Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын



Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
III.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.1 Препараттарға сипаттама. Әсер ету механизмі. ... ... ... ... ... 11
3.2 Қолдану көрсеткіштері. ... ... ... ... ... ... ... 15
3.3 Препаратты қолдану мөлшері ... ... ... ... .16
3.4 Препараттардың жанама әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
IV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қосымша
Кіріспе

Мал шаруашылығын ойдағыдай дамыту үшін ауыл шаруашылығы малдарының арасында жиі кездесетін аурулардан сақтандыру, аса бағалы асыл тұқымды малдардың денсаулығына мұқият бақылау жасау, өсіріп өндіру мәселерін жете қарастыру қажет. Осы аталған міндеттерді шешуде дәрі – дәрмектерді қолдану елеулі орын алады. Соңғы жылдары малдарды емдеуде адреномиметикалық заттар кеңінен қолданылады. Адреномиметикалық заттардың фармакологиялық әсері жүйкелердің постганглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді. Кейбір адреномиметиктер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
1895 жылы Г.Оливер және Э.Шефер бүйрек үсті бездерінің сығындысы АД-ны көтеру қабілеті барын айтады. 1899 жылы бүйрек үсті бездерінің ми қабаттарының гармондары айқындалады – адреналин (эпинефрин). 1910 жылы Генри Дейл химиялық құрылымның адромиметиктердің қатарындағы фармакологиялық әсері арасындағы байланысты айтады.
Адреномиметикалық заттар - бұлар адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық байланыстар. Көбінесе өндірістік фенилалкиламиндердің маңызы зор. Олардың негізгі молекулалары фенолдық ядро, алифатикалық тіркес және аминтоптар, адреналин, норадреналин, изадрин, добутамин, дофамин, мезатон т.б болып табылады. Олардың барлығы адренореактивті жүйелермен өзара әсерлеседі, нәтижесінде адренергиялық синапстың постсинаптикалық мембрананың қозуы пайда болады. Бүкіл адреномиметикалық заттардың ішінде тек қана адреналин альфа және бета рецепторларға бірдей әсер етеді. Норадреналин, мезатон және фитанол альфа рецепторларына күштірек әсер етеді, ал изадрин бета рецепторларына күшті әсерін тигізеді. Аминотоптағы сутегінің бос көміртегінің тізбегімен ауысқан кезде препараттың бета – адреномиметикалық белсенділігі артады. Молекулада тек бір ғана гидрооксидтік радикал немесе бұл радикалдары мүлде жоқ байланыста жайырақ ыдырайды, сондықтан ұзақ уақыт әсер етеді.
Қазіргі кездегі көп мөлшердегі адреномиметикалық заттардың арасында басым қызығушылықты бензолдиоксидінің (адреналин, норадреналин, изадрин), монооксибензолдың (мезатон) және бензолдың (эфедрин, изадрин,фениламин) туындылары туғызып отыр. Бұл барлық препараттар бір бағытта әсер етеді, бірақ түрлі заңдылықтарға ие. Әсер етудің түрлілігі басты жағдайда қосымша гидрооксилдердің , сондай – ақ бензойдың ядро түріндегі алкилдардың әсер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1.Мозгов И.Е. Фармаколотия./И.Е. Мозгов. – М.: Агропромиздат, 1985.192 с.
2. Соколов В.Д. Клиникалық фармакология /В.Д. Соколов және т.б.- М: Колос, 2003.- Б.129-133.
3. Қожабеков З.К Малдәрігерлік фармакология /З.К: Қожабеков және т.б.-Алматы, -2000. Б.144-150.
4. Субботин И.Д. Современные лекарственные средства / И.Д. Субботин, С,Г. Субботина, И.Д. Александров.-Ростов на-Дону: Феникс-2000. Б.132-135.
5. Третьякова А.Д. Ветеринарные препараты / А.Д Третьякова, М:Агропромиздат, 1988. Б. 125-130.
6. Б.В. Уша, В.Н Жуленко Фармакология / Б.В. Уша, В.Н Жуленко, О.И. Волкова.-М: Колос, 2003. Б. 96-113.
7. Ятусевич А.И. Лекарственные средства в ветеринарий / Ятусевич А.И.. – М: Техноперспектива, 2006. Б. 131-142.
8. Елинов Н.Б. Современные ветеринарные препараты. Справочик с рецептурой. / Елинов Н.Б, Э.Г.Громова.- М: Питер, 2000. Б. 55-68:
9. Александров И.Д. Справочник по технологии приготовления лекарственных форм. / Александров И.Д- М. Феникс, 2001. Б. 152-155.
10. Машковский М.Д. Лекарственные средства / Машковский М.Д.- М. Медицина, 1993. Б. 123-128.
11. Даниелевский В.М. Справочник по ветеринарной терапии / Даниелевский В.М.- М: Колос, 1983. Б. 111-115.
12. Қайырханов, Қ.К. Жануарлар биохимиясы / Қ.К. Қайырханов. – Алматы, Ана тілі, l993 ж.
13. Алмашев, Б.К. Физикалық және коллоидтық химия практикумы / Б.К. Алмашев.- Алматы, Мектеп, l985 ж
14. Збарский, Б.И и.др. Биологическая химия / Б.И. Збарский,. И.И. Иванов,. С.Р. Мордашов. – М., Медгиз, l9 72 ж.
15. Жуленка, В.М. Ветеринариялық токсикология / В.М. Жуленка. – Москва, Колос, 200l ж.
16. Қожабеков, З.К. Мал дәрігерлік фармакология / З.К. Қожабеков. – Қаз МҒЗИ I-ші басылым, 2000 ж.
17. Кононский, А.К. Биохимия животных / А.К. Кононский. – Киев, Вища школа, l984 ж.
18. Александров, И.Д., Говоров, Н.П. Ветеринарная фармакология/ И.Д. Александров, Н.П. Говоров.-Москва, 1962 г.
19. Иванов И,Фармакология оқулық -1985ж

20. В. И. Жуленко Фармакология токсикология пәнінен курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау /
21. Малахов, А.Г. Биохимия сельскогохозяиственных животных / А.Г. Малахов. – М., Колос, l984 ж.
22. Чечеткин, А.В. Биохимия животных / А.В. Чечеткин. – Высшая школа, 1982 ж.
23. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р., Қазақстан өсімдіктері / С.А.Арыстанғалиев, Е.Р. Рамазанов – Алматы.: Мектеп 1983ж., 128б.
24. Қожанов К.Н. Ветеринариялық фармакология, /К.Н.Қожанов – Алматы.: Ғылым, 2007ж.,
25. Қожабеков З.К., Сансызбай А.Р. және басқалары Малдәрігерлік фармакология /З.К.Қожабеков, А.Р.Сансызбай Алматы.: Қайнар, 2000ж.,

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
 Кіріспе

Мал шаруашылығын ойдағыдай дамыту үшін ауыл шаруашылығы малдарының арасында жиі кездесетін аурулардан сақтандыру, аса бағалы асыл тұқымды малдардың денсаулығына мұқият бақылау жасау, өсіріп өндіру мәселерін жете қарастыру қажет. Осы аталған міндеттерді шешуде дәрі – дәрмектерді қолдану елеулі орын алады. Соңғы жылдары малдарды емдеуде адреномиметикалық заттар кеңінен қолданылады. Адреномиметикалық заттардың фармакологиялық әсері жүйкелердің постганглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді. Кейбір адреномиметиктер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
1895 жылы Г.Оливер және Э.Шефер бүйрек үсті бездерінің сығындысы АД-ны көтеру қабілеті барын айтады. 1899 жылы бүйрек үсті бездерінің ми қабаттарының гармондары айқындалады – адреналин (эпинефрин). 1910 жылы Генри Дейл химиялық құрылымның адромиметиктердің қатарындағы фармакологиялық әсері арасындағы байланысты айтады.
Адреномиметикалық заттар - бұлар адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық байланыстар. Көбінесе өндірістік фенилалкиламиндердің маңызы зор. Олардың негізгі молекулалары фенолдық ядро, алифатикалық тіркес және аминтоптар, адреналин, норадреналин, изадрин, добутамин, дофамин, мезатон т.б болып табылады. Олардың барлығы адренореактивті жүйелермен өзара әсерлеседі, нәтижесінде адренергиялық синапстың постсинаптикалық мембрананың қозуы пайда болады. Бүкіл адреномиметикалық заттардың ішінде тек қана адреналин альфа және бета рецепторларға бірдей әсер етеді. Норадреналин, мезатон және фитанол альфа рецепторларына күштірек әсер етеді, ал изадрин бета рецепторларына күшті әсерін тигізеді. Аминотоптағы сутегінің бос көміртегінің тізбегімен ауысқан кезде препараттың бета – адреномиметикалық белсенділігі артады. Молекулада тек бір ғана гидрооксидтік радикал немесе бұл радикалдары мүлде жоқ байланыста жайырақ ыдырайды, сондықтан ұзақ уақыт әсер етеді.
Қазіргі кездегі көп мөлшердегі адреномиметикалық заттардың арасында басым қызығушылықты бензолдиоксидінің (адреналин, норадреналин, изадрин), монооксибензолдың (мезатон) және бензолдың (эфедрин, изадрин,фениламин) туындылары туғызып отыр. Бұл барлық препараттар бір бағытта әсер етеді, бірақ түрлі заңдылықтарға ие. Әсер етудің түрлілігі басты жағдайда қосымша гидрооксилдердің , сондай – ақ бензойдың ядро түріндегі алкилдардың әсер етуімен түсіндіріледі. Орта жағдайдағы алкогольді гидроксилдің бүйір тізбегі тамыр тарылтушы эффектіні күшейтеді. Бензол туындылары организмдегі тұрақты байланыстар, монооксибензолданған сайын күшейе түседі.
Ветеринарияда адреномиметикалық заттар көпшілік жағдайда тамыртарылтқыш, жүрек қызметінің белсенділігін арттыратын және қан қысымын артыратын құрал есебінде қолданылады. Түрлі препараттарда бұл бағытта әсер ету мүмкіндігі әр түрлі болып келеді, сондықтан оларды қолдануға деген ұсыныстар мен көрсеткіштер де түрліше.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - адреномиметикалық заттарды ветеринарияда қолданғанда олардың әсер ету механизмін, жануарлар түріне байланысты қолдану мөлшерін, кері әсерін, басқа да препараттармен үйлесімділігін талдап көрсету.
Курстық жұмысымның міндеттері:
Әсер ету механизмі мен препарттарға сипаттама беру;
Қолдану көрсеткіштері мен қолдану мөлшерін анықтау;
Препараттардың жанама әсерлеріне баға бере отырып, курстық жұмысымды оқыған адамдарға түсінікті етіп, терең ашып жазу.

II Әдебиетке шолу

И.Е. Мозговтың [1] деректеріне сүйенсек– адреномиметикалық заттарға мезатон, ксилметазолин, добутамин, дофамин, изадрин жатады. Адреномиметикалық заттардың фармакологиялық әсері жүйкелердің постганглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді. Кейбір адреномиметиктер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Қазіргі кездегі көп мөлшердегі адреномиметикалық аттардың арасында басым қызығушылықты бензолдиоксидінің (адреналин, норадреналин, изадрин), монооксибензолдың (мезатон) және бензолдың (эфедрин, изадрин,фениламин) туындылары туғызып отыр. Бұл барлық препараттар бір бағытта әсер етеді, бірақ түрлі заңдылықтарға ие. Әсер етудің түрлілігі басты жағдайда қосымша гидрооксилдердің , сондай – ақ бензойдың ядро түріндегі алкилдардың әсер етуімен түсіндіріледі. Ортожағдайдағы алкогольді гидроксилдің бүйір тізбегі тамыр тарылтушы эффектіні күшейтеді. Бензол туындылары организмдегі тұрақты байланыстар, монооксибензолданған сайын күшейе түседі.
В.Д. Соколовтың [2] мәліметтеріне қарағанда Мезатон – тамырдың тонусының төмендеуіне байланысты коллапс және гипотензия кезінде артериальды қысымды көтеру үшін, операцияға дайындағанда, операция кезінде, интоксикация кезінде, инфекциялық ауруларда, гипотоникалық ауруларда, тамырлардың тарылуына және салқын тиген кезде қабынуды болдырмау үшін конъюктивитке және т.б, анестетиктердің ерітіндісіндегі адреналинді алмастырушы ретінде, қарашықты ұлғайту үшін ауруларда қолданыладыды.
Артериальды қысымның жіті төмендеуінде мезатонды әдетте көк тамырға 0,1-0,5мл 1% ерітіндіні 40мл 5-20-40% глюкоза ерітіндісін немесе изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін енгізеді, қажет болғанда қайталайды. Тамшылатып енгізгенде 1 мл ерітіндіні 200-250 мл 5% глюкоза ерітіндісіне араластырып құяды.
З.К. Қожабековтың [3] деректерінде - адреномиметикалық заттарға жататын адреналин- бұл бүйрек үсті қабатының гормоны, химиялық құрылымы бойынша катехоламин болып есептеледі.. Жалпы медициналық және мал дәрігерлік практикада синтетикалық адреналин гидрохлорид қолданылады. Бірдей дәрежеде адренорецепторлардың барлық тип тармағын стимулдайды.
Адреналин әсер ету механизмі бойынша аралас адреномиметик. а1 - адренорецепторлардың жанама фармакологиялық әсерлеріне – артериялық қысымның кенеттен көтерілуі (тіпті артериялық қысымның қалыпты және көтерілуі), көз қарашығының ұлғаюы, көз іші қысымының артуы, тері тамырларының тарылуынан – ісіктің бәсеңдеуі, аллергияға қарсы әсер, капиллярлық қан кетудің тоқтауы жатады. в1- және в2- адренорецепторлардың стимулдауынан бронхтардың кеңеюі (бронхдиллатация), жүрек жұмысының барлық көрсеткіштерінің артуы (жүрек соғуының жиілеуі) кезінде әсер етеді.
В.М. Субботиннің [4] әдебиеттінде ксилометазолин – а- адреностимулятор, мұрын қуысының кілегейлі қабығының қан тамырларын тарылтады, кілегейлі қабықтың ісінуін және гиперемиясын жоятын адреномиметикалық зат ретінде сипатталған. Ринит кезінде мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. Еңгізгеннен кейінгі әсері бірнеше минуттан кейін басталады және бірнеше сағатқа созылады. Жергілікті қолданғанда абсорбиланбайды, плазманың концентрациясында аз болғаны соншалық, қазіргі заманғы аналитикалық әдіспен анықтау мүмкін еместігі анық жазылып көрсетілген. Тамыр тарылту активтілігі мезатоннан едәуір асып түседі, сондықтан параэнтеральды қолданылмайды. Бұл препараттар тері мен кілегей қабықта қан тоқтату үшін, суланған қабынудағы эксудатты азайту үшін қолданылады. Ксилометазолин МАО ингибаторларымен және трицикликалық антидепрессанттармен сәйкес келмейді. Жіті аллергиялық ринитте, риниттің пайда болуына байланысты жіті респираторлық ауруларда, синусит, поллиноз, мұрынның кілегей қабығының ісінуін азайту үшін қолданылады.
А.Д. Третякованың [5] деректеріне сүйенсек–адреномиметикалық заттардың ішінде мезатон синтетикалық адреномиметикалық препарат болып саналады.. а – адренорецепторларды стимулдайды, жүректің рецепторларына аз әсер етіп, артерияның таралуына және артериальды қысымның артуы туындайды. Норадреналин мен адреналинмен салыстырғанда артериялық қысымды тез көтереді, бірақ ұзақ әсер етеді. Препарат қарашықтың үлкеюіне әкеліп соқтырады және көз ішілік қысымды төмендетеді. Басқа препараттарға катехоламин болып табылмайды және катехоламин биотрансформациясына қатысатын катехол О- метилтрансфераза ферментіне аз бейімделген. Осыған байланысты мезатон төзімді ұзағырақ әсер көрсетеді.
Б. В. Уша және т.б авторлардың [6] деректерінде– бета адреномиметиктер в-адреноэргиялық рецепторлардың стимуляциясын тудыратын және ағзаның негізгі қызметіне әсер ететін биологиялық синтетикалық заттар ретінде көрсетілген. в2- адренорецепторлар бронхта, сүйектің бұлшық етінде,жатырда, жүректе, қан тамырларда, орталық жүйке жүйесінде және т.б мүшелерде болады. Жүректегі в2- адренорецепторлар қозғанда жүрек соғуының қысқыруына және тахикардияға әкеліп соқтырады.
А.И. Ятусевичтің [7] мәліметіне сүйенсек - добутамин – в -адреномемитиктер, миокардтың в1- адренорецепторларын стимулдейді және қалыпты инотропты эффект тудырады. Кардиотонустық дәрі болып есептеледі. в2- және а1- адренорецепторларына әлсіз әсер етеді. Жүректің дүрсілін және минуттық көлемін бірқалыпты көбейтеді, кіші қан айналым жүйесіндегі тамырлардағы қанның тоқтап қалуын төмендетеді. Жүрекке әсер еткенмен, артариялық қысымды мүлде дерлік көтермейді. Негізгі қолданылатын саласы – жіті жетімсіздігі. Қанның ағысын көбейтеді, миокардтың оттегімен жақсы қамтамасыз етілуіне көмектеседі және жүректің қарыншаларының қанмен толу қысымын азайтады. Организмге енгізгеннен кейін әсері 1-2 минуттан кейін пайда болады.
Бауырда активті емес метаболиттердің пайда болуымен жылдам метаболизденеді. Бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Химиялық структурасына байланысты катехоламин және дофаминге жақын болып табылады. Добутамин тамырдың а - адренорецепторларына әсер етпейді. Қарыншалардың автоматизміне аз әсер етеді, әлсіз хронотропты әсері бар, қолданғанда аритмияның дамуына мүмкіндік аз.
Н.Б. Елинов және Э. Г. Громованың [8] мәліметтерінде - мезатон – окситоцин, МАО ингибаторлары, тирицикликалық антидепрессанттар, қастауыштардың алкалоиттары прессорлы әсерді күшейтеді, диуретиктердің және гипотензивті дәрілік заттардың (метилдоп, мекамиламин, гуанардрияла, гуанетидина) гипотензивті әсерін төмендетеді делінген. МАО ингибитрлары (фуразолидон, прокарбазин, селегилин), окситоцин, трицикликалық антидепрессанттар, метилфенидаттар және т.б., адреностимуляторлар мезатоны прессорлы эффекттісін күшейтеді. Бета-адреноблакаторлар кардиосимульдейтін белсенділікті төмендетеді, резербин түрінде артеиалды гипертензия пайда болуы мүмкін. Ингаляционды анисетиктер (хлороформ, энфлурант, гальтон, изофлурант, метоксифулурант) жіті жүрек алды және жүрек қарыншасының артмияның күрт пайда болуын күшейтеді, осыған байланысты миокарттың симпотомимитиктерге деген сезімталдығын көбейтеді.
И.Д. Александровтың деректеріне [9] сүйенсек - добутамин химиялық структурасына байланысты катехоламин және дофаминге жақын болып табылады. Добутамин тамырдың а - адренорецепторларына әсер етпейді. Қарыншалардың автоматизміне аз әсер етеді, әлсіз хронотропты әсері бар, қолданғанда аритмияның дамуына мүмкіндік аз. Дофаминге қарағанда добутамин бүйректің тамырларының кеңеюін тудырмайды, бірақ жүректің соғуының жиілеуіне байланысты бүйректің перфузиясын жақсартады және жүрек ауруына шалдыққандарда диурезді күшейтеді. Инотропты эффектке байланысты жүректің қан ағысын күшейтеді. Артериялық қысым өте жоғары көтерілген жағдайда добутаминді қолданбаған жөн. Әдетте добутаминді көк тамырға минутына 2,5-10 мкгмг жылдамдықпен енгізеді. Препаратты инъекция үшін стерильді суда немесе 5% глюкоза ерітіндімен ерітеді.
М.Д. Машковскийдің [10] мәліметінде -адреномиметикалық заттардың фармакологиялық әсері жүйкелердің постганглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді. Кейбір адреномиметиктер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. 1895 жылы Г.Оливер жәе Э.Шефер бүйрек үсті бездерінің сығындысы АД-ны көтеру қабілеті барын айтады. 1899 жылы бүйрек үсті бездерінің ми қабаттарының гармондары айқындалады – адреналин (эпинефрин). 1910 жылы Генри Дейл химиялық құрылымның адромиметиктердің қатарындағы фармакологиялық әсері арасындағы байланысты айтады.
Адреномиметикалық заттар - бұлар адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық байланыстар. Көбінесе өндірістік фенилалкиламиндердің маңызы зор. Олардың негізгі молекулалары фенолдық ядро, алифатикалық тіркес және аминтоптар, адренали, норадреналин, изадрин, добутамин, дофамин, мезатон т.б болып табылады. Олардың барлығы адренореактивті жүйелермен өзара әсерлеседі, нәтижесінде адренергиялық синапстың постсинаптикалық мембрананың қозуы пайда болады.
В.М. Даниелевскийдің [11] деректерінде - адреномиметикалық затардың жануар организміне тұтастай әсер ету механизмі, басқа дәрілік препараттармен үйлесімділігі мен үйлесімсіздігі, олардың фармакодинамикасы, жүйелер мен мүшелерге әсері,әсер ету механизмі, олардың енгізілу жолдары мен тиімділігі қарастырылған.

III. Негізгі бөлім

Адреномиметикалық заттар латынша adrenalis бүйрек асты + mimetikos жаңадан өндіретін, еліктеуге икемді; син. Адреномиметиктер рецепторларды стимулдейтін дәрілік заттар. Адреномиметикалық заттар тікелей және жанама әсер ететін болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін адреномиметикалық заттар адренорецепторларды қоздырады, оларға адреналин, норадреналин, мезатон, нафтизин, галазолин, изадрин, сальбутамол, фенотерол жатады. Жанама әсер ететін адреномиметикалық заттар – норадреналиннің медиаторын бөлінуін күшейтеді, оған эфедрин жатады. Құрылысы атқаратын қызметіне қарай және басқа да әртүрлі заттарға сезімталдығына қарай бірнеше түрлерге бөледі: а1, а2, в1, в2 – адренорецепторлары.Осыған сәйкес б- адреномиметиктер, в-, б-в адреномиметиктер болып бөлінеді.
Постсинаптикалық а1 – адренорецепторлар:
тамырлардың және басқада органдардың сызатталмаған бұлшық еттері(стимулдау осы бұлшыќ еттердің жиырылуына әсер етеді);
жүрек (қолайлы инотропты әсер);
бауыр (гликогенолиз);
май ткані (фосфолипидтердің алмасуын стимулдау);
экзокринді бездер (секрет бөлінуін стимулдау);
ішектің эпителий клеткалары (сұйықты транс эпителді тасымалдауды стимулдау);
Постсинаптикалық а2 – адренорецепторлар:
тамырлар мен басқада органдардың тегіс бұлшық еті (жиырылу);
май клеткалары (липолиздің баяулауы);
ұйқы безі аралшарларының бета- клеткалары (инсулин секрециясының баяулауы);
тромбоциттер ( агрегация);
меланоциттер ( меланин түйіршіктерінің ыдырауы баяулауы);
орталық нерв жүйесінің клеткалары ( мінез – құлық реакциясы);
симпатикалық ганглиялар (гиперполяризация);
симпатикалық ганглиялар (гиперполяризация);
энтероциттер (мембрана арқылы иондардың тасымалдануын стимулдау);
Пресинаптикалық а2 – адренорецепторлар
орталық және перифериялық нерв ұштары (норадреналиннің бөлініп шығуының баяулауы);
серотинэргиялық нейрондар (серотиннің бөлініп шығуының баяулауы);
холинэргиялық нейрондар (ацетил холиннің бөлініп шығуының баяулауы);
Бета - адренорецепторлардың даму орны жјне фармакологиялық әсері
Бета1 – адренорецепторлар:
жүрек (оң инотропты және хронотропты әсер);
ми (мінез – құлық реакциясы);
мй клеткалары (липолиз);
тамырлармен ішкі органдардың сызатталмаған бұлшық еттері (босаңсу);
Бета2 – адренорецепторлар:
қалқанша без (құрамында иоды бар гормондар секрециясын стимулдау);
қаңқа бұлшық еттері ( гликогеннің ыдырауы, жиырылуды стимулдау);
май клеткалары (липолиз);
жас безі (секрецияны стимулдау);
Лейдиг клеткалары (стероидгенолизді стимулдау);
гепатоциттер ( гликогенолизді стимулдау);
бронхтар (бронходилятация);
кеуде қуысы мен бауыр тамырларындағы тегіс бұлшық еттер (саңылауын кеңейту және қан келуін жақсарту).
Пресинаптикалық бета – адренорецепторлар
бұл рецепторлардық топтық қатыстылығы анықталмаған, бірақ оларды перифериялық нерв ұштарында орналасатындығы және норадреналинді

бөліп шығаруға жанама әсер болатындығы дәлелденген.
Жалпы медициналық және малдәрігерлік практикада адренорецепторларға әсер ететін мынадай емдік дәрілер қолданылады.
аралас және адреномиметиктер: адреналин, норадреналин, дофамин;
а1- адреномиметиктер: мезатон, нафтизин, галазолин;
а2- адреномиметиктер: клофелин;
в1- адреномиметиктер: добутамин;
в2- адреномиметиктер: изадрин, сальбутамол, орципреналин, беротек т.б
а1 – адреноблокаторлар: дигидроэрготамин, дигидроэрготоксин, дигидроэрго-кристин, фентоламин;
в – адреноблокаторлар: пропранолол ( индерал), метапролол, окспренолол
т.б

3.1. Препараттарға сипаттама. Әсер ету механизмі.

Адреналин- бұл бүйрек үсті қабатының гормоны, химиялық құрылымы бойынша катехоламин. Жалпы медициналық және мал дәрігерлік практикада синтетикалық адреналин гидрохлорид қолданылады. Бірдей дәрежеде адренорецепторлардың барлық тип тармағын стимулдайды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, адреналин әсер ету механизмі бойынша аралас адреномиметик. а1 - адренорецепторлардың жанама фармакологиялық әсерлеріне – артериялық қысымның кенеттен көтерілуі (тіпті артериялық қысымның қалыпты және көтерілуі), көз қарашығының ұлғаюы, көз іші қысымының артуы, тері тамырларының тарылуынан – ісіктің бәсеңдеуі, аллергияға қарсы әсер, капиллярлық қан кетудің тоқтауы жатады. в1- және в2- адренорецепторлардың стимулдауынан бронхтардың кеңеюі (бронхдиллатация), жүрек жұмысының барлық көрсеткіштерінің артуы (жүрек соғуының жиілеуі, қозудың күшеюі, миокард өткізгіштігі және жиырылғыштығы), миокардтың оттегін қабылдауының артуы, талақтың жиырылуы, бронхтардың және асқорыту бездерінің секрет бөлуінің кемуі, қарын – ішек жолдары қыспақтарының (сфинктерінің) жиырылуының тұтастай азаюы жатады. Адреналиннің жатыр бұлшық еттеріне әсер етуі назар аударарлық. Жатырдың бұлшық еттерінде альфа және бета- адренорецепторлар болады, олардың мөлшері мен даму орны жатырдың жай-күйіне (буаздығы немесе буаз еместігі) және малдың биологиялық түріне байланысты. Мәселен бірінші және екінші, үш айлығында буаздығында бета – адренорецепторлар басым болады, сол себепті малдың көпшілігінде осы мерзімдерде жатыры босаңсығаны байқалады, алайда соңғы үш айлығында альфа адренорецепторлар басым болады, сол себепті буаздығының соңында венаға адреналин құйєанда төлін тууы жеңілдейді. Алайда буаз сиыр жатырының жиырылу белсенділігі күйзелетіндігі байқалады.[12]
Шошқда да жиырылу белсенділігі күйзелетіндігі аңғарылады.
Буаз қаншықта, мегежінде, қоянда адреналинді венаға құйғаннан кейін іш тастауы мүмкін; биеде іш тастау болған емес.
Адреналин ұйқы безіндегі және май ұлпаларындағы бета-адренорецепторларды стимулдайды. Соның әсерінен глюкагонның (инсулин антогонисі) синтезделуін және бөлініп шығуын күшейтеді, әрі қандағы қант деңгейін арттырады. Сонымен қоса адреналин бауырдағы және қаңқа бұлшық етіндегі гликогеннің ыдырауын, қандағы эндогенді глюказаның бөлініп шығуын күшейтеді, мұның өзі гипергликемияның дамуына ықпал етеді.[13]
Атап көрсететін жайт, адреналин сонымен қоса қаңқа бұлшық етіндегі шағын қан айналысын жақсартады. Сонымен қоса миоциттер мембранасы айналыстағы глюкозаға біршама тропты болады, соның әсерінен қаңқа бұлшық еттерінің жұмыс қабілеті дереу артады.
Адреналин липолизді күшейтеді, әрі липонеогенезге бөгет жасайды, соның әсерінен май қабаты бірден жұқаратындығы байқалады.
Адреналинді венаға құйғанда қуық пен несеп жолының сфинктері босаңситыны байқалады.
Эндогенді (сырттан енгізілмеген) адреналин орталық нерв жүйесінің ауырғанын басатын әсері болады.
Норадреналин. Бұл да табиғи катихоламин. Норадреналин а-адренорецепторлардың негізгі эндогендік стимуляторы.
Фармакодинамика. Норадреналин в2-адренорецепторларға әсер етпейді, және де адренамилнен гөрі в1-адринорецепторларды едәуір шамалы стимулдайды. Сондықтан норадреналинді құюдың мынандай фармакологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы
Қантамырлар жүйесі ауруы
Жалпы жансыздандыру
Жалпы фармакология
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері туралы ақпарат
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Қысымның ауыспалы ауытқуының шығыс өлшеуіштері
Пәндер