Бастауыш сынып оқулықтарында берілген жаттығулардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сыныптардағы жаттығу жұмыстарының маңызы
2.2. Сын есім
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1. Мәтіннің түрлері
3.2. Жалқы есім мен жалпы есім
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
«Білім туралы Заңның» негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер «Білім туралы» Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Құқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік,орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
«Білім заңына» сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ш.Әуелбаев. Бастауыш сынып қазақ тілін оқыту методикасы, Алматы мектеп 1987
2. С.Рахметова «Ана тілі» қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы 1991
3. Ғ.Ж.Турдалиев, Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі, Фолиант баспасы, Астана 2007
4. «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал №10 (42), №11 (43) 2013
5. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық әдістемелік журнал 2. 2011.
6. Жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған оқулық Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева Алматы, «Атамұра» 2014
7. «Тәрбие сағаты» журналы №1 2012 (30 бет)
8. «Бастауыш білім» журналы №3 2013 (3,4,5 беттер)
9. Қазақстан мектебі. №11 2009 (8-9 беттер)
10. «Бастауыш мектеп» журналы №4 2006
11. «Бастауыш білім» №2 2011 (3-4 беттер)
12. «Бастауыш мектеп» №10 2010 (3,4,5,14,15 беттер)
13. Қазақ тілі оқушы анықтамалығы (1-4 сыныптар) Э.Б.Бапиева, П.Е.Мұқашева
14. «Бастауыш мектеп» №10 2006 (5 бет)
15. «Бастауыш білім» №6 2010
16. «Бастауыш білім» №3 2013 (16-17 бет)
17. 2 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сыныптардағы жаттығу жұмыстарының маңызы
2.2. Сын есім
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1. Мәтіннің түрлері
3.2. Жалқы есім мен жалпы есім
IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы -- республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Білім туралы Заңның негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі - жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер Білім туралы Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Құқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік,орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Білім заңына сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
Білім туралы Заң жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
1989 жыл, 22 қыркүйек: ҚР Тілдер туралы Заңы қабылданып, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) берілді.
1997 жыл, 11 шілде: ҚР Тілдер туралы Заңы Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
ҚР Тілдер туралы Заңында 6 тарау бар:
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар).
2-тарау. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында (8-15 баптар).
3-тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында (16-18 баптар).
4-тарау. Тіл - елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекті ақпаратта (19-22 баптар).
5-тарау. Тілдік құқықтық қорғау (23-26 баптар).
6-тарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану (27 бап).
Қолдану саласы
Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және Қазақ тілі пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың білім беруді ұйымдастыруының меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жалпыбілімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында Қазақ тілі пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында Қазақ тілі пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдалануы мүмкін.
Қазақ тілі пәні бойынша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2.003-2002 Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге,
- ҚР ЕР. 40.1.01-2000 ҚР МЖС-нің Білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңына және ҚР БМЖМС 2.003-2002 сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар және қысқартулар келтірілген.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ қазақ тілінен оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
Қазақ тілі пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытулуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
БМЖМС - Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
БОЖ - базистік оқу жоспары.
4 Жалпы ережелер
4.1. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
4.2. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері
Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері төмендегідей болып белгіленді:
- сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, оларды өзара салыстыра, топтай және жинақтай білуге үйрету;
- орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
4.3 Қазақ тілі пәнін зерттеу объектілері
Қазақ тілі пәнінің мазмұны қазіргі тіл біліміне негізделеді. Мектептің бастауыш сатысындағы Қазақ тілі пәнінің басты оқыту объектісі - тілдік дыбыстық, мағыналық жүйесі; сөз және сөйлем жүйесі.
4.4 Қазақ тілі пәні мазмұнының даму болашағы
Бастауыш мектептегі Қазақ тілі пәнінің мазмұны негізгі мектептегі Қазақ тілі пәнінің мазмұнында дамытылады.
4.5 Қазақ тілі пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
БОЖ-да Қазақ тілі пәні Филология білім саласына кіретін, бастауыш мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген.
Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (таңдау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
5 Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
Қазақ тілі пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды:
- тіл және сөйлеу;
- фонетика;
- лексика;
- сөзжасам;
- морфология;
- синтаксис;
- мәтін;
- пунктуация.
6 Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Қазақ тілі пәні 2-3-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында:
2-сыныпта 136 сағат;
3-сыныпта 136 сағат;
4-сыныпта 136 сағат.
7 Қазақ тілі пәнінің базалық білім мазмұны
Тіл және сөйлеу
Тіл және сөйлеу туралы түсінік. Сөйлеудің түрлері. Сөйлеу мәнері. Сөйлеудің адам сезіміне, іс-әрекетіне ықпалы.
Фонетика
Дыбыс және әріп. Дауысты дыбыс, оның жуан және жіңішке түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуі және емлесі. Буын және буын үндестігі. Тасымал. Қазақ алфавиті.
Лексика
Сөз туралы түсінік. Сөз мағынасы және оның түрлері. Тұрақты сөз тіркестері.
Сөзжасам
Түбір және қосымша. Қосымшаның түрлері. Қосымшаның емлесі. Түбір сөз және туынды сөз. Күрделі сөз және оның түрлері.
Морфология
Сөз таптары. Зат есім, оның түрлену жүйесі. Негізгі және туынды зат есім. Етістік, оның дара және күрделі түрлері. Болымды, болымсыз етістіктер. Негізгі және туынды етістік. Етістіктің жіклетуі. Етістіктің шақтары. Сын есім, оның дара және күрделі болып бөлінетіні. Негізгі және туынды сын есім. Сын есімнің салыстырмалы шырайы. Сан есім, оның дара және күрделі болып бөлінетіні. Есептік және реттік сан есім. Есімдік. Жіктеу есімдігі. Үстеу, оның түрлері. Шылау. Одағай.
Синтаксис
Сөйлем, оның айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жай сөйлем, оның жалаң және жайылма түрлері. Құрмалас сөйлем. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз.
Мәтін
Мәтін туралы түсінік. Оның түрлері (хабарлау, сипаттау, пайымдау). Байланыстырып сөйлеу. Сөйлеу мәдениеті.
Пунктуация
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі. Қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгісі. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі.
Каллиграфия
Таза, әдемі жазу. Әріптерді дұрыс жазу, сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу. Жылдам және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
8 Қазақ тілі пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8.1. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
Білімі:
- әріп дыбыстың таңбасы екенін білу;
- дыбысты және оның дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін білу;
- дауысты дыбыстар, оның жуан және жіңішке түрлерін білу;
- дауыссыз дыбыстар, оның қатаң, ұяң, үнді түрлерін және олардың емлесін білу;
- буын мен тасымалды білу;
- сөз мағынасының өтілген түрлерін білу;
- түбір мен қосымшаны білу;
- жұрнақ пен жалғау, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу;
- өтілген сөз таптары және олардың түрлену жүйесін білу;
- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін білу;
- жай сөйлем, оның жалаң және жайылма түрлерін білу;
- құрмалас сөйлемді білу;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын білу;
- сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін білу (жеке атауларынсыз);
- бірыңғай мүшелерді білу;
- сөз тіркесін, оның сөйлемнен өзгешеліктерін білу;
- мәтіннің жеке сөйлемдерден ерекшеліктерін білу;
- мәтіннің түрлерін білу.
Біліктілігі:
- дыбыс түрлерін айыра алу;
- буынға бөле алу және дұрыс тасымалдай алу;
- дыбыстық талдау жасай алу;
- түбір мен қосымшаны ажырата алу;
- жұрнақ пен жалғауды ажырата алу;
- сөз құрамына талдай алу;
- өтілген сөз таптарын айыра алу және талдай алу;
- сөйлем түрлерін ажырата алу;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсете алу;
- сөйлем мүшелерін айыра алу;
- сөйлем соңында келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя алу;
- өтілген емлелік ережелерге сай сауатты жаза алу;
- мәтін түрлерін айыру және ондағы негізгі ойды анықтай алу;
- мәтінге ат қоя алу және оны бөлікке бөле алу.
8.2 Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне жетуін тексеру
Мемлекеттік стандарт талабы бойынша оқушылардың білімін тексеруге ерекше мән беріледі. Бастауыш сыныпта оқушылардың білім, біліктерін тексеру негізінен екі түрлі формада жүзеге асырылады:
1) ауызша сұрау;
2) жазба жұмыстары;
Тест арқылы тексеру түрі де пайдаланылады.
Ауызша жауаптарды бағалауда мынадай өлшемдер негізге алынады: 1) жауаптың толық және дұрыс болуы; 2) білімді саналы түрде меңгеру дәрежесі; 3) баяндау жүйелілігі және сөйлеу мәдениеті.
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеруге мыналар жатады:
1) көшіріп жазу;
2) диктант;
3) грамматикалық талдау.
Бақылау жұмысы ретінде диктант жүргізіледі және диктантқа алынған мәтін бойынша кемінде екі грамматикалық тапсырма беріледі.
Жазба бақылау жұмыстарының саны негізгі бағдарламалық материалдар мен жеке тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімін, біліктілігін тексеру қажеттілігіне қарай анықталады.
Қорытынды бақылау жұмыстары көлемді бағдарламалық материалдар өтіліп болған соң және әрбір тоқсан аяғында, оқу жылының І жартыжылдығы біткен соң және оқу жылының соңында жүргізіледі.
Тестілік бақылау жүргізуге қойылатын талаптар:
- тапсырмалар Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне сәйкес болуы керек;
- Қазақ тілі пәні бойынша тестілік сынақтар басқа оқу пәндері бойынша жүргізілетін тестілік бақылаулардан оқшау жүзеге асырылуы тиіс.
- тест сұрақтары шатастыру сипатынан аулақ болуы тиіс.
8.3 Қазақ тілі пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру
Қазақ тілі пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру осы стандарттың 8.1 пунктінде келтірілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процесінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында - 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш білім беру стандарты барлық оқушылар меңгеруі тиіс міндетті, минимумды белгілейді.
Міндетті (минимум) дайындық деңгейінің нәтижесі оқушылар білімінің стандартта көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды болып табылады. Мұндай тексеру нәтижелері меңгерді немесе меңгермеді деген белгілердің көмегімен бағаланады.
Оқушылардың күнделікті оқу процесіндегі білім мазмұнының базалық деңгейі ауқымындағы жетістіктері бес балдық жүйе бойынша бағаланады, олардың қорытынды бағасы мектептің бастауыш сатысының құжатына қойылады.
9 Қазақ тілі пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар
9.1 Қазақ тілі пәнін оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бастауыш жалпы білім беру бағдарламаларын арнайы педагогикалық және жоғары педагогикалық білімі бар Бастауыш сыныптар мұғалімі квалификациясы берілген маман жүзеге асырады.
9.2 Қазақ тілі пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Бастауыш мектепте Қазақ тілі пәнін оқыту Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақ тілі пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізімі:
1 Қазақ тілі оқулығы (2-4-сыныптар).
2 Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4-сыныптар).
3 Қазақ тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар (2-4-сыныптар).
4 Диктанттар жинағы (2-4-сыныптар).
9.3 Қазақ тілі пәні бойынша қажетті оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар
Қазақ тілі пәні бойынша қажетті оқу-әдістемелік құралдар тізімі:
1) Қазақ тіліне арналған кестелер (2-4-сыныптар).
2) Сюжетті суреттер.
3) Грамматикалық ойындар мен тапсырмалар.
4) Сөздіктер.
5) Техникалық құралдар.
Қазақ тілі пәні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасында көтерілген өзекті мәселелер - нәтижеге бағытталған білім моделін құру және 12 жылдық орта білім беруге өту. Бұл, әрине, жалпы орта білімнің тек құрылымдық тұрғыда ғана емес, мазмұндық жағынан да түбегейлі өзгеруін талап ететіні белгілі.
Еліміз оқытудың жаңа моделіне көшкелі отыр. Модель "Нәтижеге бағытталған білім беру" деп аталады. Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру.
Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет.
Еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақтардың қолында екендігі баршаға белгілі. Мемлекетіміздің болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры - білім. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға қарай бейімдеу - қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді. Мұғалімге ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, іс жүзінде асыратын мәселе болып отыр.
Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуын негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы - бастауыш мектеп, сондықтан мұндай мақсатқа жетуде ерекше орын алады.
Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында [4] айқын көрсетіліп, әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты: қоғам мақсаты мен өз мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған ортадағы жағдайға бейімделгіш, өз бетімен шешім қабылдай алатын, іскер, ой-өрісі дамыған интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды, жеке тұлғалы азаматты тәрбиелеп шығару.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - ұлттық құндылықтардың баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз ойы мен пікірін ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуметтік толық іске асыруына ықпал ету болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: 12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру, - деп нақты көрсетілген.
Мұғалім оқушы бойына коммуникативтік білім, біліктілік, дағдыларды қалыптастыру керек. Менің ойымша: оқушы бойына коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін мынадай біліктілік пен икемділікті меңгерту қажет:
- кез-келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы;
- қарым-қатынаста сөз байлығын кеңіне қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;
- айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;
- кез-келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау;
- тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б.
12 жылдық білім моделіне көшу - бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік шығармашылық топтар, аудандық және мектептің әдістемелік бірлестігі отырысында, әр түрлі деңгейдегі семинарларға қатысу, біліктілікті арттыру институтындағы курсқа бару, кәсіби сайыстарға және басылымдарға жазу және т.б. арқылы жүзеге асады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысында педагогикалық құзыреттілікті дамыту жолдары:
- педагогтардың әдістемелік мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеу;
- 12 жылдық білім беруге көшуді ақпараттық әдістемелік банкінің қалыптасуы, озық педагогикалық тәжірибені, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану;
Озық тәжірибелі мұғалімдердің қызметінің негізгі бағыттары:
- қызықтыратын тақырып бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді оқу;
- ең озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмысымен тәжірибе алмасу және оны тарату;
- мұғалімдердің озық тәжірибесімен танысу;
- шебер мұғалімдер жұмысымен танысу.
12 жылдық білім беруге көшумен байланысты жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесіне енгізуге және мұғалімдердің жаңа буын оқулықтарын игеру, педагогтардың кәсіптік біліктіліктерін дамыту, пәнді оқытудың деңгейін көтеруде себебін тигізеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігі педагогикалық құзыреттілікті дамыту, кәсіби біліктілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында ережеге сай жұмыс жасайды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұңғыш рет еліміздің білім беру саласында күрделі реформа жүргізу, 11 жылдық орта білімнен 12 жылдық орта білімге көшу қажеттігі айтылған.
Бағдарламада 12 жылдық мектептің мақсаты өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де өзін-өзі толық жұмылдыра алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту деп атап көрсетілген.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін білім беруге бағдарланған оқыту жүйесінен дүниежүзілік үрдіске сәйкес білім берумен бірге, тұлғаны әлеуметтендіру мен оқушылардың проблемаларын шешу, ақпараттық және коммуникативтік (іс әрекет) құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған, яғни нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіне көшу керектігі негізделген.
Барлық дамыған елдердің 12 жылдық мектептері жоғарыда айтылғандай (5-6)+(4-3)+3 моделімен жұмыс жасайды, ал Қазақстанда 4-6+2 моделі арқылы жұмыс жүргізетін болады.
Жастарға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мектеп моделіне тәуелді. Орта білім жүйесіне жаңа білім беру мазмұнын енгізу - елімізде бұрын-соңды іске асырылмаған аса күрделі ғылыми-тәжірибелік жұмыс. Оны іске асыру үшін көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бір жағынан 12 жылдық мектеп тұжырымдамасы жазылып, эксперименттік оқу құралдары әзірленіп, оларға теориялық және тәжірибелік мониторнг жүргізіліп, екінші жағынан 12 жылдық мұғалімдерін даярлаудың тұжырымдамасы, педагогикалық оқу орындарының жаңа білім стандарттары мен оқу құралдары дайындалып, 12 жылдық мектеп мұғалімдерін дайындау жұмыстары басталуы керек еді.
Қазіргі уақытта 12 жылдық мектеп талабына жауап беретін бірде-бір оқулық жоқ. Оған жеңіл көз жеткізуге болады. Барлық оқулықтар - тек пәндік білім беру әдіс-тәсілдеріне негізделген оқулықтар.
Білім сапасын арттыру үшін оқулық сапасы қаншалықты маңызды рөл атқаратыны белгілі жайт. Қазіргі жағдайда оқулықтар сапасы жыл сайын жақсара түсуде. Яғни 12 жылдық мектеп оқулықтарын жасауға тәжірибе қалыптасты деуге болады.
12 жылдық мектеп оқулықтарын сапалы дайындау үшін жұмыстар төрт бағытта атқарылуы қажет.
Қазақстандық 12 жылдық мектеп оқулығын дайындаудың негізін жасау; оқулық авторларын дайындау; оқулықтарға теориялық және тәжірибелік мониторнг жүргізу жүйесін толықтырып, олармен жұмыс жасайтын эксперттер дайындау; дайындалған оқулықтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Осындай жұмыстар атқарылған жағдайда сапалы оқу құралдары дайындалады.
2004 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарламада 2008 жылы 12 жылдық мектепке өту қажеттігі жазылған болатын. Бұл шешім өзгертіліп, 12 жылдық мектепке өту 2010 жылға қалдырылды.
Өйткені әр пән бойынша оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік негізін жасау; құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру жағдайларында білім беру үрдісін ұйымдастыруды теориялық-әдіснамалық негіздеу; оқу пәндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әлеуметтендірудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау; оқушылардың жаңа материалды өздігінен игеруіне бағытталған оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құру және т.б. көптеген қажетті зерттеулер жүргізілмей қалып отыр.
Жүргізілген көптеген педагогикалық зерттеулер аясында теориялық тұжырымдамалар (идея, гипотеза, әдіснамалық ұсыныстар және т.б.) мен тәжірибелік ұсыныстар (алгоритм, жіктеу, ұсыныс, әдістемелік жүйе және т.б.) жасалған, мектептер мен басқа да тәрбие мекемелерінің тарихы мен жұмыс тәжірибесі зерттеліп, еліміздің көрнекті ғалым-педагогтері мен қайраткерлерінің педагогикалық идеялары негізделген.
Қазақстанда мектептердің жартысынан көбі шағын кешенді мектептер. Екі-үш сынып оқушылары бір бөлмеде оқитын мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру аса күрделі педагогикалық проблема болып тұр.
Жас ұрпақ тәрбиесі - қашан да аса маңызды мемлекеттік проблема. Ғаламдану заманында жастар тәрбиесінде дамыған елдердің іс-тәжірибесін терең білудің қажеттігі туындайды. Әсіресе, 12 жылдық мектепке өту кезеңінде тұлғаны әлеуметтендіруге байланысты мектеп тәжірибесінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын зерттеп, білген дұрыс.
1. Ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп, таба біл.
2. Әдемілікті түсін, өзіңде әдемілік сезімді тәрбиеле, жаның сұлу, жүрегің мейірімді болсын, тілектес бола біл.
3. Денің сау, төзімді, күшті бола біл.
Тәрбие жүйесі, халықтың ғасырлық тарихы мен дәстүрін ескере отырып жасалған жағдайда ғана тиімді болмақ.
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудің ертеден қалыптасқан бай дәстүрі бар. Біз көшпелілер өркениетіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас әдебін, руханияттылықты, мәдениетті, дүниетанымды зерттеп, содан үлгі алып, оларды заман талабына сай жаңғыртып, бала тәрбиесінде кеңінен пайдалануымыз қажет. Бұл 2,5 мың жыл бойы Еуразия кеңістігінде негізгі рөл атқарған тұтас бір өркениет екенін естен шығаруға болмайды.
Ата-баба өнегесі негізінде рухани адамгершілік тәрбие беру жүйесін жасап, оны білім беру жүйесінде іске асыратын болсақ, онда білім сапасы мүлде жаңа жүйеге көтерілген болар еді. Себебі, өміршең тәрбие негізінде берілген білім - нәтижелі білім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 мақсатты бағдарламасы, жыл сайын жалпыға жария ететін Жолдауы, еліміздің келешек дамуын айқындайтын елдік маңызды тұғырлы міндеттер екені баршаға айқын.
Бұл жоба жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, рухани және әлеуметтік-адамгершілік әлеуеті бай, денсаулығы мықты, шындықты жақсы көретін, ар-ождан сақтау заңдылығымен өмір сүретін, сүйетін, және жоғары жоғары жауапкершілік қасиеті бар адамдарды тәрбиелеуге бағытталған.
Ұлттық доктриналар еліміздің білім беру жүйесін дамытудың негізгі ұлттық идеясын, тұжырымдамасын, білім беру жүйесінің барлық деңгейінің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жету жолдарын, стратегиялық ұзақ мерзімдік іс-жоспарларды жүзеге асыруға қажетті біртұтас басқару жүйесін анықтауы керек.
Қазақстан-2030 Білім жобасы жасалып, еліміздің білім беру жүйесін дамытудың мақсат-міндеттері айқындалған жағдайда білім беру саласында жүргізілетін реформалар ғылыми негізде, жоспарлы түрде нәтижелі жүргізілетін болады деп есептейміз.
Білім беру саласын дамытуға қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу де тұрақты назарда болуы тиіс.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет деп Н.Назарбаев атап өткендей Мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын алдыға қойып отыр. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін рухани байлық та аса қажет. Ұрпақ бойына рухани байлықты егу - тәрбие жұмысының дұрыс қойылуына, оның инновациялық жолдарынан ізденуіне де тікелей байланысты.
Тәрбие үрдісі - ойлылықты, шыдамдылықты, тер төгетін еңбекті талап ететін үрдіс. Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибелерінде өзін ақтаған жаңа білім түрлері дамуда. Технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын, рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру.
Баланы қоршаған орта, оның интеллектуалды деңгейін, алған білімін өмірде қолдана білуіне, айналасындағылармен дұрыс байланыс жасауға, баланың тілінің дамуына көмегін тигізеді. Дамыту ойын материалдары баланың қолының майда бұлшық еттерінің үйлесімді және жылдам қимылдауына, яғни саусақ ептілігіне әсер етеді. Өзіне-өзі қызмет етуге үйретеді. Өз іс-тәжірибемде жас ұрпақтың дарындылығын ашу, шығармашылық қабілетін оятып, жетілдіру, оқушылардың өздеріне деген сенімін нығайту, адамгершілік, имандылық, салауаттылық қасиеттерін қалыптастыру бағытында, оқу-тәрбие үрдісіне кеңінен енгіздім.
Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлау оны білім алушыға беру үрдісі. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалану педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыруды және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу үрдісінің материалдық техникалық базасын жетілдіру.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіне қойылатын талап тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру. Қандай да ұлт болмасын ұрпағының дені сау, білімді, білікті, ақыл-ойы терең, ұшқыр парасатты, саналы болып өскенін қалайды. Бойында отансүйгіштік, адамгершілік ізгі қасиеттері қалыптасқан жас жеткіншек-еліміздің ертеңгі тірегі, алтын діңгегі болатынына еш күмәнім жоқ.
Адам баласы ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел десек, мұның мөлдір бастауы, тамыры тәрбиеде жатыр. Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаматтық пен білім керек деп ұлы Шоқан Уәлиханов өте орынды айтқан. Жас ұрпақты ешкімнен кем етпей, ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай тәрбиелеу - барлық ұстаздар қауымы үшін бұлжымас заң, қасиетті парыз.
Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздардың негізгі міндеті болып саналады. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін сіздер. Ендеше өздеріңіз де көп оқыңыздар, ізденістен, ілгерілеуден жалықпаңыздар. Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтаныңыздар. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі - жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс - деген сөздерін жадымыздан шығармауымыз керек. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтардың тағдыры ұстаздардың қолында - деп атап көрсеткен болатын. Олай болса, басты міндетіміз - жаңа заман үрдістеріне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, ұлттықхалық педагогикасының асыл мұраларын зерттеп, оны пайдалана білу алда тұр. Сол сияқты Елбасы 2003 жылғы халыққа Жолдауында халқымыздың ең қымбат қадірмен келешегі - жастарымыздың бойына баянды білім мен мінез-құлық қалыптастыру қажет екенін айқын көрсеткен болатын.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін денсаулығы мықты, тазалықты сүйетін, адал, шыншыл оқушы тұлғасын тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын-жыраулардың, педагог-ағартушылардың тәрбиелік мұралары арқылы қалыптастыру қажеттігі туындады.
Білім беру жүйесінде бірінші міндет ол - дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынгы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның руханй адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару.
Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашьш көрсе - ту, яғни руханилығын дамыту - заман талабы.
Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың - философия, социология, пси - хология, педагогика ғылымдарының зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психо - логия оны психикалық қасиеттер мен процестердің мінез-құлық, темпера - мент, қабілетті тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымында да біртұтас көзқарастар жоқ.
JI.C.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым- қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Тұлға - бұл қоғамдық- тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс- әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі мен ұлттық мәдениеттің жеке тұлға бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.
Ж.Аймауытов жеке тұлға қоғам байлығы дегенді баса көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін ерекше айтады. Адам мен оның еңбегі, тәрбиесі қоғам үшін, орта, айналасы үшін аса маңызды іс болып табылады деген. Ұлттық тәлім-тәрбие негіздері жайлы кестесі төменде көрсетілген: (1-Кесте)

Құндылықтардың әлеуметтік-адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ Б Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.Қ.Құнантаева, МА.Құдайқұлов, А.И.Сембаев, АП.Сейтешов, ГА.Уманов, Л.К.Керімов, Г.М.Храпченковтардың тарихи-педагогикалық ой- пікірлерімен тығыз байланысты.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қальптастырудың жолдары соңғы жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.Л.Бейсенбаева, К.Оразбекова, Р.К.Төлеубекова, К.Оразбекова сияқты жеке тұлға туралы түсініктер мен адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындаудың ме - тодологиялық негіздерін қоғамдық тәрбиенің даму заңдылықтарына ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің кірігу заңдылықтарына негіздей отырып, бүкіл адамзат баласының қолы жеткен рухани мәдени байлықтарды еркін меңгерген азамат тәрбиелеудің жолдарын ашып көрсете отарып, тұлғаның жеке бастық қасиетін жетілдіруді психологиялық аспектіде қарастырады. Тұлға - жаһандану үрдісінің басты элементі, қозғаушы күш. Егер тұлғаға анықтама беретін болсақ, бір іспен айналысатын, өзіне лайықты азды-көпті тәжірибесі, білімі, дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі, талғамы, мұраты, бағыт-бағдары бар, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алатын жеке адамды айтамыз. Ол өзінің тәжірибесіне сүйеніп түрлі іс-әрекет жасайды.
Жеке тұлғаны жан-жакты қалыптастыруда тән тәрбиесі және жан тәрбиесі ерекше орын алады. Олай дейтін себебім, адамзат қоғамы сан ғасырлардан бері рухани және материалдық байлықты игеру, оны үстемелеп дамытып отыру, тәні, жаны таза, дені сау азаматтың ғана қолынан келеді.
Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар әлеуметтік жағдайларға - тәрбиеге, білімге, қоршаған әлеуметтік және биологиялық ортаға, тегіне тиесілі екендігін атап өту маңызды. Тұлға бос кеңістікте емес, ұжымда, қоғамда әрекет ететіндіктен ол белгілі дәрежеде оларға тәуелді. Мұндағы қоғамның рөлі тұлғаның пайда болуына және оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптастырумен қатар, осы жолда кедергілер жасауымен көрінеді. Қоғам ербір адамға өзінің ақыл-ойын, физикалық қабілеттерін іске асыру үшін білім алуға мүмкіндік, еңбек ету мен еркіңдік құқын береді.
Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған білімдендіру, тұлғаның болашақ өміріне өзін-өзі дамыту мақсатын қояды. Өзін-өзі дамьпу - индивидтің өз-өзіне деген шығармашылық қарым-қатынасы, сыртқы және ішкі өміріне белсенді әсер ету процесін қалыптастыру.
Тұлға негізі ең алдымен отбасында қаланады. Сондықтан да мұғалімдер мен ата-ана тығыз байланыста болуы керек. Ата-анамен бірлесе отырып, біз - мұғалімдер баланың табиғи қасиетін ашып, оны дамытуымыз қажет.
Тұлғаның маңызды сипаттамасының бірі - оның адамгершілік-рухани мәні. Тұлға мазмұнының және бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Әрине, тұлғалық бағдары адамның ішкі, рухани әлеміне бағынышты. Адамның бойындағы интеллектуалдылық - адамгершілік және еріктік касиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен әсер етеді. Бұл тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Жаңа тақырып өткізу сабақтарында педагогикалық технологияны пайдалану
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
Бастауыш мектеп оқушыларын математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі
Пәндер