Сақтаудын жекелеген түрлеріне сипаттама



Жоспар
Кіріспе
1. Сақтаудын жекелеген түрлері
1.1. Ломбардта сақтау
1.2. Құндылықтарды банкте сақтау
1.3. Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау
1.4. Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау
1.5. Қонак үйде сақтау
1.6. Даулы заттарды сақтау секвестр
1.7. Тауар қоймасында сақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе

Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт иімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорыңдарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995-жыл 30 тамыз
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Алматы юрист 2013-жыл. Жалпы бөлім 1994 ж. 27 желтоқсан. Ерекше бөлім 1999 ж. 1 шілде

Негізгі әдебиеттер
1. Ғ.А.Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Алматы 2003-жыл
2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. - Алматы: Қазақ.Респ.Жоғарғы Кеңесінің басылымы, 1994
3. Жайлин, Ғ.А.
Азаматтық куқық: Ерекше бөлім:Оқулық/. – Алматы-2006
4. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Ерекше бөлім 1-том Оқулық-Алматы Жеті Жарғы 2001-ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Сақтаудын жекелеген түрлері
1.1. Ломбардта сақтау
1.2. Құндылықтарды банкте сақтау
1.3. Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау
1.4. Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау
1.5. Қонак үйде сақтау
1.6. Даулы заттарды сақтау секвестр
1.7. Тауар қоймасында сақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт иімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорыңдарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрлаудан сақтай алатын), оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сопдықтан біз, мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбүр боламыз.
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту) кезінде тағы бір рет сипатталатын (нақтырақ) болады.
Пост кеңестікте сақтау институтының қазіргі жай күйіндегі мәселелерін жан-жақты баяндаған аз ғана авторлардың бірі -- М.И.Брагинский. Оның сақтау қамтамасыз етілетін мүмкін болатын заңдық құрылымдарды талдауы назар аударуға тұрарлықтай (біз осындай құрылымның негізі болып тікелей сақтау шарты табылатындығын атап өттік).
Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен түсіндірілуі мүмкін.
Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары, олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді.
Бұл жағдайларда да, сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін болады.
Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің бір тұтас күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады. М.И.Брагинский Г.Ф.Шершеневичке сілтеме жасайды Г.Ф.Шершенович тасымалдау шартында мынадай төрт элементті ажыратқан: жеке жалға алу; мүліктік жалға aлу; тапсырыс және жүк. Осы элемент (сақтау) тек тасымалдау шартында ғана емес, сондай-ақ басқа да күрделі шарттарда, соның ішінде кепіл, консигнация (тауарларды сатуга беру туралы шарт) шартында, почта байланысының қызметтерін көрсету кезінде және т.б. бар.

1. Сақтаудын жекелеген түрлері
1.1. Ломбардта сақтау

Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие берумен қатар, ломбардта оларға сақтау бойынша қызметтер де көреетеді. Ломбардтың осы қызмет түрлеріндегі көрінген айырмашылықтарға қарамастан оларды біріктіретін белгілер де бар. Ломбардтар басым жағдайларда табиғаты жағынан банктік болып табылатын қызметті жүзеге асырады.
Сол себеитен ломбардтар барлық жағдайларда қаржылық банктік емес ұйымдар ретіндегі олардың арнайы құқық қабілеттілігімен қамтылатын құқықтық қатынастарға қатысады. Олардың қызметі ломбардтар туралы қызметтен басқа Үлттық Банк басқармасымен 23 тамыз 1997 жылы бекітілгсн банктік емес қаржылық мекемелер туралы Ережемен реттеледі. Ломбард кепілге несие беру үшін де, азаматтардың құныдылықтарын сақтау үшін де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуға міндетті. Заттарды салу кезінде де ломбард олардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін алады, яғни бұл жағдайда да сақтау қатынастары пайда болады.
Ломбард заттарды сақтаудың жария шартын жасасады және осыған орай ол өзіне жүгінген тұлғалармен шарт бекітуден бас тартуға құқылы емес. Егер клиент жүгінген сәтте ломбардта сақтау үшін қажет бос алаңдар (сейфтер, шкафтар немесе үй-жайлар) болмаса ғана бас тартуға жол беріледі.
Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚРАК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген қосылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, қосылу шартының негізгі белгілерінің бірі - бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны.
Заңнама нормаларының мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан - атаулы сақтау түбіртегі көзделген. Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен анықталуға тиіс.
Ломбард затты сақтауға қабылдай отырып оған баға беруді жүргізеді. Бағалау сомасы оны сақтауға қабылдау сәті мен орнында сауда да белгіленетін бағаларға сүйене отырып тараптардың келісімінен анықталады. Яғни, олардың барлық параметрлерін, соның ішінде оларға деген сұраныс олардың тозу дәрежесі және т.б. ескеретін, заттардың іс жүзіндегі нарықтық бағалары туралы сөз болып отыр.
Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қаупін). Сақтандыру кезіңцегі сақтапдыру сомасы сақтаңдыру шартын бскіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленстін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.
Кәдімғі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.
Бұрын ломбард салынған және сақталып жатқан заттардың (уақытында қайтып алынбаған) сатуды өз бетінше ұйымдастыруға құқылы болған. Меншік иелері құқықтарын кепілдепдіру мәселесіпе қатысты заң шығарушылардың ерекше көңіл аударуына орай, енді ломбардтар сақталып жатқан затты алып қоюға деген өздерінің сөзсіз құқығын растайтын сот бұйрығын шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. Затты сату кезінде ломбард алынған сома есебінен өзінде бар барлық талаптарды, соныңд ішінде сыйақы төлеу жөніндегі борыштық негізгі сомасын, жүк берушінің жалтару кезеңінде сақтау үшін тиесілі сыйақы сомасына және өзге де тиесілі сомаларды қанағаттандыруға құқылы. Ақшаның қалған бөлігі жүк берушіге қайтарылуға тиіс.
Сақтау мерзімі өткеннен кейін үш ай сақтау ломбард үшін міндетгі болып табылады. Өз білгенінше (клиент мүддесі үшін) ломбард затты аталған мерзімнен асатын уақыт ішінде де сақтай алады.

1.2. Құндылықтарды банкте сақтау

Жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚРАК 786-бабының 1-тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат металлдар, тастар және өзге де құндылықтар, сондай-ақ құжаттар жатады. Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса, бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтын құжаттар да сақтауға жатады. Құндылықтарды сақтау туралы нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалық мақсаттылыққа ие емес және ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатып болады. Азаматтар өз ақшаларын еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен сақтау сірә қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария құқық нормаларымен қайшылыққа түседі.
Құндылықтардың (бағалы кағаздарды қоспағанда) толығырақ түсінігін арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы жоғарыда бірнеше рет аталып өткен нұсқаудан таба аламыз. Оларға жататындар: "Өндірістік немесе зертханалық мақсаты бар қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар, ювелирлік бұйымдар, қымбат металдардан жасалған тиындар, кесектелген, шлих, самородка, жартылай фабрикат түріндеғі қымбат тастар немесе металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ аталған бұйымдардың сынықтары, қымбат, коллекциялық ақша белгілері, тарихи немесе көркемдік құндылығы бар мүлік".
Құндылықтар қатарынан ешқаңдай ерекшеліктер болмағанымен осы қызмет түрінің пайда болу себебі ең алдымен дәстүрлі түрде ұрлықшылардың назарына ілігетін заттар үшін, олардың жоғалу қаупін азайтатын, сақтау жағдайларын қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Соның салдарынан бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Үлітық Банкінің заңға сәйксс нормативтік актілері деңгейінде, құндылықтарды сақтаушы сақтауға міндетті талаптар жасап шығарылған. Әрине, құндылықтарды сақтаумен байланысты барлық талаптарды кез келген субъект орындай алмайды. Соған орай құндылықтарды сақтау арнайы банктік қызметке жатқызылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде сақтаушылар болып жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын банктер мен банктік емес ұйымдар табылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және қызмет туралы Заңында құндылықтарды банктер де сақтау сейфтік операциялар тәртібінде жүзеге асырылатындығы анықталған. Олар бағалы қағаздарды құжаттарды және клиенттердің құндылықтарын, соның ішінде сейф қораптарын, шкафтары мен үй-жайларын жалға беруді қоса алғанда, сақтау бойынша қызмет көрсетуді қамтиды.
Сейфтік операция құндылықтарды банктерде сақтаудың шарттары негізінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Барлық жағдайларда банктер сейфтік опсрацияларды өткізудің жалпы талаптарын анықтайтын ережелерді жасап шығаруға, сондай-ақ құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қатысты ішкі ережелерді иеленуге тиіс. Құндылықтарды сақтау шарты да банктік қызмет көрсету шарты болып табылады және клиенттер де сақтау жағдайларымен таныс болуға тиіс.
Құндылықтарды банкте сақтау шарты реалды шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беруші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті. Құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф ұяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады.
Құндылықтарды сақтау шартының түрлері бар. Ол өзіне мүлікті жалға алу және сақтау элементтерін қамтиды. Яғни, банк тарапынан құндылықтарды (олардың қозғалысын) есепке алуды болдырмайтын сақтау туралы сөз болып отыр. Кезінде Г.Ф.Шершеневич мұндай жағдайларда сақтау шартының үлгісін пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындыға келген болатын.
Бұл шарт (құндылықтарды банкте сақтау) жүк берушіге бөлек сейфті (ұяшықты) үй-жайды пайдалану мүмкіндігін беруге бағытталған. Ол құндылықтарды сақтауға қабылдау жөніндегі банктік іс әрекеттерді жасау (осылайша банк құндылықтарды, оларды орналастыру сәтінде, жанама түрде бақылайды) және жүк берушіге сейфті ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгі немесе құжатты беру жолымен бекітіле алады. Даулар нақты туындаған кезде қажетті дәлелдемелерді бекіту үшін, банк құндылықтардың қозғалысын емес, клиенттің бөлектенген сейфке немесе үй-жайға қол жеткізу жағдайларын бақылай алады.
Қазір бірқатар авторлар құндылықтарды банкте сақтаудың осыидай шарты аралас шарт деген пікірге мойынсұнып отыр. Солай ойлауға банкте берілген сейфті, үй-жайды (жске жалға алу элементі) күзету бойынша белгілі бір міндеттердің болуы мәжбүр етеді. Оларға кіру құқығын тек қана клиент иеленеді және қандай да бір техникалық операцияларды атқару үшін банктің өзі (оның қызметшілері) иеленуі мүмкін, бұл шартпен реттелуге тиіс. Басқа тұлғаларға онда кіруге жол берілмеуге тиіс, банк осы талапты сақтамағаны үшін жауапты болады.
Клиенттің банкке негізсіз талаптар қоймайтындығының белгілі бір кепілі болып, банктің үшінші тұлғаларды сейфке жолатпау жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуға қатысты оның пайымдаулары оның өзімен дәлелденуге тиіс екендігінде табылады.
Банк тарапынан болатын бассыздықтан негізгі кепіл болып оның іскерлік беделі табылады.
786-баптың 6-тармағында айтылғандай, құндылықтарды банк сейфінде сақтау ережелері банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды. Бұл норма жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді. Мұнда біз белгілеп өткен жеке жалдау элементін болдырмайтын сейфтік операциялар туралы сөз болып отыр.
Қорытындылай келгенде, сірә, сақтаудың басқа да жекелеген түрлерін сияқты, құндылықтарды банктерде сақтау шартын құқықтық реттеу әлі де өзінің жетілдірілуін талап етеді. Соның ішінде, банктерді өздеріне сақтауға өткізілетін құндылықтарды сақтандыруды міндеттеу қажет, сақтау құжатына қойылатын талаптарды толығырақ реттеу керек және т.б.

1.3. Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау

Бұл шарт жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын, сақтауға мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақсаттарда да қолданыла алады. Азаматтық кодекс (787-6, 1-т), керісінше, көлік ұйымдарының қарамағындағы сақтау камераларын жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын, олардың тасымалдау шарттарын бекітуінс (жол жүру құжаттарының болуына) қарамастан, сақтауға қабылдауға міндеттейді.
Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жоғарыда қарастырылған сақтау шарттары сияқты. Жария шарт болып табылады.
Оны ерекше құқықтық реттеу ерекшелендіреді, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтауды реттейтін актілердің иерархияда жоғарғы орынды әрине, Азаматтық кодекс нормалары соның ішінде 787-бап нормалары иеленеді. Арнайы көлік заңнамасы осы сақтауға қатысты болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, оны оның мерзімділігі ерекшелендіретін болады (мерзім осы қосылу шартының мәнді жағдайы болып табылады). Бірақ бұл сақтау мерзімінің тараптардың келісімімен анықталатындығын білдірмейді.
Сақтауга өткізіле алатын заттардың мөлшері (салмағы) бойыніна арнайы шектеулер белгіленуі мүмкін. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, сасық иісті, өртке қауіпті уландыратын тез тұтанатын жарылған иемесе өзге де қауіпті заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың заттарын және камераның өзін ластайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға өткізуге болмайды. Арнайы (лицензиясы бар) сақтау камерасы болмаған кезде ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да құныдылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға өткізуге рұқсат етілмейді.
Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткізілген заттар жүк берушіге бұл заттардың оған тиесілі ексндігіне дәлелдер көрсетуі бойынша беріледі.
Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік ұйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шеккен залалдардың сомасы егер заттарды сақтауға өткізу кезінде оған бағалау жүргізілген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама
Кедендік төлемдер
Мұрағат істерін басқару және орындары
Құқықтық тәртіп туралы жалпы түсінік
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау ерекшеліктерін дамыту жолдары
Кәсіпорындағы айналым активтерін және босалқы қорды басқару
Пәндер