Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі



Жоспар
I. Кіріспе
II. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
III. Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі
IV. Қортынды
Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.
Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.
Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.
1.уСПАНГАЛИЕВ ,Алмата 2010
2.Каирушев Б.А. Алмата 1996

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЕУРАЗИЯ ИНСТИТУТЫ

Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мемлекеттік бюджет

Орындаған Нуржанова Л.М
Тексерген Суюншкалиева Д.С

Орал - 2015ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
III. Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі
IV. Қортынды

Бюджет (ағыл. budget - қоржын) - орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.
Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.
Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджет -- мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністердің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттік жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттің бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджеттің негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми - техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
Бөлулік қарым - қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдаалануға арналған;
Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс -- әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым - қатынас тауарлық - ақша қарым - қатынаспен тығыз байланыста болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым - қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды - құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым - қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формалары қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекеттік бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс -- әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым - қатынастың белгілі формалары.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам -- жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым - қатынастың осындай болжам - жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттік жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары
МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ ҚАТЫНАСТАР
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Қ.р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым
Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі жайлы
Пәндер