Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Шағын қалалардың әлеуметтік.экономикалық дамуының артта қалу себептері және оларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Шағын қалалардың әлеуемттік.экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Шағын қалалардың әлеуметтік.экономкалық даму қажеттілігі және рөлі ... 10

2. Қостанай облысы Арқалық қаласының әлеуметтік.экономикалық
дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Арқалық қаласының экономикалық.қаржылық әлеуетінің
даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Арқалық қаласы бойынша инженерлік инфрақұрылымдарының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Арақалық қаласының әлеуметтік дамуы және экологиялық қауіпсіздік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3. Арқалық қаласының әлеуметтік.экономикалық даму приоритеті және міндеті мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.1. 2007.2009 жылдарға аймақтың экономикалық.әлеуметтік даму приоритеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
3.2. Арқалық қаласының 2007.2009 жылдарға арналған әлеуметтік.экономикалық дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.3. Арқалық қаласының әлеуметтік.экономикалық дамуының мемлекеттік, аймақтық, салалық бағдарламалары және олардың орындалуы ... ... ... ... ... ... ..54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
КIРIСПЕ

Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту ұғымы тек қана сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы.
Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттық-жағрафиялық параметрлердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері, қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары жетерлік.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы негізінде шағын қала халқының тұрақты дамуы тек халық үшін лайықты тұрмыс жағдайларын жасағанда, шағын қалалық жағдайларға бейімделген әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жүйе құрылғанда, антропогендік ықпал мен табиғи жер бедерін жоюға әрекет жасалғанда, мәдени құндылықтар қорғауға алынғанда, табиғи қорларды ауыл шаруашылығының, жергілікті өнеркәсіптердің, туризм мен адам тіршілігінің басқа салаларын қалпына келтіру мақсаттарына сай ұзақ мерзім бойына пайдалану қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін бола алады деген ой жатыр.
Демек бұл жұмыс шағын қалаларды жандандыру, қаладағы әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған.
Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.
Зерттеу объектiсi ретiнде Арқалық қаласы алынған.
Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты:
Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, тәуелсiздiк жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған Арқалық қаласының даму әлеуетi бар және жоқ жақтарын анықтау және осы қаланың болашақтағы даму бағытын жоспарлау болып табылады.
Ол үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
- Арқалық қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаланың барлық халық шаруашылық салалары кешенiн мемлекеттiк реттеу сферасындағы мемлекеттiк саясаттың белгiлi нақты қала негiзiнде жүзеге асырылуына көз жеткiзу;
- Арқалық қаласының аймақтағы артықшылық бағыттарын анықтау және дамыту;
- Қала халқының тiршiлiк етуi мен нарықтың қалыптасуы тұрғысынан даму әлуетi басым қалалық әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту мүмкiндiктерiн анықтау.
Жұмыстың теориялық бөлiмiнде зерттеудiң үлгiлеу, талдау тәсiлдерi қолданылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» ҚР Заңы, 1995ж. 30 тамыз (1998ж. 7 қазандағы өзгертулер және толықтырулармен).
2. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсарту» ел президентінің Қазақстан халқына жолдамасы. Астана, 1997.
3. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары (сәйкес жылға) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы
4. Закон РК от 12 июня 2002г. № 246-11. "О государственной адресной социальной помощи" // Казахстанская правда 2002г. 16 июня.
5. Әлеуметтік бағдарлама. // Ақиқат 2000 №11.
6. «Адам дамуы туралы есеп», Алматы, 2001ж.
7. Ауылға айрықша назар аударылады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 4 мамыр, 2002 ж.
8. Программа «АУЫЛ», г. Аркалык, 2003г.
9. Село – стратегический фактор процветания. //Экономика. 2004г. №7
10. 2004-2006 жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау. Арқалық қ., 2006ж.
11. 2010 жылға дейінгі мерзімге Арқалық қаласының экономикалық және әлеуметтік дамыту Бағдарламасы. Арқалық, 2004ж.
12. 2004-2010 жылдарға ауыл аумақтарының дамуына аймақтық Бағдарламасы. Арқалық, 2004ж.
13. 2007-2009 жылдарға аймақтың экономикалық дамуын қаматамасыз ету экономика саласындағы модеринизациялау.
14. Арғынбаев Ж. «Арқалықтың келешегіне деген сенім зор». //Егемен Қазақстан, 2005ж., №29.
15. Динамика реализации региональной программы развития сельских территорий г. Аркалыка. Аркалык, 2005
16. Информация о социально-экономическом развитии сельских территорий г. Аркалык. Аркалык, 2007г.
17. Материалы (исследования по оценке нужд сельских общин, общинные проекты) реализации программы «Охват общин» Каунтерпарт казахстан за 2001-2002 годы.
18. Пояснительная записка по выполнению региональной программы «Развития сельских территории» г. Аркалык Костанайской области за 2004 года.
19. «Статистическое обозрение Казахстана»., Агенство Республики Казахстан по статистике 1-2007.
20. Сравнительный анализ социально-экономического развития сельских территорий в 2005 и 2007 годах. Аркалык, 2007г.
21. Бердалиев К.Б. Испытанный механизм управления экономикой. // Международная конференция «Экономическое образование и наука в современных условиях». ІІ том. – Семей, 2002.
22. Қазақстандағы ауылдың дамуы: мәселелер мен келешек мүмкіндіктері. БҰҰ-на ЕСЕП. Астана, 2006.
23. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы: РГЖИ «Дауір», 1992.
24. Сундетулы Ж., Көмекбаева Ж. Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау. Алматы. «Ғылым», 2002.
25. «Статистическое обозрение Казахстана»., Агенство Республики Казахстан по статистике 1-2007.
26. Сравнительный анализ социально-экономического развития сельских территорий в 2005 и 2007 годах. Аркалык, 2007г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық
қ. мысалында)

050506 – Экономика

Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептері
және оларды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6

1.1 Шағын қалалардың әлеуемттік-экономикалық даму жағынан артта қалуының
экономикалық
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6

1.2 Шағын қалалардың әлеуметтік-экономкалық даму қажеттілігі және
рөлі ... 10

2. Қостанай облысы Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық
дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Арқалық қаласының экономикалық-қаржылық әлеуетінің
даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...13
2.2. Арқалық қаласы бойынша инженерлік инфрақұрылымдарының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3. Арақалық қаласының әлеуметтік дамуы және экологиялық қауіпсіздік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3. Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық даму приоритеті және міндеті
мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.1. 2007-2009 жылдарға аймақтың экономикалық-әлеуметтік даму
приоритеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...40
3.2. Арқалық қаласының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .50

3.3. Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік,
аймақтық, салалық бағдарламалары және олардың
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. 54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..63

Кiрiспе

Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту ұғымы тек қана
сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы
қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы.
Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан
бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттық-жағрафиялық
параметрлердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері,
қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен шағын қалалардың
әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары жетерлік.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы
негізінде шағын қала халқының тұрақты дамуы тек халық үшін лайықты тұрмыс
жағдайларын жасағанда, шағын қалалық жағдайларға бейімделген әлеуметтік-
экологиялық-экономикалық жүйе құрылғанда, антропогендік ықпал мен табиғи
жер бедерін жоюға әрекет жасалғанда, мәдени құндылықтар қорғауға алынғанда,
табиғи қорларды ауыл шаруашылығының, жергілікті өнеркәсіптердің, туризм мен
адам тіршілігінің басқа салаларын қалпына келтіру мақсаттарына сай ұзақ
мерзім бойына пайдалану қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін бола алады деген
ой жатыр.
Демек бұл жұмыс шағын қалаларды жандандыру, қаладағы әлеуметтік әрі
экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас үрдісінің құрам
бөлігі ретінде қарастырылған.
Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда
өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.
Зерттеу объектiсi ретiнде Арқалық қаласы алынған.
Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты:
Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес,
тәуелсiздiк жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған Арқалық қаласының
даму әлеуетi бар және жоқ жақтарын анықтау және осы қаланың болашақтағы
даму бағытын жоспарлау болып табылады.
Ол үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
- Арқалық қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаланың
барлық халық шаруашылық салалары кешенiн мемлекеттiк реттеу
сферасындағы мемлекеттiк саясаттың белгiлi нақты қала
негiзiнде жүзеге асырылуына көз жеткiзу;
- Арқалық қаласының аймақтағы артықшылық бағыттарын анықтау
және дамыту;
- Қала халқының тiршiлiк етуi мен нарықтың қалыптасуы
тұрғысынан даму әлуетi басым қалалық әлеуметтiк және
инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту мүмкiндiктерiн анықтау.
Жұмыстың теориялық бөлiмiнде зерттеудiң үлгiлеу, талдау тәсiлдерi
қолданылған.
Жалпы жұмысты жазу барысында экономикалық-статистикалық,
монографиялық, сондай-ақ салыстыру, эксперимент сияқты зерттеудiң
эмпирикалық әдiстерi мен құрылымдық талдау тәсiлдерi қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде Қазақстан
Республикасының шағын қалаларды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы, сондай-ақ, отандық және шетелдік оқулықтар,
мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық статистика агенттігінің
материалдары, сонымен қатар, зерттеу объектісі болып табылатын қалалық
әкімшілік басқармасы мен қаржы және экономикалық жоспарлау бөлімінің
мәліметтері және аймақтық бағдарлама бойынша жасалған жылдық есептер,
ағымдық баспасөз беттерінде, ғылыми-зерттеу конференцияларында жарияланған
мақалалар мен авторлық ғылыми-тәжірибелік жұмыстар пайдаланылды.
Жұмыстың құрылым логикасы келесі қағидаларға негізделген:
1. Шағын қалалардың экономикасын, әлеуметтік саланы немесе қоғамдағы
әкімшілік өзгерістерді шағын қалалардағы көкейкесті мәселелері тұрғысынан
талдау әлдебір өзгерістердің салдары мен ақырғы мақсаттарын неғұрлым
толығырақ бағалауды мүмкін етеді.
Осы қағидаға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
көрсеткіштеріне талдау берілген, шағын қалалардың жiктелу негiздерi
анықталып, оларды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қажеттiлiгi ашып
көрсетiлген.
2. Нарықтық өзгерістер тұсында жиналған әлеуметтік қателіктер елдегі
кезекті өзгерістердің дамуына кедергі жасап, қоғамның мойнына шексіз жүк
болып орналасты. Осы орайда қаладағы басқару жүйесі мен бірінші кезекте
мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі мәселе заңды түрде туындады.
Жұмыстың 2-тарауында Арқалық қаласының қалыптасуы мен орналасу
ерекшелiктерiне тоқтала отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуына шолу
жасалған. Бұл тарауда қаланың соңғы жылдардағы экономикалық өсімі мен
әлеуметтік саладағы құрылымдардың қазiргi жағдайы мен даму мүмкiндiктерi
қарастырылған. Арқалық қаласының жалпы ұйымдастыру – экономикалық
сипаттамасы, ондағы экономикалық үрдістер толығымен сипатталған.
3. Бүгін қала алдында тұрған мәселелердің шешімі экономикалық
әдістермен ғана табыла қоймасы анық. Әлеуметтік дамытудың ауқымды
бағдарламасымен қатар ғана экономикалық өсу адам тұрмысының сапасын
арттыруға үлес қоса алады. Оның үстіне жұмысымыздың 2-тарауында талданған
әлеуметтік жағдай тиімді демографиялық саясатты, адам капиталының дамуы
және кедейлікті төмендету үшін жағдай жасауды әрі қоғамдық капиталдың дамуы
немесе халықтың қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін дамытуды көздеген жөн.
Жұмыстың 3 – бөлiмiнде қаланың болашақтағы даму бағыттары анықталып,
әрі қарай дамыту бағыттары мен нақты салалар бойынша жүзеге асырылатын
шаралар мен жобалар қарастырылған.
Шағын қалаларды реформалау жөніндегі мемлекеттік саясат тиімді
нәтижелерге жету үшін азаматтардың қатысуы, тартылуы мен өздерін өздері
дамытуын қолдау үшін жағдай жасалуы қажет.
Бұл адамдарға өкілеттілікті беруді, олардың бейтарап қызметтері
барысында баламалар іздестіруге, шешімдер қабылдау мен оларды жүзеге асыру
жауапкершілігін мойнына алуға деген білім алуды, дағдылануды және ептілікке
үйренуді көздейді. Мұндай әлеуметтік қатысу механизмдерін енгізу мен
кеңінен тарату ауылдық қоғамды, ал онымен бірге әр қала тұрғынын да жаңа
сапалық деңгейде дамытады.

1. Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептері
және оларды басқару

1.1. Шағын қалалардың әлеуемттік-экономикалық даму жағынан артта қалуының
экономикалық себептері

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында біздің елде экономикалық өсудің жаңа
үлгісіне көшу, әлеуметтік - экономикалық қатынастарды трансформациялау,
қоғамдық жүйенің жаңа үлгісінің қалыптасуы, яғни жаңа индустралды
мәдениетке көшу қажеттілігі уақыт талабының сәйкестілігімен туындады,
бұндай көшу эволюциялық жолмен іске асырылуы қажет еді. Жаңа уақыттың
экономикасының басты мінездемесі болып оның гуманизімі табылады яғни,
оның бағыты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, халықтың табысының өсуі
мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту сондай-ақ осылардың ешқайсысы
орындалмайынша, ешқандай экономика ойдағыдай іске асырылмайтыны даусыз
екені айғақталды.

1992 жылдың басынан бастап еліміздің экономикасының байсалдықпен
баяу әлем шаруашылық жүйесіне енуі бір жағынан бұрынғы СССР елдерімен
экономикалық қарым–қатынастары нақты үзілді, ал екінші жағынан
республикамыздың экономикасы ашық және әлемдік нарық алдында қорғансыз
болып қалды. Экономикалық реформалар нәтижесінде ұтымсыз, қарапайым
нарықтық экономикаға ұқсамайтын, түбегейлі өзгертілген шаруашылық жүйе
пайда болды.
Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан
бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттық-жағрафиялық
параметрлердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері,
қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен шағын қалалардың
әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары жетерлік.
Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту ұғымы тек қана
сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы
қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы. Шағын қалаларды жандандыру,
қаладағы әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің
біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған. Шағын қалаларды
әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң
алдыңғы қатарында тұр.
Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, тәуелсiздiк
жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың даму әлеуетi
бар және жоқ жақтарын анықтау және осы қалалардың болашақтағы даму бағытын
жоспарлау қажет. Ол үшін төмендегілерді шешу керек:
- шағын қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаланың барлық
халық шаруашылық салалары кешенiн мемлекеттiк реттеу сферасындағы
мемлекеттiк саясаттың белгiлi нақты қала негiзiнде жүзеге асырылуына көз
жеткiзу;
- шағын қаланың аймақтағы артықшылық бағыттарын анықтау және дамыту;
- қала халқының тiршiлiк етуi мен нарықтың қалыптасуы тұрғысынан даму
әлуетi басым қалалық әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту
мүмкiндiктерiн анықтау.
Қазақстанның шағын қалаларында соңғы он жылда экономикалық
байланыстардың үзілу салдарынан және мемлекеттік қаржы бөлу көлемінің
қысқаруынан қолайсыз экономикалық жағдай туындады. Олардың өмір сүруін
қолдау ерекше өткір мәселе болып қалды. Экономиканың нақты секторының
қысқаруы жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен өмір сүру дәрежесінің төмендеуі
- бүгінгі таңдағы қалалық билік органдарының алдында тұрған мәселелердің
толық тізімі ғана емес еді.

Сурет 1 – Экономиканың нақты жүйесінің қысқару салдары

Мемлекеттің барлық көлемінде теріс әлеуметтік-экономикалық салдарына ие
болғандықтан және республиканың барлық қалаларында (облыс орталықтары мен
республикалық маңызды қалаларды есептемегенде) қатысты болғандықтан олардың
барлығы жылдам көңіл бөлуді талап етті. Мемлекеттегі экономикалық өсудің
қарқыны көп жағдайда қалалардың даму процесін басқару қабілеті мен
анықталады, оның ішінде жаңа салалардың құрылуын реттеуді.
Бұрынғы КСРО елдерімен экономикалық байланыстың үзілуімен олардың
көпшілігі дәстүрлі өткізу нарығын жоғалтты және шаруашылықтың жаңа
жағдайына бейімделе алмады. Нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы,
кейбір жағдайларда кейбір кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерін
тоқтатты. Негізгі тұтынушылар болып сол аймақтың экономикалық
субъектілері, республика және ең жақсы жағдайда таяу шет мемлекеттері
болды.
Осыған байланысты Қазақстанның шағын қалалары әлемдік шаруашылық
байланыстарынан тыс қалды, оларға жаһандану мен мамандандыру процестері
әсер етпеді. Ұлттық астана мен ірі қалалар жұмыс күші техникалық және
технологиялық білім, іскерлік және қаржылық қызметтер, транспорттық
инфрақұрылым мен коммуникация орталықтарына айналды. Бұл толығымен
негізделген экономикалық өсу болып табылады. Өйткені өнеркәсіптік
экспортерлер мен шетел инвестициялары үшін ұлттық астана елге келудің
және қазіргі кездегі қызметтерді алудың ең ыңғайлы орны болып
табылады.
Астанада экономикалық субъектілер мемлекеттік және реттеуші органдарға
жақын орналасу есебінен қосымша артықшылықтарға ие болды.
Индустриализациямен қатар өнеркәсіптің астаналық шағын қалаларға көше
бастауы толықтай заңды. Бүгінгі таңда бұл үрдісті тікелей және жанама
реттеу әдістері арқылы ынталандыру маңызды болып отыр.
Жоғарғы қалалық билік экономикалық өсуге де немесе оны тежеуге де
әсер ете алатындықтан, тиімді экономикалық саясатты әзірлеудің
маңызы зор болып отыр, жоғарғы қалалық биліктер өзінің даму бағдарламасын
жүзеге асыруға өкілетті және қабілетті болса, олар өзінің қала халқын
жаһандандыру экономикасына қосылуға көмегін тигізеді. Осыдан кейін барып
бұл қалалар жаһанданған өндіріс тізбегінің сенімді звенолары мен шетел
инвестициялары үшін тартымды органдар бола алады.
Осыдан барып мемлекеттің ауылдың жаппай қалаға көшуіне араласуының
маңызын қайта бағалау, ол үшін анықталған күрделі процеске жан-жақты
талдау мен мемлекеттік реттеудің тиімді құралдарын әзірлеу қажет.
Сондай-ақ оның көлемі мен қолдану аумағын анықтау маңызды, өйткені
кәсіпкерлік белсенділікті төмендетуге мүмкіндік бермеу қажет, оған тек
қажетті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етіп, нақты бағыт беру керек.
Нарықтық экономикалық басқару жүйесінің жоспарлы экономикалық басқару
жүйесінен айырмашылығы оның әкімшілік - бөлу әдісінің басымдылығында.
Басқару әдісі принциптерінің құрамына жалпы қабылданған принцип болып
басқарудың салалық жүйесі табылады. Шағын қалалардың әлеуметік және
экономикалық дамуы салалық шешімдер және материалдық ресурстардың
маңыздылығымен (яғни осы шешімдерге қолдану үшін бөлінетін)
анықталады.
Қазіргі жағдайда, егер мемлекет болмаса онда манаполиялық жеке
меншіктің басым бөлігі ұлттық табысты, ал егер ресурстардың таратылу
каналдары бойынша салалық жүйе болмаса, онда аймақтың
әлеуметтік–экономикалық даму өрісі, қазіргі басқару жүйесінде қаланың
орнын, қалалық көлемде басқару қызыметін, қаланың қаржы – экономикалық
базасының механизімінің әдістерін, қалалық көлемде басқаруды қамтамасыз
ететін қызметтерін анықтау қиыншылығы туындайды [2].
Шағын қалалардағы әлеуметтік–экономикалық басқару жағдайлардың
қиындай түсуі ол әкімшілік-бөлу жүйесінің қаланы және аймақтарды ауыр
жағдайда қалдырғандарынан, әлеуметтік жүйенің дамуы ең төменгі жағдайда
болды, аймақтық экономиканың әртүрлі элементтері арасында терең
сәйкессіздіктер және іші шаруашылықтардың қала маңындағы, облыстар және
жақын аймақтармен байланыстардың дамуы болмады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іс жүзінде тек
салалық мәселелерді шешу жиынтығымен ғана шектелді, ол жиынтығында аймақтың
әлеуметтік даму мақсатының дәрежесін автоматты қамтамасыз ету жағдайы
емес еді, ол тек олардың ресурстарын – еңбек, жер, инфрақұрылымның әртүрлі
элементтері, табиғат ресурстарын ғана рационалды пайдалану болды.
Бір жағынан қазіргі жағдайда қалаларды басқару мәселелерінің теориялық
әдіс-тәсілдері мүлдем қанағаттанарлықсыз.
Расында да соңғы уақыттарға дейін облыста қалалық мәселелерді зерттеу,
қалалық дамудың жеке аспектілерімен, яғни қала құрылысы, экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық, басқарушылық және тағы басқа өзгешеліктерімен
бөлектенген және шектелген. Облыс және қаланы негізгі және негізгі емес
аймақтық басқару топтары ретінде салыстыру дұрыс емес, яғни біріншіден
облыс және қалалар өндіріс процесінде әртүрлі функцияларды орындайды,
екіншіден жалпы тенденция, барлық ТМД елдеріне тән нәрсе, ол қаланың
экономикалық дербестігін кеңейту және дамыту, үшіншіден халықтың басым
көпшілігі қалада өмір сүруде, мысалға, Қазақстанда бұл барлық халықтың
56%-ын құрайды [2].
Сондықтан шағын қалалардың әлеуметтік–экономикалық даму жүйесін
басқаруды іске асыру маңыздылығын түсінбеу онсызда өте қиын
әлеуметтік–экономикалық жағдайды одан әрі тығырыққа тірейді.
Сондықтанда қазіргі таңда нарықтық экономика заңдарының негізінде
басқару функцияларын тарту үшін қажетті материалдық–қаржылық базаны
қамтамасыз етуге негізделген шағын қалалардың әлеуметтік–экономикалық
дамуын басқару мехенизімінің бағдарламасын құрастыру қажет.
Шағын қалалардың әлеуметтік–экономикалық дамуын сәтті функциялау үшін
оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін оның ішінде мақсатты
бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды
және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет.
Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылығы жағдайында ұлттық
экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.
Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін
арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы
заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы
зор.
Сонымен қатар қалаға инвестициялық жобаларды көптеп тарту керек. Мысалға
айта кетсек Арқалық қаласының атырабында – қорғасын, мырыш, алтын, жез,
мрамор, көмір, бояу, минералдық сулар бар. Осынау қазба байлықтардың түбі
елімізге керек болатынына, ел игілігіне жаратылатынына кімде кім сенімді.
Әрине, қазба байлықтардың игерілуі үшін, ең алдымен қаланың өзін
көркейту, әлеуметтік–экономикалық дамуын жақсарту, оның ішкі құрылымын
жандандыру қажет.

1.2. Шағын қалалардың әлеуметтік-экономкалық даму қажеттілігі және рөлі

Шағын қалалардағы әлеуметтік–экономикалық басқару жағдайлардың
қиындай түсуі ол әкімшілік - бөлу жүйесінің қаланы және аймақтарды ауыр
жағдайда қалдырғандарынан, әлеуметтік жүйенің дамуы ең төменгі жағдайда
болды, аймақтық экономиканың әртүрлі элементтері арасында терең
сәйкессіздіктер және іші шаруашылықтардың қала маңындағы, облыстар және
жақын аймақтармен байланыстардың дамуы болмады.
Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспары іс
жүзінде тек салалық мәселелерді шешу жиынтығымен ғана шектелді, ол
жиынтығында аймақтың әлеуметтік даму мақсатының дәрежесін автоматты
қамтамасыз ету жағдайы емес еді, ол тек олардың ресурстарын – еңбек, жер,
инфрақұрылымның әртүрлі элементтері, табиғат ресурстарын ғана рационалды
пайдалану болды.
Бір жағынан қазіргі жағдайда қалаларды басқару мәселелерінің теориялық
әдіс- тәсілдері мүлдем қанағаттанарлықсыз.
Шынында да келісуге болады яғни соңғы уақыттарға дейін облыста қалалық
мәселелерді зеріттеу қалалық дамудың жеке аспектілерінің: қалақұрылысы,
экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, басқарушылық және т.б
өзгешеліктерімен бөлектенген және шектелген.
Облыс және қаланы негізгі және негізгі емес аймақтық басқару
топтары ретінде салыстыру түбірінде дұрыс емес деп танылады, яғни бірінші-
ден облыс және қалалар өндіріс процесінде әртүрлі функцияларды
орындайды, екінші – ден жалпы тенденция, барлық ТМД елдеріне тән,
қаланың экономикалық дербестігін кеңейту және дамыту, үшінші – ден
халықтың басым көпшілігі қалада өмір сүруде, мысалға,
Қазақстанда бұл барлық халықтың 56 % құрайды, ал Арқалық қаласы
бойынша қала халқының саны 2006 жылғы көрсеткіштер бойынша 61,5 % құрайды
(2-сурет).
Сондықтан қаланың әлеуметтік - экономикалық даму жүйесін басқаруды
іске асыру маңыздылығын түсінбеу онсызда өте қиын әлеуметтік –
экономикалық жағдайды одан әрі тығырыққа тірейді.

Сурет 2 – Қала және ауыл халқының үлесі

Сондықтанда қазіргі таңда нарықтық экономика заңдарының негізінде
және басқару функцияларын тарту үшін қажетті материалды – қаржылық базасын
қамтамасыз етуге негізделген шағын қалалардың әлеуметтік – экономикалық
дамуын басқару мехенизімінің бағдарламасын құрастыру қажет.
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сәтті функциялау
үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін оның
ішінде мақсатты бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша
талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды
қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген
тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші
кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.
Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс
тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды
жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру
сияқты факторлардың маңызы зор.
Сонымен қатар қалаға инвестициялық жобаларды көптеп тарту керек.
Мысалға айта кетсек Арқалық қаласының атырабында – қорғасын, мырыш,
алтын, жез, мрамор, көмір, бояу, минералдық сулар бар. Осынау қазба
байлықтардың түбі елімізге керек болатынына, ел игілігіне
жаратылатынына кімде кім сенімді.
Әрине, қазба байлықтардың игерілуі үшін, ең алдымен қаланың
өзін көркейту, әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, оның ішкі
құрылымын жандандыру қажет. Өскен, өркен жайған жерге ғана ел
қоныстанады. Яғни 2005 жылы қалаға 2775 адам көшіп келсе, 1303 адам
кеткен ал, 2006 жылы 955 адам көшіп келсе, 1964 адам кеткен.

Сурет 3 – Арқалық қаласы бойынша көші-қон сызбасы

Бұл дегеніміз Арқалық қаласының әлеуметтік – экономикалық даму
жағдайының әлі де болса қанағаттанарлықсыздығын көрсетеді. Қаланың 2005-
2010 жылдарға арналған бағдарламасының көп тармақтары сырттан
келер инвестицияларға бағындырылған. Торғай өңірінің жері негізінен
ауыл шаруашылығына өте қолайлы, себебі кезінде бүкіл Кеңес үкіметін ет,
жүн және тері өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын.

2. Қостанай облысы Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

2.1. Арқалық қаласының экономикалық-қаржылық әлеуетінің даму жағдайы

Арқалық қаласы 1956 жылдан бастап жұмысшы кенті болып, ал 1965 жылдан
қала болып құрыла бастады. Арқалық қаласы экономикасы құлдыраған шағын
қалалардың тізіміне кіреді және облыстық дәрежедегі қала болып табылады.
Қаланың әкімшілік-аймақтық құрамына 14 ауылдық және 4 ауылдық округ кіреді.
Арқалық қаласының жер көлемі 1558 мың гектар. Қала Қостанай қаласынан
550 шақырым, ал Астана қаласынан 670 шақырым жерде орналасқан, олармен
темір жол және автомобиль жолдарымен байланысқан. Халықтың бір шаршы
километрге шаққандағы тығыздығы 2,7 адамнан келеді. 1999 жылғы халық
санағының нәтижесі бойынша қала халқының саны 61,3 мың адамда құрайды. 2008
жылдың 1 желтоқсанындағы статистикалық мәлімет бойынша қала халқының саны
41155 адам.
Өнеркәсіп экономикасының секторы Арқалақ қаласының әлеуметтік-
экономикалық жүйесінің анықтаушы ролін құрайды.
Қала бойынша өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем көрсеткіштері 2004
жылы – 98 , 2005 жылы – 101,9 құрады.
Қала бойынша өнеркәсіп өнімінің шығарылу көлемі 2004 жылдың деңгейіне
қарағанда, 2005 жылға 4097,9 немесе 113,7 пайызды құрайды.
18 кәсіпорынға қаланың өнекәсібі ұсынылды, соның ішінде сала бойынша:
1. 1 кәсіпорын - Кен өндіру өнекәсібі Торғай боксит кені жетекші
кәсіпорын. Жұмысшылар саны 1654 адам.
2.Өңдеу өнеркәсібінде 13 кәсіпорын. Оның 5 кәсіпорын – ауылшаруашылық
өнімін өндірумен айналысады, олар: Арқалық қаласының сүт зауыты АҚ,
Торғай элеваторы АҚ, Арқалық ауылшаруашылық тәжірибелі станциясы РГП,
Қарқын ЖШС, Аліби-Сенім ЖШС;
1 кәсіпорын - бланк жасап шығарады (ПО Полиграфия); қалған 7
кәсіпорын басқа да өңдеу қызметтерімен айналысады.
3. Су, газ және электроэнергия саласы мынадай 4 кәсіпорынның үлесінде
АЖЭК МКК, Қостанайюжэлектросервис МКК, Алау газ ЖШС, Арқалық
өлкесіндегі Ақмола басқармасының Атбасар филиалы газ шаруашылығы.

Кесте 1 – Арқалық қаласы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі

№ Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2004 ж 2005 ж
1 Сауда азық-түлігінің іске млн. тенге 3354,9 4097,9
асырылу бағасының көлемі
2 Азық-түлік өндірісінің таза
түрі
боксит мың. тонна 683,0 687,2
балшық мың. тонна 265,0 263,0
су мың.куб.м. 4979,2 5108,3
жылу энергиясы мың. Гкал 145,0 157,2
тоқ энергиясы сағатына млн. кВт 23,6 23,5
темір бетон бұйымдары м. куб 106 710,5

Кен өндіру өнеркәсібінің дамуы қаланың сауда балансында экспортты
бағдарда негізгі сала ретінде жетекші рол атқарады. Қаланың экономикалық
жағдайы мен аймақтың өнімінің маңызды даму бөлігін кен өндіру өнеркәсібін
қамтиды.
Арқалық қаласында үлгілі мекемелер ретінде жетекші орында Қазақстан
Алюминий АҚ филиалы, Торғай боксит кеніш басқармасы – отқа төзімді
балшық және боксит өндіретін ірі кәсіпорындар, осыдан келіп қаланың жыл
сайын экономикалық, өндірістік жағдайын тұрақтау бағдарламасын қамтып
Арқалық қаласының бюджетіне уақтылы салық түсімдерін толықтырады.
Отқа төзімді балшық және боксит кен орындарын Амангельді қауымы ашық
тәсілмен өңдеуі кәсіорынның жұмысын тұжырымдайды.
1964 жылдан бастап Торғай кеніш орны жұмысын бастап, отқа төзімді
балшық кеніш орнының қоры 40 пайызға, қазіргі уақытта 85 пайызға астам
боксит кеніш орнының қорлары табылып отыр. Кәсіпорынның 2005 жылы өндіріс
көлемі 2954 млн. тенге, немесе 568 млн. тенге, 24 пайызға көп, 2004
жылға қарағанда. Боксит өдірісінің көлемі 2004 жылы 683 мың. тоннадан
2005 жылы 687 мың тоннаға дейін көбейді, ал балшық көлемі 263 мың тоннаға
дейін (1 пайызға) азайды. Кәсіпорынның жұмысшылар саны 1654 адам, еңбек
ақыларының орташа айының мөлшері - 39207 тенгені құрайды.
Кәсіпорын отқа төзімді саз балшықты Рессейдегі Орал металлургия
заутына, ГБ маркалі бокситті Павлодардағы алюминий заутына жеткізеді.
Қаланың өңдеуші өнеркәсіп орны болып негізінен азық-түлік өндіруші
кәсіп орыны болып саналады. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорнының өндіру
үлесінің көлемі жалпы өндірістің 5,8 пайызын құрайды. Жұмысшылар саны, осы
оңдеу саласында 521 адам жұмыс атқарады.
Қаланың экономикалық өсу деңгейінің ең негізгі факторы болып тиімді
өндіріс қызметі саналады.
Боксит қорының және бұршақөндіру кәсіпорнының өндіріс көлемінің
азайуына байланысты қаланың индустриялық инновациялық саясаттың
басымдылығы балама кәсіпорындар құру саналады.
Жаңа өндірісті жасауға, бар мүмкіндікті іске асырып негізі екпін
жасалды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында 2010 жылға
экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаға енгізілді, өндіріс
өнімдерін өсу көлемін ұлгайту және салық түсімдерді жаңа жұмыс орындарды,
инвестицияға тарту жұмыстарымен уйлесім табады.
Өнеркәсіптің өндіріс көлемін ұлгайту үшін мына жобалар ұсынылады:
- Жулдызай-КФ ЖШСі Ұсақталған тас өндіру - инвестициялық жоба.
2006 жылдың 1 сәуіріне дейін Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ -нан
бірінші траншпен алынған 19,4 млн. тенгені Жулдызай – КФ ЖШС Арқалық
филиалы игеріп алды.
Жабдықты құрастыруды жалғастырып және өндіріске қажетті техниканы
сатып алуда.
2006 жылдың мамыр айында кәсіпорын өндіріс жұмысын бастауды
жоспарлауда. 1 сәуірде – жұмысшылар саны – 8 адам. Сәуір айында жұмысшылар
санын 25 адамға дейін көбейтуді жоспарлайды. Қостанай-жолдары ЖШС және К-
Дорстрой АҚ ұсақталған таспен қамтамасыз етіп тұруға келісім шарт жасады.
Фирманың жоспары бойынша құрылыс материалдарын жасап шығаратын мынадай
зауыттар салынбақ:
- Тоғай LTD ЖШС – Асфальтбетон зауытын іске қосу - инвестициялық
жоба.
- Алюминстрой ЖШС – Жабатын темірбетон плитасын жасап шығару.
Алюминстрой ЖШС кәсіпорны 2005 жылдың маусым айында жабатын
плитаны жасап шығару жолын бастап кетті.
- 3500 мың тенге тұратын – кеспе дайындап шығаратын қондырғысы сатып
алынды.
- 700 мың. теңге тұратын құдық сақиналарын жасайтын опалубка, 250
мың. тенге тұратын подвал жарларын жасайтын блоктар, 1800 мың тенге
тұратын жабатын плиталар сатып алынды. ЖБИ зауытының жұмысшылар саны 61
адам. Темірбетон шығаратын технологиялық процесс, қысқы-күзгі мерзімде
будың жоқтығына байланысты тоқтатылады. 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы
темірбетон шығару көлемі 7 есеге көбейді, 710,5 куб метрді құрайды.
Кәсіпорын бір қалыпты жұмыс атқаруда.
- Арқалық сүтзауыты ЖШС – ивестициялық жобасы.
- Арқалық нан зауыты ЖШС – инвестициялық жобасы. Тәтті тағам
бұйымдарды және нанды пісіріп таратуды, ұн тартуды ұйымдастыру. Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ – нан 3500 мың тенге көлемінде кәсіпорынға
несие бөлінді. Тәтті тағам бұйымдарын өндіру цехін жөндеу және
диірменнің құрылысын орнату жұмысын жүргізуде. Кәсіпорын Макарон, тәтті
тағам бұйымдарды, ұннан пісірілген тағам , ұн, егіс даласы деген
до5арыл5ан цикл бойынша зауытта жұмыс бастауды жоспарлайды. Жобаның бағасы
22,4 млн. тенге.
- Золотая лоза ЖШС – Жеміс жидек және ерекше шарабын,
алкогольды сусын өндіру инвестициялық жабасын жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытты кәсіпорын Торғай LTD ЖШС оны өзіне аударып
алды. Кәсіпорын шарап құю жүйесін жұмысқа қосуда.
Өндіріс технологиясын игеру, жаңа технологияны енгізү, инновациялық
процессті активтендіру бағытында қаланың ғылыми–технологиялық саясаты бар.
Торғай боксит кеніш басқармасы Қазақстан Алюминий АҚ кәсіпорнында
технологиялық процессті жетілдіру өндірісін жасау, өңдеу жұмысы дамуда.
2005 жылы Шағын кәсіакерлікті дамыту қоры АҚ-нан несие қаражаты
берілді:
• бірінші транш бойынша 19,44 млн. тенге тұратын жобаны жүзеге
асырылу барысында Жұлдызай КФ ЖШС ұсақ тастарды өндірудеі;
• Арқалық нан зауыты ЖШС 3,5 млн. тенгенің Тәтті тағам бұйымдарын
және нанды пісіріп іске асырады, ұн тартуды ұйымдастырады жөніндегі
жобаны жүзеге асырады.
Агрокәсіптік комплекстің бәсекелестік басымдылығының дамуы.
Ішкі және сыртқы саланы талдау барысында қаланың даму приоритетері
анықталған. Оның біріншісі – “Ауыл шаруашылығының дамуы”, оның ішінде
“Агрокәсіпкерлік комплекстің дамуы”.
Ауыл шаруашылық шикізаттың өңделуі жөнінде қала ішінде 17 цех жұмыс
істейді, оның ішінде наубайханалар – 11. 2005 жылы кәсіпорындар бойынша
1856,6 тонна ұн, 885,7 тонна нан мен макарон өнімдер өндірілген.
Технологиялық және техникалық жаңарту. Өнімнің өңдірістік өсуінің
негізгі ықпалы - агрокәсіптік кешеннің кәсіпорынның техникалық және
технологиялық жабдықтаудың деңгейі төмен. Қазырғы уақытта қалада 656 турлі
маркалы тракторлар бар, оның ішінде 511 жұмыс істейді, 567 комбайн, оның
ішінде 363 жұмыс істейді, ауыр жүк таситын – 262 түрлі маркалары бар, 340
трактор прицептері, 19 автотаразысы бар. Трактор және комбайн паркінің
жұмыс жасап отырғанына – 13-16 жыл мерзімді көрсетсе, нормативтік іске
асырылу мерзімі 8-10 жыл ғана. Техниканың дайындық техникалық коэффициенті
0,6-0,7асырылмауы қажет, бір техникаға норматив бойынша 1,3-1,5 есеге ғана
болу керек, машина-тракторлық парк 87 пайызға тозды.
Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымның дамуын қарастырсақ,
ыуылшаруашылық өңдірісі алынған ресурстарды мақсатты пайдалануға мезгілді
несие мұқтаж, өйкені тұқым, жанар май жабдықтары, тыңайтқыш, қосылқы
бөлшектер сатып алынады. Жыл сайын егінді салып және жинау уақытында несие
ресурстардың жалпы қажеттілігі 50-60 млн. теңге шамасында. Егін салып және
жинап алу үшін 2005 жылы “Продкорпорация” АҚ-нан ауылшаруашылық өндірісіне
54,8 млн. теңгеге несие алынды.
Кәсіпкерлік қызметін дамуыту үшін және ауыл тұрғындардың табыс
деңгейін көтеру үшін аул тұрғындарына “Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау
қоры” АҚ-нан 4,03 млн. теңге несие алынды.
Мемлекетті инвестициялар инфраструктура саласының өндіріс дамуына
бағытталған, қаланың индустриялды инновациялық даму негізін құрайды.
Қаладағы кәсіпорындар барлық экономика салаларының дамуы ивестицияларды
тарту негізінде болып отыр.
Үш жыл ішінде, 2003-2005 жылдар аралығында негізгі капитал мен
инвестицияның өсу тенденциясы байқалып отыр. 2004 жылы инвестиция көлемі
негізі капиталдан 823,8 млн. тенгені құраса, 2005 жылы инвестицияға негзгі
капиталдан 1331,4 млн. тенге түсіп отыр. Арқалық қаласы бойынша 2007-2009
жылдар аралығында инвестиция көлемі негізі капиталға 4670,8 млн. тенге
жоспарланып отыр, оның ішінде республикалық бюджетен 1982,3 млн тенге,
жергілікті бюджеттен 172,3 млн. тенге, кәсіпорындар, мекемелер каражатынан,
халықтан 2516,2 млн. тенге түсіп отыр.
Арқалық қаласының қаржы бөлімі мемлекетті мекемесі қазіргі уақытта
ұзақ уақыт жұмысыз тұрған Нұрсұлтан, Ауыл, Шарықтау, Батыр,
Родник, Ақ-мешіт мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды тарату
жұмыстарын жүргізуде.
2005 жылы Қостанай облысы бойынша әділет басқармасының заңды тұлға
реестіріне Арқалық қаласы әкімінің қарамағындағы күрделі құрылыс бөлімі
МКК шығарылды, 2006 жылдың 29 мамырынан № 168 бұйрық.
2005 жылдың қортындысы бойынша 5 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар
өз жұмыстарын ақтамады. Олар АЖЭК ЖШС, Іскер ЖШС, Арқалық қаласыны
радио және теледидарЖШС, Арқалық-Хабары ЖШС, Бастау ЖШС.
Өз-өздерін ақтамаушылықтың себептері:
• Іскер МКК – 2005 жылды жоспарында қаралмаған, жұмыстардың орындалуы.
• АЖЭК ЖШС - төленетін тариф кәсіпорын шығындарын жапайды
• Арқалық қаласыны радио және теледидары ЖШС,- запас бөлшектер алуға
жоспарланбаған шығындар және негізгі құралдарының аммортизациясына
жоспарланбаай жұмсалған қаражат.
• Арқалық-Хабары ЖШС – газетті түрлі-түсту қылып шығарылуы.
• БастауЖШС - осімдік өсіру саласының іске асырылған шаруашылығынан
зиян кешті.
2006 жылдың 1 қантарына қарасты қала бойынша 2029 шағын кәсіпкерлік
субъектілері тіркелген, шағын кәсіпкерліктің тіркелгеннің арасында жұмыс
жүргізіліп жатқаны 1443 немесе 71,1 пайыз. Жұмыстары жүріп жатқан шағын
кәсіпкерліктің арасында, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан 92,9 пайыз
(1341), заңды тұлға ретінде 7,1 пайыз (102), 71,3 пайызды құрайтын шағын
кәсіпкерлік қызмет ішінде, сауда жарастырушылық қызметі көпшілік түрі болып
саналады.
Ауыл шаруашылығымен 32,2 пайыз, өнеркәсіппен 38 пайыз, құрылыспен 1,9
пайыз, әр түрлі кәсіппен 56,1 пайыз айналасады. 2005 жылы шағын кәсіпкерлік
субъектілерден түскен түсім көлемі 244,56 мың теңгені құрады.
2005 жылы “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ қаржысынан “Ұннан
пісірілген тағам” жобасына 1,7 мың теңге несие бөлінді.
2005 жылы “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Арқалық қаласындағы
филиалынан шағын кәсіпкер субъектілерінің 10 жобасына 45,9 млн. теңге
бөлінді.
Мемлекет өз міндетін орындау үшін мемлекеттік бюджеттін табысын
қамтамасыз ету - салық қызметтердің негізгі мақсаты.
2005 жылы қала бойынша 1087,3 млн. теңге төлемдер жиналды, 2004 жылдың
деңгейіне 115,8 пайыз болаған. Оқиғаны талдау барысында, қалалық
бюджетінің кіріс түсімдерінің көбейгенін көрсетті. 2004 жылы түсімдер
жинағы 558,9 млн. теңге, ал 2005 жылы – 621,2 млн. теңге болды.
Контингент бойынша төлем жоспары 2005 жылы 108 пайызға, ал қалалық
бюджеті – 103 пайызға орындалған.
Салық комитетінің қаланың банкротқа ұшырап жұмыссыз тұрған
кәсіпорындар және жұмыс жасап, және жұмыссыз тұраған мекемелерде өтізген
жұмыс қортындысы бойынша төлемдердің уақытында төленбегеннің алымы 25,3
млн. теңгеге төмендеді. 2006 жылдың 1 қантарға текті 85,4 млн. теңге қрады.
2005 жылы алынбаған төлемдердің талдау көрсеткіші, жеке тұлғаның және
жеке кәсіпкерлердің уақытында төленбеген алымы 7,5 млн. теңгеге төмендеді
(26,8 млн. теңгеден 19,3 млн. теңгеге дейін), жұмыс істейтін кәсіпорындар
бойынша 21,2 млн. теңгеге көбейді (10,0 млн теңге ден 32,1 млн теңгеге
дейін).
Қала бюджетінің кірісі 1712 млн теңгені құрады, соның ішінде:
• салық төлемдері 601,9 млн теңге;
• салықтық түсім емес 6,4 млн теңге
• негізгі каитал сатылуынан түскен кіріс 12,9 млн теңге;
• ресми трансферт түсімдері 1090,8 млн теңге;
2005 жылғы қала бюджетінің шығын бөлігі 1534,3 млн теңгені құрады,
соның ішінде:
• мемлекеттік қызметің жалпы өзгешілігінен 327,0 млн теңге;
• қорғаныс 4,1 млн теңге;
• қоғамдық тәртіп және қауыпсіздік 0,6 млн теңге
• білім 599,4 млн теңге
• әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру 133,8 млн теңге;
• тұрғын үй коммуналдық шаруашылық 283,4 млн теңге
• мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 33,8 млн теңге;
• ауылдық, су, ормандық балық шаруашылығы, жер қатынастары 7,3 млн
теңге
• көлік және баланыс 10,2 млн теңге
• басқалар 134,5 млн теңге;
• мақсатты трансферт қайтарылуы 0,1 млн теңге.
Қозғалмайтын мүлік Орталығы филиалында қозғалмайтын мүлік есебінде
келесі козғалмайтын мүліктер тіркелген:
1. Тұрғын үй қорынан – 3157 квартир и 16 жатақхана, сонымен қатар
23 пәтер офис, дүкен құрылымына қайта құрылған. Соның арасынан
коммуналдық меншікке түскен:
- пәтер – 367;
- жатақхана – 3;
- офис құрылымына өңделген, пәтерлер – 5.
2. 54 ғимрат- адам тұрмайтын объектілер, соның ішінде шағын бизнесті
қолдау мақсатында 7 ғимрат шағын бизнес объетілеріне өтеусіз берілген, 3-і
сенім басқармасына берілген, 5-і сенім басқармасына беруге тисті құжаттар
дайындауда, 3-і коммуналдық меншігіне берілу үшін сотқа берілді.
2004 жылы қала әкімі мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және
шағын бизнес субъектілеріне жалға берілген мемлекеттік коммуналдық
мүліктерімен 95 келісім шарт жасалды.
Жалға берілген бөлмелердің көлемі 8926,0 квадрат метрді құрады. 2005
жылы Қостанай облысы бойынша қозғалмайтын мүлік орталығы РМК Арқалық
филиалында 8256 тіркелмеген қозғалмайтын мүлік объектілері анықталды,
соның ішінде: тұрғын үй – 7504, адам тұрмайтын – 752.
Тіркелген қозғалматын мүлік құқығы 4589. 2005 жылы 26 иесіз объектілер
сот арқылы коммуналдық меншікке берілді, оның ішінде сенім басқармасына 7
объекті берілді. 2005 жылы қала әкімімен мемлекеттік коммуналдық мүлікті
жалға алуға 139 келісім шарт жасалынды. 2005 жылы қала бюджетіне
коммуналдық меншік объектілерінен жалға төленген ақылардан 1908,15 мың
теңге түсті.
2006 жылдың 1 тоқсанында коммуналдық меншікке сот арқылы 3 объект
берілді, 4 объект сенім басқармасына берілді. 2006 жылды 1 тоқсанында 11
коммуналдық меншік объектілері сатылуға қойылды. 4 коммуналдық меншік
объектілері өтеусіз меншікке берілді. 2006 жылды 1 сәуіріне текті
мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруге 55 келісім шарт жасалынды.
Арқалық қаласында Қазақстан Халық Жинақ Банк АҚ Арқалық аудандық
филиалы бар, келесі қызметерді көрсетумен айналысады: депозит қабылдау,
жеке тұлғаларға тұтылу несиесін беру, ел және қала аралық жедел ақша
аудару, валюта ауыстыру, пластик карточкаларын дайындау және соған еңбек
ақыны жіберу, заңды тұлғаларға қызмет көрсету, коммуналдық және салықтық
төлем қабылдау.
2003 жылға дейін қалада кәсіпкерлерге несие беретін бір ғана банк
болған – Банк Тұран Әлем ААҚ Торғай филиалы. Банк Тұран Әлем ААҚ
Торғай есеп кассасы Қостанай филиалы болып ауысқан соң бас банк несие
ресурсын бөлуді тоқтатты.
2005 жылы Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өкілдігі және
Арқалық несие үйі ЖШС шағын несие мекемесі ашылды.
2005 жылы шағын қалалар бағдарламасымен 10,3 млн теңгеге 6 жобаға
рұқсат берілді, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өз қаражатынан 58,7
мың теңгеге 4 жобаны қаржыландырды. 2006 жылдың 1 қаңтарына тиісті Арқалық
несие үйі ШНМ ЖШС 89 несие алушыларға шағын несие берілді: айналым
қаржысын толтыруға – 40, тұтыну қажетіне – 49, жалпы сомаға 20,8 млн
теңге.
Арқалық қаласында табиғи монополдық субъектіге жататындар:
• Арқалық ЖЭК МКК. Кәсіпорын 2000 жылы Арқалық ЖЭО МКК және Қала
су каналы ҚБК, АЖЭК МКК базасында құрылып қаланы, жылумен, ауыз
сумен, ыстық және техникалық сумен, су ағымдарымен және электроэнергия
өңдеумен айналысады.
Кәсіпорын іс шаралар түрлерін іске асыруына байланысты табиғи
монополдық субъекті регистрнің Мемлекеттік жергілікті бөліміне енгізілді,
өндірісін- табиғи монополды саласына жіберілген, жылу энергиясын тартуымен,
су шаруашылығымен канализация жүйесінің қызметін көрсеткен. Кәспорын
табиғи монополдық салаға жатпайтын басқада өндіріс өнімін іске асырды:
электроэнергияны және жылу жүйесінен су заборы арқылы жылы су жіберілуде.
• 2006 жылдың 13 мамырынан Өңтүстік электр жүйесі ААҚ да банкрот
процессі басталып 2006 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады.
Қостанай облысы әкіміні шешімімен электроэнергияны бөлшектеп таратумен
айналысатын Қостанайюжэлектросервис МКК құрылды, электроэнергияны
тұтылуға және жүйеге диспетчер арқылы жіберілген.
• Қазақтелеком АҚ Қостанай облысының дирекция филиалы – телефон
байланыс қызметін көрсету үшін.
• Қаз пошта АҚ – жалпы жеткілікті қызмет байланысын көрсету
үшін.
Нарық қызметінде басым орын алатын келесі кәсіпорындар:
• Іскер МКК - жекеменшік пәтер коперативтеріні өз бетінше
тарағанына сәйкес 2000 жылы құрылған кәсіпорын. Қала тұрғын үй қорын
іске қосылуын жүзеге асыратын кәсіпорын.
• Тазарту МКК, 2000 жылы құрылды. Тұрғындарға қаланың және
қала маңындағы территориялар тазалығын сақтау және көгалдандыру, кезбе
иттерді аулау, тұрмыс қатты полигон қалдықтарын және канализация ағын
суларын, қала алаңдарын және көшені механикамен жинау, құрылыс, сұйық,
тұрмыс және басқа қалдықтарды шығару қызметін іске асыратын кәсіпорны болып
саналады.
Бәсекелестікті дамытуға жағдай құру мақсатында келесі жұмыстар
жүргізілуде:
1. Қызметтерді және тауар тұтұнушылар мен өндірішілер арасындағы
өндірісі нашар делдалдардың санын азайту үшін:
• Бакалея тобының тауарын сатып алумен айналысатын 2003 жылы құрылып
жұмыс істеп жатқан Арқалық азық түлік компаниясы ЖШС;
• ай сайын жәрменке өткізілуде, ол жерде қала тұрғындары базар бағасына
30-40 пайызға төмен бағамен ет, сү тағамдары, жұмыртқа, овощтар т.б.
заттар сатып ала алады.
2. Қалада, қала арасында және қала маңындағы бағдарға жолаушыларды
автокөлікпен тасу қызметін көрсететін делдалдарды тарату мақсатында
тендерлар өткізіледі.
3. Қалада монополистік әрекетттенушілікті тиым салып және
бәсекелесуге әрекет жасайтын, 3 күйме элеваторлары бар.
Табиғи монополдық салаға жататын, Арқалық ЖЭК МКК жасап жатқан
қызмет тарифтарын, Қостанай облысы бойынша табиғи монополияны реттеу ҚР
Агенттігі Департаментімен 2003 жылдың қыркүйек айында орташа 35 пайызбен
көбетіп бегітілген, бірақ сондай көтерілседе 2005 жылы кәсіпорын
шығындарын және тиімді жасалып жатқан іс әрекеттерінің жұмыстарын
қамсыздандырылмайды, өндіріс шаруашылық әрекетінен 319029 мың теңгеге
шығынға ұшырады, ал өнімге жібірілген жәрдем есебінен, 164899,8 мың
теңгеге, баланыстық шығыны 154129,2 мың теңгені құрады.

2.2. Арқалық қаласы бойынша инженерлік инфрақұрылымдарының дамуы

Арқалық қаласының аумағында республикалық, облыстық және аудандық мәні
бар жолдар орналасқан.

Республикалық мәні бар жолдар. Қаланың бойымен Жезқазған-Петропавлвск
автокөлік жолы жүргізілген. 252 шақырымнан 377 шақырымға дейін автокөлік
жолы Казавтожолы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның балансында.

Республикалық мәні бар жолдардың жалпы шақырымының көлемі – 125
шақырым, оның ішінде бары:
• асфальтбетонмен жабуы – 8 шақырым;
• ақ шосси – 24 шақырым;
• қара ұсақ тас төселген жол – 57 шақырым;
• қиыршық тасты – 31 шаақырым;
• қара қиыршық тасты – 5 шақырым.
Осы жол бойынша бір көпір (373 шақырымды) және ұзындығы 1672 метр су
өткізетін құбыр.
Арқалық қаласы 340 шақырым жерде орналасқан. Арқалық қаласымен облыс
шекарасына дейін аралығы 88 шақырым Бала-Терсақан өзенде көпір және
асфальтты бүркеу болмағандықтан автокөліктің жүруі барынша мүмкін емес.
Республиканың оңтүстік аймақтардан және Өзбекстаннан үлкен жүкті көліктер
жергілікті жолымен жүруге мәжбүр, оңдайға жолдар жарамайды және жылдам
тозады.
252-340 шақырымдай жол 50 пайызға тозды, ол жеңіл көлік жүруге
жарамайды. Бала-Терсақан өзеннен көпір салу қажет және осы бөлік жолын
қара жабу бүркеу керек.
Торғай облысың тарағаннан бастап (1997 жылдан) күрделі жөндеу жұмысы
2005 жылы жүргізілген. 339-377 шақырымға дейін (38 шақырым) Жезқазған-
Петропавл 186,5 млн. теңге көлемімен жолдарда орташа жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
Облыстық мәні бар жолдар. Облыстық мән бар жолдардың жалпы көлемі 59
шақырым, соның ішінде:
- “Арқалық-Торғай” 53 шақырым;
- “Арқалық қаласының солтүстік айналма жол” 6 шақырым
соның ішінде: - асфальт бетонды бүркеу 9 шақырым;
- қара ұсақ тас төселген жол
50 шақырым.
Облыстық мәні бар жолдардарының көлемі 868 метр 48 су өткізетін
құбырлар және 1 көпір (14 метр) бар.
Аудандық мәні бар жолдар. Аудандық мәні бар жолдардың жалпы көлемі
279,6 шақырымды құрайды, соның ішінде:
Асфальтбетонды бүркеу 31 шақырым
Ақ шосси 14,3 шақырым
Қара ұсақ тас төселген жол 39,6 шақыры
Қиыршық ұсақ тасты 149,5 шақырым
Қара қиыршықты 11 шақырым
Топырақты-пішіндеулі 34,2 шақырым
Жергілікті мәні бар жолда 100 су жүргізу құбыр ұзындығы 1587 метр
және (488 метр) 8 көпір орналасқан.
Қала аумағында жолаушылар мен жүк тасымалдау қызмет көрсететін заңды
тұлға жоқ.
Жолаушылардың автотранспортпен жалпылама пайдалануы қалалық және қала
маңындағы маршрутқа тасмалдаумен жеке кәсіпкерлер айналысады.
Қаланың теміржол инфрақұрылымын “Қазақстан темір жолы” мемлекетік
компаниясының ЖАҚ енгізілген “Арқалық” дағдарыс темір жол стация жүйесі
құрайды.
Арқалық станциясына келесі бөлімшелер кіреді:
- Қазақстан темір жолы мемлекеттік компаниясы ЖАҚ-ның “Қостанай
тасмалдау бөлімі” филиалының Арқалық станциясы. Қостанай қаласының
Қостанай тасымал бөлімінің қарамағына кіреді, штата 66 адам .
- Астана қаласының Транстелеком қарамағында жатады, транстелеком
штатында 5 адам.
- Құшмұрын дистанция сигнализация және байланыс қарамағына ШЧ-27
штатында 10 адам.
- Астана қаласыныфң Жолаушылар тасымалда ААҚ қарамағынада, вокал –
штатынад 22 адам
- Астана қаласының Солтүстік аймақтық басқарма ТСБ ААҚ қарамағында
“Транспорт сервисі орталығының Солтүстік аймақтық басқармасы” ААҚ
штатында - 10 адам.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазалы қаласының құрылу және даму тарихы
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
КІШІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ИНДУСТРИЯ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер