Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуі ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Қонақ үйдің материалды.техникалық базасының жаңартылуы ... ... ... ... 13
ІІ бөлім. Қонақ үй шаруашылығының техникалық базасының даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Сала ретiнде халықаралық туризмнiң дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Туризмнiң материалдық базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйлердің қызмет көрсету жағдайына, материалдық – техникалық базасына, ғимараттың салыну үлгісіне, ондағы жиһаздар мен тұтынатын жиһаздың өзіндік сәулетіне, туристерді қаблдау көлеміне байланысты «5» жұлдызды, 4 және үш жұлдызды деп категорияларға бөлінеді де, қонақ үй шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды. Мұндағы басты назар аударатын мәселе, тек қана ғимараттың жоғарғы категориясы емес, сонымен қатар ондағы қызмет көрсету де ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады. Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде екі шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкекрлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң жүк тасушы швейцар туристтерді болмесіне дейін шығарып салып , бөлме ішін танытады. Сонымен қатар қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі. Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін кем дегенде екі тілді жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс. Мұндай талаптар арнайы ережелерде көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үй шаруашылығының маңызына және туристерді орналастыру ерекшеліктеріне нақты мәліметтерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу тұрғысынан талдау жасалынды.. Сонымен қатар қонақ үй шаруашылығының қызмет деңгейін халықаралық деңгейге көтеру, әрбір елдің өзіндік тарихи орналасу ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с анг.-М.: Аспект Пресс, 1995
2. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристский бизнес.- Учебное пособие - М.: Финансы и статистика, 2000
3. Волков Ю.Ф. Интерьер и оборудование гостиниц и ресторанов. Уч. пособие. Ростов н/д.: Феникс, 2003
4. Горностаев И. Новые автоматизированные системы бронирования авиаперевозок //Туринфо – 1997
5. Григорьев Н. Продажа гостиниц через КСБ // Турбизнес – 1999
6. Гостиничный и туристический бизнес. -Учебник /Под. ред. прроф. Чудновского А.Д.-М.: Экмос, 1998
7. Джеймс Ф. Авиаперезовки в туризме//Мир деловой книги – 1991
8. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана, Алматы-1992
9. Зарубежный опыт рынока «малых гостиниц» // Пять звезд – 1995
10. Калашников И. «Мастер – тур» облегчит работу туристких фирм // Туринфо – 1997
11. Организация технология гостиничного обслуживания: Уч.пособие.-3-е изд, испр.-М.: «Академия», 2005
12. Положение о паспорте гостиницы. -М.: Стройиздат, 1984
13. Правила технической эксплуатации гостиниц и их оборудования. -М.: Стройиздат, 1985
14. Чигрина О.Ф. «Автоматизированные информационные технологии в Гражданской Авиации». Учебное пособие. Алматы, 1999

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуі ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 9
1.3. Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы ... ... ... ... 13
ІІ бөлім. Қонақ үй шаруашылығының техникалық базасының даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Сала ретiнде халықаралық туризмнiң дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
2.2. Туризмнiң материалдық базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйлердің қызмет көрсету жағдайына, материалдық - техникалық базасына, ғимараттың салыну үлгісіне, ондағы жиһаздар мен тұтынатын жиһаздың өзіндік сәулетіне, туристерді қаблдау көлеміне байланысты 5 жұлдызды, 4 және үш жұлдызды деп категорияларға бөлінеді де, қонақ үй шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды. Мұндағы басты назар аударатын мәселе, тек қана ғимараттың жоғарғы категориясы емес, сонымен қатар ондағы қызмет көрсету де ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады. Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде екі шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкекрлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң жүк тасушы швейцар туристтерді болмесіне дейін шығарып салып , бөлме ішін танытады. Сонымен қатар қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі. Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін кем дегенде екі тілді жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс. Мұндай талаптар арнайы ережелерде көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үй шаруашылығының маңызына және туристерді орналастыру ерекшеліктеріне нақты мәліметтерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу тұрғысынан талдау жасалынды.. Сонымен қатар қонақ үй шаруашылығының қызмет деңгейін халықаралық деңгейге көтеру, әрбір елдің өзіндік тарихи орналасу ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
1.1. Қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуі

Елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:
# қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
# өнеркәсіптің өсуі
# ғылымның және мәдениеттің өсуі
# өнердің өсуі
# адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.
Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.
Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы техникалық базасы, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.
Орналастыру - туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.
Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық (Талдықорған).
Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.
Қонақ үй индустриясына инвестицияның келуіне байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған Премьер Медеу отелін жатқызамыз. Медеу шатқалы демалу жүмыс орнына қолайлы. Осының бәрі Алматы орталығынан 15 минуттьқ жерде. Медеу мүз айдынының жанында Қазақ ауылы мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады.
Ал люкс нөмір 1400 долларға дейін жетеді. Бұнымен көбінесе сапарға келген президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар, халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.
Достық отелі шетел азаматтарына өте қызықты. "Интерлюкс отелі, бұл қала сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. Алия, Уют орташа қонақ үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы отель "Ворота", "Туюк су". Бүл керемет пансион Швейцариядағы альпілік қонақ үйге үқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.
Анкара - қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар.Оның ішіде люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан. Премьер-Медеу-Интернейшнэл - қонақ үйі - Алматы қаласының орталығынан 15километр, ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады.
Медеу қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр жерде бассейн орналасқан.
Премъер-Алатау қонақ үйі - Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар бар.
Барлық саяхаттар туристерді орналастырумен басталады. Өйткені қонақ үйлер туристердің демалу орны болып саналады. Сондықтан онда әдемі жақсарған және туристерге ұнау үшін барлық жағдай жасалған. Орналасуы әдемі туристік-рекреациялық жерлерге үқсас болып келеді.
Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен жасалған Созвездие отелі. "Созвездие" люкс отелі сәулеткерлік өнермен жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл отель экологиялық таза ауданда орналасқан және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп түрады.
Люкс отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс бөлмесі бар. Отельде VІР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар. Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді.
Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. "Байқоңыр" - "5" жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй "Казақмыс корпорациясының" меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ үй - Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған. "Бизнес-центр" - "3" жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған. Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.
"Металлург" - қонақ үйі. Бұл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде орындалады.
1.2. Қонақ үйдзің материалдық базасының кеңейтілуі

1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, қонақ үйдің материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.
Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында Интурист атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы ағымының мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.
Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Заңдылықтарға жүгіне отырып, туристік-экскурсиялық кәсіпорындар өз жоспарларын әзірлеп, келісім-шарттар жасасты. Кәсіпорындардың өндірістік, әлеуметтік қызметі, жұмысшылардың еңбекақысының төленуі еңбек ұжымымен атқарылған қаржы есебінен жүзеге асырылды.
Туристік-экскурсиялық мекемелерді көтерме сауда ретінде материалдық ресурстармен жабдықтауға, яғни 1987 жылдың шілде айынан бастап толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруі, алдағы бірнеше жыл ішінде ғана көптеген туристік қызмет кәсіпорындарының (туристік пансионаттар, демалыс үйлерінің, турбазалардың және т.б.) толық жабылуына алып келді.
Қазақстанда қарастырылып отырған туристік сауданың даму кезеңі, Кеңес кезеңі бойындағы басымдылыққа ие болған дәстүрлі ұйымдастырушылық формаларының (жаппай және әлеуметтік туризм) өз жасауын жасап, рынок құрылымына бағытталған жаңа күштердің қалыптасуын бейнелейтін шешуші кезең болды. Қазақстандық туристердің осы жылдары жиі баратын елдерінің қатарына Түркия, Польша, Қытай, БАЭ, Германия, Болгария елдері кірді. Ал Қазақстанға келетін туристердің ағымы көбіне Ұлыбритания, ҚХР, АҚШ, Германия елдерінен. Негізінен осы кезеңдегі сыртқа шығу туризмін ұйымдастыруға бағытталған отандық туристік қызмет кәсіпорындарының кәсіпкерлік пайдасымен, туризмнің қоғамға қосқан үлесінің құндылығын өлшеу мүмкін емес еді. Туристік саланың осылайынан бір жақты жұмыс істеуінен елдің туристік ресурстарының артуын байқай алмаймыз және де ол ұлттық экономиканы көтеру котализаторы бола алмайтындығы айқын. Туристік алмасу саласындағы достастық туралы халықаралық келісім қорытындысы, әлемдік туристік нарығында мемлекеттің имиджін құруды қолдау мен өзіндік туристік мүдделерді жүзеге асыру үшін қосымша ынта берді. Қазақстанды туристік әлуетке бай, перспективті партнер ретінде қарастыра отырып, шет мемлекеттер үкіметінің бірқатар келісімдер жасауға ілтипат білдіргендігін атап өту қажет. Осындай келісімдер Иран, Пәкістан, Молдова республикасы, Венгр республикасы, көршілес Қырқызстан, Өзбекстан елдерімен жасалған, сондай-ақ бұған ТМД елдерімен туризм облысында достастық туралы келісімдерін де жатқызуға болса, бүл өз кезегімен Қазақстан Республикасының әлемдік туристік рынокқа шығуы туралы куәландыруы болар.
Қазақстан Республикасының Президентімен 1997 жылдың 30 сәуіріндегі Қазақстан Республикасында Ұлы-Жібек жолындағы туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен ЮНЕСКО жобасын, түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын жүзеге асыру туралы және 1998 жылдың 27 ақпанында Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы қабылданған Жарлықтары маңызды рөл атқарды. Аталмыш Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші Жарлығында көрсетілгендерді орындау мақсатында жасалған болатын. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан Республикасында туристік қызмет инфрақұрылымын дамыту мен тарихи қалаларды жаңғырту бойынша қажетті ғылыми және өндірістік әлуеттерді біріктіру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың өзара әрекетін қамтамасыз- етуін анықтау міндеті, қызметінің негізгі бағдарына айналатын ашық акционерлік Жібек жолы - Қазақстан Ұлттық компаниясын құру ұйғарылған болатын.
Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды. Дамыған рыноктық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға сай банктік қызмет және тағы басқалармен сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың рыноктық коммуникацияға ұмтылысын қанағаттандыратын қызметтер аясының әлуеті ретінде бағаланады.
Әлемнің бірқатар елдеріндегі туристік қызметтер нарығындағы баға бәсекесінің артуы турөнімді ұсынушы туроператорлардың табыстылығының төмендеуіне әкелді. Еуропалық туристік қызметтер рыногындағы бағаның түсуі мүмкін минималды деңгейге жетті. Осындай жағдайларда ұлттық және халықаралық масштабта шоғырландыру процесі дамып, баға бәсекесінен өнімнің сапасы төңірегіндегі бәсекеге өту, баға мен сапа сәйкестігіне қол жеткізу орын алады. Алайда, еліміздің ішкі туризм нарығында қалыптасқан баға деңгейі шет елдерінің ұсынысымен бірдей, ал сапасы жағынан төмен болғандықтан, тұтынушылар отандық ұсынысты емес, шетел ұсынысын таңдайды.
Туристік объекті болатын аумақтың экологиялық параметрлері, туристік өнімнің маңызды құрамасы бола, кейінгі уақытта туризмні экологияландырылуы үрдісінің пайда болуының бірде бір себебіне айналды. Демалу мен бос уақытты өткізу үшін жағдай туғызатын қоршаған орта мен туристік-рекреациондық сипаттамалар туризмнің көптеген түрлері үшін, сәйкесінше туристік қызметті ұйымдастыру үшін негіз құрайды.
Туристік қызмет кәсіпорындары мен олардың көмекші құрылымын ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен. Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы оның әсері таза экономика-лықтың шегінен шығады.

1.3. Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы

Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
Қонақ үй қызметтер аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды көзі болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әрекеттеседі.
Сөйтіп, қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан көпшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.
Қызметтер аясы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі
Сапаның үшінші түрі - әлеуметтік сапа
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту
Қонақ үйдегі қызмет көрсету технологиясы
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Пәндер