Компьютердің бағдарламалық құралдары. Бағдарламалауды автоматтандыру әдістері. Алгоритмдік тілдер. Алгоритмдік тілдің қолдануы және оған қойылатын талаптар.



Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған бағдарламалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:
- жүйелік бағдарламалар
- қолданбалы бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалар – белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап бағдарламалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, бағдарламалау тілдерінің бағдарламалары т.с.с.)
Жүйелік бағдарламалардың түрлері:
- операциялық жүйелер (ОЖ)
- утилиттер, сервистік бағдарламалар.
Алгоритм ұғымы, қасиеттері.
Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.
Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.
Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.
Алгоритм ұғымы кез-келген бағдарлама құру кезінде негізгі орын алады, себебі бағдарлама – енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір бағдарламалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде – адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.
Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:
1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;
Ұсынылған әдебиеттер
1. Боэм Б., Браун Дж., Каспар Х. и др. Характеристики качества программного обеспечения. - М.: Мир, 1981.
2. Брукс Ф.П. Как проектируются и создаются программные комплексы/ Пер. с англ. А.П. Ершова. - М.: Наука, 1979.
3. Вирт Н. Систематическое программирование. - М.: "Мир", 1977.
4. Глушаков С.В., Коваль А.В., Смирнов С.В. Язык программирования С++. – Харьков: «Фолио», 2004
5. Жоголев Е.А.. Технологические основы модульного программирования. – М.: Программирование, 1980

Лекция 2,3 (2 сағат)
Компьютердің бағдарламалық құралдары. Бағдарламалауды автоматтандыру әдістері. Алгоритмдік тілдер. Алгоритмдік тілдің қолдануы және оған қойылатын талаптар.

Жоспары: Компьютердің бағдарламалық құралдары.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған бағдарламалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:
жүйелік бағдарламалар
қолданбалы бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалар - белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап бағдарламалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, бағдарламалау тілдерінің бағдарламалары т.с.с.)
Жүйелік бағдарламалардың түрлері:
операциялық жүйелер (ОЖ)
утилиттер, сервистік бағдарламалар.
Алгоритм ұғымы, қасиеттері.
Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.
Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз - жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.
Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.
Алгоритм ұғымы кез-келген бағдарлама құру кезінде негізгі орын алады, себебі бағдарлама - енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір бағдарламалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде - адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.
Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:
1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) - ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;
2.Алгоритмнің түсініктілігі - алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;
3.Алгоритмнің анықтылығы - алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
4.Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі - қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі - коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.
5.Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық бағдарлама шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.
Алгоритмнің берілу тәсілдері.
Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:
*табиғи тілдегі алгоритм - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;
*графикалық тілдегі алгоритм - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;
*алгоритмдік тіл - орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары - жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;
*бағдарламалау тілі - орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары - арнаулы бағдарламалау тілінің командалары.
Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:
*алгоритмдік тілде;
*блок-схема түрінде;
*бағдарламалау тілінде.
Алгоритмдік тіл - табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.
Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды бағдарламалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары:
А,В,С,..., А,Б,С,..., а,б,с,... - латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері;
0,1,2,3,... - ондық санау жүйесінің цифрлары;
*, , +, - арифметикалық амал таңбалары;
** - дәрежелеу белгісі;
sqrt(x) - х-тің квадрат түбірі;
abs(x) - х-тің абсолют шамасы;
, =, =, , =, - - қатынас таңбалары;
:= - меншіктеу белгісі;
. - нүкте т.б.
Алгоритмдік тілдің алфавитінде, мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын ала түсініктеме беріліп қойылған, қызметші сөздер деп аталатын стандартты символдар тіркестері де бар. Кейбір қызметші сөздерді атап көрсете кетейік:
алг, арг, нәт
алгоритм тақырыбы
басы, соңы
алгоритмнің басталуы мен соңы
егер-онда-әйтпесе-бітті
тармақталу командасы
таңдау, жағдай...жағдай-әйтпесе-бітті
таңдау командасы
n рет циклі: n рет

қайталау командасы
Әзірше циклі: цб (цикл басы), әзір (әзірше), цс (цикл соңы)

Үшін циклі: цб, үшін, дан (-ден, -тан, -тен, -нан, -нен) немесе бастап, дейін, қадам, келесі, цс

және, немесе, емес
құрама шарттар
мән;

-өту n;

-егер Р өту n (Р-шарт)
функция (айнымалы), мұндағы өту n және егер Р өту n - басқарушы операторлар. Өту n сөзсіз (шартсыз) өту операторы, алгоритм командаларының орындалу ретін тоқтатып, келесі орындалуды n-жолға беру жөніндегі нұсқау.
Алгоритмге түрлі шамалардың енуі де мүмкін.Әр шаманың аты, мәні, типі бар. Аты - айнымалы шаманың белгіленуі, типі - сандық (бүтін, нақты), символдық, кестелік, литерлік, логикалық болуы мүмкін,
Блок схемалық түріндегі алгоритм логикалық құрылысы жағынан сызықтық, тармақталған және циклдi болып бөлінедi.
Бағдарламалау тіліндегі алгоритм - бұл қандай да бір арнаулы бағдарламалау тілінде жазылған алгоритмді орындаушы компьютер болғанда жүзеге асады. Бағдарламалау тілінің операторлары - амалды орындауға компьютерге берілген тапсырманың алгоритмі.
Қазіргі таңда көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдерінің классификациясы
Программалау тілдерімен танысу
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Компьютерді ғылыми жұмыстарда қолдану
Экономикалық басқаруда ақпарат жүйесін құру
Java кең таралған программалау тілі
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Информатика пәні, объектілері және құрама бөліктері
Пәндер