Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі



Жоспар

1. Қазақстанның партия ұйымдарын орталықтандыру.
2. 1936 жылғы Конституция.
3. Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері.
4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамдық.саяси жағдай
5. Халық шаруашылығы (1945—1953 жылдары)
6. Ядролық сынақ алаңдары (Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал мен Балқаштың өзекті мәселелері).
1. Қазақ Кеңес автономиялық республикасын құру жөніндегі дайындык жұмыстарына байланысты Қазақстанның партия ұйымдарын Өлкелік партия ұйымына біріктіру міндеті тұрды.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы облыстар әкімшілік тұрғыдан Қырревкомына (Қазревком), ал облыстық партия комитеттері Өлкелік және көрші облыс партия ұйымдарына бағынатын болып шешілді. Қазақстандық (кеңестік) конференция (1920 жылы 8—11 қаңтар, Ақтөбе) коммунистік фракция талқылаған міндеттердің бірі - Қазақстанда РК(б)П бірыңғай орталығын ұйымдастыруға арналды.
РК(б)П-ның ОК-і ұйымдастыру бюросының шешімімен 1920 жылдың 30 сәуірінде РК(б)П-ның Қырғыз облыстық бюросы (Қыроблбюро) құрылды. Оның құрамына жеті адам сайланды.
Бұл кезде өлкеде (оңтүстік облыстардан басқа) мыңнан астам партия ұялары болды.
Қырревком төрағасы сонымен бірге өлкедегі партия ұйымын басқарды. Партия және мемлекеттік қызметті бір қолға жинақтау ісі жургізіле басталды. Орталық Қазақстан басшылығында жергілікті халықтан шыққан коммунистер өз өлкесінің мүддесін сөз етуге тырысты. Т.Рысқұлов Түркістан КП Мұсылмандық Бюросының төрағасы ретінде Түркістан Компартиясын Түркі халықтарының коммунистік партиясы деп өзгертуге ұсыныс жасады. Бұл пікір қате деп табылды.
1920 жылдың 25 тамызында РК(б)П ОК-і Қыроблбюроның жаңа құрамын бекітті. Қырревком мен Қыроблбюроның төрағасы болып В.А.Радус-Зенькович бекітілді. Кейін ол Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесін басқарды.
2. 1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституциясының жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.
Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді, Конституция Кеңес өкіметін өтпелі саяси форма емес, социализм жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі туралы тезис мықты мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі Екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.
Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.
Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і одақтық республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымеп, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917-1936 жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан тарихы (Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін) Ү том. Алматы, 1997 ж.
2. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 2-кітап. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен 2003 жылға дейін. – Алматы. «Білім», 2004 ж.
3. Кан. Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы, 2002 ж.
4. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана, 2010 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы
Коммунистік партияның қызметі.

Жоспар

1. Қазақстанның партия ұйымдарын орталықтандыру.
2. 1936 жылғы Конституция.
3. Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері.
4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай
5. Халық шаруашылығы (1945—1953 жылдары)
6. Ядролық сынақ алаңдары (Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал мен Балқаштың өзекті
мәселелері).

1. Қазақ Кеңес автономиялық республикасын құру жөніндегі дайындык
жұмыстарына байланысты Қазақстанның  партия ұйымдарын Өлкелік партия
ұйымына біріктіру міндеті тұрды.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы облыстар әкімшілік тұрғыдан
Қырревкомына (Қазревком), ал облыстық партия комитеттері Өлкелік және көрші
облыс партия ұйымдарына бағынатын болып шешілді. Қазақстандық (кеңестік)
конференция (1920 жылы 8—11 қаңтар, Ақтөбе) коммунистік фракция талқылаған
міндеттердің бірі - Қазақстанда РК(б)П бірыңғай орталығын ұйымдастыруға
арналды.
РК(б)П-ның ОК-і ұйымдастыру бюросының шешімімен 1920 жылдың 30
сәуірінде РК(б)П-ның Қырғыз облыстық бюросы (Қыроблбюро) құрылды. Оның
құрамына жеті адам сайланды.
Бұл кезде өлкеде (оңтүстік облыстардан басқа) мыңнан
астам партия ұялары болды.
Қырревком төрағасы сонымен бірге өлкедегі партия  ұйымын басқарды.
Партия және мемлекеттік қызметті бір қолға жинақтау ісі жургізіле
басталды.  Орталық Қазақстан басшылығында жергілікті халықтан шыққан
коммунистер өз өлкесінің мүддесін сөз етуге тырысты. Т.Рысқұлов Түркістан
КП Мұсылмандық Бюросының  төрағасы ретінде Түркістан Компартиясын Түркі
халықтарының коммунистік партиясы деп өзгертуге ұсыныс жасады. Бұл пікір
қате деп табылды.
1920 жылдың 25 тамызында РК(б)П ОК-і Қыроблбюроның жаңа құрамын
бекітті. Қырревком мен Қыроблбюроның төрағасы болып В.А.Радус-
Зенькович бекітілді. Кейін ол Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесін
басқарды.
2.  1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына
бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституциясының
 жобасы дайындалды. 1936  жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы
бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын
бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.
Жаңа негізгі  заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар
құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық  бөлінісіне өзгерістер енгізілді,
Конституция  Кеңес өкіметін  өтпелі саяси форма емес, социализм
жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде
бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі
туралы тезис мықты мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды.
Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі Екінші
дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.
Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру
енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау
қойылған және партияның өзі ұсынған бір
кандидатқа дауыс беру практикасын о рнату барысында бұл жаңа енгізілімдер
мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды
сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі
алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана
орындады.
Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і
одақтық республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа
да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні
Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық
Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі
қорытындылары, ең алдымеп, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды.
Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917-1936 жылдар КСРО-да экономикалық және
әлеуметтік-мәдени өзгерістердің нак ты нәтижелеріне сүйенді.
Мәдени-рухани салада - қоғамдық өмірдегі КОКП-ның жетістіктерін
көрсету бағытында социалистік реализм қағидаларын орнықтыру жүріп жатты.
Қазақ КСР-і қатардағы басқа да республикалардың бірі ретінде, сол баяғы
автономиялық кезіндегіден артық өзгешелікті өз басынан өткере қойған жоқ.
Олай дейтініміз, үкіметтің орталық буынынан келген барлық тапсырмалар,
басқа да құжаттары қалтқысыз орындалып жатты. Әр республикалардағы
коммунистік партия ұйымдарын қоса алғанда, КОКП мемлекеттің ең доғарғы
басшы әрі жетекші ұйымы болып есептелді.
3. 1937 жылдың 5-12 маусымында Қазақстан Коммунистік (большевиктер)
партиясының I съезі өтті. ҚК(б)П ОК - нің Бірінші хатшысы болып Л. Мирзоян
сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік  партия ұйымын Қазақстан
большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті.
1938 жылдың 3-14 шілдесінде ҚК(б)П-ның II съезі болып өтті. Елдің
үшінші бесжылдық жоспары ауқымында  бұл съезд республика халық шаруашылығы
өркендеуінің үшінші бесжылдық жоспарының нақтылай тапсырмаларын алға міндет
етіп қойды. ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып Н.А. Скворцов сайланды.
1940 жылы ҚК(б)П ОК-інде - көмір, мұнай, түсті металл өндірісі көлік
және  байланыс бөлімдері, ал  Ақтөбе, Алматы, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, 
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінде - түсті
металл өндірісі, Ақмолада – көлік, сондай-ақ бірқатар қалалық партия
комитеттерінде  өндіріс  бөлімдері құрылды. 1938-1939 жылдары
Қазақстанда партия шешімдерінің орындалуын тексеру күшейді.
1940 жылдың 10-18 наурызында ҚК(б)П-ныц III съезі шақырылды. Үшінші
бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау - съездің күн
тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралды.
Екінші дүниежүзілік  соғыс жылдарында партия органдарының  қызметі
айтарлықтай  өзгеріске ұшырады. Маңызды деген әскери өнеркәсіп пен ауыр
өнеркәсіптің шешуші салаларында партия органдары - хатшыларының
институттары жұмыс істей бастады. Ал  халық шаруашылығының аса маңызды
учаскелерінде БК(б)П - ның ОК-і партия ұйымдарының құрамы мен партбюро
хатшыларының саны едәуір арттырылды. Партия ұйымдары жеделдетілген әскери
штабтар рөлін атқарғандықтан, бұл  кезеңде  ішкі партиялық  демократияны 
орталықтандыру және ширықтыра түсу өз дәрежесінде жүріп жатты.
4. Республиканың партия ұйымын Ж. Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК-
нің 1946 жылғы 20-22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі
кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге
кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің Звезда және Ленинград жу рналдары
туралы, Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары
туралы, Большая жизнь кинофильмі туралы қаулылары жарық көрді.
Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы
26 қыркүйекте  Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан
бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм
принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы  Ә.Тәжібаевты Біз де
қазақпыз кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды.
Мұндай жиналыстар республиканың  барлық облыстарында өте
бастады. Журналдар идеологиялык зия нды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп
табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы,  Шеридан,
Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды.
ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси
науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру
жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947  жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-
нің Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел
саяси қателіктер туралы қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы
өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта
қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып
тасталды. М.Әуезовтың шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол
орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде
айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер
қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан
композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е. Брусиловский,
В.Великанов сияқты сазгерлер  Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін
мансұқ еткені үшін сынға алынды.
1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен
барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттар ы мен секторларының
ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21
қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының
жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады.
ҚК(б)П - ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз
аралығында Алматы қаласында өтті. Съезде КСРО құрамындағы
республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары
анықталды, партиялық - ұйымдастырушылық және көпшілік - саяси жұмыстарды
жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-
нің Правда газетінде жарияланған Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-
лениндік тұрғыдан сөз ету туралы атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл
қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті.
Тарихшы Е. Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан
шығарылды, кеңеске қарсы әрекеті үшін қызметінен босатылып, 25 жылға бас
бостандығынан айырылды.
5. IV бесжылдық жылдарында (соғыстан кейінгі бірініші бесжылдық 1946-
1950 жылдары) капиталистік елдермен әскери текетірес жағдайында И. Сталин
халық шаруашылығы үшін аса қажетті төрт бағытты атап көрсетті: металл -
қару-жарақ және кәсіпкерлерге арналған құрал-жабдықтар шығару үшін;
жанармай-отын - зауыт, фабрикалар мен транспорттың қызметін қамтамасыз ету
үшін; мата-әскерлерге киім-кешек шығару үшін; астық-әскерді азық-
түлікпен қамтамасыз ету үшін.
1947 жылдың желтоқсанында КСРО министрлер Кеңесі мен ҚК(б)П ОК-нің
Ақша реформасын өткізу және өнеркәсіп, азық-түлік тауарларына карточканы
жою туралы қаулысы шықты. Нәтижесінде ашық саудаға көшіп, бірыңғай
мемлекеттік бөлшек сауда бағалары белгіленді. Тұтыну тауарларының тапшылығы
жағдайында, жеңіл өнеркәсіпті шұғыл дамытуға бағытталған шараларға
қарамастан Б тобының салаларында жағдай өте нашар күйде қалды. 1950 жылы
республикада бар болғаны 65 жеңіл өнеркәсіп орны болды.
1951 жылдың 15-18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының
кезекті V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар
саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов ҚК(б)П
ОК-нің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. 
Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жылы 1 нayрыз) жеке
басқа табынуға карсы науқан басталды. 1954 жылдың 5-6 ақпанында өткен
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
пленумында Ж.Шаяхметов хатшылық қызметтен босатылды.
Тың көтерілгенге дейін Қазақстан мемлекетке 1,3-1,5 млн т, жақсы
шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 70-жылдары орташа жылдық норма 14 млн т
болды, оның 6-7 т-ын ғана республика өз қажетіне жүмсай алды. Тың
игергеннен бері республика күріш те әсіре бастады Астық сапасы біртіндеп
жақсарды. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы өз әсерін тигізді.
Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі жемісті
нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп жылдар бойы
академик А.И.Бараевбасқарды. Қазақстанның селекционерлері астық
дақылдарының құрғақшылыққа және аязға тәзімді сорттарын көптеі шығарды.
Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-
қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық
және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954 - 1956 жылдары көптеген
тракторлар мен астық комбайндарын, жүк таситын және арнаулы машиналар,
электр станцияларын, трактоp соқаларын, дәнсепкіштер сатып алды. 1954-
1958 жылдары мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру,
өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы
жұмсады. Соның нәтижесінде тың жердің өндірістік инфрақұрылымы
республиканың өзге аймағына қарағанда*қарқынды дамыды. Қазақстанның
оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш
күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген
аудандардан артта қалушылық байқалды.
Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік
партия 1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумактық принципіне
көшті. Қазақстанда төмендегідей Халық шаруашылығы кеңестері
(ХШК)құрылды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей,
Қостанай, Оңтүстік Қазақстан. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді
Жалғастырды. Мекеме басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой
үйретіп үлгерген еді. Ауыл шаруашылығын Көтеру арқылы халықтың тұрмыс
жағдайын жақсарту мөселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-
үлкен үш ауқымды бағдарламаны алға ұсынды:
• тың игеруді одан өрі жалғастыру;
• жүгері мен баска да мөдени егіс түрлерін кеңінен өсіру;
• ет пен сүт өнімдерін молайту максатында мал шаруашылығын өркендетудің
аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.
1957 жылғы қыркүйектен - 1960 жылғы қаңтарға дейін республика партия
ұйымын Н.И.Беляев басқарды. КОКП ОК-нің Пленумы (1958 жылы ақпан) машина-
трактор станцияларын таратын, техникасын ұжымшарларға сатқан дұрыс деп
тапты. Қазақстан ұжымшарлары мемлекеттен трактор, комбайн, т.б. ауыл
шаруашылығы техникаларын - барлығы 160 млн сомғасатып алуға мәжбүр болды.
Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын, Беляевтің
тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.
Қазақстан 1960 -1980 жылдарда. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-
ньң ІХ съезі КСРО-ның 1959-1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын
өркендетудің жетіжылдық жоспарынын жобасын талқылауға арналды. 1960 жылы 19
каңтарда Қазақстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК-
нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10-12 наурызында ҚКП-ның X
съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрьш орындаудың іс-
шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы
да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы -
коммунистік коғам орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-
ның 1961 жылдың 17-31 қазаны аралығында өткен XXII съезі карсаңында
Қазақстанда партияның XI съезі (27-29 қыркүйек) ашылды. Партия Жарғысына
сәйкес аталмыш съезден соң әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.
Екі жылдан кейін, яғни 1964 жылдың караша айында өткен КОКП ОК-нің
Пленумы партияны аумақтық-өндірістік белгілер бойынша қайта құру
кағидаларын мақұлдады. Нақтылап айтсақ, бұл шара партия басшылығының
өзгеруіне байланысты жүргізілді. 1964 Жылдың
қазанында Н.С.Хрущев басшылықтан кетті де, оның орнына әуелі бірінші хатшы,
ал 1966 жылдан бастап КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды.
Бұл орында ол 1982 жылға дейін отырды.
60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы.  Л.И.Брежневтің тұсында елде
реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60 - жылдардың
ортасында халықшаруашылығы экономик алық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа
жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың
негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны
қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Халық
шаруашылығы кеңесі таратылып, Орталық өндірістік министрліктер қайта
қалпына келтірілді. Өндіріс мекемелерінің басы- байлылығы көзделіп,
міндетті түрдегі экономикалық көрсеткіштердің енны мейлінше қысқартылды.
Оның есесіне өндірілген өнімнің бағасын Баға жөніндегі
мемлекеттік комитет белгілеп отырды. Кеңестік экономикалық ғылымда, шындап
келгенде, Жеке меншіктің социалистік түрі деген ұғым шындап колға алынған
емес. Халықтық жеке меншікті иемдену құқығы Коммунистік партия
басшылығындағы мемлекет қолында болды.Сондықтан да XX ғасырдың 60-
жылдарындағы реформалар басталмай жатып аяқсыз қалды. Ал республикамыз
партияның орталық органдары белгілеген шешімдер шеңберінде шектелді.
1977 жылғы 7 қазанда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияны
бекітті, ол 1936 жылғы Конституцияның орнына келді. Конституцияда
ел социализмнің дамуы сатысына көтерілді деп қорытынды жасалды. Бұл жаңа
термин 80-жылдардың басында коммунизмге өту идеясын
кемсітушілік жағдайында енгізілген.
Конституцияда КОКП-ның басқарушы және бағыттаушы рөлі бекітілді (6-
бап), мәдениет пен спорт саласында қоғамдық ұйымдардың да рөлі арта түсті.
Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де
жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан
орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай, емес азая бастады.
Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық
мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Бүгінде, Кеңес өкіметі кезіндегі республика партия қызметкерлерінің
қызметіне талдау жасай отырып, мынадай корытынды ясасауға
болады. Орталықтың қысымына қарамастан, республика басшылығы Қазақстанды
қандай жағдайда да дамыта түсуге ұмтылды. 1960-1970 жылдары Қазақстанда
өнеркәсіптік сипаттағы ғана емес, мәдени-тұрмыстық саладағы да құрылыстар
мен объектілерді салу қарқынды жүрді. Бұлар - Медеу спорт кешені, Қазақстан
қалаларындағы шағын тұрғын аудандар, мәдениет сарайлары, ірі әмбебап
дүкендер, т.б. көптеген құрылыстар. Бұл кезеңде құрылған экономикалық,
ғылыми-техникалық және мәдени құрылым кейінгі кезде Тәуелсіз Қазақстанның
күш алып кетуіне негіз болды.
XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы социалистік экономиканың дамуы. 1970-
1980 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы
байқалды. Ал сырт көзге осіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды
болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып
есептелді, кеңбайтақ елде жылу-энергетикалық кешен қалыптасты, химия саласы
ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай
ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру, керісінше, жоққа тән еді.
Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін азайту жалғыз жол болып
табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін басшылық көптеген
реформалар жүргізді. 70-жылдардағы Коммунистік партия пленумдарының басым
көпшілігі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін қарауға арналды. Партия жыл
сайын капитал салу көлемін ұлғайтты,ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып
алу деңгейін қайта қарастырды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды кеңінен
қолдануды ұсынды, суландыру бағдарламасын іске қосты, т.б. Алайда аталған
шаралар ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы жағымсыз көріністі жоя
алмады. Өйткені елдегі ұжымдық (шындығында,
мемлекеттік) шаруашылық өндірістің дамуын қамтамасыз етуге емес,
дайын өнімді иеленуге бағытталғанды.
6. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан АҚШ пен КСРО арасындағы әскери-
стратегиялық бәсеке едөуір маңызға ие бола бастады. 1947 жылдың 21
тамызында КСРО мемлекеті арнайы қаулымен атомдық зерттеу сынак алаңын ашу
туралы шешім қабылдады. Таңдау Қазақ даласына, оның ішінде Семей қаласы
маңына түсті. Сол жылдың күзінде сынақ алаңының құрылысы басталып та
кетті. 1949 жылдың тамыз айында ядролық сынақ жүргізіле бастады.
Азғыр атом сынақ алаңы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайтын
үш мыңға жуық адам қоныстанған бір кездегі Балқұдық кеңшарының аумағында
орналасты. Жарылыстар тұрғындарды басқа жерге көшірместен,
елді мекендердің ортасында жүргізілді. Сынақ алаңында 17 рет жер асты
жарылысы болды. Алғашқы жарылыс 500-дей тұрғыны бар Азғырауылынан 1,5
шакырым қашықтықта 160 метр тереңдікте болған. Жарылыстан соң осы алаңнан
20 тәулік бойы ауаға көтерілген улы заттар 5,4 млн люциді құраған. Бұдан
кейінгі жарылыстарда да жер астындағы шұңқырлардан екі тәуліктен 11 айға
дейін радиактивті заттардың ауаға шығып тұрғаны тіркелген.
Азғыр атом сынақ алаңында жарылыс 1979 жылы тоқтатылды, бірақ ондағы
экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ. Азғырдағы кейбір жарылыс
алаңдарында топырақта цезий нормадан 220 есе, плутонийда калыптағыдан 240
есеге дейін артық екендігін көрсеткен.
Байқоңыр ғарыш айлағы планетадағы 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және
бұрынғы Жезқазған облыстарының көлемді аумағына, Төретам темір жол
станциясының маңында орналасқан. Оның салыну тарихы соғыстан кейінгі
халықаралық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты. Кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда социал - демократиялық топтардың құрылуы
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау
Тың эпопеясы
Үшінші бесжылдықтың негізгі міндеттері
Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991 жж.). Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Қазақ тарихына шолу
Пәндер