Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай балабақшадағы серуенді ұйымдастыру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ БАЛАБАҚШАДАҒЫ СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда қысқы серуеннің тигізетін рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІ БӨЛІМ. БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕН КЕЗІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕКТІ ӨТКІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1. Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Жалпы дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Спорттық жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4. Спорттық ойын элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.5. Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді ; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.
Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді. Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де , бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
6. «Кел, ойнайық» (Әлем балаларының ойындары). Құрастырған және аударған Қ. Толыбаев. - Алматы: Өнер, 1990.
7. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
8. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
9. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
10. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.
11. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.
12. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ БАЛАБАҚШАДАҒЫ СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда қысқы серуеннің тигізетін рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІ БӨЛІМ. БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕН КЕЗІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕКТІ ӨТКІЗУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1. Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Жалпы дамыту жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. Спорттық жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4. Спорттық ойын элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.5. Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру - экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді ; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.
Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол - байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді. Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. Жүз рет естігеннен де , бір рет көрген артық деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ БАЛАБАҚШАДАҒЫ СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама

Алты жаста балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, нысананы көздеп заттарды дәл лақтыруды сенімді орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
Алты жаста саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.
Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен сипатталады.
5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам алты жастағы бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты себебі - өзара түсіністік пен әсерлену.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол ересектерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.
Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Тұлғалық мотив жетекші мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады
Бес жастағы кезең мектеп жасына дейінгі баланың құрбы-құрдастарымен (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрлі қарым-қатынасының бір мезгілде байқалуымен сипатталады. Ересектерге қарағанда құрдастары бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу немесе ойын іс-әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және ересектердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста ересектердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.
5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.
Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды.
Бұл кезеңнің жаңа құрылымы - мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі: мінез-құлықта импульсивтік және ашықтық пайда болып, тәртіп нормалары мен қағидаларында көрінеді, дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі еркін ұстай білу дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау керек? деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу т.б.) де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен келісуге, тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға болады.
Рөлге бөлінетін ұжымдық ойын арқылы балалар іс-әрекетті жоспарлауға және жүйелілігін сақтауға, жағдайлардың демеуші ықпалын және қалыптасқан әсерлерін жеңуге қабілетті болады. Саналы әрекеттер жасау қабілеті пайда болады. Ересектердің іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы балаларға түсінікті бола бастайды.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Жалпы алып қарағанда бұл құбылысты сыртқы мінез-құлқын анықтай бастайтын баланың ішкі психикалық жан-дүниесі, ойындағы әрекеттер жоспары деп тануға болады.
Нақты мақсат қалыптаса бастайды. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады, өз ойымен іс-әрекет жасауға қабілетті. Осы құбылыстар баланың психикалық дамуында - қатынас, таным, еркіндік, мотивациялық салаларында көрініс табады және бекітіледі.
Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде ересектердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы баланың түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Бес жастағы кезеңде өзін ерекше бағалап, өзінің мен-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды. Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Ересектер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.
Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.
Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небәрі көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған.
Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы елестете білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.
1.2. Серуен және оны ұйымдастыру жолдары

Серуен - әр күн тәртібіндегі орны ерекше шара.
Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, оның сезімінің көптүрлі, ашық болуын қамтамасыз етеді.
Бала табиғат дыбыстарын тыңдай отырып, өзін жаңалық ашқыш жан ретнде тануына көмегін тигізеді. Ол шегірткенің, торғайдың шырылын естіп, қардың ұсақ ұлпалардан, таңғажайып суреттен тұратындығын өзі ғана бірінші сезгендей, ал бұлбұл құс тек өзіне ән салып тұрғандай қабылдайды.
Табиғатпен таныса жүріп, бала байқампаз, сақ, аңғарымпаз болуға үйренеді. Сәбимен жануарлар мен өсімдіктер туралы, машиналар мен адамдар туралы, ауа-райы құбылыстары туралы сөйлесе жүру керек.
Балабақшадағы серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек және дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін-бірі толықтырады. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады.
Балабақшада серуен дайындықсыз өткізілмеуі тиіс. Олар танымдық мақсатқа құрылып, қызықты өткізілуі керек.
Тәрбиеші жоспарлау барысында ақпараттық материалды кеңінен қолданғаны жөн. Олар төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:
:: балалардың ой-өрісін кеңейту;
:: алған білімді ойын және ауа-райын дербес бақылау уақытында қолдана білуге үйрету;
:: шығармашылық қиялын, фантазиясын, есте сақтауын, зейінін, тілін дамыту;
::табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қолдау;
::ересектер мен серіктерін мұқият тыңдай білуге тәрбиелеу;
::туған табиғатты сүюге тәрбиелеу;
::алғашқы экологиялық түсініктерін қалыптастыру;
Серуеннің құрылысы. Кез-келген серуен балалардың түрлі іс- әрекеттерінен, атап айтқанда бақылау, жеке жұмыс, қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындар, еңбек, дербес ойыннан (немесе әрекеттен) тұрады.
Практикалық бөлік. Бірдей жас ерекшелік топтарында қызмет ететін тәрбиешілер бірнеше топқа бірігеді. Олар серуен бөліктерін ескере отырып жоспар құрады. Тәрбиешінің бақылау нысанына қатысты айтатын сөзі, ойналатын ойын, жеке жұмыстар толығымен ашылады. Педагогтар бір-бірін өз жобаларымен таныстырады.
Теориялық бөлік. Мектепке дейінгі балалар айнала қоршаған әлемге таңдана қарайды, алайда көп нәрсені байқамайды, кейде тіпті ең басты нәрсені де көрмеуі, байқамауы мүмкін. Егер тәрбиеші балаға көрсетіп, қызыққан затын түсіндіріп таныстырар болса бала көп нәрсені білер еді. Балабақшада мұндай мүмкіндікті ұйымдастырылған серуен береді. Әр серуен кезінде бала жаңа нәрсемен танысады, бұрынғыларын меңгереді.
Балаларды табиғатпен таныстыруда: өлі табиғат, тірі табиғат, өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі және табиғаттағы еңбекке мән берген жөн.
Серуен көркем сөз арқылы жүргізіледі. Сондықтан тақпақтар мен өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер қолдану серуенді ажарландыра түседі.
Практикалық бөлік. Қысқы серуенде көркем сөз қолдану.
Әр топтың 2 тәрбиешісі бірігіп осы кездегі жыл мезгіліне сәйкес табиғат құбылыстары туралы өлең-тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, халық даналығын айтады.
Теориялық бөлік. Серуен барысындағы қимылды ойындар мен қозғалыстар, балалардың денсаулығы мен өзін сезінуіне үлкен әсерін тигізеді. Ережеге бағынатын ойындарды қажетті атрибуттар қолдана отырып ойнату мінез- құлықтары әртүрлі болып келетін балаларды біріктіруге, ұжым болып достасып ойнауға мүмкіндік береді.
Практикалық бөлік. Педагогтар өздері серуен кезінде қолданатын нәтижелі ойындармен таныстырады.
Теориялық бөлік. Серуенді ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек.
1. Жер үлескісінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау
2. Серуенді балалардың денсаулығына нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану.
3. Балалардың киімі мен аяқ киімінің ауа-райына сай болуы.
4. Балаларға жекелей ықпал ету (әлсіз, шапшаң,қозғалысқа аз түсетін)
5. Балалардың қимыл-қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу.
6. Балалар өмірімен денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау.
7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде
а) серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау;
ә) серуеннің құрылысын сақтау;
б) баланың үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет.

1.3. Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну - танып білу - жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Серуен - мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Серуеннің мақсаты - бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:
Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;
Баланың қимыл белсенділігін арттыру;
Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.
Серуен түрлері (өтілу орнына қарай):
1. Балабақша аумағында;
2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін)
Балалар киіміне қойылатын талаптар:
Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек;
Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке;
Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт.
Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет.
Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет.
Серуеннің мазмұны
1. Бақылау;
2. Еңбекке баулу;
3. Қимыл белсенділігін арттыру: қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар;
4. Баламен жеке жұмыстар
5. Балалардың өз бетінше әрекеті
Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте (І кесте) арқылы талдау әдіскердің де, тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан - жақты ескеріп отырады. ІІ кестеде көрсетілгендей тараулар бойынша әдіскер серуенді талдағанда серуеннің барлық бөліктері ескеріледі. Серуен соңында қорытындыланып, ол қорытындымен тәрбиеші танысады және әдіскер ұсыныстар береді. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан - жақты дамуына ықпал етеді.

1.4. Балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыруда қысқы серуеннің тигізетін рөлі

Баланы тәрбиелеу үздіксіз жүргізілетін процесс.Балаларды тұлға ретінде жан-жақты гармониялық тәрбиелеу процесі серуен жағдайында да жүзеге асырылылады.
Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді,көңіл-күйлерін көтереді. Тәрбиеші киінген жарты топтың балаларымен серуенге шыға береді, өйткені балалар терлеп кетеді. Қалған балаларды тәрбиешінің көмекшісі киіндіріп шығарады. Қысқы уақытта серуен 2 рет өткізіледі, жалпы барлық ұзақтығы 3 сағатқа дейін.15 градустан төмен және желдің күші 7мс болса серуен қысқартылады. Егер температура 20 градустан төмен және желдің күші 15 мс болса серуен жүргізілмейді.Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатымен тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыстың басында топ учаскісін толық тексеріп шығу керек: сынған шыны, сым басқа да, зиянды заттар бомауына.Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру жұмысында тәрбиешінің көмекшісі участокта ойын орталығын дайындауға көмектеседі. Балалардың серуенге қызығушылықпен шығуы үшін, оларға әртүрлі қызмет жағдайын тудыру қажет.
Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау. Балалардың таза ауада серуенде айналаны қоршаған орта туралы толық жүйелі білімдерін толықтыру мақсатында участокқа орнатылған құрал-жабдықтардан басқа да, керекті көрнекіліктерді алып шығу керек; балалармен серуенде байқағыш, заттарды салыстыру қасиеттерін дамыту және қарапайым қорытынды шығарып үйрету мақсатында жұмыс жасалады.Күні бойы бұнда өзгерістер болып жатады.
Балалардың ішінен бұл өзгерісті кім бірінші байқайды екен? Тәрбиешінің ой-қиялына байланысты, қашанда да болсын бақылауға сылтау табады және балалармен жайылма түрінде әңгіме, тосын жағдаятты пайдаланып, желілі ойындар ойнатады, кейіпкерлерді пайдаланып сахналатып үйретеді. Әрбір топтың участогы күтілген, безендірілген тартымды болса, балалардың тұрақты көңіл-күйлері болып, серуенге шыққылары келіп тұрады. Серуенге керекті материалдың көптілігі, қанықтылығы серуенді одан да, қызықтырақ етеді.
Балалардың белсенді қозғалысына жағдай дасау. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі олардың белсенді және әртүрлі қимыл-қозғалысқа тұтынушылықтары. Әсіресе қысқы уақыттағы серуенге көп көңіл аударылады, өйткені балалардың киімдері қалың, қимыл-қоғалысқа ыңғайсыз. Әрбір топтың ойын алаңын қардан тазартып, балалардың емін - еркін жүруіне, жүгіруіне, ойнауларына жағдай жасалуы керек. Балабақша аумағындағы қардан жасалған әртүрлі құрылыстар, әшекей ғана болмай, балаларды қозғалыс ойындарына ынталандыратын ойын алаңы болып табылады.. Мысалы, қардан жасалған адамның себетіне қар лақтырып ойнау. Балалар қардан жасалған таудан сырғанап ойнағанды өте жақсы көреді.Бұндай ойындарды ойнау үшін дұрыс киіну керек; ыңғайлы, жеңіл киім балалардың қозғалуына ықпал етеді. Тәрбиеші қыс мезгілінде серуенді жоспарлағада балалардың тоңбауларын немесе терлемеулерін ескерулері керек ,өйткені бұл денсаулыққа қауіпті. Балалар әртүрлі ойын және дамыту қызметтері кезінде жақсы көңіл-күйде болады да, үлкендердің сөздеріне тез үн қатады, кей кезде керісінше серуеннің тез біткеніне налып сөз қайтарады.
Серуеннің құрылым компоненттері. Серуенде балаларды тәрбиелеу және дамытудың негізгі шарты біруақытта ақыл-ой және тәжірибелік іс-қимылдарды қатар меңгеру.Бұл тәрбиешінің алдын-ала жоспарлаған жүйелі түрде жүргізілген бақылауында ойдағыдай шешіледі. Серуендегі күнделікті бақылау балалардың табиғат әлемі туралы білімдерін толықтырады, адамдардың еңбектері туралы, бір-біріне деген қарым-қатынастары туралы, эстетика туралы біліп үйренеді. Сонымен, бақылау - серуеннің ең негізгі компоненті болып табылады. Балаларды шамасына қарай еңбекке баулу үлкендердің еңбегін бақылаумен бірге қоса жүргізіледі. Балалар үлкендердің еңбек процесіне араласып бірге істегенге ұмтылады,қорытындысына қуанып шаттанады. Сонымен, балалардың еңбекке деген іс-қимылдары да, серуеннің құрылымының компоненті болып табылады. Әрқашанда балалардың алаңда әрқайсысы әртүрлі іс-қимыл жасайтындарын ескеру қажет. Дидактикалық тапсырманы орындау барысында,қозғалмалы ойынға белсенді беріле қатысқанда бала жақсы қорытындыға жетеді. Әлбетте, қозғалмалы ойындар, ойын жаттығулары,сонымен қатар дидактикалық тапсырмалар серуеннің міндетті компоненті болып табылады.
Серуеннің құрылым компоненттері:
1. Бақылау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫМЫ
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Балаларды зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістерін анықтау
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі
Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары
Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Пәндер