Еңбек нарығы туралы түсінік



Жоспар
Кіріспе 2
1. Еңбек нарығы туралы түсінік 3
2. Қазақстан республикасында еңбек нарығының даму
тарихы 6
3. Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері 12
4. Қазақстан республикасының еңбек нарығының
проблемалары 16
5. Қорытынды 18
6. Пайдаланған әдебиеттер 19
Кіріспе
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді.
6. Пайдаланған әдебиеттер
1. Шеденов ¤. Ќ. «Жалпы экономикалыќ теория» Аќтµбе – 1999
2. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», оқу құралы
3. Бейсенов С. Инфраструктура рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
4. Бейсенов С. Рынок труда // Экономика и жизнь - 1992 г. - № 3.
6. Вамек А. “Янтарь”: формируется рынок труда // Человек и труд - 1993 г. - № 8.
7. Голодец О. Критическая ситуация на региональных рынках труда // Вопросы экономики - 1997 г. - № 2.
8. Дадашев А. Региональный рынок труда в России: формирование и эффективность управления. // Вопросы экономики- 1995 г. - № 5 - стр. 63-70.
9. Заславский И. Характеристика рынка труда. // Новая жизнь - 1995 г. 18.07
10. Конкина А. На рынке труда // Новая жизнь - 1995 г. - 18.07

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
1. Еңбек нарығы туралы түсінік 3
2. Қазақстан республикасында еңбек нарығының даму
тарихы 6
3. Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері 12
4. Қазақстан республикасының еңбек нарығының
проблемалары 16
5. Қорытынды 18
6. Пайдаланған әдебиеттер 19

Кіріспе
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

1.Еңбек нарығы туралы түсінік
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда адамгершілік элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік -- еңбектің саны (Q), тік білік (Р) -- жалақының ставкасы Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық -- мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс (ВБ) пен ұсыныстың (55) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-тендік дәрежесін (РЕ) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады: Qе -- еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.

2. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық - феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас - тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық - рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды. Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақовтың Қазақстан және қазақтар деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы орталау Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті . Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың бұрынғы егінінң 7 проценттейі (Россия , 7 том ,С-Петербург, 1913,321 бет).Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы шаруашылығы құлдырап кеткен.Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді.Оны Т . Әбіразақов көрсеткен мынадй мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн пұтын астам нарықтарында сатқан. Ал 1893жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау ) нарық саясатын жүргізеді . Бұдан біз нарық экономиканың негізгі белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты болды.Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды,ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады.Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай,қол күшіменғана алынатын орындары пайдаланылды.Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,сонымен бірге ,қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейнгі дәүірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы - шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді.Жерді зор көлемде тартып алу,отырышылық ошақтарынталқандау ,қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау,қисапсыз алым - салық қазақ халқының экономикалықжағдайының қалдыруына,еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды.Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып,оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау,нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды.Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру.1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (IIкезең) арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді , басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.
Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық тоериялар мен мектептерді,шартты түрде,екі негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері- еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм мектебптерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем)деп атайды.
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде араласуын жақтайды.Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы(1936ж) деген кітабындағы идеяларды классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады.Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті.Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары , француздардың дирижестері жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын.Өздерінің зерттеулеріне , олар,бірінші кезекте ұлттық табыс,қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім,ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады(зейнт ақы,жәрдем ақша,халыққа білім беру,денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.).Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.
XX ғасырдың 70жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы тұралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды.Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмнің бәсекенің негізінде балансылынған өсуді,яғни сұраным мен ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз ету3 м8мк3н деп есептеді.Олар - өздерінің зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа алады,яғни экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жүйесі туралы
Еңбек нарығының институттары
Нарықтық экономиканың үлгілері
Ұйымдастырудың нарықтық сипаты
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Еңбек нарығы. Жалақы факторлық табыс ретінде
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы
Нарық және иерархия туралы
Бағалы қағаздар туралы мәлімет
Пәндер