Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi



Жоспар

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.12
3.Жер қойнауының мемлекеттiк қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.14
4.Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы ... ... ... ... ... ..19.20

5.Қорытыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Кіріспе
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттарға жобалау құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық және санитерлық- эпидемиялогиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық және санитарлық – эпидемиялогиялық сараптамалар жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру кірген және «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасың нормаларымен реттелмесе,Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2.Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-12

3.Жер қойнауының мемлекеттiк қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-14

4.Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы ... ... ... ... ... ..19-
20

5.Қорытыны ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23

Кіріспе

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттарға жобалау
құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық және санитерлық- эпидемиялогиялық
сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме болып
табылады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық және санитарлық
– эпидемиялогиялық сараптамалар жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға
тигізетін әсеріне баға беру кірген және Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті Жер
қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер
олар Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасың нормаларымен реттелмесе,Қазақстан
Республикасының  азаматтық  заңнамасы  нормаларымен реттеледі.

Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын
басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер
қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген
мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн
анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды,
болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер
қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
3-1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кен орындарының)
тізбесін бекітеді;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу
тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс , кең таралған пайдалы қазбалары бар жер
қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның
iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң
тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға
контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң
тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды
шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ
экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды,
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына
жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және
оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;
ндайды.

4
Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер
қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер
жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын
дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге
арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм-
шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп
барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу
және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын
орындауының  мониторингi және оны бақылау.
Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны
бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс
етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру
жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) келісім-шартты заңнамада көзделген тәртіппен және негіздер бойынша
орындауды және бұзуды қамтамасыз ету, сондай-ақ келісім шартты орындаудан
осы Заңға сәйкес біржақты бас тартуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне контрактiнiң орындалу барысы
туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын
пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгiзу үшiн жер қойнауын
пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу
өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге
де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу
кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс
қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.
10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөнiндегi кен орындарын игеру жобаларын
әзiрлеу және бекiту тәртiбiн айқындау;
11) техникалық регламенттерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану
саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық
құжаттарды әзiрлеу және бекiту.
12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді
әзірлеу;

5

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi

уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi
кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
4) осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне
екі мың және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық
жерасты суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты
емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер
қойнауын пайдалану құқығын береді;
5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы
учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын
мемлекеттiк геологиялық зерттеу және мониторинг жөнiндегi жұмыстарды
жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын
ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындарының
және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық
процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат
алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық
қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын
және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын
пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырады;
12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-
техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.
 

6
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлетті органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және
қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен
бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан
келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
4) келiсiм-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға
және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды,
зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.
 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы
уәкілетті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және
оларды өндірушілердің тізілімін түзеді және жүргізеді, сондай-ақ осы
тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне
әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе
келісімшартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу
әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанда шығарылатын тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде олардың
келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға
қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық
өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді;
 

7

Жер қойнауын пайдалану құқығы

Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн
берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе
алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану
құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз
мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы
бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша
және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актiлерiнде негiздерден өзге, ешкiм жер
қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және
шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану
құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы
белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.

Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп,
көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай
пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық
объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын
жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе
толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.

8
Жер қойнауын cервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның
қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не
мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі
мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына
немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде
барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның
тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты
алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын
пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге қол
жеткiзуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында
сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге немесе сервитутты белгiлеу
шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге
құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер
сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын
пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер
қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған
кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес
нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты
қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут
жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы
сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап
құқық мирасқорлығы тәртiбiмен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты
алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына
сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.

.

9
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын
пайдалану құқығын беру, осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi
операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт конкурс өткiзудiң нәтижелерi
негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен
байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар
тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөнiндегi операцияларды
жүргiзуге;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және
көпірлерді салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi
операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарттар жасалады.
1-2. Келiсiм-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және
(немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды
заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу
және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша жер
қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбаша
рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және
(немесе) өндiруге арналған келiсiм-шарттардың жұмыс бағдарламаларына
құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер
асты суларын тәулiгiне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитiмен
өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
өсу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген
рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
1-5. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес
жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр
көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау және өндіру
құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті
органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат
беруі жолымен жүзеге асырылады.

10
Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру
1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не
тегiн негiзде, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды
тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру жолымен басқа
тұлғаға iшiнара немесе толықтай беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық
қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын
пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер
қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру
процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi (жер қойнауын
пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін)
иеліктен айыруды), сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi
қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi
органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген
күннен бастап қырық бес күн iшiнде берiледi.
1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит
келiсiм-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана
пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген
мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге
салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
1-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот қарауынан тыс мәжбүрлi түрде
iске асыру кезiнде мемлекеттiк органдардың кепiлге алынған мүлiктi сот
қарауынан тыс өткiзу рәсiмiн тоқтата тұруға және жер қойнауын пайдалану
құқығына, соның iшiнде кепiлге алынған мүлiкке тыйым салу жолымен шара
қолдануға құқығы жоқ.
2. Құзыреттi органның нақты тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын
беруге рұқсаты осындай әрбiр жағдайда жеке берiледi. контрактта жер
қойнауын пайдаланушының қалауымен жер қойнауын пайдалану құқығын басқа
тұлғаға беруге жер қойнауын пайдаланушының жалпы рұқсатын белгiлеуге жол
берiлмейдi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен
 контракттың негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын
мемлекеттiк геологиялық зерделеуге деген жер қойнауын пайдаланушының
құқығын беру осы органның келiсiмiмен жүргiзiле алады.
4. Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларды
және жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге
жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең тараған пайдалы қазбалары
немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауы жерлерін құқықтық қорғау
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
Мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік бақылау
Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпсіздік ережелері
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заны
Жер-су қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Айрықша қорғауға алынған табиғат объектісі
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор
Пәндер