Ғұмар Қараш өмірі



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. Ғұмар Қараш ақындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Ғұмар Қараштың прозалық шығармаларындағы ерекшеліктер

ІІІ тарау. Ғұмар Қараштың ағартушылық қызметі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ғұмардың азаматтық өмірі қысқа болды ─ ол небары қырық жеті жас жасады. Салыстырмалы түрде ақындық өмірбаяны да келте ─ поэзиядағы тырнақалдысы 1909 жылы ғана баспа бетін көрді. Демек, Ғ. Қараш ақындық өнермен отызға келіп айналысқан. Осы аз уақыттың ішінде ол аса өнімді жазатын, үнемі ізденіп, алға ұмтылып отыратын ақын ретінде танылды. Бұл өреде шығармашылық адымына, соның ішінде әдебиеттің дарынды өкіліне тән үйрену, іздену сатыларының бәрінен өтті. Ол артына мол ақындық мұра қалдырды. Ғұмарды ақын ретінде танытатын осы шығармаларға жалпы сипаттама берілу жөн деп есептейміз. Сонымен қатар, бізді жерлес ақынның шығармашылығы қатты да қызықтырады. Болашақ әдебиетші маман ретінде осы тақырыпты терең білсек, сол арқылы әдебиетіміздің тұңғиық иірімдеріне бойласақ, сөйтіп, ғұмартану ісіне өз үлесімізді қоссақ деген ойлардың жетегінде аталмыш тақырыптағы диплом жұмысын қолға алдық. Зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, айтқанымыз төмендегідей.
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетте өзіндік із қалдырған Ғұмар Қараш еңбектерін зерттеу ісі жаңа ғана қолға алынуда. Жерлес ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың әдеби мол мұрасын жинақтап, соның ішінен поэзиясы мен прозасына тоқталу, ерекшеліктері мен белгілерін көрсету – тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар ақын Ғұмар Қараштың әдеби мұрасына талдау жасау мен шығармаларының тілін, стилін анықтау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Ақынның баспа бетін көрген шығармаларына шолу жасау;
• Ғұмар Қараш поэзиясының тақырыптарын анықтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;
• Ақын поэзиясының өзіндік табиғатын анықтау, шығармаларының өзіндік сипатын ашу;
• Ғұмар Қараштың проза жанрындағы еңбектеріне тоқталу;
• Автор шығармаларының мазмұнына шолу жасау арқылы стильдік сипатын анықтау.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Тәж-Мұрат М. Ғұмар Қараш. Ақтөбе: А-Полиграфия ЖШС, 2004.
3. Сүйіншәлиев Х. Оқушысына асыққан асыл жыр//Зерде, 1990, № 10.
4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.
5. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. С новой строки. Алматы, 1989.
6. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970.
7. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы, 1966.
8. Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. Алматы: Ғылым, 1976.
9. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы: Жалын, 1989.
10. Абилкасимов Б. Жанр толгау в казахском устной поэзии. Алматы: Наука, 1984.
11. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті. Алматы, 1967.
12. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. Алматы, 1957.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .

І тарау. Ғұмар Қараш ақындығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Ғұмар Қараштың прозалық шығармаларындағы ерекшеліктер

ІІІ тарау. Ғұмар Қараштың ағартушылық қызметі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ғұмардың азаматтық өмірі қысқа болды ─ ол небары қырық жеті жас жасады.
Салыстырмалы түрде ақындық өмірбаяны да келте ─ поэзиядағы тырнақалдысы
1909 жылы ғана баспа бетін көрді. Демек, Ғ. Қараш ақындық өнермен отызға
келіп айналысқан. Осы аз уақыттың ішінде ол аса өнімді жазатын, үнемі
ізденіп, алға ұмтылып отыратын ақын ретінде танылды. Бұл өреде шығармашылық
адымына, соның ішінде әдебиеттің дарынды өкіліне тән үйрену, іздену
сатыларының бәрінен өтті. Ол артына мол ақындық мұра қалдырды. Ғұмарды ақын
ретінде танытатын осы шығармаларға жалпы сипаттама берілу жөн деп
есептейміз. Сонымен қатар, бізді жерлес ақынның шығармашылығы қатты да
қызықтырады. Болашақ әдебиетші маман ретінде осы тақырыпты терең білсек,
сол арқылы әдебиетіміздің тұңғиық иірімдеріне бойласақ, сөйтіп, ғұмартану
ісіне өз үлесімізді қоссақ деген ойлардың жетегінде аталмыш тақырыптағы
диплом жұмысын қолға алдық. Зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып,
айтқанымыз төмендегідей.
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетте өзіндік із қалдырған Ғұмар Қараш
еңбектерін зерттеу ісі жаңа ғана қолға алынуда. Жерлес ақын, ағартушы Ғұмар
Қараштың әдеби мол мұрасын жинақтап, соның ішінен поэзиясы мен прозасына
тоқталу, ерекшеліктері мен белгілерін көрсету – тақырыптың өзектілігін
дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар
ақын Ғұмар Қараштың әдеби мұрасына талдау жасау мен шығармаларының тілін,
стилін анықтау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
• Ақынның баспа бетін көрген шығармаларына шолу жасау;
• Ғұмар Қараш поэзиясының тақырыптарын анықтап көрсету және оны
мысалдармен дәлелдеу;
• Ақын поэзиясының өзіндік табиғатын анықтау, шығармаларының өзіндік
сипатын ашу;
• Ғұмар Қараштың проза жанрындағы еңбектеріне тоқталу;
• Автор шығармаларының мазмұнына шолу жасау арқылы стильдік сипатын
анықтау.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама,
талдау жасау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынатын тұжырымдар:
• Ғұмар Қараш – артына мол мұра қалдырған ақын.
• Ғұмар – поэзиямызға өзіндік өрнек, түр қосқан жаңашыл ақын.
• Ғұмардың Әділ мен Шандоз атты бірден-бір романы оны шебер прозашы
ретінде танытады.
• Ғұмар қара сөзден поэзияға ауысқан ақын.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

І тарау. ҒҰМАР ҚАРАШ АҚЫНДЫҒЫ
1. 1. Ақынның баспа бетін көрген поэзиялық шығармалары

Ақын поэзиямен 17-20 жыл ғана айналысқан. Осы мерзім ішінде ол артына
мол ақындық мұра қалдырды. Ғұмар жөніндегі алғашқы арнайы зерттеу
еңбектерге сүйене отырып, біз ең алдымен, ақынның баспа бетінен жарық
көрген поэзиялық шығармаларына қысқаша түрде тоқталып кеткенді жөн көрдік.
Ақынның баспа бетін көрген поэзиялық шығармалары:
1. Әй, шәкіртлар! Шура журналының басылмаған шиғырлар
мәжмуғасы. Орынбор: Вакыт нәшрияты, 1910 жыл.
2. Ойлама өзіңді өзің білемін деп... Шура, 1909,№11.
3. Қазақ жыры. Шура, 1911, №4.
4. Жігітке жел бермесе жаздың күні... (Имам Ғазалиден) Шура,
1910, №6.
5. Шайыр иаки қазақ ақындарының басты жырлары. Орынбор:
Каримов, Хусаинов уа шаркасының парауай мәтбағасы. Жылы
көрсетілмеген.
Шайыр жинағында жарық көрген Ғұмар Қараш өлеңдері: Көріп ғажап бұ
қызық болдым қайран..., Ай, алла-ай, бұ қазаққа не хал болды..., Бар
еді қазағымның оңған күні-ай..., Ау, қазақ! Жан-жағыңа көзіңді сал!...,
Ашылар өнер білсең жолың, қазақ!..., Қазағым! Аяғыңды аңдап нық
бас!..., Кеш жетіп қараңғылық күнді басты..., Мәжіліс бұ дүнианың керек
жері..., Жайлауға жаздың күні шыққан елім..., Қазақтың атқа мінген
адамдарына, Қымыз хақында, Бісмілла айтылады сөз басынан..., Қаптайды
жиһан нұрын қараңғы кеш... (Генерал Ғабдолла Жәңгірханұлы қаза болғанда
шығарылған), Замана жылдан-жылға өзгеріп тұр..., Отырмыз сахарада
шаттанып-ай....
6. Көксілдер иаки бұрынғы мырза елі һәм ноғайлы батырлары уә
айри мағналы жырлар. – Орынбор: Каримов, Хусаинов уа
шәркасының парауай мәтбағасы. Жылы көрсетілмеген. Жинақтағы
Ғұмар өлеңдері мен аудармалары: һәр көңілдің бір ойы
бар..., Бұ дүние мысалы...(араб бәйітінен тәржіма),
Сынадым адамдарды табайын деп...(араб бәйітінен тәржіма).
7. Қарлығаш (өлеңдер жинағы). – Қазан, 1911 жыл.
8. Тумыш. – Уфа, 1911 жыл.
9. Бала тұлпар. – Уфа, 1911 жыл.
10. Аға тұлпар. – Орынбор, 1914 жыл.
11. Тұрымтай. – Уфа, 1918.
12. Сүйінші! Қазақ, 1913 № 14;
13. Жоқтау. Айқап, 1914, №4.
14. Қашан қадірі білінер. Айқап, 1914, №10.
15. Екі бауырға. Қазақ, 1916, №171.
16. Алаш азаматтарына. Ұран, 1917, №6.
17. Алашқа, Алаш азаматтарына. Сарыарқа, 1918, №28.
18. Қызыл ту. Дұрыстық жолы, 1919, №1.
19. Ел тілегі. Дұрыстық жолы, 1919, №2.
20. Жаңа жыл құтты болсын. Дұрыстық жолы, 1919, №3.
21. ...ға. Дұрыстық жолы, 1919, №7.
22. Махаббат. Дұрыстық жолы, 1919, №8.
23. Қазаққа. Қазақ дұрыстығы, 1919, № 9.
24. Білім жарық, жанға ұя ... Мұғалім, 1919, № 2.
25. Мұғалімдерге. Мұғалім, 1919, № 7.

Қолжазба күйінде тараған өлеңдері:
1. Досқа, Достарға, Елсізде, Сен, Сен менің ардақтаған
аяулымсың. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Орталық Ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар және
қолжазбалар бөлімі. № 1602-папка. 1940 жылы тапсырған
Орынғали Базаров.
2. 1916 жылы қазақтан қара жұмысқа бара жатқан жігіттерге
айтқан қоштасуы, Сенем кімге. ОҒҚ. № 1602. 1946 жылы
тапсырған Хакім Әжікеев.
3. Исатайды мақтаған өлеңі. Ақшолақ деген кедейдің әйелін бір
ауқатты адам айырып әкеткелі жатқанда айтқаны. ОҒҚ, № 1602,
№ 9 дәптер.
4. Соғыс кәрі. Хакім Әжікеев естелігінде. ОҒҚ, № 1602, № 2
дәптер.
5. Асыл жәуһар інжулер.... ҚРОМА, №1985 Е.Ысмайылов қоры, 1-
тізімдеме, № 3-іс, 171-п.
6. Ноғайлы. 1978 жылы шымкенттік А.Қалақовтан жазып алынған.
Филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиқовтың жеке архивінде.
7. Дүниеде кім бар екен саған теңдес.... 1991 жылы Батыс
Қазақстан облысы Қазталов ауданының тұрғыны Бақыт
Панғалиевтан жазып алынды. Автордың архивінде.
И. Жұмағазиев жинаған өлеңдер:
1. Тұр, қазақ, Қара жер (И. Меңдіханов өліміне айтқаны), Екі
жолшы, бір сауысқан, Ғұмар Қараштың молда кезінде бір өлген кісінің
садақасынан алған құла атынан шәкіртінің сарқыт сұрап жазғаны, Сырым,
Шаршадым, Қиял, Түн қараңғы, бұлт қалың, Азғана күн болдым деп,
Шәкірттер жиынында айтылған сөз, Елсізде, Достым (И. Жұмағазиевтің
1995 жылы жарық көрген Жайық шежіресі кітабында алғаш рет жарияланды).
Әй, шәкіртлар өлеңі Шура журналының басқармасына жіберіліп, кейбір
себептермен жарияланбай қалған өлеңдер жинағында жарық көрді. Кітап алдына
құрастырушылар мынадай Ихтар (Ескертпе) жазған: Шураның өлеңге
арналған көлемі аз. Жарияламаса тағы болмайды. Бірақ өлеңдердің бәрі сәтті
емес. Егер өлең сыналмаса жақсы жаманын айыра алмайсыз. Сондықтан
жариялайық деп шештік... 1, 3. 49 жолдан тұратын өлеңге Ғ.Қараши деп
қол қойылған:
Әй, шәкіртлар! Бұ заман
Сіздің алдадір бірхан.
Сізледір шах сізге қыл
Улмыш дүр зимлә инсан.
Сізлерсіз, әй, талиплар,
Хәр майданда ғалиплар,
Милләтіңді алып бар,
Алға таман,
Алға таман!
Мақсұд ұзақ, жол хатих,
Деңіз түпсіз түр батиғ
Қылғыл жаныңа сатих,
Милләт үшін бол құрбан!
Жаның сүйсе гауһар дүр,
Жаннан кешіп қадам ұр!
Жан аясы жырақ тұр!
Ерме мұнда сәргәрдан!
Мұндағы инсан – адам, адамзат; хатих – ауыр; сатих – сәулетті; сәргәр
– ұнжырғасы түскен, күйрек кісі мағынасын береді.
Өлеңнің ә дегеннен назар аударатын ерекшелігі – дәстүрлі қазақ
жырында кездесе бермейтін өлшемі мен әуезділігі. Бұл тұрғыда Әй,
шәкіртлар! татар халқында кең дамыған қысқа жырларға ұқсас. Қысқа
жырлар - төрт жолдық, көбінесе жеті-сегіз буынды, әнмен айтылатын халық
жырлары... Ойы салмақты, өрнегі айшықты, кестесі келісті, жаттауға оңай...
Дыбыс жүйесі сазды, ұйқас-үйлесімі сыңғырлы, - деп жазады қазақ-татар
поэзиялық байланысын зерттеп жүрген ақын Мұзафар Әлімбаев 2, 260.
Өлеңнің бір ұлт шәкірттеріне ғана емес, Ресейдегі түрк халықтарының
жастарына (милләтқа) арналуы Ғұмардың шығармашылық өнерге жәдидшілік-
ағартушылық көзқарасы, дүниетанымы әбден қалыптасқан кезеңде араласқанын
аңғартады. Осы себептен өлең ортақ түрік тілінде жазылған. Автордың айқын
әлеуметшіл үні сол кездегі патша цензурасының да назарын аудармай қойған
жоқ. Кітапты рецензиялаған Баспасөз жөніндегі Қазан Уақытша комитетінің
мүшесі, Қазан университетінің бірегей профессоры Н.Ф.Катанов кітаптағы
Ғабдулла Абдулов, Мұхаммед Гариф Татлыбаев, Ишанғали Бисенов сияқты
авторларды жай атап өтіп, ал Ғ.Қараши өлеңін қара сөзбен түгел орысшаға
аударып шыққан.
... Слушай, ищущий знаний, и обрати внимание на то, что плачет
нация, надрывая сердце; иди скорее и достигай цели, чтобы (нацию) не жгли
вздохи и стоны!.. Туши огонь вздохов и стонов и направляй по прямой дороге;
дай (нации) напиток мудрости, чтобы радовалось у нее сердце!.. 2, 34.
Шура журналының 1909 жылғы 11-нөмірінде Ойлама өзіңді-өзің
білемін.. деп басталатын бес шумақ өлең жарияланды. Өлеңге Бөкей еліндегі
бір жігіт деп қол қойылған. Біздіңше, бұл – Ғұмардың алғашқы бүркеншік
есімдерінің бірі. Өйткені стилі, құрылысы жағынан өлең Ғұмар поэзиясына
рухтас, екіншіден, Ғұмар өлең-мақалалары, кітаптарының барлығына дерлік аты-
жөнінен соң Бөкей елінен, Ішкі бөкейлік дейтін анықтауыштар қосып
отырған.
Өлең алдында автор тарапынан 11-номер Шурада шағирлерге ағыр дегіл
бір қадиат тақлибке қазақ лұһатынша жауап деген анықтама берілген.
Ойлама өзіңді-өзің білемін деп,
Көзіңмен көз алмасын көремін деп.
Қатасы адамзаттың қиял айту,
Ұстаймын өз қолыммен билігім деп, -
деуіне қарағанда өлеңнің жазылуына түрткі болған мақалада ақындар атына
айтылған әлдебір өрескел пікірлерге автор шамданған. Одан әрі ақын этикалық
көзқарастарын баяндайды:
Адамға екіжүзді болсаң жолдас,
Бек жақтап әр ісіңді етеді пәш.
Мәз болып көлеңкеңе алданарсың,
Пердесі достықтың һеш те ашылмас.
Дос деп біл жалған айтпай расын айтса,
Өзіңе айыбыңды ашып айтса.
Дұшпан сол қылған жауыз ғылымыңды,
Жасырын көз алдыңда басып айтса...
Өлеңнің Әй, шәкіртлардан екі бірдей үлкен айырмашылығы бар. Соңғы
өлең тіл жағынан да, өлең құрылысы жағынан да таза қазақша құрылған. Әй,
шәкіртларда! тармақ, ұйқас, буын саны әр шумақта әрқалай, ал соңғы өлең
басынан аяғына шейін қазақтың он бір буында қара өлең үлгісінде шалыс
ұйқаспен жазылған. Ал журналдың 1910 жылғы 11-нөмірінде жарық көрген Қазақ
жыры деп аталатын шағын өлең автордың әдеби процеспен таныстығын
аңғартады.
Сұлулап сөз шығару өнер емес,
Өнімді ол бір пайда берер емес.
Қышытқан жерін тауып сөйлемесе,
Шежіре болса дағы шебер емес.
Тауып айт, аз айтсаң да тазасын айт,
Жағымды сонда жайма келер кеңес.
Қазақ жырын Ғұмардың ақындық бағдарламасы десе лайық. Ол осы алты
тармақ өлеңмен нақтылық пен айқындықтан тұратын болашақ ақындық жосығын
белгілейді.
Осы кезеңде Ғұмар жидашылықпен арнайы айналысып, Шайыр, Көксілдер
кітаптарын даярлайды. Бұл екі жинақтың баспадан қай жылы шыққаны белгісіз.
Кейбір зерттеушілер 1910-1911 жылдарды атаса, кейбір ғалымдар 1912 жылды
3, енді біреулер 1917 жылды ауызға алады 2. Алдыңғы жоба дұрыс. Өйткені
Айқаптың 1911 жылғы 3-нөмірінде жаңа шыққан кітаптар жайлы мақалада
көксілдердің баспадан шыққаны айтылады. Екі жинақтың екеуін де Ғұмар
Ғабдолла Мұштақ деген атпен шығарады. Ғұмар шығармашылығының осы қыры
Абайға ұқсас. Жалпы өлең өнеріне дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан
кейбір көзқарас салдарынан Абай өзінің көптеген өлеңдерін басқа адамдардың
атынан таратса, жасампаздығының алғашқы кезеңінде Ғұмар да бірсыпыра өлеңін
шәкірті Ахмади Есқалиұлы атынан таратқан.
Екі жинақтың қайсысы бұрын шыққан? Бұл орайда Ғұмардың Көксілдерге
жазған алғы сөзі тұжырымды пікір түюге мүмкіндік береді. Бұ мәли жырларды
шешендік, хамасат бек кәміл болғандығы үшін басылмай, оқылмай
тіліміздің негізі жойылуын зор сор деп білдім де Көксілдерді тағы жижым.
Демек, алдымен Шайыр жарық көрген.
Ғұмар Шайырға жазған алғы сөзінде өзінің фольклор жинаушы ретіндегі
бағдарламалық мақсатын былай жеткізеді:
Белгілі, білік иесі адамдар айтыпты: Жыр, өлең һәм білік сөздерін
сақтамаған халық жансыз деп. Бұ сөз бек дұрыс: неге десеңіз, һәр елдің
елдігі, мысалы қазақтың қазақтығы, татардың татарлығы, орыстың орыстығы
өздерінің ата бабаларынан қалған айырым тілдерін жоғалтпай қолданумен
сақталады. Һәр ел өз тілін сақтау ол елдің жыр һәм ескі сөздерін сақтамай
мүмкін болмайды; соның үшін де өнерлі ғылымды халықтарда бұ тіл сақтауы
жайында бек мұқияттық бар. Медреселерінде балаларға қалдырмай оқытады,
һешбір жыршы иә шешен ділмардың аузынан шыққан сөзі жазылмай, басылмай
далада жоғалып қалмайды. Біздің мұсылман халқында да, әуелгі таза
уақыттарда солай болған: ғараб кітаптары жыршыларының түйені, кенизектердің
қара қас, нәзік белдерін мақтауыменен толы; тек бұ соңғы замандарда біздің
халыққа басшылық еткен надан адамдар, біздің халқымызды (қазақтығымызды)
сақтайтұғын қымбатты жыр һәм билік сөздерді ескеріп айтуды күнә деп
көрсеткен, мектептегі балаларымыз Бозжігіт, Зарқұм оқып хылықтарын
бұзып, рухтарын (қазақшылығын) жойуға айналған.
Бұ себепті, бар жерлерінен жинастырып ескі, жаңа жырлар, бірен саран
қысқаша билік әңгімелерді жаздым. Медреселерде адабиат (Литература)
дәрісінде программаға алынып, қазақ балалары файдаланып Әлмұхамат
әлхаририе лардан артығырақ көріп жүргізетұғын күндердің бек жақын екенін
де һеш шек шібһа етпеймін... 2, 263. Бұл жердегі Ғұмар көзқарасы ХХ
ғасыр басында түркі зиялылылары арасында қалыптаса бастаған ұлт мемлекет
идеясымен сабақтас. Әдетте, шынайы зерттеушілер көздейтін мақсат. Осы
себеп талайдың қолына қалам алғызған. Қазақ ескілігін тексерген тұңғыш
қызметте біздің көздеген мақсатымыз, әуелі қазақ елінің өз қанынан туып, өз
сүтімен өскен ескіліктің ұлы денесін туғызып алмақшы болдық. Дін өлеңдерін,
қыссаларды алсақ, көбінің сарыны шеттікі болудан басқа, мазмұндары да
түгелімен мұсылман ғаламынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер, - деген
М.Әуезов пікірінің Ғұмар ойымен дәлме дәл келуіне таңдануға болмайды 1,
10. Шайыр мен Көксілдер сол кездегі қазақтың қара танитындары
қолдарынан тастамаған әрі антология, әрі хрестоматиялық оқулық рөлін
атқарды. Оларды күнбе күнгі ағартушылық қызметте қазақ оқығандары да
пайдаланып отырған. Жылы Петропаволдан Семейге келген жерінде Міржақып
Дулатұлы тұтқындалып, мүлкі, көптеген кітап қолжазбалары үптеледі. Осы
жөнінде Азамат Қорықбасов Мұстақым Малдыбаев бүркеншік аты: Дулатовтан
қазақ, татар һәм рус тілдәрінда әр түрлі кітаплар, газеталар һәм қол язулар
табылып, ларны алғанлар. Бұларның арасында: Ғияс Исхахның соңғы шыққан
Жәмиғат һәм Тұрмыш ма бу? романлары, Байтұрсыновның Қырық мысал,
Құнанбаевның кітабі, Маса деген рсала, Ғумар әл Қарашның Өрнек,
Тумыш, Ғабдулла Муштақтың Көксілләрі һәм Шайырлары ... бар екен...,
- деп хабарлады 2, 263.
Көксілдер сол кездегі мерзімді баспасөз бетінде жақсы баға алды.
Бұл кітапта, өзінің есімінен көрініп тұр, бұрынғы жырлар жазылғандығы, -
делінген Айқаптың жоғарыда аталған мақаласында. – Ләкин арасында жаңа
сөздер де көп. Мысалы. Қашқын, Фунограф, Шаһингерей Бөкеев сөзі һәр
көңілдің бір ойы бар. Ғабдолла Мұштақ сөзі. Басылуы жақсы, қағазы әдемі.
Ләкин ескі сөздерді жазған жазуы, сөздің біраз назыми бітісуі біздің
көңілге ұнап бітпейді. Ал отызыншы жылдардан бергі әдебиеттану
еңбектерінде Ғұмардың жидашылық еңбегі әділ бағасын ала алмай келді. Бұл
өреде шетел авторлары әлдеқайда нақты баға беріп отырды. Мысалы, Томас
Г.Виннер Омар карашев... больше чем большинство западно-ориентированых
поэтов, описывал в своих произведениях ...национальные фольклорные традиции
казахов десе 2, 263, А.Беннигсенмен Ш.Лемерсье Келкежей Омар
Караши...печатал исследования по народной литературе казахов и ногайцев
деген пікір түйеді 2, 263. Хасан Оралтайдың да жазуынша, оны көбірек
қызықтырған сала қазақ түркілерінің әдебиеті еді.
Шайырдың форзац бетіне Жәңгір ханның, Көксілдерде Шәңгерей
Бөкеевтің суреті берілген. Кітапты шығарудағы мақсаты халықтың асыл сөзін
кітаби жат сөзшілдіктің шаң тозаңынан тазарту болған. Ғабдолла Мұштақ бұл
жерде де исламның тасқа ресім (бейне) бастырмайтын, сурет салуға рұқсат
бермейтін заңына қарсы келген. Бұл да, әлбетте, елдегі қадимшілерге
ұнамайды.
Сүгіретін хан төренің ақша қылдың,
Шайыр мен Көксілі деген баспа қылдың.
Халыққа қарап тұрған сүгірет сатып,
Өзі оңбай тұрған елді қасқа қылдың, -
деп жазды Жұмағали Жанарыстанұлы 2, 264.
Шайырда Жәңгірхан суретіне іле-шала Байтоқтың Жәңгір өлгенде
айтқаны дейтін жоқтау, Жанұзақ жыраудың Жиһангер ханның өз алдына
жырлаған жырлары жалғасады. Одан әрі Боран жыраудың сұлтан Өтебәлі Сығай
(Шығай) баласына айтқаны, Әмит жыры, Ер Шобан жыры, Атағозы бидің
Қаратай ханға айтқаны (қарасөз), Әділ сұлтан жыры, Мырза ұлының бахыты
жүріп тұрғандағы мақтанғаны, Әуелгі қазақ батырларының жырлары,
Исатайдың аңдасы Мұхамед жыраудың сөзі, Әуелгілердің бал ішкен
мәжілістерінде айтқан жырлары, Қаратоқай Есет дегеннің Қаратай хан
уақытында кейінгі жастарға айтқаны, Қазтуған Сүйініш ұғлы, Тақырлауға
қонған таз тырна... деп басталатын жыр шоғыры, Сүйіндік Едіге би мен Төле
бидің жауаптасқаны (қарасөз), Әділдік көрмегені үшін бір төреге айтыпты
(Алтынсариннен) деген өлең, Сұлтан Шаһингерей Сейдгерей ұғлы Бөкеевтің
жырлары, Жиһангер ханға Ер Обай мен Бекжан Батырдың айтқаны, Ай мәдет
ер Доспамбет ағаның оқ тигенде айтқаны, Балпаң балпаң кім баспас... деп
басталатын жыр шоғыры, Қойас Шалгез батыр би Темір ханға өкпелеп
айрыларында айтқаны, Нияз баласы Бекжан батырдың шәкірттердің жиынында
айтқан сөзі, Мұқан Хожа Ахмед ұғлының жастық хақында айтқаны, бұлардан
басқа жоғарыда жалпы сипаттамада келтірілген өзінің бірнеше өлеңі
жарияланған.
Көксілдердегі өлең-жыр көлемі Шайырға қарағанда азырақ. Ол қарасөзі
мен өлең аралас Едіге және Тоқтамыс, Едіге баласы Нұраден туралы көлемді
хикаямен ашылады. Одан әрі Орақ-Мамай жырынан үзінді, Шәңгерейдің
Қашқын дастаны мен Фунограф атты өлеңі, Ғ.Мұштақтың һәр көңілдің бір
ойы бар дейтін өлеңі, Ш.Мәржанидің құлпытасына қашалған арабша екі
бәйіттің аудармасы, Шәлгездің Темірханға айтқан жырлары берілген.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші он жылдығының алғашқы бөлігінде Ресейге
қарағанда түркі буынындағы халықтардың мәдени орталықтары – Қазан, Уфа,
Орынбор қалаларындағы баспалардан бірінен соң бірі жүйемелете Ғабдолла
Мұштақ, Ғұмар Қараш ұғлы, Ғ.Қ. деп қол қойған бір автордың төрт өлең
кітабы жарық көрді: 1911 жылы Қазандағы баспасы Қарлығаш, сол жылы
Өфөдегі Шарқ мәтбағасы Бала тұлпар, сол жылы аталған баспадан Тумыш,
ал 1914 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Орынбордағы Дин уә магишат баспасынан
Аға тұлпар кітабын бастырды 2, 294.
Қорыта келсек, Ғұмар Қараш шығармалары баспа бетінен жарық көрген, сол
арқылы бүгінгі күнге түгелге дерлік жетіп отыр. Өлең жинақтарына ақынның
түрлі тақырыптағы жырлары кіргізілген, ал олардың қандай мәселелерді
қозғап, қай тақырыпқа жазылғандығы келесі бөлімде сөз болады.

1. 2. Ғұмар Қараш поэзиясының тақырыбы
Енді Ғұмар Қараш поэзиясының тақырыптарына тоқталып көрейік. Олар:
- қазақ халқын өнерге, білімге шақыру;
- ескі, сартап тәсілмен оқытатын қадимшілерге сын; аңқау елге арамза
болып сопысынған дүмше молдаларға, бишігеш ел әкімдеріне қарсы бітімсіз
күрес;
- талапсыз жас, оңаза шалдарды мінеу, әсіресе жас ұрпақты надан
әкелердің содырлы мінез-құлқынан сақтандыру;
- елді әрекеге емес, берекеге ұйыстыру;
- хайыр иханды кеспеу;
- дәуір талабына орай ұала мен қырдың арасынан ұнасымды үлгі тауып,
отырықшылыққа көшу;
- жер мәселесін қазақ пайдасына шешу.
Міне, Ғұмар Қараш отаршыл саясат шегіне жеткен осындай күрделі уақытта
қалам жасақтады. Бұл Ғұмарды ғана емес, ондаған қазақ оқығанын ерте
есейтіп, ел үшін ат жалында ойнатқан кеп.
Бұл жерде біздің назар аударып отырғанымыз – ғасыр басындағы
оқығандарымыздың халық мүддесі жолында табаға қуырылып, отқа күйген қажырлы
мінезі. Олар өздері аңдаған мәселені бұқараға айта берді, жаза берді, -
қарасөзбен айтты, назымсөзбен де жырлады. Өйткені олардың идеалы осы
болатын. Сондықтан да Ғұмар:
Егер көзің ашпасаң,
Аяғың қозғап, баспасаң,
Жүректен шыққан шын сөзді,
Құлағыңа аспасаң,
Күнілгері қазағым!
Амандас еркін қонысқа.
Желге, күнге тигізбей,
Асылдан басқа кигізбей,
Әлпештеген аруың,
Тәжім тұтып иіліп,
Қызмет ете тұрарын,
Шарасыз халге ұшырап,
Бұйрығына бой сұнарын,
Іштен тұнып жыларын,
Анық біл, қазақ! Анық біл,
Көршілес халқың орысқа, -
деп көсем болжам айтады да, одан әрі не істеу керек дейтін сұраққа
жауап береді:
Тыңда, қазақ! Сөзімді,
Есірке ұл мен қызыңды,
Жалшылықта шірітіп,
Налытпа бағлан қозыңды.
Білім, өнер қаруын,
Құралданып бойыңа.
Жігер, жиһад қылышын
Қайратпен ұстап қолыңа,
Әзірлен, қазақ, әзірлен,
Тіршілік деген соғысқа (Бала тұлпар).
Ең алдымен көзге түсетін жайт – ақынның оптимизмі. Жоғарыдағы мысалдан
көргеніміздей, Ғұмар көбінесе нөсерлеген терме, төкпектеткен жыр үлгісін
ұстанғанымен, онда нағыз жазба поэзияға тән белгілер көп. Олардың бастысы -
өмір құбылыстарын, заман хикматын парықтауы, содан дұрыс қорытынды жасай
білуі, тағы бір белгісі өлең нысанасынан барынша ауытқымайтындығы. Мәселен:
Заманның азар шағында,
Халқына ханы қарамас,
Қатын болар баққаны.
Ел пайдасын би айтпас,
Тамағы болар тапқаны.
Бітімшілік білмес әкімі,
Актілеп жазып жатқаны.
Аманаттың аты жоқ:
Біреуді біреу сатқаны.
Құрулы жүрер жанында,
Алыс емес қапқаны.
Көзің тайса бір елі,
Жыланнан зәрлі шаққаны,
Көңілі қатты тастан да,
Сырты жұмсақ мақта-ды:
Жібітпейді жүрегін,
Жетімнің жасы аққаны,
Ыңыранып жерде жатқаны.
Үзіндіде бұдан әрі ақынның нені жырлайтынын, тақырыбы – халқына
қарамайтын ханды, ел пайдасын айтпайтын биді, бітімшілік білмейтін
әкімді және дәстүрлі қоғамның өне бойына қан жүгіртіп тұрған күнделікті
тәртіп, атадан қалған жора – аманатты орындамаушыларды сын сырығына
ілетінін аңғарамыз. Бұл бір сәттік сезім толқынында туа қалған жолдар емес.
Ғұмар шығармашылығында атап айтар бір өзгешелік болса, ол – жиырмасыншы
ғасырдағы қазақ тұрмысының барынша кең, барынша шынайы панорамасын
жасағандығы.
Ғұмар өз шығармаларының денін, яғни бес поэзиялық жинағының төртеуін
ақын ретінде өз жолын тапқанға дейін жазғанын есте ұстау жөн. Бұл төрт
жинақтағы ноқта тағар тақырып – заман атты жаратқанның зырылдауығы. Ақын
Бала тұлпар жинағында Замана жайынан, Бұ да замана жайынан деп екі
бөлім, Аға тұлпарда Замана жайынан, Заманның адамы, тағы да Заманның
адамы деп атап үш бөлім, Бұ заман деп және бір бөлімді осы толғақты
тақырыпқа арналған
Заман, әсіресе, ХІХ ғасырдың ортасынан бермен талай сөз дарыған
жанның ортақ тақырыбына айналды. Осы сыртқы сипатына қарай ХІХ ғасырдың
екінші бөлігіндегі назым сөзіміз зарзаман әдеби ағымы дейтін бағаға да ие
болды. Сырт қарағанда, бұл сарын ХІХ ғасырдың Шортанбайы мен Дулаттарын ХХ
ғасырдың алғашқы жартысындағы ақындар легімен әдемі үндестіреді. Егер
Дулат:
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда Дулаттың, - десе, Ғұмар:
Заманның түрі бұзылды,
Жақсыдан үміт үзілді.
Қайғы басты жүректі,
Бермеді тәңірім тілекті.
Айтып айтып кетейін,
Тыңдамаса не етейін.
Тыңдаусыз қалған сөздері.
Дүниеде жалғыз мен емес,
Міндетімді өтейін (Аға тұлпар), - дейді.
Ғұмар – лирик ақын.
Лирик болмасқа оның әдді жоқ еді. Стихийное нарушение порядка жизни и
было для Блока тем пунктом, в котором сходились линии лирики интимной и
лирики гражданской, - деп жазады сыншы Л. Долгополов 2, 319. Осы пікір
Қарашқа да қатысты. Аласапыран төңкерістің бір жылында ол махаббат, табиғат
лирикасына жататын бір шоғыр өлең жазды – Махаббат туралы, Досыма,
Тастаған жарға, Бармысың, Жазғы кеш, Жазда тастамаған телпек
өлеңдері сол тұста қазақ лирикасын байытқан айрықша сыршыл жырлар. Оларды
оқып отырып біз бұған дейін ел мүддесінің биігінен сөйлеген, барша ақындық
қуатын сол мүддеге сарқып берген Ғұмар – ақыннан бөлек, ет пен сүйектен
жаралған Ғұмар – пендені танығандай боламыз.
Құдая! Бар мұрадың һәрбір істе;
Кірмейді сырын ашу біздің түске...
Тындырып зар жылаған асықтырды,
Жіберсең құдіретіңе бұ да күш пе! (Тұрымтай).
Әлгінде ғана өмір мағынасын ашуда адам ұлына иек артқан ақын енді
тәңіріне жалбарынады.
Бағымды аш, байлауым шеш, басым босат,
Зарлантпа қам көңілді ерте кеште...
Өлең діндар дәуір әдебиетінде (А. Байтұрсынов) туған мінажат
өлеңдерге ұқсас болғанымен, шын мәнінде басы ғана құдайға қарап айтылып,
ар жағы мұң сөзі болатын ғашық толғауы десе лайық 4, 268.
С. Мұқанов: Омар... мақсатының бәрін жоғалтып, бар тілегін әйелге
әкеліп төкті, - деген 2, 319. Жаңа заманға риза, оның көлеңкелі жағынан
гөрі шуағын көбірек көрген, кейде заманының қамырша илегеніне амалсыз
көнген сыншы қалай болғанда да адалын айтып отыр десек, Ғұмардың да өз
сезімін мақсатының бодауына жібермей, қымтамай ашық айтқанына бүгінгі біз
құрметпен қарауға тиіспіз. Махаббат заңы жасқа қарамайды. Сондықтан
жалаңтөстеу жас ақын Мағжан:
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззәттің бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына, - десе, жер ортасы – көктөбеге келген
ақын Ғұмар:
Махаббат дидарыңнан енген сәуле,
Бір берген сәуле нұрды енді кешпе, - дейді. Қай алма қай алмадан рең
алған? Біздіңше, мұны салғастырып жатудың тіпті де қажеті жоқ – адам
жанының иірімдері статистиканы көтермейді. Ақиқаты махаббат біреу
болғанымен, адам ғұмыры сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Яғни ол да дүниеге
келеді, бұғана қатырады, есейеді. Ал ол өлмеген, өшпеген жерде жасамыстың
өзі жиһазды үй сияқты, маңайына сәуле шашып тұрады. Ғұмар мен Жаманқыз
арасындағы сүйіспеншілік тарихы, міне, осындай ой түюге жетелейді.
Жасында қызға сәлемхат жазбайтын адам болмайтыны сияқты, ішкі әлемін
үнемі бір нүктеде ұстайтын адам да жоқ. Бірақ сол интимдік сәлемхат, яки
сыр өлеңнің бәрі бірдей жария бола бермейді. Көпшілікке жария етілген күнде
ол сол көпшіліктің игілігіне айналуы керек. Яки қоғамның моральдік,
көркемдік талаптарына жауап беруі керек. Бірақ әр кезеңнің талабы әр басқа.
Талғам тамтыраған кезде Мағжанның тән рахатын жан рахатынан бөліп
қарамаған, махаббат сезімінің дәл суретін беруге тырысқан 5, 64 өлеңдері
жыныси нәпсіқұмарлық ретінде қараланды да. Осы орайда Ғұмарға Мағжаннан
гөрі Абай рухы жақын.
Дәлелдейік:
Ұлы ақын:
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да, -
дегені белгілі. Бұдан ақынның сұлулыққа көзқарасынан бастап
гуманизміне дейінгі талай қырын аңғарамыз 6, 342. Осы рух Ғұмардың
Достыма өлеңіне бастан аяқ өзек болып өрілген. Алты шумақ бойына
лирикалық кейіпкер немесе ақынның өзі асық жарын сендірумен болады.
Жиһанда сенен өзге жарды сүйіп,
Жолында болып асық жанарым жоқ.
Өз еркің ақ етсең де, қара етсең де,
Мойныма бір алған соң танарым жоқ.
Баз біреулердей сүйдім, күйдім деп жүрегін қолына алып қылғынбайды.
Ақыл тоқтатқан кісінің сабырын танытады. Одан да тереңдесек, айтқан сөзде
тұратын, адал, әділ жанның жағымды бейнесін көреміз.
Осындағы Байлаулы сөзіңді алып, шөл баспасам, Берсе де кәусар суын
қанарым жоқ деп келетін қос тармақ келесі Бармысың атты өлеңге көпір
тәрізді. Неге десеңіз, Бармысыңда қазақтың сөз байласу ұғымына кіретін
дәстүрлі серт алысу шарты, соның ішінде опалы жарға қойылатын талаптың бәрі
де айтылған. Мысалы:
Теріс жолға сынаман,
Арам терге бұламан,
Жөн келгенде шыдаман...
Білек басқа, тілек бір,
Жүрмек басқа, жүрек бір...
Үміт кеспе, жан достым!..
Ер басына күн туса,
Нені істемес, не қылмас,
Түгелді жолдас ет!..
Өзіне де, сүйгеніне де осындай салмағы қорғасындай талап қойып, соның
орындалуын шыр-пыр болып күзеткен жанның көңіліне күптігей кірген кезде
қандай болуы мүмкін?! Мұны бөгде түгіл, қайғысы қабырғасының астында ғашық
адамның өзі сипаттай алмаса керек, жеткізуге сөз саяз, қиял жұтаң.
Шеберлік үлгісін Ғұмар табиғат лирикасында да біршама танытты.
Тұрымтайда бұл тақырыптағы өлең екеу-ақ Жазғы кеш және Жазда
тастамаған телпек.
Кең даланың ішінде,
Желсіз, тымық жазғы кеш;
Сыбыр шығып бір жерден,
Хиялыңды һеш бөлмес,
деп басталады Жазғы кеш өлеңі.
Бұл нағыз сұлу лирика, - деп жазды Е. Ысмайылов. Ақын табиғаттан
өзіне ақындық күй, сарын алады; табиғатты жанды бейнеде түсініп, құлпыртып
суреттейді, табиғат сыры мен адамның жан сезім дүниесін ұштастырады, міне
бұл нағыз көркем лириканың басты бір қасиеті. Бұдан Омардың шебер суретші,
сыршыл ақын екенін көреміз 2, 322.
Шынында да өлеңді оқыған адам көктемнің көксалпағынан ердің белі
шешіліп, елдің көңілі жайлана бастаған ерте жаз мезгіліне келіп енгендей
болады. Ақынның өзі де тамылжыған табиғатпен сағына қауышады.
Өкпең жұтып саф ауа,
Көтерілер қам көңіл,
дейді. Бірақ өзгелердей емес, ол байқағыш, аңғарымпаз, сәтті салыстыруды
алыстан емес, жақыннан тауып, табиғат пен адам тұрмысын астастырып
жібереді.
Анда-санда аз ғана,
Қоңыр салқын леп беріп,
Жел сипайды жүзіңді,
Дос жауыңдай көңілдес...
Көрмей жүріп қосылып,
Мұңын айтқан ғашықтың,
Жүрегіндей елжіреп,
Тұрған ғажап бұл бір кеш (Тұрымтай).
Ақын сөзбен сурет жасаған. Жаңа ғана үнсіз мүлгіген табиғаттың
бей амал кейпіне жан бітіреді, ортада алты ай маусымда қол үзіңкіреп кеткен
дос жаран, көптен қауышпаған сүйген адамың жүр.
Жалпы, өмірі көшпелі тұрмысқа байлаулы қазақ үшін жаздың орны
бөлек дедік. Абайдан бастап Ғұмарға тұтас ақындардың ішінде осы тақырыпқа
соқпағаны кемде кем. Бірақ көбі Еуропа салтындай идиллия, не мадригал
деңгейінде қалатын. Ал тақырып жиі қайталанып, шырқау шегіне жеткен кезде
бұрынғыны қайталамау қажеттігі туады, яғни іштей жарысу басталады. Міне,
осы тұста дәстүрлі тақырып пен үйреншікті поэтикалық кестені дарынды
ақындар тоқсан түрлентіп, тапқырлықтың небір үлгісін көрсетуге тырысады.
Осы жәйт қазақ лирикасында жаз, жазғытұрым тақырыбын жылдар бойы көркемдік
жағынан өте әрекетті тақырып етіп келді.
Ғұмар осыған табиғат арқылы адамды әрекетке шақыруымен кесек
үлес қосты.
Мұндай жазғы түндерде,
Жата берме езіліп...
Күңірен де сазың сал!
Табиғаттан үлес ал.
Ақын соңғы сөзін сентенциямен түйіндейді. Несі бар, әдебиет, поэзия
әуел бастан тәрбие әдебиеті болып қалыптасқан. Реалистік жолға түскен
шығармашылық сапардың басында осы үлгі ара-тұра болса да қайталанып
отырмақ.
Ғұмардың жазу мәнері – драматизмге толы үздіксіз толғаныстардың
айнасы.Ол қай жинағында да қарама-қарсы жәйттерді қатар алып отырады – ол
заман мен бұл заман, білім мен надандық, өмір мен өлім... Бірақ нені айтса
да, неге шерленсе де алдымен адам ұғымын назарда ұстайды, адам – тақырыбы
да, нысаны да. Тіптен адам боп туып, өмір сүру фактісін өмір туралы, заман
туралы философиялық жинақтауға дейін көтереді. Рас, қазақтың мінезінде
бадтамен шауып тастайтын көп мін бар. Бірақ солар шетінен ойы жоқ, сөзі
жоқ, қайдан келіп, қайда кетіп бара жатқанын білмейтін мәңгүрттер ме? Ақын
түйіндеуінше, олай емес. Анасынан ешкім бойкүйез болып тумайды. Адамның
сана-сезімі кейін күшпен басылып, жаншылған. Оған орта, жағдай, тарихи
тағдыр әсер еткен. Осындай дұрыс қорытындыға келген ақын бір сәтартқа
қайрылып, өткеннің әлеуметтік тәжірибесіне көз салады.
Мынау қазақ деген жұрт,
Кең далаға жайылып,
Аңғырт өскен ел едік,
Кезінде елмен тең едік.
Бір оқығанда осы шумақтағы кереғарлық ойландырады. Аңғырт ел қалайша
өзгемен терезесі тең болмақ?! Бірақ ақын өзі сарқытын ішіп, сіргесін жиған
тірліктің шындығын айтып отыр. Көшпелі қоғамда да бір кезде көтерілу,
серпілу болды. Қабырғалы ел атанып, отырықшы халықтардың түсіне де кірмеген
ұлан-ғайыр өңірді жайлады, оларға үлгі-өнеге танытты. Мал тісіне тәуелді
болса да, отырықшы елдер тәрізді бүгін бар да ертең жоқ аң-құсқа, табиғатқа
тәуелділік танытпады. Содан бейқам болып өскені де рас. Алайда сол тірлік
көшпелілердің әрі тұрмыс қалпы, әрі құрылыс қалпы еді ғой.
Атаңа сенің қазақ-ай!
Бар еді-ау болған күндерің...
Хан бар еді со күнде,
Ақсұңқарға ұсаған;
Билер жүйрік бар еді,
Қас тұлпарға ұқсаған;
Әділ қазы бар еді,
Алмас қылыш ұсаған.
Батырлар, ерлер бареді,
Аш маралға ұсаған.
Байлар момын бар еді,
Аузынан уызы төгілген...
- (Аға тұлпар)
Бұл қай уақыт? Ақын осы сұраққа жауап бергісі келгендей енді бір тұста
ХV ғасырдың Доспамбетінше адырнаны ала өгіздей мөңіретеді.
Желке шашын үрмеген,
Маңдайы күнге тимеген,
Жібектен өзге кимеген,
Аруларың бар еді... (Бала тұлпар)
Осылайша ері құнды, малы пұлды өткеннің қалыптасқан көркемдік
тәсілдерімен суреттеген Ғұмар ел тұрмысына келгенде тіптен көсіледі.
Қысымыздан өткенде,
Жаздың айыжеткенде
Мақпалдайын көгеріп,
Түрлі өлең жетісіп,
Жер жүзіне біткенде,
Үйін тиеп байларын,
Қонушы еді жағаға.
Жасы кіші адамдар,
Келіп сәлем беруші ед,
Жасы үлкен ағаға.
Сапырулы сар қымыз,
Салқын үйде құрылған,
Алқаланған кең мәжіліс,
Бір сын еді со күні,
Емізікті қара сабаға...
Кешкі миллет болғанда,
Бозбалалар жиналып,
Жылқы жабар суатқа.
Суға қонып шыққан соң,
Шығарып кетер белгілі,
Өрісі анау қыр жаққа...
Дала перзенті ғана өрнегін сала алатын ғажап сурет! Осы аз көріністің
өзі кешкі ауылдың қалам сыртында қалған қосымша панорамасын – бұрала басқан
қыз-келіншектердің сыңғыр күлкісіне, тай-құлынның күмбір-күмбір
кісінегеніне, азбан айғырдың арындап арқырағанына, мама биелердің
шұрқырағанына, жігіттердің сарт-сұрт бұғалық тастауына, шал-кемпірдің тық-
тық жөтелгеніне дейінгі сансыз көп дыбысты құлағымызға әкелгендей болады.
Бүкіл ер-тұрманын сайлап алып жазатын реалист ақынның әдетімен Ғұмар
бұл сауалды да жауапсыз қалдырмайды:
Жұрдай болу мәнісі:
Бұл халықтың бұ күнде,
Алтынды тақты ханы жоқ,
Хансыз елдің сәні жоқ.
Қазысы жоқ, биі жоқ,
Бисіз елдің күйі жоқ.
Батыры жоқ, байы жоқ,
Дәулетсіз жұрттың жайы жоқ.
Күні қараң малсыздың,
Жұлдызы жоқ, айы жоқ...
(Аға тұлпар)
Несі бар, бүгінгі біздің пайымдауымызбен әбден үндесіп жатқан пікір.
Құлдырау ХІХ ғасырдың алғашқы хандық құрылыстың құлатылуымен басталғанын,
онымен бірге дербестігінен де айрылған халық ұлт азаттығы жолындағы қарулы
бас көтерулерден нәтиже шығара алмай тауы шағылғанын меңзейді ақын.
Сонымен, Ғұмар Қараш өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Ақын өлеңдерінде
шынайы өмірді, өз халқын суреттейді. Өлеңдерді оқи отырып, ақынның өзіндік
стилін танимыз.

1.3. Ғұмар поэзиясының өзіндік өрнегі
Ғұмар поэзиямызға өзіндік өрнек, түр қосқан жаңашыл ақын.
Ол өзінен бұрынғы да, өзімен тұстас та ақындардан, әр елдің әдебиеті
үлгілерінен үйрене отырып, өзіндік стиль тапты , - деп жазады
әдебиеттанушы ғалым Айқын Нұрқатов 7, 318.
Әлбетте, ақын алғаш нәрленген бұлақ халық әдебиеті. Абай сияқты Ғұмар
халықтығының да сипаты екеу. Бірі ел ішінің мінін тайсалмай айтқан сыншыл
реализмі, екіншісі өлеңдеріндегі халық әдебиетіне тән үлгі өрнектер.
Алдымен ауызға аларымыз қара өлең дәстүрі. Ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиет арасындағы алтын көпірдің өкілі Ғұмар қара өлеңге соқпай өтсе
таңғалдырар еді. Шын ақын кейін таңдандырмақ, ал өнерінің бастапқы кезінде
ол дәстүрге еліктеуші ғана. Сол себепті Қараштың Шайыр мен Көксілдер
жинақтарындағы, Қарлығаш пен Тумыш, Тұрымтайдағы өлеңдері түр жағынан
да, өлең өлшеуі жағынан да кәдуілгі қара өлең түрінде құрылуын заңды
нәрседей қабылдауымыз керек.
Дүниеде жаман-жақсы бірдей тұрар,
Һөркімде өз әлінше дүкен құрар;
Үлесіне тіршіліктің тиді мұрад,
Албат ой өз-өзінен бір күн сұрар (Тұрымтай).
Бұл таза қара өлең үлгісі: алғашқы қос тармақ соңғы екі жолдағы түйін
үшін алынған. Ғұмарда мұндай шумақ біреу ғана. Он бір буынды қалған ХХ
ғасыр басындағы қазақ поэзиясы мен ауыз әдебиетіндегі ақындық дәстүрді
арнайы зерттеген Ә.Дербісәлин әрбір шумақтың көбінше халық
поэзиясындағыдай төрт тармақтан тұруы, ұйқасының а а б а түрінде жасалуы,
бунақ санының 4 + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Пәндер