Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке үйретуде өзбетінше жұмыстардың маңызы (Әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі бойынша, 3-сынып)



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың ғылыми зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2
1.

Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың маңызы ... ... ...20
Өз бетінше жұмыстар арқылы оқушыларды жауапкершілкке баулудың әдебиеттік оқу пәніндегі мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуға бағытталған тәжірибелік педагогикалық эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау, жауапкершілік қасиетінің даму деңгейін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын өз бетінше жұмыстар арқылы жауапкершілікке баулуға бағытталған эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды қасиеттерінің бірі жауапкершілік. Жауапкершілігі жоғары оқушы өз әрекетін әр уақытта тиянақты орындайды. Ал әрбір іс-әрекетіне тиянақтылықпен қарайтын оқушының сабақ үлгерімі де жоғары болмақ. Демек жауакершілікке баулудың бірден-бір жолы - өз бетінше жұмыстар. Бұл тұрғыда өз бетінше жұмыстар арқылы жауапкершілікке баулудың маңыздылығы артып, өзектілігін айқындай түседі. Себебі оқушы кез-келген оқу тапсырмасын өз бетінше орындай отырып, оның толық, әрі дұрыс орындалуына жауапкершілікпен қарауға міндетті. Сондықтан да біз бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуда өз бетінше жұмыс түрлерін қолдануды басшылыққа алдық.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан.
Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды [1, 6].
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Ал, өзіндік жұмысты зерттеу мәселесіне көптеген жұмыстар арналған. Дегенмен де, оқушылардың өзіндік жұмыстарын, қызметін, ерекшеліктерін, мағынасын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ екендігін атап өтуге болады. Өзіндік жұмыс туралы ғалымдардың пікірлері бір бағытта тоғыспайды. Әр түрлі бағытта қарастырылған пікірлерге тоқталуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының этикалық-мәдени білім тұжырымдамасы // Егеменді Қазақстан. 1996. № 7.
2. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. – Алматы, 1994.
3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1994.
4. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1984. -256 б.
5. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 270 б.
6. Ы.Алтынсарин. Тағылым. – Алматы: Жазушы, 1991. -384 б.
7. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. – Астана, 1992. – 114 б.
8. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – Алматы, -1961. – 772 б.
9. Макаренко А. С. «Мои педагогические воззрения». – Москва, 1960. – 286 б.
10. Диваев Ә. Тарту. /Құраст. Ф.Оразаева - Алматы: Ана тілі, 1992. -256 б.
11. Жарықбаев Қ., Қалиев С., Смайлова М. Тәлім-тәрбие тарихынан. – Алматы: Кітап, 1992.-224 б.
12. Ұзақбаева А.С. Тамыры терең тәрбие. - Алматы: Білім, 1995. -232 б.
13. Ақ сандық, көк сандық: Балалар фольклоры. / Құраст. Ш.Ибраев, - Алматы: Жазушы, 1988. – 256 б.
14. Любинская А.А. Детская психология. – Москва: Просвещение, 1960. – 154 б.
15. Богословский В.В. Жалпы психология. – Алматы: Мектеп, 1986. -370 б.
16. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы, 1970. -270 б.
17. Мұқанов С. Жас және педагогикалық психология. -Алматы: Рауан, 1981. -220б. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 199. 1-30 б.
18. Қабекенов Ғ. Адамгершілік және имандылық мәселелері // Ұлт тағлымы. 2001. №3. 96 б.
19. Төлебеков З. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. -Алматы, 1994.
20. Адамгершілікке тәрбиелеу басты міндет // Қазақстан мектебі. 2004. №2. -80б.
21. Қайыров И.А. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – Алматы: Мектеп, 1988. -345 б.
22. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. -288 б.
23. Қазақтың мақал-мәтелдері. /Құраст. О. Тұрманжанов. -Алматы, 1980. -35 б.
24. Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер.-Алматы: Рауан, 1994. -114 б.
25. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы-тәрбие қайнары. -Алматы: Ғылым, 2001. -107 б.
26. М.Балтабаев., Б.Өтемұратова. Елім-ай. -Алматы: Атамекен, 1993. -1994.
27. Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Использованием материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. – Алматы, 1997. -81 с.
28. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы (I-IY) – Алматы, 1997. - 152 бет.
29. Польская О.Я. Психологический практикум в школе. -Москва:Просвещение, 1981. -94 б.
30. Т.Әбдікаримова., С.Рахметова., Б.Қабатпаева. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 1999. -304 б.
31. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. -155 б.
32. Аманашвили Ш.А. Единство цели. Пособия для учителя.- Москва: Просвещение, 1987. -208 б.
33. Дүкенбаева Ғ., Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы: Рауан, - 1992. -59 б.
34. Габдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Санат, 1996. -366 б.
35. Әмірова Ә. Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы: Рауан. 1998. -98 б.
36. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. В 2-х томах. –Москва, 1989.
37. Выготский Л.С. Психологическая педогогика . -М.: Педагогика, 1991. -232 с.
38. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М., 1968. -464с.
39. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991. -143 б.
40. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997. -141 б.
41. Бөлеев Қ., Бөлеев Т. Қазақ педагогикасының тарихы // Қазақстан мектебі. 1996. №2.
42. Асанов Ж. Тәлім-тәрбиенің ұлттық негіздері // Қазақстан мектебі. 1995. №6.
43. Қазақ халқының салт-дәстүрлері /Құраст. С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смайлова.-Алматы: Рауан, 1994. -221 б.
44. Меңжанова А. Оқушыларды әдеби шығармаларды оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы: Мектеп, 1977. -75 б.
45. Ата-салтындағы аяла. /Құраст. Н.Ақбаев.-Алматы: Ана тілі, 1998-160б.
46. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. – Алматы: Мектеп, 1988-135 б.
47. Аймауытов А. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Рауан, 1991-208 б
48. Төлебекова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу // Ұлт тағлымы. 2001. №1. - 91 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды қасиеттерінің бірі жауапкершілік. Жауапкершілігі жоғары оқушы өз әрекетін әр уақытта тиянақты орындайды. Ал әрбір іс-әрекетіне тиянақтылықпен қарайтын оқушының сабақ үлгерімі де жоғары болмақ. Демек жауакершілікке баулудың бірден-бір жолы - өз бетінше жұмыстар. Бұл тұрғыда өз бетінше жұмыстар арқылы жауапкершілікке баулудың маңыздылығы артып, өзектілігін айқындай түседі. Себебі оқушы кез-келген оқу тапсырмасын өз бетінше орындай отырып, оның толық, әрі дұрыс орындалуына жауапкершілікпен қарауға міндетті. Сондықтан да біз бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуда өз бетінше жұмыс түрлерін қолдануды басшылыққа алдық.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан.
Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды [1, 6].
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Ал, өзіндік жұмысты зерттеу мәселесіне көптеген жұмыстар арналған. Дегенмен де, оқушылардың өзіндік жұмыстарын, қызметін, ерекшеліктерін, мағынасын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ екендігін атап өтуге болады. Өзіндік жұмыс туралы ғалымдардың пікірлері бір бағытта тоғыспайды. Әр түрлі бағытта қарастырылған пікірлерге тоқталуға болады.
Өзіндік жұмыстардың психологиялық аспектілері туралы Б.Г.Ананьев, В.А.Артемова, Д,Г.Богоявленский, Л.И.Божович, Н.В.Витт, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, И.П.Зинченко, И.А.Зимниий, Л.Б.Ительсон, З.И.Клычникова, А.А.Леонтев, И.Д.Лушников, Н.А.Менчинская, А.В.Петорвский, Н.Ф.Талызина және т.б. зерттеген.
В.А. Добромыслов. В.В. Голубков. Е.Я. Голант, Г.В. Воробьев. А.В. Полякова. А.Ф. Соловьева, А.Ф. Ломизов. Г.И. Блинова және т.б. еңбектерінде өзіндік жұмыстың танымдық ізденімпаздық дамуындағы ролі туралы айтады [2,28].
Джон Локктың ойынша, баланың өзіндік жұмысы олардың дамытудың қажетті шарты.
Ж.Ж.Руссоның ойынша өзбетінше жұмыс-белсенді оқыту ұстанымы.
Теориялық материалдарды зерделей отырып, оқушының жапкершілігін дамыту, өз бетінше жұмыс туралы еңбектердің баршылық екендігін байқадық. Бірақта өз бетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулу мәселесіне бағытталған еңбектердің жеткіліксіздігі анықталды. Бұл біздің дипломдық жұмысымыздың қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі екендігінің тағы да бір дәлелі. Сондықтан да дипломдық жұмыс тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке үйретуде өзбетінше жұмыстардың маңызы деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың теориялық негіздерін қарастыру, оны тәжірибелік эксперименттен өткізіп, маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: әдебиеттік оқу пәніндегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулу.
Зерттеудің болжамы: егер зерттеу мақсатына сай оқушылардың өзбетінше жұмыстарын өз жауапкершілігін сезінетіндей етіп ұйымдастырса, осы ретте әдебиеттік оқу пәнінің материалдарын тиімді пайдаланса, онда өзбетінше жұмыстар арқылы оқушыларды жауапкершілікке баулу мүмкіндіктері артады.
Зерттеу міндеттері:
1. Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуды теориялық тұрғыдан қарастыру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының өзбетінше жұмыс жасай білу, жауапкершілік деңгейін анықтау.
3. Өзбетінше жұмыстар арқылы 3-сынып оқушыларын жауапкершілікке балуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізу, оларды өңдеп, нәтижелерін көрсету.
Әдіснамалық және теориялық негізі: жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үдеріс теориясы, тұлғалық-бағдарлы оқыту теориясы, таным теориясы.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдау;
- бақылау, сауалнама, тест;
- тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу;
- алынған мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу .
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: Зерттеу проблемасының теориялық тұрғыдан негізделуі, тәжірибелік эксперимент арқылы тиімділігінің дәлелденуі, әдістемелік ұсыныстар берілуі.
Дипломдық жұмыстағы теориялық және әдістемелік материалдарды мектеп тәжірибесінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы №1-ші Қарауылкелді орта мектебі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс: Кіріспеден, екі тараудан, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: Тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, дипломдық жұмыстың құрылымы қарастырылған.
1-тарауда: Өзбетінше жұмыс жасау арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауакершілікке баулудың теориялық негіздері қарастырылған.
2-тарауда: Өз бетінше жұмыс жасау арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулуға бағытталған педагогикалық - тәжірибелік эксперимент (3-сынып, әдебиеттік оқу пәні негізінде) материалдары берілген.
Қорытынды бөлімде: Ғылыми пікірлердің құндылығы, болжамдардың дәлелденуі көрсетіледі, жалпы қорытынды жасалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі.

1 Өзбетінше жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың теориялық негіздері
1.1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың ғылыми зерттелуі

Бүгінгі таңда білім алушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс білім алушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің барысында өз орнын табуы тиіс. Білім алушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады [3].
Білім алушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша орындайтын оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Білім алушылардың өз бетінше жұмысы тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары ретінде ғана емес, зерттеудің нысаны ретінде танылады.
Оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс деп - белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған - білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.
И.Г.Пестолоццидің пікірінше, оқыту әдістері-бұл баланың өзбеттілігі мен өзіндік әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі-өз бетінше әрекет етуге және өзін дамытуға ұмтылдыру.
А.Дистервег, өзбеттілік әрекет-өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі деген.
К.Д.Ушинский: өз бетінше жұмыс - оқытуда жетістікке жетудің бірден-бір жолы деп есептеді. Сондай-ақ ол шәкірттердің жас ерекшелігін ескеруді қажет етеді.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық әрекеті, сөйлеуі маңызды. Бірақ мұғалімнің ролін ескере отырып, ол білім алушының белсенділігі мен ізденімпаздығын дамытуда ұйымдастырылған өз бетінділік бақылау және тәжірибе, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. Ол: Өзінің ой-пікірін жеткізе алмауы кемшілік болып есептеледі, ал өзіндік ой пікірінің болмауы-өте үлкен кемшілікке жатады; өзіндік ой-пікірлер тек қана өз бетінше алған білім арқылы ғана жүзеге асады,-дейді [14].
Осылайша, К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық - физиологиялық тұрғыдан талдау жасайды.
Өз бетінше әрекет ету- бұл мұғалімнің көмегінсіз жаңаны табу, білуге ұмтылу,- деді К.Д.Ушинский.
Ы.Алтынсарин: Маңыздысы-оқушының өз бетінше ойлана білуі... Оқыту методтары-балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол,-деді.
А.Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөледі [18].
М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетіншебілім алуға үйрету қажеттілігін көрсетеді. Ол: бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін ..., жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек, көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже - заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады,-деп жазды.
Н.К.Крупская 1934 ж жазған өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер береді:
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға ие болу керек.
2. Білім мен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында білім мен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасау керек.
4. Алғашқы кезеңдерде тәжірибелі адамдардан, кітапханашылардан кеңес, консультациялар алуды пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Н. К. Крупскаяның бұл кеңес - нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ.
П.Ф.Каптерев: Өз бетінше әрекет ету- бұл оқушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі үрдісі,-деді.
Р.Г.Лемберг: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсуі; жұмыстың жемісті аяқталуына; оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы; жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы,-деп жазды.
Н.Г.Чернышевский оқу үрдісінде оқушылардың танымдық ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы: Егер біздің бабаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуға тиіс - дейді [13].
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Сабыров Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары атты еңбегінде оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың маңызы мен міндеттерін айрықша ашып, былайша анықтама береді: [28].
Оқушылардың өз бетінше жұмыстары жеке өз алдында оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі, мұндай жұмыстың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өз бетінше жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - оқушылардың дербестігін арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Өз бетінше жұмыстың өз алдына оқыту негізі бола алмайтынының тағы бір себебі - оның өзі басқа принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім алудағы дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан олардың өз бетінше жұмысы оқу әрекетінің бір түрі ғана
Т.С.Назарова: Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешу деген [21].
Т.И.Шамова оқу әрекетінде өз беттілікті анықтауға басқаша анықтама береді. Оның пікірі бойынша өз беттілік - адамның жеке басының қасиеті. Бұл оқушылардың басқаның көмегінсіз білімді игеруінде алға қойған мақсаттарға жетіп, игерілген білімді жетілдіруде өз алдына мақсат қоя білуінде байқалады [7].
Ю.К.Бабанскийдің, А.Л.Усованың және басқалар оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыға оқу әрекетінің компонентерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастыру деп өз зерттеулерімен дәлелдеген [27].
В.И.Селиванов өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауды адамның жеке басының еркі мен өміршеңдік бағыттылығын, дер кезінде шешім қолдана білуін, шыдамдылығын, өзіне деген сенімділігін, батылдығын т.б. қасиеттерін атап көрсетеді [22].
В.А.Крутецкийдің пікірінше өз бетінше жұмыс адамның жеке басының көзқарасы мен ой-өрісі принциптерімен байқалады, дүниетанымын қалыптастырудың негізгісі болып табылады.
Л.С.Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуіне басқаадамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеу деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін таразылай білуге үйретеді.
В.А.Ковалев, А.И.Кочетов, С.Е.Рувинский өз бетімен жұмысты өзін-өзі тәрбиелеумен байланыстырады.
А.К.Маркова, М.И.Низамов және басқалар өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырады.
В.Б.Бондаревский, Н.Д.Хмель өзіндік жұмыстың мақсаты арқылы сипаттайды.
Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және басқалар өзіндік жұмыс оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі деп қарастырады.
В.П.Беспалько өзіндік жұмыс ұғымын адамның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауды айтады [72].
Г.П.Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы, оқытушының қатысуымен орындалатын танымдық әрекет [73].
П.И.Пидкасистый өзіндік жұмысты оқушының танымдық ізденімпаздығын арттыратын құрал ретінде қарастырып мынадай анықтама берген: өзіндік жұмыс- бұл оқытуды ұйымдастырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алға қойылған мақсатқа сәйкес белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы [38].
В.П.Бондаревскийдің пікірінше өзіндік жұмыс - болашақ маманның шығармашылық өзіндік ойлауын, ғылыми қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтасыз ететін жоғары оқуы орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіреді [73].
Н.Д.Никондров өзіндік жұмысты оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, бірақ тапсырманы өз бетімен орындауын айтады.
Б.П.Есипов: Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой - өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсаттарына жетуге ұмтылады,-дей келе, оқушының өзіндік жұмысы мұғалімнің мынадай педагогикалық міндеттерді шешуіне көмектеседі деді:
а) окушылардың білімді игеруі мен түсінігін кеңейтуде;
ә) оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына (соның ішінде түрлі білім көздері аркылы өз бетімен білімді игеріп, оны терең ұғыну);
б) алған білімін өмірде, коғамға пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білуде:
в) олардың танымдық ізденімпаздығын дамытуда (бақылау, логикалық ойлау, шығармашылық белсенділік және т.б.);
г) акыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуда окушының өзіндік жұмысы арқылы белгіленген мақсатқа жету;
ғ) алдағы уақытта да оқушының өз бетімен нәтижелі жұмыс істеугс үйретуде [21].
Н.Ф.Талызина, В.Ф.Шорохова және басқалар психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, өзіндік жұмыстың ішкі мағынасын айқындады. Олардың көзқарастары бойынша өзіндік жұмыс шәкірттердің ойлану қабілеттерін дамытып, белсенділігін және танымдық бағдарларды өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып білімдерін тереңдету жолдарын қарастырады [22].
Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков және басқалар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі-олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
- оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауы [45].
Мысалы, кейбір авторлар өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А.К.Маркова, М.И.Низамов т.б.), үшіншілері - өзіндік жұмыстың мақсаты арқылы сипаттайды (В.Б. Бондаревский, Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытудың әдіс-тәсілі ретінде немесе оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде, немесе оқушылардың өздігінен білім алуға дайындығының негізі ретінде сипатталады. Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, диалектикалық сипатын көрсетеді. Авторлар оқушылардың өзіндік жұмысы ерекшелігін ашуға, оның ішкі және сыртқы қырларын анықтауға тырысқан [47,52].
Өз бетінше жұмыс - оқушының алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік жасайтын жеке қасиеттердің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар ол болашақ мамандығын таңдауына, өзара қатынасын сипаттайтын жеке тұлғаның қоғамдық көрінісі.
Өзіндік жұмыс тақырыбында жазылған еңбектерге шолу жасай отырып, оның негізгі мағынасы әртүрлі бағытта талқыланатынын байқадық. Бір зерттеушілер өзіндік жұмысты оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруы және басқаруының белгілі бір педагогикалық тәсілі ретінде қарастырады (П.И.Пидкасистый, С.И.Архангельский, М.Г.Гарунов.
В.К. Буряктың көзқарасы бойынша өзіндік жұмыс оқушылардың ойлану қабілетін дамытып, олардың белсенділігін және танымдық бағдарларды өз бетімен жүмыс істеуін қалыптастырып, білімдерін терендету жолдарын қарастырады. Өзіндік жұмыстың мағынасын сипаттауда ол оқушылардың ішкі ойлану үрдісінің ерекшеліктерін ескеру керек екендігін ұсынады. Сондықтан өзіндік жұмыстың тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге апаратын, оқушылардың талдаулық - толықтырулық үрдіс түрінде ойлану мүмкіндігін туғызады. Өзін-өзі тексеру барысында оқушылар осы үрдісті қайтадан қарастырады.
Тәжірибеде білім алушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, білім алушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық немесе басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерді, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы, жаттығу жұмыстарын жазба түрінде орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабороториялық бақылау жұмыстарын өткізуі шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Өзіндік жұмыстың мақсатына ,орындалуына байланысты типтерін бөліп қарастыруға болады:
- репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыс;
- шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстар
Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.
Өзіндік жұмыстар білім алушының ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Эстониялық ғалым - педагог О.А.Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай ұстанымдарға қарай топтастырады:
1. Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты).
2. Психологиялық - дидактикалық (білім алушылардың жеке әрекетіне байланысты).
3. Дидактикалық (жұмыстың атқаратын функциясына байланысты).
4. Дидактикалық - әдістемелік (проблема тапсырмалардың дәрежесіне байланысты).
5. Әдістемелік (берілген хабар қандай құралдар, жағдайлар негізінде берілуге байланысты).
6. Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
7. Ұйымдастыру ұстанымы (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).
Өзбетінше оқып, білім алу-таным дүниесін өзбетінше толықтырады, біліктерін дамытады. М.И.Махмутовтың пікірінше, өздігінен білім алу мынадай белгілермен сипатталады:
а) әр түрлі оқулықтардың өзбетінше жаңа білім алып, біліктері мен дағдыларын дамыту;
ә) үйренген білімін, дағды, біліктерін келешекке пайдалана алуы;
б) әр түрлі жағдайда алған білімін шеберлікпен қолдана білуі.
Білім алушының өзіндік жұмысын өте маңызды деп есептеу қажет, бұл оның ілгері ұмтылып, алдына мақсат қойып оқуына, таным дүниесін кеңейтуіне әсер етеді.
Өзіндік еңбек білім алушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еріктілік, мақсаткерлік, құбылысты талдау білігі, ізденімпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады.
Білім алушыларға өз бетінше жұмысын дұрыс әрі нәтижелі ұйымдастыру үшін өзіндік жұмысқа тән ерекшеліктерді ескеру қажет. Олар:
- оқушының алдын-ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндетін анықтау;
- жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;
- өз әрекетінің барысын бақылап отыру;
Егер білім алушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының атқаратын негізгі функциясы мен міндеттері:
1. Білім алушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.
2. Білім алушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту, алған білімін жүйелеу, сабаққа дайындау.
3. Білім алушылардың алған білімдерінің бірізділігін сақтау мен белсенділігін, саналылығы қамтамасыз ету.
4. Білім алушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
5. Білім алушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.
6. Білім алушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілігі болдырмауға әсер етеді.
7. Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.
Білім алушының өзіндік жұмысы күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға келмейді. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары:[20].
1. Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі.
2. Жұмысты орындауының және аяқтауының уақытын белгілеуі.
3. Мұғалімнің басқаруы мен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы.
4. Оқушылардың жұмысты өз еркімен істеуі, оған әсер ететін мотивтер.
5. Оқушылардың өзіндік жұмыстарына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалауы.
Кез-келген өзіндік жұмысты қарастыратын болсақ, оның өткізу жоспары болады:
1) оқу тапсырмасының өзіндік жұмыс арқылы орындалатынын түсіну;
2) білім алушыларға орындалу жолын айтып, нұсқау беру;
3) нұсқау арқылы орындау кезеңдеріне басшылық жасау;
4) өзін-өзі бағалау мен өзіндік бақылау;
5) оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін талдау.
Білім алушыларға берілетін өзіндік жұмыс ауызша және жазбаша, практикалық және теориялық болуы мүмкін.
Бастауыш деңгейде білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру үшін біліктіліктің түрлері қажет:16
1. Белсенділік біліктілігі (білімге деген белсенділік, сұрақ қоя білу, белгісізден белгіліні табу, бақа адамның көменгінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі қадағалау.)
2. Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйыдастыра
білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды қамтамасыз ету.
3. Саналы түрде әрекет ету белсенділігі. Жұмысты дұрыс
жоспарлау, оқу мәселелерін шешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа арнада қолдана білу.
4. Ерлік біліктілігі - оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды
жеңе білу, жұмысқа тез кірісе білу және өзін ұзақ уақыт бойына белседілік көрсетуге дағдыландыру.
Өзіндік жұмыс-бұл оқу үрдісінің демеуші күші, оқытудың тиімді әдісі, белсенділіктің маңызды көрсеткіші. Өз бетінше жұмысты дидактикалық мақсатына қарай сабақтың әр түрлі кезеңінде қолдануға болады:
1. Жаңа білімді меңгеру (материалды жан - жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау, т.б. тәсілдерге үйрену).
2. Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, т.б.).
3. Білім мен дағдыларды қайталау (бақылау және тексеру) түрлері:
жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар.
4. Жаңа материалды игеруге дайындық;
Бұдан шығатын қорытынды өзіндік жұмыстарды мұғалім өз шеберлігіне, сабақтың мақсатына сай сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, орынды, тиімді пайдалануына болады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларын жауапкершілікке баулудың маңызы
Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Педагогика тарихында бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу қоғамның әр түрлі кезеңдерінде де зерттеу нысаны болды. А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайлық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан-жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты [7].
И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.
И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады [8].
Көрнекі педагог К.Д.Ушинскийдің айтуынша, еңбек біріншіден адам өмірінің негізі, өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек - адамгершілік, ақыл-ой тәрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагогтар Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский адамгершілік тәрбие беруде елеулі еңбек етті [8].
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз - ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.
Тұжырымдай келе адамгершілік - адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.
В.В.Макаевтың пікірінше адамгершілік тәрбиенің негізін мыналар құрайды деп аөрсетті:
- адамгершілік ұғымды, түсінікті, идеалды қалыптастыру;
- адамгершілік сезімді дамыту;
- адамгершілік сенімді қалыптастыру;
- мінез-құлықты, дағдыны дамыту, қалыптастыру;
- өзін-өзі тәрбиелеу;
- жағымсыз әсерлерге, әрекеттерге қарсы тұра білу.
Бірақта біздің дипломдық жұмысымызға негіз болған В.А.Блюмкинаның, А.Н.Гуминицкийдің, Т.В.Цырлинаның адамгершіліктік қасиеттерді 4-ке жіктеуі:
1. Ұжымдық қасиеттер: ұжымшылдық, жолдастық сезімі, борышты сезіну, жауапкершілік, альтуризм, өзін-өзі ұстау, батылдық, эгоизм, даралылық.
2. Ізгіліктік қасиеттер.
3. Тұлғаның құндылық қасиеттерге байланысты қатынасы.
4. Мінез-құлықтағы моральдық ерекшеліктерге байланысты қасиеттер.
Психологтар мен педагогтар: К.Б.Бозжанов, Г.Жүнісова, С.Рахметова, Э.А.Орынбасарова, Л.Рундева, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Н.И.Болдырев, Л.И.Божевич, А.А.Любинская төменгі сынып оқушылары сыртқы әсерге өте алғыр, неге үйретсе соның барлығына шынайы сезіммен қарайтындығын дәлелдеп береді. Дәл осы кезде балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеуге зор мүмкіндіктер туады деп есептейді.
Жеке тұлғалық қасиеттің бірі адамгершілік қасиеттердің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзегі, балалардың адамгершілік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарының қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты біздер баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін балалар фольклорына ерекше назар аудардық. Оқушы тек мұғаліммен ерексектердің нұсқауы және олардың бақылауымен әрекет жасаған кезде ең алдымен тіл алғыштығын ескеру керек.
Жазушы әрі педагог Л.Толстой Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнеге саяды. Өзіңіз жақсылап өмір сүріңіз тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптаныңыз, өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсең, солғұрлым балаларыңызды жақсы тәрбиелейсіз - дейді.
Жауапкершілік - белгіленген ереже бойынша іс-әрекетті орындауды бақылаудың түрлі формасында көрінеді. Бақылаудың екі формасы бар: ішкі және сыртқы. Сыртқы бақылау формалары субъектіні әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілін қамтамасыз етсе, ішкі бақылау формалары әрекетті өзара реттейді (жауапкершілік сезімі, борыш сезімі).
Жауапкершілік тұлғаны белгілі бір ережелерге бағынуға, саналы түрде оларды сақтауға, моральдық қағаидаларды құқықтық нормаларды сақтауға бағыттайды.
Адам қоғам дамуының тарихы жауапкершілік тәрбие мәселесі және қоғамдық қатынастарға, қоғамдық-педагогикалық практикаға, тәрбиенің жалпы мақсатына, оның мазмұнына, бағыттылығына және болжамдыған нәтижеге байланысты еенін анық көрсетеді. Максималдық мүмкіндіктері бар қоғамның құруын мақсат етеді. Қазақстанның жедел экономикалық және әлеуметтік прогресінің алғышарты ретінде ел азаматтарының жауапкершілігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикалық экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына жолдауындағы Туған Қазақстанымыз үшін біздің жауапкершілігіміз пункте: Бәз әркімнің ар-намысы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этникалық негіздері мен рухани құндылықтары ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз деп айтқан еді.
Тұлғаның жауапкершілігі деп, жалпы философиялық тұрғыдан өмірдің саласымен байланыстылығын түсінуге болады. Бұл мәселенің қарастырылуының теориялық және практикалық мәні өте зор. Өйткені оның зерттелуі жауапкершіліктің әр түрлі мәнін анықтауға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатартүрлі қылықтарды дұрыс бағалауға, тұлғаға керекті әсер жасауға жағдай туғызады.
Кез келген тұлға қоғамда өмір жасайды, ал ол ең алдымен материалдық, саяси, құқық, құлық т.б. қатынастар арқылы әске асып отырады. Бұл қатынастар адамның көптеген байланыстарын білдіре отырып, адамның қоғамда өз орнын түсіну деңгейін және айналада болғанның бәріне, істегеніне не істемегеніне жауапты екенін анықтайды. Сол себептен бұл қатынастар тұлғаны нақты бір әлеуметтік құндылық бағыт алуға және оған ерекше талаптарды қоя отырып оларды орындауға міндеттейді. Бұл түрлердің әр қайсысы өзіне ғана тән ерекшелігімен көрінеді.
Қоғамның қазіргі кездегі өзгерістері жауапкершілікті тұлғаның сапасында екендігі туралы мәселенің өзектілігін көрсетеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу керектігін біз қоғам дамуындағы ролі жоғарылағанымен, моральдық факторының рөлі жоғарылағанымен, қазіргі қоғамды тұлғаның құлықтық тәрбие беру қажеттілігімен байланыстырамыз. Жауапкершілік тұлғаның сапасы ретінде қоғам қажеттілігін, бейнелейтін, моральдық қағидаларды, құқықтық ережелерді саналы түрде сақтауымен сипатталады. Және іс-әрекет үрдісіндегі әлеуметтік құндылықтарды, ережелдерді, нормаларды, интериоризациялау нәтижесінде қалыптасады. Адамның саналы түрде түсінген жауапкершілігі оның негізгі сапасы болса, ал оны тәрбиелеу, тұлғаны қалыптастыру процесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Осы мәселені қарастыратын педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерттеу нәтижесінде жауапкершілік - бұл тұлғаның саналы, өнегелі, мінез-құлықты және іс-әрекетті қоғамда орын алған, ережелер мен қағидаларға сәйкес реттейтін және тұлғаның жан-жақты дамуын ынталандыратын құлықтық сапасы деген анықтамаға келдік. Жауапкершілік тұлғаның жағымды құлықтық сапаларын біріктіреді, қоғам талабына сай оның мінез-құлқын іс-әрекетін реттейді, өмірдің кез-келген джағдайында адамның жағымды құлықтық сапаларының орын алуына ықпал жасайды. Кері жағдайда адам жауапкерсіздікті білдіру деңгейіне қарай қоғамның жазалау шараларына ұшырайды. Ал адам қоғамның нормалары мен ережелерін құлықтық қағидаларын және ұстанымдары сақтап бұзбайтын болса, онда қоғамның мадақтауына бөлінеді.
Жауапкершілік құлықтық сапа ретінде әр тұлғадан өнегелі смінез-құлықты талап етеді. Ал адам жауапкершілікке жеткіліксіз деңгейде ие болса, онда оның мінез-құлқында олқылық болуы мүмкін. Сондықтан жауапкершіліктің тек қана жоғары деңгейде болуы адамға өнегелі мінез-құлықты білдіруге жағдай туғызады. Жауапкершілік, әр қадамында адамнан жағымды өнегелі мінезді талап етеді және соған итермелейді.
Тұлғаның жауапкершілігі адам белсенділігінің алғышарты және белсенділіктің нақты көрсеткіші болады. Адам тұлғаның сапасы ретінде жауапкершілікке ие бола тұрып, өмірдің нақты жағдайларында пассивт, енжар бола алмайды. Ол тұрақты да ауытқымаушылық бағытта болып, құлықтық ережелермен нормаларды бұзхушылықты болдырмауға және адамзаттық рухани құндылықтарды сақтауға белсенді күреседі. Сондықтан жауапкершілік кез-келген алдамнан өмірде белсенді жігер мен қатысуды талап етеді.
Жауапкершілікке ие болған адам дамуының бір деңгейінде өзгеріссіз бола алмайды, бір сатыдан басқа сатыға ауысуына оның жауапкершілігі ықпал жасайды. Жауапкершілік адамның теріс жағымсыз қылықтар мен әрекеттеріне тоқтау болады, адамның жағымды сапаларын ынталандыра ал жағымсыз сапаларын тежелей отырып, оны әрі қарай даму долына салады. Жауапкершілік тұлғаның жағымды сапаларына айқындықы бере тұрып, олардың тұрақтылығын және көрінуін білдіреді. Жауапкершілік болмаса тұлғаның басқа сапалары ( мейірімділік, өжеттілік, адалдық, ізгілік т.б) толық көріне алмауы мүмкін.
Кеңес психологтары тұлғаның жауапкершілік сезіміне бірден бір әсер етені негізгі фактор - сәттілік пен сәтсіздік.
С.И.Ожеговтың сөздігінде, жауапкершілік - тұлғаның өз әрекеттеріне жауап беруді міндеттейтін қажеттілік, сол әрекеттерге жауапты болуды негіздейді. Біреуге деген сенім, жауапкершілік арту. Біредің жауапкершілігімен әрекет ету.
Психологиялық әдебиеттерде: жауапкершілік - тұлғаның моральдық-құндылық бағдарына байланысты ерік сапасы, - деген анықтама берген. Жауапкершілікке тән негізгі қасиеттер деп мыналарды атап көрсеткен: дәлдік, шынайылық, өз әрекетін орындауға деген шынайы көзқарас, өз іс-әрекетіне жауап беруге дайындығы. Сонымен қатар жауапкершілікті табандылықпен, шыдамдылықпен, төзімділкпен байланыстырады.
Жауапкершілік мәселесі әлемдік психологияда екі негізгі аспектіде зерттелген: моральдық (Ж.Пиаже, К.Хелкам) жәене себептілік (Ф.Хайдер). Нақтырақ тоқалсақ, Ж.Пиаже жауапкершілікті баланың моральдық даму процесігнің ерекше аспектісі ретінде анықтайды. Ж.Пиаже жауапкершілік мәселесін қарастыруда танымдық аспектіге ерекше назар аударған. Ф.Хайдардің каузальды атрибуция үрдістерін зерттеуі өте қызықты болып келеді. Кез-келген құбылысты себепті қабылдай отырып, адамдар себептілік лоусын әрекет етушіге немесе ортаға жүктейді. Жеке адамның өз өмірінбасқарудың басымдылығы сыртьқы ортадан, не өзіне байланысты деп білуі. Осындай қасиетті психологияда бақылау локусы (lokus - орын, орысша место) деп атайды.
Егер адам өз өмірінде болып жатқан түрліше оқиғалар мен әр алуан жағдайға көбінесе өзім жауаптымын деп санап, мұндай жайттың орын алуын өз мінез-құлығымен, болмысымен, қабілетінің деңгейімен түсіндірсе, онда бұл факт, бұл адамда ішкі (интерналды) бақылау бар еекендігін көрсетеді. Керісінше, ол жауапкершіілкті сыртқы факторларға жатқызып, болған оқиғаның себептерін басқа адамдардан, сыртқы ортадан, тағдырдан не болмаса, кездейсоқтықтан көрсе, онда бұл адамда (экстерналды) бақылау басым екендігі айқындала түседі. Роттердің айтуы бойынша осы интерналдық пен экстерналдық бақылау локусы деген термин жеке адамның әлеуметтену үрдісінде қалыптасқан тұрақты қасиеттер болып табылады.
Осыған ұқсас концепцияларға Уайттың компетенция теориясын жатқызуға болады. Ол адамның өзінің әлеуметтік айналасына тиімді әсер ете алу қабілетіне көп бөледі; Макклеланд, Аткинсонның жетістіккке жету мотивация теориясы; бұл теория бойынша өзінің бойында жетістікке жету қажеттілігі жоғары болса, олар өзінің күшіне сенеді; Розенцвейктің фрустрация теориясы - күнделікті өмірде адамдар қиындыққа әр түрде қарайды: біреулері өзін кінәласа (интропунитивті реакция), екіншілері жауапкершіліктің әрдайым қоршаған ортадан көреді (экстрапунитивті реакция), ал соңғылары өзінде өзгелерді де кінәламай нейтралды позияны ұстануы мүмкін (импунитивті реакция). Осылайша субъективті бақылау теоиялары жауапкершіліктің бір ғана аспектісіне көңіл бөледі (эмоционалдық танымдық т.б.). зерттеулердің нәтижелері бойынша интерналдар экстерналдарға қарағанда доминанттылық әлеуметтілік, ақыл-ой әрекеті, жауапкершілігі, өзін-өзі бағалауы бойынша жоғары балл жинаған. Көп жағдайда интерналдар өздерін шыдамды, мақсатқа бағытталған, өзіне-өзі сенімді деп сипаттайды. Кетталдың 16 факторлық сұрақтамасы негізінде интерналдарға тән қасиеттерге эмоционалды тұрақтылық қарымқатынас құрулдағы жеңілдік және ерік күшінің жоғары болуы жатады (К.Мұздыбаев). Ал, экстернал-адамдарға авторитарлық, депрессивті күйге бейімділік, агрессивтілік, өтірік алдау, өзгелдерді кінәлау қасиеттері басым екендігі анықталған.
А.А.Реанның (жеке адамның акмеологиясы) атты мақаласында жауапкершілік мәселесін адамның кемелденуіне байланыстыра зерттеген. Ол бойынша кемелденген жеке адам кемелденген жеке адам деген атауға ие болу үшін адамның бойында жауапкершілік, шыдамдылық, өзін-өзі реттеу элементтерінің жиынтығы болуы керек.
Л.С.Славина, Л.И.Божович, К.А.Климова ерік сапасы ретінде қарастырып, субъектінің тұрақты қасиеті ретінде қарастырады. Ал кіші мектеп жасындағы балаларда бұл қасиеттер қалыптасу кезеңінде жүреді. Ол оқушылардың әрекетінің күрделілігіне және даму ерекшелігіне байланысты. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысы бойындағы жауапкершілік қасиет тұрақты болмайды, ол тбандылықпен байланыста болады.
М.В.Матюхина, С.Г.Яркова пікірлерінше бастауыш сынып оқушысы бойындағы жауапкершілік оқу әрекеті барысында көрініп, мұғалімнің қойған талабына, жоспарлауына, оқушы әрекетін ұйымдастыруына тәуелді байланыста дамиды. Оқушының жауапкершілігі үй тапсырманы орындауынан, қиындықтарды жеңе білуіне, оқу тапсырмаларын орындауында көрінеді, қалыптасады. Жауапты оқушы оқудың әлеуметтік мәнін, маңызын дұрыс түсінеді, оқуға деген қатынасына сыни көзқарасы, өзіндік бағалауы, өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалайды, қателерін көріп, саналы түрде түсініп, оны дұрыстай біледі.
С.Я.Лайзане өз зерттеулерінде ерік сапалары оның ішінде жауапкершілік, кіші мектеп жасында ойын әрекетінде көрініп, әрі қарай еңбек әрекетнде қалыптасады деп көрсетті.
Ж.Пиаже балалардың жауапкершілік мәселесін баланың моральдық дамуы шеңберінде қарастырды. Оның ойынша мораль - бұл тәртіп пен ережелер жүйесі, сол ережелерді, тәртіптті құрметтеу керек деп есептеді.бала моральдық ережелерді үлкендерден меңгереді. Бірінші бала әлеуметтік тәртіпті ойын әрекеті барысында меңгерсе, кейіннен оқу әрекетінде дами түседі.
Л.И.Божович еркітің онтогенезде дамуын зерттей отырып, былай деген; бала белгілі бір ережелерге бағынуы шарт. Бала өзіне қажетті ережені таңдай отырып, оның ролін түсінеді, өзін сол ережеге бағындыруға тырысады. Бірақ та бұл ережелерге балаларды ықтиярсыз, зорлап, күштеп көндіруге болмайды. Бала сол ережелерге бағыну керектігін өзі саналы түрде түсініп, сезінуі қажет.
Ойындағы жауапкершілікті, міндетті саналы түрде қабылдап, түсінуі баланың алдағы уақытта сапалық қасиеттеріне айналады.
Жауапкершілік мәселесін С.Л.Рубинштейннің жалпы философиялық тұжырымдамасында кездестіруге болады. Автордың жауапкершілікті талқылауының негізгі ерекшелігі, адамның нені жүзеге асыру керектігі немесе жағдайдың талабына сай жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар, субъектінің жауапкершілігінің потенциалды аспектіде де қарастырды. С.Л.Рубинштейнмен қатар, жауапкершілікті жеке адамның қылығы мәселесіне байоланыстыра зерттеу керектігін Б.Ф.Ломов ұсынған. Б.Ф.Ломов бойынша жауапкершілік көп өлшемді жоғары жеке адамның құрылым және субъектінің сыртқы ортаға деген белсенді жауабы.
Келесі маңызды көзқарас К.А.Абульханова-Славскаяның көзқарасы жауапкершілік қажеттікті игерудің жеке адамдық механизмі ретінде талқыланады. Басқаша айтқанда бұл жеке адам қасиетінің бір ғана емес, ол жеке адамның өмірлік іс-әрекетін ұйымдастырушы механизм. Сонымен бұл көзқарас бойынша жауапкершілктің өлшемі, тікелей субъектінің өзіне тәуелді.
К.А.Климова Ата-аналарға дәріс деген еңбегінде жауапкершілік мәселесін қарастырды. Ол ата-ата мен баланың жауапкершілігіне тоқталды.
А.С.Макаренко: әр уақытта бойыңда жақсы құасиеттерді қалыптастыруға тырыс. Дұрыс шешім қабылдауға ,ол шешімді қабылдауда қандай жауапкершілікті моныңа алып жатқаныңа сыни қара, -деген пікір айтқан.
Л.И.Божович тұлғалық қасиеттер әдеттерді тұрақты бекітуі нәтижесімен байланыстырады. Адам бірнәрсені екі жағдайда орындйды, біріншісі, қалыптасқан әдет бойынша екіншісі, белгілі міндетті сезіну негізінде. Сондықтан да жауапкершілікті дамытуда күн тәртібі, күнделікті әрекетін жоспарлауы да маңызды роль атқарады.
Л.С.Славина еңбектерінде жауапкершілік баланың ө әрекетін дұрыс жоспарлауына байланысты. Жоспарлау - бұл ойлаған ісіңді, әрекетіңді жүзеге асыру.
В.И.Селиванов жауапкершілікті қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін төрт негізгі топқа бөледі. Бірінші топқа адамның санасына бағытталған жұмыстарды қарастырса, бұл бағыттағы жұмыстар әңгімелесу, түсіндіру, ұжымдық талқылау формалары, т.б. екінші топқа адамға тәжірибеде өзін жетілдіруге бағвтталған жұмыс түрлері қарастырылады. бұл бағытта адамның санасын а жауапкершілік тәртібін меңгерутуге бағытталады. Бұл жаттығу жұмыстары. Үшінші топқа ерктік қасиеттерін талпындыратын көптеген әдістер жатады. Бұларға мадақтау, талап ету, күштеу, жазалау, талап ету. Төртінші топқа өзін-өзі тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жатады. өзін-өзі тәрбиелеу.
Әдебиеттерде жауапкершілік ұғымымен қатар әлеуметтік жауапкершілік ұғымы кездеседі. Әлеуметтік жауакершілікті қарастырғанда Берковиц пен Д.Харистің зерттеулеріне тоқталған жөн. Эксперименталдық жұмыстар нәтижесінде Берковиц элеуметтіік жауапкершіліктің нормасы деген тұжырымдама қалыптастырды. Бұл көзқарас бойынша, адамдар өзіне тәуелді адамдарға көмектесуі керек. Өйткені, оның көмектесу немесе көмектеспеуіне байланысты өзінен тәуелді адамның тағдырына елеулі өзгерістер болатындығын сөз етеді және де осындай қатынастық негізінде жауапкершілік сезімі пайда болады. Ал, әлеуметтік жауапкершілікті кеңес психологиясында зерттеген А.А.Слободский осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер