«Уркер косметикс» пкф-ның инновациялық қызметін талдау



Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
2.2. Ғылыми . техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

2 тарау. «Уркер косметикс» ПКФ.ның инновациялық қызметін талдау.
2.1. «Үркер косметикс» ПКФ.ның жалпы сипаттамасы
2.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.

3 Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану.
3.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.
2003 жыл индусртиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық жұмыстың объектісі - «Уркер косметикс» кәсіпорны, пәні және аталмыш кәсіпорынның инновациялық қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар және кітаптар.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең - кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды. Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін өнім көлемін өсірумен айқындалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Н. Назарбаев «Қазақстан -2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы 1998 жыл.
2. Мейірбеков «Кәсіпкерлік экономикасы» 151-157 бет. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
3. Волков С.И «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
4. Горфинкель В.Я «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
5. Иванов И.В «Высокотехнологичные предприятия в эпоху глобализации» Поблишер,2003 г.
6. «Прикладая экономика» - М: Прин-ди,1993 г.
7. «Саясат журналы» 2004 жыл №2, 57-60 бет.Бороли Қ. Инновацияның даму жолдары.
8. «Қаржы – қаражат»журналы 2004 жыл, №2 92-96 бет.Сапарбаева. Отандық кәсіпорынның инновациялық қызметі.
9. ҚР Президенті мен ҚР Үкімітінің Актіле жинағы 2001 жыл №17, 33-64 бет, №30 4-50 бет.ҚР Президентінің «ҚР индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015жж арналған стратегиясы».
10. «Бухгалтер бюллетені» 1998 жыл,№46 3-5 бет.
11. «Жетісу» газет3 2004 жыл, №34 2-3,6 бет. Ел басының халыққа жолдауы.
12. Совицкая «Анализ хозяйственной деятельности предприятия» Минск, И.П. Экоперспектива 1999 г.
13. «Инновационный менеджмент» под ред. Оголяева 2001 г7
14. «Уркер косметикс» ПФК-ның қаржы – шаруашылық қызметенің нәтижелері туралы есеп.
15. Қазақша – орысша сөздік.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
2.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі.
2 тарау. Уркер косметикс ПКФ-ның инновациялық қызметін талдау.
2.1. Үркер косметикс ПКФ-ның жалпы сипаттамасы
2.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
3 Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық
тәжірибелерді қолдану.
3.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа
арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және
ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.
2003 жыл индусртиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың
алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің
өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму
банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит
бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және
инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету,
Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық
жұмыстың объектісі - Уркер косметикс кәсіпорны, пәні және аталмыш
кәсіпорынның инновациялық қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз –
газеттер, журналдар және кітаптар.
Қазақстан - 2030 стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі
экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты
жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең - кезеңмен
алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану
негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-
тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-
лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан
жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы
жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды.
Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы,
өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық,
тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін
республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық
қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның
ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін
өнім көлемін өсірумен айқындалады.

1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің
жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және
қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің
түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті
түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық,
технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның
инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен
бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі
бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын
ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың
қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің
объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен
көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып
олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі,
унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа
талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық
эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа
сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико –
ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға
болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы
нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар
саналады. Сыртқы мотивтері:
• шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
• салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
• сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
• бәсекелестерді активизациялау;
• конъюнктуралық тербелістер;
• құрылымдық салалық өзгерістер;
• жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының
кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
• сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
• нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
• фирма бәсекелестігін жақсарту;
• кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
• ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.

Мазмұны бойынша Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
Тауарлар Мемлекеттік
Қызметтер Республикалық
Техникалық Регионалды
Ұйымдастырушылық Салалық
Экономикалық Корпоративтік
Экологиялық Фирмалық
Ақпараттық
Жаңалық дәрежесі бойынша Өңдеу мен тарату сфераларына
Абсолютті байланысты
Салыстырмалы Өндірістік
Шартты Қаржылық
Жеке Қызмет көрсету
Сату делдалдық
Білімдік – педогогикалық
Құқықтық
Инновациялық потенциалы бойынша Қаражаттандыру көздеріне байланысты
Радикалды Өз қаржылары
Шоғырланған Тікелей бюджеттік
Модивикациялық Қаржыландыру
Тартылған қаражат
Заемдық қаражаттар
Инновациялық потенциалы
ерекшеліктеріне байланысты
Ұйым ішіндегі
Ұйым аралық

Инновациялық процестің этаптарының
ұзақтылығына байланысты

1-кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық
белгілері.

І.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі.

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау
қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірнші кезегінде –
жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми - зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым
қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық
әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын
процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты
болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту,
пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу:
материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа
енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени –
тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде
мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін
жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми –
техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде
белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар
дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам
еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы
табылады:

Э=Р- З

Мұндағы, Э - айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған
экономикалық эффект тг;
Р - айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі
тг;
З - айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және
тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды
келесідей формула арқылы есептейміз:
Р=Рa
Мұндағы, Р - t жылуындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің
коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант
бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар
көрсетілімінің коэффициенті:
a=(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е - әр көлемдегі
шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір-
бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
1. Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты
экономикаға қаржы жұмсау;
2. Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника
және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол
өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып
табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы
жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды
қамтамасыз етеді.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан
және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі,
бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра
отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс
атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін
үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның
нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары
мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол
негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.
Инновациялардың өмірлік циклі туралы мәлеметті 2 кестеден көреге
болады.

Сурет – 1. Инновациялардың өмірлік циклының жалпылама схемасы

2 тарау. Уркер косметикс ПКФ-нің инновациялық қызметін талдау.
2.1. Уркер косметикс ПКФ-нің жалпы сипаттамасы.

Уркер косметикс парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы
қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып
табылады. Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның
негізгі бизнесті парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткезу. Бұл
косметикалық өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық
өнімдер, тазалық заттары соымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.
Кәсіпорында 4500 адам жұмыс істейді. Уркер косметикс Қазақстан
нарығында 1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат
шығарытын халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел
фирмаларымен ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған. Оларға келесі
фирмаларды жатғызуға болады: Cleariant, Asko Nobel, Bopelins, Goldsmidt
(Германия), Floresans, Reno Fils (Франция), Pradoko (Австрия), Eurocompound
(Бельгия), Bauer, Irlan Aticet (Турция), Olbright Vilsan (Ұлыбритания),
Zohar (Израиль), IFF, Jar (Нидерланды), Tuba Ambalasa (Словакия).
Кәсіпорын 1995 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының
барлық аймақтарында өз бөлімшелерін ашқан. Осы бөлімшелердегі тармақталған
дистрибьторлық тор кәсіпорында шығарылған өнімнің 77% өткізіп отыр.
Уркер косметикс ПКФ бірдей технологиялық жүйемен қамтылған өндірістік
кешен. Ол сапа стандарттарына сай кең ассортименттегі барлық косметика
өнімдерін шығара алады. Кәсіпорынның келесі құрылыспен қамтылған:
• өндірістік және қосымша корпус;
• әкімшілік корпус;
• қоймалық шаруашылық;
• транспорттық блок;
• локальді – тазалағыш құрылыс;
• тереңдік бұрғыма;
• насостық станция;
• жылжыту пештарі;
• буландыру пештері.
Өндірістік корпуста полимерлік ыдыс, тұрмыстық химия, ваннаға арналған
паста, коскетикалық кремдер, су сабын, геьдерді шығаруға арналған
бөлімшелер бар. Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы –
технология мен батыс елдердің комьютерленген желілермен, автоматтармен
жабдықталған. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің
өскендігін бақылауға болады. Оның себебі көп көңіл бөлінді. Тұтынушыларға
қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және
жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері
көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін
шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.
Қазіргі кезде компания ассортименті 4 өнімдік желіден тұрады:
1. Су сабын
2. Тіс пастасы
3. Кремдер
4. тұрмыстық химия
Белсенді жарнама жүргізу мен ассортиментті дамытудың есебінен сату
көлемін ұлғайту көзделеді.
2002 жылы ассортименттік саясатты жүзеге асырғандықтан ол мұндай
мүмкіндіктерді береді:
1. Магия природы су сабынын модернизациялау;
2. 2002 жылдың мамырында жаңа Wear Black су сабынын нарыққа шығару;
3. Сошеттерде су сабынды шығару 2002 жылы сабынды сату көлемін айына 14
млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2001 жылы тұрмыстық химия құрамында 3 ассортименттік тон болды. Олар:

1. Ағартқыштар
2. Су жуғыш заттар
3. Тазалаушы ұнтақтар
Ал 2002 жылы ассортимент 5 топқа жетті. Олар:
1. Ағартқыштар
2. Су жуғыш заттар
3. Тазалаушы ұнтақтар
4. Кір жуғыш ұнтақтар
5. Ыдыс жууға арналған гель
Өнімдерді өткізудегі 1 айдағы нарықтық потенциалдық сыйымдылығы: су
сабын – 5 млн. дана, тіс пастасы – 4 млн. дана, кремдер – 2 млн. дана,
тұрмыстық химия – 10 млн. дана. Шығарылған өнімді сатумен аймақтың сату
бөлімшесі айналысады. Бұл бөлімшелердің барлығы 1 ақпараттық компьютерлік
тормен біріктірілген. Қазақстан республикасы бойынша сауда сайын 7560
көтерме бөлшек саудасының сауда нүктелері бар.

Кесте – 1. “Уркер космитикс” ПКФ-ң технико – экономикалық көрсеткіштері
(2002 – 2003 жж)

Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама
айырмашылықтар бар екенін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін
анықтап, талдап көрейік.
Өткізілген өнімнен түскен табыс 2002 жылы 1384460 теңгені құраса, 2003
жылы 1528420 теңгеге көтерілген. Оның себебі 2003 жылы нарыққа жаңа
тауарларшығарылды, яғни тауар ассортиментінің көбеюі есебінен өткізілген
өнімнен түскен табыс көбейіп отыр.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылы 879620 теңге болса, есепті
жылы 685310 теңгеге дейін төмендеді. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі
жаңа технологияны қолданудан болған. Сонымен қатар, шикізатқа деген
шығындардың азаюы да себепші болып отыр.
Жалпы табыс 2002 жылы 704840 теңге болса, 2003 жылы 843110 теңгеге
жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 1,9 есе өскен. Жалпы табыстың өсуінің
себебі өнімді шығаруға кеткен шығындар азайып, өткізілген өнімнен түскен
табыс өсіп отыр.
Кезең шығындарына тоқталатын болсақ бұл есепті жылы шығындар 965770
теіге болса, базалық жылы 363030 теңгеге төмен болған. Оның себебі есепті
жылы жалпы және әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындар өсті.
Негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы
базалық жылмен салыстырғанда пайда 1,9 есе өсіп отыр. Бұл өсу жолы табыстың
өсуі есебінен болып отыр.
Таза табыс. Кестеден көріп отырғандай базалық жылмен салыстырғанда
есепті жылы таза табыс 1,1 есе өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген
өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2003 жылы өсіп отыр.
Негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2002 жылы 1838790
теңге болса, ал 2003 жылы бұл сома 1785880 теңгеге дейін төмендеді. Ауытқу
52910 теңгені құрап отыр. Көрсеткіш сапасының бұлай ауытқуының себебі
есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары,
яғни жарамай қалған ескірген техникалар өндірістен алынып тасталынды.
Қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,75 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары
Уркер косметикс кәсіпорынының инновациялық қызметін талдау
Үркер косметикс парфюмерия кәсіпорынының инновациялық қызметін талдау
ПКФ ҮРКЕР – КОСМЕТИКС МАРКЕТИНГПЕН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Кәсіпорындағы маркетингтік жоспарлау
Инновациялық қызмет жайында
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
Инвестициялық қор
Қоғамдық қайта құрудың инновациялық мазмұны
Пәндер