Құқық нормаларының теориялық негіздері



ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4 II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.22
1.ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... .5.15
1.1. Құқық нормаларын жүзеге асыру түсінігі және нысандары ... ... ... ... .5.10 1.2. Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.13 1.3. Нормативтік.құқықтық актілерді жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
2.ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.22
2.1.Құқық нормаларын қолдану,құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.18 2.2.Құқық нормаларын қолдану сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.20 2.3. Заңдылық және құқықтық тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
I.КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза,шара). Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір – бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару – иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді. Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына келтіре алмайды, сондықтан мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс. Құқық қолдану оны жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынана мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарасытыралы: мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар заңмен қызмет істеу керек; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы керек. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:
1) Құқықты сақтау;
2) Құқықты орындау;
3) Құқықты пайдалану;
4) Құқықты қолдану.
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
1)істің нақтылы мән – жайларын анықтау;
2)істің заңи негізін анықтау;
3)құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
3
4)шешімді жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандарын қарастыру;
-құқықтық реттеудің мазмұны және әдістерін анықтау;
-нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу;
-құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде қарастыру;
-құқық нормаларын қолдану сатыларына тоқталу;
-заңдылық және құқық тәртібін қарастыру; Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
IV.ПАЙДАЛАҒА ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ашитов З.О.Ашитов Б.З.Қазақстан Республикасының құқық негіздері:
Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 296б
Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2002. – 320 б
Лазарев В.В Теория государства и права М,1992г.
Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2001-624б.
Малько В.А Льготы в праве. Общетеоритический аспект. Поощрение как правовое средство правоведение 1996г
Теория государства и права. Курс лекции. Под.ред. Матузова Н.И. и Малько А.В.450 стр
Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы, «Айдана» ЖШС –2001ж
Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы:Жеті жарғы, 2003 – 464 б.Алексеев С. Теория право 2 – изд М.
Теория государства и права –Под ред. Доктора юр. Наук Стрекозова В.Г.
Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 1997г,
Алексеев С.С Механизм правого регулирования в социалистическом государстве
Венгеров А.Б. Теория права и государства. - 1995
Гойман В.И.Действие право (Методологический анализ) М, 1992г.
Жоламанов ХХ:, Тауекеев А.Н., Мухтарова А.К. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы., 1998г
Лазарев В.В Теория государства и права М,1992г.
Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2001 –624б.
Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 1997г,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-22
1.ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... .5-15
1.1. Құқық нормаларын жүзеге асыру түсінігі және нысандары ... ... ... ... .5-10 1.2. Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-13 1.3. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-22
2.1.Құқық нормаларын қолдану,құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-1 8 2.2.Құқық нормаларын қолдану сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20 2.3. Заңдылық және құқықтық тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-22
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23- 24
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

I.КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. Құқықтық норма -- заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза,шара). Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір - бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару - иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді. Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына келтіре алмайды, сондықтан мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс. Құқық қолдану оны жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынана мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарасытыралы: мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар заңмен қызмет істеу керек; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы керек. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:
1) Құқықты сақтау;
2) Құқықты орындау;
3) Құқықты пайдалану;
4) Құқықты қолдану.
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
1)істің нақтылы мән - жайларын анықтау;
2)істің заңи негізін анықтау;
3)құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
3
4)шешімді жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандарын қарастыру;
-құқықтық реттеудің мазмұны және әдістерін анықтау;
-нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу;
-құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде қарастыру;
-құқық нормаларын қолдану сатыларына тоқталу;
-заңдылық және құқық тәртібін қарастыру; Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

4
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандары
Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық - жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) - құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді [2,112б].
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса оны балама гипотеза дейді. Құқықтық норманың диспозициясы - құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі.Диспозиция - құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция - мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:
а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса;
б)бейнеленген диспозиция - мінез-құлықтың барлық белгілері анықталсақ;
5
в) сілтемелі диспозиция - егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормада сілтеп нұсқасы.
Құқықтық норманың санкциясы - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері:
а) абсолютті-анық,
б) баламалы,
в) салыстырмалы. Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) - нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1.Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтырын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
2.Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болып келеді.Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс. Құқық нормасы құқықтың басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмәмдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы
6
жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері нормативтік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсіну толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, жүріс-тұрыстары тікелей реттелінетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған құқық салаларының нормалары негізінен алғанда қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді.Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады. Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдетті қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінезі, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі.Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін
7
ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша нұсқауларға немесе анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері-нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырылады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан табуға болады.
Реттеу мен қорғау нормаларының арасынан мамандандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға:
1)анықтамалық-пайымдық,яғни дифинитивтік нормалар жатады.
2)қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және т.т.с. Құқық нормалары, қоғамдық қатынастарды реттеуге, адамның тәртібіне белсенді ықпал жасауға арналған. Құқықтың адам баласына тигізетін ықпалы, олардың санасымен еркіне байланысты іске асырылады. Құқықтық реттеудің арқасында адамдар құқық нормаларындағы көрсетіл-ген ұйғарымдарды орындауға мүмкіндік алады. Олардың тәртіптері жөнделіп, қоғам дамуының талаптарына жалпы және мемлекеттің жекелеген азаматтарының мүдделеріне сай болады.
Құқық нормаларын іске асыру, нақтылы түрде адамдардың тәртібінде көрсете білу. Құқық нормаларын іске асыру (пайдалану), қоғамдық қатынастар мүшелерінің құқық нормаларын, өз мүмкіндіктерінше іске асыру жатады. Мысалы, мұндай нормалармен азаматтарға мемлекеттің өкілеттік, билік органдарын сайлауға қатынасуға құқықтары бекітіледі және өз дүниесімен иемдену, пайдалану және басқару жатады. Бұл іске асыру нысанының ерекшелігі, сол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормалары рұқсат еткен әрекеттерді жасайтын мүмкіншіліктері.
Заңдарымыздың дәлме-дәл, әрі бұлжытпай іске асу нысандары: сақтау, орындау, пайдалану, және қолдану болып табылады. Міндеттілікті орындау-міндетті түрде құқық нормаларының ұйғарымын іске асыратын белсенді әрекет жасау арқылы көрінеді. Сондай нысанда, азаматтардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттің және қоғамдық
8
ұйымдардың, олардың органдарының заңды міндеттерін белгілейтін нормалар іске асырылады. Мысалы: жеткізушінің міндеті тапсырушыға белгіленген уақытта жүкті жеткізу, борышкердің міндеті, қарызын қайтару, куәгердің міндеті, құқық қорғаушы орындарға шындықты хабарлау. Бұл нысанның ерекшелігін, субъектілердің, өздеріннің мүдделеріне қарамай, құқық нормаларында көрсетілген белсенді әрекеттерді орындауға тырысатындығынан көруге болады. Міндеттілікті сақтау - заң нормаларымен тиым салынған әрекеттерді жасамауға ұстамдылық көрсету. Ол нысанның негізіне, қоғамға мемлекетке, жеке адамға зиян келтіретін әрекеттерді жасамау. Яғни, құқық нормаларымен тиым салынған әрекеттерді жасамау арқылы, ол нормалардың талаптары орындалады. Орындаудан, сақтандырудың айырмашылығы, ол пассивтік сипатта болады себебі, заңды міндеттер мұнда белгілі әрекетті жасамау арқылы іске асырылады. Бірінші жағдайда, азаматтар әрекетке белсенді болса, құқық нормаларын орындау үшін екінші жағдайда, керісінше тиым салынған қимылды жасамау болады.Көрсетілген құқық нормаларын іске асыру нысандары, тікелей іске асыру болып табылады, себебі құқық ұйғарымдары қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өздерімен іске асырылады. Егер, берілген нысандар толық көлемде құқық нормаларымен көрсетілген құқықтармен міндеттерді іске асыруға мүмкіндік бермесе, құқықты қолдануда оның ерекше іске асыру нысандарын пайдалану қажеттігі туады. Ондай арнайы құқықты іске асыру нысандары, толық жекелеп талдап қарауды талап етеді.
Пайдалану - адамның, тұлғаның өз өкілеттілігін белсенді немесе енжар мінез - құлқымен жүзеге асыруы. Дәлірек айтсақ, субъектілердің өздеріне берілген құқықтарын, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдалану. Мысалы, ҚР Конституциясының 30 - бабының 2- тармағында: Азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар, - делінген. Бірақ, олардың осы конституциялық құқықтарды пайдалануын не одан бас тартуын өздері шешеді. Ешкімде оларды зорлап көндіруге хақысы жоқ.Құқықты қолдану түсінігі. Құқық нормаларын қолдану процессіндегі негізгі кезеңдер. Құқық нормаларын қолдану тек сол кезде қажетті болады, егер жоғарыдағы көрсетілген нысандар құқық нормаларын толық іске асыруға жетімсіз болса және ол процесске арнайы, органдардың араласуы қажет болса ғана. Құқық нормаларын қолдану - мемлекеттің құзіретті органдарының құқық нормаларын іске арналған билік әрекеті және салыстырмалы нақтылы өмірдің оқиғасы, жекелеген-белгілі адамдардың әрекеті.
Құқық нормаларын қолдануға сай келесі белгілері бар: Біріншіден, құқықты қолдану әрекетін тек қана құзіреті
9
бар мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) не мемлекет өкілеттік берген
қоғамдық ұйымдар орындайды. Екіншіден, құқық нормаларын қолдану әрекеттері мемлекеттік сипатта болады. Сол сияқты әділ соттау үшін Соттың әрекеті, не қылмыстық істі жүргізетін тергеушінің әрекетін айтуға болады. Үшіншіден, құқықты қолдану әрекетінің мазмұны құқық нормала-рының негізінде жекелеген құқықтық ұйғарымдардан (актылардан) көрінеді. Бұл актылар белгілі өмір оқиғаларына байланысты және белгілі адамдарға бағытталады. Мысалы, жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша біреуге үй берілуі т.б. Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану қатаң түрде белгілі заң негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіп әсіресе қылмыс және азаматтық құқық нормаларын қолданғанда өзінің аса маңыздылығын байқатады, себебі онда заңдылықтың жүруін дәйекті қамтамасыз ете отырып, нақтылы заңды істерді жан-жақты терең қарауға мүмкіндік туғызылады.Қашан, қандай оқиғаға байланысты құқық нормаларын қолдану қажеттілігі пайда болады?
1.Құқық нормалары құзіретті органдармен тек сонда қолданылады, егер алдын ала белгіленген заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамда пайда болсжәне олардың мемлекеттік - биліктегі әрекетінсіз іске асырылмайды. 2.Құзіретті құқық қорғау органдарының қызметі, азаматтармен ұйымдардың өз құқықтарын пайдалануға белгілі кедергілер болған оқиға кезінде қажет болады.Мысалы,азамат заң негізінде тұрғын үй сатып алады, ал екінші басқа оның сол үймен пайдалану құқығын іске асыруға кедергі жасайды. Сол оқиғаға баланысты азамат сот және әкімшілік органдарына арызданады,олардың бойынша үй иесінің бұзылған құқығын орнына келтіруге арналған шешім қаб-ылданды.
3.Құқық нормаларын қолдану қажеттігі, заңды міндеттер ерікті орындалмаған кезде пайда болады.Мысалы, бір ұйым келісім-шарт бойынша екінші ұйымға белгілі заттарды жеткізіп тұруға міндеттенеді, бірақ өз міндетін орындамайды. Бұл оқиғаға байланысты құзіретті органдар (арбитраж, сот) билікті шешім шығарады, соның негізінде күштеу арқылы ұйымдардың өз міндеттерін өтеуі қамтамасыз етіледі.
4.Құқық қорғау қызметі әр уақытта қажетті қызмет,егер құқық бұзылса және құқық бұзушыға қандай заңды жаза қолдануды белгілеу қажеттігі туатындығына байланысты.Мысалы, әскери қызметкердің теріс қылық жасағаны үшін басшысы тәртіптік ережеге сай жаза қолданады.

10
1.2 Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері

Әрбір сала, қоғамдық қатынастардың ерекше белгілі сапалы түрін объективті түрде, арнайы құқықтық реттеуді талап ететін құқық нормаларын біріктіреді. Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашы-лықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір - бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару - иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді. Құқықтық реттеу пәні - белгілі құқық саласы нормаларының ықпал жасайтын қоғамдық қатынастардың біртектес сапалы түрі. Реттеу пәні құқық нормаларын салларға бөлуге қажет басты объективтік негіз болып табылады. Құқықтық реттеу кейпі (типі) - қоғамдық қатынастарды заңды реттеудің жалпы бағыты, оның негізінде жатқан құқықтық реттеудің (рұқсат беру, міндеттеу, тиым салу) ерекшелігін көрсететін не болмаса көрсетілген әртүрлі жолдардың қабысу варианттары.
Құқықтық реттеу әдісі (заңдылық өлшемі) - сапалы жекеленген біржақты құқықтық қатынастарды реттеу заңды жолдармен құралдардың жиынтығның көмегімен іске асырылады. Құқықтық реттіліктің пәні дегеніміз - құқық нормаларымен реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастардың сапалы оқшауланған бөлігі. Өйткені, заң нормаларының құқық салалары төңірегіне шоғырлануы объективтік себептерге (құқық шығармашылық органдарының көзқарастарын тәуелді емес)байланысты.Демек,бір құқық саланың екіншісінен ажыратылуының негізі осы салалардың қоғамдық қатынастарды реттеушілік пәнінде. Мұндай қатынстар, әрине, әрқилы болып келеді және де бұлардың бір - бірінен өзгешелігі олардың мақсатқа бағытталғандығынан, мазмұны мен нысандарынан байқалады. Айталық, мемлекеттік басқару процесінде билік жүргізу мен оған бағыну қатынастары пайда болады: азаматтар, лауазымды адамдар және органдар жоғарғы органдардың, лауазымды адамдардың заңды талабын орындаудалары тиіс. Оның әрқилы ерекшелігі мынадан көрінді: басқарушы лауазымды адам (орган) жоғарыда тұрады, ал орындаушылар төменде тұрады. Бұлардың ара-қатынастарының құқықтық реттелуі әр түрлі болады. Сондықтан мемлекеттік басқару процесінен туындайтын қатынастар дербес құқықтық салалар арқылы реттелінеді, әрине бұл басқа құқық салаларынан өзгешелеу.
11
Сонымен құқықтық реттілік әдістеме дегеніміз қоғамдық қатынас-тарға құқықтың ықпал етуінің заңдық тәсілі мен әдістерінің жиынтығы. Олардың мынадай түрлері бар:
-диспозитивтік (автономдық) - заң белгілеген шегінде құқық субъекті-лерге өзара қатынастарын реттеуге мүмкіншілік беретін ықпалдық тәсіл;
-көтермелелік - ынталандыру жолымен әлеуметті маңызды әрекеттерге жұмылдыруға ықпал етуші тәсіл;
-ұсыныстық - құқық субъектілеріне ең тиімді іс -әрекет жолдарын ұсынуға ықпал ететін тәсіл. Құқықтық реттеушілік әдістерінің мынадай белгілері бар:
-құқық қатынастарын тудыруға қажетті заңды айғақтардың болуы;
-құқық қатынастарға қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілеу;
-құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттірінің сипатын және олардың өзара бөлісуді реттеу;
-санкциялардың түрі мен сипатын, яғни құқық нормаларының талаптарын бұзғандығы үшін қолданылатын жазалау шараларының және олардың қолданылу тәртібін белгілеу.
Императивтік әдістің ерекшелігі мынада: құқық қатынастарына қатысушылардың мінез-құлықтарын (тәртібін) қатаң регламенттеу; олардың жағдайларының бірдей еместігі; билік пен бағыныштылардың қарама-қатынастары болып табылады.
Диспозитивтік әдістің ерекшелігі болып табылатындар: тараптардың мінез-құлқының (тәртібінің) біркелкі бостандығы; құқық қатынастарына қатысушылардың жағдайларының теңдігі; мінез-құлық (тәртіп) жолдарын дербес таңдай алу қабілеттілігі. Құқық салаларының түрлері пәндік реттілігіне қарай (консти-туциялық, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, т.б.), мақсатына қарай) материалдық, яғни қоғамдық қатынастарды тікелей реттейтін нормалар - конституциялық, қылмыстық, азаматтық, және т.б.; іс-жүргізу, яғни, материалдық құқық салаларының қолдану тәртібін тағайындайтын нормалар - қылмыстық істі жүргізу, азаматтық істі жүргізу), пәндік біріңғайлығына қарай (негізгі, яғни оның құрамына өзге құқық салаларының нормалары кірмейді - конституциялық, азаматтық және т.б., кешенді яғни әр түрлі құқық салаларына кіретін нормалар - шаруашылық құқығы, табиғат қорғау құқығы, т.б.). Құқықтық реттіліктің әдістемелігіне қарай авторитарлық және автономиялық болып бөлінеді.
Авторитарлық әдістеме-реттеушілік биліктің құқықтық тұжырымда-рына негізделген. Автономиялық әдістеме - жақтардың қатыстарындағы мінез-құлық ережелерін реттеуге еріктілік мүмкіншілігін бері негізіне бағытталған. Демек, құқық қатынастарына қатысушылардың тәртіптік ережелерін өз еркімен қалап алуларын айтамыз. Бір қоғамдық қатынастарда құқықтық
12
реттіліктің авторитарлық әрі автономиялық әдістемелері болуы мүмкін. Сондықтан, құқық салалары екі бірдей әдістемелікті қатарынан қолдану арқылы бөлінеді.
Құқық нормаларының функционалдық роліне қарай бөлуде бастапқы (негізгі) нормалар, бұлар қоғамдық қатынастарды құқылық реттеудің негізін белгілейді, оның мақсатын, міндетін, бағытын айқындайды. Демек, оларды белгілі бір мәселені реттеудің жалпы бастапқы ережелерін көздейтін, оның қағмдатты негізін беретін алғашқы нормалар ретінде және соның шеңберінде неғұрлым нақты, жеке мәселелерді нақтылаушы деп бөлу. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Құқықты түсіндіру мәні
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Мемлекет пен құқық теориясының негіздері
Құқықтық норманың негізгі сипаттары
Құқық норманың негізгі сипаты
Пәндер