Табиғи ортаның антропогенді ластануының биоиндикациялау бағдарламаларымен жумыс жасау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Қоршаған орта және мониторинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II тарау.Қоршаған ортаның ластануы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІІ тарау. Қоршаған орта жағдайын бағалау үшін биоиндикация тәсілдері ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін табиғаттың байлығын сақтауға,
молайтуға қамқорлық қажет екнін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биялогиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаты–қоршаған орта және олардың ластануы,сонымен қатар тазарту әдістерін қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
 табиғи орта жағдайына анықтама беру;
 оның ластану түрлерін зерделеу;
 табиғи орта жағдайын бағалау үшін биоиндикация әдістерін қарастыру болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Федорова, А. И. Практикум по экологии и охране окружающей среды / А. И. Федорова, А.Н. Никольская – М. : Гуман. Изд. центр ВЛАДОС. – 2001.
2. Хамитова, К. К. Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «Основы биоиндикации загрязнения окружающей среды» / К. К. Хамитова – Астана. – 2005.
3. Егорова, Н. С. Практикум по микробиологии / Н. С. Егорова. – М.: МГУ. – 1976.
4. Небел, Б. Наука об окружающей среде / Б. Небел. – В 2-х т. – М. : Наука. – 1993.
5. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
6. Экология (оқулық) - Алматы, 2008.

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін табиғаттың байлығын сақтауға,
молайтуға қамқорлық қажет екнін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биялогиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаты - қоршаған орта және олардың ластануы,сонымен қатар тазарту әдістерін қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo табиғи орта жағдайына анықтама беру;
oo оның ластану түрлерін зерделеу;
oo табиғи орта жағдайын бағалау үшін биоиндикация әдістерін қарастыру болып табылады.

І. Қоршаған орта және мониторинг
Қоршаған орта - адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст. Экологиялық мониторинг -антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі -биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

ІІ. Қоршаған ортаның ластануы және оның түрлері
Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1. қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
2. қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
1. сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
2. инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
3. өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
4. органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
5. шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
6. радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды. Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді. Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады. Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

ІІІ. Қоршаған орта жағдайын бағалау үшін биоиндикация тәсілдері
Бұл факті - биоиндикацияның жаңашыл теориясының жетістігі. Биоиндикацияның төменгі дәрежесінде биоиндикацияның тікелей және спецификалық формасы, жоғарлауда - тек жанама және спецификалық емес. Бірақ та, соңғысы табиғатқа антропогенді әсерге комплексті баға береді. Клеткалық және субклетқалық дәрежеде биоиндикация биотикалық және физиологиялық өту реакциясында құрылған. Оның бағалысы жоғарғы сезімталдықты бұзуға, сонымен қатар поллютанттарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кадмийге сезімтал CHLAMYDOMONAS REINHARDTII мутантты штамдарын алу және оларды қолдану
Ластанған су экожүйелерін бақылауға арналған микробалдырлардың тест-штамдарын алу
Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдау мәселелері
Қоршаған ортаның өсімдік биоиндикаторлары
Хламидомонас маркерлі штамдарының көмегімен ауыр металдармен ластанған су экожүйелерді биологиялық бақылау
Экологиялық білім беру сатысы
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайын бағалауда гидромакрофиттік өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалану және кешенді ластанған су ортасын биологиялық жолмен тазарту
Биосфераның ластануы
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайы
Пәндер