Қазақстан Республикасының Парламенті-заң шығарушы орган



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Қазақстан Республикасының Парламенті.заң шығарушы орган ... ... ... ... ...4
1.1. Парламент палатасының өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Әр түрлі саяси жүйедегі Парламенттің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Әлемдік парламентаризм тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II. Кеңестік жүйенің жаңа жағдайдағы дағдарысы және билікті бөлу институтын енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1.Қазақстан Республикасы Парламент ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасы Парламенттің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Қазақстан Республикасы Парламенттің функциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін құру қажеттігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыс істелді. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Құқықтық білімге терең назар аударудың бір қатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруды бағытталған қызметтер атқаруда.
Егемендіктің маңызды белгісі – оның мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент заң шығарушы орган ретінде мемлекеттегі барлық салалардың заң негізінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Парламенттің Қазақстан Республикасында жұмыс атқаратын бірден – бір заң шығаратын орган ретіндегі ролінен жұмыстың өзектілігін айқындауға болады. Жұмыстың мақсаты Парламент институтының қазіргі қоғамға қаншалықты керек екендігін анықтау, Парламент құрамының арасындағы өзара құзіреттерін, олардың атқаратын қызметтерін, депутаттардың өкілеттіктерін қарастыру болып табылады.
Нормативтік базаны әдеби кітаптар, тақырыпқа байланысты оқу құралдары, баспасөз материалдары, ғылыми танымдық журналдар, монографиялар мен авторефераттар тізімі құрайды.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түріндегі Заң актілерін қабылдайды. Заңдар аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмаганбетов М.М. Казахстан: Эфолюция государства и общества. Алматы, 1996ж.
2. Азаров Ю.П. «Искуство воспитывать» /Книга для учителя/ Москва «Просвещение» 1985г.
3. «Азаматтылық және басқаруға қатысу». XXI ғасыр қоғамындағы сіздің рөліңіз. Бірінші бөлім Алматы, 2006ж.
4. Аманжол Қ., М.Сағдиев: деректі повесть
3. Бәкір Әбдіжәлел «Кәсіби парламент»
4. Венгеров А.Б. Теория государство и право. Учебное пособие для ВУЗов. «Эльфа», 1996г.
5. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраев:«Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, Жеті-Жарғы, 1998 ж.;
6. Ғайрат Сапарғалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы, 2003
7. «Егемен Қазақстан» Қазақстан Республикасының Заңы 24.03.98 ж.
8. Жоламан Қ.Д., Мухтарова А.К., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 1996ж.
9. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1998 ж.
10. Комаров С.А.Общая теория государства и права Москва,1998 г.
11. Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н. Тәукелев:«Мемлекет және құқық теориясы» Алматы.
12. Қалиев Н. «Қазақстан парламентаризм саяси талдау».
13. Лазарев В.В.Общая теория государства и права. Москва,1996 г
14. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва «Зерцало» 1998г.
15. «Общая Теория Государства и Права». //Под редакцией Комарова С.А. Москва 1998г.
16. Основы государства и права Республики Казахстан. Учебное пособие. Под.ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, «Жеті жарғы» 1997ж.
17. Сальников В.П. «Правовая культура: проблемы формирования гражданского общества и правового государства»// Демократия и законност. Самара 1991г.
18. Спиридонов Л.И. «Теория государства и права» Зерцало. Москва 1996г.
19. Теория государства и права под\ред. М.Н. Марченко Москва, 1996 г.
20. «Теория Государства и Права». Курс лекций. Под редакцией Нерсесянц В.С. Издательская НОРМА – ИНФРА*М// Москва 1999г.
21. Теория Государства и Права. Под редакцией Венгерова А.Б. «Юристь» 1996г.
22. «Теория Государства и Права». Под редакцией В.Н. Хропанюка. 2002г.
23. Учебное пособие «Введение в гражданское образование». Алматы 2002г.
24. Хропанюк В.Н. Теория государства и права Москва, 1995 г.
25. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права. Москва «Знание» 1995г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Қазақстан Республикасының Парламенті-заң шығарушы
орган ... ... ... ... ...4
1.1. Парламент палатасының
өкілеттігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Әр түрлі саяси жүйедегі Парламенттің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Әлемдік парламентаризм
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II. Кеңестік жүйенің жаңа жағдайдағы дағдарысы және билікті бөлу институтын
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1.Қазақстан Республикасы Парламент ұғымының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстан Республикасы Парламенттің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Қазақстан Республикасы Парламенттің
функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24

Кіріспе
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен
мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық
негізін құру қажеттігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыс істелді. Мемлекетті
басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті
сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар
қабылданып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым
айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар
туралы қаулы қабылдады. Құқықтық білімге терең назар аударудың бір қатар
себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа мемлекеттік
органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес,
т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруды бағытталған қызметтер
атқаруда.
Егемендіктің маңызды белгісі – оның мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының болуы.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент заң шығарушы
орган ретінде мемлекеттегі барлық салалардың заң негізінде жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
Парламенттің Қазақстан Республикасында жұмыс атқаратын бірден – бір
заң шығаратын орган ретіндегі ролінен жұмыстың өзектілігін айқындауға
болады. Жұмыстың мақсаты Парламент институтының қазіргі қоғамға
қаншалықты керек екендігін анықтау, Парламент құрамының арасындағы өзара
құзіреттерін, олардың атқаратын қызметтерін, депутаттардың өкілеттіктерін
қарастыру болып табылады.
Нормативтік базаны әдеби кітаптар, тақырыпқа байланысты оқу
құралдары, баспасөз материалдары, ғылыми танымдық журналдар,
монографиялар мен авторефераттар тізімі құрайды.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
қаулылары түріндегі Заң актілерін қабылдайды. Заңдар аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейді.

I .Заң шығарушы орган
1.1. Парламент палатасының өкілеттігі
Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы орган-ҚР Парламенті.
Конституция бойынша Парламент өкілеттілік, заң шығарушылық және де
шектеулі түрде болса да атқарушы билікті бақылау қызметін атқарады.
Қазақстанда аймақтық деңгейдегі өкілетті органдар-сол аймақтағы туындаған
мәселелерді шешетін халықпен сайланған областық, қалалық және аудандық
маслихаттар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және
Мәжіліс. Мәжілістің 77 мүшесі болады, оның 67-сі бір мандатты аумақтық
округпен сайланады. (Бүкіл халық сайлау округтеріне бөлінеді және округ
бойынша үміткердің көп болуына қарамастан, бір округтан бір депутат саилану
керек). Ал қалған 10 депутат партиялық тізім негізінде сайланады.(Саяси
партиялар үміткерлердің тізімін көрсетіп, сайлаушылар тізімдегі барлық
үміткерлерге дауыс береді, бұл жағдайда халық округтерге бөлінбейді.
Парламенттегі орынға тізім бойынша көп дауыс жинаған партия ие болады).
Мәжіліс мүшелері тікелей халық өкілі ретінде әрекет етеді.
Қазақстандағы әрбір азамат дауыс беруге және депутат ретінде сайлануына
құқығы бар. Мәжілістің болашақ мүшесі Қазақстан азаматы және жасы жиырма
бестен асуы керек. Депутаттың сайлану мерзімі 5 жыл.
Әдетте мәжіліс заңдарды бірінші болып қарастырып, кейін оны Сенатқа
ұсынады, сондықтан Мәжілісті кейде төмеңгі палата деп атайды. ҚР
Парламент Сенаты 39 депутаттан тұрады. 14 облыстан екеу, Астанадан екеу
және Алматыдан екеу, ал жетеуін ҚР Президенті тағайындайды.
Сенаттың Мәжілістен айрмашылығы-ол халықпен тікелей сайланбайды.
Ондағы депутаттар Алматы, Астана және облыс мәслихаттары арқылы
сайланады.[4]
Сенат депутаттар әкімшілік-аумақтықбірліктің мүддесін білдіреді.
Сонымен бірге, Сенат-бүкіл республика органы болып табылады. Сондықтан
мәжілісте қаралған заң жобасы Сенатқа беріліп, кейін Президенттің қол
қоюына жіберіледі.[17]
Сенатор болып жасы отыздан асқан және Қазақстанда кем дегенде бес жыл
тұрған, жоғары білімі бар азамат тағайындала алады. Сонымен қатар,
Сенаторлар сайланып отырған облыс немесе қалада кем дегенде 3 жыл тұруы
керек. Сенаторлар 6 жылға сайланады.
Заң бойынша депутат өз қызметінен бөлек басқа ақылы қызметте болуы
тиіс. Сондай-ақ Конституцияда депутаттықтың шектелу мерзімі белгіленбеген
және жас шектеулігі де қойылмаған. Ата заңда қарастырылғандай, депутат әр
түрлі жағдайларға байланысты орнынан айрылып қалуы мүмкін.
Жалпы алғанда, Парламент палатасының өкілеттілігін мынадай бөліктерге
бөлуге болады: (1) Сенат және Мәжілістің ортақ жиналысындағы іске асатын
өкілеттіліктер; (2) Жеке жиналыстарда кезектесіп қарастырылатын, яғни
Мәжілісте, содан кейін Сенатта іске асатын өкілеттіліктер; (3) тек Сенатпен
іске асатын өкілеттіктер; (4) тек Мәжіліспен іске асатын өкілеттіктер.
Парламент палаталарының жиналысындағы талқыланатын сұрақтар
Конституцияда бекітілген. Олар-Мемлекет өміріндегі ең маңызды мәселелер.
Солардың бірнешеулері төменде көрсетілген:
• ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу.
• Конституциялық заңдарды қабылдау және оларға өзгерістер мен
толықтырулар еңгізу.
• Республикалық бюджет пен Үкімет есебін бекіту.
• Премьер-министер мен Ұлттық банк басшысын тағайындауды мақұлдау не
келіспеу.
• Парламент қабылдаған заңға Президенттің келіспеушілігін талқылау.
• Соғыс және бейбітшілік мәселесі жайлы шешім қабылдау және т.б.
Парламент палаталарының жекелеген жиналстарында алдымен Мәжілісте кеін
Сенатта мынандай сұрақтарды талқылайды:заңдарды қабылдау; мемлекеттік
салықты тағайындау немесе алып тастау; әкімшілік-аумақтық құрылымдағы
мәселелер, мемлекеттік қарыздарға байланысты туындаған сұрақтар;
халықаралық шарттар жасау немесе одан бас тарту мәселелері; азаматтарға
рақымшылық жасау актісін жариялау т.б.
Жоғарғы сот төрағасы мен судьяларын сайлау және қызметінен босату,
Бас Прокурордың тағайындалуына келісім беру, жергілікті маслихат қызметін
мерзімінен бұрын тоқтату сияқты өзгеде мәселелер-тек қана ҚР Сенатының
құзырында.[7]
Мемлекетке сатқындық жасағаны үшін президентке айып тағуға, сонымен
бірге Орталық Сайлау Комиссияның төрағасы және мүшелерін сайлауға тек қана
Мәжілістің құқығы бар.Ғылыми әдебиетте кең тараған көзқарасқа байланысты
саяси режим саяси қатынастардың даму бағытын, әдістерін және тәсілдерін
айқындайды. Былайша айтқанда, саяси режим –қоғамның саяси жүйесінің негізгі
элементтерінің қызмет ету және өзара байланыс тәсілі. [19]
Әр түрлі саяси жүйедегі Парламенттің орнын айқындау үшін алдымен
саяси жүйе деген ұғымның өзін анықтап алу қажет. Өйткені ол-саяси ғылымда
билік тәрізді негізгі ұғымдардың бірі. Біріншіден, саяси жүйе деген
ұғым кешегі Ұлы отан соғысынан кейін кең тарай бастады.Бұл терминнің
дүниеге келуі XX ғасырдағы саяси құбылыстарды зерттеумен байланысты.
Екіншіден, ғылымда саяси жүйе категориясы саяси режим ұғымымен өте
тығыз байланысты болғаннан кейін, ол кейде мемлекеттік құрылыстың мәнін де
беріп жатады.
Саяси жүйе дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Саяси жүйе өзінің кең
мағнасында саяси билікке қатысу процесіндегі қарым-қатынастардың жиынтығын
белгілейді. Ол-қоғамның барлық мүшелері не оның бір бөлігі үшін өктемшіл-
билік шешімдер қабылдайтын және жүзеге асыратын адами қатынастардың тұрақты
нысаны. Саяси жүйе деп билік жүргізіп,-қоғамда тұрақтылық және тәртіпті
қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер
арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің
жиынтығын да айтады. Бұл айтылғандардан нені атап көрсеткен
орынды.Біріншіден, ол – қоғамдық-саяси процесиерді бсқаруға, реттеуге,
билікті жүзеге асыруға бағытталған мемлекет пен қоғамның өзара қарым-
қатынасының тәсілі.[17]
Саяси жүйе өзін құрайтын саяси ұйым, саяси нормалар, саяси қатынас
және саяси идеялогия сияқты төрт компоненттен тұрады. Сондай-ақ бұл жүйеге
саяси байланысқа түсетін екі топ – институциональды (парламент, президент,
үкімет, кәсіп одақ және басқа ) және функциональды ( армия, шіркеу, лобби,
оппозиция және т.б.) субъектілер кіреді. Қоғамның саяси жүйесін билік үшін
күресетін әр түрлі ұйымдар, институттар, мекемелер құрайды, олар билікке ие
бола отырып, оны ұйымдастырады және қызмет еткізеді. Осы жерде тағы бір
мәселенің басын ашып алған дұрыс. Саясаттанушы Д.Н. Назарбаев өзінің
Демократизация политических систем Содружества Независимых Государств
деген еңбегінде саяси жүйені әңгіме ете отырып, оған мемлекетті басқару
нысанының артық бағалап жіберген сияқты. Дәйексөзді негізгі нұсқасында
берейік: ... Значительные влияние на политическую систему оказывает фрма
правления,... Біздіңше, саяси жүйеге мемлекеттің басқару нысанынан
гөрі, мемлекеттің саяси сипаты елеулі әсер етеді. Саяси мазмұын басқару
нысанын айқындайды. Мемлекетті құру, оны басқару саяси мақсаттан туындайды
емес пе? Логика осыны меңзейтіндей. Енді саяси жүенің функциональды
компоненті болып саналатын саяси режимнің табиғатына тоқтай кетейік.
Белгілі поляк саясаттанушысы Е.Вятр саяси режим деп конституциялық
тәртіптер жүйесі мен сол жүйенің практикада нақты жүзеге асуын түсінеді.
Сондықтан да саяси жүйенің негізгі элементтері саяси режимнің ғана емес,
өкіметтің негізгі жүйесі туралы ұғымды қалыптастырудың өзекті мәселесі
болып табылады. Сол себепті саяси режимнің сипаты белгілі елдегі қоғамның
саяси өмірін ұйымдастыру принципінің толық бейнесін береді. Осы қағидаларды
басшылыққа алсақ ,бүгінгі әлемдік саяси режимнің ең қарапайым әрі кең
тараған жалпы нысандары: тоталитарлық, әміршілдік және демократиялық жол.
Бірақ бұл саяси нысандар таза күйінде кездесе бермейді.Қоғамдық практикада
саяси нысан мен мазмұндардың сай келе бермейтін фактілер баршылық. Елдің
Конституциясы бойынша мемлекеттік құрылыс демократиялық дегенмен, мазмұны
жағынан әміршіл, ал әміршіл жүйе дегеніміз демократиялық сипатта болуы
мүмкін. Ол белгілі бір саяси жүйедегі мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне,
шынайы болмысына, қоғамның саяси мәдениет деңгейіне байланысты.[14]
Сонымен саяси жүйенің табиғатын ашу мемлекеттік биліктің ерекше
тармағы – Парламенттің қоғамдағы рөлі мен орнын, оның қызметінің басты
бағыттарын айқындауға көмектеседі. Өйткені саяси институт есебінде
Парламенттің мәртебесі мен мазмұны қоғамдағы саяси жүйеге байланысты.
Қайсыбір парламент болмасын оның қызметі заңдар қабылдаудан, мемлекеттік
бюджетті және халықаралық келісімдерді бекітуден тұрады. Парламент алдында
үкіметтің жауаптылығы қарастырылған елдерде, ол қосымша үкіметті құру және
оның қызметін бақылау функцияларына ие болады. Ал Германия, Италия сияқты
елдерде парламент республика президентін де сайлайды. Алайда конституция
бойынша парламенттердің заң шығарушылық үстемдігі мен тәуелсіздігінің басы
ашық болғаымен, оның бүкіл мемлекеттік билік жүйесіндегі орны сол елдегі
басқару нысанына, жоғарғы мемлекеттік биліктің тәсілдеріне байланысты.
Мысалы, Италия, Германия, Австрия, Израиль, Индия, Түркия, Финляндия, т.б.
елдрдегі парламент атқарушы билікпен салыстырғанда екінші қатардағы
мәнділікке ие. Бұл елдерде үкімет парламент алдында жауапты болғанымен және
ол парламенттік жолмен құрылғанымен, заң шығарушы орган атқарушы билікке
толық тәуелді. Өйткені нақты билік үкіметтің қолында. Енді әр түрлі саяси
режим жағдайындағы парламенттің орнына тоқталайық.[6]

1.2. Әр түрлі саяси жүйедегі Парламенттің орны.
Бірінші – тоталитарлық режим. Бұл атау латынның totalis-жаппай деген
сөзінен шыққан. Тоталитарлық режим де бүкіл билік елдегі демократиялық
еркіндік пен саяси оппрзицияның шығу мүмкіндігін жою, қоғам өмірін толық өз
мүдделеріне сәйкес ету, өзінің билігін зорлық-зомбылық, әскери полициялық
террор мен жұртшылықты рухани қанау арқылы жүзеге асыратын белгілі бір
топтың ( партияның ) қолына жинақталады.Мұндай жағдайда билікті ұйымдастыру
бюрократиялық жол арқылы жүзеге асып, қоғам өмірінің барлық саласы:
экономика, мәдениет, дін, азаматтардың жеке өмірі, олардың іс-әрекеті
бақылауға алынады. Қоғамдық өмір шексіз саясаттандырылады. Белгілі топтың
немесе партия көсемінің көзқарасы ресми идеология институттары арқылы бүкіл
қоғамға таратылып, оның орындалуы қатан бақылауға алынады. Бүкіл ақпарат
құралдары жүйесінің жұмысы цензура арқылы жүзеге асады, ақпаратты еркін
алуға тиым салынады. Қоғамдағы демократиялық құқық пен еркіндік
формальды сипатқа ие болады.[23]
Саяси режимнің әміршілдік нысаны жағдайында да тоталитарлық
режимдегідей парламент деңгейі жеке билікпен, басқарудың әміршіл
тәсілдерімен ерекшеленеді. Сол себептен де кейбір ғалымдар тотадитарлық
режимді әміршілдік режимнің ерекше, реакцияшыл түрі деп санаса, екінші бір
ғалымдар екі режимді де өз алдарына жеке-жеке қарастырған жөн деп
есептеиді. Рас, екі режимнің көптеген ұқсас жақтары да, елеулі
айырмашылықтары да жеткілікті.Екеуіне де ортақ-диктатура, ал айырмашылығы
тоталитаризмде-мемлекеттің диктатурасы да, ал әміршілдік жүйеде –жеке
тұлғаның диктатурасы. Осы негізгі айырмашылық тағы да толып жатқан
ерекшеліктерді туындатады, сол себептен де біздер екі режимді екі типтегі
деп қарастырған пікірді қуаттаймыз.
Тоталитарлық және әміршілдік режим кезіндегі заң шығарушы орган
көбіне-көп квазипарламенттік сипатта болады, ол негізінен сәндік рөл
атқарады. Кейде кеңесшіл парламент деген термин де пайдаланылады. Мұндай
парламент бірқатар ислам елдерінің конституцияларында қарастырылған (
Кувейт, Қатар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі ). Манархтың шексіз билігі
кезендегі заң шығарушы орган шын парламент емес, ондай парламенттің
таратыла салынуы да мүмкін. Кейде ондай парламенттерді азаматтар сайлайды,
кейде монарх тағайындайды.[1]
Квазипарламенттік сипаттағы парламент соцйялистік жүйе сақталған
Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Куба, Қытай Халық Республикасы,
Въетнам елдеріндегі парламенттерге де тән.Бұл елдерде парламент жылына екі-
үш шақырылады да, күн ілгері дайындалған шешімдер мен заңдарға депутаттар
жүз пайыз дауыс береді. Қалыс қалу, қарсы болу-сирек кездесетін жәйттер.
Мысалға, Қытайдағы мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органын алайық. Мұндағы
мемлекеттік биліктің ұйымдық-құқықтық біртұтас принціпіне сәйкес өкімет
билігі төменнен жоғарыға дейін толық кеңестер типіндегі өкілдік
органдарға, ерде халық өкілдерінің жиналыстарына, Жоғарыда
бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысына берілген. Заң
бойынша Бүкіл қытайлық өкілдер жиналысы бес жылға көп сатылы сайлау
арқылы құрылады.[16]
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы – бір палаталы. Оның тұрақты
басшы органы жоқ. Отырыстарды жылына бір рет екі аптадай уақытқа жиналғанда
саиланатын сессия төралқасы басқарады. Бұдан басқа салалық принципті
ұстанған тұрақты комиссиялар құрылады. Олар заң жобаларының конституцияға
сәикестігін алдын ала қарайды.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы елдің Конституциясына сәйкес
көптеген өкілеттіктерге ие: заңдар қабылдайды, басқа жоғары мемлекеттік
органдарды және жоғары лауызымды тұлғаларды сайлайды, республиканың
әлеуметтік-экономикалық жоспарын, мемлекеттік бюджетті және оның орындалы
жөніндегі есепті бекітеді, соғыс және келісім жағдайларын шешеді.
Конституция бойынша Бүкілқытайлық жиналыстың өкілеттігінде шек жоқ.
алайда, бұл жоғары органның жұмысы коммунистік партияның басшылық рөліне
сәйкес, оның оның бағыттауымен жүзеге асып отырады.[3]
Бүгінгі әлемдік саяси жүйенің ең көп тараған нысаны-мемлекеттік
басқарудың демократиялық жолы. Ол-халықтан бастау алған билік. Ол –
заңдылықты мұрат еткен, заңды қастерлей білген қоғамдағы азаматтың құқығы
мен еркіндігін жан-жақты ұштастырған мемлекеттік істерді шешуге халықтың
қатысуы. Америеаның алғашқы президенті Авраам Линкольнның айтуынша,
демократиялық үшін халықтың өзі арқылы халықтық басқару нысаны. Бүгінгі АҚШ-
та халық жоғары мемлекеттік билікті өздерінің еркін сайлау жүйесімен
сайланған өкілдері арқылы жүзеге асырады. Алайда, шынайы демократия заңмен
орындала салатын, бір актілі қоғамдық құбылыс емес. Ол жалпы халықтың,
бүкіл қоғамның саяси мәдениеттің өсіп, дамуымен айқындалады. Ол адамдарға,
олардың білім дәрежелеріне байланысты, өйткені білімді адам, мол ақпаратқа
ие болған адам ғана қоғамдық өмірге неғұрлым батыл әрі белсенді қатыса
алады. Онсыз демократия әлсірейді, нәтиже бермейді. Халықтың Қоғамдық
өмірге, билікке қатысуы, әсіресе, сайлау жүйесінде айқын.
байқалады. Сайлауға қатысу арқылы халық өзінің конституциялық құқығын
жүзеге асырады, өз атынан мемлекетті басқаратын тұлғаның тағдырын шешеді.
Мемлекетті басқарудың демократиялық жүйесін биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлінуімен, әрі олардың тежемелік және тепе-
тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципімен
сипатталатыны белгілі.
Халықтың мемлекеттік істі басқаруға қатысу деңгейіне, билік
тармақтарының өз міндеттерін қалай атқаруына байланысты демократия тура
және өкілдік демократия болып екі түрге бөлінетіні белгілі.[12]
Тура демократия жағдайында билік жүргізуге, маңызды саяси шешімдерді
дайындаға, талқылауға және ол жөнінде шешім қабылдауға, оның орындалуын
қадағалауға барлық азаматтар қатысады. Сол себептен де тура
демократия көбіне-көп шағын ұжымдарды басқаруда қолданылады. Мұны жүзеге
асырудың өзінше көптеген қиындықтар бар. Тура демократияның дүние
жүзіндегі алғашқы үлгісі ежелгі Афинада болған. Онда мемлекеттік маңызды
мәселені шешуге арналған жиналысқа 5-6 мың адам қатысты.бұл бүгінгі заң
шығару органының ең қарапайым нысаны еді.
Тура демократия кезінде халық дауыс беру арқылы президент, үкімет,
саяси партиялар немесе топтар ұсынған заңдар немесе басқа шешімдерге
өздерінің қатысты бар екендігін білдіре алады. Бұл демократия көбіне-көп
референдум нысанында болуы мүмкін. Біздің елімізде 1995 жылы конституцияны
қабылдау, 1999 жылы Президент сайлауы бүкілхалықтық референдум жолымен
өткені белгілі.[21]
Алайда, тура демократия жағдайында қаралып отырған мәселеге
азаматтардың саяси ықпалы кемірек әсер етеді. Оларға белгілі бір
басатамашыл топ, партия,үкімет, президент дайындаған заңдар немесе басқа
шешімдердің жобасын сайлау жолымен қабылдау немесе қабылдамау құқығы
беріледі. Мұндай құжаттар жобасын дайындауға халықтың қатынасуы кем болады.
Бұл
жағдайларда белгілі ынталы топ өз мүдделерін шешу тәсілдерін ойластырмай
отырмайды. Сондықтан да плебисцитарлық демократия жолымен қабылданған
шешімдердің халық үшін пайдасы азырақ болуы мүмкін. Кейде бұл жол билік
басындағылардың өздерінің саяси мақсатын жүзеге асыру үшін тиімді жол болуы
да ықтимал. Осындай себептерден саяси басшылардың сайлаудың бұл жолын
көьірек тандауын түсінуге болады.[4]
Тура демократиялы тиімділігі мемлекеттің саяси сипатына да
байланысты. Бұл кешеғана авторитарлық жүйеде болған, енді ғана құқықтық,
демократиялық мемлекет құруды мұрат етіп отырған қоғам үшін тиімді бола
бермеуі мүмкін. Өйткені қоғам, оның мүшелері де, билік басындағы лауызымды
тұлғалар да әлі демократия шепкенін кие қоймағандар санатына жатады. Кешегі
өктемшіл психологияның әсері тез жойыла қоятын құбылыс емес. Қоғамдық
құбылыстардан қоғамдық сананың қалып қойып отыратынын
да ескерген жөн.
Осы заманға қоғамдық істерге халықтың саяси қатысуының кең тараған
келесі нысаны-өкілдік демократия. Бұл жағдайда азаматтар мәселені шешуге
тура қатыса алмайды. Өкілді демократияның мәнісі – азаматтар саяси
шешімдер және заңдар қабылдау үшін және әлеуметтік, тағы басқа
бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында өзднрінің мұң-мүддесін ойластыратын
өкілдерін билік органдарына сайлайды. Сайлау рәсімдері әр түрлі болуы
мүмкін, бірақ та сенім артылған өкілдер халық атынан әрекет етеді және
оның алдында өзінің депутаттық қызметі жайлы жүйелі хабарлап отырады.[17]
Бүгінгі күні дүние жүзінің көптеген елдеріндегі мемлекетті басқарудың
демократиялық нысаны-Республика. Ол жоғары мемлекеттік ,биліктің
құрылымына қарай парламенттік республика және басқарудың аралас үлгісі деп
үшке бөлінеді.Соңғы үлгі парламенттік республика мен президенттік басқару
нысанының элементтерінен тұрады.
Парлмаенттік республика жағдайында ,біріншіден,мемлекеттік билік
тармақатарынының бөліну принципі қатаң сақталмайды.Оған ағылшын-саксон
жүйесіндегі парлманнтарлық мемлекеттердегі заң шығарушы органдар құрамында
атқарушы билік өкілдерінің бола беретіні дәлел .Бұған
2000 жылы Қазақстан Республика Парламентіделегациясы құрамында Индия
Парламенті қызметімен танысу барысында көзіміз жетті.Парламенттік
республиканың екінші бір басты ерекшілігі –үкіметтің парламенттік негізінде
құрылуы және оны парламент алдындағы жауапкершілігі.Бұл жағдайда парламент
үкіметке байланысты бірнеше функция атқарады,үкіметті құрады,ол жүзеге
асыратын заңдар қабылдайды,мемлекеттік бюджетті бекітеді,үкімет есебін
тыңдайды,қажет болған жағдайда сенімсіздік білдіреді,бұл сенімсіздік
үкіметті орнынан түсіруг мәжібүр етуі немесе парламеннті таратуы мүмкін.
Мұның классикалық үлгісіне Британия Парламентін алуға болады.[5]

1.3. Әлемдік парламентаризм тарихы.
Әлемдік парламентаризм тарихында сан ғасырлық тарихы бар
парламенттің атасы аталып жүрген Британия парламенті Х111ғасырды дүниеге
келіп .осы кезге дейін елдің саяси сахнасында үздіксіз қызмет ету үстінде.
Англияда парлмаментдеген ұғымның өзі әртүрлі мағынада
қолданылады..Жоғарғы заң шығарушы орган –парламент туралы айтқанда, оның
ұғымында-Лордтар мен Қауымдар палатасы ғана емес монарх-королева да бар
.Осылардың тұтастығы ,бірлігі барып парламент деген ұғымды толық
береді.Кейде екі палатаны да Парламент дегенмен,көбіне-көп бұл ұғыммен
парламенттің негізгі бөлігі –Қауымдар палатасы аталады.Үкімет тек осы
палата алдында жауапты болып саналады.Өйткені Қауымдар палатасының ғана
қаржыға парламенттік бақылау жүргізуге құқығы бар.[14]
Британияның басқа өркениетті елдер сияқты конституциясы жоқ.Сол
себептен ондағы парламенттің ұйымдасуымен қызметіне қатысты кейбір
тәртіптер елдің жай заңдарында берілген де,ал бірсыпрасын жазылмаған
конституциялық нормалар мен келісімдерден табуға болады. Елдегі
конституциялық жүйедегі парламенттің жағдайы екі негізгі принціппен
–парламенттік үстемдікпен және басқарумен айқындалады.Бүкіл парламенттік
қызмет механизм елдегі қос партиялық жүйеге негізделген.
Осы жүйенің ықпалында сайлау процессі өтеді.Осы жүйенің арқасында Парламент
пен Үкімет арасындағы бүкіл қарым-қатынасты белгілейтін нағыз маңызды
конституциялық келісімдер қалыптасқан.
Қоспартиялық жүйеде екі партия үкімет барысында бірін-бірі
ауыстырып отырады.Бұл жағдайда үкімет Қауымдар платасындағы көпшіліктің
қолдауымен парламентте айрықша күшті позицияға ие болады.Үкіметтің ролінің
күшейе түсуіне мемлекеттік басқарудағы тұрақты кәсіби шенеуніктер маңызының
ерекше артуы да ықпал етіп отыр.
Билік күшінің Парламеттен Үкіметке ауысу процесі өкілді органның
конституциялық жүйедегі орны туралы мәселені өткір қойды.Соңғы жиырма жылда
Англияда Парламент қызметінің тиімділігінің арттыруға ,өкілді органның
негізгі функцияларының жүзеге асуына парламентарийлерді кеңінен қатыстыруға
бағытталған күрделі реформалар жасалды.Парламеннтік комитеттер жүйесі
қайта құрылды,депутаттарлың кәсіби шеберлігін арттырудың шаралары жүзеге
асырылды .Бұл жерде атапарламенттің басқа елдердегі жаңа тәжірибелерді
зерттеп ,оның тиімді және пайдалы жақтарын өз жұмысына ендіргенін айта
кету керек.Сөйтіп ,Британ парламенті бүгінгі күні айтарлықтай белсенді
өкілді орган болып отыр.Сондай-ақ Нидерланды, Италия. Гемания, Австрия,
Болгария, Венгрия, Жапония және т.б елдерде парламенттік республика өмір
сүріп жатыр.[16]
Бүгінгі Жапония Парламенті -1947 жылы күшіне енген жаңа
Конституцияға сәйкес елдің саяси өміріндегі демократиялық реформаның
жемісі.Осының нәтижесінде Жапония Парламенті елдің саяси өмірінің күн
тәртібініде тұрған мәселелерді шешудеәлдеқайда кең құқылық және өкілеттікке
ие болды.Жаңа Конституция қос палаталы Парламеннті белгіледі.Енді
Парламент императорға және басқа мемлекеттік органға үстемдік етеді.
Бұрынғы бар билікті иемденген император мемлекет пен жапон халқының
тұтастығының нышаны деп жарияланып ,Парламент мемлекттік биліктің жлғарғы
әрі елдегі бірден-бір заң шығаратын орган болып қалды.
Бір ерекшелік жоғарғы кеңесшілер палатасы да және төменгі өкілдер палатасы
да халықтың сайлауы жолымен қалыптасады. Парламент үкіметтің, соттың, басқа
мемлекеттік мекемелердің қызетін бақылауға ,император сарайы қызметін ,т.б
реттеуге құқылы .Конституция Үкіметтің парламенттік жауапкершілік принціпін
орнатты. Парламент елдің ішкі және сыртқы саясатының маңызды
мәселелерінде ерекше өкілеттікке ие болды.Ол бюджетті қабылдап халықаралық
келісімдерді бекітеді.[10]
Президенттік республиканың классикалық үлгісі-АҚШ.Бұл елде биліктің
бөліну қызметі тежемелік және тепетеңдік жүйесінің әрекетімен
айқындалады. Атқарушы биліктің қабылданған заңға тыйым салуға ,ал заң
шығарушының –импичментті пайдалануға құқығы бар.
1787 жылы қабылданған Конституция бойынша АҚШ-та заң шығарушылық билік
Конгреске,атқарушы –Президентке ,соттық билік –Жоғарғы және төменгі
федералдық соттарға берілген.Биліктің бұл үш тармағы әр түрлі жолмен
қалыптасады.Конгресс тікелей азаматтардың сайлауымен, Президентті
таңдаушылар выборщиков- алқасы ,Жоғарғы сотты Президент пен Сенат бірге
сайлайды.Бұл сайланбалы органдардың уақыттары әр түрлі. Конгресстің өкілдер
палатасы екі жылға, сенаттар алты жылға, Президент 4 жылға сайланса, ал
федералдық соттар қызметінде өмірлік болады.Конституция бойынша ,бұндай
қалыптасу тәртібі биліктің үш тармағының жеке-жеке тәуелсіз тағдырын
орнықтырып ,әрқайсынының функционалдық қызметін белгілі бір шеңберде қатаң
бекітуді керек етеді.Алайда ,даму басқа жолмен кетті.Конституцияның өзінде
билік бөлінісінің дәстүрлі үлгісінің өзгермелі нормалары салынған
болатын.Ол кеійін жаңа мазмұнмен толықтырылып, бұрынғы модельді
өзгертті.Бұл биліктің үш тармағының қарым-қатынас нысанына да,қызмет
аяларына да қатысты болды.Сөйтіп, қазіргі кезде биліктердің абсолютті
бөлінісі жағында олардың қызметтерінің де айқын бөлінісі туралы айту
қиын.Конгресс ерекше заң шығарушылық құқықтан айырылды.Президент және
көптеген ведомстволар нормалық актілер қабылдау құқығына ие болды.Ол құқық
бірде Президент өкілеттігінен туындаса ,бірде Конгресстің өзі ондай
өкілетті беріп отырады.[11]
АҚЩ Конгресі –жоғарғы өкілді және заң шығарушы орган болып екі
палатадан –Сенаттан және Өкілдер палатасынан тұрады.Өкілдер палатасы-ұлттық
орган ,ол бір мандаттық округтардан екі жылға сайланады.Ал жоғарғы палата-
Сенат тұрғындардың санына қарамастан әр штаттан 2 депутаттан
сайланады.Өкілдер палатасы құрамының әрбір екі жылда үштен бірі өзгеріп
отыруы Сенатқа тұрақты жұмыс істейтін органның ерекше мәртебесін
береді.Конституцияда көрсетілген қосымша өкілдіктер Сенаттың өзгеше ролін
айқындайды. Сенаттыңмақұлдауымен Президент федералдық соттарды және
федералдық әкімшілікті ң лауазымды адамдарын қызметке бекітеді.[6]
АҚШ-тың саяси жүйесінде Конгресс екі конституциялық фактормен-
елдің федеративті құрылымымен және биліктің бөлініс механизмімен
айқындалады.Біріншісі Конгрессті жүргізу мәселесін айқындаса ,екіншісі
Конгресстің билік өкілеттігінің жүзеге асуының нақты нысандары мен көлемін
белгілейді.
Парламенттік және президенттік жүйенің элементтері үйлескен
басқарудың аралас нысаны бар заңшығарушы орган-парламенттің үшінші үлгісіне
жатады. Мұндай нысанда парламент пен атқарушы билік арасындағы қарым-
қатынас өзгеше. Парламент атқарушы билікке сеімсіздік көрсете алады, әрі
мұндай үкіметтің парламенттік жауапкершілігінің нақты институты бар. Сол
сияқты президенттің де парламент қызметіне байланысты аса маңызды
өкілеттігі бар. Осындай үлгідегі парламент-Франция парламенті.
Әр елдің парламенті конституцияда көрсетілген өкілеттіктерінен басқа
ішкі құрылымдарымен да ерекшеленеді. Парламент құрылымы мемлекеттік
құрылыстың нысанына ғана емес, елдегі халықтың санына және сан жыл
қалыптасқан тарихи дәстүрлерге, ұлттық ерекшеліктерге де байланысты. Осыған
сай парламенттердің бір не қос палаталығы айқындалады. Федеративтік
құрылымдағы немесе 10 миллионнан астам халқы бар демократиялық
мемлекеттерде парламент екі палаталы жүйеде құрылады. Мұндай мемлекеттер
қатарына АҚШ,Канада, ГФР, Австралия, Австрия, Бельгия,Италия т.б. жатады.Ал
біртұтас-Греция, Түркия, Дания, Люксенбург, Финляндия, Непал, Жаңа
Зеландия, Швеция, Израиль сияқты мемлекеттерде парламент бір палаталы
жүйеде жұмыс істейді. Шынтуайтына келгенде, парламент саяси сахнаға екі
палаталы болып келген. Алғаш парламент құрылған Англияда жоғарғы палата,
біріншіден, аристрократтардың өкілдігі болса, екіншіден, буржуазия мен
демократиялық пиғылдағы халық өкілдерінен тұратын төменгі палатаны тежеп
отыру мақсатымен дүниеге келген. Мұндай сипат қос палаталы
парламенттердің барлығына дәрлік тән.[9]
Парламенттің бір палаталы немесе екі палаталы болуы туралы
ғалымдардың пікірі біржақты емес. Көптеген ғалымдар екінші- жоғарғы палата
парламенттің шектеу палатасы екенін көрсетеді. Бұлардың жақтастары біртұтас
мемлекетте екінші палатаның тіпті қажеті жоқтығын айта отырып, екі палаталы
федерация субъектілерінің мүддесін қорғайтын федеративтік мемлекеттер үшін
ғана қажет дейді. Ол біртұтас мемлекетте төмені палатаның құқығын шектейді,
заңшығарушылық процесті күрделілендіріп, оның уақытының созылуына әкеледі.
Бұл пікірлерде шындық жоқ емес. Бұл арада жоғары палатаның пайда болуының
тағы бір саяси себебін айта кеткен артық болмас. Жоғарғы палата атқарушы
биліктің халықтың қалын бұқарасының мүддесін көздеген төменгі палатаның
әрекетін тежеп отырады. Осы мағынада атқарушы биліктің жоғары палатаға қиын
сәттерде арқа сүйеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламент палаталары депутаттары
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
ҚР-сы Парламенті
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Зан шығарушы билік
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Конституцияда Парламент екі палатадан
Халықаралық парламент
Атқарушы және сот органдары
Пәндер