Шығыс -Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмысы туралы есеп



Жоспар
Кіріспе
Атмосфералық ауа жағдайы
Су ресурстарының жағдайы.
Тұтыну және өндіріс қалдықтары
Радиациялық жағдай
Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жағдайы.
Экологиялық заңнама
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен оның аумақтық басқарма ұйымдарының қызметі Еліміздің Президентінің «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауына, 2005-2007 жылдары Президенттің жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарына, 2007-2024 жылдар Қазақстан Республикасының орнықты дамуына көшу Тұжырымдамасына сәйкес стратегиялық мақсатқа сай жүргізілуде.
Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы облыс аумағында атқарушы және өкілетті биліктегілермен өзара белсенді әрекеттесіп, аймақтық деңгейде қоршаған ортаны қорғаудың мәселелелерімен айналысады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуінде аймақтарда экологиялық жағдайдың тұрақтандырылу қарқыны байқалды.
2006 жылы Шығыс -Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны жалпы ластағыш заттектер шығарындылары 2005 жылғы деңгейде қалды.
Мұндай көрсеткіштерге «2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» аймақтық бағдарламасын орындау есебінен және облыс кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді.
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы және халықтың денсаулығы белгілі бір өлшемде тарихи мұралықтардан туындайтын Семей ядролық сынау аймағымен, сонымен қатар, Кеңес заманындағы экономиканың дамуы кезеңдерімен де байланысты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі кезеңінде, табиғат қорғау қызметімен және кәсіпорындар алдында, қоршаған ортаның жағдайының төмендеуін болдырмау жөнінде міндеттер қойылған.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж
2. В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж
3. А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж
4. М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

Жоспар
Кіріспе
Атмосфералық ауа жағдайы
Су ресурстарының жағдайы.

Тұтыну және өндіріс қалдықтары

Радиациялық жағдай

Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жағдайы.

Экологиялық заңнама

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен оның аумақтық басқарма
ұйымдарының қызметі Еліміздің Президентінің Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан
атты Жолдауына, 2005-2007 жылдары Президенттің жолдауларын іске асыру
жөніндегі Жалпыұлттық жоспарына, 2007-2024 жылдар Қазақстан
Республикасының орнықты дамуына көшу Тұжырымдамасына сәйкес стратегиялық
мақсатқа сай жүргізілуде.
Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы облыс аумағында
атқарушы және өкілетті биліктегілермен өзара белсенді әрекеттесіп, аймақтық
деңгейде қоршаған ортаны қорғаудың мәселелелерімен айналысады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуінде аймақтарда экологиялық
жағдайдың тұрақтандырылу қарқыны байқалды.
2006 жылы Шығыс -Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны жалпы
ластағыш заттектер шығарындылары 2005 жылғы деңгейде қалды.
Мұндай көрсеткіштерге 2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан
облысының қоршаған ортасын қорғау аймақтық бағдарламасын орындау есебінен
және облыс кәсіпорындарының табиғат қорғау шараларын іске асыру нәтижесінде
қол жеткізілді.
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы және халықтың денсаулығы белгілі бір
өлшемде тарихи мұралықтардан туындайтын Семей ядролық сынау аймағымен,
сонымен қатар, Кеңес заманындағы экономиканың дамуы кезеңдерімен де
байланысты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі кезеңінде, табиғат қорғау
қызметімен және кәсіпорындар алдында, қоршаған ортаның жағдайының
төмендеуін болдырмау жөнінде міндеттер қойылған.

Шығыс -Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының
жұмысы туралы есеп
2007 жылғы 3 тоқсан
Аймағымыздың экологиялық жай-күйі, атқарушы және өкілетті
биліктің жұмысындағы негізгі приоритеттерінің қатарында тұр, бұл мәселе
облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына кездейсоқ енгізілген жоқ.
Атмосфералық ауа жағдайы
Стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар 2001 жылмен
салыстырғанда, 2006 жылы 116 мың тоннаға азайды. Яғни, 2001 жылы 274 мың
тонна болса, 2006 жылы 158 мың тоннаны құрайды.
Соңғы 5 жыл көлемінде, бұндай беталыс Өскемен қаласында да
байқалып, стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар тұрақты
төмендегені білінеді. 2001 жылмен салыстырғанда, 111 мың тоннадан 2006 жылы
71мың тоннаға дейін азайды! ШҚГМО мәліметі бойынша, 2006 жылы Өскемен
қаласындағы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ) 6,5 құраса, 2006 жылы
бұл көрсеткіш 6,5-ке тең болған еді. Өскемен Қазақстан Республикасы
қалаларының ішінде ластану индексі бойынша 8-ші орынды алады.
Келтірілген сандар экологиялық сұрақтарды шешіп тұр деп айтуға
келмейді, облыс орталығындағы атмосфералық ауа жағдайы қосымша шараларды
қолдануды қажет етеді. Әсіресе, ол қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) (жылына 40
пайызға дейін) және стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылары 50
пайызды құрайтын аутокөліктердің қалада көбею әсері кезеңінде қажет-ақ.
Өскемен қаласы үшін ҚМЖ (қолайсыз метеожағдай) кезеңіндегі
шығарындыларды есептеу және өндіріс көлемінің азаю әдістемесі ауаны ластау
заттектерінде шектеулі жол берілген концентрация санитарлық нормаға сай
емес.
Тамыз бен қыркүйек айларында, автокөліктердің көбею әсерінен,
Өскемендегі ҚМЖ күндері фотохимиялық у түзілімі байқалады. Бүгінде, облыс
орталығында 61 мың бірлік маңайында көлік бар деп есептелініп отыр. Бұл
проблеманы шешу үшін көлік жолдарының жүру ағынын қайта қарауды және
автокөліктердің түтін шығаратын түтігіне өршіткілер (катализатор) қойып
және пайдаланып жүрген бензин сапасына да қатаң қарау керек екендігін
ұсынамыз.
Атмосфералық ауа жағдайына мемлекеттік бақылауды Шығыс Қазақстан
гидрометеорология орталығы жүргізеді.
Бақылау жұмысы 5 стационарлық бекеттерде және қозғалмалы зертханада
жүзеге асырылады. Облыстық бюджет есебі бойынша, 3 стационарлық бекеттерде
күндіз-түні бақылану жұмысының жүргізілетінін ата кету қерек. Бірақ бұл
жерде де қиыншылықтар туындауда, әсіресе нормативті-құқықтық база ескірген.
Қазіргі күні қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін
есептеу әдісі Өскемен қаласындағы ластаушы заттектер шығарындыларының
ерекшелілігін толық көлемде ескермейді. Қолданып жүрген атмосфералық ауаның
ластану индексін анықтау әдісі атмосфераға ластау заттектерінің тек бес ең
жоғары концентрациясын ескереді, бірақ атмосфералық ауаны ластаудың нақты
суретін көрсетпейді. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы алынған
нәтижелер бойынша әр бөлімге саралай талдау жасап, ұсынылған ақпараттың
дұрыстығымен нақтылығын қамтамасыз етуі қажет.
ҚМЖ күндері атмосфералық ауа жағдайына қатысты туындаған проблеманы
шешу үшін нормативтік-құқықтық акт туралы заң талабына сәйкес, табиғат
қорғау ерекшелігімен сипатталатын заңнама актілерін өңдеп және қолданысқа
енгізу қажет. Бүгінгі күнге дейін ҚМЖ күндері шығарындыларды реттеу бойынша
әдістемелік нұсқау жоқ.
Қазір барлық мемлекеттік органдарда, соның ішінде біздің
Министрлікте де өзгерістер болып жатыр. Жаңа Министрлік құрылымында
баяндамада қозғалған сұрақтар қазірде өз жүйесін тапты, енді біз аймақтың
экологиялық жағдайын сауықтыру бойынша жұмыстарды бірден өз орындарында
шешетін боламыз. Ал мұндай жұмыстарды ғылымды араластырмай, зерттеуді кең
шеңбер көлемінде жүргізбей шешу мүмкін емес, ал бұған ғылыми негіз бізде
бар. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Департаментімен
бірлесіп, облыс орталығының экологиялық жағдайы және тұрғындардың
денсаулығын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгендігін
естеріңізге сала кетейін. Өскемен және Семей қалаларының экологиялық
төлқұжаттары әзірленді. Өскемен қаласының химия атмосферасы бойынша
жұмыстар орындалды. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде 2007-2012
жылдарда Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бағдарламасы
әзірленді. Бұл құжаттарды бүгінде біздер өз жұмыстарымызда қолданамыз.
Ірі қалалардағы және бүкіл облыс көлеміндегі атмосфералық ауаның
ластануының негізіне - түсті металлургия және жылу-энергетика
кәсіпорындарының шығарындылары себепкер. ЖЭО- атмосфералық ауаға 2- сыныпты
қауіпті заттек, диоксид азоты шығарындысын негізгі жеткізуші.
Түсті металлургия кәсіпорындарының шығарындыларының негізі, 3- сыныпты
қауіпті –күкіртті ангидрид. Ал, Сіздер, атмосфералық ауаның ластануы
тұрғындардың денсаулығына әсер ететіндігін білесіздер. Экологиялық жағдайды
жақсарту үшін табиғат пайдаланушы кәсіпорындарда таза технологиялар мен
қазіргі өндірістерді енгізу арқылы өзгерту жасай аламыз. Қазцинк АҚ
Өскемен металлургиялық кешенінде Хальдор-Топсе қондырғысы орнатылып,
пайдалануға берілді. Және ол Өскемен қаласында атмосфераға ластаушы
заттектер шығарындыларын жылына 31 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік
берді.
Оны іске асыру үшін 4,9 млрд. теңге жұмсалынды.
Қазмырыш АҚ болашақтағы даму жоспарына 2006-2012 жылдардағы Өскемен
қаласындағы металлургтер кешенінде қоршаған ортаны ластаушы заттектерінің
шығарындылары мен төгінділерін азайту мүмкіндігін жасайтын ілгерілеу
технологиясын енгізу қарастырылуда. Оның негізгісі болып автоклав
технологиясы бойынша қорғасын мен мыс өндіру.
2009 жылға Қазмырыш АҚ жылына мыс катодының өнімділігі 70 мың тонна
болатын мыс қорыту электрыдырау (электролиз) зауытын салуды жоспарлауда.
Аталмыш технологияны енгізу қорғасын мен күкірт диоксиді шығарындысын
айтарлықтай көлемде азайтады. Бағдарламаның орындалу нәтижесінде, 2006
жылмен салыстырғанда қорғасынның жылдық шығарындысы 32 %-ға, күкірт
диоксидін 22 %-ға төмендеп, жылына 22 мың тоннаны құрайды. Жобаның құны
-352,6 млн. АҚШ доллары.
Өскемен қаласындағы барлық ірі металлургиялық кәсіпорындар ИСО -14001
халықаралық стандарт бойынша сертификатталған.
Семей қаласында атмосфералық ауаның ластануы шаң бойынша ерекше
байқалады. Ол Семейцемент ЖАҚ зауытынан және шағын қазандықтардан шығатын
қатты заттардың шығарындыларымен байланысты. Бұл жерде де ластаушы
заттардың шығарындылары бойынша экологиялық жағдайдың тұрақтандырылғаны
байқалады – яғни, 2006 жылғы көрсеткіштер 2005 жылғы көрсеткіштерден
аспаған.
Соңғы жылдары автокөліктердің санының артуы да ауаның ластануына
үлесін қосуда. Өкінішке орай, бұл өсу түтін шығаратын (выхлопной)
газдармен және облысқа әкелініп жатқан бензин сапасын қатты бақылау жолы
әлі де қамтылмаған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет негізінде,
облысқа келіп түскен бензин сапасын бақылауды күшейту үшін аутокөліктердің
жанар майымен майын сертификаттау Орталығы ашылды. 2006 жылы 49 бензин
партияларын тексергенде 12 партиясы норматив талаптарына сай шықпағандығы
анықталды. Бұның өзі кәсіпкерлердің адал, таза еместігін, бір күнгі түскен
табысы- өзінің балалары мен жақындарынан қымбат екендігін байқаталы. Мұнда
бізге тұрғындардың экологиялық мәдениетімен сауаттылығы жолында жұмыс
жасауымыз керек.

Су ресурстарының жағдайы.
Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша
Ертіс өзенінің жер үсті суларының облыс көлеміндегі жағдайы ластану индексі
бойынша өзгермей қала беруде. Оның сапасы таза (Боран селосы) деңгейден –
қалыпты ластанған (Өскемен, Семей қалалары) деңгейге дейін өзгереді.
Бірақ кез келген уақытта облыстағы су ресурстарын қорғау бойынша қолданылып
жатқан шаралардың жеткілікті еместігін айтады.
Казцинк АҚ және Казахмыс корпорациясы сияқты тау-кен-өндіруші
кешендері кәсіпорындарының әсерінде орналасқан Красноярка, Глубочанка және
Брекса өзендерінің жағдайы әлі күнге дейін алаңдатушылық тудыруда. Бұл
өзендердің суы металдармен ластанған, ол сулар лас және өте лас деп
сипатталады.
Сутоғандардың жағдайына тау-кен-өндіруші кәсіпорындардың шахталары мен
босап қалған және істен шыққан кеніштері (Чекмарь, Березовский кеніштері)
әсер етеді.
Суқорғау жолақтарындағы жасыл желектерді жұлудың, жерлерді су кемеріне
дейін жыртудың нәтижесінде, әсіресе елді мекендер мен саяжай массивтері
орналасқан жерлерде шағын өзендердің таусылуының шынайы қауіпі бар. Ал
кішкентай өзендердің жағалауы тұрмыс қалдықтарын лақтыратын алаңқайға
айналған. Бұл салада атқарушы органдағылар жаңағыдай жерлерге тәртіп
орнатып, жасыл ағаштардың кесілмеуіне, шабылмауына жол бермеу, әрбір
кесілген ағашқа айыппұл санкцияларын анықтап, тұрғындар арасында түсіндірме
жұмыстарын жүргізу қажет.
Ертіс бассейн су шаруашылық басқармасына су қорғау заңдылықтарын
сақтай отырып, біздің өзендеріміз бен көлдеріміздің сақталуы бойынша
бақылау шараларын күшейту қажет.

Тұтыну және өндіріс қалдықтары

Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын өңдеу және жою өзекті сұрақ болып
қалады. Тау-кен-өндіруші кәсіпорындарының үйінділері, қалдықсақтауыш,
күлүйінділері, қатты тұрмыс қалдықтарының полигоны жер асты және жер үсті
суларының, топырақтың ластануының ошағы болып табылады. Барлық қалдықтар
өткен жүзжылдықтың 40-60-шы жылдарында салынған және өзінің жобалық күшін
жойған сақтауыштарда жинақталады.
Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарынан қайта шикізат алу іс жүзінде
жүргізілмейді. Бұл ретте Казцинк АҚ ерекше орын алады. Казцинк АҚ-да
жинақталған қалдықтардың қайта өңделуі жүргізіледі. Өткен жылдар бойы
жинақталған ескі клинкердің 5 үйіндісі қайта өңделіп, істегі клинкер
толықтай жойылады. Құрамында күшәні бар қалдықтар үшін арнайы қойма
салынған (құны 135 млн. теңге). Құрамында күшәні бар қалдықтардың ескі
үйіндісін өңдеуге және қож үйіндісінің құрылысына 82,5 млн. теңге
жұмсалынды.
Ірі қалалармен және облыстағы барлық елді мекендерде қатты тұрмыс
қалдықтарын жою жөніндегі сұрақтар баяу шешілуде. Өскемен және Семей
қалаларындағы қазіргі күні пайдаланып жүрген қоқыстар үйіндісінің мерзімі
әлдеқашан өткен, жаңа полигондардың жобалары әлі өңделмеген, 1-3 сыныпты
улы қадықтарды көму үшін қалалық полигондар жоқ.
Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша облысымыздағы өнеркәсіптік
қалалардағы зауыттардың құрылысын басыңқы бағыттарымыздың бірі ретінде
санауымыз керек.

Радиациялық жағдай

Өскемен қаласында, сонымен қатар полигон әсерін алған аудандарды да
Семей ядролық сынақ полигон жеріндегі секілді облыстағы радиациялық
жағдайды ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Ол үшін ең
алдымен табиғи радондар концентрациясының және оның өнімдерінің ауада,
тұрғын үйлерде және өндірістік ғимараттарда ыдырауын зерттеу қажет.
Жағдайды қалыпқа келтіру үшін жыл сайын бюджет қаражаты есебінен
табылған радиоактивті дақтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2006 жылы
Отдельная көшесінен арнайы қоймаға 4 м3 радиоактивті топырақ әкетіліп,
көмілді.
Ағымдағы жылда облыстық бюджет қаражатынан радиациялық қауіпсіздік
жөніндегі шараларға 30 млн. теңге бөлінді.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жағдайы.
Қазақстандағы ормандар республиканың бүкіл аумағының 4 пайызын
құрайды.
Шығыс Қазақстан облысы орман және аң ресурстарының қоры бойынша ерекше
орын алады. Мұнда Республиканың орманының 70 %-ға жуығы жинақталған.
Ормандардың биологиялық алуандылығы үшін орман өрттері үлкен қауіп
болып саналады. Оның салдарынан отырғызылған көшеттер, жануарлар әлемі
құрып, аймақтың экологиялық жағдайы төмендеп, грунтталған су деңгейі түсіп,
шөлейттенудің қайтымсыз процесі басталады.Мемлекеттік қор телімдерінде
өткен өрттердің жалпы ауданы 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 4,5 есе
азайды (2005 жылы – 673га, 2006 жылы – 150га), орман ауданы 25 га азайды
(2005 жылы – 142 га).

Экологиялық заңнама

Алдыға қойылған міндеттерді қазіргі заңнамалық негізсіз шешу мүмкін
еместігін айтып өту керек, ал ондай негіз бүгінгі күні бізде бар.
2007 жылдың қаңтарында Экологиялық Кодекспен заңнамалық актілер
қабылданды. Оның нәтижесінде талаптар қатаңдандырылып, кәсіпорындар таза,
алдыңғы қатарлы технологияларға көшуге мәжбүр болатын болды.
Экологиялық Кодекспен қабылданған бұрынғы шектеулі қол жетерлік
шығарындылар, эмиссиялардың нормативтері қоршаған ортаның сапасын аумақтың
табиғи ерекшеліктерінің есебімен қамтамасыз ету қажет.
Шығарындыларға рұқсат беру және нормалау, алдыңғы қатарлы
технологиялар деңгейінде, қоршаған ортаның сапасын жақсарту есебінен
ұсынылады. Сонымен бірге, шығарындыларды нормалауды бекіту мен қайта
өңдеуде, атқарушы және өкілетті органдар, бекіту мен қайта өңдеу сатысына
тартылады. Қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту үшін, Қазақстан Республикасы
Үкіметімен Экологиялық Кодексте нарықтық механизмдерді енгізу
қарастырылуда.
Қоршаған ортаға эмиссияға заңды үлестермен шек қойылады, сонымен қатар
эмиссияны қысқарту міндеттері, заңды үлестерді сату тәртібі бекітілген.
Қоршаған ортаға эмиссияға лимиттер мен квоталар беріліп, квотамен
сауда жасау тәртібі бекітіледі және эмиссияларды қысқартуға міндеттемелер
жасалады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер - табиғат пайдалану процесін
реттеу мен бақылаудың құралы болып табылады. Салық Кодексі бойынша, 2002
жылдан бастап, барлық табиғат пайдаланушылардан жиналған қаржы жергілікті
бюджетте қалады. Ал жиналған қаржылар қалай пайдаланылады?
Шығыс Қазақстан облысының Салық комитеті мен Табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу департаментінің мәліметтері бойынша 2006 жылы
қоршаған ортаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы физикалық - географиялық сипаттама
Орман және аңшылық шаруашылығы
Мемлелеттік мекемелер қаржыларының ерекшеліктері
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің моделі
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Пәндер