Қысқа мерзімді активтер есебі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Қысқа мерзімді активтердің түсінігі және маңызы 7
1.2 Ақша қаражаттарының сипаттамалары 10
1.3 Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы 14
1.4 Қорлардың жіктелуі мен бағалануы 16
1.5 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары
22
2 «ЖЕЗҚАЗҒАН ТАРИХИ.АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙЫ КӨРМЕ ЗАЛЫМЕН» КМҚК .НЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІ 27
2.1 «Жезқазған тарихи.археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК .ның жалпы және экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұйымның ақша қаражаттарының есебі 31
2.3 Ұйымның дебиторлық борыштарының есебі 40
2.4 Ұйымдағы қорлар есебі
47
3 «ЖЕЗҚАЗҒАН ТАРИХИ.АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙЫ КӨРМЕ ЗАЛЫМЕН» КМҚК .НЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
55
3.1 «Жезқазған тарихи.археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК .ның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау 55
3.2 «Жезқазған тарихи.археологиялық мұражайы көрме залымен»
КМҚК .ның баланс өтімділігін және қысқа мерзімді активтерін тиімді пайдалануын талдау
58
3.3 Қысқа мерзімді активтер аудиті және ішкі аудит жүргізу барысы 71

ҚОРЫТЫНДЫ

83
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
86
ҚОСЫМШАЛАР 88
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан эканомикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның эканомикасының алдындағы маныздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру.
Бүгінгі күндегі қысқа мерзімді активтердің ұйым үшін маңыздылығынан туындайтыны ұйым құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның есеп жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Кез келген кәсіпорынға өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Активтер оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде; кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқа мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап он екі айдың ішінде сатып - өткізілетіндігі болжанған кезде; ақша қаражаттары немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның эквиваленттері түріндегі активтер ретінде танылған кезде қысқа мерзімді активтер ретінде есепке алынады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі кәсіпорынның тиімі және бәсекеге қабылетті қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынандай ғана кәсіпорын өміршен және бәсекеге қабілетті бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттіліктен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайда табуды қамтамасыз ете алатын болса. Ал бұндай нәтижеге қол жеткізу үшін кез келген кәсіпорын ең алдымен өзінің шаруашылық-экономикалық қызметін дұрыс ұйымдастыра алуы және болашақ кезеңге нақты жоспарлар жасай білуі керек. Ал ұйымды тиімді басқарудың ең басты шарттарының бірі – ол оның қызметін кешенді, әрі терең талдау. Сонымен қатар, кәсіпорын тиімділігін көтерудін бірден бір жолы – кәсіпорын қызметін жан-жақты талдау болып табылады.
Қоғамда ұйымның шаруашылық-әкономикалық қызметін талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері – Алматы, 2011. – 255 б.
2. Родостовец В.К., Родостовец В.В., Шмид О.И. Бухгалтерский учет на предприятии – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002. – 253 с.
3. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті – Алматы, 2002.
4. Бухгалтерский учет: Учебное пособие / Авт. В.Л. Назарова, под ред. С.С.Сатубалдина.– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2011. – 624 с.
5. Проскурина В.П., Бухгалтерлік проводкалар – Алматы: ЖШС «LEM баспасы», - 2011. – 292 б.
6. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп ІІ том – Қарағанды: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568 б.
7. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
8. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Н.Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2005. – 310 б.
9. Кеулімжаев Қ. К. Қаржылық есеп. Алматы: Экономика, 2007.
10. V Рысқұлов оқулары «Жаһандану әлемдегі экономикалық жүйенің трансформациясы». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде – Алматы: Экономика, 2010. – 776 б.
11. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы ҚР-ның 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңы.
12. 2 (IAS) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
13. Проскурина В.П., Бухгалтерлік есеп «басынан бастап» балансқа дейін – Алматы: ЖШС «LEM баспасы», - 2010. – 374 б.
14. «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК -ның Жарғысы
15. «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК -ның Есеп саясаты
16. Тумасян Р.З., Бухгалтерский учет – Москва: Издательство «Омега-Л», 2010. – 883 с.
17. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп І том – Қарағанды: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568 б.
18. Арабян К.К. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности внешним пользователями – М. : КНОРУС, 2010. – 304 с.
19. Бабаев Ю.А., Комиссарова И.П., Бородин В.А., Бухгалтерский учет – Бухгалтерский учет. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 527 с.
20. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері, Алматы, 2006.
21. Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Финансовый анализ предприятия – Алматы, 2003. – 225 с.
22. Дуйсембаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау - Алматы: Экономика, 2011. – 348 б.
23. Дыбаль С.В. Финансовый анализ: теория и практика. – СПб.: Бизнес-пресса, 2009. – 336 с.
24. Володина А.А. Управление финансами. Финансы и предприятий – М.: ИНФА-М, 2011. – 510 с.
25. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия – М: ИНФРА – М, 2009-536 б.
26. Шарипов А.Қ. Аудит – Алматы: Экономика, 2010. – 288 б.
27. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: теориясы, әдіснама, практика – Алматы: Экономика, 2007. – 544 б.
28. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит - Алматы: Экономика, 2007. – 544 б.
29. Сәтмырзаев А.А., Укашев Б.Е. Аудит теориясы - Алматы: Ұлағат, 2000.
30. Жақыпбеков С. Ішкі аудит – Алматы: Экономика, 2008 – 344 б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Қысқа мерзімді активтердің түсінігі және маңызы 7
1.2 Ақша қаражаттарының сипаттамалары 10
1.3 Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы 14
1.4 Қорлардың жіктелуі мен бағалануы 16
1.5 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары 22
2 Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК 27
-НЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІ
2.1 Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен 27
КМҚК -ның жалпы және экономикалық сипаттамасы
2.2 Ұйымның ақша қаражаттарының есебі 31
2.3 Ұйымның дебиторлық борыштарының есебі 40
2.4 Ұйымдағы қорлар есебі 47
3 Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК
-НЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ АУДИТІ 55
3.1 Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК 55
-ның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
3.2 Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен
КМҚК -ның баланс өтімділігін және қысқа мерзімді активтерін 58
тиімді пайдалануын талдау
3.3 Қысқа мерзімді активтер аудиті және ішкі аудит жүргізу барысы71

ҚОРЫТЫНДЫ 83

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86
ҚОСЫМШАЛАР 88

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан эканомикасының барлық салаларында
нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты
экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-
ның эканомикасының алдындағы маныздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы
жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді
жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген
макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру.
Бүгінгі күндегі қысқа мерзімді активтердің ұйым үшін маңыздылығынан
туындайтыны ұйым құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның есеп
жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Кез келген
кәсіпорынға өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір
мөлшерде қаржы көздері қажет.
Активтер оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса
кәсіпорынның операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану
ұйғарылған кезде; кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе
қысқа мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап он екі
айдың ішінде сатып - өткізілетіндігі болжанған кезде; ақша қаражаттары
немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның эквиваленттері түріндегі
активтер ретінде танылған кезде қысқа мерзімді активтер ретінде есепке
алынады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың
үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни
отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы
отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік
қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі кәсіпорынның тиімі және
бәсекеге қабылетті қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі
нарықтық жағдайда тек мынандай ғана кәсіпорын өміршен және бәсекеге
қабілетті бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және
компоненттіліктен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді
өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең
соңында, көп пайда табуды қамтамасыз ете алатын болса. Ал бұндай нәтижеге
қол жеткізу үшін кез келген кәсіпорын ең алдымен өзінің шаруашылық-
экономикалық қызметін дұрыс ұйымдастыра алуы және болашақ кезеңге нақты
жоспарлар жасай білуі керек. Ал ұйымды тиімді басқарудың ең басты
шарттарының бірі – ол оның қызметін кешенді, әрі терең талдау. Сонымен
қатар, кәсіпорын тиімділігін көтерудін бірден бір жолы – кәсіпорын қызметін
жан-жақты талдау болып табылады.
Қоғамда ұйымның шаруашылық-әкономикалық қызметін талдау біреудің
орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды:
салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің
мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды
өзара салыстырмай, біріншісінің, екіншісінен артық болуына қол жеткізбей
шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта болмасын бұл өте
маңызды.
Сонымен, қазіргі кезде кез-келген ұйымнан шаруашылық-экономикалық
қызметінің нәтижесі мен жалпы жағдайына сапалы талдау жүргізу және оны
бағалау талап етіледі. Бұған қоса, мемлекетіміздің Бүкіләлемдік сауда
ұйымына кіру қарсаңында, яғни отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың
өндірген өнімдері халқаралық сапа талаптарына сай, жоғары бәсекеге төтеп
беру қажеттігін ескере отырып, кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу және
талдаудың тиімді әдістерін қолдану-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің
бірі, десек артық айтпағанымыз.
Бүгінгі күнде еліміздің алдындағы басты мақсат әлемдегі бәсекеге
барынша қабылетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстанда барлық
заңнамаларын ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларымен сәйкестендіру,
сонымен қатар барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептемесін халықаралық
стандарттарға көшіру қажет. Ағымдағы активтердің аудиті мен талдауының
маңыздылығы ұйымда өнім өндіріп, жұмыстар орындау мен қызмет көрсеткенде
арта түседі және бәсеке-қабылеттілікке әсер етеді, себебі субъект қандай да
бір қызмет түрімен айналысқанда да өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік
құнына кіретін материалдық шығындар қатысады. Өзіндік құнның төмендеуі
ұйымның қаржылық нәтижесін жақсартып, нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің
бәсеке қабылеттілігіне әсерін тигізеді.
Активтердің құрамы мен қалыптастыру көздері құрылымының серпінін
талдау олардың абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының
мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді, белгілі бір күнге активтерді
қалыптастыру көздерінің бар-жоғын және белгілі бір мерзім ішінде олардың
серпінінің өзгеруін қарап отыруға мүмкіндік береді. Ұйымның қаржылық
тәуелсіздігі активтердің қалыптастыру көздеріндегі өзіндік капиталдың
үлесіне тәуелді. Сондықтан, активтерді қалыптастыру көздері шектеледі және
мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі өзіндік капиталдың есебінен,
қайсысы – міндеттемелер есебінен қалыптастырылатыны анықталады.
Диплом жұмысының мақсаты – ұйымның қысқа мерзімді активтерінің есебі,
талдауы мен аудитін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста келесідей
міндеттер қойылған:
1. Қысқа мерзімді активтер түсінігі мен олардың ұйым қызметіндегі
маңыздылығын қарастыру;
2. Қысқа мерзімді активтерді жіктеу белгілеріне тоқталу;
3. Зерттеу объектісі ретінде алынған Жезқазған тарихи-
археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК -ның есеп саясатына
сипаттама бере отырып, оның негізгі техникалық-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жүргізу;  "Жезқазған тарихи-
археологиялық мұражайы көрме залымен" КМҚК
4. Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК
-ның айналысындағы қысқа мерзімді активтерінің, яғни ақша
қаражаттарының, қысқа мерзімді дебиторлық қарыздарының және
қорларының есебі мен талдауын ұйымдастыру ерекшеліктерін
көрсету;
5. Қысқа мерзімді активтерге аудит жүргізуді ұйымдастыру
кезеңдерін қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы
көрме залымен КМҚК -ның қысқа мерзімді активтердің есебі мен талдауын
ұйымдастыру ерекшеліктерінің қарастырылуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Кәсіпорынның қысқа
мерзімді активтерінің есебі және аудиті жайлы берілген ұсыныстарды
кәсіпорынның басқару шаруашылығында қолдануға ұсыну табылады
Зерттеу пәні – ұйымның қысқа мерзімді активтерінің есебі, талдауы мен
аудиті болып табылады.
Зерттеу объектісі - Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме
залымен КМҚК болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде ұйымның қысқа
мерзімді активтерінің есебі мен аудитін реттейтін ҚР заңнамалық және
нормативтік актілері, қазақстандық және шетелдік экономистердің еңбектері
алынды.
Практикалық маңыздылығы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша берілген
ұсыныстар Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен КМҚК
тәжірибесінде пайдаланылуы мүмкін.

1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қысқа мерзімді активтердің түсінігі және маңызы

Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен
құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы
қызметінің нәтижесі болып есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің
меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай
заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда
табыс табуы үшін пайдаланады.
Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп
қосылып, оның көлемін (үлесін) арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбеюі
(артуы) кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде
пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы
табатын кірістері (пайдалары):
Өнім өндіру нәтижесінде;
Қызмет көрсету нәтижесінде;
Басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде;
Міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану нәтижесінде;
Ұйымның меншік иелері арасында бөліске түсуі нәтижесінде және тағы да басқа
операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) елінің экономист мамандары Белверд
Нидлз, Хенри Андерсон және Джеймс Колдуэлл – активтерді қаржылық активтер
және жұмсалған шығындар деп екі топқа бөлген.
Бұндағы бірінші топқа, яғни қаржылық активтерге тез арада ақшаға
айнала алатын активтер жатқызылса, жұмсалған шығындар деп аталатын
активтер құрамында аванс ретінде төленген төлемдер, материалдық
құндылықтар, үйлер мен ғимараттар, қозғалмайтын мүліктер және материалдық
емес активтер қарастырылған [1, 82 б.].
Кәсіпорынның іс әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда
бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Қысқа мерзімді
активтер – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз
өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың
ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Қысқа мерзімді активтердің мәні – ұдайы өндірістік процестердің
қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа
мерзімді активтердің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі
қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде
қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей
дайын өнімге апарады.
Қысқа мерзімді активтердің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың
бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым
қаражатының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің
бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын
қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек
үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын енімдер, аяқталмаған өндіріс,
кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек
осы кәсіпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және оларды
дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымдағы борышкерлерді сипаттайды.
Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымдағы
айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың
да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында айналым қаражатының құрылымын
оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн
[2].
Қысқа мерзімді активтердің төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз
қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының
салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым
қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі
қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның
өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда
қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде
шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажетілігін
есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары
өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу
ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы
және көмекші өндірістер, тұрғын үй, комуналдық және т.б. шаруашылықтар және
дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Ұйымның қысқа мерзімді активтерін басқару күрделі де кешенді шараларды
қамтиды, ондағы қаржы менеджментінің міндеті өндірістік менеджмент және
маркетингтің міндетімен жалғасып жатады. Аталған барлық міндеттердің
мақсаты толассыз өндіріс процесін және өнімдерді сатуды қамтамасыз ету,
сондай-ақ қысқа мерзімді активтердің ағымдағы шығындарын барынша азайтуға
қызмет көрсету.
Қысқа мерзімді активтерді басқару өзіне өндіріс процесіне қажетті ақша
қаражаттарын, қысқа мерізмді инвестицияларды, шикізаттар мен материалдарды,
аяқталмаған өндірісті, болашақ кезеңдердегі шығындарды, қоймадағы дайын
өнімдерді, тауарларды қатыстырады. Ұйым басшылығының мақсаты толассыз
өндіріс процесін және өнімдерді сатуды қамтамасыз етуге қажетті қысқа
мерзімді активтерге деген қажеттілікті анықтау.
Қысқа мерзімді активтерді басқарудың маңызды элементі олардың көлемі
ғылыми негізде оңтайластыру. Осы мақсатқа сәйкес өндіріс процесіне қажетті
қысқа мерзімді активтердің түрлеріне жұмсалатын шығындарды барынша азайту
міндеттері шешіледі.
Нақтылы қорларға, ақша қаражаттарына және қысқа мерзімді
инвестицияларға деген қажеттілікті қысқа мерзімді активтерді мөлшерлеу
арқылы анықтайды.
Қысқа мерзімді активтерге деген қажеттілікті дұрыс есептеудің
экономикалық маңызы бар, өйткені кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайын
қамтамасыз етуге, тұрақты қажетті меншікті қысқа мерзімді активтердің
минималды сомасы белгілінеді.
Қысқа мерізді активтерді нормалаудың негізгі принциптері шаруашылық
жағдайының өзгеруіне, акционерлеудің дамуына, сондай-ақ, өзін-өзі
қаржыландыруына байланысты түзетіледі.
Әрбір ұйымда қысқа мерзімді активтерді нормалау өндіріске және
өндіріске жатпайтын қажеттілікке шығын сметасына қатаң сәйкестікте
орындалады. Сол арқылы өндіріспен қаржы көрсеткіштерінің ара байланысы
қамтамасыз етіледі.
Қысқа мерзімді активтерді нормалау процесінде норма және нормативтер
жасалынады. Қысқа мерзімді активтердің нормасы – бұл салыстырмалы
мөлшердегі, негізделген ақша қаражаттарының, қорлардың көлемі. Қысқа
мерзімді активтердің нормасы өндіріске материалдар шығынының нормасына,
қосалқы саймандар және құралдардың тозуға мықтылық нормасына, өндіріс
кезенінің ұзақтығына, жабдықтау жәе өткізу жағдайына, және басқадай
факторларға байланысты [3].
Қазіргі жағдайда қысқа мерзімді активтердің нормалары ұзақ мерзімге
әрекет етпейді. Оларды нақтылау акционерлеу процесіне, акционерлік
капиталды қайта құрылымдауға, технологияның өзгеруіне, бизнес-жоспардың
құрамына бағаның, тарифтердің және басқалардың өзгеруіне байланысты.
Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай екі топқа бөлінеді:
Қысқа мерзімді активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланылатын).
Ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын).
Ұйым активтерді мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:
1. Субъект активті сатуды болжайды немесе активті қалыпты
операциялық цикл барысында сатуды немесе пайдалануды ұйғарады;
2. Субъект негізінен активті сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;
3. Субъект активті есепті кезеңнің аяғынан бастап 12 ай ішінде
сатуды болжайды;
4. Бұл актив ақша құралдарын немесе міндеттемелерді есепті күннен
кейін кемінде 12 ай ішінде өтеу үшін оны айырбастауға немесе
пайдалануға шектеу болатын жағдайларды қоспағанда, ақша
қаражатына баламалы активті білдіреді.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде сыныпталады. Субъектінің
қалыпты операциялық циклі дәл анықталмаса, оның ұзақтығы 12 айға тең болып
қабылданады [4, 110 б.].
Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қысқа мерзімді активтер
мынадай баптары бойынша жіктелінеді:
1. Ақша қаражаты;
2. Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары;
3. Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
4. Қорлар;
5. Ағымдағы салық активтері;
6. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер [5, 21-58 б.].
Өтімділігі жоғары активтер өздерінің тез арада қысқа мерзімді
міндеттемелерді өтей алатындығымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарына
ақшаларды, қысқа мерзімді қаржы салымдарын, түсуге тиісті қаражаттар мен
алынған вексельдерді жатқызуға болады.
Ал ұйымдар мен ұйымдардың өз өзіне, яғни шаруашылық қызметіне
пайдаланатын активтері баяу (төмен) өтімділікті активтер қатарына
жатқызады. Мысалы: баяу (төмен) өтімділікті активтердің қатарына ұйымдар
мен ұйымдардың материалдық қорларын жатқызуға болады.
Қысқа мерзімді активтер ұйымның өтімділігі ең жоғарғы активтері болып
табылады, бұл активтердің қатысуымен көптеген коэффициенттер анықтауға
болады, сол коэффициенттер сыртқы кредиторлар мен инвесторлардың осы
компания үлесіне қатысты шешім қабылдауына бірден-бір себеп болады.
Ақша қаражаттарының ағымдағы, яғни қысқа мерзімді активтер құрамындағы
маңызы зор. Өтімділігі ең жоғары активтер болғандықтан ақша қаражаттары ең
бірінші кезекті төлемдер құралы, міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін
сипаттайтын қаражат көзі болып табылады [5, 83 б.].

1.2 Ақша қаражаттарының сипаттамалары

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 – Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептер IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының
талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің
құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне ақша қаражаттарындағы
өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және
қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңдегі
ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды [6, 122 б.].
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары
сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа
мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да
мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге
арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша
қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің
шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша
қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе
сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі.
Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша
қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу
күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және
сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының
баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық,
инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып білдіруі
тиіс.
Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің
компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша
қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты
қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара
байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және
инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және
төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық
мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы
көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті
болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты
индикатор болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары
мыналар болып табылады:
1. Тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай
түcімдер;
2. Жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық
сыйақылар және басқа да табыс;
3. Тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін
ақшалай төлемдер;
4. Қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай
төлемдер;
5. Сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап
арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары
ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
6. Егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен
байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға
салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін
өтемақы;
7. Коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар
бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ
мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар
болып табылады:
1. Негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді
активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға
капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті
өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер
жатады;
2. Негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді
активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
3. Басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және
бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған
ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде
қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе
сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
4. Басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және
бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай
түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде
қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе
сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
5. Басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен
кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен
кредиттерден басқалары);
6. Басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер
қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының
аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);
7. Келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін
жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар
мен своптар бойынша ақшалай төлемдер;
8. Келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін
жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар
мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының
мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет. Қаржы қызмет
компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ
түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен
түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
1. Акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен
ақша түсімдері;
2. Компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция
иеленушілеріне ақшалай төлемдер;
3. Қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан, вексельдерден,
қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер;
4. Кредиттік сомаларды ақшалай өтеу;
5. Қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының
ақшалай төлемдері.
Операциялық қызметтен түсетін ақшалай қаражатты жасалу мақсатына,
сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне орай тікелей және жанама деп
аталатын екі негізгі әдістің көмегімен көрсетуге болады.
Тікелей әдісте жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері
туралы ақпарат ашылады.
Жанама әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы
операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе
есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе
төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының
қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле
отырып түзетіледі.
Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің және жалпы
ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін:
1. Компанияның есепке алу жазбаларынан;
2. Сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес кірістер
және пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар және қаржы мекемелері
үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі кірістер) мыналарды:
- кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және
кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
- басқа ақшалай емес баптарды;
- инвестициялық немесе қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп
соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал
туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.
Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша
қаражаттарының таза ағыны мыналарды:
1. Кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және
кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
2. Тозу, бағалау міндеттемелері, мерзімі кейінге қалдырылған салықтар,
шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша іске асырылмаған
пайда мен залал, қауымдасқан компаниялардың бөлінбеген пайдасы мен
азшылықтың үлесі сияқты ақшалай емес баптарды ескере отырып;
3. Нәтижесі инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының
қозғалысы болып табылатын барлық басқа да баптарды ескере отырып,
таза пайданы немесе залалды түзету арқылы анықталады [7].

3. Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің
шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген
қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелер. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі
бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Дебиторлық берешек өзіне басқа компанияның, жеке тұлғаның ақша
қаражаттарын, қызметтерін, тауарларын және басқадай ақшалай емес активтерін
талап етуді қамтиды.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып
алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы сатылған тауарлар
деп танылады. Басты нәрсе-тауарларды, қызметтерді немесе жұмыстардың сату
уақытысын анықтау болып табылады. Ондай сатылған тауарлар үшін әзірге ақша
қаражаттары келіп түспегеннің өзінде табыс көрсетілетін болса сәйкесінше
салық төлеу қажет. Бұл жағдайда сатып алушы төлемді кешіктіруі мүмкін
немесе тіпті төлемеуі де мүмкін [8, 94 б.]
Дебиторлық берешектер алынуға тиісті шоттың төлену мерзіміне немесе
күтілген қарыздың өтелу күніне, төлеу күніне қарай төмендегідей
жіктелінеді:

1 сурет - дебиторлық берешектердің төлену мерзіміне қарай жіктелуі

Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек екі топқа бөлінеді: Қысқа
мерзімді дебиторлық берешек және Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек. Егер
өтеу мерзімі есепті мерзімнен кейін 12 ай болса қысқа мерзімді, егер 12
айдан кейін болса ұзақ мерзімді болып табылады.
Туындау сипатына байланысты дебиторлық берешектердің жіктелуі
келесідей болады:

2 cурет - дебиторлық берешектердің туындау сипатына қарай жіктелінуі
Қалыпты дебиторлық берешектер-бұл ұйымның өндірістік бағдарламаларын
орындау барысында, сондай-ақ ішіндегі есеп айырысу нысандарына байланысты
туындаған ұйымның алаша қарыздары жатады. Ұйымда бұл берешектер көбінесе
есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары, төлеу мерзімі әлі жетпеген, артық
жөнелтілген тауарлар үшін сомалар жатады.
Аяқталмаған дебиторлық берешектерге есеп айырысу және қаржы
тәртіптерін бұзу бухгалтерлік есеп жүргізуде кеткен кемшіліктердің,
босатылған материалдық құндылықтарға бақылау босаңсануының, жоғалу және
талан-таражға салудың нәтижесінде туындаған операциялар жатады.
Дебиторлық берешектер Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына
және Қазақстандық бухгалтерлік есептілік стандарттарына сәйкес сатып
алушыларға ұйымға, мекемеге немесе компанияға тиесілі сома ретінде алынады.
Ол шот фактуралармен басқа да қарыз міндеттемелермен расталады. [9, 114 б].
Жоғарыда келтірілген жағдайларға сәйкес дебиторлық берешектердің
туындауы тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату барысында пайда болады.
Сонымен қатар дебиторлық берешектердің туындау себептеріне қарай олар екі
негізгі топқа жіктелінеді:
1. Cаудалық дебиторлық берешек;
2. Саудалық емес дебиторлық берешек
Саудалық дебиторлық берешегі – негізгі іс-әрекет нәтижесінде
өткізілген тауар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме
сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері
нәтижесінде (субьект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды
жабуға арналған депозиттер) алуға арналған дивиденттер мен проценттер,
үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар
пайда болады.
Жоғарыда келтірілген дебиторлық берешектердің түрлеріне байланысты
ұйым үшін тәуекелі ең жоғары болып ұзақ мерзімді дебиторлық берекшектер
болып табылады. Соның ішіндегісі саудадағы дебиторлық берешек.
Дебиторлық қарыздың пайда болуы, өнім немесе тауардың
жөнелтілгендігін, жұмыстың орындалып, қызметтің атқарылғандығын көрсетеді.
Дебиторлық қарыздың пайда болуы, қаржының айналымнан шығып қалғанын
көрсетеді. Сонымен қатар, қарыз сомасының азаюы, көп жағдайда жақсылық
нысаны болып саналмайды, себебі ақша қаражаттары есептесу үшін емес,
қоймада жиналып қалған, әлі сатылмаған дайын өнімдер үшін шығындалғандығын
керсетеді. Дебиторлық қарыздарды өз уақытында қайтарып алу-ұйымның қаржылық
жағдайының қалыпты болуын қамтамасыз етуге қажетті шарт.
Бухгалтерлік есепте кредиторлық қарыздың да, дебиторлық қарыздың да
өтелуін өзара есептесу туралы актінің негізінде көрсетуге болады. Алайда
салық есебінде осындай дебиторлық қарыздың есептен шығарылуы байқаусыз
жасалады, мүмкін, 3 жыл күте тұрып, содан кейін қарыздың сомасын күмәнді
қарыз ретінде шегерімнен есепке алу дұрыс болар еді. Бұл сондай-ақ жылдық
жиынтық табысқа жатқызылған міндеттемені есептен шығару кәсіпорынның табысы
болғандықтан, өзінің кредиторлық қарызын есептен шығарған басқа кәсіпорын
үшін де бұндай есептен шығару пайда алып келмейді.
Дебиторлық қарыздың едәуір сомасы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
мен баланстың өтімділігіне айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Жылдан жылға
өтетін дебиторлық қарыздың және бір уақыттағы зиянның ұзақ уақыт болуы
кәсіпорынның қарызға, яғни, қарыздық немесе оның қарамағында уақытша
болатын қаражаттардың есебінен өмір сүретіндігін дәлелдейді. Қаржылық
талдаудың әдістерін қолдану дебиторлық қарыздың кәсіпорынның қызмет
кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметіне әсер ететіндігін жеткілікті түрде
толық ашып көрсете алады.
Есептесу тәжірибесі көрсеткендей, шоттардың бір бөлігі өз уақытында
төленеді, бір белігі келісім-шартқа (контрактіде) көрсетілген мезгілдерден
кештетіп төленеді және қалған бөлігі төленбей қалып, дебиторлық қарыздарға
айналады.
Соңғы кезде көптеген кәсіпорындар, сонымен қатар анағұрлым сәтті
болып саналған кәсіпорындар да банкротқа ұшарап жатады. Кейбір жағдайларда
бұл дебиторлық және кредиторлық қарыздардың басқару жүйесінің жоқтығымен
байланысты. Дебиторлық және кредиторлық қарыздармен әр түрлі айла-амалдар
пайдаланылған кездегі әдейі және қасақана жасалған банкроттық жағдайлары да
белгілі. Мысалы, ақша қаражаттарыңың жоқтығынан үмітсіз қарыздары бар бір
кәсіпорын бюджет немесе басқа кредиторлардың алдында кепіл шартында басқа
кәсіпорынмен мәміле жасайды. Кепілге жабдықтар, транспорттар, үйлер,
ғимаратгар және т.б. түріндегі негізгі өндірістік қорлар қойылады. Содан
кейін, кәсіпорын келісімнің шартын орындамай тұрып кепіл мүлігін басқа
кәсіпорынның меншігіне береді, нәтижесінде тіпті қызметін жүзеге асыруға
жағдайы болмайды. Кәсіпорын өзінің қарызын өтей алатын сатудан түскен
қаражаттан айрылуының салдарынан кредиторлық қарыз үмітсіз болып саналады.
Алайда заңдармен осынай әдістерге тиісті баға берілген және қасақана және
жалған банкроттықтың осындай үлгісін ашып көрсету бойынша шаралар да
анықталған [10, 648 б.].

4. Қорлардың жіктелуі мен бағалануы

Қорлар - қалыпты қызмет барысында сатуға арналған, осындай сату үшін
өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған
шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Қорлар – бұл:

1. Қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2. Осындай сату үшін өндіру процесіндегі;
3. Өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға
арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер [11, 82 б.].
Қорлар – өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар
өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толық
аударады.
Қорлар шаруашылық үдерісінде қызмет ету рөліне, сонымен қатар
өздерінің физикалық және химиялық құрамына қарай бөлінеді. Көпшілік
жағдайда сипаты мен пайдалану бағытына қарай келесі топтарға бөлінеді:
шикізаттар мен негізгі материалдар, көмекші материалдар, сатып алынған
жартылай фабрикаттар, қалдықтар (қайтарылған), отын, ыдыс және ыдыстық
заттар, қосалқы бөлшектер.
Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай
отырып, оның құрамына енеді (кірпіш, цемент, металл және т.б.). Көмекші
материалдар негізгі материалдарға қарағанда өндірілетін өнімнің заттық
негізін құрамайды. Олар негізгі материалдардың өзгеруіне белгілі бір жағдай
жасайды (мысалы: бояулар, клей, лак және т.б.) не болмаса өндірістік
үдеріске катысады. Көмекші материалдарға сонымен қатар әр түрлі химикаттар,
жағатын, сүртетін, жөндеу және тағы баска да материалдар жатады.
Материалдарды негізгі және көмекшіге бөлу біршама шартты болып саналады
және ол өндірісте пайдаланылатын әртүрлі материалдардың көлеміне байланысты
болады.
Көмекші материалдардың ішінде (оларды пайдалану ерекшелігіне және
олардың құндарына байланысты да) отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы
бөлшектерге бөлу қажет [11, 110 б.].
Кәсіпорындағы қорлар келесі екі өлшемнің ең кішісімен бағалануы тиіс:
1. Өзіндік құнмен;
2. Өткізудің ықтимал таза құны.
Қорлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге
жұмсалған барлық шығындар және қорларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан
жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.
Қорларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық
баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары
арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге
арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар
жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар
сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.
Қорларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей
шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді.
Сонымен қоса, оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған
тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу
кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет
көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс
көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама
өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар
шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс
көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама
өндірістік шығыстар болып табылады.  
 Басқа да шығындарға қорларды қазіргі орналасқан жеріне дейін
жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана
жатады. Мысалы, қорлардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды
немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды
жатқызуға қатысты болуы мүмкін.
Төменде қорлардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда
болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары
келтірілген:
1. Шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа
да өндірістік шығындар;
2. Олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы
өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын
шығындар;
3. Қорларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге
байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;
4. Сатуға жұмсалатын шығындар.
Егер осы қорлар зақымдалған болса, егер олар толығымен немесе ішінара
ескірген болса, немесе олардың сату бағасы төмендесе қорлардың өзіндік құны
өтелмеуі мүмкін. Сонымен қоса сатуды аяқтауға немесе жүзеге асыруға
арналған ықтимал шығындар ұлғайған жағдайда, қорлардың өзіндік құны
өтелмеуі мүмкін. Қорларды өзіндік құнынан төмен ықтимал таза сату бағасына
дейін есептен шығару тәжірибесі активтер алынуы сатудан немесе пайдаланудан
күтілетін сомадан жоғары есептелмеуі керек деген пікірге сай келеді.
Қорлар әдетте баптар бойынша ықтимал таза сату бағасына дейін есептен
шығарылады. Алайда, кейбір жағдайларда ұқсас немесе бір-бірімен байланысты
баптарды топтаған қолайлы болуы мүмкін. Осындай жағдай бірдей мақсатқа
арналған немесе түпкі пайдалану бірдей, географиялық аймақта шығарылған
және сатылатын және осы ассортименттің басқа баптарынан бөлек бағалануы іс
жүзінде мүмкін емес бұйымдардың бір ассортиментіне жатқызылатын босалқы
баптарға тән болуы мүмкін. Қорларды, мысалы, дайын өнімді немесе нақты
саладағы немесе географиялық бөліктегі барлық Қорларды жіктеу негізінде
есептен шығару қолданылмайды. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдар әдетте
шығындарды бөлек сату бағасы белгіленетін әрбір жеке қызмет бойынша
топтастырады. Осылайша, осындай әрбір қызмет көрсету бөлек бап ретінде
көрсетіледі.
Қорлардағы шикізаттар мен басқа да материалдар, егер олар кіретін
дайын өнім алдын ала болжам бойынша оның өзіндік құны немесе одан жоғары
құнда сатылатын болса, өзіндік құнынан төмен бағада есептен шығарылмайды.
Алайда шикізат бағасының төмендеуі дайын өнімнің өзіндік құнын өткізудің
ықтимал таза өткізу құнына дейінгі артатынын көрсететін болса, шикізат
өткізудің ықтимал таза құнына дейін есептен шығарылады. Мұндай жағдайларда
шикізатты алмастыруға арналған шығын өткізудің ықтимал таза құнының қазіргі
өлшемдерінен ең ұтымдысы болып шығуы мүмкін.
Әрбір келесі кезеңде өткізудің ықтимал таза құнын бағалау қайтадан
жүргізіледі. Бұрын қорлардың өзіндік құнынан төмен бағамен есептен шығару
қажеттігін туғызған жағдайлар жойылған кезде немесе экономикалық
конъюнктураның өзгеруіне байланысты өткізудің таза ықтимал құнының
ұлғайғанының айқын дәлелі болса, жаңа қаржылық жағдай туралы есептік құнды
екі өлшемнің - өзіндік құн мен қайта қаралған өткізудің ықтимал таза құны
өлшемінің ең аз шамасына дейін келтіру үшін есептен шығарудың тиісті сомасы
қайтарылады (яғни қайтару бастапқы есептен шығару мөлшерімен шектеулі).
Бұл, мысалы, өткізудің ықтимал таза құны бойынша сату бағасының төмендеуі
салдарынан ескерілген босалқылар бабы келесі кезеңде әлі өткізілмей қалған,
ал оның сату бағасы өсіп кеткен кезде болады.
Қорлардың өзіндік құны екі әдістің: алғашқы түскен өнім-алғашқы
жөнелтілген өнім (ФИФО) немесе орташа өлшемді құн әдістерінің көмегімен
анықталады. Ұйым сипаты және олардың ұйымдарда пайдалануы жағынан ұқсас
барлық қорлар үшін бағалаудың бірдей формулаларын пайдалану міндетті.
Әртүрлі сипаттағы немесе пайдаланудағы қорлар үшін әртүрлі бағалау
формулаларын қолдану өзін-өзі ақтауы мүмкін [12].
Қорларды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау
үшін келесі әдістер пайдаланылады:
1. ФиФО әдісі;
2. Арнайы есептеу әдісі;
3. Орташа құн әдісі.
ФИФО әдісі – материалдық қорларды бағалау кезінде олардың алғашқы
кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып
табылады. ФИФО әдісі материалдық құндылықтардың ағымдағы құнына жақын
келетін құнды береді және жүйеленген, объективті болып саналады. Бұл әдіс
қағидасы бойынша материалдық қорлар бірінші кезекте кірісіке алынғаны,
алғашқы болып шығыс етіледі деп есептелінеді.
ФИФО әдісінің кемшілігі – ол экономикалық даму циклінің табыс
көрсеткішіне әсерін ұлғайтады. Қорлардың баға өскенге дейін сатып
алынғанымен, яғни таза табыстың жоғары деңгейі болғанымен, ұйым ағымдағы
баға өскен кезде өткізу бағасын көтеруге тырысады. Сәйкесінше, баға
төмендеген кезде кері үдеріс болады.
ФИФО-ны қолдану құндар ағынын нақты өлшемдер ағынына барынша
жақындатады. Соңғы қорлардың құнының олардың ағымдағы нарықтық құнына
жақындауы, ал таза пайданың ең жоғары мәніне әкелетін өткізілген
(пайдаланылған) қорлардың өзіндік құнының төмендеуі оны пайдалану нәтижесі
болып табылады. Бұл, әсіресе бағалардың өсу кезеңінде, яғни есептеудің бұл
әдісі олардың ықтимал деңгейінен айтарлықтай жоғары таза пайда берген кезде
байқалады. Әдетте, ФИФО бір операциялық өндірістік циклдегі қорлардың
өтімділігінің жоғары жылдамдығы мен тұрақты бағаларында қолданылады.
Арнайы есептеу әдісі – бірін-бірі алмастыра алмайтын материалдық
құндылықтардың немесе тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын бағалауға
арналған. Бұл әдіс әрбір материалдық құндылықтың сипатын ерекшелейді және
кез келген уақытта материалдық құндылықтардың құнын, сатылған күнін,
сатылған материалдардың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда қалған қорлардың
құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдық
қорлардың құндарының қозғалысы олардың физикалық қозғалысымен сәйкес келіп
отырады. Яғни, бұл әдіс қорлардың физикалық және құндық айналымын толықтай
сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады [13, 95 б.].
Әдетте, Арнайы есептеу әдісі өзінің жоғары құнына және ерекше
тұтынушылық қасиеттеріне байланысты даналап немесе ұсақ топтамалар
көлемінде алуы ескерілетін қымбат тұратын тауарларды шығаратын және сататын
компанияларда қолданылады. Бұған автокөліктерді, әуе және су кемелерін,
өнер туындыларын, қымбат металдардан жасалған бұйымдарды сату мысал бола
алады.
Арнайы есептеу әдісінің басты құндылығы – есептің негізгі
қағидаларының бірі-өзіндік құнға жатқызылған шығындар мен осының
нәтижесінде алынған табыстардың сәйкес келу қағидасының едәуір нақты жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететіндігінде. Алайда, аталмыш әдіс жоғары еңбек
сыйымдылығымен ерекшеленеді, себебі әрбір сәйкестендірілген тауар бойынша
оның қозғалысының барлық кезеңінде, яғни сатып алғаннан сатқанға дейінгі
кезеңдердің есебін талап етеді. Оны жаппай және ірі сериялық өндірістерде,
бункерлік шикізаттар сақталатын компанияларда қолдану өте күрделі әрі
қымбат. Көбіне, бұл кемшілік, мысалы, штрих-код, сканирлейтін құрылғылар
және т.б. сияқты сәйкестендірудің әр түрлі техникалық құралдарының
көмегімен жойылады. Аталмыш әдісті қарастыру үшін компания әрбір сатылган
тауардың тек сандық емес, сонымен қатар бағалық (сатып алу бағасы бойынша)
есебін де жүргізуі керек.
Орташа құн әдісі – қорлардың бағасы ай басындағы қалдық материалдардың
орташа бағасымен, ай ішіндегі келіп түскен материалдар бағасының қосындысы
бойынша есептелген орташа бағаны анықтайды. Бұл көрсеткіш төмендегі
формулада берілген. Материалдар бірлігінің орташа құны олардың жалпы құнын
(есепті мерзімінің басындағы баланс пен сатып алынғаны) жалпы санына бөлу
(есепті мерзімінің басындағы баланс пен сатып алынғаны) арқылы анықталады.
Қорлардың шығысы (сатылуы) осы алынған орташа құнмен көрсетіліп, есепті
мерзімінің соңында сатылған өнімнің жалпы өзіндік құнына қосылады.

(Қ б.б + Қ а.б) (Қ б.с + Қ
а.с), (1)

Мұндағы, Қ б.б - қорлардың бастапқы бағасы;
Қ а.б - ай бойы келіп түскен қорлардың бағасы;
Қ б.с - бастапқы қорлардың саны;
Қ а.с - ай бойы келіп түскен қорлардың саны.
Орташа құн әдісінің артықшылығы болып сатып алу бағаларының тез
ауытқуы кезінде сатылған өнімнің өзіндік құнын тұрақтандырып отырады,
сонымен қатар сатылған корлардың партиялық есебін жүргізудің қажеттілігі
болмайды [12, 55 б.].
Осы әдістерге мысал ретінде ұйымның 2011 ж. 1 маусымда қор қалдықтары
мынадай болды:
Материалдар шотында (1200 бірлік 100 теңге) – 120000 теңге.
Ай ішінде сатып алынды:
2011 ж. 3 маусымда 300 бірлік алынды 120 теңгеден 36000 теңгеге;
2011 ж. 7 маусымда 200 бірлік алынды 130 теңгеден 26000 теңгеге;
2011 ж. 20 маусымда 500 бірлік алынды 140 теңгеден 70000 теңгеге;
2011 ж. 25 маусымда 650 бірлік алынды 150 теңгеден 97500 теңгеге;
Маусым ішінде түскені – жиынтығы: 1650 бірлік 229500 теңге.
Маусым ішінде өндіріске босатылды – 2150 бірлік.
1. ФИФО (бірінші түсті - бірінші сатылды)
Жұмсалған материалдардың өзіндік құны:
1200 бірлік × 100 теңге = 120000 теңге;
300 бірлік × 120 теңге = 36000 теңге;
200 бірлік × 130 теңге = 26000 теңге;
450 бірлік × 140 теңге = 63000 теңге;
2150 бірлік 245000 теңге.
Ай соңындағы қалдық 700 бірлік: 50 бірлік 140 теңгеден = 7000 теңге.
650 бірлік 150 теңгеден = 97500 теңге.
104500 теңге.
2. Орташа құн әдісі – есепті кезең басында бар болған және осы кезең
ішінде иелікке алынған немесе өндірілген бірліктердің орташа құны.
(120000 теңге + 229500 теңге) : (1200 бірлік + 1650 бірлік) = 349500 :
2850 =122,6316 теңгебірлік.
2150 бірлік × 122,6316 теңгебірлік = 263658 теңге;
700 бірлік × 122,6316 теңгебірлік = 85842 теңге;
(120000 + 229500 – 263658 = 85842 теңге).
3. Арнайы есептеу әдісі.
Есепті кезеңнің соңында өткізілген түгендеу қорытындысы бойынша
қоймада бірінші түскен партиядан 210 бірлік, үшіншіден 70 бірлік,
төртіншіден 240 бірлік және бастапқы қалдықтан 180 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Қаржылық қорытынды есебі
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Дебиторлық берешек есебі
Қаржылық активтер есебі
Пәндер