Ауаның ылғалдылығы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ауаның ылғалдылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер
2) Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері
3) Ауа ылғалдылығын өлшейтін аспаптармен жұмыс істеу
тәртіптері
ІІІ. Қорытынды
Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәріздес қалыпта болады. Су буы атмосферада су бассейіндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булануы есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатады.
Ауаның ылғалдылығы атмосферадағы су буы, топырақтағы, өсімдіктегі және жалпы судың булауынан пайда болады. Ауаның жер бетіне таяу қабаттарында ылғалдылық мөлшері әр түрлі. Жер бетінен қашықтаған сайын ылғмл кеми береді, стратосферада мүлдем жоққа жақын. Жоғары ендіктердің суық ауасы мен шөлді аудандардың құрғақ ауасында ол бүкіл массасының 0,2%-ына тең, экватор бойында 2,6%, ыстық және ылғалды тропиктік ормандар тұсында 4%.
Ауаның ылғалдылығының жер бетіндегі органикалық тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі ол ағзалардың өздерін қоршаған ортамен жылу алмасуын реттеп отырады

Ауаның ылғалдылығы дегеніміз атмосферадағы су буының мөлшері. Атмосферадағы су буы бір шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерімен өлшенеді.
• Т. А. Атақұлов, К. М. Ержанова « Агрометеорология» Алматы 2011
• Т. А. Атақұлов, К. М. Ержанова « Агрометеорология практикумы» Алматы 2007

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ауаның ылғалдылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер
2) Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері
3) Ауа ылғалдылығын өлшейтін аспаптармен жұмыс істеу
тәртіптері
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәріздес қалыпта болады. Су буы атмосферада су бассейіндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булануы есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатады.
Ауаның ылғалдылығы атмосферадағы су буы, топырақтағы, өсімдіктегі және жалпы судың булауынан пайда болады. Ауаның жер бетіне таяу қабаттарында ылғалдылық мөлшері әр түрлі. Жер бетінен қашықтаған сайын ылғмл кеми береді, стратосферада мүлдем жоққа жақын. Жоғары ендіктердің суық ауасы мен шөлді аудандардың құрғақ ауасында ол бүкіл массасының 0,2%-ына тең, экватор бойында 2,6%, ыстық және ылғалды тропиктік ормандар тұсында 4%.
Ауаның ылғалдылығының жер бетіндегі органикалық тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі ол ағзалардың өздерін қоршаған ортамен жылу алмасуын реттеп отырады

Ауаның ылғалдылығы дегеніміз атмосферадағы су буының мөлшері. Атмосферадағы су буы бір шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерімен өлшенеді.

Ауаның ылғалдылығы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
А) абсолюттік ылғалдылық (е), мм, мб;
Ә) салыстырмалы ылғалдылық (г), %;
Б) ылғалдылықтың жетіспеушілігі (d), мм, мб;
В) шық нүктесі (τ).

Абсолюттік ылғалдылық (е) деп 1м3 ауада болатын грамм есебіндегі су буының мөлшері немесе осы температурада мб, мм есебінен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады.
Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

e = E1 - AP (t-t1), мм, мб;

мұнда:
Е1 - суланған термометрдегі (t1), су буның ең жоғарғы тығыздығы, мб;
А - тұрақты шама = 0,0008;
Р - атмосфералық қысым, мб;
t - құрғақ термометрдің температурасы;
t1 - ылғалданған термометрдің температурасы;
Абсолюттік ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы төмендеп, қысым азаяды, қарсы сәулелену көбейіп, тиімді сәулелену азаяды, температураның тәуліктік ауытқуы мен радиациялық үсік жүру мүмкіндігі азаяды.
Салыстырмалы ылғалдылық деп (r) % сипатталатын осы температурадағы абсолютті ылғалдылықтың (е) жоғары нығыздыққа қатынасы аталады. Ол мына формуламен есептеп шығарылады:

r = eE ∙ 100, %

мұнда: Е - құрғақ термометрдегі (t), су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб.

Топырақ пен өсімдіктерден судың булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Жаз кезінде r = 30% болғанда құрғақшылық басталады.
Құрғақшылық кезінде жел мен жоғары температура аңызаққа әкеліп соғады r = 30%, t = 25-30˚, желдің жылдамдығы V = 5 мсек.
Өсімдіктің белсенді вегетациясының кезеңінде r = 60-70% өсімдіктің өсуіне оңтайлы жағдай туғызады. Егер ылғалдылық қалыпты деңгейден төмен болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі, өсімдік солып қалады. Ылғалдылық артқан жағдайда өсімдік жатып қалады, олардың көпшілігі ауруға шалдығады.
Салыстырмалы ылғалдылық (r) ауа температурасының ауытқуына байланысты. Егер, атмосферада су буының мөлшері өзгермесе, бірақ температура көтеріле берсе, салыстырмалы ылғалдылық төмендейді.

Мысалы: t0 =200, e=11,5 мб, r=50%;
t0=300, e=11,5 мб, r=28%.

Ауа ылғалдылығының жылдық жүргісі

Температура төмендеген сайын, ауа су буына қанығуға жақын, ауа ылғалдылығы арта бастайды.
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік және жылдық жүрісі температураның жүргісіне қарама қарсы.
Ауылшаруашылығына агрометеорологиялық сипаттама жасағанда салыстырмалы ылғалдылықпен ауа ылғалдылығын жетіспеушілік көрсеткіштерін көп пайдаланады.

Ауа ылғалдылығының жетіспеушілігі (d) деп су буының ең жоғарғы тығыздығы мен (Е) ауаның абсолюттік ылғалдылығының (е) айырмасын айтамыз, мб және мм сипатталады.
Ол мынадай формуламен есептелініп шығарылады:

d = E - e.

Ауаның ылғалдылығы өзгермеген жағдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның құрғақтығы және ылғалдың жетіспеушілігі артады. Ылғал жетіспеушілік салдарынан булану және өсімдіктер транспирациясы күшейеді.

Шық нүктесі (τ) дегеніміз ауадағы су буы (атмосфералық қысым өзгермегенде) толық қаныққанда болатын (көрсететін) температура. Шық нүктесі градуспен өлшенеді. Шық нүктесін анықтау үшін абсолюттік ылғалдылықты (е) білу негізінде, су буының ең жоғарғы тығыздығы кестесі арқылы анықталады.
Егерде е = Е болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетеді. Шық нүктесі бойынша үсіктің болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта τ=2˚, немесе = 2˚, онда таңертең үсік болады. Өйткені шық нүктесі ауада су буының аз болуын білдіреді, соның әсерінен жер бетінен тиімді сәулелену көбейеді. Шықтың мол түсуі үсіктің болуының алдын алады, себебі су буының конденсаторлық кезінде жасырын жылылық бөлініп шығады.

Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері

Ауа ылғалдылығы екі әдіспен өлшенеді:
1. Психрометрлік - бұл тәсіл бірдей екі термометрдің (біреуі құрғақ, екіншісі ылғалданған) көрсеткіштеріне негізделген.
2. Гигрометрлік - майынан арылған адам шашының немесе мал пленкасының ылғалдық өзгергенде ұзару немесе қысқару қасиеттеріне негізделген.
Құралдар:
1. Психрометрлер:
А) станциондық:
Ә) аспиранциондық;
2. гигрометр;
3. гигрограф.

Станциондық психрометр - бұл психрометр күркесіндегі штативке орналастырған бірдей екі термометрден тұрады. Сол жақтағы - құрғақ, ал оң жақтағы ылғалды термометр резервуары батиспеен байланып, стакандағы таза суға батырылған.
Бақылау:
Термометрлерден есепті тез түрде алу керек - баста ондық бөлігін, кейін бүтін бөлігін жазу керек.
Ауаның ылғалдылығын құрғақ және ылғалдық термометрлерден көрсеткіштерін алып, формуламен немесе психрометрлік кестеден алу керек.

Станциондық психрометр
Аспирациондық психрометрлер. Бұл ауаның температурасы мен ылғалдылығын егіс ішінде өлшеу үшін арналған.
Құрылысы. Бұл цилиндр тәріздес резервуары бар екі термометрден тұрады. Термометрлер арнайы қорапшаға орналастырылған. Резервуарлар түтікшеге салынған, сол арқылы ауаны сорады және арнаулы тесіктерарқылы оны сыртқа шығарады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Оңтүстік өңірінде өсірілетін жібек талшығын өндіруің технологиясы
Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері
Ауаның ылғалдылығын глгрометр және Ассман психрометрі көмегімен анықтау
Қауын зиянкестерін зерттеу әдістері
Астықты және өнімдерді қайта өңдеудің физикалық қасиеттері
Астық ылғалдылығының жіктелуі
Астық массасының құрамы
Асыл тұқымды және жалпы тауарлық бағыттағы мал түліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін анықтау
Түйнектер және көкөніс түсуі жемістеріне түсуі
Тұқымды себуге дайындау
Пәндер