Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы



Жоспар:
1) Кіріспе
2) Тәрбиелік іс.әрекетті ұйымдастыру технологиясы
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке,мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
Бұл топтың басты әдістерінің бірі жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж .Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.
4. Алтынсарин тағылымы. ( Құрастырған М. Жармұхамедов ) Алматы, “ Жазушы ”, 1991.
5. Амонашвили Ж.А. Здравствуйте, дети! Москва “ Просвещение ”, 1983.
6. Антология педагогический мысли Казахстана. Алматы, “ Рауан ”, 1995.
7. Ахмедова Ж. Мектеп басқарудың кейбір мәселелері. Алматы, 1973.
8. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.
9. Әлмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1990.
10. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, “ Просвещение ”, 1988.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Реферат
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Ақтау 2014 жыл

Жоспар:
1) Кіріспе
2) Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке,мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
Бұл топтың басты әдістерінің бірі жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.

2 . Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды.Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылған.
Бұл орайда ата-аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда.Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Көзбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу оңай болады.Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ", "Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар" сайысын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз қандай ата-анасыз?" деген анкета, "Бала тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі", т.б тақырыптағы дөңгелек стол, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін" өткізу өз нәтижесін берері хақ.
Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда үйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үйымының бірігуі нәтижесінде баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру, мектеп істеріне қатысу, түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады. Айына бір рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі
Тәрбие әдістерін таңдау
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясы
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Оқыту үрдісіндегі ұжымдық, топтық оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Дидактика. Дәріс курсы
Пәндер