесімі соғыстан
кейінгі әлемнің бейбітшілікті жайластырушылығы және өзара көмек көрсету
туралы шаралар одақтастық келісімдер арқылы қамтамасыз етілуі қажет деген
пікірді ұстанған.
Ал, Теодор Рузвельт әкімшілігі БҰҰ құрылуымен өзара көмек көрсету және
бейбітшілікті қорғау туралы шарттар өз маңыздылығы жойылып бұл мәселелер
бойынша компетенция АҚШ, КСРО, Ұлыбритания және Қытайға жатуы тиіс деген
ойда болатын (4 полицейлік тұжырымдамасы). Уинстон Черчилль Үкіметі ең
алдымен КСРО-ға қарсы бағытталған аймақтық қауіпсіздік ұйымын құру керек
деген ойды ұстанатын [6, 137 б.].
Бұл мәселе 1943 ж. 19-30 қазанда Мәскеудегі КСРО, АҚШ және Ұлыбритания
сыртқы істер министрлері конференциясында қарастырылған. Болашақ
халықаралық ұйым қызметінің негіздері төрт мемлекеттің жалпыға ортақ
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Декларацияда орын табады [7, 43 б.].
Декларацияда соғыстан кейінгі ынтымақтастық және халықаралық бейбітшілікті
және қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіне аса үлкен назар бөлінген. Осыған
орай, келешекте мүше болатын үлкен-кішілі бейбітшілік сүйер барлық
мемлекеттердің егеменді теңдік қағидасына негізделетін халықаралық
ұйымдарды құру қажеттілігі сезінді (4 пункт).
Онда жалпыға ортақ қауіпсіздік жүйесі құрылмағанға дейін Төрт Держава
Декларациясына қатысушылар және Франция бір-бірімен кеңесті. Қажет болған
жағдайда БҰҰ-на мүше-мемлекеттермен ұлттар қоғамдастығының бірлесіп әрекет
ету мақсатымен халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті қолдау үшін кеңес
aлy орын алады (5п.) [5, 31 б.].
Мәскеу конференциясы шешімдерінде ең алғаш рет бастаушы әлемдік
державалардың бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздікті қолдауда басты
міндеттемелері туралы нақты ой пайда болды. Нәтижесінде Декларацияның
бесінші пункті шарттық-құқықтық тәртіппен БҰҰ Жарғысына қосылып (106 б),
қазіргі заман халықаралық құқық нормасының күшіне ие болды. Бұл халықаралық
қауіпсіздік мәселесін шешуде жаңа әдістеме болып қалыптасты.
Ол Ұлттар Лигасының басшылығын қақпайлаудың тиімді шараларын барлық
мүшелердің тең құқықтары мен міндеттемелерінің кемшіліктерін жойды. БҰҰ
Жарғысының өндірмесі, БҰҰ шеңберінде жалпыға ортақ бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдаудың тіркесімі және аймақтық келісімдер негізінде
әлемнің түрлі аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді
мәселелердің шешімі Думбартон — Оке, Ялта және Сан-Франциско
конференцияларының өткір пікір тартысында талқыланды. Думбартон — Оке
Конференциясы кезінде (21 тамыз-29 қазан 1944 ж.) қабылданған басты шешім
1940-1944 ж.ж. арасында одақтастар арасында жасалған аймақтық келісімдер
расталды. Одақтастардың басты айтыс-тартысы Қауіпсіздік Кеңесінің
халықаралық және аймақтық қауіпсіздік басты мәселелері жөнінде шешімдер
шығару процедурасының қағидаларына қатысты болды. Бұл мәселенің шешімі 1945
ж. 4-5 ақпанда өткен Қырым конференциясында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты
бес мүшесінің бірауыздығы негізінде сайлау тәртібі туралы ережелерінде орын
алды. Сонда да, Думбартон — Оке Конференциясында аймақтық келісімдер туралы
шешім Ұлыбритания және Бельгия Үкімет өкілдерінің бөлектенген әскери
одақтың құрылуына жол берілді [7, 45 б.].
1945 ж. 25 сәуір — 26 маусым аралығында өткен Сан-Франциско
Конференциясында БҰҰ атауын алған жаңа халықаралық ұйымның пайда болғандығы
туралы түбегейлі шешім шығарылды. Конференцияда қағидалық ережелерден
бөлек, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері, әсіресе Еуропадағы
Қауіпсіздік Кеңесі қызметі және аймақтық келісімдер жөнінде келісу мәселесі
жедел тұрды [8, 89 б.].
Қауіпсіздік Кеңесі қызметімен аймақтық келісімдер іс-әрекеттерінің
қарым-қатынасының мәселесін қарастыру нәтижесінде БҰҰ Жарғысының VIII
Тарауы (52-54 б.б.) келісілді. Өзін-өзі қорғауға құқықты тұжырымдау бойынша
ұзақ пікір-талас нәтижесінде негіз ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің
Бейбітшілік және Қауіпсіздікті қолдау және БҰҰ Жарғысының 52-53 б.б.
берілген аймақ негізінде еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - басты
міндеттердің тіркесімі қағидасы пайда болды.
БҰҰ Жарғысы тұйық әскери-саяси блоктарды құру үшін қандай да құқықтық
негіздерді шектеген. БҰҰ Жарғысын ағылшын мәндеушілері Бентвич және
Мартиннің ескеруі бойынша Жарғыны құрушылар теистке бөлінген одақтар және
блоктардың құрылу қаупін төмендету үшін құқықтық кепілді енгізген.
Жетілдірілген ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде блоктенген одақтар үшін
орынның болмауы тиіс - деп жазады Бентвич және Мартин [6, 139 б.].
БҰҰ мемлекеттерді бірлескен әрекет ету негізі бойынша халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және нығайту құралы ретінде құрылған.
БҰҰ Жарғысының Преамбуласында халықаралық бейбітшілік негізін бекітті.
Олар: соғысты түбінен жою; адамның негізгі құқықтарына сенімді бекіту;
халықаралық құқық маңызын арттыру; кең бостандықта өмір шарттарын жақсарту
және әлеуметтік прогресске жәрдем беру. Осы мақсатта үш негізгі шартты:
сабыр көрсетіп, бір-бірімен бейбітшілікте жақсы көршілер секілді өмір сүру;
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін бірігу; әскери
күштердің жалпыға ортақ мүдделер үшін қолдануға қағидалар мен бекітілген
тәсілдерді қабылдау арқылы қамтамасыз ету [9, 207 б.]. БҰҰ Жарғысына сәйкес
жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау халықаралық құқықтың
танылған қағидалар мен нормалар базасында Бас Ассамблея және Қауіпсіздік
Кеңесімен жүзеге асырылуы тиіс.
Халықаралық қауіпсіздіктің жалпыға ортақ жүйесінен бөлек БҰҰ Жарғысы
халықаралық бейбітшілікті қолдайтын аймақтық жүйелерді құру мүмкіндігін
қамтыған. Жарғының 52-бабында: Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдауда мәселелерді шешуге арналған аймақтық келісімдерді және органдардың
бар болуына кедергі жасамайды және олардың қызметі БҰҰ Жарғысының
мақсаттары мен қағидаларымен үйлесімде болу шартымен аймақтық әрекеттер
үшін лайықты болулары тиіс [10, 26 б.].
БҰҰ Жарғысы Қауіпсіздік Кеңесі мен аймақтық келісімдер мен органдар
арасында өзара қарым-қатынасты орнатты. Мұндай мемлекеттердің халықаралық
келісімдері мен органдары жергілікті дауды Қауіпсіздік Кеңесіне
тапсырылуына дейін бейбіт түрде шешуге өз күштерін салулары тиіс.
Ал, Қауіпсіздік Кеңесіне өз бастамасы немесе мүдделі мемлекеттер
бастамасымен аймақтық келісімдер мен органдардың дауды бейбіт түрде шешуді
жүзеге асыруды ынталандырулары тиіс.
Қауіпсіздік Кеңесі мұндай аймақтық келісімдер немесе органдары өзінің
басшылығында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Бірақ, аймақтық келісім
немесе органда Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдігінің сенімі болмай мәжбүрлеу
шараларын орындай алмайды [11, 185 б.]. Халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін аймақтық келісім немесе ұйымдар БҰҰ-ң қолғанат мүшелері
болып табылмайды. Осыған орай, БҰҰ Жарғысында Қауіпсіздік Кеңесі
компетенциясы мен аймақтық ұйымдар арасында басқыншылықты алдын-алудың
бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі бойынша шек қойылған.
Жарғының 51 бабы бұлтартпау шаралары Қауіпсіздік Кеңесінің басшылығында
немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Жарғының 51 және 53 баптарының ережелерінде ерекшелік бар. Аймақтық
келісімдер және ұйымдарға мүше-мемлекеттер жеке-дара және ұйымдасқан
қорғанысқа құқық негізі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік
және қауіпсіздікті қолдауға қажетті шараларды қолданбағанша дейін әскери
шабуылға қақпайлау мақсатында бұлтартпау шараларын қолдана алады [12, 191
б.]. Осыдан БҰҰ Жарғысы еуропадағы қауіпсіздік жүйесіне қатысушыларға
басқыншылыққа қарсы ұжымдасқан қорғанысқа алдын ала келісімге отыруға тиім
салынбаған.
БҰҰ-ң Жарғысы аймақтық келісімге отырған мемлекеттердің қызметі саласын
тек жергілікті дауларды шешумен шектейді ( 52 б. Зт.) және ешбір аймақтық
келісімнің дауларды бейбіт жолымен шешу тәсілі БҰҰ Жарғысының тиісті
ережелеріне қайшы болмауы тиіс.
Осылайша, БҰҰ-ң Жарғысының ережелері Еуропада халықаралық аймақтың
келісімдерді қол қоюмен аймақтың қауіпсіздік жүйелерін құрудың тікелей
негізі болды [13, 224 б.].

1.2 Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымын құру туралы шарт және БҰҰ
Жарғысының ережелер жиынтығына сәйкестіктің құқықтық анализі
АҚШ Президенті және оның жақын қызметкерлері НАТО-ны 1947 ж. қыркүйекте
Рио де Жанейрода Қорғау туралы Шартымен салыстырды. Ол туралы Трумэн өзінің
президенттігінің екінші мерзімі басталуына байланысты сөз сөйлеуінде айтты:
Екі шарттың бірдей формуласы бар: Рио де Жанейро шартында бір америкалық
мемлекетке шабуыл, барлық америкалық мемлекеттерге шабуыл жасау деп
қарастырылған. Алайда 1947 ж. 2 қыркүйек Рио де Жанейрода қабылданған шарт
1949 ж. 4 сәуір Вашингтонда жасалған пакттен елеулі ерекшеліктері бар.
1947 ж. америкалық мемлекеттер шарты оның мүшелеріне шабуылға түскен
немесе шабуылға түсу қаупі пайда болған жағдайда дереу кеңес құруды
көздеген. 20-бабына сәйкес қатысушының келісімінсіз қарулы күш қолдануда
қатысуға міндетті емес. Қатысушының өзі соғысып не соғыспайтынын шешеді
[14, 30 б.].
Сол уақыттың өзінде көптеген заңгерлер НАТО құрылтайшыларының БҰҰ
Жарғысының 51-бабында БҰҰ-ң мүшесіне шабуыл жасалғанда жеке-дара және
ұжымдасқан қорғанысқа құқық дегенге сілтеме текке деп саналды. Олар бұл
баптың бір мемлекеттің басқа бір мемлекеттің территориясына, басқыншылық
мақсатында болмаса да, қарулы күштерін орналастыруға құқық бермейді [15, 14
б.].
АҚШ Конгрессінің Республикалық Партиясының көшбастаушысы-сенатор Тафт,
НАТО-ң құрылуы БҰҰ қағидаларын бұзатындығы туралы дәлдей отырып, былай
жазған: НАТО БҰҰ Жарғысына бүтіндей қайшы. БҰҰ Жарғысы бөлек
мемлекеттердің арасындағы қаруландыруды қысқартуды көздесе, ал Атлантикалық
Пакт халықаралық бейбітшілікті құқық және әділеттілік көмегімен қамтамасыз
ету әрекеттерінің жолын кесуде. Ол дүниежүзінің екі қаруланған лагерьге
бөлінуін анықтап Еуропада қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қиындатып, аймаққа
тұрақсыздықты әкеледі. Бұл шарт қаруландырудың жарысын білдіреді. Ал,
қарулану жарысы тарихта соғысқа әкеліп соқтырған [14, 30 б.].
1949 ж. 29 қаңтарда НАТО Шартына қол қою дайындықтары жүргізіліп
жатқанда Солтүстік Атлант Пактісіне қатысты КСРО-ның Сыртқы Істер
Министрлігі мәлімдемесі жарияланған. Бұл мәлімдемеде Пакт АҚШ-тың КСРО-ға
және социалистік мемлекеттерге қарсы жаңа соғыстың өршуіне бағытталған
сыртқы саясат құралы болып табылады және Пакттің 5-бабында БҰҰ Жарғысының
51-бабына сәйкес жеке-дара және ұжымдасқан қорғаныс құқығына әскери-
құқықтық мақсаттағы ұйымдар емес, мемлекеттер ие - деп айтылған [16, 37
б.].
Кеңестік халықаралық құқық мамандары көзқарастары бойынша НАТО-ң
құрылуы БҰҰ Жарғысының 52-бабына сәйкес емес [17, 11 б.]. Ал, Солтүстік
Атлант Пактісінің 6-бабы НАТО әрекет ету зонасына еуропалық және солтүстік
америкалық мемлекеттер территориялары, Францияның алжирлік департаменттері,
Атлант мұхитындағы Рак тропигінің сулары кіреді деп көрсетеді. Алайда, бұл
мемлекеттер мен территориялар жиынтығы БҰҰ Жарғысының тиісті ережелері
талап ететін ешқандай аймақты құрамайды. Сонда Греция және Түркия
мемлекеттері Солтүстік Атлант аймағына кіргені ме? Бұл шартты ережелердің
шығарылуы 1949 ж. НАТО Шартының ережелері БҰҰ Жарғысының VIII Тарауына
сәйкессіздікті көрсетіп, НАТО-ң заңсыз қызмет атқарады деген айғақты
дәлелдеуде.
Жарғының VIII Тарауының мазмұнында нақ осы талаптардың болмауы,
тараудың баптарында кеңейтілген түсініктеме жолымен жасалғандығы туралы
айтады. Мұндай түсініктеме 1969 ж. Халықаралық шарт құқық туралы Вена
Конвенциясының 31-бабымен тыйым салынған. Онда 'Шарт адал ниетін, өзінің
түп мәнімен түсінілуі тиіс' деген норма бар.
Осылайша, қандай да бір аймақтық қауіпсіздік ұйымына дәл географиялық
аймақтың барлық мемлекеттері мүше бола алады. Әйткен жағдайда аймақтық ұйым
басқаларға қауіп төндіретін тұйық топқа немесе әскери-саяси блокқа айналуы
мүмкін [3, 87 б.].
НАТО-ға Түркия мен Грецияның мүше болу мәселесі ең алдымен жалпылай
еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне жатады және бұл
жерортатеңіздік бағыт барлық мүше мемлекеттердің ұллтық мүдделерін қамтиды.
Аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының қызметі үшін қағидалық маңызға олардың
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауда жауапты БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесінің құқықтық жағдайы ие. БҰҰ Жарғысы аймақтық ұйымдар Қауіпсіздік
Кеңесімен ауыстыру мүмкіндігі немесе негіздеме болмауы үшін араларында
құқықтық қатынастар өзара байлынысты болулары тиіс. Осы мағынада БҰҰ
Жарғысының 54-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау мақсатындағы тек жүзеге асырылған халықаралық
келісімдер ғана емес, сонымен қатар жүзеге асырылатын халықаралық
келісімдер туралы толығымен хабардар болуы тиіс [18].
НАТО Шартының 5-бабында қандай да бір қарулы шабуыл және соның
нәтижесіндегі барлық шаралар Қауіпсіздік Кеңесіне дереу жеткізіледі - деп
айтылған. Алайда бұл норма Жаңа Стратегиялық Тұжырымдамада НАТО және
Қауіпсіздік Кеңесі арасындағы әрекеттер туралы айтылмаған. Осы жерде
Солтүстік Атлант Шартының 5 бабындағы міндеттемеден НАТО-ң шегінуі көрініс
табады [19]. Алдында көрсетілген норманың болмауы БҰҰ Жарғысының 54 бабының
айқын бұзылуы және НАТО құрылтай құжатының қайшылығы туралы айтылады. Мысал
ретінде, 1995 ж. Босния және Герцеговинада қақтығысты шешу туралы Дейтон
келісімі бейбіт түрде шешудің әскери мәселелері туралы келісімдерін
келтіруге болады. Алайда оларда БҰҰ Жарғысының VII және VIII Тарауларына
сілтеме болуы және Қауіпсіздік Кеңесінің 1995 ж. 15 желтоқсандағы 1031
(1995) резолюциясында Босния және Герцовинада операцияларды жүргізу туралы
келісімдердің жасалуын қолдауын тапты. Олардың орындалуын бақылау НАТО-ға
түгелдей өтті [20, 513б.]. Қауіпсіздік Кеңесі операцияларды жүргізуді
бақылауын игере алмай, мандатын НАТО-ға берді. Ресей заң ғылымында бұл
келісім қатты сынға ұшырады. Дәл осы НАТО-ң дейтондық тәжірибесі қарулы
күштерді қолдану арқылы бейбітшілікті орнатумен тілеулі болды. Келісімдер
мен резолюцияда БҰҰ Жарғысының 53 б. сүйеніп НАТО аймақтық ұйымдарға
жатқызылды. Алайда АҚШ ресми және доктринада БҰҰ Жарғысының 51 б. сүйеніп
НАТО-ы сақтайтын сипатта есептейді. Қауіпсіздік Кеңесі бұлтартпау шаралары
БҰҰ жарғысына сәйкес не өзі тікелей немесе аймақтық ұйымдар арқылы жүзеге
асырады. Осыдан аймақтық ұйымдардың бұлтартпау шараларын Қауіпсіздік Кеңесі
өкілеттігі негізінде жүзеге асырылады.
Қандай да жағдай болса, БҰҰ Жарғысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі өзінің
жұмысын аймақтық немесе қорғаныс ұйымына жүктемейді. Аймақтық ұйым мүше
мемлекеттер арасындағы өзара қарым қатынастағы халықаралық бейбітшілік және
қауіпсіздікті қолдау мәселелермен айналысуы тиіс. Ал Босния және
Герцоговина оқиғасына тиісті күресіп жатқан тараптар көп ұлтты күштерді
құру және басқаруда НАТО-ға сүйенеді. Югославияның Косово өлкесіндегі
оқиғалар НАТО-ң БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мандатысыз әрекет етті, яғни
халықаралық құқық нормалары бұзылды. Одан бұрын, Югославияға қарсы операция
қарулы шабуыл деп бағаланып, НАТО-ң әскери операция өткізуі Қауіпсіздік
Кеңесі бақылауы астынан шығу әрекеті деп куәландырылды. Бұл Солтүстік
Атлант Шартының 5 б. қайшы келді [21, 35 б.]. БҰҰ-ң 103 б. БҰҰ-на мүше
мемлекеттердің халықаралық келісімдер бойынша Жарғыда бекітілген
міндеттемелер басым болды [18]. НАТО өзінің әрекет ету зонасын кеңейту
мақсатында 1991 ж. қарашада Римде НАТО Кеңесінің отырысында қабылданған
Жаңа Стратегиялық Тұжырымдама ережелерінде БҰҰ және барлық еуропалық
ұйымдар әрекеттерінің өзара келісілген қағидасын сақтамаған.
Осылайша НАТО мүше-мемлекеттер арасындағы шарт негізінде өз еркімен
жария түрде талқылау және тиісті парламенттік процесі нәтижесінде құрылған.
Шарт мүше-мемлекеттердің БҰҰ Жарғысына сәйкес жеке құқықтарды, халықаралық
міндеттемелерді бекітеді. Өз мойнына ұжымдасқан қауіпсіздік жүйесіне
қатысты тәуекелді алу, түскен пайданы қолдануға міндеттейді және Шартқа
қайшы халықаралық міндеттемеден тыйылуды талап етеді.
НАТО-ң құрылу заңдылығына тиісті барлық дауларға қарамастан, Шарт
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға байланысты барлық
қағидалар мен ережелерді жүзеге асырды.
1949 ж. 4 сәуірде 12 мүше-мемлекеттің Солтүстік Атлант Шартына қол қою
арқылы соғыстан кейінгі кезеңде құрылған ең алғаш халықаралық ұйым болып
табылады. Шарттың Преамбуласында Солтүстік Атлант аймағында тұрақтылық
және ауқаттылыққа себеп болу мақсаты көзделген [22, 294 б.].
НАТО блогының құрылуына жауап ретінде КСРО 1955 ж. 5 маусым күні
Варшава Шарты Ұйымының бастамашысы болды. Оған мүше болып: Албания (1962 ж.
бастап Саяси Кеңес беру комитеті, 1969 ж. ұйымынан толықтай шықты),
Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия кірді [23,
5 б.].
Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Шығыс Еуропада Кеңес әскерлері
қалып, психологиялық фондын құрды. 1949 ж. өзара экономикалық көмек көрсету
Кеңесі құрылып, құрамына КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния және
Чехословакия кірді.
НАТО-ға қайшылық ретінде құрылған Варшава Шарт ұйымы БҰҰ Жарғысына
бүтіндей сәйкестікте құрылған. Ең бірінші ұйымның әрекет ету сферасы
көрсетілген. Екіншіден БҰҰ Жарғысының 51 б. ұйымының жұмыс жасауында негіз
болды. Үшіншіден Бейбітшілік үшін күрес ережелері Варшава Шарт ұйымына
мүше-мемлекеттер арасында қаруды қысқарту туралы келісім орын алады.
БҰҰ Жарғысының нормаларымен сәйкестік болып жатса да Варшава Шарты
Қарусыздану саласында немесе бейбітшілік үшін күрес саласында дамыған жоқ.
Қайта керісінше Еуропадағы ақталмаған халықаралық кернеуге соқтырды.
Қайткенде де, Варшава Шарт ұйымы 40 жыл бойы Шығысқа кеңеюін шектеді.
Солтүстік Атлант Шартына қол қойған мемлекеттер барлық халықтар мен
үкіметтермен бейбітшілікте өмір сүргілері келгенін растайды. Тараптар
жалпыға ортақ қорғаныс үшін өздерінің жігерлерін табандылықпен көрсетті.
Ең алдымен Ұйымның Шарты және БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша НАТО мүше-мемлекеттердің
құқықтары және міндеттемелерінің арақатынастарының анализі Альянстың
зандылық мәселесінің негізі екенін ескеруіміз қажет.
НАТО Преамбуласында БҰҰ Жарғысына сәйкестік мәселесі басым мәнге ие.
Бірінші бабында НАТО мүше-мемлекеттердің басты міндеті БҰҰ Жарғысына сәйкес
Халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және әділеттілікке қауіп төндірмей
халықаралық даудың тараптары бола отырып дауды бейбіт жолмен шешу, сонымен
қатар БҰҰ-ң мақсаттарына қайшы келсе қандай да бір күш немесе қауіп-қатерді
өзінің халықаралық қатынастарында қолдану. Екінші бап дербес
институттардың күшеюі, қағидаларды кеңінен түсінуіне қол жеткізу арқылы
бейбітшілік пен достықтың халықаралық қатынастарының кейінгі дамуына
әрекеттесу және тұрақтылықпен жақсы тұрмыс жағдайын жасау. Келіскен
тараптар өздерінің халықаралық экономикалық саясатындағы қарама-қайшылықты
жоюға талпынады және өзара экономикалық ынтымастықтың дамуына себепші
болады.
Берілген баптар жалпы негізгі және ұйым қызметінің негізгі қағидаларын
анықтайды. БҰҰ-ң Жарғысында екінші бап 1-тармағының Солтүстік Атлант
Шартындағы 1-ші бапта қолдану мүше-мемлекеттерінің негізгі міндетін бекіту,
халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және әділеттілікке қауіп төндірмей
бейбіт жолдармен барлық халықаралық дауларды шешу болып табылады.
3 және 4 - баптар Шарттың мүше-мемлекеттеріне өздерінің қарулы шабуылға
қарсы жеке-дара және ұжымдасқан күреске потенциялын қолдау және дамыту,
тараптардың бірінің тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне және қауіпсіздігіне
қауіп төндірген жағдайда бір-бірімен кеңесу және ақылдасуды еркіне жібереді
[22, 294 б.]. Бұл негізінде БҰҰ Жарғысының 11-б. ережелерімен қауыспайды.
Бұл бапқа сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясының қарулану мәселелерін қарастыруға
және реттеуге өкілетті, ал осы баптың 3 тармағындағы жеке-дара және
ұжымдасқан күрес шамасын дамыту ережелері халықаралық бейбітшілік және
қауіпсіздік үшін мүмкін қауіп төндіреді [10, 17 б.].
Солтүстік Атлант Шартының 5-бабының қызық жері: Еуропада немесе
Солтүстік Америкада келіскен тараптарды біріне немесе бірнешесіне қарулы
шабуыл олардың барлығына жасалған шабуыл ретінде қарастырылады және БҰҰ
жарғысының 51-бабымен мойындалған жеке-дара немесе ұжымдасқан өзін-өзін
қорғауды жүзеге асыру мақсатында зардап шеккен тарап немесе тараптарға
Солтүстік Атлант аймақтарында қауіпсіздікті қайта құру және қамтамасыз ету
үшін қарулы күш қолданады делінген [22, 294 б.].
Кез-келген осындай қарулы шабуыл және оның нәтижесінде әрекет етілген
шараларды Қауіпсіздік Кеңесіне хабарлауы керек. Бұл шаралар Қауіпсіздік
Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қайта құру және қорғау
үшін шара қолданғанда тоқтатылады.
Бұдан бөлек Солтүстік Атлант Шартының 5-ші бабы БҰҰ Жарғысын ашықтан
ашық 53-бабының 1-тармағына қайшы. Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттігі болмай
аймақтық келісімдер немесе органдар ешқандай бұлтартпау шараларын
қолданбайды. Яғни, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тек қана тапсырмасын немесе
басшылығында аймақтық ұйымдар бұлтартпау шараларын қолдана алады және ол
аймақтық ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау
мақсатындағы қолданылған шараларын ғана емес, сонымен қатар жоспарланған
шаралар туралы хабарлауы тиіс [24, 280 б.].
Солтүстік Атлант Шартының 6-бабы 5-бапқа қосымша келіскен тараптың
біріне немесе бірнешесіне қарулы шабуыл анықтамасына:
• Еуропадағы немесе Солтүстік Америкадағы, Францияның Алжир департаментіне,
Түркия, келіскен тараптардың территориясына немесе Рак Тропигінің
Солтүстігіндегі Солтүстік Атлант зонасында немесе келіскен тараптың
бірінің юрисдикциясындағы аралдарға;
• Жерорта теңізі немесе Рак тропигінің Солтүстік зонасында орналасқан
немесе сол зона үстінде немесе Еуропаның басқа бөлігіндегі қарулы
күштерге, кемелерге немесе ұшу кемелеріне шабуыл жасалғанда көрініс
табады.
7-бапта бұл шарт тараптарының құқықтарын немесе міндеттерін алып
тастамайды және өзгертпейді. БҰҰ-ға сәйкестіктегі шарт қауіпсіздік
Кеңесінің халықаралық тәртіп және қауіпсіздікті қолдауындағы міндеттемеге
таласпайды [19].
9-бап арнайы орган — НАТО Кеңесі құрады. Ол барлық қажетті шешімдерді
қабылдайды. Ал, АҚШ Альянстың сақтаушысы және сенілген тұлғасы екендігі 10
және 11 - баптар куәландырады. АҚШ-ң ұйым ішінде қолбасшы етіп, оны
бюрократтық қамқоршы деп санайды. 10-бапқа сәйкес АҚШ НАТО-ға қатысқысы
келген мемлекеттерден бюллетеньдер (instruments of accession) жинайды.
Ниеттенген мемлекет еуропалық болуы тиіс және АҚШ дереу басқа одақтастарына
ол туралы хабар жібереді [22, 294 б.].
12 - бап одақтастарға Шартқа қол қойғаннан 10 жылдан кейін Шартты
бейбітшілік және қауіпсіздік байланысты аймақтық келісімдердің дамуы және
БҰҰ жарғысына сәйкестік жөніндегі өзгерулерді ескере отырып, шартты
өзгертуге құқық берген.
Осылайша, БҰҰ Жарғысы Солтүстік Атлант Альянсы үшін екі жағдайда
маңызды. Бірінші - БҰҰ Жарғысы Солтүстік Атлант Альянсының құқықтық базасын
қамтамасыз етеді. Екіншіден - БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесін бейбітшілікпен
қауіпсіздікті қолдауда жалпы міндеттемелер анықталды. Бұл екі іргелі қағида
Солтүстік Атлант Шартында жазылған.

1.3 Варшава Шартының ұйымы және КСРО-ның тіршіліктен қалғаннан кейінгі
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының Жаңа Стратегиялық Тұжырымдамасының
мазмұны
1989 ж. 4 сәуірде НАТО өзінің Солтүстік Атлант Шартына қол қойғанының
50 жылдық мерейтойын тойлады . Бұл оқиға Шығыс және Батыс арасында және
халықаралық қатынастарды жалпы қатынастарда Қауіпсіздік жағдайындағы елеулі
өзгерістермен тұспа-тұс түсті. Суық соғыс кезеңінде Еуропада стратегиялық
тепе теңдікті сақтауды және мүше-мемлекеттердің ұжымдасқан қорғанысын және
жалпы қауіпсіздік негізін Солтүстік Атлант Одағын құрумен оларға
тәуелсіздікті және бостандықтың кепілі болды. Және бұл оқиға Еуропалық
аймақта екі держава арасында тепе-теңдікті сақтады. Солтүстік Атлант
Шартына сәйкес ол өзінің басты жұмысын атқарып, оған қосымша жаңа мақсаттар
пайда болды. Солтүстік Атлант Одағының қызметі жалпы демократиялық
құндылықтарға негізделген тұрақтылықтың дамуы, адам құқықтарын орындау және
Еуропада заңның басымдылығы атқарады.
Еуропаның саяси картасының өзгеруінің түбі 20 ғ. 60-70 жж. орын алған
ерекше маңыздылыққа ие. Олар 1967 ж. желтоқсанда Солтүстік Атлант Кеңесі
қабылдаған Армель Доктринасы паралелльді түрде жүргізіліп жатқан қорғаныс
саясатының жеткілікті деңгейін қолдау және Шығыс және Батыс арасындағы
қатынастардың кернеуін әлсіретуге бағытталған. 1969 ж. ФРГ Үкіметінің Вилли
Бранд канцлерінің шығыс саясатын жүргізуі. Ол бойынша Шығыс Еуропа және
Кеңес Одағының мемлекеттерімен ішкі саясат және сыртқы қатынастар саласында
олардың үкіметтерімен позитивті қатынастарды орнату; және 1975 ж. тамызда
СБСЕ-нің Хельсинки Қорытынды актісін қабылдауы. Адам құқықтары мәселелерін
талқылауда жаңа нормалар орнатылып Шығыс және Батыс арасында сенімділікті
бекіту шаралары қолданылды.
80 ж. маңызды оқиғаларына 1979 ж. ядролық қайта қарулану және ядролық
қаруларды бақылау жөніндегі екіжақты шешімнен кейін НАТО-ның Еуропада
орташа ұзақтықтағы ракеталарды орналастыру; және 1987 ж. 8 желтоқсанда
Вашингтон Шартының қабылдануы нәтижесінде ғаламдық негізде американдық және
кеңестік орта және кіші ұзақтықтағы жерүсті орналасу ракеталары жойылды.
1979 ж. желтоқсанда Ауғаныстанға кеңестердің басып кіруі және 1989 ж.
ақпанда Кеңес әскерлерінің шығарылуы; 1985 ж. наурызда Михаил Горбачевтің
КПСС Бас Хатшысына орнығуы [22, 221 б.].
1989 ж. наурызда Венада СБСЕ шеңберінде НАТО-ң 23 мемлекетпен —
Еуропада әдеттегі қарулы күштерді қысқарту туралы Варшава Шартының
келісімін бақылау туралы келіссөздер басталды. 1989 ж. мамырдың соңында
Брюссельде НАТО-ның жоғарғы деңгейде өткізілген басқосу ерекше маңызға ие.
Солтүстік Атлант Кеңесінің саясат мәселелер бойынша екі маңызды құжат
жарияланды. Одақтың 40 жылдығына орай Декларация және Қарулармен
қарусыздануды бақылаудың тұжырымдамасы пайда болды.
Декларацияда ұстап тұратын күреске жарамды және тиімді қаруды қолдау
қажеттілігі расталған және АҚШ президенті Джордж Буштың қаруларды бақылауға
көмек көрсету ниеті білдірілген. Олар: а) Еуропада әдеттегі қарулы күштерді
қысқарту туралы Варшава Шарты бойынша Венада келіссөздерді жылдамдату; б)
әдеттегі қарулы күштердің қосымша категорияларын елеулі қысқарту және в)
АҚШ және КСРО өз территориясынан тыс орналасқан жасақтардың елеулі
қысқартылуы.
Жоғарғы деңгейдегі басқосуда қабылданған Декларацияда Шығыс және Батыс
арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту және маңызды ғаламдық мәселелерді шешу
және Солтүстік Атлант Кеңесінің ұзақ мерзімдегі мақсаттарға қол жеткізу
шараларын қарастыратын бағдарлама анықталған [25, 88 б.]. КСРО
гегемониясынан келе-келе босататын Шығыс Еуропа мемлекеттеріне жаңа
әдістемені жүзеге асыру НАТО Варшава Шарт Ұйымының жіктелуіне көмек көрсету
ниетін білдіріп қана қоймай, осы мемлекеттерде демократиялық қозғалыстарды
қолға алды. Бұл Шығыс және Батыс арасындағы жаңа кең диалогының бастауын
қалап, ынтымақтастық туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастары, мәдени ынтымақтастығы, мемлекеттін сыртқы функциясы
Әлеуметтану сұрақтары
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Пәндер