МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
II БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНИ ОРТАЛЫҚТАР ... 18
2.1. БЕКЕТ АТА МЕШІТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 . КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КЕНДІРЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет. Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала кетсек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу керек. Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:
- инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;
- табиғи апат факторлары;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I
1. Қазақстан Республикасының Туризм туралы Заңы. 13 маусым, 2006.
2. Кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы״ ҚР заңы, өзгертулер және толықтырулармен бірге, 13.01.1993ж.
3. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы ҚР заңы, 19.06.1997ж.
ІІ
1. Калиева Г.Т. Кредитное дело - Алматы: (Қаржы-қаражат(, 1997г.
2. Кантарбаев А.К. Предпринимательство - Алматы: "РАРИТЕТ", 2000г.
3. Крутик А.Б., Горенбуков М.А. Малое предпринимательство и бизнес-коммуникации Учебное пособие - Санкт-Петербург Изд. дом Бизнес-пресса, 1998г.
4. Деньги. Кредит. Банки: Учебник/ под ред. Сейткасимова Г.С. - Алматы: Экономика,1999г.
5. Догиль Л.Ф., Семенов Б.Д. Предпринимательство и малый бизнес Учебное пособие - Минск Вышейшая школа, 1997г.
6. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелендірудің 11.02.1994жылғы №1ережесі.
7. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана- Алматы 1999.
ІІІ
8.Маңғыстау энциклопедиясы
9.Mangistau.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
II БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНИ ОРТАЛЫҚТАР ... 18
2.1. БЕКЕТ АТА МЕШІТІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 . КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КЕНДІРЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала - аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ - Маңғыстау облысы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі - өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет. Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала кетсек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу керек. Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:
- инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;
- табиғи апат факторлары;
- бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың сапасыз іске асырылуы;
- білікті мамандардың аздығы;
- инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
- жергілікті атқарушы биліктің жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуі;
- маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі және т.б
Осы кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданды. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Е.С.Никитинскийдің сөзіне сүйенсек, Кендірлі демалыс орыны Маңғыстауды Қазақстанның батыстағы туристік орталығына айналдырып қана қоймайды. Оның айтуынша, 2015 жылы Маңғыстау - әлемдік нарықтағы туристік сектордың маңызды бөлігін жаулап алуы тиіс. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркменстан, Әзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизды ұйымдастыру да қолға алынбақ.
Курстық жұмыстың міндеттері: Маңғыстау облысының болашағы мұнда туризм саласын дамытуға тікелей байланысты. Сондықтан қазір аймақта осы бағытта үлкен жұмыстар жасала бас - та - ды. Облыс әкімі Алик Айдарбаев айт - қан - дай, Болашақта Маңғыстау тек мұ - найымен ғана емес, заманауи туристік ке - шендерімен де мақтанатын болады. Бүгінде Туризм саласын дамыту институты Кендірлі демалыс аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жүйелік жоспарын жасады. Болашақ демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жасау үшін арнайы жобалар жасалып, оларды іске асыруға қатысты шаралар қолға алынды. Сондай-ақ туризм саласын дамыту жоспары ая - сын - да облыс орталығы Ақтау қаласын да - мы - тудың да бас жоспары жасалған.
Теңіздік инфрақұрылымнан басқа об - лыстың транзиттік, көліктік-логистика - лық және инфрақұрылымдық-сервистік әле - уеті де өте мол.

Осы транзиттік әлеуетті тиімді пайдала - ну үшін бүгінде облыс аймағында жүк та - су - дағы арақашықтықты азайту мақсатына арналған біршама инфрақұрылымдық жо - балар іске асырылуда. Мысалға, жа - қын - да ғана пайдалануға берілген Өзен-Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы теміржол учаскесі Қазақстанды және біз - бен бірге Қытай Ресей және Беларусь ел - де - рін Парсы шығанағына, Иранның теңіз порттарына шығарады. Қазақстан және Түркіменстан Президенттері салтанатпен аш - қан жаңа теміржол учаскесі еліміздің экономикалық байланыстарының ны - ғаюы - на, экспорттық әлеуеттің артуына жол ашып отыр. Сарапшылар бұл жол ай - рығының жылдық тауар айналымы 8-10 млн тоннаға жете алады деген болжам айтуда.
Сол сияқты қазір салына бастаған Жез - қазған-Бейнеу теміржолының құры - лысы да еліміздің орталығы мен батыс өңірлерінің тікелей байланысына жол ашады деп күтілуде. Бұл жол салынып біт - кен жағдайда Қазақстанның кез келген нүктесінен Ақтау портына дейінгі қашық - тық ең кемі 600 шақырымға қысқарады. Яғни кез келген тауардың бір тоннасының тасымалдау құны кемі 600-750 теңгеге төмендейді. Ал бұл тасымалданатын та - уар - дың бәсекелестікке қабілеттілігін арт - тырып, нәтижесінде Қытай, Еуропа және Кавказ елдері арасындағы жүк айналы - мының 50 пайызына дейін осы жолға қарай тартады деген болжам бар.
Осындай киелі Маңғыстаудағы тарихта өзінің ізін қалдырған әлі күнге дейін сақталып келе жатқан туристік объектілері мен мекендерін жан жақты жетілдіріп, инфрақұрылымын дамытсақ, осы жерлерге арнайы турлар дайындап, алғашқыда арзан бағадды тұңғыш тұтынушыларды жинау мақсатында, сосын кемшіліктер болса түзеп, ұсыныстарды орындап, жетілдіре білсек туристер тартып, одан әрі көркейтсек және Маңғыстау облысы туризмін ұсынып, соны жарнамалап туристер шақырсақ бұл өлкедегі туризм дамымауына кім кепіл?
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі:Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
I БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ
1.1. ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Бүгінгі жан-жақты дамыған әлемді туризм саласынсыз көзге елестету мүмкін емес. Туризм кез-келген мемлекет экономикасының дамуына оң ықпал етеді, тіпті кейбір елдерде ол мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында.
Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіріледі
Маңғыстау - Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көгілдір суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да қайталанбас үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне толық сіңірген өлке. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі өлкенің экономикасын дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді түрде насихаттауды қолға алу қажет. Облыстағы мұражайлар баға жетпес археологиялық артефакттер мен осы аймақта бағзы замандардан мекендеген көшпелі халықтардың заттық мәдениеті экспонаттары топтамасының сақтаушы қоры болып табылады. Музей - ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүние жүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер. Себебі, мұражай сөрелерінде орналасқан әрбір жәдігердің астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр.
Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегі аумағынан өзге Үстiрт жазығының едәуір бөлігі мен Каспийдің оңтүстік ойпаты бөлігі - Бозащы түбегiн қамтиды. Бұл 16 миллион гектардан аса аумақты табиғи шөлдер мен жартылай шөлді аймақтар құрайды.
Маңғышлақ түбегін үш жағынан қоршап жатқан Каспий теңiзi тек аз ғана жағалау алқабына ықпалын тигізеді. Маңғыстаудың шөл даласында көктем өте қысқа болады. Ағаштар мен бұталы өсiмдiктер өте сирек кездеседі. Бұл өлкенiң шөл даласында тiкенектi бұта да көз қуантады. Табиғаты соншама қатал жерде жолаушының көгерген ағашты көргендегі сезімі жайында айтпаса түсінікті. Жапырақтардың жасыл бояуы мен сұр тастың үйлесуі - Маңғыстаудың сирек кездесетін көгалдарының ажырамас бөлігі болып табылады. Гүлденген жасыл көктем мұнда жыл сайын бола бермейді. Алайда, жаңбырдың жақсы жауатын кездері болып тұрады, ондайда дала гүлді кiлемдермен көмкеріледі. Маңғыстаудағы көкнәрлар өте сирек кездесетін түске ие. Олардың тұқымдары жерде ондаған жылдар бойы сақталады, бiрақ, олар ылғалды ерте көктемде ғана күннің жарығына бойлап өседi және алқызыл түсті гүлдер жарады.
Каспий теңізі Қазақстан, Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан бес мемлекетті бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы. Сондықтан Маңғыстау облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры жан әлеміңізге ерекше тыныштық сыйлайды. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Бірақ ол шомылатын маусымның барлық уақытында бірдей жылы бола бермейді. Таңертеңдері су салқын болады, бірақ кешқұрым самал жел жылы қабатты қайтарып, жағада демалып, теңіз суынан күш алғысы келетіндерді теңізге қарай үйіреді. Бұл жерде күннің теңiзден батуы айрықша әсерге бөлейді. Желсiз кеште қып-қызыл күн шапағы жазық теңiз айнасында жағаға дейін созылған дақ тәрізді шағылысады. Теңiз дауылдарында көк толқындар алтын түспен сәулеленіп, ал, олардың көбiктерінің шашыраған ұшқындары бықсып жанған түтінге ұқсайды.
Көлемдi ақбор жондар бөліктері тас хаостар (грек мифологиясында дүние жаратылмастан бұрын бұлдыр тұман, түпсіз тұңғиық болған деген ұғым) үйіліп жатқан жағалауда жарылып бөлінеді. Теңiздің жағаға соққан толқыны жұмсақ тастарды қиып, оларға жұмбақ пішіндер бере домалақтайды. Аласа жағалаулар кей жерінде ондаған шақырымдарға созылған құмды жағаларымен өзіне тарта түседі. Сіз бұл көріністі Анталиядан да көре алмайсыз! Жарқабақтарға теңiз желдерi жұмсақ әктастарды үрлей желкендер, үңгірлер, қат-қабатты шатырлар, ертегi кейiпкерлері пішіндерінің ерекше көріністерін береді. Желге қақталған жартастарға қарап, Табиғат-ананың шексіз қиялына таң қаласың. Таңертеңгі күштi аяздарда Каспий теңізі буланып, қайнап жатқан су сияқты әсер қалдырады.
Каспий жағалауының Түлкілі жері өте әдемi. Жағалаулы жондар бұл жерде тас террасаларымен суға түсе, тiкелей теңiзбен ұштасады. Теңiздің түбiне құм мен ұлу бақалшықтарының жармалары төселген. Бұл жерде тіпті күштi теңiз дауылдарында да су мөлдiр болып қалады. Жергiлiктi саяхатшылар Шайтанның саусағы деп атаған шомбал жартас күзет мұнарасы ретінде су үстiне төніп тұр.
Қарақия ойпаты әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Оның шұңқыры үлкен болып келеді. Ең терең жері - әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен. Бұл жерде ойпаттың түбін Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен молайып отырады.
Аңыздарға сүйенсек, 360 әулиенің соңғы мекені болған делінетін Манғыстау жеріндегі тарихи орындар зияратшылардың ынтық объектісі болып табылады. Дiни рәсiмдерде ислам дiнi мен пұтқа табынушылық кезеңдегі дәстүрлер тоғысты. Жерасты мешiттері - азиялық суфизм тарихында өте сирек кездесетiн құбылыс. Шопан-ата, Масат-ата, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, т.б. киелі орындарында от бұрынғыша адамдар мен рухтар арасындағы арашашы ретінде алғашқы қауымдық рөлiн сақтап келеді.
Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткiштерiнiң арасында ерекше орынды Форт-Шевченко мұражай қаласы алады. Бұл жерде орта ғасырларда Европа мен Орта Азияны байланыстырған сауда базасы - Кетiк қаласы орналасқан. Қалашықтан Хорезм, Иран, Әзірбайжан және Қытай елдерінде өндірілген қыш ыдыстардың сынықтары табылды. Өткізілген шағын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тиындар Кетікқаланың 14 ғасыр жобасында өмір сүргенін болжамдайды. Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауын игеру мақсатында 1714 жылы Ресей патшасы 1-Петрдің нұсқауымен А. Бекович Черкасский басқарған экспедиция осы жерде Әулие Петр алғашқы орыс қамалының іргетасын қалады. Қаланың негізі 1846 жылы штабс-капитан М.И. Иваниннің басшылығымен Қорғантас тауында Ново-Петровск әскери бекінісі ретінде қаланған. Қазіргі таңда бекіністің күйреген қалдықтары сақталған. 1849 жылы алғашқы орыс қоныстанушылар Түпқараған теңіз шығанағының жағасында Николаевскi станицасының негізін салды. 1857 жылдан бекініс маңында пайда болған қала орыс императоры Александрдің құрметіне Форт-Александровск деп аталды. 1882 жылы Форт-Александровск Маңғышлақ уезiнiң орталығы болады. 1896 жылы оған қала атағы берiлдi. 1921 жылы Николаевскi станицасы Революциялық кеңесiнiң төрағасы
А. Е. Баутиннiң құрметiне Баутин поселкесi деп аталды. Ұлы Октябрь революциясынан кейін революциялық қозғалыстың көрнекті қайраткері, контрреволюция және саботажбен күресу жөніндегі Петроградтың Төтенше комиссиясының төрағасы, эсерлер опасыздықпен өлтірген Моисей Соломонович Урицкийдің құрметіне 1924 жылы Форт-Урицкий деп аталды. 1928 жылы Форт-Шевченкоға қала мәртебесі берілді. Украин ақыны, суретші Т.Г. Шевченконың (1814 ж.) туғанына 125 жыл толуына орай, 1939 жылдан Форт-Шевченко қаласы аталып келеді.

Қоныстанушылар Каспийдің шығыс жағалауында балық өнеркәсібі мен сауданы дамытты. Форт-Шевченко қаласында ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіштері (Баутин кентінің тұрғын үйлері, әкімдік және тарихи ғимараттары) орналасқан. Қалада өлкенің тарихында елеулі тұлғалар ғұмыр кешкен, олардың арасында белгілі тас шебері, діни-мемориалдық және азаматтық сәулет ғимараттарының құрылысшысы Ідіріс Серікбаев, өнегелі істерімен халықтың ризашылығына бөленген бай кәсіпкер Захар Дубский, түрікмен ақыны Хатам-шаир. Поляк суретшiсі Бронислав Залесский, ғалым-геолог Н.И. Андрусов, географ
П.П. Семенов-Тянь-Шанский, этнограф Рихард Карутц, орыс натуралисi, академик К. Бэр, жазушы А.Ф. Писемский, революционер С.М. Киров және өзге де көптеген зерттеушілер осы қалада болып, өздерінің тарихи қолжазбаларына естеліктер қалдырған. Осы жер арқылы Ақтөбе майданына 1918 жылы Әлiби Жангелдиннiң интернационалдық отряды өткен. Қалалық мәдениет үйi маңындағы шағын үйде қазақтың тұңғыш атты әскер полкiнiң комиссары Төлесiн Әлиев тұрған. Осы қалада қазақ халқының ұлы жырауы Мұрын Сеңгірбекұлы жырлап, осы күнге жеткізген Қырымның қырық батыры барлық түркі текті халықтардың эпосы қазіргі таңда бүкіләлемдік әдебиет қазынасының асыл мұрасы.
Облыстағы халықаралық туризм мамандарының бiрi сансыз саяхатшыларды тартуды қалайтын сол немесе басқа ел өз жеріне кез-келген адамның келуі үшiн қандай да бір сирек кездесетін қасиетке ие болу керек деген екен. Маңғыстау үшiн мұндай орын Бозжыра болып табылады. Бұл жер саяхатшылар үшiн әзірге белгiсiз, әрі барар жолы қиын. Бозжыра - Табиғат-Ананың өз қиялына толықтай еркіндік бере, ақ түстегі ғажайып жер бедерiн жаратқан Үстірт жазығы шыңдарының бөлігі. Шағын ғана Бозжыра жазығы үш жағынан таң қаларлықтай табиғи амфитеатрмен (театрда, концерт залында арт жақтағы дөңгелете жасалған биіктеу орын)қоршалған. Бұл жерде бәрі аппақ - таулар, сайлар, тау қорғандары, найза немесе киіз үй пішіндес тау мұнаралары.
Олардың биiктiгi іргесінен есептегенде 200 метрден асады. Саяхатшы көпшілік біле бермейтін шағын жалғыз аяқ жолмен бозжыралық қорғандар жазығының ұмытылмастай көріністерін тамашалауға болатын алаңға дейін көтерілуіне болады. Маңғыстаудың айбынды символы - алып тас киiз үйдің тыныштығын сақтай, қарауытқан қияндарға үңілген үнсiз күзетшiлер тәріздес таң қаларлықтай тау қалдықтары. Оның бірден-бір қожайыны - даланың мұңлы әнін шексiз аспан аясында қалықтата шырқайтын жапандағы жалғыз жел. Бозжыраның табиғаты нәзік болып келеді. Саяхатшылардың көңіліне өзінің болар-болмас көзге көрінетіндей көк түсімен жалғыз-жарым сексеуiлдер ғана қуаныш әкеледі. Жазғы мерзiмде бұл жерде өте құрғақ және ыстық. Көзге көрінбейтін жануар әлемінің бар екенін арқарлар мен қарақұйрықтардың азғана iздерiнен білуге болады.
Маңғыстаудың оқшау таулары әртүрлi байқау нүктелерінен қарағанда өз кескіндерін танымастай етіп өзгертетін ғажайып ерекшелiкке ие. Боқты тауы дәл осындай. Ол сазды қабаттан жасалған үстелдің бетінде тегіс орналасқан. Бұл біресе төңкерілген алып килді (сабын орнына пайдалынатын балшық) қайық сияқты, екіншіден - ерекше сәулетті пирамида.
Тұзбайыр - табиғи апаттардың маңғаз туындысы. Үстірт жазығының шыңы осы жерде жергілікті өңір сор деп атайтын, түбінде көлемдi сортаң жатқан, саз балшықты ақбор сатылы тік құлама жармен үзіліп қалғандай. Тұзбайыр жазықтың негiзгi сілемдеріне ұштасқан екi ерекше тауымен-ақ алыстан көз тартады. Оған көзге түсе бермейтін жолмен жүріп жақындаған сәтте жолаушының көз алдынан алғашқы қауымдық мұхиттың адам айтқысыз елірген соқпа толқынды күштерiнің, жауын ағындары мен желдің көрінісі ашылады. Борлы кертпештердің тік құламалы жарлары су шайған сансыз шұқырлармен және шағын сай-жыралармен кескіленіп тасталған. Сорлы жерлер жауын-шашын кезінде суға толып, көкпен шағылысқан үлкен айна тәріздес кейіпке енеді.

Немiс туристерiнiң бiрi Елшібекке таң қала қарап: Қас қағым, бұл жерде динозавр пайда болар ма еді! деді. Соншама ежелгі, алғашқы қауымдық орын тәрізді. Елшібек - Кендірлі сорына дейін жалғасқан Үстірт жонының бүйірлі бөлігі. Сордың ең көрікті келбеті - тып-тыныш жатқан аппақ-тұзды жердің ортасында 150 метрге дейін биіктікте оқшауланған бес шошақты таулар саналады. Жергiлiктi қазақтар бұл тауларды батырлар деп атайды. Сор ылғалды маусымдарда жұқа су қабатымен кiлегейленедi, сол кезде айналы айдынға орналасқан түбектің қол жетпес тауларындай көрінеді. Мұнда табиғи жағдайларда мекендейтін үстірттік тау арқары - муфлондар жүреді.
Көкесем жері - жергiлiктi ландшафттардың шағын ғана бөлігінде кереметтейі топталған Маңғыстаудың ерекше табиғи қорықтарының бiрi. Көкесем сайы онша терең емес жырамен бөлінген, баурайлары саз балшықты бөктерлерінің сумен шайылуы нәтижесінде марс түстес қызыл түске боялған.Құдды Марс тәрізді!
Қаратау таулары өзінің биiктiгiмен, қарлы шыңдарымен онша таң қалдырмайды. Алайда, Маңғыстаудың сусыз шөл даласындағы ғажайып бұлақ суы мен сирек кездесетін долана бұталарының сақтаушысы саналады. Өкiнiшке орай, ыстық маусымдарда бұлақтардың көпшілігі кеуiп қалады. Самал сайының ерекшелігі тау шатқалынан жылдар бойы бұлақтың ағып тұруында. Бұралаңдаған сайлар күн сәулесімен жылтыраған және сылдырап аққан жандандырушы ылғалымен әсем сарқыраманы бейнелейді. Осындай жерлерге тап болсаң кеңiстiктiң барын ұмытасың: жаңа ғана ыстық шөл дала, кенеттен көгалды ашық бояулар мен өзіне тартатын салқын бұлақ суының сылдыры. Бұл көгал Самал деп аталады.
Қаратаудың қатпарлы тауы Жер қойнауынан көтерiле, мұхит шөгінділері қорында мәңгiге көмiлген қабаттарды жарып шыққан. Юра дәуірінiң ала-құла түсті сазды қабаттары осылай дүниеге келедi. Көкала - Маңғыстаудың бiр қалыпты таулы жоталарының арасындағы ала-құла түсті табиғи жаратылыс.
Аңызға бөленген Шерқала тауы Маңғыстау облысының табиғи символы болып табылады. Ол белгілі бақылау нүктесiнен қарағанда Акмыш жерінің ғажап қатпарындағы мифтік алып-көшпелiлер қойған аса ірі киiз үй тәрізді көрiнедi. Аңыз бойынша бір кездерде ержүрек батырлар қаптаған жауларынан қорғанып, Шерқала тауына тығылған екен. Олар арыстандар сияқты төбелескен. Таудың соңғы қорғаушылары таудың ішіне жердің астымен кіретін үңгірде жасырынған және сол жерде мәңгі қалып қойған. Ерлік пен еркіндіктің өтеуі - Шерқала немесе Арыстан қала атауы осыдан келіп шыққан.
Шағын оқшауланған таулар жүйесi жергiлiктi тұрғындардың арасында Айрақты және Шоманай атымен белгiлi. Бұл жерде 1851 жылы ұлы украин ақыны, әрі суретшісі Т.Г. Шевченко айдауда болған. Оған бұл таулар қатты әсер етіп, ол бұл жерде Қорғандар алаңы деген ақындық атаудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы
Яхталардың жіктелуі түрліше
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Туристік класстерлер
Қазақстандағы туризм
Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу мәселелері
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Пәндер