Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Қоршаған ортаның ластану түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қоршаған ортаның ластануының анықтайтын физика.химиялық, биологиялық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2 ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нормативті.құқықтық базасы ... ... ..13
2.2 Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттері мен кезендері ... ... ... ... ..14
2.3 Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4 Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.5 Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік
қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.6 Жер беті су қоймаларына рұқсат етілетін шекті тастауларды есептеу ... .21
2.7 Трансшекаралық мазмұнда ҚОӘБ жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның, құрлық, су экожүйелерінің беткі қабаттарының, олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты дамуы үшін іс әрекеттің Ұлттық жоспары қалыптастырылған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Республикада Экологиялық кодекс іске қосылған.
Стратегиялық мақсаттардың құрамына:
- қоршаған орта жағдайын бақылауға мониторингтің біртұтас жүйесін құру;
- табиғатты пайдалануды жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды өңдеу;
- табиғат ортасы сапасының жағдайын бағалау, экологиялық аудандастыру;
- табиғатты қорғау заңнамасын толық жетілдіру;
- экологиялық бақылау және мөлшерлеу жүйесін толық жетілдіру;
- экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық әріптестік бағдарламасын өңдеу.
Қоршаған ортаның мониторингі – адамның щаруашылық әрекеті мен табиғат факторларының әсер етуіне байланысты қоршаған орта жағдайын болжау мен бағалау, бақылау жүйесі.мониторингтің құрамына:
- қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың әсерінен қоршаған орта сапасының өзгеруін бақылау;
- табиғат ортасының нақтылы жағдайын бағалау;
- орта сапасының өзгеруін болжау.
Бақылау физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық бақылау жүйесінің құрамына ортаның техногенді пайда болатын қауіпті ластауы, мысалы газды ластағыштар, ауыр металлдардың қоспасы кіреді. Бағалауды өткізу барысында негізгі ақпарат көзі болып қоршаған ортаны бақылау үрдісінде алынған берілгендер (данные) қызмет атқарады.
Әсер ету масштабына байланысты мониторингтің глобальды, ұлттық, аймақтық және аумақтық түрлерін ажыратады. Глобальды (биосфералық) мониторинг күлі табиғат ортасын бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық мониторинг арнайы құрылған органдармен мемлекет шекарасында жүргізіледі. Құбылыстар мен үдерістерді үлкен территориялар, аймақтар көлемінде бақылау мониторингтің аймақтық жүйесіне жатады. Нақтылы антропогенді көздің әсер ету мониторингі – аумақтық дәреже болып табылады.
Мониторингтің объектілері болып: атмосфера, гидросфера, литосфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.
Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың номалары мен нормативтері келесідей бөлінеді:
- санитарлы- гигиеналық, экологиялық, өндірістік-шаруашылық, мерзімдік және құндық нормативтер.
- өндірістік-шаруашылық нормативтер қауіпсіз өміршендікті қалыптастыру мақсатында белгілі бір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің параметрлерін шектеу үшін тағайындалған. Технологиялық нормативтер ластаудың әрбір көздері үшін белгіленеді және өзіне атмосфераға рұқсат етілетін шекті тастауларды (РШТ), су қоймаларына рұқсат етілетін шекті тастауларды (РШТ), жағылатын жаңар майдың рұқсат етілетін шекті санын (РШЖ) қосады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаға әсерді бағалау ережелерін талқылау
Қурстық жұмыстың міндеттері: қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттері мен кезендерін, жүргізу тәртібiн бағалау, жүргізудi әдістемелік қамтамасыз етуді қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: “Қоршаған ортаға әсерді бағалау ережелері”-атты курстық жұмыс 2 тараудан тұрады, онда 5 кесте, 2 сурет, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
2. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 21 қазандағы «Трансшекаралық мазмұндағы қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы» № 86-II заңы;
3. 2007 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің «Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық» № 204-ө бұйрығы;
4. 2007 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері» № 207-ө бұйрығы;
5. 2007 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің № 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережелері;
6. 2007 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің № 160-ө бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі;
7. 2007 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 457 Қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды лицензиялау ережесі және біліктілік талаптары;
8. ҚОӘБ тараптарының III Конференциясымен мақұлданған ҚОӘБ Конвенциясын іс жүзінде қолдану жөнінде нұсқаулық;
9. Орталық Азия мемлекеттері үшін Трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың нұсқаулығы;
10.Ж.Ж.Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004
11.А.Т. Қуатбаев Жалпы экология: Оқулық / Алматы : Дәуір, 2012
12.Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007
13.Бозшатаева Г.С., Оспанова Г.А. Экология.- Алматы.- 2003.
14.Мұхажанова, Н. А. Жаһандық экология: оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2011
15.Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау : Оқулық /- Алматы : Экономика, 2006
16.Экология және табиғатты тиiмдi пайдалану: Оқулық / Ә.С.Бейсенова және т.б.- Алматы: Ғылым, 2004
17.Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен
қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының
жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды
пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре
түсуде.
Шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым –қатынасының
күрделене түсуі, атмосфераның, құрлық, су экожүйелерінің беткі
қабаттарының, олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық
қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс
өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға
бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың
мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер
ықпалына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында
қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты дамуы үшін іс әрекеттің Ұлттық жоспары
қалыптастырылған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Республикада
Экологиялық кодекс іске қосылған.
Стратегиялық мақсаттардың құрамына:
- қоршаған орта жағдайын бақылауға мониторингтің біртұтас жүйесін
құру;
- табиғатты пайдалануды жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды өңдеу;
- табиғат ортасы сапасының жағдайын бағалау, экологиялық аудандастыру;
- табиғатты қорғау заңнамасын толық жетілдіру;
- экологиялық бақылау және мөлшерлеу жүйесін толық жетілдіру;
- экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық әріптестік
бағдарламасын өңдеу.
Қоршаған ортаның мониторингі – адамның щаруашылық әрекеті мен табиғат
факторларының әсер етуіне байланысты қоршаған орта жағдайын болжау мен
бағалау, бақылау жүйесі.мониторингтің құрамына:
- қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың әсерінен қоршаған орта
сапасының өзгеруін бақылау;
- табиғат ортасының нақтылы жағдайын бағалау;
- орта сапасының өзгеруін болжау.
Бақылау физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер арқылы
жүзеге асырылады. Экологиялық бақылау жүйесінің құрамына ортаның техногенді
пайда болатын қауіпті ластауы, мысалы газды ластағыштар, ауыр металлдардың
қоспасы кіреді. Бағалауды өткізу барысында негізгі ақпарат көзі болып
қоршаған ортаны бақылау үрдісінде алынған берілгендер (данные) қызмет
атқарады.
Әсер ету масштабына байланысты мониторингтің глобальды, ұлттық,
аймақтық және аумақтық түрлерін ажыратады. Глобальды (биосфералық)
мониторинг күлі табиғат ортасын бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық
қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық мониторинг арнайы құрылған
органдармен мемлекет шекарасында жүргізіледі. Құбылыстар мен үдерістерді
үлкен территориялар, аймақтар көлемінде бақылау мониторингтің аймақтық
жүйесіне жатады. Нақтылы антропогенді көздің әсер ету мониторингі –
аумақтық дәреже болып табылады.
Мониторингтің объектілері болып: атмосфера, гидросфера, литосфера,
өсімдіктер мен жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.
Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың номалары мен нормативтері
келесідей бөлінеді:
- санитарлы- гигиеналық, экологиялық, өндірістік-шаруашылық, мерзімдік
және құндық нормативтер.
- өндірістік-шаруашылық нормативтер қауіпсіз өміршендікті қалыптастыру
мақсатында белгілі бір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің параметрлерін
шектеу үшін тағайындалған. Технологиялық нормативтер ластаудың әрбір
көздері үшін белгіленеді және өзіне атмосфераға рұқсат етілетін шекті
тастауларды (РШТ), су қоймаларына рұқсат етілетін шекті тастауларды (РШТ),
жағылатын жаңар майдың рұқсат етілетін шекті санын (РШЖ) қосады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің
қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын,
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып,
қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың
жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны
сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаға әсерді бағалау ережелерін
талқылау
Қурстық жұмыстың міндеттері: қоршаған ортаға әсерді бағалаудың
міндеттері мен кезендерін, жүргізу тәртібiн бағалау, жүргізудi әдістемелік
қамтамасыз етуді қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: “Қоршаған ортаға әсерді бағалау ережелері”-
атты курстық жұмыс 2 тараудан тұрады, онда 5 кесте, 2 сурет, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелген.

1ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
1.1 Қоршаған ортаның ластану түрлері
Қоршаған сыртқы орта географиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек
ұғым – оның көлеміне Жердің сырт бедерімен қатар ішкі байлығы да, Күн
системасының адамның іс-әрекетіне қатысты бөлігі де және адамның өзі
жасаған материалдық дүние де кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі
бөліктен – табиғи және жасанды орталардан тұрады.
Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері –
биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір
сүріп дамиды. Алайда, эволюцияның барысында адам табиғи тіршілік
жағдайларын біртінде игере береді: алғашында табиғи байлықтарды
(өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдаланумен ғана шектелсе, кейіннен
біртіндеп тіршілік құрал – жабдықтарын ( қазба байлықтарды , энергия
көздерін т.б.) пайдаланып, оларды практикалық іс-әрекеттер барысында
өзгерте бастады. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан –жануарлардан
айрықша қасиетке-еңбек құралдарын өндіру, материалдық және рухани
мәдениеттерді жасау, сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту
қабілеттеріне ие болды. Өндірістің карқындап дамуына және отын түрлерін кең
масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал
көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы
көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П.Виноградов
зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға
ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет
қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд.
тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы)
соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен
атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық
химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде
атқарылады:
• бақылау объектісін белгілеу;
• бақылауға белгіленген объектіні тексеру;
• бақылау объектісіне информациялық модель құрастыру;
• өлшеуді жоспарлау;
• бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін
ұқсастыру;
• бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;
• мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді
және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын
бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды. Табиғи суларды ластайтын
компоненттер биологиялық және физикалық химиялық қаситтеріне қарай бірнеше
топқа бөлінеді:физикалық күйіне байланысты- ерімейтін, коллойдты, еритін,
табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және
онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады.
Кесте 1-Периодтық ластағыш заттектерді топтастыру мен олардың мөлшерін
әртүрлі ортада өлшеу туралы мәліметтер
Период-тыЛастағыш заттектер Орта Өлшеу
қ классы Бағдарлама-сының
типі
1 2 3 4
I Күкірт диоксиді және қалқыма Ауа И, А, Б, Ғ
бөлшектер Радионуклидтер (5г-90, Тамақ И, А
Сз-197)
ІІ Озон ДДТ және басқа Ауа Биота, адам И, Б
хлорорганикалык қосылыстар (страто-сферада)
И, А
ІІ Кадмий жоне оның қосылыстары Тамақ, адам, су И
III Нитраттар, нитриттер Азот Ауыз су, тамақ И И
оксидтері Ауа
IV Сынап және оның Тамақ, ауа И, А
қосылыстары Қорғасын Көміртек Ауа, тамақ Ауа И Б
диоксиді
V Көміртек оксиді Мұнай Ауа Теңіз суы И А, Б
көмірсутектері
1 2 Фторлы қосылыстар 3 Ауыз су 4 И
VI
VII Асбест Мышьяк Ауа Ауыз су И
И
VIII Микротоксиндср Микробиологиялық Тамақ И. А
ластану Реактивті көмірсутектср Тамақ И,А И
Ауа

И — импактылық, А — аймақтық, Б — базалық, Ғ - ғаламдық.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б.
жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған
заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз т.б., ал
жануарлардынпайда болған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар, қи
және организмнен шығатын басқа да заттар жатады.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар,
балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық
зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді.
Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85% ластанған ақаба су түрінде
табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық
сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км2 таза суды ластандыра алады. Суды
ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы
ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.тжылына, олардың ішінде ең
қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін,
беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклейдтерді,
пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды,
биогенді атауға болады.
Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантты мұнай
мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1
мгм3ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы
200-300 мгм3 жеткенде экологиялық тепе теңдік бұзылып, балықтың және
судағы басқ да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең
төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз
факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады.1
т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км2 шамасында судың беткі көлемінде тұтас
үлпек түзеді. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс
қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы
түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте бірте су түбіне шөгудің
орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады.
Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы
15 млрд тоннаға жетіп отыр.
Сулардың радиоактивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады.
Мысалы, тіршілік белгісінен ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі
өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 млн тонна
көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр.
Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен шығатын жылы ақаба суларымен
де ластанады, су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл
санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су
температурасы көтерілген сайын еріген оттектің мөлшері төмендеп отырады,
суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе теңдік
бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың.
Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен
қауіп төндіреді, оның себебі: ауадын гөрі сулы ортада өздігінен тазалану,
яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің
қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су
ресурстары көздерін- Арал мен Балқаш көлдерінің жағдайын келтіруге болады.
Қазіргі кезде экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі
жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған
байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн га астам Аққұм атты кеңістік пайда
болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн.т тұзды дауыл көтеріп әкетіп
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне
таратуды.
Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен экологиясына
орасан зор зиян келтіруде.
Кесте 2- Су көздеріне бақылау жасау
№ Алынатын Алдын алу Анықталатын Табылу шегі
анализ шаралары элементтер
объектісі Мг\л




1. Жаңбыр суы Ион алмастыра AI,Cd, Cu, Pb,10 -1
отырып Zn
2. Ағынды су Құрғақ тұнба Si,Al,Fe,Ca,Mo1*10-4
қалғанша ,Mn,Zn,Sn,Pb, 10-5
V, Ba, Sr, Cr
3. Табиғи ағындыСүзу , булау, ,Cd, Cu,Zn, Ni2*10-4
сулар Электрод
параметірінде
булайды.
4. Теңіз суы Араласқан Hg, Bi, Cd,Ni,1*10-1
экстракция әдісіPb, Ca, Cr,
Co, Fe, Zn
5. Табиғи Элементің ,Ni, Pb, Ca, 1,1-2,0 *10-8
сулардың электролиттік Cr, Co, Fe, Zn
әртүлі құрамыконцентрі.
6. Тұма суы Сублимациялық, AI,Cd, Cu, Cr,0,9-1,21 *104
(500км) экстракциялау, Fe, ,Mn,Ni
ион алмасу
7. Минералды Микроқоспаларды ,Mo,Zn,,Pb,Ni 0,01-1,2*10 -4
ауыз су бөлу , сүзу,
тұндыру.
8. Ауыз Сорбция әдісі Cd, , Pb, Bi, 0,05-0,3*10-4
суы(40км)
9. Ертіс суы Тұнбаға түсіру Mn,Zn,Sn,Pb, 0,23-2,0*10-2
V, Ba, Sr, Cr
10. Құдықтан Концентрлеу , Cu, Fe,Pb 0,005-1,0*10

Ақаба сулар деп өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында
пайдаланылғын, сондай-ақ бір лас аймақ оның ішінде елді мекен арқылы өткен
су.
Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы ластаушы заттардың МШК көмегімен су
сапасын білуге болады.Су үшін 960 химиялық қосылыстардың МШК
бекітілген.Ауыз , табиғи, тоқтау, ағынды, ақаба сулар үшін судың стандарты
болады. 1. Санитарлы
2. Жалпы санитарлы
3. Органолептикалық
Судың мөлшері стандырт бойынша 0,25мгл (1категория), 0,75 мгл (2
категория),ал иіс қарқындылығына байланысты 5 балдық жүйе бойынша
бағалайды. Ауыз су үшін 20-60 температурада, 2 балдан аспау керек.Су
құбырларындағы ауыз су температурасы да қатаң қадағаланады. (рН=6,5-8,5) .

1.2 Қоршаған ортаның ластануының анықтайтын физика-химиялық,
биологиялық әдістері.
Қоршаған орта жағдайының бағалауды әр түрлі зерттеу әдістері
дисперционды маңызды роль атқарады: географиялық, геохимиялық, және
индикационды.
Геофизикалық әдіс – процестердің жүруі және заттардың айналымы және
геожүйеде, экожүйедегі негізгі балансты энергия ағымынан тұрады. Бақылау
стационарлы және жартылай стационарлы жағдайда жүреді, нақты бағдарлама
бойынша әр түрлі өлшегіш аппараттарда кәсіби және аумақты жүргізіледі. Онда
радиоационды, жылу және су баланстарындағы элементтерді анықтайды,
экожүйедегі әсері және табиғи орта компоненттері арасында жылу және ылғалды
алмастыруы зерттеледі. Территориялардың бұзылмаған және структураның
балансы өзгертілген аймақтар салыстырымын ондағы өзгерістердің дәрежесімен
бағыты анықталады.
Геохимиялық әдіс – табиғи жүйедегі функционирленген және химиялық
элементтердің миграциялық анализдері арқылы анықталады.
Табиғи жолмен ауылшаруашылық және ауа миграциясының әсерінен немесе
нәтижесінен биологиялық айналымы қарастырылады. Техногенездің әсерінен оның
өзгерісін бақылау. Анализ нәтижелері барлық ортаны қамтиды: ауа,
атмосфералық қалдық, жер беткі және грунтты сулар, геологиялық субстракт,
топырақ және өсімдік.
Геохимиялық әдіс – қоршаған ортаның құрамындағы химиялық
өзгерістердің заңдылықтарын анықтайтын мүмкіндіктер береді, өздігінен
табиғи жүйенің тазалау қабілеттін, ластаушы заттардың топтық бағытын
анықтау, ластану маштабын, техногеді геохимиялық аномалиялардың сандық
құрамын анықтауға болады.
Индикационды әдіс – бір объектідегі жағдайды басқа объектілі жағдайды
анықтауға негізделген. Мұнда негізгі ролді биоиндикация, ал негізгі
биоиндикатор өсімдіктер жамылғысы.
Соңында 4-түрлі көрсеткіштердің өзгерістерін көрсетеді. Тірі
организмдер индикатор ретінде қоршаған ортада физиологиялық, морфологиялық,
фитоценотикалық және флористикалық. Бұл көрсеткіштер өсімдіктер жабынының
деградациясының кері әсерін және сонына төмендету жағынан, қоршаған ортаның
өзгеру жағдайына неготивті тенденциясы әсерін көрсетеді. Мүмкіндіктерінше
көрсеткіштер басты индикаторлар болып табылады. Олар жануарлар әлемінен:
популяция құрылысын, көбею қабілеттіліктерін, түрлердің жаппай өсуі немесе
жаппай қырылуы (аурулар немесе азықтың жетіспеуінен) әсер соғады.
Экологиялық мониторинг – экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау
қызметін басқаруды ақпараттық қамтамассыздандыру.
Мақсаты: таңдалған территорияның (қала, облыс, Қазақстан түгелдей)
экологиялық жағдайын бағалаумен қоршаған орта мониторингісінің
объектілерін, міндеттерін оқып білу.
Экологиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді
жүйесін, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру
болжамы мен бағасын көрсетеді (1-сурет).

Сурет 1 – Мониторингті өткізу сұлбасы

Мониторингтің объектілері болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су,
ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.
Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттеріне:
1) антропогенді әсер ету көздерін бақылау;
2) әсер ету факторларын бақылау;
3) табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау;
4) табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау;
5) антропогенді әсер нәтижесіде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін
болжау жатады.

1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ағымдағы
нормативтік құжаттары ҚОӘБ процедураларының шаруашылық қызметтердің барлық
кезеңдерін – бастапқы талаптардан, жобалау, құрылыс, пайдалануға беру
арқылы нысанды жоюға дейінгі кезеңдерді қамтиды. ҚОӘБ негізгі міндеті –
экологиялық қауіпті болжау, бағалау болып табылады. Мемлекеттік экологиялық
тексерістің жалпы жүйесінің маңызды, профилактикалық бөлігі ретінде рөлі
міндеттердің орындалуын тексеру болып табылады. Қоршаған ортаның мүмкін
болатын әсерлерін болжап, алдын алу олардың нәтижесін жоюға қарағанда
тиімдірек болады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік экологиялық сараптама 1984 жылы
 Гидрометеорология жөніндегі мемлек еттік комитет жүйесінде қызмет атқара
бастады, өзінің қазіргі қалпында 1988 жылы Табиғатты қорғау бойынша Қазақ
КСР Мемлекеттік комитеті құрамында қалыптасты. 
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жоспар алды, жоспарлық, жоба алды және
жобалық құжаттамалар тиісті. Кез-келген шаруашылық қызметтер сараптаманың
оң қорытындысын алғаннан және соның негізінде табиғатты пайдалануға алған
рұқсаттан кейін ғана жүзеге асырылады. Қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына қауіпті әсерлер қоршаған ортаға болжанған шаруашылық қызметтiң
әсерiн бағалау (ҚОӘБ) процедураларын іске асыру барысында анықталады. 
Экологиялық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасындағы экологиялық
сараптама екі формада көрсетілген – мемлекеттік экологиялық сараптама және
қоғамдық экологиялық сараптама. 
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобалар
бекітілмейді, сонымен қатар қаржыландырылмайды. 
Ұсынылатын жобалардың күрделілігі мен болжанған шаруашылық қызметтiң
әсерiн бағалау дәрежесіне байланысты мемлекеттік сараптама үш деңгейдің
бірінде жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті Экологиялық сараптама басқармасының, оның
аумақтық бөлімшелері мен облыстық жергілікті атқарушы органдардың
экологиялық сараптама бөлімдерінің қызметкерлерімен жекеше түрде;
- белгілі бір қызмет түріне лицензия алған фирмалардың, өндірістің жеке
техникалық, технологиялық бағыттары немесе салалары бойынша штаттан тыс
сарапшы-мамандарды қатыстыру арқылы; 
- тәуелсіз сарапшылар қатыстырылған комиссия.
Күрделі жағдайлар мен күрделі жобалар үшін экологиялық сараптаманың
қорытындысы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
жанында Сараптамалық Кеңес отырысында қарастырылады. Сондай-ақ сараптамалық
Кеңес Министрліктің аумақтық бөлімшелерінде де бар.
Сараптаманы жүргізудің базалық негізі шаруашылық және өзге қызметтердің
экологиялық нормалау және экологиялық талаптары болып табылады. 
Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімшелерінің қызметі республиканың
басқа ведомстваларының сараптамалық бөлімшелерімен, оның ішінде Денсаулық
сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мұнай және газ
министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Көлік және коммуникация
министрлігі, Жер ресурстарын басқару агенттігі, Атом энергетикасы
агенттігі; Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Орман
және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитетімен бірге
жүзеге асырылады.

2 ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нормативті-құқықтық базасы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы
заңнамалардың құқықтық негізі республика азаматтарына денсаулық пен қолайлы
өмір құқығын бекітетін Қазақстан Республикасының Конституциясы болып
табылады. Экологиялық кодексті орындау мақсатында, республикамызда қоршаған
орта әсерін бағалаудың және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нормативті
құжаттар әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
2007 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің № 204-ө бұйрығымен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жобалау
алдындағы және жобалық құжаттарды әзірлеу кезінде көзделіп отырған
шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу
бойынша нұсқау;
2007 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің № 207-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сараптамасын жүргізу
ережелері; 
2007 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің № 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу
Ережесі; 
2007 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің № 160-ө бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы орагандардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы
қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5
маусымдағы № 457 қаулысымен қоршаған ортаны қорғау саласында көрсетілген
қызмет және жұмыс орындалуына талап етілетін лицензиялау және біліктілік
талаптарының ережелері бекітілді.
ҚОӘБ және экологиялық сараптама саласындағы заңнамалық базаны одан әрі
жетілдіру жүзеге асырылуда.
26.03.2010 жылғы ҚОҚМ № 70-ө бұйрығымен (іске 01.01.2011 енгізілді)
және 19.03.2012 жылғы ҚОҚМ № 72-ө бұйрығымен (30.01.2012 жылы пайда болған
қарым-қатынастар үшін) Жоспарлау алдындағы, жоба алды және жобалық
құжаттарды әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу бойынша нұсқау
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағ ы № 204-ө бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 02.04.2012 жылғы № 88-Ө бұйрығымен Қоғамдық тыңдауларды өткізу
Ережесі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007
жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізілді; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 19.01.2012 № 125 қаулысымен Мемлекеттік
экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысына
өзгерістер енгізілді. 
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 6
наурыздағы № 63-Ө бұйрығына сәйкес Мемлекеттік экологиялық сараптамаға
жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы
объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның
аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ҚР Экологиялық кодексінде Қазақстан Республикасы территориясындағы қоршаған
орта жағдайына әсер ететін іс-әрекеттерді негіздеу бойынша құжаттарды
әзірлеуде басшылыққа алуға қажет негізгі ұстанымдар берілген. 
Экологиялық кодекс мазмұнында қоршаған ортаға әсерді бағалау тарауынан
тұрады, онда ҚОӘБ жүргізу мақсаттары – қоршаған ортаға әсерді бағалау
қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдердің экологиялық және өзге
де қызмет түрлерін анықтау мақсатында, қоршаған ортаны сауықтыру бойынша,
оның ішінде табиғи экологиялық жүйелер мен табиғат ресурстарының жойылуын,
деградациясын, бұзылуы мен тозуын алдын алу ұсыныстарын әзірлеу анықталған.

2.2 Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттері мен кезендері
Ұлттық заңнамаға сәйкес қоршаған орта әсерін бағалауға әсерін
келтіретін жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру рұқсат етілмейді. Қоршаған
ортаға әсерді бағалау нәтижелері құжат түрінде рәсімделеді және жоспар
алды, жоспарлық, жоба алды және жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі
болып табылады.
ҚОӘБ процедурасы жобалау барысындағы қажетті талап болып табылады. ҚОӘБ
жүргізу кезіндегі негізгі ұлттық құжаттар болып: ҚР Экологиялық кодексі,
Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған
ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу
жөнiндегi нұсқаулық.
Осы нұсқаулық жобалау алдындағы, жобалық құжаттамаға сәйкес көзделiп
отырған шаруашылық және өзге де қызметтi ұйымдастырудың барлық сатыларында
оны әзiрлеу және жүргiзу туралы шешiмдердi қабылдау кезiнде ҚОӘБ өткiзудiң
жалпы тәртiбiн айқындайды.
ҚОӘБ жүргізудің қажетті шарты жұршылықтың қатысуы, ол төмендегі ұлттық
нормативті құжаттарда көрсетілген:
- Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде
қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау
жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық, ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен бекітілген; 
Қоғамдық тыңдаулар жүргізу, ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген.
ҚОӘБ материалдары жобалау сатыларына сай келетін деңгейдегі құжат
түрінде әзірленеді. Олар жоспар алды, жоспарлық, жоба алды және жобалық
құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. 
Шаруашылық және өзге де қызметтерді көздейтін құжаттарды әзірлеу
барысының кезеңдеріне сәйкес ҚОӘБ кезеңдеріне атаулар берілген: 
1 кезең – Қоршаған орта әсерін алдын ала бағалау (АлдыҚОӘБ),
қаржыландыру негіздемесімен жүреді (жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемесі). Бұл кезеңде қоршаған және әлеуметтік-экономикалық орта
компоненттеріндегі өзгерістердің әлеуетті мүмкіндік бағыттары және қоғам
өмірі мен қоршаған ортадағы нәтижелері анықталады. Болжанған (жоспарланған)
шаруашылық қызметтер алдыҚОӘБ нұсқалық техникалық шешімдерді талдау және
қор мен мамандандырылған ғылыми материалдарды пайдалану базасында
жүргізіледі. Күрделі және ірі жоба алды зерттемелер барысында алдын-ала
инженерлік-геологиялық барлаулар жүргізу керек. 
2 кезең – Әсерді бағалау, жобаны іске асырудың мүмкін тиімділігіне толық
және кешенді талдау жасау мақсатында немесе шаруашылық және өзге
қызметтерді ары қарай жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғауды басқару
жоспарын (бағдарламасын) жасау мақсатында орындалады;
3 кезең – жұмыс жобасы құрамындағы Қоршаған ортаны қорғау бөлімі,
қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алу бойынша техникалық шешімдерден
тұрады;
Әрбір кезең табиғи, әлеуметтік-экономикалық орта сипаттамасы бойынша
белгілі ақпараттан тұруы қажет, ал бұл ақпараттарда ҚОӘБ бойынша негізгі
ұстанымдар айқындалуы тиіс, оларға: 
-қоршаған ортаға болжанатын қызметтің әсер ету түрі, олардың
қарастырылатын аумақта басқа әсер түрлерімен өзара әрекеттесуі (бұзылу
типтері, ластауыш заттардың атауы және мөлшері); 
-мүмкін тастандылардың, ластағыш заттардың шығындыларының сипаттамасы,
өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілуінің бағдарлық көлемдері;
-өндіріс және тұтыну қалдықтарын тазалау және пайдаға асырудың (көму)
мүмкін тәсілдері;
-апатты жағдайлардың мүмкіндігін бағалау (ықтималдылық, масштаб, әсер ету
ұзақтығы);
-жалпы экологиялық қауіптілікті төмендетуге ықпал ететін болжамдық
қызметтерді жүзеге асырудан болатын кері нәтижелерді шектеу немесе
бейтараптандыру бойынша негізгі жоспарлы шешімдер.
Қоршаған орта әсерін бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар
мен қызметтерді орындауға лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен жүзеге
асырылады. 
Қоршаған орта әсерін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және
қаржыландыруды болжамдық қызметті тапсырушы (бастамашы) өз мойнына алады. 
Қоршаған ортаға әсерін бағалауы әзірлейтін жеке және заңды тұлғалар
тапсырушы алдында қоршаған орта әсерін бағалауды жүргізуден алынған
нәтижелердің нақтылығына, толықтылығына және сапасына жауап береді. 
Ағымдағы нысандардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, егер нысанды жобалау
барысында мұндай бағалау жүргізілмесе, немесе табиғатты пайдалану шарты
жоба шарттарынан айтарлықтай ерекше болса ғана әзірленеді. Бастапқы жобада
болжанбаған нысанды құру кезінде қоршаған орта әсерін бағалау жалпы нысан
бойынша қоршаған ортаға әсерін бағалаудың деректері немесе осы дерекетерге
өзгертулер енгізу түрінде орындалады. 
ҚОӘБ процедураларының бірінші үш кезеңінің нәтижелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңдері
Экологиялық сараптама түрлері
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-қүқықтық нысандары
Сараптама әдістері,түрлері
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Экология - Дәрістік курс
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың мақсатары
ҚОӘБ кезеңі
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Пәндер