Желілік байланыстардың сипаттамасы



Жоспары

Кіріспе

І бөлім. Желілік байланыстардың сипаттамасы
1.1. Желі туралы түсінік
1.2. Желілік кабельдер
1.3. Желі түрлері

ІІ бөлім. Ғаламдық желі . Интернет
2.1. Интернет туралы ұғым
2.2. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау
2.3. Internet Explorerде жұмыс істеу

IІІ бөлім. Дипломдық жұмыстың экономикалық шығын есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кірспе
Ел басы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлембік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Дипломдық жобамда желіліерді байланыстырып, интернет байланысына қалай шығу керектігі айтылған. әр түрлі бағдарламалариен жұмыс істеуді таныстырамын.
Компьютерлік желінің барлықтүрлерін тағайндау екі фукциямен анықталады: – желінің ақпараттық және праграмалық ресурстарын бірлесіп қолдану.дықамтамасыз.ету; – мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
а) коаксиал кабель
б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)
в) оптикалық талшықты кабель
Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети
Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном).
2. ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с
компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.-
3. СОЛОМЕНЧУК В Интернет.: краткий курс: Пособие для ускоренного
обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.
4. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.
5. Шөкіш А. Интернет– Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.
6. Журова С.М. Внеурочные занятия по информатике // будущего: Компьютеры в процессе обучения. –М.: Радио и связь, 1997.
7. Психолопедагогические основы использования ЭВМ в вузовском обучении / Под ред. А.В. Петровского, Н.Н. Нечаева. М, 1987.
8. Д. ДиХаан. Анимация и спецэффекты во FLASH MX 2004. М.: Издательский дом “Вильямс”, 2006.
9. М. Саймон. Как создать собственный мультифильм. Анимация двухмерных персонажей. М.: НТ Пресс, 2006.
10. Богомолова ЕМ. Занимательные задания по базовому курсу информатики. // Информатика и образование. -2004.-№ 2..

Жоспары
Кіріспе
І бөлім. Желілік байланыстардың сипаттамасы
1.1. Желі туралы түсінік
1.2. Желілік кабельдер
1.3. Желі түрлері
ІІ бөлім. Ғаламдық желі - Интернет
2.1.  Интернет туралы ұғым
2.2. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау
2.3. Internet Explorerде жұмыс істеу
IІІ бөлім. Дипломдық жұмыстың экономикалық шығын есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
Кірспе
Ел басы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиялармен байланысты әлембік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте-мөте қажет - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны
оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Дипломдық жобамда желіліерді байланыстырып, интернет байланысына қалай шығу
керектігі айтылған. әр түрлі бағдарламалариен жұмыс істеуді таныстырамын.
Компьютерлік желінің барлықтүрлерін тағайндау екі фукциямен
анықталады:
– желінің ақпараттық
және праграмалық ресурстарын бірлесіп қолдану.дықамтамасыз.ету;

– мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде
сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың
беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына
сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін
кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
а) коаксиал кабель
б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)
в) оптикалық талшықты кабель
Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың   айнымас  құралына  айналып 
келедi.
      Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ.
Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл
желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
      Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды.
Сондықтан ол шын  мәнінде  адамзаттың  әлемдік қазынасы болып табылады. 

І. Желілік байланыстардың сипаттамасы
1.1. Желі туралы түсінік
 Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда коьпьютерлік
желі пайда болады. Коьпьютерлік желі аумақтық жағынан батыранқы
оналасқан пайдаланушыларға бірдей програмаларды, жалпы ақпараттық және
ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мұмкіндік
береді.

Компьютерлік желі бір-бірмен қатынас алатындай арнаға қосылған,
компьютерлік және басқа электзонды жабдықтарды іске қосуға барлық
ақпарттық және праграмалық қамамасыз ету кіреді . Желі басқа
құрылғылармен өзара әректтесутін құрылғылар станциялар , тораптар
немесе желілік құрылғылар деп аталады . Тетікткр саны екіден бастап
мындаған санға жетеді.

Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдкей кммуникациялық
функцияларды орындауда, олар тең аталады . Осындай тарптар арасындағы
қатынастар әдетте бір рангіліік деп аталады . Бір рангілік жүйелердің
манызды ерекшелігі бар . Олар арнайы праграмамалық қамтамсыз ету
мұқтаж.
Оларға қарама–қайшы жұмыс стансиялары немесе клиенттер деп аталатын
көптеген компьютерден тұратын желілер болады , олар іс жүзінде сервер
деп аралатын бір неиесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер– басқа компьютер – клиентке ( жұмыс станциясына
)қызметін ұсынатын компьютер.Сервердің көмегімен басқа компьютерлер
серверге қосылған принтерлерге, факстарға , серверде тұрған мәліметтер
базасына жетеді.

Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған гиографиялық
ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым
әдетте ,, жергілікті есептеу желісі ( Local Area-LAN ) терминімен
байланыстырады . Үлкен ауқымдар - аймақтық есептку желісі (
Metropolitan Area Network–MAN ) ;және ғаламдық есептеу желісі (Wide
Area Network–MAN) терминдермен байланысты .
Компьютерлік желінің барлықтүрлерін тағайндау екі фукциямен
анықталады:
– желінің ақпараттық
және праграмалық ресурстарын бірлесіп қолдану.дықамтамасыз.ету;

– мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Мысалға жргілкті желіннің барлық қаысушылары басудың жалпы
құрылғысын (желілік притер), не болмаса бір ерекше ленген кампьютердін
(файлдық сервкрдін) қатқыл дискінің рисурстарын дірлесе қолдана алады.
Бұл програмалық және ақпаратық қамтамасыз етуге де қатысты .
Жкргілікті есептеу желісі (ЖЕЖ ) .Егер желі бір орынға
(әдетте бір ғимартқа немесе әртүрлі ғимарат кешеніне ) байланса , ол
жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен пиферялық
құрылғыларды (қатқыл дискідегі жинақтағыштар ,стримерлер, принтерлелр
және т.б.) мәліметтерді және перифеялдық құрылғыларды бірлесіп
қолданатын топтарға байланыстырады.
ЖЕЖ –дің айрықша қасиеті – мәлемттердің үлкен жылдамдығы, төмен
денгейі, мәлеметтердіарзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ –дің көпшілігі
олардын қолдайтын қасиеттері нақтылы үйымға жатады. Жергілікті
есептеу желілері жұмыс тобы, бөлімі, компусі мен корпаративті желілерге
бөлінеді .

1.2. Желілік кабельдер

Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы
ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында
сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің
талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің
көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
а) коаксиал кабель
б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)
в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиал кабель
Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын
қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату барысында оның ерекшеліктерін ескерген
жөн. Ол ережелер ескерілмеген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель
мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн.
Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі. Кабель
сегменті дегеніміз – желінің бір ұшын келесісімен қосатын (терминаторлар
арасын қосатын) кабельдердің тобы. Терминаторлар – сегменттің екі шетіне
орнатылып, кабельдің толқындық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар.
Сегмент соңына жеткен сигналды терминатор жұтады, мұның өзі паразиттік
сигналдардың шағылысуын болдырмайды. Терминаторларды орнатпаған жағдайда,
желі соңына жеткен сигналдар шағылысып, қайтадан кабельге түседі де оның
бойымен деректер алмасуға кедергі жасайды, желінің жұмысын тоқтатуға дейін
барады.
Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып
келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ
және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коаксиал кабельдің кең таралуы оның
сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.
Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан, оқшаулауыштан, экраннан
және сыртқы қабықшадан тұрады (2.1- сурет).

1.2.1- сурет. Коаксиал кабельдің құрылысы

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы түрде төмен, жеңіл, иілгіш
және қолдануға ыңғайлы. Ол полимерлік оқшауландырғыш қабатпен жабылған
орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа
өткізгіш (экран) орналасқан. Экран оқшауландырғыштың сыртынан мыс сыммен
қапталған орауды құрайды немесе оқшауландырғыштың сыртынан қапталған
фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оплетка мен фолга қатар
қолданылады. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы
жоғары орнықтылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал
кабельдердің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері
талаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу
барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель
шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты
қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.
Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай
коаксиал кабельдердің түрі таңдалады (3-кесте).
3-кесте
Жіңішке коаксиал кабель Жуан коаксиал кабель
Диаметрі – 0,5 см. Қолдануға Диаметрі – 1см. Қиылысуындағы тамыр
ыңғайлы және кез-келген желі үшін жуанырақ. Сигналды 500 м қашықтыққа
пайдаланылады. Желілік адаптердің дейін тасымалдай алады. Негізгі
тақшасына тікелей қосылады. магистральді кабель ретінде
Сигналды 180 м қашықтыққа дейін қолданылады. Арнайы құрылғы
өзгеріссіз жеткізе алады. RG-58 трансивер арқылы қосылады.
тұқымдастарына жатады (кедергісі Трансивер коннектормен (вампирдің
50Ом). Негізгі айырмашылығы – мыс тісі) немесе DIX-коннектормен
тамыр. жабдықталған. Орнату күрделі.
Жіңішке коаксиал кабельге қарағанда
құны жоғары.

Кабельді қосуға арналған құрал - жабдықтар (2.2-, 2.3- суреттер):
а) BNC – коннектор кабельдің ұшына дәнекерленеді немесе қысылады.
б) BNC Е – коннектор желілік кабельді компьютердің желілік тақшасымен
қосады.
в) BNC – баррел-коннектор жіңішке коаксиал кабельдің екі бөлігін біріктіру
үшін қолданылады.
г) BNC-терминатор бос сигналдарды жұтады.

1.2.2 - сурет. Жіңішке коаксиал кабельді компьютерге қосу.

1.2.3 - сурет. Трансиверді жуан коаксиал кабельге қосу.
Коаксиал кабельдердің жіктелуі
Поливинилхлорид (PVC) – көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш
немесе сыртқы қоршау ретінде қолданылатын пластик. PVC кабелі жұмсақ болып
келеді, оны бөлменің ашық жерлерінде жүргізуге болады, бірақ жанған кезде
улы газдар бөледі.
Пленум – бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындағы кішігірім кеңістік,
оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады. Пленумдық кабельдің
оқшаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы отқа төзгіш материалдардан жасалған,
олар жанған кезде түтінді аз бөледі, бірақ құны жоғары және қатты.
Коаксиал кабельдер келесі жағдайларда қолданылады:
• сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде
• деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен кабельдермен
салыстырғанда)
• деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс
технология

Шиыршықталған жұп
Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және
арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы,
телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады.
Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп
сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын
арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да
болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі
түрі кездеседі: экрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair– STP)
, экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair– UTP).
a) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең
қолданылады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды. Ол екі
оқшауланған мыс сымнан тұрады (2.4 - сурет).

1.2.4 - сурет. Экрандалмаған және экрандалған шиыршықталған жұптар

Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай
шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP)
бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.
1-категория – дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға
болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория – деректерді 4 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
3-категория – деректерді 10 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
4-категория – деректерді 16 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
5-категория – деректерді 100 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
Қиылысқан кедергілер дегеніміз – көршілес сымдардағы сигналдардың
әсерінен туатын электрлік әсерлер.
б) Экрандалған шиыршықталған жұп
STP электрлік кедергілердің әсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс
қашықтықтарға тарата алады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:
• қаржы шектеулі болса;
• орнатудың жеңілдігі қажет болса;
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды ұзақ
қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін
пайдаланып керегі жоқ.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда
артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны орнату жеңіл және қызмет
көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан
кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда
кемшілігі электромагнитті өрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды
алыс қашықтықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық
жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.

Оптикалық талшықты кабель

Қорғаушы қабықшамен жабылған бір немесе бірнеше кварцті талшықтардан
тұрады (кейбір жағдайда полимерлі). Талшықтарды қорғауды қамтамасыз ету
үшін қабықша бірнеше қабаттан тұратындай жасалады.

Оптикалық талшықты кабель – ғылымның соңғы жетістіктерінің бірі. Сигнал
оның бойымен жарықтың көмегімен жіберіледі. Цифрлік деректер оптикалық
талшықтардың бойымен өзгерген жарықтық импулсьтар түрінде таратылады. Бұл
деректерді таратудың өте сенімді тәсілі, себебі электрлік сигналдардың
өздері жіберілмейтіндіктен, оларды ашу немесе рұқсатсыз алу мүмкін емес.

Оптикалық талшықты кабель деректердің үлкен көлемдерін алыс
қашықтықтарға өте жоғары жылдамдықпен таратуға арналған, ондағы сигналдар
өшпейді (2.5 - сурет).

1.2.5 – сурет. Оптикалық талшықты кабель

Оптикалық талшық – қабық ретінде қызмет ететін, басқа сыну
коэффициентіне ие шынымен қапталған жұқа шыны цилиндр.
Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды бір бағытта ғана жібереді,
яғни кабель қабылдайтын және жіберетін екі талшықтан тұрады.
Оптикалық талшықты кабель бойымен деректерді жіберу барысында
электрлік кедергілер әсер етпейді және жоғары жылдамдық қамтамасыз етіледі
(100 Мбитсек, теория жүзінде 200000 Мбитсек жылдамдық та мүмкін). Оның
бойымен жарықтық импулсьтарды алыс қашықтықтарға жіберуге болады. Оптикалық
талшықты кабель қолданылады, егер:
• деректерді өте жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға сенімді орта арқылы
тасымалдау жоспарланған болса;
Оптикалық талшықты кабельді қолдануға болмайды, егер:
• егер қаржы тапшылығы орын алса;
• оптикалық талшықты желілік құрылғыларды орнатуға және қосуға
дағдыланбаған болсаңыз.

Сигналдарды жіберу

Кабель бойымен кодталған сигналдарды жіберудің екі технологиясы
қолданылады – таржолақтық беріліс және кеңжолақтық беріліс.

Таржолақтық беріліс. Таржолақтық жүйелер берілгендерді бір жиілікті цифрлік
сигналдар түрінде жібереді. Сигналдар дискретті электрлік немесе жарықтық
импульстар түрінде көрсетіледі. Таржолақтық жіберуді қолданатын желілердегі
әрбір құрылым деректерді екі бағытта да тасымалдайды, ал кейбіреуі
біруақытта қабылдауға да, жіберуге де қатысуы мүмкін (2.6 - сурет).

1.2.6 - сурет. Таржолақтық беріліс. Екі бағыттық цифрлік толқын

Кабель бойымен қозғала отырып, сигнал бірте-бірте өше бастайды, соның
салдарынан өзгеріске ұшырауы мүмкін. Егер кабель өте ұзын болса, оның алыс
ұшындағы сигнал танымастай өзгеріп, тіпті жоғалып кетуі мүмкін.
Осындай жағдайды болдырмау үшін, таржолақтық жүйелерде сигналдарды
күшейтетін және оларды қосымша сегменттерге ретрансляциялау арқылы
кабельдің жалпы ұзындығын арттыруға мүмкіндік беретін репиторлар
қолданылады.
Кеңжолақтық беріліс. Кеңжолақтық жүйелер деректерді жиіліктердің қандай да
бір интервалын пайдаланатын аналогтық сигнал түрінде жібереді. Сигналдар
үздіксіз электромагниттік немесе оптикалық сигнал түрінде жүреді. Мұндай
тәсілмен сигналдар физикалық орта арқылы бір бағытта жіберіледі (2.7 -
сурет).

1.2.7 - сурет. Кеңжолақтық беріліс. Бірбағыттағы аналогтық толқын

Сымсыз желілер

Кабельдер – компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік
мақұлдаған ортасы. Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың
қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технологиялары
пайда болды. Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады. Бұл
технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны төмен,
тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген сұранысты
арттырып, сату көлемінің өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде сымсыз ортаның
одан әрі өркендеп дамуына әсер етеді.
Сымсыз орта сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын
білдіретіндіктен, теріс түсінуге соқтыруы мүмкін. Шындығында олай емес.
Әдетте сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын
желіде әрекеттеседі. Мұндай әртүрлі компоненттерден тұратын желіні гибридті
деп атайды.
Сымсыз желі идеясы қызығушылық туғызары қақ, себебі:
• жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;
• жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті көшірмені ұйымдастыруға
көмектеседі;
• тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді;
• желінің максималды ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты
кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз
желілерге даусыз артықшылық беретін тағы бір фактор – кабельді орнатудың
қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін:
• адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөлме немесе қабылдау
бөлмесі);
• әр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін;
• оқшауланған бөлмелерде және ғимараттарда;
• жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде;
• кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарихи немесе
архитектуралық ескерткіштер).
Техналогиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады:
• жергілікті есептеу желілері;
• кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;
• жылдам (тасымалданатын компоненттер).
Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы – жіберу параметрлерінде.
Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері өздері орнатылған
ұйымға тиеселі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады. Тасымалданатын
компьютерлерде сигналдарды жіберу ортасы ретінде телефон станциялары ,
жерсеріктер және т.б. қолданылады.
Әдеттегі сымсыз желі жіберу ортасы басқа болғанмен, кәдімгі желіге
ұқсас және сол сияқты жұмыс істейді.

Беріліс (жіберу) тәсілдері
Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт тәсілін
пайдаланады;
• инфрақызыл сәулелену;
• лазер;
• тар спектрдегі радиоберіліс (біржиілікті беріліс);
• шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс.
Инфрақызыл сәулелену. Барлық инфрақызыл сымсыз желілер деректерді
тасымалдау үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Мұндай жүйелерде өте
күшті сигналдарды генерациялау қажет, әйтпесе басқа деректер көздерідің
әсері айтарлықтай болады. Инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонын
қамтитындықтан, бұл тәсіл сигналдарды өте жоғары жылдамдықпен жіберуге
мүмкіндік береді. Инфрақызыл желілер 10 Мбитс жылдамдықта дұрыс жұмыс
істей алады. Деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көру
мүмкін жағдайда ғана жұмыс істейтін желілер бар. Шашыраған инфрақызыл
сәулеленуге негізделген желілер қабырға мен төбеден шағылысып барып,
соңында қабылдаушыға жететін сигналдарды пайдаланады. Мұндай желілерде
тиімді аймақ 30 метрмен шектеледі және беріліс жылдамдығы төмен.
Лазер. Лазерлік технология деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында
тікелей көруді талап етуімен инфрақызылға ұқсас. Егер қандай да бір
себептермен сәуле үзіліп қалса, онда беріліс те тоқтатылады.
Тар спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл кәдімгі радиостанцияның хабар
таратуына ұқсас. Қолданушылар нақты жіберушілері мен қабылдауыштарын нақты
жиілікке икемдейді, бұл жағдайда тікелей көрудің қажеті жоқ. Байланыс
жылдамдығы салыстырмалы түрде төмен
(4,8 Мбитс жуық).
Шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл бойынша сигналдар жиіліктің
қандай да бір жолағымен беріледі. Біржиілікті берілістегі байланыс
барысында туатын проблемалар болмайды. Бұл – технологияның нағыз сымсыз
желіні құруға мүмкіндік беретін жағдайы. Беріліс жылдамдығы 250 Кбитс,
бірақ деректерді ашық кеңістікте 2 Мбитс жылдамдықпен 3,2 км қашықтыққа
дейін, ал ғимарат ішінде 120 м-ге дейін тасымалдайтын желілер бар.
Жедел желілер. Сымсыз жедел желілерде беріліс ортасы ретінде телефон
жүйелері және қоғамдық қызметтер пайдаланылады. Пакетті радиоқосылыс, ұялы
желілер және жерсеріктік станциялар қолданылады. Байланыстың бұл түрі
ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беріліс жылдамдығы 8 Кбитс пен 28 Кбитс
аралығында.

Желілік адаптердің тақшалары.

Желілік адаптердің тақшалары компьютер мен желілік кабельді қосатын
физикалық интерфейс ретінде қолданылады. Тақшалар желідегі барлық
компьютерлер мен серверлердің кеңейту слоттарына қойылады.
Компьютер мен желі арасында физикалық қосылысты қамтамасыз ету үшін
сәйкес разъемге немесе портқа тақшалар (әрине, орнатылғаннан кейін)
желілік кабель арқылы қосылады. Желілік адаптердің тақшаларының қызметі:
компьютерден түскен деректерді желілік кабель арқылы жіберуге даярлау;
деректерді басқа компьютерге жіберу; компьютер мен кабельдік жүйе
арасындағы деректер ағымдарын басқару.
Деректерді даярлау. Деректерді желіге жібермес бұрын желілік адаптердің
тақшалары оларды компьютерге түсінікті пішіннен желілік кабель арқылы
жіберуге болатындай түрге келтіруі керек.
Компьютердің ішінде деректер шиналар бойымен жіберіледі және деректер
биттері параллель қозғалады. Желілік кабельде деректер биттердің
тізбектелген ағымдары түрінде қозғалуы керек. Сонымен, желілік тақшаның
міндеті параллель деректерді қабылдап, оларды бит бойынша тізбектей
жіберуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл процесс компьютердің цифрлік
деректерін желілік кабель бойынша жіберілетін электрлік және оптикалық
сигналдарға ауыстырумен аяқталады. Бұл түрлендіруге трансивер жауап береді
(2.8 - сурет).

1.2.8 - сурет. Параллель деректер ағымдары тізбектелген деректер ағымдарына
түрлендіріледі

Деректерді түрлендірумен қатар желілік адаптердің тақшасы өзінің орны
немесе адресін көрсетуге тиіс. Желілік адрестерді IEEE комитеті анықтайды.
Бұл комитет желілік адаптердің тақшаларын өндірушілердің әрқайсысы үшін
адрестер интервалын бекіткен. Өндірушілер бұл адрестерді микросхемаларға
тігіп қояды. Осының арқасында желідегі әрбір тақша, яғни әрбір компьютер
ерекше адреске ие.
Желі бойынша беріліс алдында желілік адаптердің тақшасы қабылдаушы
тақшамен электрондық диалог жүргізеді, бұл диалог барысында олар төменгі
мәселелер жайында келіседі:
- жіберілетін деректер блоктарының максималды ұзындығының өлшемі;
- қабылданғаны жайлы хабарламасыз жіберілетін деректер көлемі;
- деректер блоктарын жіберу интервалдары;
- әрбір тақшаның толып кетпей қабылдай алатын деректер көлемі;
- деректердің беріліс жылдамдығы.
Егер жылдам тақша баяулау тақшамен әсерлесетін болса, олар ортақ
беріліс жылдамдығын анықтаулары керек. Сондықтан желідегі әрбір тақша
басқаларына өзінің параметрлері жайында хабарлайды және олардан дәл сондай
ақпаратты қабылдайды да соған икемделеді. Барлық детальдар анықталғаннан
кейін тақшалар деректер алмасуды бастайды. Көбінесе түскен деректерді
желілік адаптердің тақшасы жіберіп үлгермейді, ондай жағдайда олар уақытша
буферге орналастырылады.
Желілік адаптердің тақшаларының кейбір параметрлерін дұрыс икемдеу
керек. Олардың қатарына: үзу (IRQ), енгізу мен қорытындылаудың негізгі
портының адресі және жадтың негізгі адресі жатады.
Үзу сұранысының сызықтары дегеніміз – физикалық сызықтар. Үзу сұранысы
құрылымның оның назарын өзіне аудару үшін процессорға жіберген сигналы
болып табылады (оның ағымдағы іс-әрекетін тоқтатуға). Мұндай сигнал әдетте
жаңа деректер пайда болғанда немесе қандай да бір операцияны аяқтау
барысында беріледі. Әрбір құрылым IRQ-дің ерекше мәнін қолдануы қажет. 4 –
кестеде әртүрлі құрылымдар қолданатын енгізу-шығару порттары және IRQ
нөмірлері келтірілген.

4-кесте. Енгізу-шығару порттарын орнату
Құрылым IRQ Порт
Жүйелік таймер 0
Пернетақта 1
Коммуникациялық порт COM1 4 3F8-3FF
Коммуникациялық порт COM2 3 2F8-2FF
Параллель (принтердің) порт LPT1 7 378-37F
Параллель (принтердің) порт LPT2 [XT-ден 5 278-27F
басқа компьютерлерде]
Дискілік бақылауыш (контроллер) XT 5 320-32F
Дискілік бақылауыш (контроллер) AT 14 1F0-1F8

Енгізу мен қорытындылаудың негізгі порты компьютер құрылымы мен орталық
процессор аралығында деректер жүретін арнаны анықтайды. Орталық процессор
үшін порт адрес сияқты. Жадтың негізгі адресі желілік адаптер тақшасының
енгізілген және шығарылған деректер кадрлары үшін буфер ретінде
қолданылатын компьютер жадысының аймағына көрсетеді.
Желілік адаптер тақшасы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- компьютердің ішкі құрылымына сай болуы (деректер шиналарының
архитектурасы);
- желілік кабельге қосылатын қосқышы болуы (ол қосқыш кабель жүйесінің
типіне сәйкес болуы тиіс).
Кең тараған деректер шиналарының архитектураларының типтеріне: ISA,
EISA. Micro Channel және PCI жатады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері
бар.
- ISA (Industry Standard Architecture) – бұл IBM PC компьютерлерінде
қолданылатын архитектура. 1984 жылы ISA 8-рязрядтан 16 разрядқа дейін
кеңейтілді. Compaq және бірнеше басқа компаниялар EISA шинасын құрғанға
дейін бұл дербес компьютерлер үшін стандартты архитектура болып келді.
- EISA (Extended Industry Standard Architecture) – бұл стандарт 1988
көрсетілген және ISA үйлесімді 32-разрядты шинаны ұсынған. Сонымен қатар ол
Micro Channel Architecture шинасында бар қосымша мүмкіндіктерге ие.
- MCA (Micro Channel Architecture) – 16-разрядты да, 32-разрядты да шина
сияқты жұмыс істейді. Бұл архитектура электрлік және физикалық жағынан да
ISA шинасымен үйлеспейді.
- PCI (Peripheral Component Interconnect) – көптеген Pentium процессорлі
компьютерлерде және Apple Power Macintosh компьютерлерінде қолданылатын 32-
разрядты жергілікті шина. Қазіргі заманғы PCI архитектурасы Plug and Play
технологиясының көптеген талаптарын қанағаттандырады – бұл дербес
компьютерді құру философиясымен қатар оның архитектурасының
спецификацияларының жинағы. Plug and Play технологиясының мақсаты – дербес
компьютердің конфигурациясын қолданушының қатысуынсыз өзгерту, яғни кез-
келген құрылымды қосуды максималды қарапайымдату (2.9 - сурет).
1.2.9 Желі түрлері

Корпаративтік компьютер желілер (ККЖ). Корпаративтік желілер
компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпарация аясында
біріктіреді . Аумақты ( терреториялық) белгінің ешқандай манызы жоқ .
Мұнандай желілер жер шарынын кезкелген бөлігін қамтиді . Қашықтаған
жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекомуникация
құралдары , спутниктік байланыс және басқа қазіргі заманға құралдар
қолданылады . Корпаративті жергілердін қолданатын жабдықтары ,
програмалары және техналогиялары жоғары дәрежеге ие , әрі сан
алуандығымен ерекшеленеді . Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы
уақытта әсер ететін , кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен
біртутасқықты құрауы тиіс.
Корпаративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті
желілердіңерекше алуан түрі болып табылады .Қазір корпаративті желілер
өте белсенді дамуда және олардын бөлігін Интернет (интражелі )
желілері дкп атайды .
Интернет (интражелі ) Интернетке кіре алады, бірақ аз ресурсрарына
сыртқы пайдаланушылардың қол жетунің қорғлған , Интернет техналогиялар
қолданудын арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмашілік
немесе фирмаалрық кампьютерлік желі . Оны жергілікті желі мен Интернет
желісі құралдарын қолданып ,фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа
жету мен осы сақтау , беру, өндеу жүйесі ретінде айқындауға болады
Толық функциялды Интернет желісі мынадай базалық желілік
техналогияларды орындауды қамтамасыз етеді :
• желік басқару;
• барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бемнелеитін желілік
каталог;
• желілік файл жүйксі ;
• хабарларды біріктіріп бекру (электронды почта, факс,
телеконференция және т.б ) ;
• Word Wide Wed жұмысы;
• желілік басу ;
Интернет Интернеттің сыртқы пайдаланушылардан желілік қорғау құралы
–брандмауэрлердің көмегімен оқшауланады . Әдетте, wed–серверлерде немесе
прокси– серверлерде орналасатын брендмауэрі праграмалық қамтамасыз ету
ең кемінде сыртқы абанеттің өкілеттіктерін және оның парольді
білуін тексереді , осылайда желіге ұрқсат етілмей , қол жетуден қорғау
мен одан құпия ақпартты алу қамтамасыз етеді . Интернет желісіндегі
ақпарат пен оның барлық көрсететін қызметтері карпаративтті желінің
барлық пайдаланушылары үшін қол жетерліктей мүмкіндіктерді
қарстырған .
Қазіргі заманға бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша
ақпаратқа қол жеткізу бизнестегі табыстың маңызды компанентіні
айналады . Сондықтан Интернет желісін корпаративті қосмша тіркемелерді
жүзеге асыруды келешектегі атқарылар істің ортасы ретіңде қарауға
болады .
Интенет тарихы 1994 ж. басталады, ол кезде бұл термин Интернет
желісінен алынған прицептерге құрылған корпаративті компьютерлік
желілері үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен
ауқымына қараиастан , кез келген кәсіп орын үшін әмбебап еді.
Интенет –мақұлданған wed–техналогидың корпаративті желіге
көшу . Корпаративті жергілікті құрылым (roupeware) өнімдерінін
айырмашылығы Интернет– жүйелері дайын және өтк арзан кампонеттері
қолданылады. Шетелдік эканомисттердін бағасы бойнша , ірі корпорациялрда
Интернетті енгізу бір жұмыс орына шықанда 50 долл.құрайды .
Интенеттен әрі тектес техикалық құралдар мен операциялық
жүйелерді бір инфрақұрлымға бірліктіретін қарапайым байланс тарайды
. Интенеттен транспорттық ( ТСР) жжәне желілік ( IP ) деңгейлердін
негізгі желілік хатамалары да алнды . Корпаративті желілерді жасау
процесі елеулі түрде қарапайымдалған , өйткені интерграциялық жоба жасау
қажеттілігі болмай қалады . Осылайша жеклеген бөлімшелер өздерінің
ЛВС, серверлерін басқа бөлімшелермен байланыстырмай ақ қолжанып, өзіндік
баыңынқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман талабына сай CASE-құралдарының сипаттамасы
Физикалық мәліметтер қорын жобалаудың негізгі тұжырымдары
Әлеуметтік желілерді талдау
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Әлеуметтік желілерге талдау жасау
Сыртқы маршруттау хаттамалары
Мәліметтер базасының теориясы
Жергілікті желілер
Логистика. Жеткізу тізбектерін басқару
Мәліметтер қорының жіктелуі
Пәндер