Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті ден танудан туындайтын жағдайла



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Азаматтарды хабар.ошарсыз кетті ден танудан туындайтын жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Азаматтардың тұрғылықты жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Азаматтарды хабар.ошарсыз кетті деп танудың түсінігі мен ұғымы ... ... ..9
1.3.Хабар.ошарсыз кеткен адамның мүлкін сақтау және хабар.ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1.Азаматты өлді деп жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2.Өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайлар..22
2.3.Азаматтық хал актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып, «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп және өлді деп жариялаудың түсінігі мен тәртібі» тақырыбын қарастырдық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде – адам және өмірі оның құқықтары мен бостандықтары көрсетілген.
Кеңес Одағы тарап Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастап өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгіленген.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Екі бөлім мына тақырыптардан тұрады. Олар:
- Хабар-ошарсыз кетті деп танудан туындайтын жағжайлар;
- Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары;
Хабар-ошарсыз кетті деп танудан туындайтын жағдайлар үш бөліктен тұрады. Олар: азаматтың тұрғылықты жері; азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың түсінігі мен ұғымы; хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкін сақтау және хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жою.
Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары да үш бөліктен тұрады. Олар: азаматты өлді деп жариялау; өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайлар; азаматтық хал актілері.
Жұмыстың мақсаты. Заң бойынша азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылатындығы, азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл мәлімет болмаса, хабар – ошарсыз кетті деп тануы, оның мүлкіне сот шешімімен қорғаншылық белгіленуі, азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы дерек болмаса өлді леп жариялауы, өлді деп жарияланған адам тірі оралған кезде немесе оның тұрған жері белгілі болған кезде сот тиісті шешімнің күшін жоятындығы туралы мәселелер көрсетіледі.
Қоныс аударушылар мен босқындардың тұрғылықты жеріне тоқталатын болсақ, қоныс аударушылар дегеніміз басқа бір жерге көшуіне байланысты тұрғылықты жерін ауыстыратын тұлғаларды айтамыз. Бұл жерде ол жеке тәртіпте қоныс аударушыларға емес белгілі бір оқиғаға байланысты қоныс аударушыларға ғана қатысты. Бұл оқиғалар су тасқыны, жердің улануына байланысты оқиғалар және т.б. жатқызуға болады.
Сонымен қатар, азаматты өлді деп жариялаудың нақты өліммен айырмашылығы, онда өлім фактісімен емес, тек презумция белгіленеді. Сондықтан кейбір өлді деп жарияланған азамат ерекше жағжайларды тірі болған реттерде сот шешімі оның құқық қабілеттілігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Ал егер азамат шын мәнінде өлген болса, онда оның құқық қабілеттілігі оны өлді деп жариялау туралы сот шешімінің қай кезде шыққанына қарамастан, жалпы өлім ретінде тоқтатылады.
Курстық жұмыста осыларды және басқа мәселелерді толығырақ ашып көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер

Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 жыл.(2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім 27.12.1994 жыл және Ерекше бөлім 01.07.1999 жыл) .2012 жылғы 12 қаңтардағы № 539-IV Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 2009 жылғы 11 шілдедегі № 185-IV Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен.
4. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518- IV Кодексі (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
5. ҚР Жоғарғы Сотының 25.09.1968 ж. «Хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысы ( ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.2004 ж. нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен).
6. «ҚР-да азаматтық хал актілерін тіркеудің тәртібі туралы Ережелер» ҚР Үкіметінің № 620 22.05.1999 жылғы қаулысымен бекітілген.

Арнайы әдебиеттер:
1. Преступление против собственности, нормативные акты и справочные материалы. Алматы 1997 г.
2. Комментарий к Гражданскому кодексу РК. 1,2,3,4-выпуск. Алматы 1998г.
3. Комментарий к Гражданскому кодексу РСФСР. Братусь С.Н., Садиков О.Н. М. 1982г.
4. Төлеуғалиев Ғ. ҚР. Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. 1-том. Алматы. Жеті жарғы, 2001.
5. Ғ.И.Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Оқулық. І том 1998ж.
6. Б.З.Ашитов. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы. Жеті Жарғы. 1997ж.
7. Ю.К.Толстой., А.П.Сергеева. Учебник. Гражданское право РК. 1999г.
8. Е.А.Суханов. Азаматтық құқық. 1-том. 1999 ж.
9. Е.А.Суханов. Лекции о праве собственности. М. юридическая литература 1991г.
10. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
11. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
12. Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2004 ж.
13. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық: Ерекше бөлім: Оқулық/. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті ден танудан туындайтын жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Азаматтардың тұрғылықты жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп танудың түсінігі мен ұғымы ... ... ..9
1.3.Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкін сақтау және хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1.Азаматты өлді деп жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2.Өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайлар..22
2.3.Азаматтық хал актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып, Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп және өлді деп жариялаудың түсінігі мен тәртібі тақырыбын қарастырдық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде - адам және өмірі оның құқықтары мен бостандықтары көрсетілген.
Кеңес Одағы тарап Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастап өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгіленген.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Екі бөлім мына тақырыптардан тұрады. Олар:
oo Хабар-ошарсыз кетті деп танудан туындайтын жағжайлар;
oo Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары;
Хабар-ошарсыз кетті деп танудан туындайтын жағдайлар үш бөліктен тұрады. Олар: азаматтың тұрғылықты жері; азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың түсінігі мен ұғымы; хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкін сақтау және хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жою.
Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары да үш бөліктен тұрады. Олар: азаматты өлді деп жариялау; өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайлар; азаматтық хал актілері.
Жұмыстың мақсаты. Заң бойынша азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылатындығы, азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл мәлімет болмаса, хабар - ошарсыз кетті деп тануы, оның мүлкіне сот шешімімен қорғаншылық белгіленуі, азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы дерек болмаса өлді леп жариялауы, өлді деп жарияланған адам тірі оралған кезде немесе оның тұрған жері белгілі болған кезде сот тиісті шешімнің күшін жоятындығы туралы мәселелер көрсетіледі.
Қоныс аударушылар мен босқындардың тұрғылықты жеріне тоқталатын болсақ, қоныс аударушылар дегеніміз басқа бір жерге көшуіне байланысты тұрғылықты жерін ауыстыратын тұлғаларды айтамыз. Бұл жерде ол жеке тәртіпте қоныс аударушыларға емес белгілі бір оқиғаға байланысты қоныс аударушыларға ғана қатысты. Бұл оқиғалар су тасқыны, жердің улануына байланысты оқиғалар және т.б. жатқызуға болады.
Сонымен қатар, азаматты өлді деп жариялаудың нақты өліммен айырмашылығы, онда өлім фактісімен емес, тек презумция белгіленеді. Сондықтан кейбір өлді деп жарияланған азамат ерекше жағжайларды тірі болған реттерде сот шешімі оның құқық қабілеттілігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Ал егер азамат шын мәнінде өлген болса, онда оның құқық қабілеттілігі оны өлді деп жариялау туралы сот шешімінің қай кезде шыққанына қарамастан, жалпы өлім ретінде тоқтатылады.
Курстық жұмыста осыларды және басқа мәселелерді толығырақ ашып көрсету.

1.Азаматтты хабар-ошарсыз кетті деп танудан туындайтын жағдайлар
1.1.Азаматтардың тұрғылықты жері
Заң бойынша азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылатындығы көрсетілген. Бұл заңның мағынасы бойынша азаматта тек бір ғана тұрғылықты жер болады.
Тұрақты тұру міндетті түрде ұзақ мерзім тұру мағынасын білдірмейді. Бұл бойынша белгілі жағдайларға байланысты азаматтардың белгіленген жерде тұруы маңызды болып табылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітірген жас маман белгіленген бір елді мекенге келгеннен кейін оның тұрғылықты жері оның оқыған жері немесе ата-анасының тұрғылықты жері емес, осы келген елді мекен болады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық құқықтық әрекеттер азаматтық тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі.
Азаматтық кодекстің 16-бабындағы "көбінесе тұру" түсінігі үлкен маңызға ие болады. Себебі азаматтың өмірі мен қызметі белгілі бір жермен тұрақты байланыста болмайды. Мысалы, геологтар, теңізшілер, балықшылар, құрылысшылар және т.б. мамандық иелері өмірінің көп бөлігін сапарларда, жүзулерде құрылыстарда тағы сол сияқты жерлерде өткізеді. Осындай жағдайларда олардың тұрғылықты жері де олардың көбінесе тұратын, яғни басқа жерлерге қарағанда көбірек тұратын жері танылады.
Әрбір 18 жасқа толған азамат тұрғылықты жерін өз қалауы бойынша таңдайды. Тұрғылықты жерді еркін таңдау халықаралық клісім шарттармен реттелген. Азаматтардың құқықтарының аса маңыздыларының бірі болып табылады. Азаматтардың тұрғылықты жерді өзгерту қажеттілігінің туындау жиі болатын құбылыс. Осыған байланысты көшіп-қону процесін құқықтық реттеу қажеттілігі туындайды.
Азаматтың тұрғылықты жері жергілікті түрде анық белгіленуі тиіс, мысалы, тек қана елді мекенді көрсету дұрыс емес, онда көшесін, үй номерін, пәтерін көрсету қажет. Белгілі бір жер бір тұлғаның тұрғылықты жері ма жоқ па деген дау туындаған жағдайда сұрақ объективті белгілер негізінде, яғни осы жерде тұрғылықты тұру немесе көбінесе тұру негізінде шешіледі.
Кейбір азаматтар категорияларына заңды, яғни заңмен белгіленген тұрғылықты жері қарастырылған. Ата-анасы, асырап алушысы немесе қамқоршысының тұрғылықты жері 14 жасқа жетпеген және кәмелетке толмаған тұлғаның тұрғылықты жері болып табылады. Ал ата-анасы немесе асырап алуышары бөлек тұратын болса, онда бала кіммен бірге тұрса сол жер оның тұрғылықты жері болып есептеледі. Қамқоршылықта болатын әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың тұрғылықты жері қамқоршысының тұрғылықты тұратын жері болып табылады.
Қоныс аударушылар мен босқындардың тұрғылықты жеріне тоқталатын болсақ, қоныс аударушылар дегеніміз басқа бір жерге көшуіне байланысты тұрғылықты жерін ауыстыратын тұлғаларды айтамыз. Бұл жерде ол жеке тәртіпте қоныс аударушыларға емес белгілі бір оқиғаға байланысты қоныс аударушыларға ғана қатысты. Бұл оқиғалар су тасқыны, жердің улануына байланысты оқиғалар және т.б. жатқызуға болады. Қоныс аударушылар осындай жағдайлардың барлығында тұрғылықты жерін басқа жерге ауыстырады. Осы ретте тиісті мекемелерге қоныс аударушыларға баспана, жұмыс және басқа да жақтардан қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Кейбір жағдайларда қоныс аудару азаматтар мен мемлекеттің немесе тағы басқа да мекемелердің келісім шарт жасасу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ол алыс жерге орналасқан және адамдар аз қоныстанған территорияларды қамту, жаңа құрылыстар салу мақсаттарында болуы мүмкін. Осы жағдайларда қоныс аударушылар мен мекемелердің арасындағы қатынастар нормативтік актілермен және келісім шарттармен реттеледі. Осы ретте қоныс аударушылардың бұрынғы тұрғылықты жеріне қайтып келу мүмкіндігі де қарастырылуы мүмкін.
Ал босқындар әскери әрекеттерден қашып яғни өз үйлерін амалсыздан тастап кеткен тұлғалар тұрған жері туралы мәселе басқаша шешіледі.
Босқындардың тұрғылықты жері мәселесін қарағанда олардың амалсыздан кетер алдында тұрған жері сол қалпында олардың тұрғын жері болып саналады деп қарастыру керек. Бірақ көптеген босқындар әр түрлі жолдармен мемлекеттің басқа өлкелері мен қалаларында тұрған жерге иеленеді. Мысалы: пәтер ауыстыру, өз үйін салу немесе сатып алу.
Тұрғылықты жердің нақты дәл анықтамасы өзінің құқықтар мен мүдделерін қорғауда, өзінің құқық қатынастарының заңдылығын қамтамасыз етуде, сан қатар мемлекеттің мүддесін қорғауда үлкен маңызға ие болады.
Азаматтың дәл нақты тұрғын жерін білу қажеттілігі құқықтық сипаттағы бірқатар сұрау иелену кезінде пайда болады. Мысалы: міндеттеме қай жерде орындалу қажеттілігі туралы сұрау, көбінесе міндеттемелік құқық қатынас қатысушылары қарыз беуші мен қарыз алушының тұрғын жеріне байланысты шешіледі. Азаматтық тұрмыс жағдайын жақсарту үшін есепке қою туралы сұрақ та әдетте оның тұрғын жері бойынша шешіледі.
Азаматтың сол жерде берілген уақытта деген жалпы болжам тұрғын тұру адресіне ресми шақырулар мен хабарландырулар жіберіледі. Азаматтың тұрғын жерін анықтау маңызды заңдық мәнге ие болады. Себебі одан белгілі бір құқықты нәтижелер шығуы мүмкін. Осыған сәйкес азаматтың тұрғын жерінде белгілі бір уақыт бойы ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, онда ол хабар-ошарсыз кетті немесе өлді деп жариялануы мүмкін, құқығын қорғау туралы талап-арыз тұрғын жер бойынша беріледі. Кейбір міндеттемелер кредитордың тұрғын жеріне орындалуға тиіс. Азаматтың тұрғын жерін анықталумен басқа да заңды нәтижелер байланысты болуы мүмкін.
Елді мекен түсінігі 1993 ж. 8-желтоқсанда қабылданған ҚР әкімшілік-территориалды орналастыру туралы заңында көрсетілген. Осы заңның 2-бабында көрсетілгендей елді мекен дегеніміз саны 50 адаммен кем емес, белгіленген тәртіпте тіркелген және реттелген ҚР территориясының адамдар жинақы қоныстанған бөлігі болып табылады. Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Қалалық елді мекенге қалалар мен поселоктар жатады. Ал қалғандарға ауылдар, селолар т.б. барлығы ауылдық елді мекенге жатады. Тұрғын жерді азамат өзі таңдайды. Тұрғын жерді таңдау - азаматтың конституциялық құқығы. ҚР конституцияның 21-бап 1-тармағына сәйкес ҚР аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.

1.2.Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп танудың түсінігі мен ұғымы
Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін.
Азаматтың тұрғын жерінде ұзақ уақыт бойы жоқ болуы, егер оның қай жерде екені белгісіз болуы онымен құқықтық қатынаста болған мекемелер мен азаматтар үшін ешқандай әсерін тигізбейді деп айтуға болмайды. Мысалы: егер азамат қарыз болған болса қарыз берушілер қарызын талап ете алмайды. Асырауда болған әрекет қабілеттігі жоқ одан қаражат алуды тоқтатады. Бірақ пенсия да ала алмайды. Себебі олар асыраушысы бар деп есептеледі. Азамат ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда оның тұрғын жерінде қараусыз қалған мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін.
Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметтерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Осындай азаматтың ұзақ бойы жоқ болғандығы құқықтық белгісіздікті және көрсетілгендей оның мүлкіне жағымсыз жағдайларды болдырмау мақсатында заң ерекше құқықтық жағдай яғни азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануды қарастырған. Хабар-ошарсыз кету дегеніміз азаматтың берілген уақытта қай жерде екендігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда оның тұрғылықты жерінде ұзақ уақыт бойы жоқ болуының сот тәртібі арқылы куәландырылған фактісі болып табылады. Азаматтық заңдар негізінің 10-бабы 1-тармағы және азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес егер азаматтық тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Соңғы деректер алынған күн хабар-ошарсыз кеткен адамның соңғы хатын көрсету арқылы белгіленуі мүмкін. Ал хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айының бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы бірінші қаңтар хабар-ошарсыз кетудің басталған күні деп есептеледі.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану тек оның қай жерде екендігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда ғана болады. Сондықтан сәйкесінше мекемелерде бұл істерді қарау алдында оның соңғы кездерде болғандығы белгілі жерлерден, жұмыс орны, туылған жері және тағы басқалардан ол адам туралы деректер сұратады.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан шығатын құқықтық нәтижелер төменшегіше болады.
Біріншіден, сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қамқорлық бекітіледі. Қамқоршы осы мүліктерден хабар-ошарсыз адам заң бойынша асырауға тиісті адамдарға (кәмелетке толмаған балалар, еңбек қабілеті жоқ ата-аналар, т.б.) қаражат беріп отырады және оның қарыздарын төлейді.
Екіншіден, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп жариялағаннан кейін оның асырауында болған жанұяның еңбекке жарамсыз мүшелерінің зейнет ақы заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты зейнет ақы алуға құқығы болады.
Үшіншіден, хабар-ошарсыз кеткен адамның атына берілген, сонымен қатар оның өзі де берген сенім хаттардың күші жойылады. Хабар-ошарсыз кеткен адамның жұбайы АХАЖ бөлімдерінде некесін бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен азамат қайтып келген жағдайда немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматтың мүлкіне қамқоршылық алынып тасталады және оны хабар-ошарсыз кетті деп танумен байланысты басқа да құқықтық қатынастар тоқтатылады. Хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін тоқтату үшін сол хабарсыз азаматтың кетті деген азаматтың немесе мүдделі жақтардың, не прокурордың арызы бойынша сот жаңадан шешім шығарады.

1.3. Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкін сақтау және хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жою
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар- ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.
Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматтық кодекстің 29-бабының 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.
Мүлікке қамқоршылық тағайындау 2 түрлі жағдайда бекітілуі мүмкін. Біріншіден, қамқоршылық азамат хабар-ошарсыз кетті деп жарияланудың алдында да мүдделі азаматтардың арызы бойынша қамқоршылық және қорғаншылық мекемесі тарапынан тағайындалуы мүмкін. Бұл мысалы, мүлікке жоғалу қаупі төнсе және өз қалпында сақталуын қамтамасыз ету қажет болатын басқа да жағдайларды болады.
Екіншіден жағдай, бұл Азаматтық іс жүргізу кодексімен қарастырылған судьяның азаматты хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы арызын қабылдағаннан кейін қамқоршылық және қорғаншылық мекемесіне хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкін қорғау үшін қамқоршы тағайындауға ұсыныс жасау құқығы болып табылады. Осы жағдайда сот шешімінің күші жойылғанаға дейін қамқоршының жасаған мәмілелері қайтып келген азамат үшін өз күшінде болады.
Қарқаралы аудандық сотымен хабар ошарсыз кетті деп тану туралы істер тоқсаныншы жылдары, екі мыңыншы жылдардың басында жиі қаралды. Қазіргі уақытта хабар ошарсыз кетті деп танылаған адамдар бойынша мемлекеттік органдардың базаларына мәлімет түсіп, сот шешімдерінің күшін жаңадан ашылған мән-жайлары бойынша жою туралы өтініштер түсіп жатыр.
Мысалы Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті ММ-нің Қарқаралы аудандық сотының 2004 жылғы Қарқаралы қаласы тұрғыны К.А.-ты хабар - ошарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген шешімінің күшін жою туралы өтініші қаралды.
Қарқаралы аудандық сотының 2004 жылғы заңды күшіне енген шешімімен азаматша К.-ның өтініші қанағаттандырылып, Қарқаралы қаласы тұрғыны К.А. хабар - ошарсыз кетті деп танылған.
Жоғарыда көрсетілген сот шешімі негізінде Мемлекеттік қорғау Министрлігінің Қарағанды облыстық Департаментінің шешімімен хабар-ошарсыз кеткен азаматтың балаларына асыраушысының айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 301 бабына сәйкес, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім мүлікке қамқоршылық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы оның қайтыс болуы туралы жазбаны жоюға негіз болып табылады.
2.Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.1.Азаматты өлді деп жариялау
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп жариялау пайда болған құқықтық белгісіздікті жоймайды, себебі ол бірқатар құқықтық қатынастардың қатысушысы болып қала береді. Сонымен қатар, азаматтың ұзақ уақыт жоқ болып және оның қай жерде жүргендігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда оны өлді деп жариялауға негіз бола алады. Бірақ мұндай қорытынды шығару үшін осы фактілер ресми тәртіпте белгіленуі керек. Себебі бұл сұрақтарды шешу кезінде қателіктерді жіберу тұлғаның құқығы мен мүддесін бұзуы мүмкін.
Азаматтық заңдар негізінің 10-бабы 2-тармағы және ҚР Азаматтық кодексінің 31-бабы 1-тармағында көрсетілгендей азамат сот тәртібі арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жерде оның алдын-ала хабар-ошарсыз кетті деп танылуының қажеті жоқ. Азаматтың ол туралы соңғы мәліметтер келген уақыттан бастап 3 жыл бойы тұрғылықты жерінде жоқ болуы, екіншіден, заңда көрсетілген белгі бір жағдайда 6 ай мерзімде, егер көрсетілген уақыт ішінде азаматтың жүрген жері туралы мәліметтер болмауы және барлық қолданылған шараларға қарамастан оның тірі екендігін анықтау мүмкін болмағандығы азаматты өлді деп жариялаудың негізі болып табылады.
Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Азаматты өлді деп жариялау үшін қысқартылған 6 айлық мерзім заңда көрсетілгендей азамат егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда қолданылады. Мысалы, егер азамат суға батып кеткен немесе апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы не экипаж мүшесі болса, оны өлді деп жариялау үшін 6 ай мерзім өту керек. Себебі оны өлді деп жорамалдауға негіз бар болып табылады. Бірақ бұл жағдайда азаматтың өлімі фактісін танымайды, ол жерде бақытсыз жағдай кезіндегі өлім презумциясы негізінде оны өлді деп таниды.
Заң соғыс кезінде хабарсыз кеткендерді өлді деп жариялауды ерекше белгілейді. Азамат сот тәртібі бойынша әскери қимылдар аяқталғаннан кейін ғана өлді деп жариялауы мүмкін.
Азаматты өлді деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде АХАЖ мекемелері мүдделі тұлғаларға оның өлгендігі туралы куәлік бере алады. Өлді деп жариялау туралы сот шешімінің күшіне енген күні өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін.
Азаматты өлді деп жариялаудың құқықтық нәтижелері оған құқық субъектісі ретіндегі тиісті болған барлық құқықтарының жойылуы немесе мұрагерлігіне өтуі, яғни адам өлімі кезіндегідей фактілі нәтижелері болады.
Адамды өлді деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгендігі туралы жазылады. Бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.
Сонымен қатар, азаматты өлді деп жариялаудың нақты өліммен айырмашылығы, онда өлім фактісімен емес, тек презумция белгіленеді. Сондықтан кейбір өлді деп жарияланған азамат ерекше жағжайларды тірі болған реттерде сот шешімі оның құқық қабілеттілігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Ал егер азамат шын мәнінде өлген болса, онда оның құқық қабілеттілігі оны өлді деп жариялау туралы сот шешімінің қай кезде шыққанына қарамастан, жалпы өлім ретінде тоқтатылады.
Азаматтық кодекстің З1-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады.
Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал, өлім қатері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматты хабар – ошарсыз кетті деп тану
Хабар-ошарсыз кету және азаматты өлді деп жариялау
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі
Азаматтарға жүктелетін құқықтар мен міндеттер
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша іс-жүргізу
Азаматтардың тұрғылықты жері
Пәндер