Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері



Жоспар

1. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс.тәсілдері мен қызметтері
2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып.білудің маңызы
4. Саяси билік пен мемлекеттік билік
5. Биліктің түрлері
6. Саяси тәртіп (режим)
Саясаттанудың пәні жөніде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс - әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан, мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс – тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры (мысалы, қоғам мен мемлекеттің мән – мағынасын, саяси идеаларды, саясаттың негізінде жатқан заңдылықтар мен қайшылықтарды зерттеу, қоғамды сын көзбен сараптау және т.б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылыққа алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір – біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.
Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептер шығуға мүмкіндік береді. Бірақ “еркіндік”, “теңдік”, “әділеттік”, “егемендік”, “демократия” және т.б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Әдебиеттер тізімі:

1. Д.Жамбылов Саясаттану. Алматы – 2003
2. «Жұлдыз», № 6, 2002
3. «Ақиқат» №5 2003
4. «Егеменді Қазақстан» 2001
5. Борисов П. «Политология», Алматы 1997
6. Назарбаев Н. Ә. «Ғасырлар тоғысында», Алматы, 1996

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері

2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің
маңызы
4. Саяси билік пен мемлекеттік билік
5. Биліктің түрлері
6. Саяси тәртіп (режим)

1. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері

Саясаттанудың пәні жөніде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің
ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып мойындаған
анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер
шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы
керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар
оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар
және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте,
саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның
өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы
саяси теориялар мен нақтылы саяси іс - әрекеттерді, саяси процестер мен
жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да
жүргізеді. Сондықтан, мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған
болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе
тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс – тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп
білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді
(олар туралы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика,
кибернетика және т.с.с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры
(мысалы, қоғам мен мемлекеттің мән – мағынасын, саяси идеаларды, саясаттың
негізінде жатқан заңдылықтар мен қайшылықтарды зерттеу, қоғамды сын көзбен
сараптау және т.б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде,
саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылыққа
алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір – біріне қарсы қоюшылықпен келісуге
болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай
рет тығырыққа тірелткен.
Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған
қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан
жағынан нақтылы есептер шығуға мүмкіндік береді. Бірақ “еркіндік”,
“теңдік”, “әділеттік”, “егемендік”, “демократия” және т.б. сияқты маңызды
категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл
ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көрністерін қамтып, тәртіпке
келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен
Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың
Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі
ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси
теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2)
саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару;
көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар
мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық
ұйымдар мен халықаралық құқық).
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның дамуы заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс
істеуін зерттейді.Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы,еркіндігі
мен міндеттері, жеке адамның саяси – құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге
қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті
қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси
идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік
дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі
саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат – мүддесіндегі
және мінез – құлық, іс - әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол,
бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың
өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және
қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси
биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен
пайдалануын, түрлері мен әдіс – тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән – мағынасын түсініп –
білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді
ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық,
тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып,
олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде
нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі
Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі жүргізіліп жатқан саяси
реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді
пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі
ретінде қарап, оны құрайтын элементердің әлеуметтік өмірдегі орнын,
қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік
құрылым, мәдениет т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына
қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып
қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың
болған уақыт мезгілін еске ала танып – білуді етеді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс - әрекетін, белгілі
бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға
негізделеді.Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін
адамдардың іс - әрекеттерін талдау арқылы түсініп – білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс (ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық
игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас
табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың
түрін іздейді.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып
есептелген диалектикалық – материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы,
қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен – бірі тығыз
байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.Бұл әдісті
ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл
әдістің шеңберінде қалуға және болмайды.
Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс – тәсілдер бар.
Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы
мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде
саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді
пайдаланады.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары
(категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін
білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: “саясат”,
“саяси билік”, “саяси жүйе”, “саяси тәртіп”, “саяси партия”, “саяси
мәдениет”, “саяси әлеуметтену”, “саяси өмір”, “саяси қатынас”, “қоғамдық
ұйымдар”, “мемлекет”, “демократия”, “егемендік”, “құқықтық мемлекет”,
“азаматтық қоғам”, “ішкі саясат”, “сыртқы саясат” және т.б. Қоғамды бұдан
басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды
басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану)
пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес
қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды)
атқарады.Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық
(гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы
оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты
болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп
саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат
пен саяси жетекшілердің іс - әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси
қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не
жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын.
Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси
құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін
атқарады. Ол азаматты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін
қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі –
қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси
өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси
дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды
тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер,
сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс - әрекетінде
басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым
саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды
қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және
атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси – басқарушылық
шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке
аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына
бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік
басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік – саяси шиеленістерді
ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси
зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен
ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси
өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.
Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары

Парадигма (гректің paradeiqma – теория, үлгі деген сөзінен) –
зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория.Саясаттануда
парадигмадеп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын
білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі
деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы
зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы
қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді,
мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
“Парадигма” ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш
енгізген америка философы және қоғам тарихн зерттеушісі – Г.Кун. Кейін бұл
ұғым ғылымның барлық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен
пайдалануда. Кунның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол
бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрлерге, саяси идеялар мен
теорияларға сүйене отырып нақтылы мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық
тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен
түсіндіреді. Ол үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму
барысында қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадигманы
тудырады. Ол біртіндеп ықпалын кеңітіп, негізделеді және алдыңғы
парадигманы ығыстырып, ауыстырады. Кейін оның өзі де осындай күн кешеді,
яғни басқа парадигмамен ауыстырылады.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық,
натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп жүйелеуге болады. Енді
қысқаша соларға тоқталалық.
Теологиялық парадигма. Ол саясатты билікті құдайдың құдіретімен
түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде
пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік – саяси құрылыс, мемлекет
құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінеді.
Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи
себептермен, атап айтқанда георафиялық ортамен, биологиялық және
психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар
Гиппократ, Платон, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық
түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529 – 1596) болды. Оның идеясын
одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш. Монтескье (1689—1755). Оның ойынша,
географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс
түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл
атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XX ғасырдың
басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді.
Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да,
бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын
қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
Саясатты биологиялық себептермен түсікдірушілер (неміс ғалымы П.Майер,
австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық
қасиеттерімен байланыстырады. Бұларға адамдардың саяси саладағы іс-
әрекеттерін зерттеуді алға тартатын бихевиористерді де жатқызуға болады
(американдық ғалымдар Ч.Мерриам, Г.Лассуэлл).
Натуралистік парадигмаға психологиялық бағыт та жатады. Ол саяси даму
процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың
негізін қалағандар Г. Тард, Г. Лебон, Э. Дюркгейм, Б. Рассел және т.б.
Мысалы, Б. Рассел биліктің мәнін білу үшін адам өміріндегі қорқыныш, үрей,
торығу, қамығу, ұжымдық долылық (ашу-ыза) сияқты психологиялық құбылыстарды
зерттеп білу қажет дейді. Өйткені, оның ойынша, саяси лидерлерге өздерін
диктатор еткізетін осы қасиеттер, олар өктемдіктерін жүргізу үшін халықтың
осы қасиеттерін ұтымды пайдаланады. Сондықтан, дейді ол, диктаторлық
тәртіпті болдырмаудың әдісі – ел ішінде жоғарыда аталған құбылыстарды
тудырмайтындай жағдай жасау.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік
факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық
қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы)
қажетті түрде өзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір
экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық,
эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамыды.
Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға "құқық
үстемдігі" теориясын жатқызуға болады. Оның негізін салушылар Р. Моор, Дж.
Гудмен, Г. Макдональд және т.б. саясатты құқық тудырады деп санайды.
Олардың ойынша бір заңның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң
келеді. Сөйтіп заңдардың бірін-бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді, алға
жылжытады. Яғни заңдардың алмасуы қоғамның қозғаушы күшіне жатады дейді.
Сондықдан саяси өмірді сараптап, талдау үшін, олардың пайымдауынша,
зерттеуші құқықтық нормаларды зерделеуі керек.
Әлеуметтік парадигманың бір түрі ретінде мәдениеттанулық көзқарасты
қарауға болады. Ол саясаттың мәнін, саяси процестің мазмұнын адамдардың
мәдени даму деңгейімен, ұстанатын, басшылыққа алатын құндылықтарымен
түсіндіреді. Адам соған байланысты саяси өмірде іс-әрекет жасайды деп
қарайды.
Тиімді (рационалды) - сыни парадигма. Ол саясаттың табиғатын оның өз
ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны
жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалағандар К.
Маркс, А. Бентли, Земмель, Козер және т.б. Олар саяси өмірге дау-жанжал,
шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.
Дарендорф, Дж. Бертон, К. Ледерер және т.б. жатады. Бірақ олар К. Маркс
сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі
өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті,
әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді ншешу саяси организмнің өзін-өзі
жетілдіріп, дамытуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М. Вебер, Дьюи, Э.
Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал,
қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі
екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының негізгі әлеуметтік және
мәдени құңдылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын
қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылықпен
ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш
қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты
ұстанушылар орта топ санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық
қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен олардың түрлері осындай.

3. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің
маңызы

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі
олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ
ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні
бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы
ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты.
Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары
туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың
негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады.
Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып
келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен
процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді,
құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі
тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-
дылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси
көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы
жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы
жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия
саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің
негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін
күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау
және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми
түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың
қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси
шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық
және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін
карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың
еркі деп атаған.
Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-
әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік,
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға
міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык
тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара
алмайды.  
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтапу (социология).
Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі
бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде
қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап,
әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын
мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және
саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,
саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты
жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды
сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты
саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік
ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу
объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси
құбылыстар мен процестер жатады.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты,
мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете
түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты — адамды күрделі әлеуметтік-саяси
жағдайда лайықты жол таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын
сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол
азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік,
коғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі берік саяси тәртіпсіз жеке
адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес.
Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында "этикалық
парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын
сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуды
қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін
мұндай тәсіл көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда, XX ғасырдың 60
жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнің
пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол
азаматтарды өзінің өмірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті карым-
катынаста, ынтымактастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай,
шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір
демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалық
ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін
үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси
білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік
еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі
керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып
кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып,
ойындағысын істейді.
Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси
сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет
жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір
сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл коғам мүдделі және ол осы бағытта
талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік
құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық өмірді демократияландыру, саяси
мәдениетті сомдау, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге
саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы өте зор.

4. Саяси билік пен мемлекеттік билік
Биліктің легитимдігі

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен
астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп,
бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік
негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін
жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Теологиялық парадигма
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Саясаттану ғылым ретінде
Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану туралы
Саясат тарыхы
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері жайлы
Пәндер