Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар



1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде
1.1Денсаулық ұғымы
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазірғы кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәднеи мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру сияқты қылмыстар-дың етек алуы алаңдатады. Осыған орай халықтың денсаулығына қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс- әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген, яғни қылмыс санаттары. Осыған тоқталсақ,
Осы Қылмыстық Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді./ 1.2, 5 бет./
Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа бөлінеді:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ι. Нормативтік - құқықтық актілер
1.1 Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен енгізілген өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ЮРИСТ» Баспасы. – 2004, 31 бет.
1.2 Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі.- Алматы: «ЮРИСТ», 2005.- 141 бет.
1.3 Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексі.- Алматы: «ЮРИСТ», 2005.-141 бет.
1.4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының « Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттың қолдануы туралы » 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысы ( ҚР Жоғарғы Сотының жаршысы, 1994, № 1 ).

ΙΙ Негізгі оқу әдебиеттері
2.1 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. 3-басылым.- Алматы : Жеті Жарғы, 2001.-352 бет.
2.2 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. 2-басылым.- Алматы: Жеті Жарғы, 2003,-560 бет.
2.3 АлаухановЕ.О., Бапанов Т.Ә., Рахметов С.М. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. І том. Алматы: « Дәнекер » институты, 2000,-428 бет.
2.4Алауханов Е., Рахметов. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.- Алматы: Жеті Жарғы, 2001 жыл.
2.5Алауханов Е. Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім. 2-басылымы.- Алматы: Жеті Жарғы , 2003.-244 бет.
2.6Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы: Академиялық курс.- Алматы: Жеті Жарғы, 2004.- 480 бет.
2.7Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Мемлекеті мен құқығының негіздері.- Алматы: Атамұра, 1998.-168 бет.
2.8 Төлеубеков Б.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000.-416 бет.

ΙΙΙ Қосымша оқу әдістері
Брайнин Я.М. Уголовный закон и его применение7 М., 1967.
Денсаулық журналы № 3, 2006.- 18 бет.
Егемен Қазақстан. № 7, 2005.- 44 бет.
Козаченко И.Я. Уголовное право . Общая часть. Учебник для вузов. М., 1998.
Пионтковский А.А. Уголовно –правовая борьба с наркоманией. Киев.-1988.
Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть: Курс лекции. М., 1996.
Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. « Ответственность за преступления против жизни, здоровья, свобода и достоинство личности » Еревечи. 1990 г.
Смитенко В.Н. Обьект престепления против здоровья населения, Омск.- 1973 г.
Читлов Д.С. « Охраны здоровья граждан от тяжких насильственных посятельств; уголлвно – правовые и криминологические исследования »

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде
1.1Денсаулық ұғымы
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.2.5., 32 бет.
Қазірғы кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар
әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы
Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес,
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Оларды
қоршаған ортаны, тарихи және мәднеи мұраларды, адамгершілік нормаларын
қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді
қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер
бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян
келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
айналымға айналдыру сияқты қылмыстар-дың етек алуы алаңдатады. Осыған
орай халықтың денсаулығына қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін
Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген, яғни қылмыс санаттары.
Осыған тоқталсақ,
Осы Қылмыстық Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық
қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа
қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді. 1.2,
5 бет.
Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа бөлінеді:
1. халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар;
2. адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Осы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер
ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әре-
кеттер болып табылады. Осы қылмыстардың тікелей обьектісі – халықтың
денсаулығы болып табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық
заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін заттар және улы заттар және ҚР
Қылмыстық Кодекстің 265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген
түрлері үшін жауаптылық көзделген.
Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке
медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу
заңда белгіленген негіздер мен тіртіп бойынша жүргізіледі делінген.Осыған
орайазаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау
шараларын сақтау жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан
жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемелекеттік және жеке емдеу
мекемелері заңға сәйкес арқылы түрде немесе тегін медициналық жәрдем
көрсету-ді жүзеге асырып отыр.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың
маңыздылығына байланысты болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне
байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеке азаматтың денсаулығына қарсы
қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен
ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың
түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын
ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын
анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе
бөлімі, екі тарау, жеті параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ
жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Адам және азаматтың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Заңымен қорғау обьектісі ретінде

1. Денсаулық ұғымы

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі 2.5., 33
бет. яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған
қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды
атқаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды
жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе
абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай
отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына
заңсыз түрде қол сұғады.Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның
мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол
міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке
шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да
арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да
адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана
емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады.
Яғни , жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын
туысқандарына да беолгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал
келуі мүмкін.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек
және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам
қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді.
Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі
байлығы болып табылады. 2.5., 33 бет.
2. Адам мен адамзаттың денсаулығын сақтауға Конституциялық
құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясы әр адамның денс аулығын
қорғауға кепілдік береді. Осы Конституциялық ережені жүзеге асырудың бір
нысаны – денсаулыққа қарсы қылмыс үшін жауаптылық белгілеу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа қарсы зиян келтірудің әр
түрлі тәсілдері жатады, олар үшін жауаптылық ҚК 103-111 баптарында
көрсетілген.
Адамның денсаулық сақтау құқығы – бұл құқық мемлекеттік денсаулық
сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге
асырылады. 1.1., 10 бет.
Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық
ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау
мекемелерімен (ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге жеке
медицина-лық мекемелер құрылуда. Әрине,емханаларды, дәріханаларды және
басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және
заңда белгілен-ген тәртіппен құрылуы тиіс.Әрине, жеке медициналық көмекке
белгілі мөлшерде ақы төленеді. 2.6., 107-108 бб.
Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге
көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық
көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның
жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқор-
лық жасауы тиіс. Бұл - олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек
адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды,
жұқпалы аурулардың да таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы
және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмсауды қажет
етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көп жағдайда жергілікті
мәслихат депутатарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне
байланысты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы, жергілікті
өкілетті және атқарушы органдар туралы заңдары мынадай міндеттер:
1) балалар өлімін қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту;
2) өндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту;
3) жұқпалы, кәсіби аурулардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын
жүргізу;
4) барлық адамдарды денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау,
сырқаттанған кезде медициналық көмек көрсету міндетін жүктейді.
Денсаулықты сақтау құқы,сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды
(бұқаралық ақпарат құралдары,өтініш хат және тағы басқа) пайдаланып,
халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді.
Халықтың денсаулығының негізгі –қоршаған табиғи орта.Оның жағдайы қандай
болса,адамдардың денсаулығы да сондай. 2.6., 108 бет.
Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-
медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін ҚР Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4
мамырда бекіткен Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина
тұрғысынан бағалаудың ережесі маңызды рөл атқарады.
Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге – ауыр,
орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі
критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет
деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян
келтіру арқылы басқа обьектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс
құрамының нышаны болып табылады.
Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже
бойынша іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болырп
табылмайды.
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі – бұл ең алдымен, заңға қайшы
әрекет деген сөз.

2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьектісін, обьективтік
жағын, субьектісін, субьективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының обьектісі – бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып та-
былады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьективтік жағы – басқа адамның
денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян
келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады.
Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ,
механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы
(улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер
ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру), арқылы, сонымен қатар
психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене
жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақатын келтіруі мүмкін,
егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға
негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында,
яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленушіні өзінің организміне
хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы
хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап
бермейді, себебі жә-бірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға
қарсы болмайды. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы
мүмкін. Спорттың нықты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан
туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы,
футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене
жарақатын келтірсе, онда оңың әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде
танылады.
Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы екі нысаннан тұрады: 1)
қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда ( менмендік және
немқұрайлылық).
Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға
дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде
мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын
тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде
сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын
салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола
қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайлылық түінде адам
дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге
тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2 тарсағында
көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі
дұрыс субьектілер үшін 14-жас белгіленеді:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ( 103-бап );
2. Ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа
ауырлықтағы зардап келтіру ( 104-бап );

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс
субьектілер үшін 16-жас белгіленеді:
1. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ( 105-бап );
2. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ( 108-бап );
3. қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінд денсаулыққа ауыр зиян келтіру
( 109-бап );
4. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (
110-бап );
5. денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ( 111-бап );
6. қорқыту ( 112-бап );
7. соз ауруларын жұқтыру ( 115-бап );
8. адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру ( 116-бап );
9. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
10. қауіпті жағдайда қалдыру ( 119-бап );
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жаса-
ған есі дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады:

1. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
2. медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
(114-бап);
3. ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе
тінін алуға мәжбүр ету ( 113-бап );
4. науқасқа көмек көрсетпеу ( 118-бап );
Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі
дұрыс субьектілер үшін 14-жас, ал кейбір субьектілер үшін 16-жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субьектілер де
бар.

Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа
қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына
қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап);

2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап);
3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);
4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);
5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде ауыр зиян келтіру (109-бап);
6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде ауыр зиян келтіру (110-бап);
7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);
8) қорқыту (112-бап);
9) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін
алу-ға мәжбүр ету (113-бап);
10) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
(114-бап);
11) соз ауруларын жұқтыру (115-бап);
12) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап);
13) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы);
14) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап);
15) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап);
16) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап);
17) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе
қорқы-тып алу (260-бап);
18) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
(261-бап);
19) құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді
заңсыз өсіру (262-бап);
20) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
(263-бап);
21) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);
22) есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы
заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап);
23) жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз
айналысу (266-бап);
24) санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап);
25) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар
туралы ақпаратты жасыру (268-бап);
26) қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату,
жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап);

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауыпты тірі есірткі, пси-
хотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен
байланысты іс-әрекеттер болып табылады. 2.3., 287-288 бб.
Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 259-265- баптарында осы
тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген.
Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы
заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыс-тардың тікелей
обьектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық
заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қазақстан
Респу-бликасының Қылмыстық Кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат,
аспаптар немесе жабдықтар жатады. 2.7., 147 бет.
Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын
мемле-кеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына
қарсы іс-қимыл шаралары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
арнаулы заңымен, Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құрал-
дар және прекурсорлар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998
жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай-
тізім деп аталады ) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы
Есірткі заттар туралы бірыңғай конвнецияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы
хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, БҰҰ-
ның Есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы кон-
венциясына негізделіп қабылданған.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу

Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде алғаны немесе
сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі
зат-тар – адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін
синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулы-
сымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған
заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша героин, кокаин,
каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар – адамның психикалық
функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38
атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және та-
ғы басқа жатады.
Қылмыс обьективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе
дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Респу-
бликасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы Есірткі, психотроптық,
күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер
бойынша заңдарды қолдану туралы №3 қаулысында тиісінше түсінік берілген.
Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген
заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың
орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында
есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай
өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейі-
нгі қалдығын жинап алуды тағы басқа заңсыз алу деп түсіну керек.
Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-
жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез-
келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.
Осы көрсетілген әрекеттер заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер
құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жаса-
луы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жпғының міндетті белгісі заңда
көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын
алмауы болып табылады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психот-
роптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық
кестеге жүгіну қажет.
Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-
әрекетте көрсеиілген қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады Сол себепті ол заңда
көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған борып та-
былады.
Субьективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны
немесе сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.
Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам, есі дұрыс кез-келген адам.
Қылмыстық Кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды, жүй-
кеге әсер ететін заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі заттарды
ме-дициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек
көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты
қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды
әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен
адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан
Республикасы Жо-ғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының
18-тарма-ғына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды нақты қолдану
мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен
тапсырған болып табылады

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу
не қорқытып алу

Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Олар-
дың сипаттамасы Қылмыстық Кодекстің 259-бабында көзделген қылмыс құра-мын
талдағанда толық берілді.
Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ете-
тін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей обьектісі – адамдардың өмірі,
денсаулығы немесе меншігі болады.
Қылмыстың обьективтік жағы екі түрлі нысан арқылы – талан-тараж немесе
қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәр-
селерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлінің
немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайырымсыз. Иегін алып қоюын
немесе айналдыррын айтамыз.
Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әртүрлі
тәсілдер қолданыла отырып істеуі мүмкін. ҚК –тің 260-бабындағы қылмыстар
талан-тараждың – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе
ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Наркотикалық заттар немесе нәрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның
(фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердін) иеленіп алуы немесе
ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік
мақсатымен істеледі.
Қылмыстың субьектісі – 14-ке толған адам.
Қылмыстық Кодекстің 260 бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлата-тын
түрлері:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК 31-бабы);
Б) әлденеше рет (ҚК 11-бабы);
В) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК 228 және 307-баптары);
Г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қол-
данумен қорқыту арқылы жасалса (ҚК 178-бабын) жауаптылық көзделген.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру

Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.
Қылмыстың обьективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады.
Оның бірінші нысаны – басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін
заттар-ды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге
осы заттар-ды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту
арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға күш қолданып немесе
күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.
Есірткі заттарды тұтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодейн,
барбамид), немесе ұнтақтарды (кебу, морфин, апиын) ішке жұту, иньекция
арқылы (морфий, кокаин) ұнтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир),
тарту арқылы (га-шиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді
(бетол, қызғалдақ ) шайнау арқылы қабылдау жатады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды
тұтынуға көндірген уақыттан бастап (жәбірленушінің тұтынған немесе тұтынба-
ғанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас тартқаны-
на қарамастан ) аяқталған деп саналады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі өзін
басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге әсер ететін заттарды көндіргенін
сезеді және соны тілейді.
Қылмыстың обьектісі 16-ға толған адам.
ҚК-тің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
Б) әлденеше рет;
В) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар
жөнінде;
Г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекеттер
үшін жауаптылық белгіленген.

3.1 Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар

Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы
денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде
немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолы-мен,
әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян
келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай
делінген: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қан-дай
да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет
әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде
үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби
еңбек қабілетін немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың
бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян
келтіру .
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: Денсаулыққа
келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі 1998жылы 4-мамырда
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі-
нің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге
сәйкес:

1. Адамның өміріне қауіпті зиянға – миға зақым келтірілместен бас
сүйегіне келтірілген жарқат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық
сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан
құйылуы; адамның іш құрылысының, ас қорыту, зәр шығару органдарын
жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру; бел омыртқаны ауыр күйде зақымдау
тағы басқа жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың
тізбегі жоғары-да айтылған Ереженің 7-тармағында көрсетілген.
2. Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айырылу – бұл
адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын
жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жайт, адамның көре алмауы
емделусіз болуы керек, уақытша көруден айырылу ауыр дене жарақатының
элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып
табылмайды. Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде
бағаланады. Бір көздің көруінен айырылу салдарынан адам көзінің көру
шеңбері 30 процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп
соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді
нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің
мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам
мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде
де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық
жағдайларының обьектісі болуы мүмкін. Сондықтан да көздің көру
қабілетін 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2-метр қашықтықта бармақтың
санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтіреді деп есептелінеді
және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
3. Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айырылу – сөйлеу
қабілетін, ол ойын айналасындыларға түсінікті түрде біріккен
дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салда-
рынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап
жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25%
мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам
қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта
өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден
аулақ жүреді, сондықтан да тілден айырылу адам денсаулығы үшін орасан
зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
4. Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде
айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын
5. жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағ-
дайда қалуы. Жалпы есту – адам организмінің сезім органдарының бірі.
Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан,
радиодан хабар алу, есту сезімімен өте тығыз байланысты. Екі құлақтың
есітпей қалуы – ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың
есітпей қалуы – жалпы еңбек қабілетінің 15 процентін, яғни кемінде
үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп
соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.
6. Қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға
– аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айырылып қа-луын немесе сол
қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жара-қаты ретінде
бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де
зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу
қабілетінен айырылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына
жатады.
7. Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет
жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде
оның адам өміріне қауіптілігін, сезім мүшелерінің зақымдануын және бет
пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқы-
лының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы
дегеніміз - тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың
нәтижесінде олардың өңінің өзгеоуі, мысалы, тырнақтардың әжімдерге,
мойын қыртыс-тарына және тағы басқа ұқсап тұруы болып табылады, сондай-
ақ консерва-тивтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал
егер консерва-тивтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға
косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне
қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене
жарақатына жата-ды, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып
қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен
байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
8. Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп –
жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік
айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның
жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін
жарақат зар-даптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен
бірге байла-нысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы
еңбек қабілітінің 38% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде
бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен
адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын
жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына
апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған
жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға саналуы
мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін
анықтағанда мыналар негізге алынады: а) балалардың кейін ол 10 жасқа
толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; б)мү-
гедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола
жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен
тобы ескерілмейді.
9. Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат
екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады.
Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің
зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни ауырлығына
немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта
оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
10. Жарақат алуға байланысты іш құса болу ауыр дене жарақатының белгісі
болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын
қояншық осындай ауру. Іш құсының диагнозын қою және оның себебі
жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының
құзыретіне жатады.
11. Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын
тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе
уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақа-тын
келтіру болып табылады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның екінші
тармағына тоқталайық. Осы бартың 1-тармағындағы әрекеттер:
• Екі немесе оданда көп адамға қатысты жасалса;
• Адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық
борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына
қатысты жасалса;
• Кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды
ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса;
• Аса қатігездікпен жасалса;
• Ұйымдасқан топпен жасалса;
• Жалдау бойынша;
• Бұзақылық ниетпен;
• Әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік тұрғысында;
• Жәбірленушінің тінін және мүшелерін пайдалану мақсатында;
• Бірнеше рет жасалса немесе осы Кодекстің 96-бабында көзделген
кісі өлтірген адам жасаса,- деп атап көрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбір-
ленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан
жәбірленушінің өлімі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Пәндер