Қабандарды азықтандыру ( шошқа)



МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1.1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қабандар мен мегежінді азықтандыру нормасы мен
рациондардың ұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.12
2.2. Өнеркәсіп кешені жағдайында тұқымдық қабандарды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.15
2.3. Бордақылаудағы шошқаны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.23
2.4. Қабан шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын азықтар ... 24.25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек.
Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.
Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Агропромиздат,1990. – 624 с.
4. Боярский Л.Г. Технология кормов и полноценное кормление сельскохозяйственных животных. – Р-на-Дону, 2001. – 416 с.
5. Калашников А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромиздат, 1985. – 352 с.
6. Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П. Кормление крупного рогатого скота в современных условиях: справочное пособие. – Алматы, 2005. – 331 с.
7. Топорова Л.В. и др. Практикум по кормлению сельскохозяйственных животных. – М. : Колос С, 2004. – 296 с.
8. Князев П.Е. и др. Практические занятия по свиноводству. -М., Колос,1991.
9. Егеубаев А.А.; Құсайнов К.К. және басқалар. Мал азықтандыру . I-II бөлім. Оқу құралы. 1993.
10. Омарқожаев Н.О. Малды құнарлы азықтандыру. Оқу құралы.- Алматы, 1993
11. Баканов В.Н., Менкинь В.К: Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру /оқулық/. - М., Агропромиздат, 1989.
12. Калашникова А.К., Клейманов А.К. және басқалар. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру нормалары мен рациондары- М: Агропромиздат, 1985.
13. Т. С. Садыкулов, А. Б. Байжұманов, К. Н. Бегімбетов, Мал өсіру пәнінің практикумы. Алматы, 1998 102 б.
14. А. А. Төреханов «Рекомендация по экстерьерной оценке типа молочного скота» Талдықорған, 1995, 17 б.
15. И. А. Чижик «конституция и экстерьер сельскохозяйственных жывотных» Л., Колос, 1979. 123 б.
16. М.М.Лебедева «Оссобенности племенной работы с сельскохозяйственными животными в условиях интенсификации животноводства» Сборник научных трудов Ленинград, 1974. 109 б.
17. Г. Н. Доброходов «Справочник зоотехника» Часть І,ІІ М., Колос, 1969. 27
18. Л. И. Хитруна «Справочник по планированию сельско хозяйства» М., Колос, 1974. 132 .
19. И. И. Черкощенко «Справочник по мясному скотоводству» М., Россельхозиздат, 1976. 89 б.
20. Н. П. Чирвинский «Общее животноводство» С – Петербург, 1896. 21 б
21. Л. К. Эрнст Н. А. Кравченко и. Др. «Племенное дело в животноводстве» М ., Агропромиздат, ,1987. 145 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қабандарды азықтандыру

Орындаған:
Тексерген: Ахметова А.Б.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қабандар мен мегежінді азықтандыру нормасы мен
рациондардың
ұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6-12
2.2. Өнеркәсіп кешені жағдайында тұқымдық қабандарды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-15
2.3. Бордақылаудағы шошқаны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-23
2.4. Қабан шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын азықтар ... 24-25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-
29

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары
меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-
70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі
заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек.
Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу
үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі
азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың
қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін
тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары
белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау
белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал
етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына
сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды
қатынасы қажет.
Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени
өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті
әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру
алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып
табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі
клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын
биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға,
өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға
бағытталған.

Курсық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
алған білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын,
соның ішінде қабанды (шошқаны) толыққанды азындандырудың ерекшеліктерімен
тәжірибесін оқып білу.
Курстық жұмыстың мақсатына жету жолында келесі міндеттер орындалады:
✓ Қабандарды азықтандыру техникасы туралы түсінік беру;
✓ Қабандарды азықтандыру типтері, ондағы құнарлы жем үлесін
анықтау;
✓ Қабандардың қоректік заттарға, азықтандыру межесіне қажет
талаптармен танысу.
1.1. Әдебиетке шолу
1. В.Ф. Лемештің (1971), Р.Дмитриевтер (1972) зерттеулері сүрлем салынған
жоңышқа көптеген жоңышқа көптегенамин қышқылдары азаятынын көрсетеді.
2. И.А. Богданов, (1918) өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы белоктан
организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк азықтың және
тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін
зерттеді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қабандар мен мегежінді азықтандыру нормасы мен рациондардың құрылымы

Төлдердің саны және сапасы айтарлықтай дәрежеде аталықтардың
физиологиялық әлеуетіне байланысты. Ұзақ уақыт бойы шағылысқа түспеген
кезенде, қоректік заттардың барлық түрінің мөлшерін азайту ұсынылады. Сақа
аталықтар үшін тірілей салмағы 200-250 кг болғанда - 10%-ке, ал тірілей
салмағы 250-350 кг болғанда - 20%-ке азайтылады. Өсіп келе жатқан жас
аталықтар үшін 100 кг тірілей салмағына 2 азық өлшемін қосады.
Күніне бір бас аталық шошқаны азықтандырудың мөлшері мына ретте
болады.

Көрсеткіштері Тірілей салмағы, кг
151-200
Азық өлшемі 3,6
Алмасу энергиясы, мДж 39,9
Құрғақ зат, кг 2,81
Шикі белоктың зат, г 556
Сіңірімді белоктың зат, г 436
Лизин, г 26,7
Метионин+цистин,г 17,7
Шикі клетчатка,г 197
Ас тұзы, г 16
Кальций, г 26
Фосфор,г 21
Темір,мг 326
Мыс,мг 48
Мырыш,мг 244
Марганец,мг 132
Кобальт,мг 5
Йод, мг 1
Каротин.мг 33
Витамин А, мың х.ө 16,5
Д, мың х.ө. 1,6
Е, мг 132
В1, мг 7,3
В2, мг 16,3
В3, мг 65
В4, мг 3,3
В5, мг 228
В12,мг 81

Аталықтардың рационының құрамында - қоректілігі бойынша 85-90% жем
болады (концентраты) оның 20%-ке дейінгісі бұршақ, 10-12%-ті жануар тектес
азық 5%-ке дейінгісі - шөп ұны. 10-15%-ке дейін - шырынды немесе көк
азықтар. Егер өнеркәсіптің әзірлеген жануар тектес азықтары жоқ болса, онда
1 кг жемге (ковдентратқа) 1 л дейін сүт пайдаланылады.
Аталық шошқаның рационында: арпа - 0,5 кг, сұлы – 0,5 кг, жүгері –
0,6кг, бұршақ - 0,5кг, шөп ұны - 0,1кг, күнбағыстын майы алынған калдығы
(шрот) - 0,4кг, балық ұны - 0,1кг, түйнекті жемістілер мен тамыр жемістілер
- 2кг, қаймағы алынған сүт - 1,4кг, ас тұзы - 17 г, қоректік заттар коспасы
- 27 г (премикс).
Тірілей салмағы - 200-250 кг болатын бір аталық шошқаның бір күндік
рационы.

Көрсеткіштер Қыс кезеңінде азықтандырудың түрлері Жаз кезінде
Жем-картоп Жем-тамыр Жем
жемістілер
1 2 3 4 5
Арпа, кг 0,5 0,5 0,6 0,4
Сұлу, кг 0,5 0,5 0,5 0,2
Бидай,кг 0,6 0,6 0,6 0,9
Жүгері, кг 0,5 0,5 0,7 0,7
Бұршақ, кг 0,1 0,1 0,1 0,2
Шөп ұны, кг 0,4 0,4 0,4 -
Күнбағыстың майы 0,1 0,1 0,1 0,1
алынған қалдығы, кг
Балық ұны, кг 0,2 0,2 0,2 0,2
Қаймағы алынған сүт, 1,4 1,4 1,4 1,4
кг
Буланған картоп, кг 1,2 - - -
Сәбіз, қызылша, кг - 2 1,4 -
Құрама азық қоспасы, - 13 13 10
г
Ас тұзы, г 17 17 17 17
Қоректік заттардың 35 35 35 35
қоспасы, г
Кебек - 10 10 -

Мегежіннің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағы мен
физиологиялық ахуалына байланысты өзгереді. Мысалы, қысыр мегежіннің күйін
келтіру үшін ұрықтандырудан 10—14 күн бұрын азықтандыру деңгейінің жалпы
қоректілігі 25—30% (негізгі азықтандыру нормасына қосымша 0,5—0,6 а.ө.-не)
жоғарылатылса, мегежін буаздығының соңына қарай оған қоса және 15-20%
(0,3—0,4 а.ө.) жоғарылатылады.
Шошқаның 2 жасқа дейінгі өсетінін ескеріп жас мегежін азықтандыру
деңгейін оның салмақ қосып, жетілуіне 1 кг қосымша салмаққа 4 а.ө. (44,2
МДж АЭ) есебінен өсіреді. Екі жасқа дейінгі мегежінді буаздық кезеңінде
тірілей салмағына қарамай тірілей салмағы 181-200 кг мегежін азықтандыру
нормасымен қоректеңдіреді.
Жақсы күйлеп, дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 14 күн қалғанда 100
кг тірілей салмағына шаққанда сақа мегежінге - 1,5-1,8 кг, екі жасқа
дейінгі жас мегежінге — 1,8-2,4кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады.
Азық құрғақ затының әр 1 кг-да — 1,5 а.ө., 105 г қорытылатын протеин, 6 г
лизин, 140 г шикі жасұнық, 5,8 г ас тұзы, 8,7 г кальций, 7,2 г фосфор,
11,6 мг каротин, 7 мг В, 23 мг В2, 1,16 мг В3, 29 мг В4, ВІ2 витаминдері
болуға тиіс. Мегежіннін тым семіруінің де нөтижелі ұрықтануға кері әсер
ететінін ескереді.
Қозы көтеріліп, күйі келген мегежін нәтижелі ұрықтанғаннан кейінгі 114
тәуліктен соң әрқайсысының салмағы 1,2—1,3 кг тартатын орташа 10-12 торай
туады. Мұншама көп төлдің эмбрионалдық өсіп дамуына мегежін денесінен
көптеген органикалық және минералдық заттар жұмсалады. Айталық 10—12 бас
торайдың эмбрионаддық дамуына 1,5—1,7 кг белок, 150—160 г кальций, 80—85 г
фосфор жұмсалуын қамтамасыз ету үшін мегежін денесіндегі қоректік заттар
қорын 1,5—2 есе молайтып, оны азықтандырудың жалпы энергетикалық
қуаттылығын 25—45% өсіреді. Ол үшін 100 кг тірілей салмағына шаққанда 2
жасқа дейінгі буаз жас мегежінге — 1,8—2,4 кг, 2 жастан асқан сақа
мегежінге — 1,2-1,6 кг, торай емізетін мегежінге 3 кг құрғақ зат жеткізеді.
Оның 1 кг-да қысыр және буаз мегежін ғандағы 9% көлемінде болатын торай
қанындағы гемоглобин мөлшері екі аптада 3—5% дейін төмендеп, торайлар
алиментарлық қан азаюына, яғни анемияға ұшырайды. Олардың анемияға
шалдығуына қанында эриторциттердің аз болуы да көмектеседі. Анемияға
шалдықтырмау үшін жаңа туылған торайға темірге бай қызыл топырақ (красная
глина) жегізіп, қажетті жағдайда 2-3 күндігі мен 3 апталығында темірі бар
ферродекс (басына 2 мл) немесе уразоферан (басына 5 мл) ерітінділерін
егеді. Өмірінің алғашқы күнінен бастап кальций-фосфорлық қосынды ретінде
преципитат, азықтық фосфат беріп, 0,5% күкірт қышқылды темір мен мыс
ерітіндісін жалатады.
Туылғаннан кейінгі 3 аптада торай қоректік мұқтаждығы ене сүтімен
қанағаттандырылып, 1-ші он күнде тірілей салмағын 2,5 есе, 1 айда 5 есе, ал
енесінен ажыратылатын 2 айлығында 15-18 есе ұлғайтады. Тез арада өсіп,
жылдам жетіліп, қомақты салмақ қосуы үшін торайды енесін емізумен қатар
ертерек қосымша азықтар жеуге үйретеді. Оларға алдымен қуырылып ұнтақталған
арпа, жүгері дәнін, минералды қосындыларды (кальцийге бай бор, темірге бай
қызыл топырақты) жекелеп таза науаға салып қояды. 6 айға дейінгі торай
желінген жемшөп каротинінің кашар игеретіндіктен, азығының А витаминімен
қамтамасыз етілуі көзделеді. Ас қорыту жолының кілегей қабытын қабындырмау
үшін торай азығының құрғақ затындағы ас тұзының мөлшері 0,34-0,4%-дан
аспауы керек.
Торай азықтандыруға шығарылған арнайы құрамажемге оларды 10-15-
күндігінен 20-25 г жегізе бастап, 16-20-күндігінде - 50 г, 21-25-күндігінде
- 100 г, 26-30-күндігінде - 225 г, 31-35-күндігінде 350 г жегізеді де,
содан арғы әр 5-күндік сайын берілетін жем көлемін 100 г көбейте отырып, 2
айда бір басқа 20 кг жұмсайды.
Екі айдан кейін тірілей салмағы 20-40 кг жеткенше торай салмақ
қосуының тежелмей тәулігіне 400-450 г деңгейі де сақталуы үшін қоректенуін
енесінің сүтінен біртіндеп өсімдік жемшөпке ауыстыру қажет. Ол үшін
азықтандыруды жасына байланысты торай денесіндегі зат алмасу өзгерістерін
ескере отырып жүргізу қажет.
Ол өзгерістер денедегі түзу бағытына ықпал етеді. Жас торай денесінде
желінген азық энергиясы белок түрінде (тәулігіне 80—100 г көлемінде)
байланатын болса, өскен сайын денедегі белок түзуі бәсеңдеп орнына май
түзуі артады. Сондықтан азықтандыру қоректілігін де денедегі осы биотүзу
бағытын ескере отырып ұйымдастырады.
Алғашқы үш аптада негізінен ене сүтімен қоректенген торай 1 кг салмақ
қосу үшін 1,5-4 кг сүт қажет етеді. Демек, бұл кезеңде жаңа торайлаған
мегежіннің барлық туылған торай басын сүтімен жеткілікті қамтамасыз
еткізудің маңызы зор.
Сонымен қатар торай өсімталдығына байланысты тез өсетін қоректік
заттарға мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін, оларды басқа да жеңіл қорытылатын
азықтарға үйретеді. Ол үшін туғаннан кейінгі 5-7 күнде енесінен тек
торайлар өте алатын тесікті қоршаумен бөлінген қора бөлігінде науаға
салынған қуырылған арпа, жүгері дәні, азықтық бор, темірге бай қызыл
топырақ азықтарға дағдыландырады.
Алғашқыда торайды тәулігіне 4-5 рет, кейіннен 2-3 рет азықтандырады.
Оларға жегізілетін азықтарды алдын ала өндеуден өткізеді. Дәнді ұнтақтап,
тамыр-түйнек жемістілерді булап не пісіреді.
Көк азықты да мыжып (плющение) араластырған жөн. 4 айдан асқан
тұқымдық шошқа торайын тірілей салмағы 40 кг-нан 150 кг-ға жеткенше
тәулігіне 600-650 г салмақ қосып, қаңқасы мен бұлшық етін, ішкі ағзалары
мен мүшелерін жақсы дамытатындай етіп азықтандырады. Тұқымдық торай азығына
жүгері, арпа, бидай, сұлы, бұршақ секілді 4-6 түрден тұратын құнарлы жем
қосындысын, бидай кебегі, дән жармасы, диірмен қалдықтары, күнжара мен шрот
секілді техникалық өндірістің азықтық қалдықтарын жұмсайды.
Торай салмағы мен өсу жылдамдығы артқан сайын берілетін азық құрғақ
затындағы алмасу энергиясы мен қоректік заттар шоғырлану дәрежесі
өсіріледі. Броди деректері бойынша, торай жеген азығының 36-40% энергиясы
тіршілігін қамтамасыз етуге, 30—35% денесіндегі 1 г түзуіне - 42-48 кДж АЭ
шығындалатын белок (бұлшық ет) пен 1 г жиналуына -53,5-54,2 кДж АЭ
шығындалатын май байланымына (жироотложение) жұмсалады. Өскен сайын дене
салмақ қосуындағы белок (бұлшық ет) байланымының үлесі кеміп, май
байланымының үлесі жоғарылауынан, торайдың 1 кг салмақ қосуына энергия
шығыны 20-30 кг тартқанда 18-19 МДж болса, 90-100 кг тартқанда 27-29 МДж
болып, азық шығыны 4—5 а.ө.-нен 6—8 а.ө. дейін ұлғаяды.
Торайдың тәуліктік салмақ қосымы өскен сайын азық энергиясының
тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалған бөлігінің үлесі азайып, өнім түзуге
жұмсалатын бөлігінің үлесі ұлғаяды.
Осы заңдылыққа сүйене отырып, бағытты азықтандыру арқылы торай
өнімділігін өсіріп, өнім құнын арзандатады. Дұрыс азықтандырылған жағдайда,
торайдың туылғандағы салмағы... 1 айда - 5 есе, 2 айда - 15-17 есе өсіп, 18-
20 кг, 7-8 айда 90-110 кг тартады.
2.2. Өнеркәсіп кешені жағдайында тұқымдық
қабандарды азықтандыру

Шаруашылықтағы асыл тұқымды қабандар дұрыс азықтандырылып, зауыттық
кондицияда болуы шарт. Арықтай не, керісінше семіріп, кеткен қабандардың
ұрықтанушылық қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Жас әлі өсіп
жетілмеген қабандарға 2 жасқа дейінгі құрғақ зат мөлшерін (100 г тірідей
салмағына) 1,7 килограмға дейін көтереді. Ұзақ мерзім күйекке түспеген және
де өндірістік кешендерде биологиялық сапасы жоғары құрама жем берілетін
тірі салмағы 200—250 кг қабандардың азықтандыру нормасын 10 процент,
250—350 килограмдықтарінікін 20 процент (орташа 15 процент) кемітеді.
Рациондағы энергия мен қоректік заттардың мұндай деңгейде шоғырлануын
мол жеммен (жалпьг қоректілігінің 75-85 процентке жеңіл қорытылатын
шырынды. азықтармен) 10-15 процент (протеинді витаминді шөп ұнымен (3-5%
процент) жоғары сапалы белокті жануар тектес азықтармен қамтамасыз етеді.
Бұл азықтардан көк сүт, балық, ет-сүйек ұнын қолданады. Жемді 2-2,5 кг
арпа, сұлы, жүгері, бұршақ, бұршақ күнжара мен шрот қосындысы түрінде
береді. Жеңіл қорытылатын энергия көзі ретінде қызылша, каротинге бай қызыл
сәбіз, шөп ұнын қосады. Жазда оларды 1-1,5кг көк азықтар қосындысымен
(жоңышқа, беде, есек мия, бұршақ және бұршақ-астық тұқымдастар көгі)
ауыстырады. Көк азықты алдын ала 5-10мм етіп турап немесе мыжып араластырып
береді. Өндірістік толық рациондық құрама жемдерді кек сүт не сүт сары
суымен ылғалдандырады. Қабандарды тәулігіне 2 рет, күйекке түсерінен 1,5-2
сағат бұрын азықтандырады.
Тұқымдық қабанның жыныс потенциясын сақтап, қажетті көлемде сапалы
ұрық алу үшін жыл бойы дұрыс азықтандырып, зауыттық, яғни асыл тұқымдық
(племенная) кондициясын сақтау қажет. Арықтаған не керісінше семіріп кеткен
қабанның ұрық өндіру қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Ұзақ мерзім
күйекке түспеген жағдайда тірілей салмағы 200—250 кг қабанның азықтандыру
нормасын — 10%, тірілей салмағы 250-350 кг қабандікін 15-20% төмендетуге
болады жөне қабанға құнарлылығы жоғары барлық көрсеткіштері нормамен
теңестірілген құрамажемнің жегізілуін осы шамада азайтуға болады. 2 жасқа
дейінгі жас өсіп-жетілуі аяқталмаған қабанға 100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Шошқаларды топтық станоктарда ұстау
Қабандарды азықтандыру нормасы мен рациондардың құрылымы
Қабандар (шошқа)
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы)
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаның гигиенасы жайында
Пәндер