Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі



ЖОСПАРЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 тарау
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
К І Р І С П Е

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесіне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мектепке дейінгі балалардың дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқу-құралы. –Алматы, 2008. – 336 б.
2. Педагогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы. //Оқу құралы. - Алматы, 2008. (Авторлық бірлестікте: Бабаев С, Бабаева Қ.) -124 б.
3. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. – Түркістан, 2005. – 70 б.
4. Ауылдық мектептердегі оқушылардың іс-әрекет қабілеттілігін жетілідіру әдістемесі. //Оқу-әдістемелік құрал. – Нүкіс, Қарақалпақстан, 2001. - 42 б.
5. Жеңіл атлетика. //Оқу-әдістемелік құрал. – Нүкіс, Қарақалпақстан. 2002. - 31 б.
6. Спорттағы қазіргі заманғы педагогикалық зерттеу әдістері. //Оқу-әдістемелік құрал. – Кентау, 2007. – 55 б.
7. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. //Оқу-әдістемелік құрал. - Түркістан, 2008. -85 б.
8. Начальная школа, № 1, 2008
9. Дошкольное воспитание, № 3, 2007
10. М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
11. Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж.
12. Школа на пути к свободе —М. 2002.
13. Особенности физического развития и двигательной дееспособности учащихся. //Вестник. № 3. – Каракалпакстан, 2001. - С. 114-115.
14. Мектеп оқушыларының дене құрылысының түрлерін үйрету мәселелері. //Қарақалпақстан мұғалімі. № 1,2. - Нүкіс, 2001. – Б. 57-60.
15. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.
16. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
17. Дене тәрбиесі ұғымының мәні. //Қазақстан мектебі. № 2. – Алматы, 2006. –Б. 14-15.
18. Бастауыш сыныптардағы балалардың дене тәрбиесі. Мектепке дейінгі және бастауыш білім: Қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері. //Халықаралық ғылыми практикалық конференция. Қыздар пед. инст. ІІ том. – Алматы, 2007. –Б. 252-256.
19. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі. //Шағын мектеп №8(52). - Алматы, 2007.
20. «Денсаулық» журналы, Алматы 2010 ж. № 8 басылым.
21. «Валеология» , Алматы 2008 ж. Атамұра баспасы.
22. Спорт және туризм министрлігінің сайты. www.edu-gov.kz

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі

Орындаған: Сәдуақас А.Қ

Тексерген: Жұбандықова А.М

Алматы 2013 ж
ЖОСПАРЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 тарау
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене
жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.2. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 3

К І Р І С П Е

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық,
ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және
республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты,
жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты
дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі
жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене
шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке
дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік,
жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге
асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі
тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі
айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты
жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен
дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова,
Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір
сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере
отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда
талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету
сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар
орын алып отырғаны байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
жүйесіне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мектепке дейінгі балалардың дене
мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін
жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
1 тарау. Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі
бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік
қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл
ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене
шынықтыруға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитарлық-
гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен
әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану
үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне
ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін
қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді.
Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға
қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету
жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына
тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене
шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі;
дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі
бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып,
баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға
арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл
шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру
қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене
шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін
қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу
балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге
көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен
айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен
салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру
жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл
сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына
байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас
ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық
тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол
денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі
міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге,
яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің
елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының
барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған
ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың
жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді,
психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы
және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік
заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады.
Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің
мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын
талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және
оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып
біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір
қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып
табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға
сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі
проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау
процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан
информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс
ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және
алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып
табылады.
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы
мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың
күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық
ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты
бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің
бөліктері мынадай:
–әр сыныпта жетісіне үш рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы
түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
–оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа
дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған
үзілістегі дене жаттығулар);
–ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
–дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт
түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен
жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың
түрлерімен толықтырылады:
–балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде,
жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында
өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу
сабақтары;
–балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік
дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
–спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар
секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік
ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
–күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік
гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
–спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене
тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
–каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын
ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
–отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге
бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана
жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі).
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай
сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене
шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға
тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас
педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы
анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт
мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша
жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты
бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің
болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті
түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық
басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді,
жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың
ішінен негізгісі есебінде Дене шынықтыру пәні бойынша жаттығудың сыныптық-
сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру
жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін
сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене
бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық
әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы
жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда
оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың өзге түрлері тәрбиеленудің алғы
шарттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып,
құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы
оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру
басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс
орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт
мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар,
дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт
базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен
тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру
түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың
мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін
мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын
жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық
жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс
мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір
мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін
бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді
ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар,
ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла
жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге
жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене
қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол
мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың
қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол
бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары
жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс
істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын
қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және
сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт
мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс
белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының
тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен
үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды.
Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып
жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап
кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің,
денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол
кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы
экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде
бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің
басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер
өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып
жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек -
сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің
қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл
лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің
кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері
деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің
бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші,
ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының
нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес
құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына
жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар
кіреді.
Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір
отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі.
Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші
дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді
дене мәдениеті кеңесі кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы
ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады.
Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін.
Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам
сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері
бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол
белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар
жауап беретін жұмыстар:
- сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары,
суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.
- лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт
шараларына бақылау жасау.
- отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.
- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт
түрлерінен керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене
тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт
түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.
- лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды
сақтау, жөндеу.
Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда
барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт
мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру
жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі
мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері
бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.
Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт
түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен
халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене
тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім
беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты
насихаттау.
Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді
болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт
ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт
ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы
көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер
жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.
Спорт мектептері Спорт мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін
ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже - регламент бойынша жұмыс істейді. Ол
ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар
саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу
тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен ёсепке алу, есеп беру түрлері
жазылған.
2 тарау. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру
2.1. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық
буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген
педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру,
дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,
оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік)
дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене
шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру
дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін
тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың
негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның
дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс
алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының
қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың
тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне
уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары
күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын
(кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі
ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға
көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе
қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның
ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет
болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта
240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында
спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті
жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Пәндер