Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Қазақ тілі сабағында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттырудың ғылыми.теориялық негізі
1.1 Морфологиялық жүйені оқытудағы оқушы сауаттылығын арттыру мәселесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқытудың мәні мен оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен оларың өзара сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылыған аттырудағы тәжірибелік . эксперименттік жұмыс
2.1 Зерттеуді ұйымдастыру мен зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылыған қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
2.3 Эксперименттік жұмыстың нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай қазақ тілі бойынша оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының жаңа нұсқасында, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы білім беру саласын дамытудың тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған жалпы білім беретін орта мектепті дамытудың «адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру», «білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзіретті» білімге өзгерту; «сауатты ұрпақ тәрбиелеу» және т.б. қағидалар басшылыққа алынды [1].
Қарастырылып және зерттеліп отырған мәселенің негіздерін айқындау және қазақ тілі морфологиялық жүйесін оқыту барысында теориялық ұғым қалыптастырудың ерекшелігін ескеру және олардың мазмұнын белгілеп айқындау қазақ тілінің ішкі құрылымын меңгеріп, оны коммуникативті бағытта қолдану әрекетін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Қазақ тілі морфологиясы өзінің бастауын А.Байтұрсынов, К.Д. Ушинский, А.Ысқақов, М.Балақаев, С.Исаев, К.Аханов, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен алады. Диплом жұмысы қазақ тілінің морфологиялық жүйесін қазіргі таңда кең түрде зерттеген ғалымдар С.Р. Рахметова, Ф.Ш. Оразбаева, Қ.Қадашева, Р.Сыздықова, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, А.Қыдыршаев, Ж.Сүлейменова, Н.Құрманова еңбектеріне сүйене отырып жазылған [2, 3]. Қазақ мектептерінде, оның ішінде бастауыш мектепте теориялық білім берудің танымның жоғары теориялық деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс. Практикалық дағдының өзі теориялық біліммен қаруланғанда ғана қалыптасатындығы біржақтылы ғана сипатталды. Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі сыныптарда тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым мағлұматы жоқ бала бастауыш сыныптарды меңгеруге тиіс сөйлеу және жазу дағдыларын мүлде меңгере алмас еді. Сөзге ұсынылатын тиісті қосымшаны дұрыс қолдана алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын білдіретін сөзбен сол заттың сынын, қимылын, білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында да тежелу бар болатынын психолог ғалымдар айтып дәлелдеген. Демек, бастауыш сыныптарда тілдің морфологиялық жүйесінен мағлұмат беру
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 2007 ж. шілденің 27-сі.
№ 319-ІІІ
2. Сайрамбаев Т. Морфология: кеше, бүгін. Түркі әлемі: тарих, қоғам,
табиғат. Халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары. Алматы, 2009ж, 232-240 бб
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007ж, 388 б.
4. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық
құрылысы. Алматы, 1968. 7-16 бб
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, Ана тілі, 1992ж, 446 б
6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы «Мектеп», 1978ж, 492 б.
7. Аманжолов С. Тіл және жазу/ Язык и письмо. – Өскемен, 2005ж, 403 б.
8. Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991ж, 385 б.
9. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007ж, 388 б.
10. Рахметова. С «Қазақ тілін оқыту методикасы», Алматы, 1991ж, 17-21бб.
11. Оразбаева Ф. Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,
2001ж, 534 б.
12. «Ұлт тағылымы» журналы, 2003. №1, 193-195бб.
13. Исаев С. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нөльдік
тұлға туралы, Қазақстан мектебі, № 8, 1976, 11-12бб.
14. Салқынбай А.Б. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2008ж, 462 б.
15. Момынова Б. Саткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер.
Алматы«Арыс», 2007ж, 117 б.
16. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы, 1991ж,15-17бб
17. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері. – Алматы,
1973ж, 89 б.
18. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы,
Ғылым, 1986ж, 181 б.
19. Исаев С.М. Қазақ тілі. Алматы, 1998. – 207 б. Ибатов А. Сөздің
морфологиялық құрылымы.- Алматы, 1986.
20. Маманов Ы. Қосымшаларды топтастыру прициптері. «Қазақстан
мектебі» журналы, №8 , 1975ж, 23-25бб.
21. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы. «Қазақстан
мектебі» журналы, 1961. № 8, 39-45 бб.
22. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және грамматикалық
форма. «Қазақстан мектебі» журналы, 1961. № 4, 60-66бб.
23. Маманов Ы. Қазақ тіліндегі функциялық қосымшалар. Жинақта:
« Қазақ тілі мен әдебиеті » 6-шығуы, 1975ж, 18-23бб.
24. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. «Қазақстан
мектебі» журналы, 1962. № 7, 4-5бб
25. Исаев С. Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесі. Кітапа:
26. С.М.Исаев. Қазақ тілі жайында ойлар. – Алматы, 1997, 140-151-бб.
27. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітапта: Сөз
өнері.- Алматы, 1978, 21-28 бб.
28. Оралбаева Н. Жалғаулар. «Қазақстан мектебі» журналы, 2001. №6,
12-14бб.
29. Оралбаева Н. Жұрнақтар. «Қазақстан мектебі» журналы, 2001. №15,
4-5бб.
30. Қалиев Ғ. Сөздің морфологиялық туу құрамы жайында // Қазақстан
мектебі. №4, 1979, 7-9бб.
31. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз енері. Алматы, 1978,21-28 66.
32. Ыскақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы (мақала), Қазақстан мектебі, 1961, 8б.
33. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, Ана тілі, 1992. 8-40 б. 48-58 б.
34. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала) / Қазақстан мектебі, 1985,7-8 бб
35. Ыскақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы (мақала), Қазақстан мектебі, 1961, 8б.
36. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988, 92-256 бб.
37. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы, 1973ж, 18-22бб.
38. Данияров А. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу жолдары. Тіл және әдебиет мәселелері. Алматы, 1963ж, 45-46бб.
39. Оралбаева Н. Зат есімнің кептік категориясы. Қазақ тілі мен әдебиеті,1959ж, 23-25бб.
40. Оралбаева Н., Балтабаева Ж. Түркологиядагы атау (негізгі) септік проблемасы. Қаз ССР ҒА Хабарлары. Филология сериясы. 1982ж,15-17бб.
41. Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957ж, 12-13бб.
42. Сайранбаев Т. Сын, сан есімдердің етістікпен тіркесі. Алматы, 1966. Дисс.автореф. Алматы, 1966.
43. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959ж, 27-29бб.
44. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. «Қазақ тілі мең әдебиеті» журналы, 1967, № 9, 77-80 б.
45. Төлеуов Ә. Сөз таптары. –А., 1982ж, 14-17бб.
46. Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. –А., 1951,29-33бб.
47. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. // Кітапта: Сөз
өнері. –А., 1978. 21-28 бб.
48. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. –А., 1973ж, 11-14бб.
49. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан. // „Қаз. мектебі”, 1985.
№ 7, 13-15бб.
50. Мұхамади Қ. Қазақ тіліндегі септеуліктердің аналитикалық септікке
қатысы. // Кітапта: Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика. 9-шығуы, Алматы, 2004ж, 17-19бб
51. Ф. Ш. Оразбаева, Р. С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы 2005ж. 17-23бб.
52. Н. Б. Есімбеков «Қазіргі қазақ тілі морфологиясынан пысықтау жаттығулар», Алматы, 1993ж, 13-15бб
53. Г. Ж. Тұрдалиева «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі», Астана, 2007ж, 231-325бб
54. И. К. Ұйықбаев «Қазақ тілі методикасының мәселелері», Алматы, 1991ж, 156-159бб
55. С. Қазыбаев «Бастауыш кластартарда қазақ тілін оқыту» Алматы, 1985ж, 35-37бб
56. Г. Тайсюганова, З. Рахмет «Қазақ тілі. Қызықты грамматика», Алматы, 2007ж, 25-27бб
57. Б. Б. Жахина «Сөзжасамды оқытуға қосымша» Көкшетау, 2007ж, 29-33бб.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай қазақ тілі бойынша оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Білім туралы, Тіл туралы Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының жаңа нұсқасында, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы білім беру саласын дамытудың тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған жалпы білім беретін орта мектепті дамытудың адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған құзіретті білімге өзгерту; сауатты ұрпақ тәрбиелеу және т.б. қағидалар басшылыққа алынды [1].
Қарастырылып және зерттеліп отырған мәселенің негіздерін айқындау және қазақ тілі морфологиялық жүйесін оқыту барысында теориялық ұғым қалыптастырудың ерекшелігін ескеру және олардың мазмұнын белгілеп айқындау қазақ тілінің ішкі құрылымын меңгеріп, оны коммуникативті бағытта қолдану әрекетін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Қазақ тілі морфологиясы өзінің бастауын А.Байтұрсынов, К.Д. Ушинский, А.Ысқақов, М.Балақаев, С.Исаев, К.Аханов, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен алады. Диплом жұмысы қазақ тілінің морфологиялық жүйесін қазіргі таңда кең түрде зерттеген ғалымдар С.Р. Рахметова, Ф.Ш. Оразбаева, Қ.Қадашева, Р.Сыздықова, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, А.Қыдыршаев, Ж.Сүлейменова, Н.Құрманова еңбектеріне сүйене отырып жазылған [2, 3]. Қазақ мектептерінде, оның ішінде бастауыш мектепте теориялық білім берудің танымның жоғары теориялық деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс. Практикалық дағдының өзі теориялық біліммен қаруланғанда ғана қалыптасатындығы біржақтылы ғана сипатталды. Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі сыныптарда тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым мағлұматы жоқ бала бастауыш сыныптарды меңгеруге тиіс сөйлеу және жазу дағдыларын мүлде меңгере алмас еді. Сөзге ұсынылатын тиісті қосымшаны дұрыс қолдана алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын білдіретін сөзбен сол заттың сынын, қимылын, білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында да тежелу бар болатынын психолог ғалымдар айтып дәлелдеген. Демек, бастауыш сыныптарда тілдің морфологиялық жүйесінен мағлұмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызды емес, бұл - сол сыныптарды оқыту процесінің табысты болуының кепілі.
Бұл айтылғандардың барлығы бастауыш мектептегі сабақтарда, соның ішінде қазақ тілі сабақтарында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыру зерттеудің қажеттігін және тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыруды оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін тұжырымдай отырып, әдістемелік жүйесін жасау; оның тиімділігі мен сапалылығын педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда морфологиялық жүйені оқытуды қолдану үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушылардың сауаттылықтарын арттырудағы морфологиялық жүйе.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда оқытудың ғылыми-теориялық және ғылыми-әдіснамалық негіздері айқындалып, ол дамыта оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесі түрінде жүзеге асырылса; дамыта оқытуды оқушының өзіндік әрекетіне негіздеп, олардың теориялық ойлауы мен жазбаша тілін дамыта оқытудың арнайы әдістерін қолдануға басымдылық берілсе; күтілетін нәтиженің моделі бастауыш сынып оқушыларының даму қабілетіне сай іріктелінген қазақ тілі сабағында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда білім мазмұнына негізделіп ұйымдастырылса, онда бастауыш сынып оқушысының теориялық ойлауы мен жазбаша тілін дамытуда мүмкін болып, түпкілікті нәтижесінде тілдік қабілеті жетілген жеке тұлға ретінде қалыптасу жолы анықталады.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыруда оқытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдау;
- бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыруды оқыту әдістемесін жүйелік-құрылымдық тұрғыдан анықтау;
- бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттырудағы оқыту ұстанымдарын белгілеу;
- бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыруда көзделіп отырған білім мазмұнын анықтау;
- бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру әдістемесінде оқушыларға берілетін эмпирикалық білім мен теориялық білімнің өзара тепе-теңдігі мен сәйкестігін сақтай отырып, педагогикалық эксперимент жүргізу, педагогикалық эксперимент нәтижелеріне талдау жасау.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда: талдау, жинақтау, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, модельдеу, салыстыру, бақылау әдістері; педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты: қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыруды бақылау, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау, қорыту аналитикалық әдістері; эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Жұмыс нәтижелері бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыруды оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан жетілдіруге үлес қосады. Атап айтқанда, бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру әдістемесінде алғаш рет дамыта оқыту әдістемесінің теориялық негізі қаланып, оқушыны өз әрекетінің субъектісі, үнемі дамушы сипаттағы жеке тұлға деп тану теориясы мен оны жетілдіруге қатысты тұжырымдар әдіснамалық-теориялық негіз ретінде алынды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу барысында жасалған әдіснамалық қағидалар мен теориялық түйіндер, ұсынылған әдістемелік жүйе жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында оқытылатын пәндерде жаңа заман талабымен жүргізілуіне, оқу-танымдық қызметтегі дамытушылық әлеуетін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Зерттеу материалдарын бастауыш сыныптары мұғалімін даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру, қайта даярлау институттарында, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдалануға болады.
Эксперименттік база ретінде Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының 4 Ә және 4 Б сыныптары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Қазақ тілі сабағында морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттырудың ғылыми-теориялық негізі

1.1 Морфологиялық жүйені оқытудағы оқушы сауаттылығын арттыру мәселесінің зерттелуі

Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.
Осыған орай, жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену - ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе 1970-ші жылдардан басталады. К.Ш.Хұсайынның Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В.В.Радлова (А., 1971) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылып, одан кейін жеке ғалымдардың мұралары монографиялық тұрғыда зерттеле бастады. Бұл қатарда К.Ертаев, Ж.Тектіғұлова, Г.Әмірова, А.Иманғазина, О.Жұбаева еңбектерін атауға болады.
Ы.Алтынсариннің еңбектерінде сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінген [4]. Ағартушы әр сөз табына қатысты сөздерді меңгерту оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс түсінуге септігі тиетіндігін, әрі сөздік қорлары толығып, тілі дамитындығын, сөздік қорды байытуда қызықты әңгіме айту, сөйлесудің маңыздылығына назар аударған.
А.Байтұрсынов та бұл мәселеге көңіл бөлді, яғни ғалым оқулықтарында тілдің теориялық жағын меңгертумен қатар, сауаттылықты арттыру жұмыстары да қамтылған. Мысалы, Тіл - құралдың бірінші бөлімінде Зат есім тақырыбына қатысты жаттығуларда мақал-мәтел сөйлемдерінен зат есімдерді табу, астын сызу деген тапсырмалар көрсетілген [5, 6]. Мұндай тапсырмаларды беруде әдіскердің оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруін ғана емес, тіліміздің асыл қазынасы мақал-мәтелдерді оқып, есте сақтаулары арқылы өздерін сауаттылыққа тәрбиелеуді көздегені анық байқалады.
1920-1940 жылдар аралығында мектеп оқулықтары шығарылып, жаппай сауатсыздықты жою мақсатында жұмыстар жүргізілгені анық. Бұл кезеңнің көшбасшысы болған С.Аманжолов, Қ.Жұбанов еңбектерінде грамматикалық тақырыпты меңгертумен бірге алған білімді күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дағдыландыруға да көңіл бөлінді. Ш.Х.Сарыбаев та қазақ тілінің сабақтары арқылы сауаттылықты арттыру жұмыстарын ескерген. Мәселен, әдіскер еңбектеріндегі сұрау-жауап арқылы пысықтау - оқушыны сөйлеуге мәжбүр ететін, оны ойландыратын, белсенділігін арттыратын тәсіл.[7]
С.Жиенбаев сауаттылықты арттыру жұмысын: 1) сөз қорын молайту, 2) сөйлем құрау, 3) кітап оқуға байланысты жұмыстар [8, 9] деп үшке бөліп қарастырып, олардың әрқайсысы бойынша істелетін жұмыс түрлерін нақты көрсеткен.
С.Рахметова Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми- әдістемелік негіздері атты зерттеуінде сауаттылықты арттыру бойынша ауызша, жазбаша тіл дамыту әдістемесі, сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары, байланыстырып сөйлеу әдістемесі мәселелерін зерделеген. Ғалым бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса, сауаттылықты арттыру жұмысы біршама жүйелі өткізіледі деп тұжырымдайды [10].
Т.Әбдікәрімова Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс істеу арқылы тіл дамыту атты зерттеуінде мәтінмен жасалатын жұмыстың барлық түрін талдай отырып, сауаттылықты арттыру мәселесімен байланыста қарастырған. Ғалымның Әліппе мен Ана тілі оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері мәселесі бойынша докторлық зерттеуінде мәтін арқылы сауаттылықты арттырудың әдіснамалық негіздерін - 1) оқылым әрекеті арқылы оқушы сауаттылығын арттыру, 2) мәтіннің оқушы сөздік қорын байытуы, 3) айтылым және тыңдалым әрекеті арқылы оқушының сауаттылығын арттыру, 4) суретпен жұмыс арқылы шығармашылықты дамыту [11, 7], - деп талдай келіп, бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын мәтін арқылы дамыту мәселесін оқытудың жаңа технологиясы бойынша зерделеген.
Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі Г.Уәйісова, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаев т.б. ғалымдар еңбектерінде де қарастырылған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазған әдіскер ғалымдардың бірі - Т.Шонанұлы. Ол оқулық түзуде де, әдістемелік мақалаларында да морфологиялық жүйені оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесіне ерекше мән берді. Ғалым 1929 жылы Жаңа мектеп журналының № 9 санында жарияланған Білім кеңесінің програмы және 1-ші басқышта ана тілі атты мақаласында сауаттандыру жұмысының маңызына, сауат ашу әдістеріне, түрлеріне тоқталған [12, 13].
Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілші-ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады.
Морфология - грамматиканың бір бөлімі. Грамматика - тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылым. Тіл сөздік қор мен грамматикалық құрылыстан тұрады. Сөздік қор сөздерден яғни лексемалардан тұрады. Адам ойды білдіру үшін ойын жеткізуге қажет сөздерді қолданады, бірақ жеке сөздер байланысты ойды білдіре алмайды. Байланысты ойды білдіру үшін, грамматикалық құрылыс бойынша бір-бірімен байланысады. Сөздерді бір-бірімен байланыстыратын тілде түрлі-түрлі грамматикалық бірліктер бар, грамматикалық құрылыста қалыптасқан түрлі әдістер бар. Осындай грамматикалық құрылысты зерттейтін ғылым грамматика деп аталады. Грамматика термині гректің дұрыс жазу өнері деген мағына беретін сөзінен шыққан. Сонымен бірге грамматика тіл білімі ғылымының бір саласы болып саналады [14, 15].
Грамматиканың заңдылықтары сөйлемде көрінеді, сөйлем мәтінде іске асады. Осымен байланысты тіл білімінде мәтінді зерттейтін мәтін тіл білімі (лингвистика текста) деген бөлім бар. Рас, қазақ тіл білімінде бұл мәселе енді ғана зерттеле бастады. Ал мәтін сөйлемдер мен сөз тіркестерінен құралады. Сөйлем мен сөз тіркестерін грамматиканың синтаксис саласы зерттейді. Сөйлем, сөз тіркестері бір-бірімен байланысты сөз тіркестерінен құралады. Сөздерді бір-бірімен байланыстыратын заңдылықтарды грамматиканың морфология саласы зерттейді. Морфология көне грек тілінің форма және ілім деген сөздерінен шыққан. Демек, морфология деп тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым аталады. А.Ысқақов морфологияны сөз және оның грамматикалық формалары туралы ілім деп атаған. Орыс тіл білімінде В.В.Виноградовтан кейін морфологияны грамматикалық сөз туралы ілім деп атау да жиі кездеседі [16].
Сонда морфология сөз атаулының байланысты ойды білдіру үшін сөздіктегі қалпымен бірге түрлі-түрлі тұлғада қолданылуын қарастырады. Мысалы, сөз таптарының әрқайсысы (зат есім, сын есім, етістік т.б.) сөйлем ішінде түбір тұлғасымен бірге өздеріне тән қосымшалармен түрленіп қолданылады. Ал сөздердің осындай түрленіп қолданылуының қалыптасқан заңдылықтары бар. Осы заңдылықтарды морфология зерттейді. Сонымен бірге, тілде түрленбей қолданылатын сөздер тобы да бар. Олар: еліктеуіш, одағайлар. Морфология сөздердің түрлену заңдылықтарымен бірге түрлі тұлғалардың қандай мақсатпен түрленетінін, қолданылатынын да зерттейді. Бұдан шығатын қорытынды - грамматика деп сөйлемнің, сөз тіркесінің, сөздің түрленуінің қандай заңдылықтар бойынша жүзеге асатынын зерттейтін ғылымды айтамыз.
Грамматиканың ерекшеліктерін оның басқа салаларымен (фонетикамен, лексиқология) салыстыру арқылы анықтауға болады.
Сөздің грамматикалық сипатының өзіндік белгілері бар, ол белгілерге міндеттілік және қарама-қарсылық қасиеттері жатады. Грамматиканың міндеттілік белгісіне грамматикалық бірліктердің мағыналық қасиеті жатады. Сөйлемнің белгілі бір мағынада берілуі оны құрауға қатысатын тілдік бірліктердің мағыналарының болуына байланысты. Мысалы, зат есімнің сандылық мәні зат есім сөздердің бәрінде бар, сынның сапасы шырай көрсеткіштері арқылы беріледі, т.б. Грамматикалық құбылыстың қарама-қарсылық қасиеті ондағы тілдік бірліктердің бір-бірімен қарама-қарсысы жоқ ешбір жеке дара бірліктің болмауымен көрінеді. Мысалы, септіктің әр түрін бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болады. Осындай қасиет барлық грамматикалық көрсеткіштердің бәріне ортақ.
Сөздің грамматикалық қасиеті сөздің сыртқы тұлғасы арқылы да, оның мағынасы арқылы да көрінеді. Сөздің грамматикалық мағынасы, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері сөздің мағыналық топтарына байланысты болғандықтан, сөздер сөз таптарына жіктеледі де, бұл морфологияның мәселесіне жатады. Сонымен бірге, әр сөз табының ішкі мағыналық топтары, олардың өздеріне тән грамматикалық категориялары және олардың көрсеткіштері мен мағыналары да морфологияның нысанына жатады [17].
Грамматиканың екі бөлімі бар: морфология және синтаксис. Бұл екі сала бір-бірімен өте тығыз байланысты. Морфология сөздің грамматикалық сипатын зерттегенде, оның жеке сөзге қатысын емес, сөздердің белгілі бір топтарына қатысын зерттеп, ол грамматикалық сипаттың байланысты ойды білдіруде сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Сөздің грамматикалық сипатына сөздердің қолданыста түрленуі жатады. Сөздің түрленуі сөйлемдегі сөздерді байланыстыру қызметін атқарады. Бұл морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын дәлелдейді. Мәселен, атау септіктегі сөз сөйлемде баяндауышпен байланысады (Ол келді.). Ілік септіктегі сөз сөйлемде тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысады (Менің кітабым). 1-жақтағы бастауыш 1-жақтағы баяндауышпен байланысады (Мен оқыдым) т.б.[18, 19]
Демек, заңдылықтары бойынша түрленген сөздердің бәрін сөз тіркесін, сөйлем, мәтін жасаушы, байланысты ойды білдіруші де қарауға болады. ал, синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді зерттейтін болғандықтан, ол сөз тіркесін, сөйлем құрайтын бірліктермен яғни морфологиямен тікелей байланысты. Солай бола тұрса да, яғни морфология мен синтаксис байланысты бола тұра, олар бірінен-бірі зерттеу нысаны арқылы ажыратылады. Өйткені, бұл екеуінің зерттеу нысандары басқа-басқа. Морфологияның зерттеу нысаны - сөздердің түрлену заңдылықтары, синтаксистің зерттеу нысаны - сөз тіркесі, сөйлем. Сондықтан да морфология мен синтаксис грамматиканың әрі өзара байланысты, әрі өзіндік зерттеу нысандары бар екі түрлі саласы болады.
Сөздің морфологиялық құрылымы - морфологияның маңызды мәселелерінің бірі, өйткені қазақ тілінде сөздер әр түрлі құрамда қолданылады, кейде сөздердің өте күрделі құрамда қолданылуы да кездесе береді. Әдетте сөйлемдегі сөз бірнеше мағыналы бөлшектерден тұрады. Ол мағыналы бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфема деп сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі аталады (жабыр+қама, жоқ+ты, із+де, бар+ды, бақ+па). Осы бес сөзде бес лексикалық мағынасы бар сөз, бес лексикалық мағынасы жоқ сөз бар. Осымен байланысты алғашқы бес сөзді негізгі морфема, соңғысын көмекші морфема деп атайды.
Негізгі морфема деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема аталады (ат, ақ, бөл, соқ, шал т.б.) [20, 21].
Көмекші морфемалар деп өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөздің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі мағыналар үстейтін морфемалар аталады. Бұның екі түрі бар: 1) қосымшалар, 2) көмекші сөздер. Қосымшалардың өзі екіге бөлінеді: 1) грамматикалық мағыналы қосымшалар, 2) сөзжасамдық қосымшалар [21].
Грамматикалық мағыналы қосымшалар деп грамматикалық қосымшалардың мағынасын білдіретін, грамматикалық категориялардың көрсеткіші саналатын қосымшалар аталады. Бұлар іштей екіге бөлінеді: 1) жалғаулар, грамматикалық жұрнақтар.
Жалғауларға сандылық, тәуелдік, септік, жітік категориялардың жалғаулары жатады.
Грамматикалық жұрнақтар рай, шақ, болымды-болымсыздық категорияларының жұрнақтары жатады.
Көмекші морфеманың екінші түрі - көмекші сөздер. Көмекші сөздердің түрлері туралы жоғарыда айтылды. Бұл жерде көмекші сөздердің түрлері емес, көмекші сөздердің грамматикалық категориялары сөз болады.
Морфологияның барлық мәселелері сөз таптарымен байланысты болғандықтан, морфологиялық талдаудың негізгі нысаны да сөз таптары болады. Сөйлемдегі сөз таптарын анықтау үшін әр сөзді сөздерді таптастырудың үш ұстанымы бойынша тексеру қажет (семантикалық, грамматикалық, синтаксистік) [22].
Сөйлемдегі сөздің қай сөз табы екені анықталған соң, сөз құрамындағы морфемаларды талдау қажет. сөздің морфемдік құрамын білу сөздің грамматикалық табиғатын ашуға көмектеседі.
А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі. Морфология оқулығында: Морфемдік талдауда грамматикалық категориялар бойынша талдау ерекше орын алады. Мұнда сөздің қай грамматикалық категорияның тұлғасында қолданылғанын ажырату негізгі нысан болады. ол үшін алдымен сөздің лексикалық мағына беретін түбірін тауып алу маңызды. Содан кейін лексикалық мағынаның үстіне қосылған грамматикалық мағынаны ажыратып алуға көңіл бөлінеді. Әр грамматикалық категорияның өзіндік жалпы грамматикалық мағынасы болатыны белгілі. Ол сөздің қай категорияда қолданылғанын ажыратуға көмектеседі. Мәселен, тәуелдік категориясының жалпы грамматикалық мағынасы - меншіктілік. Тәуелдік категориясының тұлғасындағы сөзді меншіктілік мағынаның бар, жоқтығына қарай ажырату керек. Тәуелдік мағынасы бар екені анықталған соң, тәуелдіктің ішкі мағыналық құрамының қай түріне жататынына мән беріледі. Олар: жекеше, көпше, үш жақтың қайсысы [23, 24].
Бұл әр категорияға қатысты. Морфологиялық талдауды білмей, тілді білдім деуге болмайды - деп көрсетілген.
Тілімізде көмекші сөздер мына категорияларда қызмет етеді: септік категориясы, шырай категориясы, етістіктің болымдылық-болымсыздық, шақ, рай, модальдық, қимылдың өту сипаты категориялары. Бұлардың басым көпшіліктері бұрынғы ғылыми еңбектерде, оқулықтарда, атап айтқанда Қазақ тілі. Морфология. (А.Ысқақов) оқулығында берілген. Бірақ қамтылмағандары да бар. Мысалы, ғылымда соңғы кездері ғана зерттеліп, дәлелденген кейбір категориялардың мағынасын білдіретін, категория көрсеткіші саналатын көмекші сөздер анықталып отыр. Олар - септік категориясының аналитикалық формасын жасайтын көмекші есім және септеулік шылаулар[25].
Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А.Байтұрсынов еңбегінде морфология деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін сөз тұлғасы, сөз мағанасы [24, 25] деп береді. Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология этимология деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.
Көрнекті ғалым И.А. Бодуэн де Куртенэ орыс тіліне шет тілдердің тигізіп отырған әсерін арнайы сөз етіп, ол тілдерден ауысқан элементтер мейлі қарапайым, мейлі күрделі құрамды болсын ... жалпы орыс қауымы үшін оның бәрі бір ғана морфема болып есептеледі , - деп тұжырымдаған еді. Орыс тілінің түркі тілдеріне тигізіп келген әсерін осы тұжырым тұрғысынан тану түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де дәстүрге айналған.
Қазақ тілінің морфологиялық құрылымын зерттеуді өзіне міндет етіп алған профессор Қ. Жұбанов еді. Өкінішке орай, біз онымен тек 1966 жылдан соң ғана таныса алдық.
Автор терминдерді қазақ тіліне қабылдаудағы он бір принципін баяндау үстіне олардың морфологиялық тұлғалары, былайша айтқанда, тілге енудегі формалық ерекшеліктері жайлы бірнеше ғылыми пайымдау жасады. Ол ең алдымен, автордың сөзімен айтқанда, орыс тілі арқылы енген халықаралық сипатты терминдердің сөз таптарына тікелей байланыстылығына келіп саятын еді. Cөздің морфологилық құрылымы туралы мәселе грамматика теориясының өте-мөте маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Дүние жүзіндегі тілдерді морфологиялық немесе типологиялық классификация бойынша түбір тілдер, флективті тілдер, аглютинативті тілдер және инкорпоративті тілдер деп әр топқа бөліп топтастыру әр түрлі тілдердің құрылымының, әр басқа болу фактісіне негізделуден келіп туған. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын салыстыру тұрғысынан талдай отырып, тілдердің әр басқа тобына тән өзінше белгілер мен ортақ белгілерді айқындау олардың (тілдердің) салыстырмалы тмпологиялық классификациясын дәлдей және толықтыра түсуге көмектеседі. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфролгиялық типтерін айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте қажет.
Ы.Е. Мамановтың қазақ тіл біліміндегі морфология саласы бойынша орнықты пікірлері ғылымның қазіргі кездегі қол жеткен биігінен күні бүгінге дейін маңызын жоймағаны байқалады [26, 27].
Қазақ тілнің морфология саласы бойынша жекелеген мәселелеріне арналған Р.Сыздықова, С.Исаев, Т.Қордабаев, Ә.Құрышжанов, Н.Уәлиев т.б. ғалымдар еңбектерінде талданды.
Профессор Қ.Жұбанов морфологияны сөз құрылысы деп алып, сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз [28, 29] деп анықтама берсе, С. Аманжолов морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі деп, оның себебі - әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі [30] деген уәж айтады. К.Аханов сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім [31, 32] деген анықтама береді. 1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы (І бөлімінде) және Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы А.Ысқақовтың сөз және оның формалары туралы ілім [32, 33] деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.
Н. Оралбай тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым, Т. Сайрамбаев Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді, Б.Қасым морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім деген анықтама береді.
А.Салқынбай Сөз құрамы терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы деп жаңа балама ұсынады [34].
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов. 40-50-жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми-зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде кептеген көлемді еңбектер жарыққа шығады.
I.Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған Қазақ тілі грамматикасы мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған Қазақ тілі (1948) және жоғары оқу орындарына арналған Қазіргі қазақ тілі (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері, А.Ысқақовтың Қазақ тіліндегі үстеулер, Ғ.Мұсабаевтың Сын есімнің шырайлары, Ә.Хасеновтың Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, Р.Әміровтың Қазақ тіліндегі шылаулар, Ш. Сарыбаевтың Қазақ тіліндегі одағайлар т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш.Сарыбаевтың Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер (1960); Ж.Шакеновтың Қазақ тіліндегі сын есім категориясы (1961); Ә. Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер (1961); Ә.Төлеуовтың Қазақ тіліндегі есім категориясы (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА Ғылым баспасынан шыққан Қазақ тілінің грамматикасы болды.
Морфологияны оқытудың негізгі міндеттерінің бірі -- сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.

1.2 Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқытудың мәні мен оқыту әдістері

Мектеп бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады.
Қазақ тілі морфологиясының қарастыратын объектілері тілдің бірден-бір нақты, зерттелген әбден қалыптасқан актуалды мәселелері болып есептеледі. Сондықтан қазақ тілі морфология материалдарын оқытуда зерттелмеген екіұшты ұғым тудыратын категориялар ұшыраспайды.
Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр-сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі. Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстары әр сабақ үстінде үнемі ескеріліп, іске асырылып отырылатын негізгі өзек (стережень) болады. Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да, тиянақты меңгертілуі мұғалімнің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі заңдылығын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып, дұрыс оқытылады.
Морфология бөлімінің объектілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, нақтыланған, осыған орай, морфологияны оқыту мәселесі де әдістемелік жақтан қарастырылуы аз емес.
Тілді, оның ішінде оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу сауаттылықтарын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылады. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтыды:
а) оқуға үйреу;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық сауаттылықтарын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа - оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н. Богоявленский, Н.Ф. Жуйков, Н.С. Рождественский, Е.Г. Шашкованың және т.б бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу сауаттылықтарын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулер болғаны белгілі. 60-70-жылдары бастауыш сыныптарды қазақ тілін оқыту әдістемесін қарастырған әдіскер-ғалымдарда (М.Малақаев, Р.Әмірова, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаев, О.Байқуатова. т.б) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңтайлы әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төртжылдық қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы мынаны көрсетеді: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнының әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып немесе жазып бере алмайды [35].
Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы мынаны көрсетеді: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнының әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесін білдіретін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш сынып оқушылары жазу немесе сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
1. Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының батыры атағын берді. Дәптерге қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым. Дидардікі етігі қара.
2. Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үй емес, үйшік). Мысық айбаттады (айбаттанды немесе айбат шекті).
3. Оқытылған морфологиялық ұғымдарды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнайық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.
4. Сөз құрамы біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім (тасбақа). Қоспекенділер туралы кино көрдім (қосмекенді). Ердөстік батыр болған (Ертөстік). Анам шаң сорғыш алды (шаңсорғыш).
5. Оқушылар жалқы есім мен жалпы есімді бір-бірімен ажырата білмейді: Балалар суларға шомылады.
6. Оқушылардың сөздік қоры шағын. Білетін сөздерін өз орнына тауып қолдана алмайды, т.б.
Оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мұндай кемшіліктердің бірнеше себептері бар:
1. Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат - оның қарым-қатынастық мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, заттың атын білдіретін сөздерге, заттың сынын білдіретін сөздерге, т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
2. Бастауыш сыныптарда оқушыларға тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық бояуларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе Сөйлем, Сөйлем мүшелері тақырыптарын өткенде оқушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен ал,ан білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.
3. Күнтізбелік жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жатқан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздырту, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш сыныптарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
Бұл аталған басты-басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында қолданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:
1) Мұғалімнің сөзі.
2) Әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды).
3) Тілдік фактілерді талдау (грамматикалық талдау).
4) Жаттығулар орындату.
5) Көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер т.б).
6) Кітаппен жұмыс жүргізу.
7) Топсеруен (экскурсия).
Жоғарыда атап өткендей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматиалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ ұмытылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:
1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл әдісті проблемалық әдіс деп те атайды. Кез келген жаңа грамматикалық ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психофизиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығуларды немесе үлестірмелі қима қағаздарды (карточка) қызықты әрі түрліше етіп пйдалануға болады.
2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лигвистикалық көзқарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең басты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатына бағындырылуы қажет. Мәселен, балалардың күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде заттың сынын білдіретін сөзді сол заттың атын білдіретін сөздің алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс (Жәмилада қалам қызыл бар деп емес, Жәмилада қызыл қалам бардеп).
3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгерту. Мысалы, Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбан өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың немесе адамдардың аттарын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға келгенде шатасып қалады. Мысалы: уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттардың атын білдіріп тұр деп ойламайды. Немесе Не істеді? Неғылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын өткенде жатыр, отыр, сұрады, жанды деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұл сұрақтарды қоймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. Мысалы, Сөз таптарын оқып-үйрену барысында негізгі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып қою артық емес [36, 37].

Сызба 1

Заттың, жан жануарлардың, адамның саны
(сан есім)
Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың аты
(зат есім)
Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың сыны, белгісі
(сын есім)
Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылып, үш жақта жекеше, көпше, түрде айтылатын сөздер
(есімдіктер)
Заттың, құбылыстың, адамның, жан-жануардың қимылы
(етістік)
Қимылдың белгісі, сыны
(үстеу)

5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.
Жаңа тақырыпты меңгертудің бұл әдісі, біріншіден, оқушылардың өткен сабақтардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді. Тақырыптың сипатына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Шығармашылық ойлау дағдысы
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Грамматика және тіл дамыту
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер