Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі



Жоспар:

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1.Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі. . . . . . . . . ... ... ... . 4

2. Экологиялық құқықтың объектісі менсубъектісі. . . . . . . ... ... ... .. . . . 7

3. Экологиялық құқықтың принциптері. . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... .. 8

4. Салық құқық негізінің түсінігі, белгілері. . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... . . 9
...
5. Салық құқығының элементтері мен жіктелуі. . . . . . . . . . . ... ... ... . . 15

Кортынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... . 17

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... .. 18
Кіріспе

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
«Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтікактілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі Алматы 2003 жыл

Арнайы әдебиеттер
1.Экологиялық құқық 2004 жыл
2. Қазақстан Республикасының экологиясы 2005 жыл
3. ҚР Конституциясы 2005 жыл 30 тамыз

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1.Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі. . . . . . . . . ... ... ... . 4

2. Экологиялық құқықтың объектісі менсубъектісі. . . . . . . ... ... ... .. . . . 7

3. Экологиялық құқықтың принциптері. . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... .. 8

4. Салық құқық негізінің түсінігі, белгілері. . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... . . 9
...
5. Салық құқығының элементтері мен жіктелуі. . . . . . . . . . . ... ... ... . . 15

Кортынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... . 17

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... .. 18

Кіріспе

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың қайнар көздері деген ұғым Экологиялық заңдар деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтікактілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Табыс - ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.

Экологиялық құқықтын даму кезендері

1.Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
3. Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі - экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан Экологиялық құқықтың қайнар көздері деген ұғым Экологиялық заңдар деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
1. кешенді
2. ресурстық
3. әлеуметтік - экологиялық
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған ҚР Экологиялық Кодексін жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтікактілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік - экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы, Семей облысындағы ядролық полигон туралы заңдарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі.
Қазақстан Республикасы Конституциясы - экология құқықтарының негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады:
1. ұйымдық - басқарушылық.
2. экономикалық.
3. әлеуметтік.
1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: 31 бапта- мемлекет адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды делінген. 61 бапта- Парламенттің айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.
2.Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағында : Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін нормалардан да тұрады. (26 баптың 2 тармағы)
3.Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті делінген.
Экологиялық құқықтың келесі қайнар көзі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған ҚР-ның Экологиялық Кодексі болып табылады. Оның құрамына 9-бөлім, 47- тарау, 326 - бап жатады. Бұл кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.
3) Экологиялық құқықтың қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік - құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

2. Экологиялық құқықтың объектісі мен субъектісі

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

3. Экологиялық құқықтың принциптері

ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныңқоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

4. Салық құқық негізінің түсінігі, белгілері.

Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық - ақшалай нысанды төленеді;
- Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады:
- Салық - баламасыз сипатта болады;
- Салық - салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық - ақшалай нысанды төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығысаласында жиналған өнімнің бірбөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген. Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады. Мұның қайтарымды төлемдерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
Халықаралық құқығының негіздері
Әкімшілік құқығының негіздері
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Талап түсінігі және мағынасы
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Талап қою арқылы іс жүргізу
Пәндер