Бірінші ретті эталондар



ЖОСПАР:

І.КІРІСПЕ
1. Физикалық шама бірлігінің эталоны
2.Қазақстан Республикасының эталондық базасы.
3. Мемлекеттік уақыт бірлігі
4.1 • 10.6 ÷ 1 Гн ауқымдағы индуктивтілік бірлігінің мемлекеттік эталоны
5.рН шкаланың мемлекеттік бастапқы эталоны
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І.КІРІСПЕ
Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді.
Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады.
Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:
- алғашқы реттік – бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;
- арнайы – бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;
- мемлекеттік – бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;
ІІІ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

http://portal.vkgu.kz:1010/2272/mazmuni.htm

http://www.shop.memst.kz/kz/index.php

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І.КІРІСПЕ
1. Физикалық шама бірлігінің эталоны
2.Қазақстан Республикасының эталондық базасы.
3. Мемлекеттік уақыт бірлігі
4.1 · 10-6 1 Гн ауқымдағы индуктивтілік бірлігінің мемлекеттік эталоны
5.рН шкаланың мемлекеттік бастапқы эталоны
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І.КІРІСПЕ
Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді.
Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады.
Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:
- алғашқы реттік - бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;
- арнайы - бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;
- мемлекеттік - бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;

1.Физикалық шама бірлігінің эталоны
Физикалық шама бірлігінің эталоны деп бірліктердің дұрыс қайталанымдылығына және оларды сақтауға арналған өлшем құралдарын айтады. Шама бірлігі эталондарының көмегімен дәлдігі төмен өлшем құралдарына бірліктердің размерлері беріледі. Масса бірлігі - килограмның эталоны болып №12 платина - иридий таразы тасы саналады. Ол диаметрі мен биіктігі 39 мм болатын тік цилиндр. Ұзындық бірлігі - метрдің эталоны уақыт бірлігімен (секундпен) анықталады, себебі 1983 жылы өткен Өлшем және Таразы туралы XVII - халықаралық конференцияда қабылданған метрдің жаңа анықтамасы бойынша, 1 метр секундтың 1299792458 бөлігінде жарықтың вакуумде жүріп өткен жолының ұзындығына тең. Сондықтан уақыт, жиілік және ұзындықтың бірліктері бәріне бірдей ортақ техникалық комплекспен, яғни уақыт, жиілік және ұзындықтың мемлекеттік эталонымен анықталады. Уақыт бірлігі - секундтың эталоны ретінде цезий - 133 атомының негізгі күйінің ең жіңішке екі деңгейі арасындағы ауысуларға сәйкес сәулеленудің 9192631770 - ке тең тербеліс жасайтын уақыт аралығы алынады. Зат мөлшері бірлігі - мольдің эталоны 0,012 г көміртек - 12 атомдарының санына тең атомдары бар жүйенің мөлшері. Электр тогы күшінің бірлігі - ампердің эталоны вакуумде бір - бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, ұзындығының шегі жоқ, көлденең қимасының ауданы өте аз екі параллель өткізгіш сым арқылы өткенде өткізгіштің әрбір 1 м бөлігінде 2 ∙ 10-7 Н күш туғызатын токтың күші. Температура бірлігі - кельвиннің эталоны судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1273,16 бөлігі. Энергия бірлігі - джоульдың эталоны массасы 2 кг, қозғалыс жылдамдығы 1 мс дененің, немесе массасы 1 кг, қозғалыс жылдамдығы 2 мс дененің кинетикалық энергиясы.
Бірліктерді өте жоғары дәлдікпен көрсететін эталондарды біріншілік эталондар деп атайды. Оларға, мысалы, платина - иридий түп нұсқасы мен эталондық таразылар арқылы алынған масса бірлігі - килограмды анықтауға арналған өлшем құралдарының жиынтығы жатады.
Халықаралық СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің көшірмесі орталықтандырылған түрде мемлекеттік эталондардың көмегімен жасалынады.
Метрологиялық жұмыстарда екіншілік эталондар көп қолданылады. Олардың мәндері біріншілік эталондар бойынша анықталады. Екіншілік эталондар жергілікті мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін және мемлекеттік эталондардың сақталынуы мен тозбауын қамтамасыз ету үшін жасалынады. Екіншілік эталондар өздерінің метрологиялық қызметтері бойынша эталон - көшірме, эталон - салыстырма, эталон - куә және жұмысшы эталондар болып бөлінеді.
Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді.
Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады.
Эталон - куә мемлекеттік эталонның сақталуын тексеру үшін немесе мемлекеттік эталон бұзылған және жоғалған жағдайда оның орнына пайдалану үшін қолданылады.
Жұмысшы эталон бірліктерді сақтау үшін, олардың размерлерін өлшемнің үлгілік құралдарына, ал қажет болған жағдайда өте дәл өлшемдер мен өлшем аспаптарына беру үшін қолданылады.
Ұлттық эталондармен қатар, халықаралық эталондар бар, олар Халықаралық Өлшем және Таразы бюросында сақталады. Халықаралық бюро қызметінің бағдарламасы бойынша әр елдің өте ірі метрологиялық лабораторияларындағы ұлттық эталондар бір - бірімен және халықаралық эталондармен салыстырылып отырылады.

2.Қазақстан Республикасының эталондық базасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан метрология институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚазМетрИн РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер, метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады. Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық эталон және эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады.
ҚазМетрИн РМК-да құрылған Мемлекеттік эталондар және ғылыми зерттеулер орталығы физика-химиялық өлшеулер, электрлік өлшеулер, механикалық және оптика-физикалық өлшеулер зертханаларынан тұрады.
Зертханаларда физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан метрология қызметтердің бастапқы эталондарына беру жұмыстары, мемлекеттік эталондарды жаңарту, қамтамасыз ету және зерттеу жұмыстары атқарылады және халықаралық ғылыми метрологиялық институттардың эталондарды салғастыру жұмыстарына қатысады.
Өлшем құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің күмәнді нәтижелерінен азаматтарды және экономиканы қорғау мақсатында Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңымен типін бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынау жүргізу және мемлекеттік метрологиялық қызметін метрологиялық аттестаттау қарастырылған. Типін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестаттау сыналатын өлшем құралдарының қауіпсіздік талаптары мен қызметтік тағайындалуына сәйкес қалыпты және төтенше пайдалану жағдайында өлшем құралдарының нақты сипаттамаларын анықтау үшін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына физика-химиялық өлшемдер және сұйықтар мен газдардың шығыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшем бірліктерінің теориясы
Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы мәлімет
Өлшемдер шамаларыныц эталондары
Байыту фабрикалар мен мыс қорыту зауыттарында спектрлік әдіспен өнімдердегі ренийді анықтау әдістемесін өңдеу
Бір ретті жаңама өлшемдер нәтижелерін өңдеу
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
Метрологияның негізгі ұғымдары
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Пәндер