Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Акционерлік қоғам түсінігі, белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаты мен оны құру, қайта құру, тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Акционерлік қоғамның органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2. Азаматтық заңнамалар бойынша акционерлік қоғамның түрлері ... ... 29
3. Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.1. Акционерлік қоғамның акция шығаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2. Акционерлердің құқығы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе

Нарықтық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болады. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын бір жерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға құқықтары бар. Акция (французша action – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үрдіс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын құрылтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңды тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері» деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – республикадағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік. Акционерлік қоғамға жалпы түсінік бере отырып осы тарауды үші тақырыпшаға бөліп қарастырмақпын.
Екінші бөлімінде Азаматтық заңнамалар бойынша Акционерлік қоғамның түрлері.
Үшінші бөлімінде Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы жөнінде қарастырылады.
Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан (Жалпы бөлім) (11 сәуір2014 толықтырулар мен қзгертулер)
2. Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылдың 13 мамырдағы №415 Заңы
3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» туралы 1999 жылғы 15 қаңтардағы №3 бұйрығы

Арнайы әдебиеттер:
1. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб.пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. – Алматы: ВШП «Әділет», 2000 . 20-21бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Акционерлік қоғам түсінігі, белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаты мен оны құру, қайта құру, тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Акционерлік қоғамның органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2. Азаматтық заңнамалар бойынша акционерлік қоғамның түрлері ... ... 29
3. Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.1. Акционерлік қоғамның акция шығаруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2. Акционерлердің құқығы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Кіріспе

Нарықтық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болады. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын бір жерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға құқықтары бар. Акция (французша action - құнды қағаз) - акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үрдіс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын құрылтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңды тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - республикадағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік. Акционерлік қоғамға жалпы түсінік бере отырып осы тарауды үші тақырыпшаға бөліп қарастырмақпын.
Екінші бөлімінде Азаматтық заңнамалар бойынша Акционерлік қоғамның түрлері.
Үшінші бөлімінде Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы жөнінде қарастырылады.

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
1.1. Акционерлік қоғамның түсінігі, белгілері

Қарастырылып отырған қоғам коммерциялық заңды тұлға боып табылады, сонымен қоса оның міндеттері мен құқықтары бар. Яғни бұл - акционерлік қоғам.
Акционерлік қоғам мүшесінің дүние-мүлгіне және меншігіне акционердің қол сұғуына құқығы жоқ, бірақ акционердің құқығы мен міндеттері шектеулі . Акционердің мүліктік құқығының негізгі элементі - құқық меншігі мен бағалы ұағаздар немесе акциялар. Акционер акцияларын мирасқа қалдыруға, біреуге беруге және сатуға құқығы бар. Бірақ келесі акционердің келесі акционерге мінездеме беруге құқығы бар. Акция сатытушыдан акция сатып алушының құқықтары мен міндеттері заңға сәйкес жүргізіледі.
Айрықша жағдай тууы мүмкін, акционерлік қоғам мемлекеттік кәсіпорынға өзгерген жағдайда мемлекет өзімен бірге бақылау пакеті акцияларын қалдыруы мүмкін.
Бұндай акционерлік қоғамның мүлкі мен құқық қабілеттілігі кімге тиесілі?
Сирек емес жағдайда өзгертілген акционерлік қоғам мемлекетке тиесілі. Оны мемлекеттік акционерлік қоғам деп атайды.
Бірақ, бұл заңды тұрғыдан қарағанда бұл пікір дұрыс емес. Акционерлік қоғам тіпті білімді қоғамның өзінде өзінің мүлкін, құқық қабілеттілігін сақтап қала алатын тұлға бола алады, ал мемлекеттің атынан акцияларн басқаратын тұлға сол акциялар оның меншігіне өтеді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда заңды тұлғаның мемлекеттік билігі әлсіз емес мықты болады, себебі мемлекеттің атынан акцияны басқаратын тұлға акционерлік қоғамның барлық мүліктерді қарауға байлансты мәселелерді шешуге қатысып бәрін бақылап отырады. Бірақ заңды тұрғыда мұндай шешім министрліктің акімшілігінен емес, ал акционерлік қоғамның басқару органдарымен шешіледі.1
Акционерлік қоғам - өз қызметін іске асыру үшін қаражат тарту мақсатындағы акциялар шығаратын заңдылық тұлға.
Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.
Қоғам балансында ескерілетін иелігінде жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.

[1] Ю.Г. Басин Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП Әділет, 200. -20-21 стр.
Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.
Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.
Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.
Акционерлік қоғамның акциялары
Акция - меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі - акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.
Егер Акционерлік қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акционерлік капиталды көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ акция иелері акционерлер санын көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер ескі акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады. Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шақалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.
Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.
Әдетте, Акционерлік қоғам жасырын резервтердің өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервтер жиналымдар біткеннен кейін акционерлік компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.
Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады.
Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция курсы деп аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.
Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.
Банктік пайыздық көресткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарлауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияны номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі - 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.
Берілген түсніктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді.
Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы - заңды түрде компанияның акционері екендігін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар.
Акцияның әр түрлі артықшылықтар мен кемшіліктерге ие.
Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.
Акциялар тағы жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акция - акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жай акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі анықталғанға дейін кепілді табыс нормасына төленеді. Артықшылығы бар акцияның екі түрі бар. Біріншісі: нақты белгіленген дивиденті бар акция, бұдан қоғам қызметінің нәтижесін байланыссыз алдын ала келісілген табыс төленеді. Артықшылығы бар акцияның бұл түрі өз мәні бойынша облигациядан айырмашылығы жоқ. Бұндай акция өте сенімді, бірақ олардың дивидентің жоғарылауы болмайды. Артықшылығы бар акциялардың сату барысында компания акцияның тұрақты бағасын қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері, акцияларды биржалық курспен сатудан түскен пайданы бөлуге қатыса алмайды. Артықшылығы бар акция ішінде нақты белгіленген дивидендке қоса, қосымша шектеулі көлемде табыстың белгілі бір бөлігі төленеді. Сонымен қатар, артықшылығы бар акция иемденушілер, компания жойылғанда, қоғам мүлігін бөлуде басымдылыққа ие болады.
Компания жай акциялар бойынша қарыздарды өтеу бұрын, артықшылығы бар акция иемденушілерге, сол акцияның номиналды құнынан жоғары яғни, нарықтық курсты жабатын сомма төленеді. Соған қарамастан артықшылығы бар акция иемденушілеріне қоғам жойылуында теріс жақтары бар. Қоғамды заңды түрде резервтер болады. Оларды бөлу көбінесе жай акцияларға кетеді, сондықтан жай акцияларға төленгенде олардың номиналдық құнынан әлде қайда жоғары болады.

1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаты мен оны құру, қайта құру, тоқтату

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғам Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.1

1 Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Заңының 6-бабы.

Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
6) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
7) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
8) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
9) қоғамның жарғысын бекітеді.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):
1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері; заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі
3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;
4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;
5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
6) қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) құрылтайшылардың шешімі бойынша.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.
Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 1
Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.
Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды. Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.

1 Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Заңының 6-бабының 3-тармағы

Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.
Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
3-1) оларға қатысты алтын акция (ол болған кезде) иесінің вето құқығы белгіленген мәселелер, сондай-ақ алтын акция иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
5) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
6) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
6-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi;
7) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
8) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
9) Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс.
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс.
Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.
Қоғамның өз қызметіне қатысты құжаттарды қоғам өзі қызмет еткен бүкіл мерзім ішінде қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгіленген өзге де жерде сақтауға тиіс.
Мына құжаттар:
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және (немесе) белгілі бір әрекеттер жасауға алған лицензиялары;
5) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
6) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
7) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту;
8) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
9) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
10) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі;
11) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
12) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;
13) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.
Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл орайда қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.
Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.
Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.
Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның акциялары шығарылымның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
Қоғамдарды бiрiктіру жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын бір қоғамның инвестициялары қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға шегеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін еншілес ұйым біріккен жағдайда, құрылған қоғамның акциялары негізгі ұйым акционерлері арасында орналастырылады.
Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекiту туралы ереже;
2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Өткiзу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi қоса тiркеледi. Біріктірілетін қоғамның біріктіру туралы шарттың негізiнде және өткiзу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға біріктірілуі деп танылады. Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес 83-баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткiзу) бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткiзу) арқылы оның акцияларын сатып алады.1
Біріктірілетін қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал біріктірілетін қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткiзу актiсiне сәйкес біріктіру жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.

1 Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Заңының 83-бабының 2-тармағы
Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасы біріктірілетін қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады. Біріктіру жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
Біріктірілетін қоғамның директорлар кеңесi біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру туралы, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады. Біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды біріктіру нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.
Біріктіру туралы шешім өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғам мен біріктірілетін қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады. Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының біріктіру туралы шешімінде біріктіруге қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасы, өзіне біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, біріктірудің өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс. Біріктіру туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс.
Біріктірілетін қоғам, сондай-ақ біріктіру жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, сондай-ақ біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi. Кредиторларға тапсыру актісін қоса бере отырып, жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды.1 Олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру туралы ақпарат тапсыру актісімен кредиторларды таныстыру уақытын, орнын және тәртібін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және қайта ұйымдастырылатын банктердің корпоративтік веб-сайтында жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі өзіне қатысты Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде осы баптың біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.1
Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады. Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.
Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады. Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тіркеледi.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.

1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.
Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады. Қоғам Назарбаев Университеті1, Назарбаев Зияткерлік мектептері2 және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы3 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып, сондай-ақ Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы4 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.

1 Назарбаев Университеті мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы
2 Назарбаев Зияткерлік мектептері мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы
3 Назарбаев Қоры мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы
4 "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ

Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады. Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталының мөлшері қайта ұйымдастырылатын қоғам өткізу актісіне сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.
Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.
Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады. Таратылу коммециясы қоғамның таратылу кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіліктерге ие болады. Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
1) бірінші кезекте - Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу.
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғам
Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Капиталдар туралы
Заңды тұлғалар
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы
Меншіктің акционерлік формасы
Капитал
Пәндер