Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу



ЖОСПАР

Кіріспе

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ

1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Жалы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және сауда, қаржы қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі. Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша бірлігінің бір-біріне деген ара-салмағын айқындау көрсеткіші валюталық бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды элементі валюталық бағам болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының әлемдiк экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы және валюталық бағамды ұлттық деңгейде тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей валюталық бағамның өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам және оның экономикадағы орны” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер

1. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
2. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
3. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
5. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
6. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
7. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
8. Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
9. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
10. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
11. Вестник Национального банка РК , 2006 ж. №1,2.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ
МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ

1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер
етуші факторлар
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз
үшін маңызы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және
сауда, қаржы қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың
жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі.
Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша
бірлігінің бір-біріне деген ара-салмағын айқындау көрсеткіші валюталық
бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды
элементі валюталық бағам болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық
қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн
талап етедi.
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық жүйе - ұлттық
заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн
валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының әлемдiк
экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50
елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық
экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы және валюталық бағамды ұлттық деңгейде
тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда
теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де
зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы
жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей валюталық бағамның
өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам және оның
экономикадағы орны” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi
мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн
талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның
экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың
тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның
еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ
МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері

Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi ,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек
бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi
болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген
салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы
жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық
байланыстардың кеңеюiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң
өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк
айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi.
Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және
несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының
бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше
айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие
– қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және
ертедегi Римдегi вексел түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне
Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында
орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел
бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және
өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы
халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. ұлттық валюталық жүйе;
2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық
валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге
асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын
және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық
бiлдiредi.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың
нормалар кешенiн құрайды .
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады . Мысалы , европалық валюталық
жүйе бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы эконномикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны
келесi суреттен көре аламыз.

Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi

Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзлiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта. Резервтк валютлар, халықаралық
есептесу, валюталық бiрлiктер.
2.Ұлттық валютаның алмастырылу Валюталрдың өзара алмастырылуы
шарты .
3. Ұлттық валюта паритетi. Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң
регламентациясы.
5. Валюталық шектеудiң, валюталық Валюталық шектеудi мемлекет аралық
бақылаудың болуы немесе болмауы . реттеу
6. Елдiң халықаралық валюталық Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi
өтiмдiлiгiн реттеу. мемлекет аралық реттеу.
7. Халықаралық несиелiк айналыс Халықаралық несилiк айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу.құрылыстарды пайдаланудың
ережелерiнiң бiртұтастығы
8. Елдiң халықаралық есеп Халықаралық есеп айырысудың
айырысуларын регламенттеу. негiзгi формаларының бiр
тұтастығы.
9. Ұлттық валюталық рынок пен Дүниежүзлiк валюталық рыноктар
алтын рыногiнiң режимi. мен алтын рыноктарының режимi.
10. Елдiң валюталық қатынастарын Мемлекет аралық валюталық реттеудi
басқаратын және реттейтiн үлттық жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдар. ұйымдар.

Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде
келiп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк
бiлдiрмей, белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi.
Мемлекетiк валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне
қатынасуының әр түрлi дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс
белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк
шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында
оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эвалюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты
ерекшелiктерi келесiдей:
• циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және
ақша несиесiмен байланысты болды;
• құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
• ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң
Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып,
төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және
валюталық тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық –
бұл батыс еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру
тобын бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция,
Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында
жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында
басты қызмет етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң
құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еувропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер
кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ
– тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер
үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық
одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен
бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;
екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын
қоры құралған.

2. Валюталық бағам және төлем балансы

Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi
валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар
дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
• Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында
өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн,
экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда,
импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк
валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың
қажеттiлiгiнен;
• Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе
шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық
көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы
қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң
басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң
ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде
пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық
бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген
факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын,
сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға
шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса
қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн
бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет
етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа
факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым
жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының
төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға
тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың
халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының
жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс
күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу
беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн
борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз
мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең
алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз
мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның
төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi.
Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда
фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын
мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық
саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық
рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесi;
6. Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те
әсер етедi.
7. Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта
бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп
қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық
тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi,
дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi
дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның
базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi
елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты
арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес
келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның
жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе
ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын
анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi,
техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық
операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз
жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел
валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе
сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив
арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және
мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi
жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша
жүзеге асады. мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны
айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы
бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын
ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам
қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар
бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және
экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар.
Оған жататын орташа бағамдар сатушы және сатып алушы
бағамдарының арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам
жоқ, бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында
жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған.
Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке
ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен
анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу
үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық
қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың
бәсекелестiк қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң
бағымдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына
әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң
валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын
бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда
әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және
нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты
валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi
бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының
индекссiн бiлдiредi.
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын
елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының
өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi.
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды
және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн валюталық бағамды
реттеудiң маңызды құралы болып саналады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты
елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық
өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен
мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және
түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар
1. төлем балансы;
2. есеп айырысу балансы;
3. халықаралық қарыз баланысы;
Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында
мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен
соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем
балансы болады.
Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде
жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен
түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр
мерзiмнiң тқлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi.
белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен
тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық
қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын
бiлуге көмектеседi.
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы
активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы
пассивтi деп аталады.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары төмендегiей:
• төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер
кiредi;
• есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен
мiндеттемелерi кiредi;
• есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер
көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген
несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн
өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
• төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк
немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы
болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк
болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар
бойынша пассивтiк болады;
• төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал
есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар
айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды.
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк.
Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем
балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Төлем балансының құрылымы
1) “Ағымдағы операциялар балансы”
1. сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен
түсiмдер):
а) экспорт
б) импорт
2. Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент
бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )
2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”
Сауда балансы – экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша
төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса,
онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық
болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады
Көрсетiлген қызметтер балансы – ол формасы бойынша да және
экономикалыө мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге
коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен
түсiмдер бiрiктiрiледi. Капитал және несие қозғалысының балансы – ол
жеке және мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша ,
алынған және берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен
түсiмдердiң арақатысы.
Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендеушi елдердiң
статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп
айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының
жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады .
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi
және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға –
ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал
баланстандырушы тараулырға - валюталық резервтiк қозғалысы, ал
баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердiң қозғалысы , қысқа
мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi,
сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк ұйымдардың
несиелерi және т.б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi
жатады.

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер
етуші факторлар

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің
ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел
валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол
мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге
елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел
валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Халықаралық валюталық жүйенің экономикалық мәні және қызметтері
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар
Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер