Жақты сөйлемдер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негіздері
1.1 Жақты сөйлемнің тіл білімінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... 4.8
1.2 Белгісіз, жалпылама жақты сөйлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... .9.12

Жақты сөйлемнің мәтіндік, стильдік, қатысымдық бірлік ретіндегі рөлі

2.1 Жақты сөйлемдердің мәтін құраудағы мәні ... ... ... ... ... ... ... 13.16
2.2 Жақты сөйлемдер . қатысымдық тілдік бірлік ... ... ... ... ... ..17.20
2.3 Жақты сөйлемдердің стильдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 26.27
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Жақты сөйлемдерді топтастыру – бүгінгі таңдағы қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисінің әлі де зерттеуді қажет ететін саласы болып саналады. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі ретінде қарастырылып отырған жақты сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған тұжырымдар, ғалымдар көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді. Дегенмен жақты сөйлемдердің топтастырылуы жөнінде ғалымдардың зерттеулерін жүйелеп, уақытылы жаңғыртып беріп отырудың еш артықшылығы болмақ емес.
Зерттеу объектісі: Жұмыстың нысаны мақсатына сәйкес жақты сөйлемдерге қатысты ғылыми зерттеулер. Сондай-ақ олардың түрлерін ашып зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні – жақты сөйлемдер
Зерттеу мақсаты –жақты сөйлемдерге қатысты ғылыми көзқарастарды жүйелеу. Жақты сөйлемдердің ішінара түрлерін қарастыра отырып саралау.
Зерттеу міндеттері:
- жақты сөйлемдерге қатысты идеяларды жинақтау;
- оларды дұрыс талдай отырып, қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- жақты сөйлемдерге қатысты мағлұматтарды жіктеп, жүйелеу ;
Зерттеу әдістері: Бұл жұмыста лингвстикалық зерттеулер жүргізуге арналған әдебиеттерді жинақтау, талдау, жүйелеу, жалпылау әдістері қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. – Л., 1941.-208с.
2. Виноградов В.В. Исселедования по русской грамматике. Избранные труды. – Москва, «Наука» -187с.
3. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. – Москва, 1960.-400с.
4. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – Москва,1948.-238с.
5. Харитонов Л.Н. Типы глагольной основы в якутском языке. – Москва,1954.-202с.
6. Закиев М.З.Синтаксический строй татарского языка. – Казань, изд-во Казаньского университета, 1963.-122с.
7. Алиев У.Б. Синтаксис карачаево-балкарского языка. – Москва,1972.-214с.
8. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.
–Алматы, 1994.-320б.
9. Қазақ тілі грамматикасы. –Алматы, 1954.-432б.
10. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 3-басылуы. – Алматы, 1993
11. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. – Алматы, 1963.
12. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 2003.
13. Сәдуақасұлы Ж., Сәдуақасова Г. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері. – Қызылорда, 2004.
14. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Астана, 2007
15. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы,1992
16. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы,1984
17. Жұбатырұлы С. «Абыржы» шығармасы.
18. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.
– Алматы: «Санат», 1994
19. Қордабаев Т.Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995ж.
20. Сайрамбаев Т.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі А., 1997ж.
21. С.Исаев. Қазақ тілі. – Алматы: «Өнер», 2007
22. Ғ.Әбуханов. Қазақ тілі. –Алматы: «Мектеп», 1982
23. Төлегенов О. Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. Алматы,1968.
24. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005ж.
25. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1999 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

Факультет:
Жетекшісі:

Ақтөбе

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...3

Жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негіздері
1. Жақты сөйлемнің тіл білімінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ..4-8
2. Белгісіз, жалпылама жақты сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ... ...9-
12

Жақты сөйлемнің мәтіндік, стильдік, қатысымдық бірлік ретіндегі рөлі

2.1 Жақты сөйлемдердің мәтін құраудағы мәні ... ... ... ... ... ... ... 13-
16
2.2 Жақты сөйлемдер – қатысымдық тілдік бірлік ... ... ... ... ... ..17-20
2.3 Жақты сөйлемдердің стильдік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 20-24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...26-27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Жақты сөйлемдерді топтастыру – бүгінгі таңдағы
қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисінің әлі де зерттеуді қажет
ететін саласы болып саналады. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі
ретінде қарастырылып отырған жақты сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған
тұжырымдар, ғалымдар көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді.
Дегенмен жақты сөйлемдердің топтастырылуы жөнінде ғалымдардың зерттеулерін
жүйелеп, уақытылы жаңғыртып беріп отырудың еш артықшылығы болмақ емес.
Зерттеу объектісі: Жұмыстың нысаны мақсатына сәйкес жақты сөйлемдерге
қатысты ғылыми зерттеулер. Сондай-ақ олардың түрлерін ашып зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні – жақты сөйлемдер
Зерттеу мақсаты –жақты сөйлемдерге қатысты ғылыми көзқарастарды
жүйелеу. Жақты сөйлемдердің ішінара түрлерін қарастыра отырып саралау.
Зерттеу міндеттері:
- жақты сөйлемдерге қатысты идеяларды жинақтау;
- оларды дұрыс талдай отырып, қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
- жақты сөйлемдерге қатысты мағлұматтарды жіктеп, жүйелеу
;
Зерттеу әдістері: Бұл жұмыста лингвстикалық зерттеулер жүргізуге
арналған әдебиеттерді жинақтау, талдау, жүйелеу, жалпылау әдістері
қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негіздері
1.1 Жақты сөйлемнің тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары
сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай сөйлем
синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің
зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі,
практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде.
Сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда
оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс
екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі – олардың екі бас
мүшелі болып келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында екі бас мүшелі
сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы
болмасын екі бас мүшелі сөйлемдердің предикативтік құрылымға негізделетіні
белгілі.
Академик А.А. Шахматов Синтаксис русского языка (1941) еңбегінде
алғаш рет сөйлемдерді екі бас мүшелі, бір бас мүшелі және
мүшеленбейтін деп бөледі. Ғалым бір бас мүшелі сөйлемдердің түрлерін
бастауышты (подлежащное), бастауышсыз (бесподлежащное), жақсыз
(безличное), вокативті деген терминдермен атап көрсете отырып, бір бас
мүшелі сөйлемдердің мәнін грамматикалық тұрғыдан қарағанда, субъекті мен
предикат мәнінің сөйлемнің бір бас мүшесі арқылы көрінуі, – деп
түсіндіреді [1,50-80]. А.А.Шахматов концепциясы бойынша, кез келген бір бас
мүшесі бар сөйлем (субьектісі мен предикатының мәні бір бас мүшеге
жинақталған сөйлем) бір негізді болып есептеледі.
Орыс тіл білімінде осы мәселемен кейін де біршама ғалымдар айналысты.
Мысалы, В.В.Виноградов Исследование по русской грамматике (1975)
еңбегінде бір құрамды сөйлем бас мүшелерінен таза бастауыштық не таза
баяндауыштық қасиеттерді не олардың эквивалентін іздеу дұрыс болмайтынын
айтқан еді [2,83].
Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бір негізді (бір құрамды)
сөйлемдер түркі тілінде де зерттеу нысанына айнала бастады. Бірақ түркі
ғалымдарының көпшілігі бір негізді сөйлемді жақсыз сөйлемдер қатарында
қарастырды. Мысалы А.Н.Кононов түрік тілінде жақсыз сөйлемдер керек,
мүмкін т.б. модаль сөздер қатысқан обороттармен берілетінін айтса
[3,213], башқұрт тілінің грамматикасын жазған Н.К.Дмитриев [4,234], якут
тілін зерттеген Л.Н.Харитонов осы тілдердегі жақсыз сөйлемдер орыс
тіліндегі жақсыз сөйлемдермен ұқсас деп есептейді [5,102].
Кейінірек бір негізді сөйлемдерді арнайы зерттеген түркі ғалымдары
өздері зерттеген тілдерде бір негізді сөйлемдердің бар екендігін дәлеледеп,
олардың мағыналық-құрылымдық түрлерін ажыратып көрсете білді. Мысалы татар
тілінің грамматикасын жазған М.З.Закиев бір құрамды сөйлемдерді алдымен
есімді, етістікті , сөз-сөйлем деп бөледі де, етістікті түрін белгілі
жақты, белгісіз жақты, жалпылама жақты және жақсыз деп бөледі [6,39].
Осылай топтастыру бұдан былайғы жерде бір негізді сөйлемдерді де, екі
негізді сөйлемдер тәрізді есімді және етістікті деп бөліп қарауға негіз
болды.
Қарашай-балқар тілінің синтаксисін зерттеушісі У.Б.Алиев бір құрамды
сөйлемдерді әуелі бастауышсыз және баяндауышсыз деп бөледі де,
бастауышсыз түріне жағы белгілі, жағы белгісіз, жағы жалпылама, жақсыз
түрлерін жатқызады. Ал баяндауышсыз түріне атаулы сөйлемді жатқызады.
[7,101]
Өзбек тілінде И.Расулов, қырғыз тілінде Б.Тойшыбекова, түркімен
тілінде Б.Сарыбаевтар сөйлемнің осы түріне арнаған диссертацияларын
қорғады.
Өткен ғасырдың 50-60-жылдарына дейін қазақ тіл білімінде бір құрамды
сөйлем термині қолданылмағанымен, жақсыз сөйлем, атаулы сөйлем түрлері
түрлі грамматикаларда қарастырылып келді. 1940 жылы жарыққа шыққан Қазақ
әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы деп аталатын еңбегінде С.Аманжолов
атаулы сөйлем мен жақсыз сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді,
жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді. Бұл еңбекке, сонымен бірге,
толымсыз сөйлемдер де енгізілген. Ғалым сөйлемнің бұл үш түрі сыртқы
құрылымдылық жағынан екі бас мүшелі (бастауыш-баяндауыштық) сөйлемдерге
ұқсамайтын ерекше құрылымдағы сөйлемдер екенін айтады [8,170-175]. 1954
жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі аталатын алғашқы академиялық оқулық-
грамматикада жалпы жай сөйлемдердің құрылымдық түрлері ретінде жақты,
жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер аталады [9,44]. Еңбекте
сөйлемдерді жіктеуде олардың негізіне синтаксистік ерекшеліктері алынғаны
байқалады.
Қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі бойынша С.Жиенбаев,
С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Садуақасұлы т.б.
ғалымдардың еңбектері бар. Осы ғалымдардың жай сөйлем синтаксисін зерттеу
барысында жақты сөйлемдер турасында айтқан тұжырымдарын негізге алып,
аталмыш сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелу жайын сөз етпекпіз.
Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі ретінде қарастырылып отырған
жақты сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған тұжырымдар, ғалымдар
көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді.
Екі құрамды сөйлем термині қазақ тіл білімінде 60-жылдардан бастап
көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К.Аханов Тіл біліміне кіріспе
еңбегінде қолданды. ... Сөйлемнің құрылымдық үлгісін құрастыратын мұндай
сөз формалары сөйлемнің тұрлаулы немесе бас мүшелері деп аталады. Жай
сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды
(бастауыш, баяндауышты) үлгі, екіншісі - бір құрамды үлгі. Екі құрамды
сөйлемнің үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлемнің үлгісі бір
ғана бас мүшеден құралады. Мұндай бас мүше бір компонентті де, екі
компонентті де болуы мүмкін, - деп көрсетеді [10,402]. Бірақ бір құрамды
сөйлемдердің өзіндік сипаттары мен оларды топтастыру мәселесіне
тоқталмаған. Дегенмен, 1967 жылы шыққан академиялық грамматикада алғаш рет
Бір тұрлаулы мүшелі сөйлем деген бөлім беріліп, оған белгісіз жақты
сөйлем мен жақсыз сөйлем енгізілді.
Осы кезеңде жазылған тағы бір еңбек – А.Әбілқаевтың Қазіргі қазақ
тіліндегі жай сөйлем түрлері деп аталатын еңбегі. Мұнда жай сөйлем төртке
бөлінеді: жақты, жақсыз, толымсыз және атаулы. Жақты сөйлем: арнаулы,
ауыспалы және бастауышы белгісіз жақты деп іштей үшке жіктелген. Мұнда
автордың сөйлемді жіктеудің басты белгісі етіп, негізінен, жақты алғандығын
және оны бастауышпен тең деп қарағанын байқаймыз [11,18-28].

70-жылдардан бергі кезеңде бір негізді сөйлемдерге байланысты аса түбегейлі
зерттеулер де, жеке дара пікірлер де бола қойған жоқ. Тек, Р.Әмірдің Жай
сөйлем синтаксисі деп аталатын еңбегінің қазақ тіл білімі үшін біршама
жаңалық әкелгенін айта кеткен орынды. Р.Әмір бұл еңбегінде жоғарыда аталған
бір құрамды терминін бір негізді терминімен ауыстырып, жай сөйлемдерді
құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем
деп бөліп қарастырады[12]. Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер
турасында айтылған ғалымдар көзқарасын жинақтап, нақтылай түскен және
ғылыми негіздемесін жасаған ғалым ретінде Ж.Садуақасұлын айта аламыз. Ж.
Садуақасұлының бір негізді сөйлем мәселесіне қатысты пікірлері 2004 жылы
шыққан Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері атты еңбекте жалғасын тапты. Онда
бұрынғы грамматикаларда әр түрлі ыңғайда қарастырылып келген жай сөйлемнің
түрлері ғылымның соңғы жаңалықтары негізінде топтастырылып, бір негізді
сөйлемдердің түрлері жан-жақты талданып берілген. Бір негізді сөйлемдерді
жіктеу мәселесі, белгілі жақты, жалпылама және белгісіз жақты, жанама жақты
сөйлем түрлерінің зерттелуі, құрылымдық түрлері, семантикасы жайында
айтылған. Ол бір құрамды, бір бас мүшелі, жақсыз деп әр түрлі аталып
жүрген терминдердің біреуін тұрақтандыру мақсатында бұрын қолданған бір
құрамды терминін Р.Әмір ұсынған бір негізді терминімен ауыстырып
қолданады [13,13].
М.Балақаевтың 2007 жылы Астана: Ер-Дәулет баспасынан жарық көрген
Қазіргі қазақ тілі кітабында Жай сөйлем синтаксисі тақырыбында
сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Грамматикалық бастауышы бар не
бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау
арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады[14].

1.2 Белгісіз жақты сөйлемдер
Сонымен жоғарыда айтып кеткендей, бастауышы сөйлем ішінде тұрған немесе
баяндауыш арқылы жасырын тұрған бастауышын тауып алуға болатын сөйлемді
жақты сөйлем дейміз. Жақты сөйлем 3-ке бөлінеді:
1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”);
2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті
көргеннен сұра”);
3) бастауышы белгісіз жақты сөйлем негізінен, 3-жақта айтылады.
Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (Біздің бала
кезімізде отты шақпақ) ;
Мәулен Балақаев өзінің Қазіргі қазақ тілі (Алматы, 1992ж.) деп
аталатын еңбегінде жақты сөйлемдерді белгісіз жақты сөйлем, жалпылама
жақты сөйлем деп бөледі.
Белгісіз жақты сөйлем ( орыс. неопределённо-личное предложение ) -
грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайтын, істелген іс-әрекет белгісіз бір
субъектілерге тән болып ұғынылатын жай сөйлем, яғни баяндауышы жақты
болғанмен, бастауышы белгісіз жақты сөйлем. Белгісіз жақты сөйлемнің жасау
жолдары:
1) ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар 3-жакта осы
шақтық мағынада айтылғанда: Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады (Ы.
Алтынсарин);
2) өткен шақ, келер шақ тұлғадағы етістіктер не есімшелер 3-жакта айтылып
баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін: Ол кезде
көмірді қауғамен тартатын (Ғасыр Мұстафин).
Бас мүшесі 3-жақтық тұлғада келіп, іс әрекет иесі белгісіз жақ болатын,
тек істің орындалуы жайында хабар білдіру мақсатын көздейтін бір құрамды
сөйлем түрін белгісіз жақты сөйлем дейміз.
Мысалы: Бүгінгі шыққан ауылымызда Ерекең ауылы дейді (Майлин). Осы
сөйлемдегі іс әрекет иесі болатын жақ тек логикалық ыңғайда ғана бөгде бір
белгісіз жақ болып түсініледі. Бұл сөйлемдер тек үшінші жақтық тұлғада
болады.
Істелетін іс, қимыл үш жаққа бірдей қатысты болып келген бастауышы жоқ
сөйлемді белгісіз жақты сөйлем дейміз.
Бастауышы жоқ белгісіз жақты сөйлемдердің баяндауыштары әдетте жекеше
2,3-жақтарда тұрғанымен, нақты сол жақтарды білдірмейді, сондықтан
бастауыштары да болмайды. Белгісіз жақты сөйлемдер мақал – мәтел, нақыл
сөздерде жиі қолданылады. Айтушының өз ойын белгілі бір адам ғана емес,
жалпыға, көпшілікке ортақ түре айтып жеткізу үшін сөйлемді осындай белгісіз
жақта құрып айтудың әдеби тілде стильдік маңызы да бар.
Белгісіз жақты сөйлемнің бас мүшелері дара және күрделі құрылымдарда
болады
1 дара бас мүше етістіктердің ашық, бұйрық райларында, шаққа
тұлғаларында келуі арқылы беріледі.
Мысалы: Жерді қазақтың қара тоқпағымен өлшейді (Мұқанов). Анамен
алыспайды да, атыспайды да (Мүсірепов), -Қош ағайын! Дәм ырзық бұйырса,
амандық шаттықпен қайта көрісуге жазсын!... (Әуезов).
2 күрделі бас мүше:
а) есімше, көсемшелерге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады:
мысалы: Бұрын нанды бір мезгіл өлшеп беретін еді, енді екі күнде бір беруге
айналды. (Сейфуллин).
ә) тұрақты тіркестен болады; мысалы: Өзінен асқан адамды жақсы көре
бермейді (Исабеков).
б) де көмекші етістік тіркескен сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер
тұтасымен бас мүше қызметінде келеді: Сақалы жоқ еркекті әйел демей ме?

1.3 Жалпылама жақты сөйлемдер
Кез келген тілдік тұлға нақты, тура мағынасынан басқа жалпылық та
мағынаға ие бола алады. Осы заңдылық тұлғасына келегнде белгілі бір жақтық
жалғау тура мағынасынан басқа жалпылық жақты білдіретін мәнге жде ие бола
алады, яғни абстракцияланады. Дәлірек айтсақ, сөйлемнің бас мүшесі қандай
жақтық көрсеткішпен берілгеніне қарамастан, тыңдаушы (оқырман) сөйлем
мазмұнынан сол хабардағы іс-әрекет, қимыл – қозғалыстың өзіне де ,
сөйлеушіге де, бөгде жаққа да қатысы бар екенін ұғынады. Сонда жалпылық
деген ұғым іс-әрекетке ие бола алатындай сан мыңаған субъектілердің бәрін
емес, солардың ішінен тек 1,2,3-жақтардың ғана белгілі бір қимыл әрекетке
қатысты бола алуын білдіру болып табылады. ...Жер үстінде адам баласы
болудан артық не бар дейсің (Мүсірепов). Келбеті келгеннен кеңес сұра
(мақал).
Сөйтіп бас мүшесі белгілі бір жақтық тұлғада тұрғанымен (көбінесе 2-
жақ, 1 және 3-жақтарда), сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мәнді
білдіретін, соған сай іс – әрекет 3 жаққа тән боп көрінетін бір негізді
сөйлем түрін жалпылама жақты сөйлем дейміз [15, 243].
Бір негізді жалпылама жақты сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
1 2-жақтық жіктік жалғауы арқылы:
А) бас мүшесі етістіктің дара, күрелі, болымды, болымсыз, ашық райлы
түрлерінен жасалады;
Ә) 2-жақтық нөлдік тұлғаның дара, күрделі түрінен жасалады;
2 жалпылама жақты сөйлем 1-жақта да жасалады деп есептейтін ғалымдардың
пікірінше, мақал – мәтелдер, қанатты сөздер 1-жақтық жекелік тұлғасында
және ауыспалы мәндегі көптік тұлғада осындай жалпылық мәнге ие болады.
3 жалпылама жақтық мағына мақал- мәтелдердің, қанатты сөздердің 3-жақтық
тұлғаларында да байқалады. Оны белгісіз жақты сөйлемдерден ажырата білу
керек.
Сөйлемнің жалпы семантикасында 1, 2 – жаққа да қатысы болатындай
мағына болса, оны жалпылама жақты сөйлем деп есептеу керек.
Жалпылама жақты сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері мынадай:
1 бір компонентті болмайды
2 екі компонентті: а) тура толықтауыш + бас мүше
ә) пысықтауыштар + бас мүше
3 үш компонентті: а) толықтауыш + толықтауыш + бас мүше
ә) пысықтауыш + пысықтауыш + бас мүше
б) пысықтауыш + толықтауыш + бас мүше
(тұрлаусыз мүшелер ауысып келе беруі мүмкін)
в) анықтауыш + толықтауыш + бас мүше
4 төрт компонентті құрылымның тұрлаусыз мүшелердің орын ауыстыруына қарай
бірнеше варианты болады: Суды сіңетін жеріне құй, Сөзді ұғатын адамға айт
(мақал)
Сөйтіп, жалпылама жақтық мән үш жаққа да ортақ бола алатындай ыңғайда
маұал – мәтелдер мен қанатты сөздерге ауысалы жақтық мағынадағы сөйлемдерде
кездеседі.

Жақты сөйлемнің мәтіндік, стильдік, қатысымдық бірлік ретіндегі рөлі
2.1 Жақты сөйлемдердің мәтін құраудағы мәні
Мәтін – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі – тұтастығымен ерекшеленетін
бүтін жүйе. Тіл білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған
байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне оқытушылар мен
тілшілер назар аудара бастады. Бұрын мәтін дербес жиынтық тұлға ретінде
жеке өзі зерттеу өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жұмсалатын
контекст есебінде қарастырылатын де, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары
сөз болатын.
Көркем шығарма немесе кез келген мәтін қатысымдық негізде құрылып,
оқырманға, қабылдаушыға әр түрлі әсер етеді. Сөйлеу актісінің орын алуы
үшін мәтіннің қосылуы шарт болса, мәтінді тудырушы адресант пен мәтінді
қабылдаушы адресаттың да болуы қажет. Автор мен оқырман байланыс арнасының
екі жағында болғандықтан қарым-қатынас барысында екеуінің де рөлі ерекше.
Әдетте көркем шығармада автор ролінің маңызы зор. Дегенмен оқырманның да
психологиялық күйі мен қабылдау, пайымдау табиғатын жоққа шығаруға
болмайды. Мәтінді оқып түсіну арқылы оқырманның әлеуеттік болмысы
қалыптасады. Оқырманның мәтінді қабылдауы жөнінде белгілі ғалым Н.Уәли
былай дейді: ...ықпал етуші субъектінің, сырт қарағанда, сөз мәтінін
тудырушы, өндіруші ретінде әрекеті белсендірек көрінеді де мәтін
қабылдаушыда белсенділік жоқ сияқты сезіледі. Алайда мәтінді қабылдаушыда
да белсенділік болады. Бірақ бұл белсенділік — ішкі белсенділік[16] .
Көркем мәтінде тура қатынас орнамағандықтан, оқырман тікелей адресат
ретінде қарастырылмайды. Адресатты анықтауға ықпал ететін жайттар ретіңде
шығарманың бағытын, стилін, автордың жеке тілдік қолданыс ерекшелігін
көркем мәтіннің қатысымдық мәні мен қызметін айтуға болады.
Көркем мәтіңде басқа мәтіндерге қарағанда коммуникация үдерісі
күрделірек болады. Себебі, көркем мәтінде баяншы және қабылдаушымен қатар
автор бейнесі мен оқырман бейнесі қалыптасады. Мысалы:
Көркем шығармадағы автор мен оқырман арасындағы коммуникацияның жүзеге
асуьн былайша көрсетуге болады:
көркем шығарманы тудырушы — автор;
көркем шығарманың идеясын жеткізуші - баяншы;
көркем мәтіннің мазмұны - хабар;
көркем шығарманы қабылдаушы - адресат.
Көркем мәтін оқырманға жол тартқанда оқырман мен автор арасындағы
қарым-қатынас әрекетінің сипаты түрліше өрбиді. Ауызша сөйлеу барысында
баяншы қатынас жасауға қажет адресат факторын ескереді. Автор көркем
шығарамадағы бейнелеулермсн оқырманның дүннетанымын кеңейтеді, оны тың
қарым-қатынасқа жетелейді. Сондықтан, көркем шығарма барысында жазушы
оқырманмен өзара қарым-қатынас орнатып, қатысымдық байланысқа түседі.
Осыдан келіп, оқырман мен автор арасында іштей пікірлесу орнайды.
Осылайша, автордан оқырманға бағытталған көркем мәтіндегі мағлұмат
мазмұны көптеген сүзгіден өтеді. Хабарды түсіну, қабылдау автор мен оқырман
арасында рухани қарым-қатынасты қалыптастырып, шығарманың мазмұнын өзара
қатысымдық тұрғыда жеткізуте көмектеседі.
Сырқат адам көздерін жұмып, біраз үнсіз қалды. Сосын, аларыңқыраған
жанарымен бұған көз қиығын салып біраз қарады.
– Басжібін үзген бұқадай сүмеңдеп, біреудің ақ некелі қатынының ізінде
жүргенді қой! Елде сөз бар... Желкілдеген жас емессің... Әлгі ақшаны
неғыласың? – деді туысы кенет.
Құлпытас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір құрамды сөйлемдер
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Белгісіз жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Жақты сөйлем
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
Есімді сөйлемдер
Пәндер