Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар



Жоспар:
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі
Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мансаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жереді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасына, танымдық процестерінде сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып,жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Әдебиеттер:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
9. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
10. .А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бағыты. - Алматы, 1979.
11. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
12. А.Г. Хрипкова. Ұл есейсе, Қыз өссе. - Алматы, 1988.
13. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
14. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Негізгі ұғымдар.

2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық
факторлар.

3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі

1. Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал
ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты.
Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері,
мүдделері, мансаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа
адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы
тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін
қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және
жасөспірім шақта жедел жереді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне
жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл
процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал
жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.
Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам
үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған
құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасына, танымдық процестерінде
сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып,жетілуі ең
алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің
дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты
ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі
жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек
қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық қылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті
мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық,
педагогикалық, психологиялық, этикалық,ұлтаралық қарым-қатынастарға
арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтық"Педагогика"
(М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы"
(1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның зандылық бағытын қалыптастырудың
методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері
жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де,
өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттық, рудың мүшесі ретінде
өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-
құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ
біркелкі мінез-құлықты,қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке
тұлға.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-
әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық талаптарға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан,
қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің,
көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын,
ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы
құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-
қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол
әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің
толысуына байланысты оның өмірге көзғарасы, белгілі құбылыстарға баға
беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас
болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті
бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп
қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы
болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі
дамымайды. Адамдар бір-бірін бақалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір
адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - асыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да
негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін
өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын,
сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де
сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі
тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің
жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға — жеке адамнығ мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі
жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін
іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді.
Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып,
оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екені -деген ойға салады.
Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап,
осының нәтижесі қалай болар екен деп ойланып, жүз толғанып іске кіріседі,
ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп
жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға
дегеніміз - сезімнің, өсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған
көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты
көргенде айқайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе,
екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады.
Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты
құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін өр түрлі пікірлер
мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және
Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық
табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель бұл болушылық немесе бағынушылықты
табиғаттық заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі -
преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер
ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің
азасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жүмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың
дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік
орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі.
Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не
шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым
қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай
музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық
дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал
жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына өрекетіне
елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылымығен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы эстетикалық
және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың
қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса,
онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен
аңдардың үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың
санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер
дәлел бола алады. 1920 жылы ҮндістанныҢ Гадамури деревнясында тұрғындардың
хабарлауымен аңшылар қасқырдың інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ
төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін
ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Камала күн сәулесінен және
оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп,
көбінеесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат
ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты
болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп түруды және екі
аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді.
Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
Ойын терапиясының ерекшеліктері
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Психологияда тұлға мәселесі
Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде
Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер