Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. Банк туралы түсінік және оның тарихы
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банк туралы пікірлер және банк жүйесі
1.3. Қазақстанның Ұлттық банкісінің қалыптасуы

ІІ ТАРАУ. Ұлттық банк.Қазақстан Республикасының Орталық банкі
2.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
2.2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
2.3. Қазақстан Реапубликасының банкі «Банктердің банкісі»

ІІІ ТАРАУ. Ұлттық банк және оның негізгі қызметі
3.1. Ұлттық банк . үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және
агенті
3.2. Ұлттық банкісінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын
валюталық резервтерді басқаруы
3.3. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу. Ақша айналысын
басқару

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМША

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы - ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан құралады.

қаржылық- несиелік иституттар

Банктік жүйе

Коммерциялық банктер
Орталық банк


Орталық банк мемлекеттік эмиссиондық және валюталық саясатты жүргізе отырып, бүкіл жүйенің ядросы болып табылады. Банктік жүйелер стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешу үшін қолданылады:
 -Экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
 -инфляцияны реттеп, бақылау жасау;
 -төлем балансын реттеу.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмысымның мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі Ұлттық банк туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Курстық жұмысымның құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда Банк туралы түсінік және оның тарихы жөнінде сөз, екінші тарауда Ұлттық банк-ҚР-ның Орталық банкі туралы сөз қазғалса үшінші тарауда ***айтылады. Бұл курстық жұмыста мынандай сұрақтар қарастырылады:
Банктің пайда болу тарихы, банк туралы пікірлер және банк жүйесі, Қазақстанның Ұлттық банкісінің қалыптасуы, Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары, қызметтері мен операциялары, сонымен қатар, ҚР-ның банкі-«Банктердің банкісі» және оның сыртқы экономикалық қызметі мен валюталық резервтерді басқару және банктік қызметті қадағалау мен реттеу үшін қандай шаралар жасалады? Ақша айналымын қалай басқарады
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. “Қазақстан Республикасының банк қызметі туралы заңдары’’ 05. 1995ж.
2. “Банковскаое дело” Г.С. Сейткасымов, Алматы Қаржы-қаражат 1998ж.
3. “Бухгалтерский учет и отчетность в банках” Г.С. Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.Т. Абдраимова, Алматы, Қаржы-қаражат, 1998ж.
4. “Банки Казахстана” журналы № 6 2000жыл
5. “Банк хабаршысы” 2001жыл
6. “Деньги, кредит, банки” Ловрущин О.И. Москва 2000жыл
7. “Бағалы қағаздар нарығы” Көшенова, оқу құралы Алматы, Экономика 1999жыл 234 бет
8. ҚР-ның “Ұлттық банк туралы Заң күші бар” 1995 ж. 30наурыз. Жарғы
9. “ҚР-ның Ұлттық банк басқармасының № 331 қаулысы”
10. “Бағалы қағаздар нарығы карегорияларының орысша – қазақша түсіндірме сөздігі” Б.А. Көшенова
11. “ДКБ, Валюта қатынастары” Б.А. Көшенова, Оқу құралы Алматы, Экономика 2000ж. 328 бет
12. “Ақша айналысы және несие” Нақыш С.Б. Алматы 2004ж
13. “Управление банковскими рисками” Алматы 2002ж
14. “АНБ” Саиев М.С. “Қаржы және статистика” Алматы
15. “ДКБ” “Ценные бумаги” Практикум

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І тарау. Банк туралы түсінік және оның тарихы
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банк туралы пікірлер және банк жүйесі
1.3. Қазақстанның Ұлттық банкісінің қалыптасуы

ІІ тарау. Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
2.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
2.2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
2.3. Қазақстан Реапубликасының банкі Банктердің банкісі

ІІІ тарау. Ұлттық банк және оның негізгі қызметі
3.1. Ұлттық банк – үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және

агенті
3.2. Ұлттық банкісінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын
валюталық резервтерді басқаруы
3.3. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу. Ақша айналысын
басқару

Қорытынды

Қосымша

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы - ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер
халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын
ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық
банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан
құралады.

қаржылық- несиелік иституттар

Банктік жүйе

Коммерциялық банктер
Орталық банк

Орталық банк мемлекеттік эмиссиондық және валюталық саясатты жүргізе
отырып, бүкіл жүйенің ядросы болып табылады. Банктік жүйелер стратегиялық
маңызы бар мәселелерді шешу үшін қолданылады:
➢ -Экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
➢ -инфляцияны реттеп, бақылау жасау;
➢ -төлем балансын реттеу.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік
институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды
жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін
ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын,
сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмысымның мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және
біртұтас құрылымдарының бірі Ұлттық банк туралы дұрыс түсінік
қалыптастырып, хабардар ету;
Курстық жұмысымның құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3
тараудан тұрады. Бірінші тарауда Банк туралы түсінік және оның тарихы
жөнінде сөз, екінші тарауда Ұлттық банк-ҚР-ның Орталық банкі туралы сөз
қазғалса үшінші тарауда ***айтылады. Бұл курстық жұмыста мынандай сұрақтар
қарастырылады:
Банктің пайда болу тарихы, банк туралы пікірлер және банк жүйесі,
Қазақстанның Ұлттық банкісінің қалыптасуы, Ұлттық банктің құрылымы мен
басқару органдары, қызметтері мен операциялары, сонымен қатар, ҚР-ның банкі-
Банктердің банкісі және оның сыртқы экономикалық қызметі мен валюталық
резервтерді басқару және банктік қызметті қадағалау мен реттеу үшін қандай
шаралар жасалады? Ақша айналымын қалай басқарады?

І тарау. Банк туралы түсінік және оның тарихы.

1.1. Банктің пайда болу тарихы.

Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен
қол өнер мен кәсіпкершілікті оқшауландыруды, сонымен қатар мәмілелердің
және төлемдердің өсуі мен тығыз байланысты. Жоғарыда талай қайталап
айтылғндай, адам қоғам дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында маңызды
тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңнаң терілері және т.б.) яғни,
тауарла-ақша болған. Айырбастау операциясының өсуі сондай-ақақша баламасын
жинау қажеттігін туғызды. Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы-ақшаны
сақтаудың сенімді жері – діни ғимараттар, храмдар болды.

• Храмдар мемлекеттің, қауымдардың сақтандыру қоры болды. Онда елдің
басқа елдермен қауымдармен айырбастауға арналған барлық өнімдері
жиналатын болған,

• Діни ғимараттардан ешкім ол тауарлы-ақшаны ұрлай алмайды.

Храм шаруашылықтың орнықтылығы оларға ғасыр бойы орын алып келген
қауымдар мен мемлекеттің сенімділігіне негізделген. Храм шаруашылықтың
салыстырмалы тұрақтылығы ақша айналымын қолдауда маңызды жағдай болды. Осы
тұрақтылық храмдарға ақша операцияларын жүргізуге, тауарлы-ақшаны сақтауға
мүмкіншілік берді. Тауарлы-ақшаның табиғи бұзылуы – бағасының төмендеуі,
оларды жаңартып отырудың қажеттігі, храмдарға ақша айналымын реттеу
атқарымын жүктеді. Өз кезегінде, бұл атқарымды орындау қосымша ақша
операцияларын жүргізуді талап етті. Есептеу және есеп айырысу. Сөйтіп
Шығыстың храмдық шаруашылық тауарлы-ақшаның сақталуын қамтамасыз еткені,
банк құрудың алғашқы қадамы болды.

Есептеу, есеп айырысу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін
болғандықтан, үлкен көлемді тауарлы-ақшаны жинақтау, сақтау, есептеу,
сұраптау қиынға түсетін болды. Сондықтан жаопыға бірдей балама етіп басқа
көп шығынды, көп күшті керек етпейтін, тауарды қолданудың қажеттігі туды.
Осындай жалпыға бірдей балама бөлуге бәрінен де лайықты тауар – металл
болды. (мыс, қола, күміс, алтын) Бара – бара күміс пен алтын іріктеліп
шықты. Олардың басқа металдарға қарағанда қосымша сапасы: ықшамдылығы, яғни
құныжоғары, ал көлемікішкентай, сыртқы орталықта орнықты.

Бұдан кейін, храмдар ушін ақша операцияның жаңа түрі – айырбастау пайда
болды.

Күміс пен алтын жетіспейтін жағдайда (олар көбінесе қазынаға кетіп
жатты) тек храмдар ғана тауарлы-ақшаны металл ақшаға айырбастай алатын
болды. Сонымен қатар, храмдар металл және тауарлы-ақшаны ақысыз сақтаудан
бас тартып, енді ақы ақы алатын болды және де олар төмен мерзімін ұзартып
тауарлық несие бере бастады. Сөйтіп храмдар іс жүзінде банкілерге тән
барлық ақша операцияларын жүргізетін болды. Осындай практика кейінірік
Ежелгі Грециядан Римге кейін, орта ғасырларды Европа елдерінде пайда болды.
Ресейде банк қызметінің басталуы 18 ғасырдың ортасына келеді. Оның негізін
салған 1733 жылы Петербургте құрылған монеттік кеңсе.

Орта ғасырда банк іісінің орталығы Италия, Германия, Нидерландыболып
саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587
жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі е,лдер мен қалалардың ақшасын
айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сқтауға
қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды
жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан
екінші шотқа белгілі бір сомманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай
негізде Амстердамда 1609ж. Және Гамбургте 1618ж.ұйымдастырылды. бұл банк
ісінің арнайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға
қызмет еткенмен, оларды өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама
айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығарну қызметі де дамыған
жоқ.

Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және
сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың
ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің
маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін
ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны
ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизімін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі ...

Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы- өсім әкелетін
капиталды да басқарады. өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде
шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс
табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес саласына айналды.

1.2. Банк туралы пікірлер және банк жүйесі.

Банк туралы түрлі-түрлі пікірлер бар. Кейбір мамандар банкті кәсіп
орны, мекеме дейді. Екіншілері экономикалық басқару орны дейді, үшіншілері
делдалдық ұйым, төртіншілері несиелік кәсіпорын деп сипаттайды. Ал
күнделікті тұрмыста банкті-ақша қоймасы деп түсінеді, бірақ осы келтірілген
пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар
жүргізетінін анықтайды. Жоғарыда келтірілген пікірлнрдің бәрін және банк
жүйесінің атқаратын қызметін жан-жақты талдау кезінде осы заманның белгілі
экономисті Лаврушин банк жөнінде былай деп жазады: Банк ақшалай несиелік
және қолма – қол ақшасыз есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір
орталыққа шоғырландырылған ақша шаруашылықтың даму сатысы. Банк басқа
материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын.
Ол тек тауар емес ерекше тауар ақша және есеп айырысудың құралдарын
шығарады. Сонымен, банк, ақша несие институты, барлық қолма-қол және қолма-
қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем, айналымның реттеушісі.
Үлкейтілген ауқымда банктер эмиссиялық және комерциялық банктер болып
бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара құқығы бар
елдің орталық банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бәрі
Қазақстан жағдайында екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Негізінде
олардың бәрі де комерциялық банктер. Халық шаруашылығының тек белгілі – бір
саласының өкілдеріне несие жіне есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк
мамандандырылған банк болады. Ал егер банк мұндай қызметтердің әр түрлі кез
– келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банк
деп аталады. Бірақ қазіргі жағдайда қызмет етіп жүрген банктерді жоғарыдай
етіп жіктеу қиын, өйткені, оладдың барлығы өздерінің көрсететін
қызметтерінің ұлғайып жетілдіруге тырысады. Олай болмаған жағдайда басқа
банктермен бәсекелесе алмайды. Меншіктік нысанына қарай банктер

1. мемлекеттік

2. акционерлік

3. кооперативтік

4. меншіктік банк болып бөлінеді.

Әр түрлі белгілермен банктер аймақтық, аймақ аралық, ұлттық, халық
аралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Әр
түрлі банктің жиынтығы осы елге тән өзара байланыстылығы мен банк жүйесін
құрайды. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктермен сипатталынады.

• Банк жүйесіне, кейбір банк операцияларына қатынасы бар бірақ банк
деген мәртебесі жоқ элементтерге кіреді. Мысалы. Кейбір банк
операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржыинституттары басқа
да банктің инфро құрылымын құратын және оның жұмыс істеуіне әсер
ететін мекемелер.

• Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар, бұл жүйе тек өзіне тән
қасиеттердікөрсетеді, оның ерекшелігіөзін құрайтын элементтермен және
олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынасымен анықталады. Әрине, банк
жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементтері банктер
көзге түседі, өйткені олар банк жүйесіне банктік мәнер береді. Банк
жүйесінің мазмұны тек оның жеке элементтерінің мазмұнына ғана емес оны
құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.

• Банк жүйесін біртұтас жүйе деп ұғыну керек. өйткені жеке бөліктерінің
өзара байланыстарыкерек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға
бейімделген, яғни, егер банк жұмысын тоқтатса оның клиенттері басқа
банктерден бұрынғы қызметтерін бұрынғы көлемде ала алады.

• Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында

• Банк жүйесі - жабық жүйе.

• Банк жүйесі өзін - өзі басқара алады. Егер елде саяси ахуал
экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған
қарай банктер өздерінің саясатын өз бетінше өзгерте алады.

• Банк жүйесі басқарылатын жүйе, дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз
қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың негізінен
шығармайды. Олардың қызметтерін ұлтыық банк реттеп отырады. Ол үшін
ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер
белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер банк операциясын жүргізуге
берілген рұқсат қағазынан, яғни лицензиясынан айырылуы мүмкін.

• Қазіргі ұрпаққа банк жүйесінің екі үлгісі белгілі: олар,
орталықтандырылған тарату жүйесі және нарықтық экономикаға лайықты
банк жүйесі. Жакында өткен халық шаруашылығында басқарудың әкімшіл-
әміршіл жүйесінде банк жүйесі мемлекеттік банктерге үстемдік жасаудың
барлағы мен сипатталады. Банктер экономиканы басқарудың құралы бола
тұра өзінің қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын
банктерде ешқандай дербестік болмайтын. Тіпті олар пайда табуға да
мүдделі болмады, өйткені пайданың барлығы дерлік мемлекеттік бюджетке
алынатын, ал оларға ең керектісі белгіленген мөлшерде ғана қалдыратын.
Нарықтық экономикада керісінше мемлекеттік банктерге үстемдігі жоқ.
Банктерге әр түрлі меншік нысандары тән, кез-келген заңды тұлға немесе
жеке тұлғалар банк ашып алуға құқылы. Қолма- қал немесе қолма- қол
емес ақшаларды айналымға шығару атқарымы бөлінген.

Қолма-қол ақшаны айналымға Ұлттық банк шығарады. Қолма-қол емес ақшаны
банк шығарады. Қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
арасында ешқандай шек жоқ. Жалғыз мемлекет саясаттың орнында әрбір банктің
өз саясаты бар. Қазіргі банктер тек өзінің акционерлерімен, яғни соларды
сайлаған қолдамаушы кеңеске басқармаларға бағынышты. Кейбір экономистердің
қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі өтпелі кезеңнің банк жүйесіне
сәйкес деген пікірлермен келісуге болмайды. Табиғатта өтпелі кезеңнің банк
жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері қазіргі тұрпатқа
сәйкес келеді. Тек оладдың кейбір жетілмегендіктері бар, ол бұл уақытша
жағдай. Бара-бара нарықтық қатынастар жетілдірілген сайын банк жүйесі де
жетілдіріледі. Сөйтіп бәрі де өз орнына келеді.

1.3. Қазақстанда Ұлтық банктың қалыптасуы.

Қазақстанда банк мекемесі 19 ғасырдың аяғында пайда болды. Олар
қазыналық палаталар түрінде немесе 1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекеттің
банкісінің бөлімшелері түрінде шықты. Кеңес өкіметі барлық банктерді
мемлекет меншігіне айналдырды, оның ішінде Қазақстан аумағындағы банктерді
қосып Ресейдің халық банкісіне бағынған 1 бөлімше құрды. Нарықтық
қатынастарға ауысудың бастапқы кезеңінде банктер кооперативтік,
комерциялық, жеке меншіктік, бірлескен банк болып құрылды. Оның үстіне жаңа
құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік мамандандырылған банктер
жүйесімен қатар істеді. Кейіннен барлық екінші дәрежелі банктер ашық және
жабық акционерлік қоғам болып құрылды. 1999жылдың басында Қазақстанда 76
екінші дәрежелі банк істеді, оның ішінде 1 мемлекет аралық, 6 мемлекеттік,
20 шет елдік капитал мен бірлескен банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген
банктердің тек 33 % болды. Басқалары түрлі себептермен жабылды, бірімен –
бірі қосылды, сөйтіп жұмыстарын тоқтатты. 1997 жылдан бастап Ұлттық банк
екінші дәрежелі банктермен халық аралы стандартқа сәйкес болуды талап ете
бастады. Сол үшін көптеген көрсеткіштер бекітілді, оның ішіндегі ең қиыны
банктің негізгі қоры 1000 000 000 тенгеден кем болмау керек. Осы тұрғыдан
қарай Ұлттық банк жоғарыда көрсетілген 76 банкті 3 топқа бөлді.

1. Ең ірі. Негізгі қорлары 1 000 000 000 тенгеге жеткен 29 банк.

2. көрсеткіші орташа. Бірақ 2000жылдың басына дейін негізгі қорды 1млрд.
Тенгеге жеткізуге мүмкіншілігі бар 31 банк.

3. қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ, жабылуға тиісті банк болып
табылды. Осы саясаттың нәтижесінде қазақстанда банктің саны жылдан –
жылға кеміп келе жатыр.

Сонымен, банк деген ұғым не? Банкдеген ұғым италиян сөзі bank -
орындық, айырбас орындығы – айырбас орны дегенді білдіреді.

Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу- сату,
ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару
операциялары жүргізіледі.

Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін
негізінен төмендегідей топтастыруға болады.

1. уақытша бос ақша қаражатын тарту,жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру.

2. кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу.

3. ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің
төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттерге айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады.

4. айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік
чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.

5. экономикалық және қаржылық кеңес беру.

6. орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер. Эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, яғни
шығаруға құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекетте орталық банк әр
түрлі аталады. Мысалы. Бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі
Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады.
Мамлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты- айналысқа ақша бірлігін
шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің
несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк
жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
иновациялық , ипотекалық және т.б. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебеп
үлгідегі банк. Ал басқа банктер 1-2 қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытқа ақша
қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарыз
береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал иновациялық
банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді..

Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

ІІ тарау. Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі.

2.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері ҚР-ның Ұлттық банкі туралы Заңы және ҚР-ның Ұлттық банкі
туралы Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 1-сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылды. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасарлары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрақтарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
- ұлттық банкінің банктермен және ҚР-ның бюджетімен операциялар бойынша
пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
- ҚР-ның валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
- Сыртқы резервтерінде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
- Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаментінің директорларын тағайындайды;
- Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.

1-сызба. Ұлттық банкінің басқару құрылымы

Басқарма
директорлар
кеңесі
Төраға Төрағаның
орынбасарлары

Ұлттық банкінің орталық
аппараты

Депатаменттер, дербес
басқармалар және бөлімдер
Ұлттық банкінің тәуелсіз
бөлімшелері Мемлекеттік сақтау
орыны
Банкноттық фабрика
Бағалы қағаздар фабрикасы
Приборлық бақылаудың мемлекеттік
инспекциясы
Қазақстандық банкаралық есеп
айырысу Орталығы
Банкаралық және қаржылық
телекоммуникациялар Орталығы
Банктік сервистік бюро; т.б.

Облыстық
(аумақтық)
басқармалар

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер
бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы
Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай
алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы-Директорлар кеңесі (директорат),
ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, ҚР-ның Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес Ұлттық банкінің
қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық
мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және депортамент
директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей (1997
жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік
қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар,
ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет,
зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері,
шетелдік операциялар, заң депортаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі
(директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады.
Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір,
Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен
және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, үкімет
және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2
ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент
босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай – ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына
кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган-
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің ҚР-ның Ұлттық банкі
туралы Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық
мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген
уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

2.2. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары.

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша
– несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша – несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы ҚР президентінің заң
күші бар жарлығына (31.03.95) сәйкес Ұлттық банк Қазақстан Республикасының
банкін және Республикамыздағы банктік жүйенің жоғарғы деңгейін білдіреді.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым киенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады, іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық
банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен
несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр турлі
келесідей құқылық формалары кездеседі.
• Мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалы, Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан).
• Акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында Жапония, Бельгияда
• Орталық бантің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі, АҚШ –та.
• АҚШ – та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін
коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет оның жарғылық қорының иесі. Негізгі қорлары ғимараттардан,
құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа да
бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті
ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
арналған.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты Ұлттық банкке келесідей қосымша міндеттер жүктеледі.
1. ақша айналысы, несие, банктік есеп – айырысулар мен валюталық
қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына
жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын
мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
2. ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
3. банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады.
1. меншікті қаражат есебінен
2. басқадай банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен
3. ҚР төңітегінде тартылған қаражаттардан
4. арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен
5. Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі
орталықтандырылған құрылымды білдіреді.
Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі
жатады, яғни директорат.
Ұлттық банктің құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден
тұрарын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар.
• Зерттеу және статистика департаменті
• Шетел операциялары депортаменті
• Ішкі операциялар басқармасы
• Сыртқы байланыстар бөлімі
• Заң қызметі депортаменті
• әкімшілік депортаменті
• нақты ақшалар мен жұмыс жөніндегі басқарма
• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі
• бухгалтерлік есеп депортаменті
• операциондық басқарма
• төлем жүйесі басқармасы
• банктік қадағалау депортаменті
• персоналдармен жұмыс жасау басқармасы
• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі
• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына келесідей дербес бөлімшелер ле кіреді.
• Мемлекеттік сақтау қоймасы
• Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі
• Банкноттық фабрика
• Автобаза
• Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО)
• Банктік сервистік бюро
ҚҰБ – нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
келесідей негізгі қызметтер жүктеледі.
• мемлекеттің ақша – несие саясатын дайындау;
• банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
• Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
• банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім
қабылдау;
• жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
• банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту
• алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
• ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту
• ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, кабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
• ҚҰБ- нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау
және бекіту;
• ҚҰБ туралынұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді
пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті,
депортамент директорларын , филиалдардың , өкілеттіліктердің және
ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық
актілерді бекіту;
• банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту
• еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
• ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
• Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
• Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына: ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары, ҚР
Президентінен бір өкіл және ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банк ҚР Үкіметінің қаржылық агенті болып табылады. ҚҰБ ҚР
Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
➢ Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасы 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
➢ ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
➢ ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
➢ Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
➢ ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы-директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық бас филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық
банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз
қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы заң күші бар жарлықтың
сегізінші бабына сәйкес, Ұлттық банк келесідей негізгі қызметтерді
атқарады:
✓ Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен республикада
мемелекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың
монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
✓ ҚР өкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
✓ Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Пәндер