Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Отбасы құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Отбасы құқығының қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. Отбасы құқықтық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері мен объектілері ... ... ..19
2.2 Отбасы құқықтарының қатынастарының пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Отбасы құқықтық қатынастарын реттейтін органдар жүйесі ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе

Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.
Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы ─ конституциямен реттеледі және қорғалады.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатарұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Құқықтық-нормативтік актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
2. "Неке және отбасы туралы" 17.12.98 жылғы ҚР Кодексі.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс Жалпы бөлім 1994 ж. 27 желтоқсан (өзгертулер мен толықтырулар 10.12.2013 ж.)
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс Ерекше бөлім 1999 ж. 1 шілде (өзгертулер мен толықтырулар) 22.08.2013 ж.
5. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.99.
6. "Мемлекетгік баж туралы" ҚР Кодексі 31.12.96.
7. "Отбасы жөне әйелдер ісі женіндегі Ұлттық комиссия туралы" ҚР Перзидентінің Жарлығы. 22.12.98.
8.Құқықтық жәрдем көрсету және азматтық отбасылық сондай-ақ қылмыстық істер бойынша Конвенция. 03.01.93.
9. Балалар құқығы туралы Конвенция. (Нью-Йорк, 20.11.89 ж.). ҚР Қаулысымен 08.06.94 бекітілген.
10. Шетелден алимент өндіріп алу туралы Конвенция. 05.09.62. ҚР Кодексімен 30.12.99 бекітілген.
11. ҚР Президенті жанындағы "Отбасы және әйелдер істері бойынша Ұлттық Комиссия туралы" Ереже. ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 22.12.98. 12. "Некені бұзуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнамаларды қолдануы туралы" ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы 28.04.2000.
13. "Балаларды (қыздарды) асырап алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың неке жене отбасы туралы заңнамаларды қолданудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы 22.12.2000.
14. "Балаларды тәрбиелеуге байланысты даулы істерді қарау кезінде соттардың заңнамаларды қолдануы туралы" ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы 28.04.2000.

Әдебиеттер

1. Антокольская М. В. Семейное право.— М: Юристь, 1996.
2. Антокольская М. В. Курс лекций по семейному праву.— М.Юрист, 1995.
3. Богуславский М. М. Международное частное право.— М. Юрист, 1998.
4. Гражданское право. Оқулық. 3 бөлім // А. П. Сергеев, Ю. К. Толстойдың редакциясы бойынша.—М.: ПРОСПЕКТ, 1998.
5. Матвеев Г. К. Советское семейное право.— М.: Юриди¬ческая литература, 1985.
6. Нечаева А. М. Семейное право. Курс лекций. Оқулық.— М.: Юрист, 2000.
7. Пчелинцева Л. М. Семейное право России.— М.: 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Отбасы құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Отбасы құқығының қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. Отбасы құқықтық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері мен объектілері ... ... ..19
2.2 Отбасы құқықтарының қатынастарының пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Отбасы құқықтық қатынастарын реттейтін органдар жүйесі ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Кіріспе

Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.
Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы ─ конституциямен реттеледі және қорғалады.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатарұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.

1. Отбасы құқығы
1.1. Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік

Отбасы құқығы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сонадй-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп реттейді. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Отбасы құқығын реттейтін қатынастарға мыналар жатады:
1. некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
2. отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4. азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы зандары:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттык, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы кұкықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексімен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық кодекстер қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінде көзделген қатынастар кодекстермен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық кодекстердің нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады.
Аталған жағдайларда кодекс ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық кодекстердің жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.
Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективті мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады, сөйтіп сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады.
Мәселен,бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі - зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы кодекс нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М. Ворожейкин: "Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек", деп жазған.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы "Неке және отбасы туралы" Кодексі болып табылады. Осы аталған Кодекс актісі 1969 жылғы 6 тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
"Неке және отбасы туралы" Кодекс 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі "Жалпы ережелерде" неке-отбасы кодексінің негізі жасалып, осы кодекспен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
"Неке" деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру,оны тіркеу некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
"Отбасы"деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
"Қорғаншылық және қамқоршылық" деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастыралады.
"Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары" деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
"Азаматтық хал актілері" деп аталатын 6 бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке - отбасы кодекстерінің нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады."Неке және отбасы туралы" Кодексінің 4-бабында.
Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі кажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып козғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінің 11 бабында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар көрсетілген.Некеге тұруға:
1. біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2. тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-карындастардың);
3. асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4. біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке кию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке киюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке киюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
Сот қайтыс болды деп жарияланған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды. Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже колданылмайды.
Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.
Заң бойынша неке азаматтық хал актілерін жазу органында және сот тәртібімен бұзылады.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында неке:
1. ерлі-зайыптыдардың кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ болған жағдайда;
2.бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында;
3. ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
а) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
ә) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
б) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда бұзылады.
Некені сот тәртібімен бұзу:
1. ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
2. ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
3. егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4. ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінде белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған неке жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге кұқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі занды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.

1.2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні

Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Қоғам рулық белгі бойынша бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.
Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды.
Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды. Бірақ біртіндеп некелік қарым-қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды; пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек.
Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы - бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына мәжбүр болды.
Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен, әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.
Экономикалық қатынастардың, құқықтың одан әрі дамуына байланысты некелік одақтарды заңдастыру қажеттілігі туындады. Осыдан келіп дінмен қиылған моногамиялық некелер пайда болды. Бұл некелік қана емес сонымен қатар мүліктік қауымдастықтан тұратын әйел мен еркектің тұрақты одағы.
Моногамиялық неке - ол біздің елімізде танылған жалғыз некелік одақ.
Аталған неке нысандарымен қатар басқа да неке нысандары бар. Олар: полигамиялық және бір жыныстық неке.
Полигамиялық неке - ол үш және одан да көп мүшеден тұратын одақ. Егер бұл бір еркектің екі немесе одан да көп әйелмен одағы болса, онда оны полигинея деп атайды; керісінше - бір әйел мен бірнеше еркек болса, онда полиандрия деп атайды. Полигамниялық некелер көбінесе мұсылман елдерінде кездеседі, ал полиандриялық неке көп кездеспейді (аралдық африка мемлекеттерінде). Әлемде бір жыныстық неке аз кездеседі, бірақ бірқатар мемлекеттер оларды заңдастыруға ниет білдіруде.
Құқықтың кез-келген саласы сияқты отбасы құқығының да өзіне тән пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар. Отбасы құқының пәні болып қоғамдық қатынастың екі тобы табылады: отбасы құқығының субъектілерінің арасында пайда болатын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік қатынастар.
Қатынастардың негізгі бөлігін мүліктік емес қатынастар құрайды, ал мүліктік қатынастардың тек екі түрі бар; алименттік және неке кезінде бірге жинаған мүліктеріне қатысты ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар.
Отбасы өмірінің көптеген жақтарын құқық емес мораль реттейді. Отбасы қатынастары өзінің мәні жағынан дербес қатынас болып табылады, сондықтан мемлекет ол қатынастардың неғұрлым ерекше мағанасы барын және қоғамдақ мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын реттейді.
Отбасы кодексімен реттелетін қатынастардың нақты түрлері Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 9 бабында қарастырылған:
- некеге отыру тәртібі мен шарты;
- некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану;
- отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастар (ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, асырап алушылар мен асырап алынғандардың, отбасы кодексімен қарастырылған көлемде - басқа туыстар мен тұлғалардың арасында);
- ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру тәртібі мен нысаны.
Отбасы құқығы үшін императивті-ерікті әдіс тән. Оның мәні келесіде, отбасы құқығының нормалары кейбір жағдайларда отбасы құқығының мүшелеріне өздерінің мінез-құлығын анықтауда еріктілікті қарастырады.
Мысалы, ерлі-зайыптылар мүліктік қатынаста ортақ меншік режимін өзгерту үшін:
- неке келісімін ресімдеуге;
- алимент төлеу туралы келісім жасау құқығы арқылы алимент төлеу немес алуға;
- фамилиялары әр түрлі ата-аналар баланың тегін өз қалаулары бойынша анықтауға т.б. құқылы.
Сонымен қатар отбасы құқығының субъектілері өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігінде шектелген. Мысалы:
- неке келісімі тек мүліктік сипаттағы шартты ғана қарастыра алады;
- алименттік келісімде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің көлемін анықтау кезінде алимент көлемі кодексте қарастырылған мөлшерден кем болмауы керек;
- баланың тегін екі нысанда таңдайды - әкесі немесе шешесінің тегі.
Отбасы құқығын реттеу әдісінің әрекет ету механизмі келесіде: алғашында отбасылық құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қалауы бойынша еріктілік әдісін қолданады (егер олар отбасылық кодекспен қарастырылса), бірақ егер олар оны жасамаса неке және отбасы кодексінің императивтік нормалары немес басқа құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес: ері мен әйелінің мүлкіне қатысты жалпы ортақ меншік туралы жағдай әрекет етеді; отбасы мүшелерін асырау қаражаты (алимент) неке және отбасы кодексінің ережесіне сәйкес алынады; баланың тегін оның тууы туралы актілік жазу енгізгенде азаматтық хал актілерін жазу органдары анықтайды.
Құқықтық әдебиеттерде отбасы құқығының отандық құқық жүйесінде алатын орны туралы даулар толастаған емес. Оның негізгі мазмұны отбасы құқығы жеке құқық саласы ма, әлде азаматтық құқықтың бір бөлігі ме деген сұрақ. Құқықтың кез-келген жеке саласының өзіндік пәні мен құқықтық реттеу әдісі болуы керек.
Негізінен мүліктік қатынастарды реттеуден тұратын азаматтық құқықтан отбасы құқығының айырмашылығы, оның нормалары ең алдымен жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар отбасы құқығындағы қатынастардың өзі жат тұлғалардың арасында емес туыстардың, ерлі-зайыптылардың, асырап алушылардың және т. б. арасында, яғни жақын адамдардың арасында туындайды. Отбасы құқықтық қатынастарының субъективтік құрамына азаматтық құқықтағы сияқты заңды тұлғалар, мемлекеттік-құқықтық құрылымдар кірмейді.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісінің мәні бойынша жақтар заңды тұрғыдан тең болады. Отбасылық қатынастарда ата-ана мен кәмелетке толмаған баланың, қамқоршы мен қорғаншының, асырап алушы мен асырап алынғандардың арасындағы теңдік туралы айту өте қиын. Тек ерлі-зайыптылардың толық теңдігін байқауға болады. Отбасы қатынасының мүшелеріне алиментті уақытына төлемеуіне байланысты жағдайдан басқа мүліктік сипаттағы санкция қолданылмайды, ал азаматтық құқықта мүліктік санкция ең басты болып табылады.
Осылайша, отбасы құқығын азаматтық құқықтан оның пәні әдісі, субъективтік құрамы, жауапкершілігі және т.б. арқылы бөлуге болады. Осыдан келіп біз отбасы құқығы Қазақстан Республикасының жеке құқық саласы деген қортынды жасай аламыз.
Отбасы құқығы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік құқықтық қатынастарды императивті-еріктілік әдіс негізінде реттейтін отбасы-құқықтық нормалаларының жиынтығы.
Отбасы құқығының мақсаты - отбасы мүшелерінің арасында (бұрынғы мүшелерінің) пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 3 бабында Қазақстан Республикасының неке және отбасы кодексі еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу және т.б. айтылған. Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін жүзеге асыру.
Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.
Отбасы құқығының негізгі қағидалары мыналар:
1. Некені секуляризациялау, яғни шіркеу мен басқа да діни ұйымдарды барлық неке-отбасы сұрақтарын шешуден аластату. Қазақстандық заң некенің тек зайырлы нысанын ғана таниды. Соңғы жылдары неке қию немесе басқа да діни дәстүрлерді жасау кең тарауда, өйткені, дінді таңдау еркіндігі адамның конституциялық еркіндіктерінің бірі болып саналады. Бірақ, бұл фактілердің барлығы адамның өзіндік қалауы болып саналады, ол үшін ешқандай құқықтық салдар туындамайды. Неке тек азаматтардың хал актілерін жазу органдарында ғана тіркеледі.
2. Моногамиялық қағида адамның бір мезгілде тек бір ғана тіркелген некеде тұра алатындығын көрсетеді. Басқа некеге отыру үшін бірінші некесін бұзуы керек. Неке саны заңмен шектелмеген.
3. Неке еркіндігін екі тұрғыдан қарастыруға болады:
А) некеге тұру еркіндігі;
Б) ажырасу еркіндігі.
Біріншісі кез-келген еркек пен әйел некеге тұру немесе тұрмауды өз еркімен шешетіндігін көрсетеді. Неке одағына тұру кезінде қандай да бір зорлық көрсету салдарынан некені жарамсыз деп тану мүмкін.
Ажырасу еркіндігі - бұл егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болса да неке қатынасын тоқтату. Неке және отбасы туралы кодекстің 15 бабының 1 тармағына сәйкес неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар АХАЖ органдары мен соттар да ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған кезде олар не үшін некені бұзатындығын айқындамай-ақ некені бұза алады, өйткені некені бұзу сұрағын шешу - ол субъективтік және неғұрлұм жеке іс.
4. Әйел мен еркектің теңдігі туралы конституциялық жағдайға негізделген отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасы отбасының нығаюына әсер етеді.
5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру. Әр бала өзінің отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар, бірақ объективтік немес субъективтік себептердің күшіне байланысты олар көбшілік жағдайда отбасынан тыс қалып қояды.
Отбасы заңы осы қағиданың күшіне сәйкес ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ең алдымен отбасына (асырап алушының, қамқоршының) орналастыруды қарастырады, ал тек отбасында тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда ғана кәмелетке толмағандарды балалар үйіне тәрбиелеуге береді.
6. Отбасының кәмелетке толмаған, еңбеккке жарамсыз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үстемдігі. Отбасындағы өзіндік қарым- қатынас біріне-бірі қамқор болу, ал егер кімде-кім ерекше қамқорлыққа мұқтаж болса - бұл отбасының басқа мүшелерінің қасиетті борышы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексі кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларды өздерінің еңбекке жарамсыз немесе қартайған ата-анасына қамқорлық көрсетуге міндеттейді. Балалар ерекше қорғауда болуы керек: ата-ананың азаматтық парызы - әр баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

1.3 Отбасы құқығының қайнар көзі

Кеңестік құқықтың негізгі қайнар көзі Кеңестік мемлекеттердің негізгі заңы - КСРО Конституциясы болды. Ол отбасы кодексі бойынша негізгі нормаларды да қарастырады. Конституцияда қарастырылған отбасы құқығының нормалары неке-отбасы қатынастарын құқытық реттеудің қағидалары болады, жоғарғы заңдық күші болады және олардың маңызды саяси мағанасы болады.
1978 жылғы Қаз КСР Конституциясының 51 бабында КСРО-да отбасы мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Бұл норма неке және отбасы туралы кодекске отбасын әлеуметтік-құқықтық қорғау туралы негізгі жағдайларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. 51 баптың 2 бөлімінде отбасы құқығының тағы да бір қағидасы бекітілген: әйел мен еркектің өзара еркін келісімі - неке негізі. Бұл қағиданың мағанасы бойынша әйел мен еркектің өзара еркін келісімі тек некеге тұрған кезде ғана емес, сонымен қатар одан әрі де қажет.
Қаз КСР Конституциясының 64 бабында бекітілген:
1. Балаларды тәрбиелеу, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау, кеңестік қоғамның лайықты мүшесі етіп өсіру азаматтардың міндеті;
2. Бұл бапта балалары ата-аналарына қамқорлық көрсетіп, оларға көмек көрсетуге міндетті деп көрсеткен.
Отбасы құқығының қайнар көздеріне ең алдымен жалпы одақтық заң актілері жатады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы 1968 жылы 27 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесімен қабылданған және 1968 жылы 1 қазаннан күшіне енген неке және отбасы туралы КСРО және одақтас республикалардың негізгі кодексі жатады.
ҚазКСР-де отбасы құқығының негізгі нормативтік актісі 1969 жылы 6 тамызда Қаз КСР-нің Жоғарғы Кеңесімен бекітілген Қаз КСР-нің неке және отбасы туралы Кодексі болды.
Қаз КСР-нің неке және отбасы туралы кодексі өзінің бастауын одақтық заңнан алды. Негізгі нормалар нақтыланып, қосымша ережелерді енгізу жолымен одан әрі дами түсті. Бұл кодекс 6 бөлімнен, 25 тарау және 188 баптан тұрды. Неке және отбасы туралы Кодексті бекіту туралы Заңда ол 1970 жылы 1 қаңтарда әрекетке енеді деп бекітілген. Неке және отбасы туралы Кодексті әрекетке енгізу тәртібі Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1969 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен анықталды. Бұл Кодекс 1968 жылдың 1 қазанынан әрекетке енгізілді.
Кодекстің 9 бабында Қазақ КСР-де басқа одақтас республикалардың неке және отбасы туралы кодекстердің қолданылу шарты көрсетілген. Осы ережеге сәйкес Қазақ КСР-да қай аумақта некеге отырса, асырап алу болса, қамқоршылық пен қорғаншылық бекітілсе сол республиканың заңы қолданылады деп бекітілді.
Отбасы құқығының қайнар көзіне республика заңнамасының басқа да актілері де жатады. 1970 жылы 27 ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақ КАР-нің қорғаншы және қамқоршы органдары туралы жағдай бекітілді. Сонымен қатар 1970 жылы 29 ақпанда қабылданған азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нұсқау қолданылды.
Одақтық және республикалық отбасы заңнамасының ара қатынасы кодекстің 7 бабында анықталған. Негізгі және басқа да одақтық актілер отбасы құқығының жалпы қағидаларын бекітеді және неғұрлұм маңызды сұрақтарды реттейді. Қазақ КСР-нің заңдары одақтас республиканың қарауына берілген сұрақтарды шешеді және одақ заңында қарастырылмаған неке-отбасы қатынастарының сұрақтарын шешеді.
Отбасы құқығының қайнар көзі ретіндегі Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мен басқа нормативтік актілер жатады.
Отбасы құқығының қайнар көзі - бұл отбасы-құқықтық нормаларының сыртық көрінісінің нысаны.
Отбасы құқығының негізгі қайнар көзі 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі болып табылады. Онда кодекс жобасын талқылау барысында барлық мүдделі тұлғалардың айтқан ұсыныстары ескерілген. Неке және отбасы туралы кодекс нормалары конституциялық бастауларға негізделген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабы келесі жағдайларды бекітеді:
1. Неке мен отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады.
3. Кәмелетке толған еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы Кодексінің 4 бабы отбасы құқығының қайнар көздерінің құрамына Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген неке және отбасы туралы кодекстер мен отбасы құқығының нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады деп көрсетеді. Отбасы құқғының қайнар көзі болып табылады:
1. Бала құқығы туралы 2002 ж. 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы.
2. Қазақстан Республикасының шет елде алимент өндіру туралы Конвенцияға қосылуы туралы 1999 ж. 30 желтоқсандағы № 33-II Қазақстан Республикасы Заңы.
3. 1993 ж. 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенцияны ратификациялау туралы 2004 ж. 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы.
4. Бала құқығы туралы 1989 ж. 20 қараша, Қазақстан Республикасымен 1994 ж. 8 маусымда ратификацияланған.
5. Қазақ ұлтының тұлғаларының тегі мен әкесінің атын жазумен байланысты сұрақтарды шешу тәртібі туралы 1996 ж. 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б.
Заңдардың екінші тобы, Неке және отбасы туралы Кодексінің нормаларымен реттеу қарастырылмаған, отбасы қатынастарын қарастыратын заңдардан тұрады. Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия туралы типтік жағдайды бекіту туралы 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 ҚР Үкіметінің Қаулысы келесі мәселелерді нақтыландырды:
- балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың кепілі ретіндегі мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, жергілікті атқару органдары, заңды және жеке тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігі;
- балаларды әлеуметтік қолдауды қаржыландырудың көздерін анықтау мен аталған органдардың оны бөлуге қатысуы;
- балаларға қатысты мемлекеттік саясат жасалды және т.б.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары мен басқа да нормативтік актілері отбасы құқығының қайнар көзі болып табылмайды, бірақ құқықты қолдану тәжірибесінде өзіндік әсер етеді. Олар Неке және отбасы туралы кодексі мен басқа нормативтік-құқықтық актілердің бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында бір нысанда қолданылуына жетуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда олар құқықтағы ақтаңдақтардың орнын толтыруды да қарастырады. Мысалы, Неке және отбасы туралы кодексте әкелікті белгілеу туралы жағдай жоқ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы өзінің қаулысында осы сұрақ бойынша түсініктеме берді. Осы қаулыға сәйкес қайтыс болған азаматтың әкелік факторын бекіту ерекше өндірістік тәртіпте жүзеге асыруға болады.
Отбасы қатынастарына азаматтық заң екі жағдайда қолданылады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде немесе басқа да азаматтық-құқықтық актілердің сәйкес нормаларын қолдану туралы тікелей сілтеме болса;
Екіншіден, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас отбасы-құқықтық нормалармен реттелмесе және осы отбасы қатынастарын реттейтін қажетті азаматтық заң нормалары болса.
Қазақстан Республикасы азаматтық кодекстің келесі нормаларын пайдалануды тікелей міндеттейді:
1) Азаматтық Кодекстің 177, 179, 180, 182-185 баптары - талап арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде (Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы Кодексінің 8 бабы);
2) Азаматтық Кодекстің 224 және 225 баптары - ерлі-зайыптылардың шаруа қожалығы мүшелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны
Отбасы құқығы пәні
Неке шартының жарамсыздығы
Жасөспірім және заң туралы
Дәлелдеме- фактілердің бір тобы
Пәндер