Қарым – қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 . бөлім. Қарым . қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары.

1.1 Тұлғааралық қарым . қатынас теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым . қатынасының түрлері ... ... ...11

1. 3. Қарым.қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ... ... ... ..18

2 . бөлім. Оқушылардың қарым. қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері.

2.1. Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым . қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

2.2 Қарым . қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым - қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым -қатынас мәселесін зерттеу және қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарым -қатынас мәселелерінің көкейкестілігі оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.
Оқушылардың қарым - қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Е. И. Головаха , А . Б. Добрович , А. А. Бодалев, И. С. Кон , Л. А. Петровская, В. В. Столин, Н. И. Шеврандин, Л . Д . Стрляренко, Қ. А . Айдарбеков, Т. М. Шалғынбаев т. б. ғалымдар зерттеген. Қарым - қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж. Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым - қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қабілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан - жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.
Мектептегі оқушылар өмірінде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне үлкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өзі қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, курстық жұмысымның тақырыбын «Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру барысында оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
• қарым - қатынас және тұлғааралық қатынас проблемалары бойынша ғылыми - әдістемелік еңбектеді талдау;

• мектеп психологиялық қызметінде оқушылардың қарым - қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру әдістемелерін жинақтау;

• мектеп оқушыларының тұлғааралық қарым - қатынасында ауытқу байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау;
• оқушылардың қарым - қатынас мәдениетін диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау;
• қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру іс - шараларын жүргізуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып психокоррекция жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылар үлкендермен және өзінің құрбыларымен қарым – қатынас барысында түрлі түсінбеушіліктер орын алағанда балалармен түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдастыру арқылы олардың қарым – қатынасын қалыптастыруға болады депболжам жасадық.
Ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеу барысында келесі психологиялық және педогоикалық ғылыми зерттеу әдістері қолданылады: оқушылардың қарым – қатынас кезіндегі психологиялық ерекшеліктері, оқушыларды өнегелікке тәрбиелеудің әдіс – тәсілдері, қарым – қатынас мәдениетін зерттеуге байланысты тестер мен ойын түрлері және олардың нәтижелерін анықтап, талдау жасау.
Зерттеу кезеңдері. Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде, оқушылардың даму заңдылықтарына байланысты қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, мазмұны және әдіс-тәсілдерін анықтау үшін ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды.
Екінші кезеңде, мектеп оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелері талданды, балалардың сынып ұжымындағы және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері зерттелінді. Сонымен қатар, психологиялық қызметтің орта буын оқушыларына психологиялық қызмет көрсетуге негіз болатын психодиагностикалық әдістемелер жинақталып, олар жүйеге келтірілді. Қарым-қатынасында проблемасы бар балалармен психокоррекциялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әдебиеттер тізімі.
1. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
2. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. Избранные психологические труды в 2-х томах. М., 1980.
3. Головака Е.И. Психологические механизмы мотивации общения. М., 1988.
4. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения: Книга для учителя и родителей. М., 1987.
5. Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.
6. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
7. Петровская Л.А. Компетентность в общении: Социально-психологический тренинг. М., 1989.
8. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина.- М.: 1999.
9. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
10. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
11. Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии. Алматы, 2003.
12. Шалгинбаев Т.М Особенности личностных свойств и межличностных отношений подростков с дезадаптивным поведением и их учет в реабилитационной работе. А, 2004.
13. Фромм Э. Мінез типтері: Өнімсіз бағдарланулар. Психология. «Адамзат ақыл-ойының қазынасы». 10 томдық. 8 т. Алматы, 2006.
14. Морено Я. Психодрама. В кн. А.А.Осипова. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.
15. Карнеги Д.
16. Мелибруда Е.Я. Я – Ты – Мы. Психологические возможности улучшения общения. М., 1986.
17. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
18. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. М., 1986.
19. Кле М. Психология подростка. М., 1991.
20. Драгунова Т.В. Подростковый возраст. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. А.В.Петровского. М., 1973.
21. Нұрмұхамбетова Т.Р., Тәжірибелік психология. 1, 2 кітап. Шымкент, 2006, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 - бөлім. Қарым - қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары.

1.1 Тұлғааралық қарым - қатынас теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5

1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым - қатынасының түрлері ... ... ...11

1. 3. Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ... ... ... ..18

2 - бөлім. Оқушылардың қарым- қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері.

2.1. Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым - қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

2.2 Қарым - қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым - қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым - қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым -қатынас мәселесін зерттеу және қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарым - қатынас мәселелерінің көкейкестілігі оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.
Оқушылардың қарым - қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Е. И. Головаха , А . Б. Добрович , А. А. Бодалев, И. С. Кон , Л. А. Петровская, В. В. Столин, Н. И. Шеврандин, Л . Д . Стрляренко, Қ. А . Айдарбеков, Т. М. Шалғынбаев т. б. ғалымдар зерттеген. Қарым - қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж. Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым - қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар Трансактілік талдау, Социометриялық талдау, Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қабілетті анықтау, Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым - қатынасының қалыптасуын толық және жан - жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.
Мектептегі оқушылар өмірінде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне үлкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата - анасымен, мұғалімдермен қарым - қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым - қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде - оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез - құлық көрсетуі, өзі қатарлары және оқытушылармен қарым - қатынас жасау ерекшеліктерін зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, курстық жұмысымның тақырыбын Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру барысында оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
* қарым - қатынас және тұлғааралық қатынас проблемалары бойынша ғылыми - әдістемелік еңбектеді талдау;

* мектеп психологиялық қызметінде оқушылардың қарым - қатынас мәдениетін зерттеу және қалыптастыру әдістемелерін жинақтау;

* мектеп оқушыларының тұлғааралық қарым - қатынасында ауытқу байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау;
* оқушылардың қарым - қатынас мәдениетін диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау;
* қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру іс - шараларын жүргізуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып психокоррекция жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылар үлкендермен және өзінің құрбыларымен қарым - қатынас барысында түрлі түсінбеушіліктер орын алағанда балалармен түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдастыру арқылы олардың қарым - қатынасын қалыптастыруға болады деп болжам жасадық.
Ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеу барысында келесі психологиялық және педогоикалық ғылыми зерттеу әдістері қолданылады: оқушылардың қарым - қатынас кезіндегі психологиялық ерекшеліктері, оқушыларды өнегелікке тәрбиелеудің әдіс - тәсілдері, қарым - қатынас мәдениетін зерттеуге байланысты тестер мен ойын түрлері және олардың нәтижелерін анықтап, талдау жасау.
Зерттеу кезеңдері. Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде, оқушылардың даму заңдылықтарына байланысты қарым -қатынастарының ерекшеліктерін, мазмұны және әдіс-тәсілдерін анықтау үшін ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды.
Екінші кезеңде, мектеп оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелері талданды, балалардың сынып ұжымындағы және отбасындағы қарым -қатынас ерекшеліктері зерттелінді. Сонымен қатар, психологиялық қызметтің орта буын оқушыларына психологиялық қызмет көрсетуге негіз болатын психодиагностикалық әдістемелер жинақталып, олар жүйеге келтірілді. Қарым -қатынасында проблемасы бар балалармен психокоррекциялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Негізгі бөлім
Қарым-қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары
1.1. Тұлғааралық қарым - қатынас теориялары. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі оның, яғни адамның психикасы айналасындағы басқа тұлғалармен қарым - қатынас жасау барысында ғана қалыптасады және одан әрі дами түседі. Кез - келген адам жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап, екінші бір адаммен қарым - қатынасқа түсетіні белгілі. Кішкене сәбидің өзі жан - жағындағы адамдармен гуілдесіп сөйлесуінің өзі қарым - қатынас жасаудың бастапқы сатысы болып табылады.
Мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін - өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата - анасының, құрбы - құрдастарының, мұғалімдердің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек жас шағынан бастап өзінің есеюін сезіне бастағанымен байланысты үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата - аналарынан және басқа үлкендерден қарым - қатынасты теңдік негізінде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жеткіншектік жас кезеңінде де жалғасады.
Қарым - қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Б. Г. Ананьев, А. Б. Добрович, Я. Л. Коломинский, И. С. Кон, Г. М. Андреева, Дж. Брунер, Э. Фром, Л. А. Петровская, В. В. Сталин, Н. И. Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым - қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Фромм, Дж. Морено, Д. Карнеги . Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым - қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Е. Мелибурданың тұжырымы бойынша балалық шағында қарым -қатынасы дұрыс қалыптаспаған балаларда жалғыздық сезімі орын алып, оның жалпы дамуына бұл сезім теріс әсерін тигізеді.
Көп жағдайда адамдардың бір - бірімен қабылдануы әлеуметтік перцепция ретінде белгіленеді. Бұл сөз дәлме - дәл қолданылмаған. Әлеуметтік перцепция термині алғаш рет 1947 жылы Дж. Брунер мен қабылдауға жаңа көз қарасты (New Look) зерттеу барысында енгізген.
Жеткіншектік жас кезеңінде ұрпақтар дау - дамайын туғызатын кездер аз болмайды. Әкелер мен балалар арасындағы түсініспеушілік олардың өзара қарым -қатынасының қалыптаспағанын және бала өміріндегі әлеуметтік өзгерістерді үлкендердің ескермегенінен туып отырады. Қалыптасып келе жатқан адамның өз ұмтылыс - талаптарына себепсіз тежеу қою, авторитарлық жүйеде қарым - қатынас құру отбасында дау - жанжалдар туғызады.
Есейген балалардың өз өмірінде орын алған мәселелердің басым көпшілігін үлкен адамдарға тәуелсіз шешу қажеттілігі орын алатындығы психологияда дәлелденген. М. И. Лисина зерттеуінде бұл мәселені автономия қажеттілігі және оның түрлері деп белгілейді. Жеткіншектерде көрініс беретін автономия сезімінің келесі түрлері анықталған:
* мінез - құлық автономиясы (жеткіншектердің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған праволылығы);
* эмоционалдық автономия (тек педагогтар мен ата - анасының дегенімен ғана емес, өз проблемаларының біршамасын тәуелсіз өзі шешуге құқықтылығы және оны қажетсінуі);
* моралдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастарының болуына құқығы мен қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы).
Эмоционалдық автономияның баланың болашағына тигізетін үлкен теріс әсері бар. Жеткіншектер ата - аналарының бала өмірінде болып жатқан өзгерістерді байқамаған, немесе байқағысы келмеген болып көрінеді. Сондықтан олар кей кездерде қырсық мінез көрсетіп, болмашы нәрсеге ашуланып, ешкімге сырын айтпай ұзақ уақыт түйіліп қалуы, немесе басқа қырсық мінездер көрсетуге де баруы мүмкін. И. С. Конның айтуынша осындай жағдайлар мұғалімдер мен оқушылар арасында немесе оқушылардың құрбы - құрдастары арасында орын алуы мүмкін.
Тәртіп тұрғысынан жеткіншектік кез қиын жас кезеңіне жатады. Бұл жас кезеңінде балаға әкеден гөрі шешесі жақынырақ болып, әкемен қарым - қатынас күрделіленіп кетулері жиі кездесетінін көптеген зерттеулерде көрсетеді. Ақыл айту, моралдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар құруға үлкендердің араласуы саласында жеткіншектер өздерінің автономиялы болу правосын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін әдейі ұшқары көзқарастар айтады.
Қанша бас бостандықты іздегенімен, балалар өз бетімен күн көруге мүмкіншілігі жоқ болғандықтан іс жүзінде ата - анасының ықпалы бұл кезде басым болып қала береді. Балалардың осы кездегі барлық үлкендердің айтқан сөздерін електен өткізгендей сынап, мінеп отыруы, өзінің ересек болғанын дәлелдегісі келгенінен. Сән, талғам, көңіл көтеру тәсілдері секілді бірсыпыра жеңіл - желпі мәселелерде балалар мен үлкендер арасындағы айырмашылық әжептеуір болады. Сондықтан осы кезде үлкендер балаларды сынағанда олардың киімінің фасоны, опа - далаптарды пайдалануы, жүріс - тұрысы туралы өткір сөздер айтылады. Дегенмен күрделі проблемалар бойынша ой - пікір құрғанда ата - аналардың сөздері, олардың ақылы достарының, құрбы - құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді.
Оқушылар жеткіншектік кезеңде оқытушылардың білімін, киінуін, олардың басқалармен қарым - қатынасын үлкен сынға бөлеп отырады. Дегенмен олардың өздерінің алдында тұрған барлық проблемаларға терең саяси көзқарастары, дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, оқушыларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге даярлығы мұғалімдердің беделді болуын қамтамасыз етеді.
Осы кезде мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін анықтау, қарым - қатынас ерекшеліктерін меңгеріп алу, басқа балалар ортасында абыройлы болу, үлкендермен қарым - қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр - сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен, немесе ерекше қылжақпен көрсеткісі келеді. Мінез - құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болуы керек және оны қалай сақтау керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан қарым - қатынас құруда сауатсыздықты жоюға бірінші көмекші болатын адам - мектеп психологі.
Балаларға ұжым өміріне қатысуы, басқалармен бірге болуы, құрбы -құрдастарының оны қабылдауы, топқа өзін қажет деп сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі осы жас кезеңінде ерекше қажет болады. Ұжымдағы статусының төмен болуы жеткіншектерді алаңдатады, оның топтағы психологиялық жағдайы нашар болып кетеді.
Әлеуметтік ортадағы күнделікті қатынаста болып жүрген адамдарды топ мүшелерінің қабылдауы немесе қабылдамауы әлеуметтік перцепция мен бағаланады. Әлеуметтік перцепцияны адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оларды оның жекелік мінездемелерімен ара - қатынасын белгілеу, осының негізінде оның қылықтарын интерпретациялау және болжау ретінде анықтайды.
Әлеуметтік перцепцияда міндетті түрде басқа адамның бағасы және эмоционалды, жүріс - тұрыстық түрғыда оған деген қатынастың қалыптасуы қатысады. Жүріс - тұрыстың сыртқы жағының негізінде бір адамның ішкі дүниесін оқимыз, оны түсінуге және де қабылданушыға өзінің эмоционалды қатынасты тудыруға тырысамыз. Әлеуметтік перцепцияның барысында мыналар іске асырылады: басқа адамның эмоционалды бағасы, оның қылықтарының себептерін түсінуге және оның жүріс - тұрысын болжамдауға әрекеттену, жүріс - тұрыстың өз стратегиясын құру.
Қарым - қатынас барысында бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдау процесі жалпы түрде қалай өрістеу ерекшеліктерін қарастырушылар оны келесіше түсіндіреді. Бақыланушыны қабылдауда біз тек сыртқы белгілеріне қол жеткізе аламыз. Олардың ішінде ең мағұлматтысы сыртқы кейіпі (физикалық сапалар мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс - тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары) болып табылады. Бұл сапаларды қабылдай отырып, бақылаушы белгілі амалмен оларды бағалайды және қарым - қатынастағы адамның ішкі психологиялық қасиеттері жайлы кейбір ой тұжырымдарын жасайды(көп жағдайда санасыз түрде). Бақыланушыға тіркеген қасиеттердің жалпы саны, өз кезегінде оған белгілі қатынасты қалыптастыру адамға мүмкіндік береді (бұл қатынас көбінесе эмоционалды сипатта болады және ұнайды - ұнамайды деген континиумның шегінде орналасады). Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.
Зерттеушілер әлеуметтік перцепцияның төрт негізгі қызметтерін анықтаған:

1.Өзін тану;
2. Қарым - қатынастағы партнерді тану;
З. Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс - әрекетті ұйымдастыру;
4. Эмоционалды қатынастарды құру.

Қарым - қатынастың перцептивті жағы бір адамның басқа адамды жеке адамды аралық қабылдау процесін қосады. Басқа адам жайлы елестер өзіндік сана - сезімнің даму деңгейіне, өзінің Мен жайлы елестеріне (Мен - концепциясы) байланысты. Басқа адам арқылы өзін жете түсінудің екі жағы бар: идентификация (өзін басқа адамға ұқсату) және рефлексия (адам өзін қарым - қатынастағы партнермен қалай қабылданатындығын ұғынуы).
А. С .Золотнякова жеке адамаралық перцепцияны зерттегенде қарым -қатынастың маңызды (қабылдаудың субъекті мен объектінің сипаттамалары, олардың қасиеттері және т.с.с.) және процессуалды (қабылдау механизмдері мен эффектілерінің анализі) құрамдарын бөліп зерттеруді ұсынады. Бірінші жағдайда бір - біріне әр түрлі ерекшеліктерін қосып жазуды (атрибуциялар), қарым - қатынастағы партнердің жүріс - тұрысының себептерін, бірінші әсердің қалыптасуында нұсқаудың ролі және т.с.с. зерттеледі. Екіншіде, адамдар бір - бірін қабылдауда пайда болатын әр түрлі эффекттері зерттеледі. Мысалы, проекция, орта қате, тәртіп және т.с.с. эффекттер.
Басқаша айтқанда, жеке адам аралық перцепция процесін зерттеудің екі негізгі аспекті бөлініп көрсетіледі. Біріншісі, қабылдау субъектімен объектінің психологиялық және әлеуметтік ерекшелікгерін зерттеумен байланысты, ал екіншісі жеке адам аралық бейнелеудің механизмдерімен эффектерінің анализімен байланысты.
Қабылдау объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу келесі сүрақтарға жауап беруге әрекеттену болып табылады:
Бақыланушының психологиялық және басқа қасиеттерінің қайсысы бақылаушымен оны тану процесіне маңызды әрі мағлұматты болып табылады?
Қарым - қатынастағы партнерді бағалай отырып, ең алдымен адамдар неге көңіл аударады?
Бақыланушының маңызды қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оның бет - әлпетінің көріністері (мимика), сезімдерді көрсету тәсілдері (экспрессия), жесттері мен дене тұрысы, жүрісі, сыртқы көрінісі (киімі, сәнді шашы), дауысы мен сөйлеуінің ерекшеліктері. Европалық мәдениетте әмбебап баян етуі бар экспрессивті жесттердің үлгілерін көрсетуге болады:

- саусақтардың ұштары бір- бірімен біріккен - ұят, көнгіштік, мойындау;
- саусақты басқа қолдың алақанында қысу - өзін - өзі жігерлендіру;
- басты түрліше қасыну - батылсыздық, дайын еместік.
Перцепцияны зерттеу қабылдау процесінің өзін және басқа адамды бағалауды қамтамасыз ететін, сыртқы қабылдаудан бағалауға, қатынасқа және болжамға өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір қатар әмбебап психологиялық механизмдерді бөлуге болатынын көрсетеді. Жеке адам аралық перцепцияларының механизмдеріне төмендегілер жатқызылады:
Идентификация - бұл басқа адамды тану тәсілі. Мұнда басқа адамның ішкі жағдайы жайлы болжау қарым - қатынастағы партнердің орнына өзін қоюға әрекеттенулердің негізінде құрылады. Яғни, өзін басқа адамға ұқсату пайда болады. Басқа адаммен идентификациясында оның нормалары, құндылықтары, жүріс - тұрысы, мәнері мен әдеттері танылады.
Эмпатия дегеніміз - басқа адамға эмоционалды сезіну немесе уайымдау. Эмоционалды үн қату арқылы біз басқа адамның ішкі жағдайын түсінеміз. Эмпатия басқа адамның ішінде не болып жатқанын, нені бастан кешіріп жатқанын өзінің көз алдына дұрыс елестету ептілігіне негізделеді. Эмпатия жоғары болған сайын, адам бірдей жағдайларды әр түрлі адамдармен қабылданатынын өзінің көз алдына елестету қабілеті жоғарылай түседі және де осы әр түрлі көзқарастардың болу құқығын түсінуге ол қабілетті болады.
Аттракция (сөзбе - сөз аударғанда - тарту) басқа адамға тұрақты позитивтік сезімнің қалыптасуына негізделген басқа адамды тану формасы болып саналады. Тап осы жағдайда, қарым - қатынастағы партнердің түсінуі оған деген әбден беріліп кетудің, достық немесе шексіз интимді - жекелік қатынастардың қалыптасуы арқасында пайда болады.
Рефлексия - қарым - қатынас процесінде өзін - өзі тану механизмі болып табылады. Оның негізінде адам өзін қарым - қатынастағы серігімен қалай қабылданатыны жайлы пікірінің қалыптасқандығы, өзінің әсерін болжамдау, елестету қабілеті жатады.
Қарым-қатынастағы партнердің жүріс - тұрысын болжамдау (каузалды аттрибуция).
Каузалды аттрибуция (себептер жүйесі) - басқа адамның қылықтары мен сезімдерін өзінше түсіндіру, интерпретациялау механизмі (каузалды аттрибуция дегеніміз адамның іс - әрекетінің сәтті немесе сәтсіз болғанының себептерін анықтауы). Каузальды аттрибуцияны зерттеушілердің айтуы бойынша, әрбір адамда өзін ұнайтын себептер үлгілері бар. Ол бірнеше түрде болады. Осы түрлерін топтастырып келесідей етіп көрсетеміз.
Жеке аттрибуциясы қалыптасқан адамдар болған оқиғаның, сәтсіз істің айыпкерін табуға, оны нақты бір адамның жеке тұлғалық қасиетіне немесе соның іс - әрекетінің нәтижесін себеп ретінде анықтап жүктеуге, сол адамға барлық жаланы жабуға бейім келеді.
- Жағдайлар аттрибуциясында әділетсіздік болған жағдайда сол жағдайға себепкер болған айыпкерді іздестірумен өзін мазаламай адамдардың бәрінен бұрын сыртқы ортамен байланысты жағдайларды айыптайды.
- Стимулды аттрибуциясы анық байқалатын адам болған оқиғаның себебін іс - әрекет бағытталған заттарға жабады (құмыра нашар тұрғаннан құлады) немесе зардап шегушінің өзінен (машинаның астына түскеніне өзі кінәлі, көшеден өткенде бағдаршамға қарамаған) көреді.
- Каузалды аттрибуция процесін зерттеу барысында әр түрлі заңдылықтар айқындалды. Мысалы, көп жағдайда адамдар табысты болғанының себебін өзінің біліктілігі мен іскерлігінің салдары деп түсіндіреді, ал сәтсіздікті - жағдайлардың әсерінен болды деп есептейді.
Қарым - қатынаста әлеуметтік перцепция үлкен орын алады. Бұл проблеманы зерттегендер, олардың ішінде А. Б. Добрович перцепцияның маңызды құрамды бөлігі ретінде адамдардың бір - біріне алғашқы кездескенде тигізген әсері деп табады. Адам туралы алғашқы әсерінің қалыптасуы 3 типтік нұсқа бойынша жүреді. Әрбір нұсқа бір - бірімен танысу барысында қарым - қатынасқа түскендердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір фактор жетекші болады. Ол факторлар артықшылық, тартымдылық, бақылаушылық деп аталады.
Артықшылық факторы қарым - қатынасқа түскендер теңсіздік жағдайында болғанда орын алады. Ол қарым - қатынасқа түсушілердің біреуі өзінің қандай да бір маңызды параметрі бойынша партнерден өзінің артықшылығын сезгенде, яғни ақылы, бойы, материалдық жағдайы не басқа көрсеткіштері бойынша өзін жоғары сатыдамын деп есептеуімен сипатталады. Қарым - қатынас себебі немесе мәнісі бойынша бір немесе бірнеше көрсеткіштер бойынша өзін өзгелерден артық санаған адам өз партнерін онша сыйламастан үстемлік көрсетуі мүмкін. Мұндай қарым -қатынас барысында қатынасқа түсушілердің бір жағы екінші жағына тәуелді болып, өзіне деген сенімі төмендейді. Сондықтан бұл нұсқа бойынша жүрген қарым - қатынас үстемдік көрсеткендердің айтқанының бәрі дұрыс болады да, екінші жағы экстремалды жағдайда болып, нәтижесінде мазасызданып, өктемшілге сенім білдіруге дайын тұрады.
Тартымдылық факторы бойынша жүрген қарым - қатынаста партнерлер бір - бірін тыңдап, айтқан сөздеріне түсініп, сырттан қарағанда өте тартымды сияқты қабылдауымен байланысты схемалар бойынша іске асырылады. Бұл жағдайда қарым - қатынасқа түскендердің біреуінің жіберген қатесі сырттай тартымды адамды да өздеріне маңызды психологиялық және әлеуметтік параметрлері бойынша қайта бағалауы мүмкін.
Бақылаушылық факторы негізінде қарым - қатынас жасап жатқан партнерді қабылдау схемаларының барлығының бір - біріне әсерін реттейді. Бұл жағдайдағы жақсы қарым - қатынас және бір - бірін жақсы қабылдау маңызды идеяларымен бөлісетін адамдар арасында орын алады. Идеясы ортақ адамдар бір - бірін позитивті қабылдауға бейім болатындығымен түсіндіріледі.
Қарым - қатынас барысында партнерлардың бір - бірін қабылдауына стереотипизациялау процесі үлкен әсерін тигізеді. Әр адамның өзінің өмір тәжірибесіне байланысты әлеуметтік стереотипі, әлеуметтік топтың өкіліне тән деп түсінетін бейнесі тұрақты қалыптасады. Танысқан адам қай әлеуметтік топтың өкілі болғанына байланысты қандай да бір адамдар жайлы қалыптасқан пікірге, мінездемеге, қалыптасқан үлгіге сай келуі керек деп түсініледі. Сондықтан стереотипке онша сай келмейтіндер теріс белгіде қабылданады, ал стереотипке сай келгендерге туралы оң баға беріледі.
Стереотипизацияның жиі кездесетін түрі - этникалык стереотиптер. Әр халық өкілдері көңіл аударарлықтай сырт келбеті, мінез ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, ұлт өкілдері туралы сөз болғанда ағылшындардың тәкаппарлығы, француздардың жеңіл мінезділігі, итальяндықтардың таңғажайыптылығы, немістердің тәртіптілігі жайлы стереотиптер елестетіледі. Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам ол ортада өзін ыңғайлы сезінеді және бұл стереотиптер ұлт өкілін өздерін басқа этникалық топта қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін және дөрекі түрде жөнге салу қүралы болып табылады. Олар әлеуметтік ортада рұқсат етілген мінез - құлық үлгілерінен тұрады. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда үлкен рөл атқарады.
Мұғалімнің оқушыларды қабылдауындағы стереотипизациялауының нәтижелерінің бірі - оның санасында өте жақсы окушының модельдерінің қалыптасуы болып табылады. Мұндай оқушы мүғалімнің пікірінше келесі жағымды қасиеттермен сипатталады: ынтымақтастыққа дайын, білім алуға ұмтылатын, тәртіпті. Балаға қатысты мүғалімде қалыптасатын үміттер оның ақиқат табыстарын шынында да анықгайтыны елеулі. Осындай үміттердің әсерінен мұғалімнің баланы өзіндік қабылдау үлгісі қалыптасады.
Педагогикалық тәжірибедегі үміт стереотипінің көрініс беруін бірнеше мысалдарын Н.И. Козлов көрсекен. Олар:
1. Оқушылардың сабақта беретін жауаптарына байланысты стереотип педагогикалық процесте келесі көріністерде болады. Мұғалімдер жақсы окушыларды жиі тақтаға шақырады және белсенді түрде қолдап отырады. Ал жаман оқушыға мүғалім өзінің көзқарасымен, ескертулерімен, ымдарымен, кейде ешқандай көңіл аудармауымен ол оқушыдан ешқандай жақсылық күтпейтінін түсіндіреді.
2. Оқушы туралы қалыптасқан стереотиптің екінші көрінісі жауап беріп жатқан оқушыға көмектесуінің сипатында орын алады. Мұғалім өзінің үміттерін растау үшін жақсы оқушыларға барынша көмек көрсетіп, оның білмей қалған жерлерін білдірмей айтып береді, түсінбегенін түсіндіріп тұрады және басқа түрде көмектеседі. Бірақ ол жаман оқитын оқушыны алға тартып жатқан жерлері, оған сенім білдіргені сирек кездеседі.
3. Қалыптасқан стереотиптің үшінші түрі оқушыларды үлгеруші және үлгермеуші деп сыныптастыруға алып келеді және осы тұрғыда сипатталған пікірлерді тудырады. Мұғалімдер үлгермеуші стереотипіндегі оқушыларды мынандай сөздерді қолдана отырып көп сынайды: Тағы да жаттамай келдің бе?, Өмір бойы сен сыныпты артқа тартасың, Шашымды ағарттың, Қашан ата-анаңның сенімін ақтайсың? және т.б. сөздермен сыныптастарының алдында абыройын төгеді.
Қарым - қатынастың үш жағын зерттеу олардың өзара байланысты екенін көрсетеді. Осы көрсеткіштерінің әр қайсысы адамдардың бір - біріне әсер етудің белгілі тәсілдерін анықтайды. Олар бағыну, сендіру, өзін - өзі иландыру, еліктеу, құмарлану.
Мектепте оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым -қатынасты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір - бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Қарым - қатынас мәдениеті қалыптаспаған балалардың арасында бәсекелестік, өктемшілдік көрсету, бір - бірін жәбірлеу орын алған кезде балалардың мазасыздануы жоғарылап, өзгелерге қорқыныш сезіммен қарау орын алады. Мұндай жағдай орын алған кезде оқушылар қарым - қатынас мәдениетін түзету мәселесі актуалданады. Жеткіншек жасындағы балалардың қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек көрсетіп, тұлғааралық қатынаста өздерінің құрбыларымен, үлкен және кішілермен қандай қатынаста болуы керек екенін үйрету қажет екенін көрсетті.
Бұл мәселені талдауға белгілі ғалым В. А. Яров үлкен мағына берген. Ғалым тұжырымы мінез - құлықты диспозициялық реттеу, яғни белгілі жерге орналастыру деп аталады. Осы концепсияға байланысты субьект мінез - құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның диспозициялық - ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде элементарлы бағыт- бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс екен.
Үшінші деңгейде адам өмірі мақсатындағы құндылық бағдар жүйесі құрылады және осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады. Яғни қарым -қатынас процесін реттеу үш деңгейде өтілуі шарт.
Қарым - қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым -қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік. Қарым - қатынас мәдениеті дегеніміз - адамдардың өз мінез - құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуға қабілеттілігі.
Қарым - қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым - қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс - шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым - қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.
1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым - қатынасының түрлері. Жеткіншек жасындағылар қарым - қатынасқа өте құмар келеді. Олардың жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастарымен, қарым - қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым- қатынастарынан гөрі күрделі, көп салалы әрі мазмұны терең болады. Тұлғааралық қарым - қатынасты жан - жақты зерттеген А. А. Бодалев оның жас кезеңдеріне байланысты өзгеру динамикасын көрсеткен. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым - қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос, деп нақпа - нақ саралайды. Қарым - қатынас жасайтын адамдары тек мектеп шеңберіндегі оқу әрекетімен шектелместен, барған сайын мектептен тыс шыға береді, жаңа мүделерді, кәсіптерді, қарым - қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым - қатынастарда әр түрлі оқиғалармен, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды. Ол осы ортада іс- әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш - жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым - қатынас жеткіншек үшін ерекше құдылыққа ие болады. Л. Я. Гозман көрсеткендей, бұл қатынастардың бала үшін маңыздылығы соншалықты жоғары бағаланатындығынан олар ата - ана, туғандарымен қарым - қатынастардың тартымдылығын едәуір азайтып, оқудың өзін екінші қатарға ығыстырады. Әдетте мұны бірінші болып анасы сезеді. Ұлының (не қызының) өзінен алшақтап, қайсыбір өзгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым - қатынасы оның жеке басының қатынас сферасы болып сараланып, бұл бағытта ол дербес іс - әрекет етеді. Ол бұған хақым бар деп санайды, өзінің правосын қорғайды, нақ осы себептен де ересектердің бұл салаға араласуын жәбірлеу деп санап, оған қарсы шығады.
Л. Я. Гозман эмоционалдық қарым - қатынасты жолдастық, достық, сүйіспеншілік, қастандық түрлерге бөліп көрсетеді. Олардың әрқайсысының жеткіншек өмірінде өз орны бар. Жеткіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым - қатынас, бірлесіп іс - әрекет жасауға ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем түспейді. Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастарымен қарым - қатынастардағы қолайсыздықтар, жақын жолдасының, досының болмауы немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай - ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен қарым - қатынас жасағысы келмеуі болады, ал ең ауыр жаза өзіне ашықтан - ашық немесе жасырын бойкот жасауы болмақ. Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.
Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып көрінуі мүмкін: бұлардың өз қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай - ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс - әрекеттер, өтірік -шыны аралас әр түрлі жайларды айту болуы мүмкін. Е. Я. Мелибурданың жүргізген зерттеуінде жеткіншектердің қырсық мінез көрсетунің бір себебі өз жолдастарының назарын аудару екендігін дәлелдеген
Жеткіншектер жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл болып келеді. Балаларға өмір мен іс - әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым -қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, ынта көрсетіп, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс - әрекетте олар әншейін қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.
Жолдастық қарым - қатынас жеткіншектер өмірінде үлкен орын алады. Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым - қатынастары көбінесе ересектермен қарым - қатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым - қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымтегі алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғамдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, жеткіншектер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдасының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі (тек оқу үлгерімі ғана емес), батылдығы өзін - өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды бола бастайды. Әр түрлі сыныптарда (жеткіншектер топтарында) бұл жақсы жақтардың құндылық дәрежесінің түрлі баспалдағы бар, бірақ олардың біреуі - жолдастық қасиеттер әрқашан бірінші орынға қойылады. Жеткіншектер әншейін танымал болып қана қоймай, олардың ризалығы мен құрметіне бөлену үшін ең алдымен жақсы жолдасы болуы керек. Осыған байланысты жеткіншектік кезеңнің басында бұрын танымал болған балалардың тобында өзгеріс болатыны жиі кездеседі: біріншіден, бұрынғы беделділер кетіп, олардың орнына жаңалары шығады, екіншіден, сынып активінің неғұрлым сыйлы әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады, өйткені көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық қасиеттерін ескермей, үлгерімі жақсы және тәртіпті балаларды алатыны жиі кездеседі. Сыныптастары үшін беделі аз актив - ұжым құрудағы және сыныптағы пионер жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың мәнді себептерінің бірі. Мұның мәні одан кем түспейтін тағы бір себебі - мұғалімде басқарудың авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және активте де сыныптастарымен қарым - қатынастың осындай әдістерінің тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны әсте қабылдамайды, өйткені олар ересектердің де, жолдастарының да қарым - қатынастарына сол бір негізгі талап тұрғысынан қарайды - адамшылық, қадір - қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді.
Бұл талап жеткіншектердің жолдастық кодексінің өзегі болып табылады, оның нормалары әр түрлі негіздерден: ересектерден, жасы үлкенірек балалардан, кітаптар мен кинофильмдерден (олар бұл нормаларды көрсетіп, түсіндіруде маңызды роль атқарады) ұғынылып, қабылданады. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары қадір- қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жолдасына көмектесу, адалдық. Жеткіншектердің ортасында әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, сыныбына қатысты іс - әрекеттері ескерусіз қалмайды және бұл нормаларға сай келетіні - келмейтіні бағаланып отырады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобына опасыздықты, уәде бұзуды, көмектеспей қоюды, өзімшілдік пен сараңдықты, бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін - өзі дәріптеуді, жолдасының пікірімен санасқысы келмеуді, сөзімен, күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар жәбірлесу, қақтығыстар, жанжалдар туғызады. Жолдасының өзін - өзі сыйлаушылығы, өз пікірі болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай, жәбірлеушіге қарсыласа алмауы да айыпталады, ал жағымпаздар, алуан түрлі бейімделгіштер мүлдем жеккөрінішті болады. Бұл айтылғандарға қарама - қарсы қасиеттер жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізі болып, жолдасының қасиеттерімен қарым - қатынасқа осы тұрғыдан талап қойылады.
Бұл нормалар мен талаптардың ересектердің жолдастық, достық шынайы ынтымақ қарым - қатынастарының аса маңызды нормаларымен үйлесетіндігі өте маңызды. Жеткіншектердің жолдастық кодексінің моральдық - этикалық мазмұнының ересектердің осындай қарым - қатынасының қағидаларымен үйлесуінің арқасында құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жеткіншектің әлеуметтік - моральдық ересектігінің айрықша мектебі болады. Бұл қарым - қатынас ұжымтегі ересектер моралінің қағидаларына негізделген әлеуметтік қарым - қатынастың жаңа әдістерін меңгеру практикасы болып табылады. Нақ осы жолдастарымен қарым - қатынас практикасында бұл мораль ең алдымен игерледі.
Жеткіншектердің құрдастары алдында танымал және сыйлы болсам деген қажеттілігі өте жоғары болады. Себеі әр бала өз жолдастарының пікірі мен бағаларына ерекше сергек қарайды. Жолдастарының ескертулері, наразылықтары мен өкпелері, олардың себептері жайлы ойлантады, өзіне назарын аударады, өз кемшіліктерін көріп білуіне көмектеседі, ал олармен жақсы қарым - қатынаста араларында сыйлы болуға ұмтылу түзеліп олар қоятын талаптарға сай болайын деген ниет туғызады. Жеткіншек жаста қарым - қатынас үшін өте маңызды ерекшелік - құрдастарының талаптарын есепке ала білу дамиды. Қарым - қатынас жақсы болу үшін бұл қажет нәрсе. Мұндай қасиеттің болмауын жеткіншектер инфантілділіктің көрінісі деп бағалайды.
Л. Я. Гозман, Н. И. Ажгихина өз зерттеулерінде шектеулі балалардың басым көпшілігінде қарым - қатынастың болмауына себептердің бірі ретінде олардың өзін - өзі асыра бағалау деп көрсеткен. Мұның салдарына жеткіншек жолдастарының айтқан сыны мен талаптарына ден қоймайды. Нақ осы себепті жолдастары одан безеді. Сыныбында беделсіз болып, бәрі одан безген жеткіншектер көбіне өзін - өзі осындай асыра бағалаушылар болады. Қарым -қаынастың жақсы болуына жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін - өзі лайықты немесе тіпті төмен бағалауы қолайлы жағдай жасайды. Өзін - өзі бағалаудың сипаты - онымен қарым - қатынас жасау үшін өте маңызды нәрсе. Сондықтан менмендік, эгоцентризм, дезадаптивтік мінез көрсету жеткіншектер ортасында төмен бағаланатын қасиеттер болып саналады. Оқшау жүретіндер деп аталатын жеткіншектерде әр түрлі жағымсыз ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне тән кемшілік - жақсы жолдас болу қасиеттерінің жоқтығы. Сыныптастары оны осылай деп санайды, ал жеткіншектер бұл кемшіліктің есесін еш нәрсемен де толтыруға болмайды деп біледі. Сондықтан үздік оқушы да оқшау қалуы мүмкін.
Жеткіншектер өз құрдастарының іскерлігін жоғары бағалап, олармен іскерлік қатынасқа түскенде барлық берген нұсқауларын ризашылықпен, сыйластықпен орындайды. Олар іскер басшы құрдастарына бағына біледі, жолдастарымен қатар тұра алады, өз міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жанын салады, басқалар үшін қиын немесе жағымсыз жұмысқа бірінші болып кіріседі, жолдастарын құрметтеп, айқай - шусыз, мазасыз ақыл үйрете бермей, сабырлықпен қарайды, қажет бола қалса көмекке келеді, жолдасын сыйлай білу жеткіншектермен іскерлік қарым - қатынас жасау үшін қажетті қасиет. Жеткіншектерді іскерлік қатынастарында мінез - құлықтың дұрыс формаларына баулу мұғалімен пионер вожатыидың жұмысының маңызды мінденті болуға тиіс.
Жеткіншектік жас кезеңінде балалар арасында достық қатынас ерекше орын алады. Жеткіншектердің достығын зерттеген И. С. Кон оны терең мазмұнды, асыл қазына ретінде бағалайтынын атап өтеді. Жеткіншектің жеке басының әлуметтік -моралдық ересектігінің дамуында қарым - қатнастың ерекше түрі - жақын жолдастарымен және досымен қарым - қатынасы маңызды. Жылдар өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсы бір салада озық сыныптастарымен қарым - қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік қолынан бәрі де келетіндіктер батылдық, сырт пішінінің ересек болып көрінетіндігі, өзін - өзі ұстау мәнері романтикалық сипаттағы қарым -қатнастардағы тәжірибе, қатынастардағы дербестік секілді алуан түрлі жайлар тартымды болуы мүмкін. Жеткіншекке мүдделері қарама - қарсы өте - мөте әр қыйлы балалар тартымды болуы жиі кездеседі. Аз ба, көп пе, уақыт бойы жеткіншектің қарым - қатынас жасайтын ортасы өте кең, бірақ тұрақсыз болуы мүмкін, бір шама тығыз болғанымен уақытша қарым - қатынас орнығады, жақын дос іздеу басталады. Барлық жағдайларда да қарым - қатынастың тартымдылығы, екі түрлі: мүдделер жағынан және қарым - қатынастың сипатымен қанағаттану дәрежесі жөнінен тіл табысушылық сыннан өтеді. Достарының неғұрлым ересек болғаны жеткіншекке ұнайды, бірақ нақ осының өзі жақындасуға кедергі болуы мүмкін, өйткені неғұрлым ересек жолдасына мұнымен қарым - қатынас жасау қызықсыз болуы мүмкін. Дегенмен әдетте досы естияр болса ол қарым - қатынаста жетекші болып, әрбір іс - әрекетте бастауыш болады.
Балалардың жақындасуы үшін олардың алдарына қойып отырған мақсаттары мен сүйікті әрекеттерінің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Достарымен қарым -қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қазір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шындап қызығып кетуі мүмкін. Сондықтан жолдастары мен достары арасындағы қарым - қатынас жеткіншектердің жаңа мүдделерінің пайда болуының қайнар көзі. Біріне - бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әр қайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қатынас
Тұлғааралық қарым - қатынас
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы
Қарым қатынас психологиясы. Қоғам коммуникативтік процесс ретінде.
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы,тілдесу кезеңдері
Қарым - қатынас стратегиясы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Тұлға аралық коммуникация туралы
Тұлғааралық коммуникация
Қарым - қатынас процесінде тұлғаның дамуы
Пәндер