Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары



Кіріспе 3 . 4
1.тарау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері 4 . 5
1.1 Қабілет түсінігі 6 . 12
1.2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары 12. 23
2.тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары 24
2.1 Информатика сабағынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері 24 . 27
2.2 Информатикадан ұйымдастырылатын «Ойлайық та, шешейік!» факультативтік курсының жоспары 28 . 53
Қорытынды 53
Пайдаланылған әдебиеттер 54
Қосымша 55 . 62
Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында, “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” “Білім берудің басты мақсаты – оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”,- деп көрсетілді. Мұндай өмірлік дағдылар информатика пәнінде оқушыға логикалық ойлау дағдыларын логикалық есептерді шығару негізінде білім мен біліктерді меңгерту нәтижесінде ғана қалыптасары сөзсіз. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл мақсатты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында информатиканы жаңа технологиялар негізінде оқытумен қатар, пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтерді пайдаланудың, логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің де пайдасы бар.
Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлуді қажет етеді.
Бұл «Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары» тақырыбының көкейкестілігін көрсетеді.
Түлектің жұмыстың мақсаты - орта мектептегі информатика пәнінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мәселесін шешуге арналған факультативтік курсты ұйымдастырып өткізу әдістемесін жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: Оқушыларға логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған «ОШ» факультативтік курсының жоспарын жасау, жоспар бойынша есептер мен тапсырмалар дайындау.
Логикалық тапсырмалар сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі типтегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, жалықтырмайды.
1. http://34.astana-mektep.kz/
2. http://www.stud.kz/load/3-1-0-98
3. Ж.И.Намазбаева Психология, Алматы, 2005ж
4. Педагогика Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 2005ж
5. Қазақ энциклопедиясы, № 7, 108 бет, Логика, 2006ж
6. К.З,Халықова, Информатиканы оқыту әдістемесі, Алматы, 2000ж
7. Жалпы білім беретін мектептің 7 – сыныбына арналған оқулық, Атамұра, Алматы, 2007ж
8. Олимпиады по базовому курсу информатики, методическое пособие, Москва, БИНОМ, 2009г.
9. «Бастауыш мектеп» журналдары.
10. .«Қосымша есептер» Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001 ж
11. А.Е.Әбілқасымова, С.А. Джанабердиева, Қызықты математика,Алматы «Мектеп» 2007ж
12. Я.И.Перельман, Жанды математика, «Мектеп баспасы» Алматы – 1978ж
13. Информатика и образование, журнал, №8, 2008г, Витухновская А.А
14. Информатика негіздері, журнал, №4, 2008ж
15. Мемлкеттік білім беру стандарты,2008
16. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы: «Білім», 2001. - 328 б.
17. Философский энциклопедический словарь. 2-е изд.- М.: Советская энциклопедия, 1989. - 815 с.
18. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – Алматы: Педагогика, 1981. - 27б.
19. Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности: К философским основам современной педагогики // Вопросы философии. -1989, №4. – С.101-109.
20. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. - М.: Издательство, 1961. – 536 с.
21. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1968. - 111с
22. Крутецкий В.А. Психология: Учебник для учащихся. - М.: Просвещение, 1986. – 336 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3 - 4
1-тарау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін 4 - 5
дамытудың теориялық негіздері
Қабілет түсінігі 6 - 12
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары 12- 23
2-тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық24
ойлау қабілетін дамыту жолдары
2.1 Информатика сабағынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс24 – 27
жұмыстардың түрлері
2.2 Информатикадан ұйымдастырылатын Ойлайық та, 28 – 53
шешейік! факультативтік курсының жоспары
Қорытынды 53
Пайдаланылған әдебиеттер 54
Қосымша 55 - 62


Кіріспе
Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан
Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму
тұжырымдамасында, “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында” “Білім берудің басты мақсаты – оқушының
білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту,
әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді
қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”,- деп көрсетілді.
Мұндай өмірлік дағдылар информатика пәнінде оқушыға логикалық ойлау
дағдыларын логикалық есептерді шығару негізінде білім мен біліктерді
меңгерту нәтижесінде ғана қалыптасары сөзсіз. Бүгінгі таңда білім беру
жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл
мақсатты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін
дамыту мәселесі болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету,
пәнге қызығушылығын арттыру бағытында информатиканы жаңа технологиялар
негізінде оқытумен қатар, пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтерді
пайдаланудың, логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің
де пайдасы бар.
Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік
қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған
бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа
сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі
жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін
қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ
ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы
мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әрбір
пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін
дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлуді қажет
етеді.
Бұл Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту жолдары тақырыбының көкейкестілігін көрсетеді.
Түлектің жұмыстың мақсаты - орта мектептегі информатика пәнінде
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мәселесін шешуге арналған
факультативтік курсты ұйымдастырып өткізу әдістемесін жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: Оқушыларға
логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ОШ факультативтік
курсының жоспарын жасау, жоспар бойынша есептер мен тапсырмалар дайындау.
Логикалық тапсырмалар сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл
жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі типтегі тапсырмалар орындату арқылы
оқушылардың қызығушылығын оятып, жалықтырмайды. Викториналық тапсырмалар
сияқты, таласып шешуге ұмтылады. Сонымен бірге, оқушылар өздері де әр түрлі
типтегі тапсырмаларды құрастыруға қызығады.
1-тарау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың теориялық
негіздері

Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар, жедел ақпараттандыру білім
саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру
қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-
өрісінің даму тенденциясын заман талабына сай дамыту әрбір ұстаздың
міндеті.
Логикалық ойлауды оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік
қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің
өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім
қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну,
қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын
компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. Сондықтан
тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстанның білім жүйесін
реформалауда оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту проблемасы күн
тәртібіне қойылды. Бұл информатика пәнін оқытуда оқушының логикалық ойлауын
қалыптастыруға басымдылық беруді талап етеді.
Білімнің нәтижеге айналуы – қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер
ұмтылып жатқан меже. Сол себепті нәтижеге бағдарланған білімді ендіру басты
міндет етіп қойылды. Білім алу, білімнің мәні оқушының өмір қажетін
өтеуінде деп саналады. Бұл тұрғыдан алғанда да ойлау мәдениеті мектеп
түлегі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып
саналады. Өйткені мектепте оқушының информатикадан меңгеретін білімдері
логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана
бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады. Бұл
дара тұлғаның логикалық тапсырмаларды шеше білуі - білім нәтижесі ретінде
зерделеп зерттеудің көкейкестілігін бекіте түседі.
Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі – пән мазмұнының
өзімен сәйкес келетін ғылымның даму бағытымен үйлесімділігі. Ғылымдағы
осындай жаңа бағыттарды оқыту үрдісіне енгізу тұрғысынан қарағанда да
логикалық ойлау дағдыларын логикалық тапсырмаларды шешуді білімнің тұтқасы
ретінде ұстану, оны білім мазмұнында қамту информатиканы оқыту
әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан логикалық ойлау
дағдыларын логикалық тапсырмаларды шешу жолдарын қарастыру негізінде дамыта
меңгертуді, мектептегі информатикалық білімді ғылым дамуымен тығыз
сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы ретінде зерттеу де күн
тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарды
саралай келгенде, информатиканы оқыту барысында адамның рухани жетілуі мен
көп қырлылығының белгісі саналатын, адам болмысы мен өміртанымы тоғысатын
есеп шығаруда логикалық ойлауды дамыту мәдениетіне оқушыны мектеп
қабырғасынан бастап баулу – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған өзекті
мәселе. Оған қоса қазіргі таңда өріс алып отырған дара тұлға дамуына
мүмкіндік жасауды талап ететін мемлекеттік стратегиялық бағыт пен білім
берудің схоластикалық жүйесі арасындағы, қоғамдық-әлеуметтік сұраным мен
оқыту нәтижесі арасындағы қайшылықтар да есептерді әр түрлі тәсілдермен
шығаруды меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың
көкейкестілігін бекіте түседі.
Логикалық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту; Логикалық ойлау қабілетін дамытуға 7-сынып оқушыларына
арналған есептер жинағын жасау; логикалық тапсырмаларды әр түрлі
тәсілдермен шығару және салыстыру; Логикалық ойлауды қалыптастыру да
логикалық тапсырмалардың орнын анықтау;
Бұл мақсатқа жету үшін келесі негізгі мәселелерді шешу керек:
-Оқушылардың жеке мүмкіндігін көрсетіп, өзінше ізденімпаздыққа баулу;
- Логикалық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту;
-Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне әсер етуші логикалық
тапсырмалар жүйесін жасау;
Жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларының логикалық ойлау
дағдыларын логикалық тапсырмалар негізінде оқытудың ғылыми-әдістемелік
негізін тұжырымдау.
Егер логикалық ойлау дағдыларын логикалық тапсырмаларды шешу
негізінде оқыту барысында оқушының логикалық есеп шығару дағдылары белгілі
бір жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушыларды логикалық ойлау
дағдыларын логикалық тапсырмалар мен есептерді шығару негізінде төселдіру
арнаулы тақырыптар бойынша ұсынылатын кешенді тапсырмалар мен жаттығулар
негізінде жүргізілсе; оқытудың жаңа технологияларын тоғыстыра қолдану
арқылы оқушының өзіндік әрекетіне, шығармашылық ізденістеріне басымдылық
берілсе, күтілетін білім нәтижелері оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын
логикалық тапсырмалар мен есептерді шығару негізінде негізделсе, онда дара
тұлға қабілеттерін дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен
тиімділігі арта түседі, өйткені логикалық ойлау дағдыларын мәтіндік
есептерді шығару негізінде өзгермелі дүние жағдайында өмір сүруге бейім,
бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға, оқушының ойлау
құзыреттіліктерін жетілдіруге жол ашады.

1 .1 Қабілет түсінігі

Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір
түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-
әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке
жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік,
жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу
адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері
комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып
табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол
адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке
адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті
табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса,
онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін
жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды.
Қабілет әр кезде де және адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке
жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға
болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның,
өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың
қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік
адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шағырмашылық табысқа жеткізеді, оған
материалдық және рухани ләззат береді.
Қабілеттің құрылымы. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы
басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің
тірек қасиеті әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының
жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны,
сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге
суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те
жатады. Жетекші қасиеттерге көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады.
Солардың арқасында өмір құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге
түседі, жалпылау және типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады.
Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген
эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
Қабілет деңгейі. Қабілеттердің құрылымы – жеке адамның дамуына
тәуелді. Қабілеттердің дамуы репродуктивтік және шығармашылық деп аталатын
екі деңгейге бөлінеді. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам – білім
игеруде, іс - әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары
іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде – адам жаңа
туынды жасай алады.
Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес.
Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де шығарманың элементі
болады, ал шығармашылық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнсыз шығарма
болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып
қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру үрдісінде, іс - әрекет
үрдісінде деңгейлердің біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, осыған
орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды
адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден бастағаны, тек
тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана шығармашылыққа ауысқаны белгілі.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі – талант, дана
деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор
қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым
саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да
жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу
тәсілдері шеңберінде жасайды.
Таланттылық – даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке
адамның жан – жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи,
Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан –
жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілеттің түрлері. Қабілетті деңгейлермен қоса оның бағыт –
бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте,
психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де
нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер
жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens
деп атайды, бұл ақыл – ой қабілеті деген сөздің мағынасын береді.
Арнаулы қабілет – іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері,
музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге
жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс - әрекетке
қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған
конструктивті–техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.
Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс – әрекеттің жекеленген
түрлерінің ( ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін
ажырата білушілік жатады.
Өмір шындығының көрсетуі басқаша.
Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл – ой қабілеттерімен табиғи
байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі – оның арнаулы
қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз
тарапынан белгілі жағдайларда ақыл – ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін
тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік
қабілеттерді жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт
қабілет түрлерін бір – біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін
көрсетеді.
Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық әрекетте жоғары
деігейде дамыған интеллексіз дамымайды және іс жүзңнде аспайды. Мәселен,
адамның конструктивтік – техникалық қабілеті көбіне үлкен ғылыми дарынмен
байланысты, дарынды өнертапқыш жиі – жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да
жаналық енгізеді. Дарынды ғалымда конструкторлық қабілетте болуы мүмкін
(Жуковский, Циолковский, Эдисон, Фарадей т.б.).
Сөйтіп іс – әрекеттің қай – қайсысы да қабілеттің жалпысына да,
арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамда тар өрісті мамандыққа
баулудың, қабілет аясында тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек
жеке адамның жан – жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс
беруіне, қалыптасуына көмегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен
бейімділігін байқалған салада маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды.
Демек нұсқалып отырған жіктеудің ақиқатты негізі бола тұрса да
қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың әрқайсысында жалпы және
арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.
Ағылшын биохимигі С. Роус адам қабілетінің дамуына биологиялық
жағдайлардан гөрі әлеуметтік жағдайлар жеке адамның дене, ақыл – ой,
мамандық жағынан дамуына кедергі жасайды. Осындай пікірге ағылшын психологы
Д.Киджен де қосылады, ол тәрбие – адамның дамуында шешуші орын алады дейді.

Қабілет деп – адамының білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл
меңгеруіне және қандайда да бір іс – әрекетпен ойдағыдай айналысуына
көмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз.
Қабілет проблемасы - адамның жеке ерекшелік проблемасы. Егер барлық
адамдардың жан -жақты дамуларының және білімді меңгерулерінің потенциялдық
мұмкіндіктері бірдей болса, қабілет туралы мәселе қозғалмас еді. Әрбір
адамның қабілеттері әртүрлі болады. Егер адам белгілі бір облыста
(музыкада, хореографияда, сызба өнерінде ғана емес математикада да)
қабілеті болмаса, оны мүлдем талапсыз деп есептеуге болмайды. Қабілет
адамға туа бітпейді. Қабілет адам белгілі бір іс -әрекетпен шұғылдану
барысында бірте - бірте дамиды.
Белгілі ғалым психологтар, дені сау, психикасы дүрыс оқушының оқып
білім алуга қабілетгері бар, әр оқушы орта білім алуға қабілетті, ал
мұғалім оларды мектеп бағдарламасы көлемінде білім алуларына жәрдем беруге
тиісті деп есептейді. Бүл мақсатқа жету жеңіл емес. Оқу үрдісін жақсы
үйымдастырғанның өзінде, оқушы барлық сабақты бірдей меңгере алмайды. Бүл
оқушының жеке мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне байланысты.
Сонымен оқушының білімі, білігі, дағдысы оқыту әдістемесін
жетілдіруге, мүғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес, ол оқушылардың
жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты болып отыр.
Мысал ретінде информатикалық қабілетті қарастырсақ, Информатикалық
қабілет дегеніміз адамның информатиканы саналы және терең меңгеруіне қажет
ақыл ойының жеке психологиялық ерекшеліктері.
Оқушының информатикалық іс әрекеті табысты болу үшін:
а) информатиканы қызыға оқып үйренуі керек;
ә) информатикамен айналысуға бейімділігі оны бар ынтасымен беріліп
оқуға жалғасу керек;
б) информатикамен айналысуға жеткілікті білімнің, біліктің, дағдының
қоры болу керек;
в) айналысып отырған іс-әрекетіне сәйкес ақыл-ойының ерекшеліктері
болу керек.
Информатикалық дарындылық информатикалық қабілеттің жоғары деңгейі.
Информатикалық таланты бар адамда таланттардың басқа да түрлері болуы
мүмкін. Информатикалық таланты жоқ адамның басқа ғылым саласына таланты
болуы мүмкін. Талантты адамның информатикалық қабілеті болмауы мүмкін.
Д.И.Менделеев математикадан, физикадаи өте жақсы баға алғанмен, тіл
сабақтарынан нашар баға алған. А.С.Пушкин лицейде оқып жүргенде қанша
еңбектенсе де математикадан табысқа жете алмаған.
Г.Ревеш магематикалық таланттың озіне тән ерекше сипаты бар екенінде
ешбір математик күманданбайды, - деген пікір айтты. Неміс психологы
К.Струн математикалық қабілет ерекшелігін жоққа шығарды. Академик
Колмогоров: математикалық табиғи дарындылық кез келген адамға берілмейді,
ешқандай қажымас еңбек табиғи дарындылыққа тең келмейді. Қажымас еңбек
табиғи дарындылықпен біріккенде ғана зор нәтиже береді, ал табиғи
дарындылық қажырлы және табанды шексіз нәтиже бермейді, - деді.
Сонымен, дамуға мүмкіндік жасау үрдісінде әрбір адамның қабілеттері
айқындалады.
Информатикалық қабілеттердің негізгі комноненттері мектеп жасындағы
балалардың информатикалық, математикалық қабілеттерін атақты ғалым
психологтар И.Вердслин, Э.Торндайк, М.Тсплов, Л.Н.Ланд, А.Пуанкаре,
Ж.Пиаже, В.А.Кругеңкий арнайы зерттеді. Э.Торндайктың келтірген
қабілеттерінің көпшілігі біліктілік пен дағдыға жатады. Ол алгебраны жетік
меңгеруге әсер ететін адамның жеке психологиялық ерекшеліктері туралы
мәселе қозғай алмады.
“қабілет” – жеке тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауына жағдай
жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып әрі қарай дамып отырады деп есептейді. [16]
Хуан Уарте адам қабілеттерінің шектеулі екенін, сол себепті ол әртүрлі
әрекеттерді бірдей нәтижелі орындауы мүмкін еместігін айтса, оған
керісінше Я.А.Коменский оқыту арқылы балада әртүрлі шығармашылық
қабілеттерді қалыптастыруға болады деген идеяны ұсынады. [17]
Қабілет ұғымына психологияда түрлі анықтамалар бар. Ең алғаш қабілет
мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілетті дамытудағы ролін
нақтылап, қабілеттердің іс-әрекет барысында дамитындығы жайлы теорияның
негізін салды.[18]
С.Л.Рубинштейн: Қабілет әрекеттің талаптарын қанағаттандырады және
үлкен жетістіктерге жеткізеді. Ол қасиеттердің синтезі дейді [19]
Б.М.Теплов және оның шәкірттері қабілетті жеке адамның психологиялық
ерекшелігі деп қарастырып, оның дамуындағы нышанның роліне ерекше назар
аударады. Олар қабілет туа пайда болмайды, туа берілетін тек табиғи
алғышарттар, яғни нышандар дейді.[20]
Қабілет жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев
қабілет тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі
дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Ол қабілет дамуын
тұлғаның дамуымен байланыстырады және таланттылық деп қабілеттің
көпқырлылығын айтады. Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің
алғышарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.[21]
В.А.Крутецкий математикалық қабілетке байланысты еңбегінде қабілетті
әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады және ол әрекеттің белгілі бір түрін
ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деп есептейді.[22]
Ж.Адамар интуитивті және геометриялық қабілеттерді магематиканың
әртүрлі саласына қатыстырмай, аналитикалық (логикалық) және интуитивтік
ойлау тәсілдеріне жатқызып, аналитикалық ойлау қабілеті де интуитивті ойлау
қабілеті де оқушы есеп шыгарғанда алган мағлұматтарын бағалау қорытындылап
отырған жагдайда олар арқылы білім алады, яғни есептің комегімен оқиды деп
түсінеміз. Мектеп курсындағы математикада жаңа сабақты терең түсінуге және
бағдарлама бойынша көзделген математикалық білім мен біліктілікке
жеткілікті есептер мен жаттығулар берілген.
Дәстүрлі есептер және жаттығулармен қоса, оқушылардың информатикаға
қызығушылықтарын тәрбиелейтін оқушылардың информатиканы өз бетімен оқып
үйренулерін қалыптастыратын және оқушылардың логикалық қабілеттерін
дамытатын есептер шыгарылады. Мүндай есептер талдауды, мәліметтер мен
ізделетін шамаларды салыстыруды, шығарылатын есепті бұрын шығарылған
есептермен салыстыруды, тапсырманың қарапайым түрін жасауды, тапсырманың
мәліметтерін синтездеуді және оларды график, таблица, сондай-ақ
информатикалық сөйлем түрінде өрнектеуді, табылған нәтижелерді нақтылауды,
зерттеуді талап етеді. Алайда логикалық тапсырмаларды шешу оқушылардың жеке
шығармашылық белсенділігіне байланысты. Сондықтан, логикалық тапсырмалардың
басты мақсаттарының бірі оқушылардың ойлау қызметін дамыту. Демек,
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы әр алуан салуларды,
түрлендірулерді, есептеулерді орындауды, информатикалық сөйлемдерді
түжырымдауды үйретумен бірге, ойланып талдауға, информатикалық фактілерді
салыстыруға, ортақ немесе айрықша қасиеттерді көрсетуге, дұрыс қорытынды
жасауға үйрету.
Информатикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын
арттыратын тапсырмаларды қарастыру дұрыс. Ондай тапсырмаларға зерттеу
элементтері бар тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, ойын тапсырмалары,
тарихи тапсырмалар, т.б. жатады. Бұған беріліген тапсырмаларды шыгарғанда
кеткен қатені табу, тапсырманы бірнеше жолмен шығару, өздігінен тапсырмалар
құрастыру және т. с. с. кіреді. Тапсырманы шешу жолындағы қателерді табуды
бірте-бірте күрделендіре берсе, соғұрлым пайдалы болмақ.

1.2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Ғылыми болжам cүйенсек: жалпы логикалық ойлау қабілетті артыру негізгі
субъект дамуына қандай әсер әкелетіндігіне тоқталсақ және кәзіргі қарқынды
даму кезеңдегі оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамытудың өзектілілігі
артуда.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, тиімді
пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.
В. Давыдовтың Мектеп жасындағы оқушының психологиялық даму
еңбегінде: Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу
құралдарының бірі делінген.
Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген
адамдар логикалық түрде ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары
мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді - дейді В. Кириллова.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар
орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
үш негізгі бағытта іске асырылады:
• Қызығушылығын арттыру;
• Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
• Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру мақсатына негізделген факультативтік курстар құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы негізінде мектеп жасындағы оқушылар үшін
негізінен 4 кезеңнен тұрғандығы тиімді:
1. Машық. Сергіту;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық
механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
3. Іздену тапсырмаларын орындату;
4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, олардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында логикалық тапсырмаларды
орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма,
сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел,
логикалық есептер, қалжың есептер).
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай
талаптарды басшылыққа алдым: Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту; Жеке дара
қасиеттерін ескере білу; Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп
ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным,
ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық
ойлауы мынандай жолдармен дамиды: Ақыл-ой әрекеті үстінде; Білімді меңгеру;
Тіл үйрену; Жылдам есептеу.
Ой процесінің негізгі формалары: 1 .Ұғым; 2. Индуктивті ой
қорытындысы; 3. Пікір; 4. Дедуктивті ой қорытындысы;.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған
бағыттарының бірі: Затты әрекеттік; Көрнекі-бейнелі; Сөздік логикалы;
Ендігі кезекте негізгі ойды ойлау түйініне бөлсек:
М. Жұмабаев Ойлау – жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым
ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап
істеу керек деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге,
өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге
асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық
құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін
және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді,
әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау
дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты
психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және
жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру
әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама
жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір
тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей
сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы,
дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы. Ойлау формасы болып табылатын
ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен
объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық – тарихи процесте
қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларына
(түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын
өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып
білуге мүмкіндік алады, алдын – артын болжап, болашағын айқындап, алдына
саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты
өзгертеді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет
ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында ойлау қабілеті де
түрленіп, шығармашылықпен дамытып отырады. Ойлау тарихы адамның пайда
болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоңамдық тарихи қалыптасқан
адам миы қызметінің жемісі. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың
бүкіл танымдық және тарихы әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани
мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Ойлау мен тіл
өзара терең байланыста, тіл адам ойының құралы. Адам ойы сөз арқылы
өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөзбен ойды теңестіруге болмайды,
алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз
іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл
арқылы емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе
нақтылы бейнелі өнер тілі ) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи
әлеуметтік құбылыс болғандықтан оны зерттеумен көптеген ғылымдар –
психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология,
т.б. шұғылданады. Философия да ойлау белсенділігі, логикасы туралы
мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл
мәселелер философия тарихында әртүрлі тұрғыда (материалистік және
идеалистік, рационалистік және эмпирикалық) зерделеніп, ойлау жөнінде
әртүрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның
шынайы адами болмысының қайныр көзі әрі басты құралының бірі. Адам
еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың
елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ
арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым
айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше.
Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын
қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен
формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін
таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей
байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.
Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1 Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту практикалық іс-
әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық
2 Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ,
синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау т.б.
3 Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4 Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды
байланыстарын табу.
5 Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6 Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде
баяндау.
7 Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8 Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9 Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға
негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10 Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және
диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен
біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде
ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және
жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір
облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың
ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын
дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті
түсіндіреді.
Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар
ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-операцияларды меңгеру дәрежесіанализ,синтез, салыстыру, жалпылау,
нақтылау, классификациялау және т.б. оларды барлық танымдық процестерде
қолдана білу оқу, оқудан тыс
-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және
басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа
тәсілдерін білу дәрежесі.
-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі тереңдігі,
икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б.
-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа
жағдайларға бейімделе білу.
-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде
қолдана білу дәрежесі.
Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара
байланысты екенін атап көрсетті.
Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге
болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге,
олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке
тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында
қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі
ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге
мүмкіндік алады, ақыл-ой еңбегі мәдениеті - ойлау мәдениеті - сыншыл ойлау
мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан
күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық
тұрғыдан келуді талап етеді.
Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті
дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол
“Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін
терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму
үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру
арқылы қол жеткізу.
Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек
ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым
ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық
әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой
әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы
дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі,
оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің
білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп
қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар
өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.
Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы мұғалімі
тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды
машиналармен жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-
өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға
оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке
қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік
жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет.
Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты
болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік
қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді
тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті
себептендіруді мотивация тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін
саналандыруға рационализация қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы
неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің
ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға
қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы
шарттардың бірі болып табылады.
Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады,
бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын
жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек
болары сөзсіз.
Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір
тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік
жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың
көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай
етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс
ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.
Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына
әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір
жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті
болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.
Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің
мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар
аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне
ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде
әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге
ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру
мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ
үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының
бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ойинтеллектуалдық дағдыларының орталық
тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.
Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық,
қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін
құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.
Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық
тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі
бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа,
өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап
табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын .
Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық
ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын
мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін
сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.
Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың
күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде
тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау
сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол
ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе,
оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.
Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі
мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге
әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы
олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым
түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке
тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған
білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі
оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша
өзекті мәселеге айналдырды.
Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының
кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын
айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері
және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты
жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және
сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын,
өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.
Жалпы ойтүін ретінде логикаға тоқталып өтсек:
Логика дегеніміз – Интеллектуалды танымдық әрекеттің заңдылықтары мен
әдістері және оның формалары немесе түрлері көмегімен логикалық тіл арқылы
түрленетін ғылым. Алынатын білім көмегімен тану процессінің айқындылығы
туралы ғылым, бұл білім сезу тәжірибесінен емес, сана арқылы ертеректе
алынаған білімнен туындаған ғылым.
Логиканың басты міндеттерінің бірі: анықтау, яғни, жағдайдан шешімге
қалай келу керектігін анықтау, дұрыс пайымдау, саналы жүйелеу, талқыланып
отырған тақырып туралы толық ақпарат алу, ойдағының барлық жағдайлары мен
мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алу болып табылады. Логика кез келген
ғылымдардың базалық құралы болып табылады. Логика грек тілінен енген сөз,
грекше logos – сөз, талқылау, түсінік, сана деген мағына береді. Бұл ғылым
танымдық әрекетінің формалары, заңдылықтары мен қабілеттері туралы ғылым.
Дұрыс ойлау қабілеті.
Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі әдіс тәсілдері қаралатын
ғылыми теорилар жиынтығын құрайды. Оның негізгі мақсаты мен зерттеу пәні –
танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін
қалыптастыру. Логика ұғымы объективті дүниенің шындықтың даму заңдылықтарын
бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана
емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологимен
сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүргендіктен логика таным теорисымен
(гносеологиясымен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып
табылады, үйткені философиямен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны
кейде ойлау туралы ойлау деп анықтайды. Логика тарихи философия тарихымен
тығыз байланысты, логиканың алғашқы тарихы нұсқасын біздің заманымыздан
бұрын 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жазған. Ол дедуктивтік ой
қорытулар теориясын, яғни силогистиканы қалыптастырып, логикалық қателердің
алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің
негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің логикасы – аподейктика – анық,
ақиқат, білім туралы ілім, ол Аристотельдің аналитикасында
баяндалған.Аристотель дедуктивтік – силогиятикалық ілімді дамытса, Эпикур
мен оның із басарлары индуктивтік логиканың бастауын ашып, индуктивтік
жалпылаудың бір қатар идеяларын тұжырымдаған.
Қазіргі кезде логика негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы,
математика және логикалық методология) тұратын, жан жақты тармақталған
бғылымға айналды. Тұтас алғанда мұндағы зерттеулер тіл мен ойдың ара
қатынасының қай қырынан келетініне байланыста логикалық семиотика мен
логикалық семантика тұрғысынан жүргізіледі. Логикалық семиотикада тіл
байламдары таңбалық объектілер ретінде қарастырылса, логикалық семантикада
тіл мен логикалық теориялар олардың мазмұны жағынан зерделенеді. Қазіргі
логикада түсініктеме (интерпретация) ұғымы маңызды рөл атқарады. Үйткені
бұл ғылым арқылы логикалық заң және логикалық жалғасу ұғымдары анықталады.
Кейінгі кездері логикалық зерттеулерде математикалық аппарат котегориялар
теориясының тілі кеңінен қолданылуда. Логкалық теориялар оларда
зерделенетін логикалық лебіздердің сипатына, түптеп келгенде заттар
қатынастарының түріне орай классикалық және бейклассикалық болып бөлінеді.
Логика немен шұғылданады
Ойша тұжырымдау бұл біздің санамызды байытушы қимыл. Күнделікті
өмірімізде көбінесе бізді қызықтыратын заттар туралы ақпарат жетіспей
жатады. Сол кезде біз кітаптарға, анықтамаларға, энциклопедияларға немесе
мамандарға жүгініп жатамыз. Міне осылайша, біз басқа ғалымдардың зерттеліп,
дәлелденіп, кітапқа жазылған ақпараттарды немесе басқа адамдардан ауыз -
екі ақпарат ретінде естіген ақпараттарды қолданып жатамыз. Кей кездері
бізге керек ақпараттарды өздігімізден, басқа адамның білімдерін қолданбай
іздеп табуға да тырысамыз. Кей кездері біз керек етпейміз, кей кездері
басқа адамның білімін қолданар мүмкіндік жоқ болған жағдайда біз бұған
дейінгі уақыттарда тәжірибемізде кездестірген жағдайларды еске түсіріп
жатамыз. Егер де осындай жағдайда жадымыз көмектесе алмай жатқан жағдайда,
онда бізге біздің құзырымызда бар мәліметті қолдануымызға тура келеді. Кері
жағдайда біз керекті мәліметке сәйкес бақылаулар мен іс – тәжірибелердің
көмегімен келуімізге болады, немесе ойша дұрыс пайымдаулардың көмегімен
жетуге де болады. Осы екі жолдың көмегімен ғалымдар жаңа ғылыми нәтижелерге
келген болатын және де осындай тәсілдермен өз өзімізге күнделікті өмірде
көмектесіп жүреміз. Мысалы, егер біз сабынды үй жағдайында дайындау
мүмкіндігіміз болған жағдайда және оның нақты құрамы болған жағдайда, оны
алюмин ыдысты бүлдірмей ма, соны тексереміз. Ол үшін: сабынды дайындау
барысында қолданылатын каустикалық содасы бар ыстық, мықты ерітіндіні алып,
оның ішіне алюминидің бір кесегін салсақ және оны бақыласақ, бұл кесектің
үстінде коррозия немесе тот басу процессі жүреме, соны білеміз. Бұл әдістің
көмегімен біз алюминидің сода ерітіндісінде еритіндігін көреміз және де
сабынды дайындау үшін бізге басқа ыдыстың қажет екендігіне көзімізді
жеткіземіз.
Бірақ, барлық күмәндерімізді іс – тәжірибе көмегімен шеше алмаймыз.
Мысалы, егер біз ауылда тұрып, Варшаваға ұшуға болатын жақын ауылға баратын
болсақ және бұл ауылда авиациялық ақпарат алмасуы бар екендігін білсек,
және сол күнгі самолет қай уақытта, қай күні ұшатындығын білу үшін әуежайға
барып білудің орнына, біз сараптама жасауды бастаймыз. Сараптамамызда түнде
ұшқаннан қарағанда күндіз ұшқан жеңілдеу болады, түнде ұшқан қауіпсіз,
күндіз көрініс анығырақ екендігі туралы тоқтамға келеміз. Сонымен қатар,
ұшу уақыты бір сағатқа ғана созылатындығы белгілі. Варшаваға түнде келген
жолаушыға түнек іздеуге және іс шараларын ертемен істеуге дейінгі уақытты
күтуге тура келеді. Сондықтан, жолаушыға түнгі ұшу түнгі поезбен шығуға
қарағанда жеңіл болады. Себебі, ол үшін келе салысымен іс шараларын
бітіріп, кешкі рейспен немесе поезбен шығып кетуге ыңғай туады.
Меелекеттегі транспорт жолаушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей
және ыңғайлы болу үшін жасалған, бірақ, ұшақтың түнде емес, ерте немесе
күндіз ұшқаны абзал емес па.
Біз нақты бір түрдің ойшы пайымдауының анықталған талдауын жасадық.
Шындығында, бұл пайымдау бізге анық бір жауапты бермейді, бірақ, бұл
шындыққа жанасатын мүмкіндікке нұсқаушы болып табылады. Пайымдау біздің
білімімізді тереңдетті, біздің мәліметтер қорымызды көбейтті. Біздің
пайымдауымызды өткізгенге деін, біз ұшақпен ұшу үшін қалаға қай уақытта
шығуымыз керек екендігін білген жоқпыз. Пайымдау соңында біз қалаға бара
жатқанда қай уақытта оқыс оқиғаға тап болу мүмкіндігіміз бар екендігін
білеміз. Пайымдау бұл жерде өз қызметін атқарды. Ұқсас жағдайда екінші
жағдайда бізге жолға қай уақытта шыққанымыз дұрыс екендігін көрсетеді.
Сондықтанда, пайымдау біздің білімімізді дамытатан қызметтердің бірі болып
табылады.
Шындығында адамның білімінің қалыптасуы ойша пайымдаумен салыстырғанда
өзіндік үлкен қызметін атқарды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Оқушылардың математикадан жарыстары
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Пәндер