Мүлік жалдау шартының ұғымы



Жоспар

Кіріспе
1. Мүлік жалдау шартының ұғымы
Негізгі бөлім
1.1. Жалдау шартының элементтері
1.2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-бабына сәйкес мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға міндеттенеді.
Мүлік жалдау шарты сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді.
Мүлік жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен міндеттері тек тараптардың келісімі ретінде пайда болатын), өзара, өтеулі (ақылы) болып табылады.
Мүлік жалдау шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынастарды және заттық құқықтық қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине, міндеттемелік құқық шеңберінде бірінші кезекте аталған қатынастардың бірінші тобын қарау қажет. Мүлік жалдау шартының заттық құқығы жеткілікті дәрежеде жан-жақты және толық заттық құқық мәселелеріне арналған еңбектерде талданған. Сонымен қатар, мүлік жалдау шартының заттық құқығы ескерілмесе жалға алушының да жалға берушінің де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушінің заттық құқықтық қатынастар негізінде қатысуын (олар сырттай шарттық болып көрінгенімен) жоққа шығаруға болмайды. Біздің айтып отырғанымыз мүлік жалдау шартына берілетін мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығына, меншік иесінің (жалға берушінің) және жалдаушының заттық құқықтарының бәсекесіне және тағы басқа ұқсас нәрселерге қатысты.
Жалға алушының жалға алған мүлікке билік ету шегі
Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушы жалға берушінің келісімімен жалға алған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы аренда), мүлікті жалға алу шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлікті тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепілге беруге және оларды шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға беруді қоспағанда, жалға алушы жалға берушінің алдында шарт бойынша жауапты болып қала береді.
Мүлікті басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзімінен асатын мерзімге жасауға болмайды.
Қайта жалға беру шартына, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлік жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.
Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шартын өзгерту және бұзу
Пайдаланылған әдебиеттер:
Нормативтік актілер тізбесі:

1. Азаматтық құқық Ерекше бөлім І том Ғ.А.Жайлин, Алматы 2003
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім, Ерекше бөлім, Алматы 2013

Арнайы әдебиеттер:

3. Шарттар жинағы, Алматы 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Мүлік жалдау шартының ұғымы
Негізгі бөлім
1.1. Жалдау шартының элементтері
1.2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-бабына сәйкес мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға міндеттенеді.
Мүлік жалдау шарты сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді.
Мүлік жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен міндеттері тек тараптардың келісімі ретінде пайда болатын), өзара, өтеулі (ақылы) болып табылады.
Мүлік жалдау шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынастарды және заттық құқықтық қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине, міндеттемелік құқық шеңберінде бірінші кезекте аталған қатынастардың бірінші тобын қарау қажет. Мүлік жалдау шартының заттық құқығы жеткілікті дәрежеде жан-жақты және толық заттық құқық мәселелеріне арналған еңбектерде талданған. Сонымен қатар, мүлік жалдау шартының заттық құқығы ескерілмесе жалға алушының да жалға берушінің де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушінің заттық құқықтық қатынастар негізінде қатысуын (олар сырттай шарттық болып көрінгенімен) жоққа шығаруға болмайды. Біздің айтып отырғанымыз мүлік жалдау шартына берілетін мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығына, меншік иесінің (жалға берушінің) және жалдаушының заттық құқықтарының бәсекесіне және тағы басқа ұқсас нәрселерге қатысты.
Жалға алушының жалға алған мүлікке билік ету шегі
Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушы жалға берушінің келісімімен жалға алған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы аренда), мүлікті жалға алу шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлікті тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепілге беруге және оларды шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға беруді қоспағанда, жалға алушы жалға берушінің алдында шарт бойынша жауапты болып қала береді.
Мүлікті басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзімінен асатын мерзімге жасауға болмайды.
Қайта жалға беру шартына, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлік жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.
Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шартын өзгерту және бұзу
Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шарты осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот тәртібімен өзгертілуі немесе мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер жалға алушы мүлікті шарт тараптарын немесе мүліктің мақсатын елеулі түрде бұзып, жалға берушінің мұндай іс-әрекетті тоқтату туралы жазбаша ескертуіне қарамастан пайдаланса;
2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлікті елеулі түрде нашарлатпаса;
3) егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген төлем мерзімінің өтуі бойынша екі реттен астам төлем жасамаса;
4) егер жалға алушы жалға алу шартында белгіленген мерзімде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзімде өткізбесе, мүлікті жалға алу шарты бұзылып, мүлік жалға берушіге қайтарылуы мүмкін.
Жалға беруші жалға алушыға өз міндетін қисынды мерзімде орындауға мүмкіндік берілгеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

1. Жалдау шартының элементтері

Мүлік жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады.
Жалға беруші - бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға - оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда мүлікті жалға беруші болып оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар келуі мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс.
Жалдаушы (арендатор) - мүлікті уақытша иелену және пайдалануға, немесе тек пайдалануға арналған жеке немесе заңды тұлға.
Мүлікті жалдау объектілері
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мен мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін.
Заң актілерінде мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері белгіленуі мүмкін.
Заң актілерінде мүлікті тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде концессиялық келісімдер негізінде, сондай-ақ өзге де жағдайларда мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.
Мүлік жалдау шартының нысаны.
Бір жылдан астам мерзімге жасалған, ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ, мүлік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге оны қоса алғанда мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.
Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтін мүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады.
Мүлік жалдау шартының мерзімі
Мүлік жалдау шарты шартта белгіленген мерзімге жасалады.
Егер мүлік жалдау шарты мерзімі көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге
жасалған деп еселтеледі.
Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы.
Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-
ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша ұзақ (шекті)
мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдау мерзімі
белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім біткенге дейін
тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті мерзімінің бітуіне
қарай тоқтатылады.
Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ (шекті) мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі.
Мүлік жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
Жалға алынған мүлікті пайдалану үшін төлемді, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта белгіленген тәртіп, мерзім мен нысан бойынша жалға алушы төлейді. Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән - жайларда әдетте сол секілді мүлікті жалға алған кезде қолданылатын тәртіп, мерзім мен нысан белгіленген деп есептеледі.
Төлем барлық жалданылған мүлік үшін тұтас немесе оның құрамдас
бөліктерінің әрқайсысы бойынша жеке:
мерзімдік немесе біржолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы сомасында белгіленген;
жалданылған мүлікті, өнімді, жемістерді немесе кірістерді пайдалану нәтижесінде алынған белгілі бір үлес;
3)жалға алушының белгілі бір қызмет көрсетулері;
жалға алушының шартта келісілген затты жалға берушінің меншігіне немесе жалдауына беруі;
жалға алушыға жалданылған мүлікті жақсарту жөнінде шартта келісілген шығындарды жүктеуі түрінде белгіленеді.
Тараптар шартта мүлікті немесе өзге де төлем нысандарын пайдалану үшін аталған төлем нысандарын ұштастыруды көздеуі мүмкін.
Мүлікті пайдаланғаны үшін жасалатын төлем мөлшері, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, кем дегенде жылына бір рет өзгертілуі мүмкін. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін жасалатын төлем мөлшерін қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мүмкін. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда тараптардың біреуінің талабы бойынша төлем мөлшері қайта қаралуы мүмкін. Егер жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты шартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүліктің жай-күйі едәуір нашарлап кетсе, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ол төлемді тиісінше азайтуды талап етуге құқылы. Егер шартта өзгеше кезделмесе, жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін төлем төлеу мерзімін елеулі түрде бұзған жағдайда жалға беруші одан төлемді жалға беруші белгілеген мерзімнен бұрын төлеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушінің төлемді қатарынан екі мерзімнен астам уақытқа мерзімінен бұрын төлеуді талап етуге құқығы жоқ.
Мүдік жалдау шартының элементтері
Субъектісі: жалға беруші: жеке және заңды тұлға
жалға алушы: жеке және заңды тұлға
Объектісі: мүлік, кәсіпорындар мен мүліктік кешендер: жер, ғимарат, құрал жабдықтар және т.б. тұтынылмайтын заттар қосалқы.
Бағасы: тараптардың өзара келісімі бойынша
Нысаны: жазбаша, ауызша
Мерзім: тараптардың өзара келісімі бойынша-ұзақ мерзімсіз.
Негізгі ережесі: сапасы, жалға төлем төлеу тәртібі, уақыты.
Мазмұны: құқықтары мен міндеттері.

2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері

Мүлік жалдау шартының түрлеріне лизинг шарты, кәсіпорынды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлік құралдарын жалдау, прокат, тұрғын үйді жалдау жатады.
Лизинг шарты.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы керсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.
Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен лизинг шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Лизинг нысанасы. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Лизинг шартының елеүлі талаптары. Лизинг шартында, осы Кодекстің 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиіс:
мүлікті сатушының атауы;
лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі;
төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
шарт мерзімі;
5) егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.
Мүлікті лизингке беру туралы сатушыны хабардар ету. Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.
Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі. Лизингтің нысанасы болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады.
Лизинг шарты бойынша төленетін төлемдер. Лизинг шартына сәйкес төленуге тиісті мерзімділік төлемдері мүліктің шарт жасасқан кездегі баға бойынша құнының барлық немесе елеулі бөлігінің амортизациясы ескеріле отырып есептелуі мүмкін. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тікелей береді.
Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлік осы шартта аталған мерзімде лизинг алушыға берілмеген жағдайда, егер мерзімін өткізуге лизинг беруші жауап беретін мән-жайлар бойынша жол берілген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Сатушының жауапкершілігі. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушыға - сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүліктің сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тікелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг
алушы аталған мүлікті сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлікке ақы төлеу міндетін қоспағанда, оны сатып алушы үшін осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелерді мойнына алады.
Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен кредит беруші болады.
Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг
алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшін жауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша бірдей жауап беретін мүлікті сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.
Кәсіпорынды жалдау
Кәсіпорынды жалдау шарты. Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде пайдалануға (осы Кодекстің 119-бабы), оның ішінде құқық иесінің фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығың сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектілерді - тауар белгісін қызмет көрсету белгісін және т.б. (айрықша құқықтар кешенін) беруге міндеттенеді.
Жалға берушінің тиісті қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде алған құқықтары, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға берілмеуге тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі
Рента шартының нысаны
ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері
Жалға берушінің және жалға алушының міндеттері
Кәсіпорынды жалдау шартының заңды негіздері
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері
Жалға алу шартының түрлері
Қазақстандағы халықаралық жалгерлiктiң жағдайы мен ерекшелiктерi және оның даму перспективалары
Пәндер