Материалдық мәдениеттің дамуы



Жоспар

Кіріспе
Рухани мәдениеттің дамуы. Ғылым, дін
Түркі халықтарының тілі және жазуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Материалдың мәдениеттің дамуы ең алдымен еңбек құралдарын дайындаудан көрініс тапты. VI-VIII ғасырларда еңбек құралдарының негізгі түрлері көбіне темірден дайындалды. Қазіргі кездің өзінде темір кенін өндірудің ежелгі орындары аса терең емес үңгірлер мен забойлар түрінде сақталған. Ежелгі металлургияның дамуы ұсталық өнердің - теміршіліктің өсуіне ықпал етті. Кәсіби ұғым «темірші» - ұсташебер VI ғасырдан бастап белгілі бола бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда қалаларда ұсталық өнер үлкен деңгейге жетті. Құрал-жабдықтар, металл саймандар және әсемдік бұйымдар жасау қолөнершілік сипатта болды. Бидайды, әсіресе тарыны ұнтақтау үшін ағаш «келі» қолданылды. XI ғасырда бидай тарту үшін тек қалақтары үлкен қол диірмендер ғана емес, су ағысымен-қозғалатын үлкен диірмендер де кеңінен қолданылды. Егін шаруашылығы және құрылыс ісімен кетпен, қайла, күрек тәрізді құралдарды дайындау байланысты болды. Темірден қару-семсерлер, қылыштар, қанжарлар, сауыттар, сүңгілер, жиналмалы садақтар мен жебе ұштары дайындалды.
Материалдың мәдениеттің дамуы тұрғын үй мен үй жиһаздарында да орын алды. VI-XII ғасырларда жазғы үйдің екі түрі болды: киізбен жабылған киіз үй және дөңгелектер үстіне орнатылған үй. Олардың құрылысы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы болды. Киіз үй дөңгелек формалы, керегелер мен уықтардан, шаңырақтан тұрса, дөңгелектер үстіне орнатылған жылжымалы үйдің жабындылары аса көркемділігімен, байлығымен ерекшеленді. Оның үстін оюлы киізбен, түрлі-түсті жібекпен жабатын болған. Жылжымалы үйлер байлардың меншігі еді. Қысқы үйлер саздан, шымнан, орманды жерлерде кесілген ағаштан дайындалды. Қысқы үйдің едені қамыспен, шимен жабылып, оның үстіне киіз төселді.
Ежелгі Қазақстан халықтарының тұрмыстық үй жиһаздары болып ағаш кереует (төсағаш), бағалы заттар мен киім сақтайтын сандықтар, сырмақ көрпелер, үлкен дөңгелек үстел, бесік саналды. Сонымен қатар, ет тағамдары көп пайдаланғандықтан металл қазан кең қолданылды. Х-ХІ ғасырларда қазанды шойыннан дайындайтын болған. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында тоқымашылық өнері жақсы дамыды. Феодалдық қатынастардың дамуы ауылдық жерлердегі табиғи шаруашылықтың әлсіреуіне әкеліп соқты. Бірте-бірте құмырашылардың, әйнек үрлеушілердің, зергерлердің, қару-жарақ шеберлерінің, ұсталардың, ағаштан және тастан ою оюшылардың тауарларына сұраныс өсе бастады. Ортағасырлық керамикалық ыдыс-аяқтар, кеселер, табақтар, құмыра пештерінде күйдірілді. Мұндай пештер Отырар, Ақтөбе, Тараз, Сарайшық қалаларының орнын қазу кезінде табылды. Қазақстан қалаларында жасыл, көк, сары, қызғылт түстерге боялған әйнек өндірісі жақсы дамыды. Зергерлік өнер үлкен жетістіктерге жетті. Қала орындарын қазу кезінде әдемі әйнектердің, жартылай бағалы тастардың бай жиыны, алқалар, қоладан, күмістен, алтыннан дайындалған бұйымдар табылды. Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Ақтөбе қаласының орнын қазу кезінде табылған бұйымдардың үлкен тарихи маңызы бар. Қазақтың мемлекеттік университетінің профессоры Шалекенов басқарған археологиялық экспедициясы бұл жерден балғалар, қысқаштар, күмістелген, алтындалған қасықтар тапты. Ақтөбе үш бөліктен - қорғаннан, шахристаннан және рабадтан тұрған. Ол V-XII ғасырларда Түрік, Қарлүқ, Қарахан және Қара-қытай мемлекеттерінің гүлденген кезінде өмір сүрген. Отырар қаласынан әсемдік бұйымдардың жиыны табылды. Бүл сегіз ңырлы бастары бар ңола білезік, өте әдемі қола шекелік, араб жазуы жазылған көркем белдік. Бұйымдарды дайындауға сүйек пен мүйіз кеңінен қолданылды. Сүйектен жасалған тұмарлар, пышақ сабы, ойын сүйектері, түйреуіштер, түймелер дайындалды. Жоғары сапалы керамика, металдан, қымбат бағалы тастардан, перламутрдан, нефриттен және айнадан істелген бұйымдар елдер арасындағы саудада айырбас құралы ретінде қолданылды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Спиркин А.Г. Философия. Оқулық. М., 2000.
2. Философия. Оқулық. Губин В.Д. М., 1996.
3. Философиялық сөздік. М., 1996.
4. Кішібеков Д., Сыдыков Ү. Философия. А., 2000.
5. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Материалдық мәдениеттің дамуы
Жоспар

Кіріспе
Рухани мәдениеттің дамуы. Ғылым, дін
Түркі халықтарының тілі және жазуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Материалдың мәдениеттің дамуы ең алдымен еңбек құралдарын дайындаудан көрініс тапты. VI-VIII ғасырларда еңбек құралдарының негізгі түрлері көбіне темірден дайындалды. Қазіргі кездің өзінде темір кенін өндірудің ежелгі орындары аса терең емес үңгірлер мен забойлар түрінде сақталған. Ежелгі металлургияның дамуы ұсталық өнердің - теміршіліктің өсуіне ықпал етті. Кәсіби ұғым темірші - ұсташебер VI ғасырдан бастап белгілі бола бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда қалаларда ұсталық өнер үлкен деңгейге жетті. Құрал-жабдықтар, металл саймандар және әсемдік бұйымдар жасау қолөнершілік сипатта болды. Бидайды, әсіресе тарыны ұнтақтау үшін ағаш келі қолданылды. XI ғасырда бидай тарту үшін тек қалақтары үлкен қол диірмендер ғана емес, су ағысымен-қозғалатын үлкен диірмендер де кеңінен қолданылды. Егін шаруашылығы және құрылыс ісімен кетпен, қайла, күрек тәрізді құралдарды дайындау байланысты болды. Темірден қару-семсерлер, қылыштар, қанжарлар, сауыттар, сүңгілер, жиналмалы садақтар мен жебе ұштары дайындалды.
Материалдың мәдениеттің дамуы тұрғын үй мен үй жиһаздарында да орын алды. VI-XII ғасырларда жазғы үйдің екі түрі болды: киізбен жабылған киіз үй және дөңгелектер үстіне орнатылған үй. Олардың құрылысы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы болды. Киіз үй дөңгелек формалы, керегелер мен уықтардан, шаңырақтан тұрса, дөңгелектер үстіне орнатылған жылжымалы үйдің жабындылары аса көркемділігімен, байлығымен ерекшеленді. Оның үстін оюлы киізбен, түрлі-түсті жібекпен жабатын болған. Жылжымалы үйлер байлардың меншігі еді. Қысқы үйлер саздан, шымнан, орманды жерлерде кесілген ағаштан дайындалды. Қысқы үйдің едені қамыспен, шимен жабылып, оның үстіне киіз төселді.
Ежелгі Қазақстан халықтарының тұрмыстық үй жиһаздары болып ағаш кереует (төсағаш), бағалы заттар мен киім сақтайтын сандықтар, сырмақ көрпелер, үлкен дөңгелек үстел, бесік саналды. Сонымен қатар, ет тағамдары көп пайдаланғандықтан металл қазан кең қолданылды. Х-ХІ ғасырларда қазанды шойыннан дайындайтын болған. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында тоқымашылық өнері жақсы дамыды. Феодалдық қатынастардың дамуы ауылдық жерлердегі табиғи шаруашылықтың әлсіреуіне әкеліп соқты. Бірте-бірте құмырашылардың, әйнек үрлеушілердің, зергерлердің, қару-жарақ шеберлерінің, ұсталардың, ағаштан және тастан ою оюшылардың тауарларына сұраныс өсе бастады. Ортағасырлық керамикалық ыдыс-аяқтар, кеселер, табақтар, құмыра пештерінде күйдірілді. Мұндай пештер Отырар, Ақтөбе, Тараз, Сарайшық қалаларының орнын қазу кезінде табылды. Қазақстан қалаларында жасыл, көк, сары, қызғылт түстерге боялған әйнек өндірісі жақсы дамыды. Зергерлік өнер үлкен жетістіктерге жетті. Қала орындарын қазу кезінде әдемі әйнектердің, жартылай бағалы тастардың бай жиыны, алқалар, қоладан, күмістен, алтыннан дайындалған бұйымдар табылды. Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Ақтөбе қаласының орнын қазу кезінде табылған бұйымдардың үлкен тарихи маңызы бар. Қазақтың мемлекеттік университетінің профессоры Шалекенов басқарған археологиялық экспедициясы бұл жерден балғалар, қысқаштар, күмістелген, алтындалған қасықтар тапты. Ақтөбе үш бөліктен - қорғаннан, шахристаннан және рабадтан тұрған. Ол V-XII ғасырларда Түрік, Қарлүқ, Қарахан және Қара-қытай мемлекеттерінің гүлденген кезінде өмір сүрген. Отырар қаласынан әсемдік бұйымдардың жиыны табылды. Бүл сегіз ңырлы бастары бар ңола білезік, өте әдемі қола шекелік, араб жазуы жазылған көркем белдік. Бұйымдарды дайындауға сүйек пен мүйіз кеңінен қолданылды. Сүйектен жасалған тұмарлар, пышақ сабы, ойын сүйектері, түйреуіштер, түймелер дайындалды. Жоғары сапалы керамика, металдан, қымбат бағалы тастардан, перламутрдан, нефриттен және айнадан істелген бұйымдар елдер арасындағы саудада айырбас құралы ретінде қолданылды.

Рухани мәдениеттің дамуы. Ғылым, дін

Қазақстан аймағында Х-ХІІ ғасырларда қалыптасқан тарихи ахуал Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің көтерілуіне себепші болды. Мемлекеттің қалыптасуы мен сауданың дамуы жазудың өркендеуіне ықпал жасады. Осы кезеңде түрік қағандарының Византия және Иранмен дипломатиялық хат алмасуы жақсара бастады. Жазу орхон және үйғыр әліппелерінің негізінде дамып, Еуропа халықтарының сына жазуларын еске салды. Қазақстан мен Орта Азияның аймағын-да біздің еліміздің халықтарының тарихы мен мәдениетін оқып-үйренуде үлкен маңызы бар аса бағалы эпиграфиялық ескерткіштер табылды. Жазу материалы үшін тастан басқа, түсті металл, сүйек, тері және жібек қолданылған. Қазақстан халықтары мен тайпалары орхон және ұйғыр жазуларынан басқа, сирия әліпбиін, кейінірек араб жазуын пайдаланған.
Жазба деректер растағандай, VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары арасында ауыз әдебиеті - фольклор кең тараған. Ауыз әдебиеті халықтың мұң-мұқтажын, туған өлкеге, бостандыққа махаббатын, жауға өшпенділігін бейнелеген.
Ортағасырлық ойшылдардың бірі Қорқыт болды. VIII ғасырда Сырдария өңірін мекендеген оғыз-қыпшаң тайпалары арасында оның есімі кең тараған. Ол жаужүрек батыр, атақты ақын, қобызда шебер ойнаған күйші, көптеген аңыздар мен әпсаналардың кейіпкері ретінде халық санасында берік сақталды. Деректер Қорқыттың тайпа көсемі болуымен қатар, үш ханның кеңесшісі болғанын да дәлелдейді. Халық арасында осы уақытқа дейін Қорқыт жайында аңыздар сақталған. Жер бетінде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды өмір бақи іздеумен қатар, өлімді мойындамаған осынау ғұлама, ізгі арманы орындалмағасын, өз бақытын қобыз сарынынан іздеп, көптеген күйлер шығарған. Қорқыт баба күйлері біздің заманымызға дейін жеткені өз алдына, оларды музыкалық оқу орындарының оқу бағдарламасына енгізіп, жастарға білім және тәрбие беруге кеңінен қолданып келеді. Қорқыт өз артына музыкалық шығармалармен қатар, Китаби дедем Коркуд (Қорқыт ата кітабы) атты кітабын қалдырды. Бұл кітапта ІХ-Х ғасырлардағы Оғыз мемлекеті халқының өмірі, дәстүрлері, салттары, түркі халықтарының тарихы әңгіме болады. Бұл ортағасырлық тарихи-этникалық шығарма болып табылады.
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан түркітілдес ғалымдардың, әдебиетшілердің және ақындардың үлкен бір шоқжұлдызы өз еңбектерін халықаралық ғылыми тіл болған араб тілінде жазған еді.
Қазақстаннан шығып, мұсылман шығысында Екінші мұғалім атанған энциклопедист-ғалым, философ Әбу Насыр Ибн Мұхаммед әл-Фарабидің ғылыми шығармашылық еңбегі X ғасырға тұспа-тұс келеді. Әл-Фараби 870 жылы түркі отбасында Фараби (Отырар) қаласында дүниеге келіп, 950 жылы Дамаскіде қайтыс болған. Қол-өнер және ғылымның алғашқы негіздерін Отырардағы Медреседен алған. Бағдад қаласында Әбу Насыр ежелгі грек философиясы, математика, логика, медицина, музыка және тіл салаларынан терең білім алады. Әсіресе, ол грек ойшылы Аристотель еңбектерін құныға оқыған. 941 жылдан бастап Дамаскіде және Халеб қалаларында тұрған ғалымға сол жердің әміршілері мейлінше қолдау көрсеткен. 1980 жылдары Алматы қаласында жарық көрген әл-Фарабидің негізгі еңбектері философиялық, математикалық, әлеуметтік-этикалық, логикалық трактаттар, сонымен қатар ғылым және ақыл-ой туралы трактаттар болып табылады. Осы аз ғана тізімнің өзінен-ақ әл-Фарабидің ғылыми ынтасының қаншалықты кең әрі алуан түрлі болғанын аңғаруға болады. Философия саласында әл-Фараби идеалистік көзқараста бола тұрып, бірқатар материалистік идеяларды ұсынды, жоғары әлемнің бар екенін, оны түйсік арқылы сезіну мүмкіндігін мойындады, Фараби ақыл-ой туралы ілімге, ғылымның әдіснамалық проблемаларына, жаратылыстың-математикалық зерттеулерге, музыканың физикалық-математикалық теориясына, сондай-ақ геодезия мен архитектураның математикалық негіздеріне ерекше мән берді.
Фарабидің адам қоғамының пайда болуы, мемлекеттік құрылыс туралы, қоғамдағы адамгершілік факторлардың маңызы жайлы идеялары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Фараби - философия, тіл білімі, логика, психология, математика, география, этика, метафизика, музыка, т.б. ғылым салалары бойынша 150-ге жуық трактаттар жазған ғұлама. Қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда, бұл еңбектердің 60-қа жуығы сақталған.
Әбу Насыр Аристотельдің (б.д.д. 384-322 жж.) философиялық еңбектерін аса құштарлықпен оқып-үйренді. Оның Метафизика, Жан туралы, Аналитика, Категориялар деген кітаптарының мәнін ашып түсіндіріп, Аристотель мұраларының кіршіксіз тазалығы жолында күресті. Мұны Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми ерліктерінің бірі деуге болады. Ол Аристотельдің болмыс, табиғат, барлық заттардың негізі алғашқы материя жөніндегі көзқарастарын одан әрі дамытты, әрі өз тарапынан Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Ғылымдардың шығуы дейтін еңбектерін жазды. Оның философиялық көзқарастары Логикаға кіріспе, Ақыл мен түсінік, Логика жайлы трактат деген зерттеулерінде одан әрі терең шешімін тапқан.
Фарабидің пікірінше, адамзат қоғамы әр алуан қалалардан тұрады. (Бұл жерде қалаларды -тап, адамдар тобының түрлі жіктері деп түсіну керек). Оларды Жақсылық қаласы, Надандар қаласы, Платонмен Аристотель көзқарастары арасындағы ұқсастық, Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары, Азғындар қаласы, Адасқандар қаласы, Опасыздар қаласы, Пасықтың бейшаралық қаласы, Мансапқорлар қаласы деп жіктейді.
Әл-Фарабидің атақты еңбектерінің бірі - Ғылымдар энциклопедиясы. Мұнда ол математикаға үлкен мән берді. Әл-Фарабидің аса зор талантын паш еткен еңбектері Альмагеске қосымша кітабы мен Альмагеске түсініктемесі еді. Мұның алғашқысында автор Птоломейді Альмогесінде қамтылған көп мәселелерді математика тілімен қайта баяндаған. Кітаптың 14 тарауын тригонометрияға арнайды да, синус, косинус, тангенс, котангенстерді дөңгелек ішінде қарастырады. Зерттеудің қалған 46 тарауында математикалық астрономия мен математикалық географияның күрделі мәселелері талданады.
Фараби сонымен бірге, тіл мен әдебиеттің теориялық, практикалық мәселелеріне де көп назар аударған ғалым. Оның Сөз бен әріп туралы, Жазу өнері туралы, Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы, Өлең ырғағы хақында, Поэзия негіздері деген еңбектері тілдің, поэзияның ішкі заңдылықтарын, олардың өзара сәйкестік байланыстарын ашуға бағышталған құнды туындылар. Фараби бұл еңбектерін өзі жетік білетін араб, парсы, түрік, көне грек, латын тілдерінің ерекшеліктері негізінде жазды.
Оның сонымен бірге, Аристотельдің Бірінші аналитика, Екінші аналитика, Софистика деп аталатын логикалық шығармаларының мән-мағынасына түсініктемелер жазумен қатар, Логикаға кіріспе, Ақыл мен түсінік, Жантуралы, Логика жайлы трактат сияқты логика ғылымын ілгері апарған еңбектері де болды.
Китаб әл-мусикаәл-кабир (Музыканың ұлы кітабы) кітабында ол музыканың акустика мәселелерін барынша кең қарастырып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т.б. ерекшеліктері хақында алғаш ғылыми түсінік береді. Музыканың тәжірибелік әрі теориялық негізін қалады. Оның физикалық, математикалық заңдылықтарын музыка аспаптарында пайдалану жолдары мен әдістерін көрсетіп берді.
Ұлы ғалымның еңбектері ғасырлар бойы зиялы қауымдар арасында кеңінен мәлім болған. Шығыс пен Батыстың көп оқымыстылары оның мұраларынан үйреніп, тәлім-тәрбие алып, ғибрат, өнеге көрген, өздерінің ғылыми жұмыстарына тірек тұтқан. Оның энциклопедиясы XV-XVI ғасырларға дейін білімпаздар мен шәкірттердің қолынан түспес кітап болды.
Қорыта айтңанда, дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы, асқан ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби - артына мол мұра қалдырған оқымысты.
1970 жылы Қазақстанның ғылыми жұртшылығы әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуын атап өтті. Сөйтіп, мың жылдан кейін өз даңқын Шығыста да, Батыста да шығарған ғалым аты әкесінің туған өлкесіне оралды. Бұл маңызды мәселені жүзеге асыруда әл-Фарабидің ғылыми еңбектерін ерінбей, жалыңпай, асқан жанқиярлықпен жинаған, зерттеген, бастырған, сонымен қатар ұлы ғалымның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ
Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы
Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі
Мәдениет морфологиясы туралы
Мәдениетті философия тұрғысынан зерттеу
Адам және мәдениет
Жеке адам мәдениеттің объектісі
Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс
Қоғамның мәдени-рухани дамуы мәдениет — қоғамдық құбылыс
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Пәндер